Метилурацил (мазь 10%, Шаншаров-Фарм)

МНН: Метилурацил (Диоксометилтетрагидропиримидин)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018374
Период регистрации: 25.06.2015 - 25.06.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Метилурацил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 % 25 г, 40 г жақпамай

Құрамы

100 г жақпамай құрамында

белсенді зат – 10 г метилурацил

қосымша заттар - медициналық вазелин, эмульгатор Т-2, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе сарылау түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Шамадан тыс тыртықтануды емдеуге арналған басқадай препараттар.

АТХ коды D03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Метилурацил биологиялық жарғақшаларды зақымдамай тіндердің терең қабатына оңай өтеді, регенерация үдерістерін көтермелейді.

Жергілікті қолданғанда аз мөлшерде метилурацил жүйелі қан ағысына түседі.

Фармакодинамикасы

Метилурацил пиримидин туындысы. Анаболикалық белсенділікке ие. Жасушалардағы регенерация үдерісін (қалпына келуін) жылдамдатады; жаралардың жазылуын жылдамдатады, жасушалық және гуморальды (тіндердің) қорғау факторларын көтермелейді. Сонымен қатар қабынуға қарсы әсер етеді. Майлы негізде дайындалған 10 % жақпамай ретінде препарат қабынуға қарсы әсер етеді, грануляцияны зақымдамай жаралардың жазылуын жылдамдатады, бірақ тікелей микробқа қарсы әсері жоқ.

Сыртқа қолданғанда фотопротекторлы әсерге ие.

Қолданылуы

  • баяу жазылатын жаралар

  • күю

  • фотодерматиттер

  • абцесстер

  • сыздауықтар

  • тілме (кең көлемде буллездік элементтер болғанда)

  • терінің сәулемен зақымдануы (алдын-алу), радиоэпителиит

  • кешеуілдеген қынаптың сәулемен зақымдануы

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті қолданады.

Жақпамайды жараның бетіне 5-10 г мөлшерде жұқа қабатпен жағады және стерильді дәке сүрткімен немесе жараны алдын ала жақпамаймен қанықтырылған стерильді дәке сүрткімен жабады. Таңғышты алғашқы 7 күнде күн сайын ауыстырады, ары қарай 2-3 күннен кейін (жараның жағдайына байланысты) толық эпителизацияға дейін.

Қынаптың зақымдануында жұмсақ тампондар қолданылады.

Емдеу ұзақтығы – 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (қышу, қолданған жердің қызаруы, бөртпе)

  • қысқа мерзімді жеңіл күйдіру

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жараның артық мөлшерде грануляциялануы

  • лимфогранулематоз

  • сүйек кемігінің қатерлі аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Метилурацил жақпамайы сульфаниламидтердің, антибиотиктердің және антисептикалық дәрілердің сыртқа қолданатын аппликацияларымен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Метилурацил жақпамайын қолданар алдында дәрігермен кеңесуіңіз қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Балаларға қолдану

Препаратты балаларға қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалау

Препаратты жергілікті қолдану кезінде артық дозалау туралы деректер анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г, 40 г-нан тығыздайтын элементі бар бұралатын қақпақпен тығындалған шыны массадан жасалған банкіге немесе бұралатын қақпақпен тығындалған бұрандалы мойыны бар шыны массадан жасалған полимер банкілерге немесе дәрілік заттарды қаптауға арналған қақпақтармен жиынтықтағы полимер банкілерге салынады. Банкілерге заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырады. 40 банкіден жеткілікті мөлшердегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзiмi

3 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б. Бұлқышев көшесi, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б. Бұлқышев көшесi, 4е

тел./факс: +7 727 2 33-27-58

E-mail: farm-4@mail.ru

Прикрепленные файлы

479549061477976424_ru.doc 45.5 кб
378706701477977681_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники