Метилурацил (мазь 10%, Нижфарм)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Метилурацил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жергілікті қолдануға арналған 10 % жақпамай
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат: диоксометилтетрагидропиримидин (метилурацил) –
100 мг,
қосымша заттар: вазелин, сусыз ланолин, тазартылған су.
Сипаттамасы
Сарғыш реңді ақтан ашық-сары түске дейінгі жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар
АТХ коды D03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жақпамай түрінде жергілікті қолданғанда метилурацил азғантай мөлшерде жүйелік қан ағымына өтеді.
Фармакодинамикасы
Анаболикалық және антикатаболикалық белсенділікке ие, жасушалық регенерация үдерістерін жылдамдатады.
Қолданылуы
-
баяу жазылатын жараларда, күйіктерде (термиялық, химиялық, сәулелік)
-
буллездік дерматиттерде
-
радиосезімталдығы жоғары емес жаңа түзілімдерді сәулемен емдеу кезінде тері реакцияларын болғызбау үшін
-
гениталий жаңа түзілімдерін сәулемен емдегенде радиоэпителиитті және қынап қабырғаларының кешеуілдеп бітуін (окклюзияларын) азайту үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жақпамайды 15-30 күн бойы күн сайын 5-20 г мөлшерінде зақымданған жерлерге жұқалап жағады. Жақпамай радиоэпителиит пен қынаптың сәулемен кешеуілдеген зақымдануын емдеу үшін жұмсақ тампондарда қолданылады.
Қолданудың жиілігі мен ұзақтығы аурудың сипаты мен айқындығына, сондай-ақ қол жеткен тиімділігіне байланысты болады.
Метилурацил препараты, жергілікті қолдануға арналған 10 % жақпамай, сульфаниламидтердің, антибиотиктердің және антисептикалық дәрілердің сыртқа қолданатын аппликацияларымен үйлесімді.
Жағымсыз әсерлері
-
қышу, гиперемиялар және қысқа мерзімдік ашытып күйдіру түріндегі аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препаратқа аса жоғары сезімталдық
-
жарадағы артық грануляциялану
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Біріктіріп қолданғанда бактерияға қарсы дәрілердің химиялық емдік әсерін күшейтеді, оларға микроорганизмдер төзімділігінің дамуын баяулатады.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік пен лактация
Жүктілік пен лактация кезінде препаратты қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған.
Балаларда қолданылуы
Балаларда препаратты қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Осы уақытқа дейін препаратпен артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
25 г-ден алюминий сықпаларда немесе ламинатты полиэтилен сықпаларда. Әр сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл 6 ай
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы «Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz