Меногон

МНН: Менотропины
Производитель: Ферринг ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Human menopausal gonadotropin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016581
Информация о регистрации в РК: 24.12.2015 - 24.12.2020
Номер регистрации в РБ: 10612/17
Информация о регистрации в РБ: 19.12.2017 - 19.12.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 5 770 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Меногон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

75 ХБ ФСГ және 75 ХБ ЛГ еріткішімен 1 мл жиынтықта

Құрамы

белсенді зат - құрамында 75 ХБ ФКГ (фолликулостимуляциялайтын гормон), 75 ХБ ЛГ (лютеинизирлеуші гормон) бар менотропин (адамның менопаузалы гонадотропині, аМГ),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий гидроксиді.

Еріткіш: натрий хлориді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Иісі жоқ, корж түріндегі ақ лиофилизацияланған ұнтақ.

Еріткіш – мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Гонадотропиндер және басқадай овуляция стимуляторлары. Гонадотропиндер.

АТХ коды G03GA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фолликулостимуляциялайтын гормон (ФСГ) қан плазмасында ең жоғары деңгейге препаратты бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 6-48 сағаттан соң және тері астына енгізгеннен кейін 6-36 сағаттан соң жетеді. Осыдан кейін қандағы ФСГ концентрациясы біртіндеп төмендейді. Гонадотропиндердің жартылай шығарылу кезеңі препаратты бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 56 сағатты және тері астына енгізгеннен кейін 51 сағатты құрайды.

Меногонның биожетімділігі, бұлшықет ішіне енгізгенге қарағанда, тері астына енгізген кездегіден жоғары болады. Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін алынған ФСГ мәні мынаны құрайды: AUC0- = 320,1 млБ/мл х сағат, Cmax = 4,15 млБ/мл, tmax= 18 сағат; тері астына енгізгеннен кейін - AUC0- = 385,2 млБ/мл х сағат, Cmax = 5,62 млБ/мл, tmax = 12 сағат.

Адамның менопаузалық гонадотропині көбіне бүйректер арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Меногон адамның менопаузалық гонадотропині препараты болып табылады. Препаратта 75 ХБ фолликуланостимуляциялайтын (ФСГ) және 75 ХБ лютеиндегіш гормон (ЛГ) бар, олар адам гипофизінде жасалады. Әсер етуші затты менопауза кезеңіндегі әйелдің несебінен алады.

Меногон әйелдерде қандағы эстрогендер деңгейін, өсуді және анабездердің фолликулаларының пісіп-жетілуін арттырады.

Меногон еркектерде Сертолидің атабездердегі жетілмеген жасушалардың жетілген жасушаларға өзгеруін демейді. Көбінесе атабез өзекшелерінің өсіп-жетілуіне және сперматозоидтардың дамуына ықпалын тигізеді. Алайда, ол үшін андрогендердің тестикулаішілік жоғары концентрациясы болуы қажет, ол үшін адамның хориондық гонадотропинін (АХГ) қолдана отырып, алдын ала ем жүргізуді қажет етеді.

Қолданылуы

Меногон келесі клиникалық жағдайларда бедеулікті емдеу үшін қолданылады:

Әйелдерде

- кломифен цитратымен емдеуге жауап болмаған әйелдердегі ановуляцияда (атап айтқанда, аналық бездердің овариальді поликистозы нәтижесіндегі).

- қосымша ұрпақ өрбіту технологиясын (ҚҰӨТ) жүргізген кезде фолликулалардың көптеп өсуін демеу мақсатында анабездердің бақыланатын гиперстимуляциясында (in vitro ұрықтандыру/эмбриональді тасымалдану, гаметаның жатырішілік тасымалдау (ГЖІТ) және сперматозоидтарды плазма ішілік инъекциялау (СИПИ)

Ерлерде

- гипогонадотропты гипогонадизмнен туындаған сперматогенез жеткіліксіздігінде

Қолдану тәсілдері және дозалары

Меногон препаратымен емдеу дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс.

Препаратты қоса берілген еріткіште еріткеннен кейін тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізеді. Препарат сұйылтылғаннан кейін бірден пайдаланылуы тиіс. Сілкімеу керек. Егер ішінде бөлшектер бар болса немесе мөлдір емес болса, ерітіндіні қолданбау керек. Аналық бездердің экзогендік гонадотропиндерге жекелей реакциясы елеулі дәрежеде ауытқып тұрады, бұл дозалаудың стандартталған сызбаларын қолдануға мүмкіндік бермейді. Осыған қарамастан, дозалары аналық бездердің емдеуге реакциясына байланысты жекелей таңдалады. Меногонды монотерапия түрінде де қолдануға немесе гонадотропин-рилизинг-гормон (ГНРГ) агонистерімен немесе антагонистерімен бірге енгізуге де болады. Ұсынылатын дозалары мен емдеудің ұзақтығы сәйкесінше емдеу хаттамасына тәуелді.

Әрбір жекелеген жағдайдағы емдеу ұзақтығы пациент әйелдің жеке ерекшеліктеріне (эстрадиол деңгейі және ультрадыбыстық зерттеу мәліметтері) байланысты.

Ановуляциядан (атап айтқанда анабездердің овариальды поликистозы нәтижесінде).

Меногонды қолдану арқылы емдеу мақсаты созылмалы адамның гонадотропины (САГ) енгізгеннен кейін шығатын ооцит бір граафова фолликуланы алу болып табылады.

Меногонды қолдануды етеккір оралымының алғашқы 7 күні ішінде бастаған жөн. Гипогонадотропты гипогонадизмі бар кейбір пациент әйелдерде етеккір болмайды және эндогенді эстрадиолдың төмен деңгейі бақыланады, сондықтан емді кез келген уақытта бастауға болады. Ұсынылатын бастапқы дозасы 7 күн бойы күніне 75-150 ХБ құрайды. Кейінгі дозалауды клиникалық бақылауларына (анабездерді ультрадыбыстық зерттеу және/немесе эстрадиол деңгейін бақылау) негіздей отырып, әр адамға жекелей белгілеу қажет. Дозаны 7 күнде бір реттен жиі емес реттеп отыруға болады. Дозаны тиісті бер реттік арттыру 37,5 ХБ құрайды және 75 ХБ-дан аспауға тиіс. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 225 ХБ-дан аспауға тиіс. 4 апта бойы нәтиже жоқ болған жағдайда емдеу курсын тоқтатқан және жаңа курсты өте жоғары дозада бастаған жөн.

Қолайлы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін Меногонның соңғы енгізілген дозасынан кейін келесі күні хорионды гонадотропты гормонның (ХГГ) 5000-нан 10000 ХБ-ға дейінгі бір реттік дозасын енгізу керек. ХГГ енгізген күні және келесі күні жыныстық қатынасты жасауға болады. Баламалы тәсілі жатырішілік жасанды ұрықтандыруды жүзеге асыру болып табылады.

Егер Меногонды қолдануға шамадан тыс реакция байқалса, емдеу курсын тоқтату және ХГГ енгізбеу қажет. Емделуші әйел гормональді емес контрацептивтерді қолдануға немесе келесі етеккірлік қан кету басталғанша жыныстық қатынасты тоқтата тұруға тиіс.

Қосымша ұрпақ өрбіту технологиясын жүргізген кезде фолликулалардың көптеп өсуін демеу мақсатында анабездердің бақыланатын гиперстимуляциясында, in vitro ұрықтандыру

Гонадотропин рилизинг-фактор агонистерімен емдеу курсынан өткен пациенттерді Меногонмен емдеуді агониспен емдеуді бастағаннан кейін шамамен 2 аптадан соң бастаған жөн.

Меногонның тиісті бастапқы дозасы емдеудің кем дегенде алғашқы 5 күні бойы 150-225 ХБ құрайды. Клиникалық бақылауларға негіздей отырып (ультрадыбыстық зерттеу және/немесе эстрадиол деңгейін бақылау), келесі дозалау әр адамға жекелей болуға тиіс, бірақ 150 ХБ-дан аспауға тиіс, ең жоғары тәуліктік доза – 450 ХБ. Емдеу ұзақтығы 20 күннен аспауы тиіс.

Төмендетілген реттелімді қарастырмайтын үлгілерде Меногонмен емдеуді етеккір оралымының 2-3 күні бастаған жөн. Ұсынылған дозасы мен дозалау режимі ХГГ агонистерімен төмендетілген реттелімнің жоғарыда аталған хаттамасында көрсетілгендей.

Фолликулалардың қажетті мөлшеріне сәйкесінше өлшемге жеткен кезде, пациент әйелдерге фолликуланың түпкілікті өсіп-жетілуін индукциялау және ооцитті шығаруға дайындау үшін ХГГ-нің 10000 ХБ-ға дейінгі бір реттік дозасы енгізіледі. Пациент әйелдер ХГГ-ні енгізгеннен кейін 2 апта бойы мұқият бақылауда болуы тиіс.

Егер Меногонды қолдануға шамадан тыс реакция байқалса, емдеу курсын тоқтату және ХГГ енгізбеу қажет. Пациент әйелдер гормональді емес контрацептивтерді қолдануы немесе келесі етеккірлік қан кету басталғанша жыныстық қатынасты тоқтата тұруы тиіс.

Гипогонадотропты гипогонадизмнен туындаған сперматогенез жеткіліксіздігі

Тиісті ХГГ дозасын (мысалы, 1500-ден 5000 ХБ-ға дейін - аптасына 3 рет) 4 - 6 ай бойы енгізгеннен кейін тестостерондар деңгейі қалыпқа келген кезде Меногонды аптасына 3 рет 75-тен 150 ХБ-ға дейінгі дозада аптасына 3 рет тиісті 1500 ХБ доза ХГГ-мен біріктіріп енгізген жөн. Біріктіріп емдеу сперматогенез жақсара бастағанға дейін кем дегенде 3-4 айға созылуы тиіс. Егер осы кезең ішінде пациентте реакция байқалмаса, онда біріктірілген емді сперматогенезге қол жеткенше әрі қарай жүргізу қажет. Қазіргі клиникалық деректер сперматогенезге қол жеткізу үшін 18 айлық емдеу курсы қажет екенін көрсетеді.

Жағымсыз әсерлері

Әйелдер

Клиникалық зерттеулерде хабарланған Меногонмен емдеу кезіндегі анағұрлым жиі жағымсыз реакциялар аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы (АГС) және енгізген жердегі реакциялар болып табылды. Төмендегі кестеде Меногонмен ем қабылдап жүрген пациенттердегі негізгі жағымсыз реакциялар келтірілген, реакциялар жүйе-ағза кластары (ЖАК) бойынша жіктелген.

Жүйе-ағза класы

Өте жиі(≥ 1/10)

Жиі(≥ 1/100 -<1/10)

Жиі емес(≥ 1/1 000 -<1/100)

Өте сирек(<1/10 000)

Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар

 

 

 

Жоғары сезімталдық

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

 

Бас ауыруы

 

 

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар

 

Жүрек айнуы, іштің ауыруы, құсу

 

 

Тері мен теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар

 

Бөртпе

 

 

Жыныс мүшелері мен сүт бездері тарапынан болатын бұзылулар

 

Жеңіл, орташа және ауыр АГС

 

 

Жалпы бұзылулар және инъекция орнындағы реакциялар

* Инъекция орнындағы реакциялар және ауыру

Тұмаутәрізді симптомдар

Қызба

 

* Инъекция орнындағы реакциялар жергілікті көтерімділігіне жүргізілген клиникалық зерттеулерге қатысқан пациенттердің 55 - 60%-ында байқалды. Шамамен 12% жағдайда реакцииялар ауыр түрі ретінде бағаланды. Көпшілік жағдайларда мұндай реакциялар тері астына енгізгеннен кейін байқалған. Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін, инъекция орнындағы реакциялар зерттеулерге қатысқан пациенттердің 13%-ында байқалды.

Анафилаксия реакцияларының бірлі-жарым жағдайлары туралы хабарланды.

АГС жағдайларында гонадотропиндерді енгізумен байланысты тромбоэмболиялық асқынулардың бірлі-жарым жағдайлары мен аналық бездердің бұратылуы туралы хабарланды.

Ерлер

Гонадотропиндердің көмегімен емдеуге байланысты гинекомастия, акне және дене салмағы артқан жағдайлар туралы хабарланды. Ерлерде енгізген жердегі реакциялар мен жоғары сезімталдықта болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Әйелдерде

- гипофиз немесе гипоталамус ісігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- кисталар немесе аналық бездің ұлғаюы, олар овариальді поликистоз нәтижесі болып табылмайды

- шығу тегі анықталмаған гинекологиялық қан кетулер

- аналық без, жатыр немесе сүт безі карциномасы

Ерлерде

- гипофиз немесе гипоталамус ісігі

- простата карциномасы

- аталық без ісігі

Төменде сипатталған жағдайларда Меногонмен емдеу жағымды нәтиже бермейді:

- аналық бездердің бастапқы жайсыздығы

- жыныс мүшелерінің жүктілікпен үйлеспейтін аномалиясы

- жатырдың жүктілікпен үйлеспейтін фиброзды жаңа түзілімдері

- аталық бездердің бастапқы жеткіліксіздігі (ерлерде)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен араластырмау керек.

Клиникалық тәжірибенің жоқтығына қарамастан, Меногон мен кломифен цитратын бір мезгілде қолдану фолликулярлы пісіп-жетілу реакциясын күшейтуі мүмкін деп шамаланады. Меногонды гонадотропты рилизинг фактор агонистерімен біріктіріп қолданған кезде гипофизарлы десенсибилизация мақсатында анабез тарапынан жағымды реакцияға қол жеткізу үшін өте жоғары дозалар керек болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Меногон күшті әсері бар, ауырлық дәрежесі әр түрлі жағымсыз әсерлерді туғызуға қабілетті гонадотроптық препарат. Сондықтан препаратты тек бедеулікті емдеу әдістерін жақсы меңгерген дәрігердің қадағалауымен ғана қолдану керек. Гонадотропиндердің көмегімен емдеу дәрігерлердің белгілі бір уақытын алады және аналық бездердің ультрадыбыстық зерттеу кірістірілген, дұрысы қан плазмасындағы эстрадиол деңгейін бақылай отырып емдеуге реакциясын мұқият, жүйелі бақылауды қажет етеді. Менотропинді енгізуге реакция пациенттерде әр түрлі, сонымен қатар олардың кейбірі – өте төмен болуы мүмкін. Емдеудің мақсаттарына қол жеткізу үшін препараттың емдеу мақсатына сәйкес келетін ең төменгі тиімді дозасын қолдану керек.

Емдеуді бастамастан бұрын екі жұптастардың да белсіздігі себебін зерттеу, сондай-ақ мүмкін болатын қарсы көрсетілімінің бар екендігіне медициналық тексеру жүргізу қажет. Атап айтқанда, пациент әйелдерде гипотиреоидизмнің, гиперпролактинемияның адренокортикальді жеткіліксіздігінің, гипофизарлы немесе гипоталамиялық ісіктің бар-жоқтығын тексеру қажет, осы патологиялық жағдайда қарастырылған тиісті емді тағайындау қажет. Әйелдерде бедеулікті емдеуді бастар алдында анабездерінің қызмет жағдайына (ультрадыбыстық диагностика және қандағы эстрадиол деңгейіне) баға берген жөн. Меногонның алғашқы инъекциясы дәрігердің мұқият бақылауымен жүргізілуге тиіс. Фолликулалардың өсуі ынталандырылған пациенттерде анабездер өлшемінің ұлғайғаны байқалуы немесе анабездердің гиперстимуляциясы синдромының дамуы мүмкін. Меногонның тиісті дозалау тәртібін орындау және анабездердің реакциясына мұқият бақылау жасау осы жағымсыз әсерлердің даму қаупін барынша азайтуға жәрдемдеседі. Фолликулалардың жетілуіне шұғыл баға беру дәрігерден мұндай тестілерді интерпретациялауда сәйкесінше тәжірибесінің болуын талап етеді.

Аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы (АГС)

АГС аналық бездердің асқынусыз ұлғаюынан өзгешеленеді. АГС синдром болып табылады, оның симптомдарының ауырлығы арта түсуі мүмкін. Оның белгілеріне аналық бездердің ұлғаюы, жыныстық гормондар деңгейінінің жоғарылығы және қантамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы кіреді, бұл перитонеальді, плевралық, жекелеген жағдайларда, перикард қуыстарында сұйықтықтың жинақталуына алып келуі мүмкін.

АГС ауыр жағдайларында мынадай симптомдар байқалуы мүмкін: іштің ауыруы, іштің кебуі, аналық бездердің шамадан тыс ұлғаюы, дене салмағының артуы, ентігу, олигурия және жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты асқазан-ішек симптомдары. Клиникалық тексеру кезінде гиповолемия, қанның қоюлануы, электролиттік теңгерімнің бұзылуы, асцит, гемоперитонеум, плевралық жалқық, гидроторакс, өкпенің жедел дистресс-синдромы және тромбоэмболия анықталуы мүмкін.

