Магния сульфат (порошок)

МНН: Магния сульфат
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Magnesium sulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003173
Период регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Магний сульфаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ұнтақ

Құрамы

белсенді зат - 25 г, 70 г магний сульфатының гептагидраты

Сипаттамасы

Ақ түсті кристалды ұнтақ немесе жылтыраған түссiз кристалдар.

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізетіндер. Осмотикалық іш жүргізетіндер. Магний сульфаты.

АТХ коды А06AD04

Фармакологиялық қасеттері

Фармакокинетикасы

Магний сульфаты іш жүргізгіш әсерін ішек жолы бойына, әсіресе, аш ішекке тигізеді. Препарат қабылдағаннан 4-6 сағат өткеннен кейін әсер етеді. Жас балаларға іш жүргізетін тұздардың кішкене бөлігі сіңуі мүмкін. Бұл жағдайда бүйректен тұздар жай шығарылады, сондықтан ғана олардың жинақталу қаупі бар.

Фармакодинамикасы

Магний сульфаты ішектің осматикалық қысымын жоғарылатады, судың сіңірілуін (дәрімен бірге қабылданған және ішек сөлінің құрамында бар) ұстайды, ішектің ішіндегі заттың көлемін үлкейтіп, ішектің созылуына және ішектің рефлексті жиырылуын ынталандырады. Сонымен қатар, осмотикалық қысым көтерілгенде жіңішке ішектің шырышты қабығының сөлінісі арқылы холецистокинин жоғарылайды, ішектің жиырылуын жоғарлатып қана қоймай, ол тағы да асқазан ішек жолдарының қан айналымын, ас қорыту сөлінің бөлінуін жоғарылатады, Одда сфинктерін босаңсытады, өт қабының жиырылуын жоғарылатады және өттің ішекке қарай жүруін жоғарылатады.

Қолданылуы

  • улануда

  • іш қатуда

  • ішекті тазартуда

  • холангитте

  • холециститте

  • диагностикалық манипуляциялар алдында

Қолдану тәсілі және дозалануы

Ересектер 1/2 стақан сумен бірге 10-30 г-нан ұйқы алдында немесе тамақтанардан 30 мин бұрын аш қарынға. 12 жастан асқан балаларға 10 г тәулігіне 1 рет 1/2 стакан сумен, 6-дан 12 жас балаларға 5-10 г 1/2 стакан сумен. 6 жасқа дейінгі балаларға 1 жылға 1 г есебiмен дәрігердің тағайындауымен. Созылмалы iш қату ауруы кезiнде клизма (20 – 30 % ертiндiнiң 100 мл) жасалады. Өт айдағыш дәрі ретiнде 20 - 25 % (20-25г 100 мл. су) ерітiндiнi 1 ас қасықтан күнiне 3 рет iшедi; зонд арқылы магний сульфатының жылы ерітiндiсiн (25 % ертiндiнiң 50 мл немесе 10 % ерітiндiнiң 100 мл) енгiзе отырып дуоденальді зондттау жүргiзедi.

Жағымсыз әсері

  • жүрек айну, құсу, диарея

  • асқазан- ішек жолдары ауруларының асқынуы

  • тыныс алу қиындау мүмкіндігі

  • гипотензия

  • тыныштандыратын және ұйықтағыш әсер беруі мүмкін

  • ас ингридиенттерін қорытудың және бір уақытта қабылданған дәрілерді қорытудың бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жоғары сезімталдықта

  • айқын брадикардияда

  • АV блокадада

  • бүйрек қызметінің бұзылуында

  • тыныс алу мүшелерінің ауруында

  • асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну ауруларында

  • кальцийдің тапшылығы жағдайында

  • жүктілікте, лактация кезеңінде

  • етеккірде

  • 8 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Магний сульфатын тетрациклиндермен бiрге ішу арқылы қолдану кезiнде соңғысының әрекетi оның сорылуының азаюуына байланысты азаюы мүмкiн.

Перифериялық әрекеттi миорелаксанттармен бiр уақытта қолданғанда жүйкелiк-бұлшық еттiк импульстың берілуі төмендейді.

Нифедипинмен бірге қолданылғанда бұлшық еттердің босаңсуы айқын білінеді.

Кальций препараттарымен, алкогольмен (жоғары концентрацияда), карбонаттармен, бикарбонаттармен және фосфаттарымен сілті металдарымен, мышьяк қышқылының тұздарымен, бариймен, стронциймен, новокаин гидрохлоридімен, салицилаттармен және тартратармен фармацевтикалы үйлесімсіз (тұнба құрады).

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ мерзім емделгенде артериялық қысымның, жүрек қызметінің, сіңір рефлексін, бүйрек қызметінің, тыныс алу жиілеуінің мониторингін жүргізу қажет.

Тұздардың балалардың бүйрегінде жинақталу қаупіне байланысты, тұзды іш жүргізетін заттардың қабылдауын бүйрегі және жүрегі ауыратындарға байқап беру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшіліктері

Сақтану қажет.

Артық дозаланғанда

Белгілері: жүрек айнуы, құсу, артериялық қысымның күрт төмендеуі, брадикардия, тыныстың және орталық жүйке жүйесінің әлсіреуі.

Емдеу: у қайтарғы ретінде кальций препараттарын (кальция хлориді немесе кальций глюконатын) көк тамыр ішіне (өте баяу) енгізеді, перитониальдық диализ немесе гемодиализ, симптоматикалық (ОЖЖ қызметін және жүрек-қан тамыр жүйесін орнына келтіретін) заттар.

Шығарылу түрi және қаптамасы

25 г-нан бұрандалы мойынды шынымассалы банкіде, 70 г-нан бұрандалы мойынды шынымассалы тығыздайтын элементі бар бұрандалы полиэтилен қақпағы бар құтыда немесе тығындайтын созылмалы қақпағы бар медициналық шыныдан жасалған банкіде.

Құтылар немесе банкалар санына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге орауыш қағаздан жасалған қаптамаға немесе картон қорапшаға немесе ыстыққа төзімді полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардан қорғау керек

Сақтау мерзiмi

5 жыл

Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн пайдалануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндiрушi/қаптаушы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к., 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к., 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ, Чкалов к,7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

938577371477976297_ru.doc 45 кб
096927811477977544_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники