Максалжин
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Максалжин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флурбипрофен
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 100 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 100 мг флурбипрофен
қосымша заттар: түйіршіктелген лактоза, асдисол, поливинилпирролидон К30, авицел рН-102, аэросил 200, магний стеараты
қабық: Opadry YS-1 7002 ақ*
* титанның қостотығы Е171, гипромеллоза, полиэтиленгликоль, макрогол
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, сопақша пішінді, бір жағында сызығы бар, екінші жағы тегіс, үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
Пропион қышқылының туындылары
АТЖ коды М01АЕ09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жақсы әрі толығымен сіңіріледі. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына Cmax 90 минуттан соң жетеді. Флурбипрофеннің сіңірілген бөлігі қан плазмасы ақуыздарымен 90%-дан астам байланысады, бауырда гидроксилдену жолымен метаболизденеді және бүйрекпен негізінде метаболиттер түрінде; және өзгеріссіз күйде (20%-ға жуық) шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі T1/2 3–6 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
ҚҚСП. Ауыруды басатын, қабынуға қарсы және ыстық түсіретін белсенділігі бар. Әсер ету механизмі ЦОГ тежеуімен және простагландиндер синтезін бәсеңдетуімен байланысты. Тромбоциттер агрегациясын тежейді.
Қолданылуы
Мына жағдайлардағы симптоматикалық ем:
- ревматоидтық артритте
- остеоартритте
- шорбуынданатын спондилитте
- бурситте
- тендинитте
- жұмсақ тіндердің зақымдануы
- альгодисменореяларда
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ішке, тәулігіне 1-3 рет 100 мг-ден (бір таблетка). Дисменореяда 100 мг, сосын - 50 мг немесе әр 4 немесе 6 сағат сайын 100 мг тағайындайды. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 300 мг.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері сирек жағдайларда туындайды, жеңіл, дозаға тәуелді және өтпелі болып табылады.
- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық
- ұйқысыздық, астения, депрессия, тремор, қозу
сирек - атаксия, парестезия, сана бұзылыстары, құлақтағы шуыл, көру бұзылыстары
- артериялық қан қысымының жоғарылауы, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі, анемия (темір тапшылығы, гемолитикалық, апластикалық), агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения
- диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, қыжыл, диарея), абдоминальді ауыру, ҚҚСП-гастропатия, бауыр қызметінің бұзылуы; көп дозаларда ұзақ қолданғанда — АІЖ шырышты қабығының ойық жаралануы, холестатикалық сары ауру
- қан кету (асқазан-ішектен, қызыл иектен, геморроидальді)
- тубулоинтерстициальді нефрит, бүйрек қызметінің бұзылуы, ісіну синдромы, гематурия
- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышу, есекжем, бронх түйілуі, фотосенсибилизация, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, ринит
- дене салмағының өзгеруі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа немесе оның компоненттеріне жоғары сезімталдық
- АІЖ эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, ойық жаралы колит)
- ацетилсалицил қышқылын, флурбипрофенді немесе басқа ҚҚСП қабылдау аясындағы бронх демікпесі, ринит, есекжем
- артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- бауыр аурулары
- бүйректіің созылмалы жеткіліксіздігі
- тармақтанған кератит
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Флурбипрофеннің концентрациясы оны аспиринмен бірге қолданғанда 50 %-ға төмендейді. Сәйкесінше, бұл екі препаратты бірге қабылдау ұсынылмайды.
Басқа қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар сияқты, флурбипрофен пероральді антикоагулянттардың әсерін арттыруы, литийдің, метотрексаттың және жүрек гликозидтерінің плазмадағы концентрацияларын ұлғайтуы мүмкін. Флурбипрофеннің басқа да барлық қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар сияқты қан кету параметрлеріне әсер етуі мүмкіндігін болжай келе, ол антикоагулянттарды қабылдап жүрген емделушілерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Нефроуыттылық қаупі флурбипрофенді ангиотензин-конвертирлеуші фермент тежегіштерімен, циклоспоринмен немесе диуретиктермен бірге қолданғанда ұлғаюы мүмкін.
Флурбипрофен гипертензияға қарсы препараттардың, мысалы ангиотензин-конвертирлеуші фермент тежегіштерінің, бета – блокаторлар мен диуретиктердің әсерін төмендетуі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар фенитоин мен сульфонилмочевина тобының диабетке қарсы препараттарының әсерін арттыруы мүмкін.
Флурбипрофен мен қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды біріктіріп қабылдау – талапқа сай келмейді; бұл жағымсыз әсерлердің туындау қаупін арттыруы мүмкін.
Асқазан-ішек жолынан қан кетудің туындау қаупі қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар кортикостероидтармен, алкоголь сусындарымен, бисфосфонаттармен және окспентифиллинмен бірге қолданылған кезде жоғары болады.
Флурбипрофенді алкоголь сусындарымен қабылдауға болмайды, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі артуы мүмкін.
Сіңу жылдамдығы ұлғаюы мүмкін, бірақ препарат тамақпен бірге қабылданғанда сіңірілген бөлігінің мөлшері өзгермейді.
Препараттың антиагреганттық әсері бар, мысалы каперс, витекс, наурызгүл, кестежусан, сарымсақ, дәрілік зімбір, гинкго, ат талшын, көк шай, женьшень және қызыл беде сияқты өсімдіктермен қабылданбауы тиіс. Бұл өсімдіктер антиагреганттық белсенділіктің артуына алып келуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Туа біткен гипербилирубинемияда сақтықпен қолданады (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротор синдромдары).
Препаратты ұзақ уақытқа тағайындағанда, ас қорыту жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерін болдырмау үшін, емделушілерді ауық-ауық тексеріп отыру ұсынылады.
Флурбипрофен қан кету уақытын ұзартуы мүмкін, бұл әсіресе ұзақ қабылдағанда, АІЖ-нан қан кету қаупін арттырады.
Жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия және бүйрек аурулары кезінде сақтықпен тағайындау керек.
Анағұрлым жоғары емдік әсеріне флурбипрофенді таңертегі және кешкі уақыттарда қабылдағанда қол жеткізуге болады. Флурбипрофенді қабылдаған кезде шеткергі қан көрінісі мен қан кету уақытын мезгіл сайын бақылау қажет.
17-кетостероидтарды анықтау қажет болғанда, препаратты зерттеуге 48 сағат қалғанға дейін тоқтату керек.
Препаратты қолданғанда жаралардың баяу тыртықтануы мүмкін, сондай-ақ – ацетилсалицил қышқылына және басқа ҚҚСП-ға айқаспалы сезімталдық болуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде жоғары зейін аудару мен психикалық және қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданудан бас тарту қажет.
Артық дозалануы
Белгілері: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, эпигастрийдің ауыруы, қимыл-қозғалыс қозуы, ашушаңдық, тыныс алудың бұзылуы, құрысулар.
Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем
Шығарылу түрі мен қаптамасы
15 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
ABDI IBRAHIM
Хадымкой- Стамбул
Түркия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«ABDI IBRAHIM», Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайыҚазақстандағы "АБДИ ИБРАХИМ Илач Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети" компаниясының өкілдігі, Алматы қ-сы, Абай д-лы 155,
37/38 кеңсе,
тел: +7 (727) 394-35-12
факс: +7 (727) 295-29-35, e-mail: office.kazakhstan@abdiibrahim.com.tr