Гонадотропиндермен емдеуге шамадан тыс овариальді реакция овуляцияны стимуляциялау үшін АХГ қолданылған жағдайларды қоспағанда, сирек жағдайларда АГС дамуына алып келеді. Сондықтан овариальді гиперстимуляция кезінде АХГ көмегімен стимуляциялауды қолданудан бас тарта тұру және пациент әйелге кемінде 4 күн бойы жыныстық қатынастан бас тарту немесе контрацепцияның бөгеттік әдістерін пайдалануға кеңес беру керек. АГС өте жылдам үдеуі (24 сағаттан бірнеше күнге дейін) және күрделі симптоматикаға ие болуы мүмкін. Сондықтан, пациент әйел АХГ енгізгеннен кейін 2 апта бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Аналық бездердің гиперстимуляциясы мен көпұрықты жүктіліктердің даму қаупін, препараттың ұсынылған дозалары мен енгізу режимін сақтай отырып, сондай-ақ емдеу курсын бақылай отырып төмендетуге болады. ВРТ жүргізген кезде гиперстимуляцияның даму қаупін овуляция алдында барлық фолликулаларды аспирациялау жолымен төмендетуге болады.

АГС ауыр формаларға енуі және жүктілік басталған жағдайда ұзағырақ болуы мүмкін. Көбінесе АГС гормональді емнен кейін дамиды және ең жоғарғы жиілігіне емдеу аяқталғаннан кейін шамамен 7-10 күннен соң жетеді. Әдетте АГС етеккір басталған кезде өздігінен басылады.

Ауыр АГС жағдайында гонадотропиндермен емдеуді тоқтатып (егер бұдан бұрын тоқтатылмаса), пациент әйелді ауруханаға жатқызу және АГС спецификалық емін бастау керек.

АГС көбінесе поликистозды аналық бездер (ПАС) синдромы бар әйелдерде кездеседі.

Көпұрықты жүктілік

Көпұрықты жүктіліктер, әсіресе ұрық саны көп болған кезде, ана мен бала үшін асқынулар қаупін арттырады.

Гонадотроптық гормонмен емдеудің нәтижесінде басталатын пациент әйелдерде, табиғи ұрықтану нәтижесіндегі жүктілікпен салыстырмалы түрде, көпұрықты жүктілік жағдайлары жиілейді. Көпұрықты жүктілік қаупін төмендету үшін, пациент әйелдердің аналық бездерінің реакцияларына мұқият қадағалау жүргізу қажет. ҚҰӨТ емшаралары жүргізілетін пациент әйелдерде көпұрықты жүктілік қаупі негізінен салынған эмбриондар санына, олардың сапасына және пациент әйелдің жас шамасына байланысты болып келеді.

Емдеу басталғанға дейін пациент әйелге көпұрықты жүктіліктің әлеуетті қаупі туралы хабарлап айту керек.

Мерзімінен бұрын босану

Фолликулалардың пісіп-жетілуіне ынталандыру жасалған әйелдерде немесе, табиғи ұрықтану жағдайына қарағанда, қосымша ұрпақ өрбіту технологиялары бағдарламасын жүргізген кезде мерзімінен бұрын босану жағдайлары жоғары болады.

Жатырдан тыс жүктілік

Жатыр түтіктерінің аурулары бар әйелдерде табиғи ұрықтану жағдайларына немесе бедеулікті емдеу салдарларына қарағанда, жатырдан тыс жүктіліктің даму қаупінің жоғарылығы байқалады. Қосымша ұрпақ өрбіту технологиясын (ҚҰӨТ) жүргізгеннен кейін жатырдан тыс жүктілік жағдайларының жиілігі, табиғи ұрықтану кезіндегі 1-1,5 жағдайларымен салыстырғанда, 2-5 % құрайтыны айтылған.

Ұрпақ өрбіту ағзаларының жаңа түзілімі

Бедеулікке байланысты бірнеше рет дәрі-дәрмектік ем қабылдаған әйелдерде анабездерде және басқа ағзаларда қатерсіз, сонымен қатар қатерлі жаңа түзілімдердің дамығаны байқалды, гонадотропинді қолдана отырып емдеу мен жаңа түзілімге бейімділіктің арасындағы байланыс анықталған жоқ.

Іштен туа болатын кемістіктің дамуы

Әйелдерге ҚҰӨТ жүргізгеннен кейін ұрықтың іштен туа болатын кемістігінің көп таралғандығы табиғи ұрықтану кезіндегі кемістіктер санынан аздап жоғары болуы мүмкін, бұл ата-аналарының жекелей ерекшеліктерінің (мысалы, анасының жасы, сперма сипаттамасы т.б.) нәтижесі болуы мүмкін.

Тромбоэмболиялық бұзылулар

Тұқым қуалаған бейімділігі, семіздік (дене салмағының индексі > 30 кг/м2) немесе тромбофилия салдарынан тромбоэмболиялық жағдайдың даму қаупі жоғары болатын әйелдерде гонадотропинмен емдеу кезінде де, сонымен қатар онымен емдеуден кейін де көктамырлық немесе артериялық тромбоэмболиялық бұзылулар дамуы мүмкін. Жүктіліктің өзінше де тромбоэмболиялық асқынулар қаупі жоғары болатындығын атап өткен жөн.

Еркектер

Эндогенді ФСГ деңгейінің жоғары болуы алғашқы тестикулярлы бұзылулардың бар екендігін айғақтайды. Мұндай пациенттер Меногон/ХГГ қолдана отырып жүргізілген емге әсер бермейді.

Емдік әсері емдеуді бастағаннан кейін 4-6 айдан соң спермаға жасалған талдама бойынша бағалайды.

Дәрілік заттың көлікті басқару және қзғалыстағы механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқарған кезде, жағымсыз әсерлерді есепке ала отырып, сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: анабездердің гиперстимуляциясы синдромының дамуы мүмкін.

Емдеу: Гиперстимуляцияның І дәрежелі жеңіл дәрежесінде анабездердің аздап ұлғайғаны (анабездер өлшемі 5-7 см) байқалады, стероидты гормондардың шамадан тыс секрециясы және абдоминальді ауырсынулар байқалады, осы дәрежеде ерекше ем жүргізу қажет етілмейді. Пациент әйелдер мұқият медициналық бақылауда болуға тиіс. ІІ дәрежелі гиперстимуляцияда анабездерде өскін (анабездер өлшемі 8-10 см), абдоминальді симптомдар, жүректің айнуы және құсу байқалуы мүмкін, осы дәрежеде клиникалық бақылау жүргізіледі және симптоматикалық ем қолданылады немесе, қажет болған жағдайда, гемоконцентрациясы жоғары қан алмастырғыштар көктамыр ішіне енгізіленді. ІІІ дәрежелі ауыр дәрежелі гиперстимуляция анабездер өскінінің ұлғаюымен (анабездер өлшемі > 10 см), асцитпен, гидроторакспен, абдоминальді симптомдармен, ентікпемен, тұздардың шығарылуының кідіруімен, қанның ұюымен, қанның қоюлығының жоғарылауымен, тромбоциттердің бірігуі артып, тромбоэмболияның даму қаупінің болуымен қоса жүруі мүмкін, осы дәрежеде пациент әйелдің міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет, өйткені мұндай жағдайларда өмірге қауіп төндіретін жағдайлар даму мүмкін, ол қарқынды медициналық жәрдемді қажет етеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Құрамында 75 ХБ фолликулостимуляциялайтын гормоны және 75 ХБ лютеинизирлеуші гормоны бар препарат түссіз шыны ампулаларда.

1 мл еріткіш бақыланатын сындыру нүктесі бар түссіз шыны ампулада.

Препараты бар 5 ампула және еріткіші бар 5 ампула пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада, түпнұсқа қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дайындалған ерітіндіні сұйылтқаннан кейін дереу пайдалану керек.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдаланбау керек.

Дәріханадан босатылуы

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ферринг ГмбХ, Германия

Wittland 11, 24109,Keil, Germany

Тіркеу куәлігінің иесі

Ферринг ГмбХ, Германия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы және мекен-жайы:

Қазақстан Республикасындағы «Ферринг Фармацевтикалс С.А.» өкілдігі:

Қазақстан Республикасы

Әль-Фараби к-сі, 7 үй, 5А блок, 131 кеңсе

«Нұрлы Тау» Бизнес-Орталығы

Тел.\факс: +7(727)311-54-47

Прикрепленные файлы

910641101477977596_kz.doc 119 кб
10612_17_i.pdf 0.59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