Лидоплюс® (таблетки)

МНН: Деквалиния хлорид, Лидокаин
Производитель: Labima CA
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019748
Информация о регистрации в РК: 07.03.2013 - 07.03.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Лидоплюс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: деквалиний хлориді 0,25 мг

лидокаин гидрохлориді 1,0 мг

қосымша заттар: маннитол, аммоний глицирризинаты, натрий сахарині, желатин, тальк, алюминий гидроксиді, жалбыз эссенциясы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, аздап жалбыз иісі бар, ақ түсті немесе ақ түсті дерлік таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02А А20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Деквалиний хлориді ауыздың шырышты қабығына сіңбейді. Тағайындалған барлық доза организмнен тік ішек арқылы шығарылады. Лидокаин гидрохлориді шырышты қабықпен сіңіріледі. Жансыздандыратын әсері шамамен 5 минуттан кейін тіркеледі. Лидокаин бауырда тасымалданады. Негізгі метаболиттер, моно-этил-глицин-ксилидин (белсенді метаболит) және глицин – ксилидин несеппен бөлінеді. Лидокаиннің 10%-дан аздауы өзгермеген күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Деквалиний хлориді әсер ету ауқымы кең антисептик болып табылады. Ол әр түрлі грамоң және грамтеріс бактерияларға қарсы, сондай-ақ зеңдер мен ашытқыларға қарсы белсенді. Лидокаин гидрохлориді амидтік типтегі қазіргі заман антисептигі болып табылады. Лидокаин шеткергі жүйке импульстерінің пайда болуы мен жүзеге асуын бөгейтін буккальді-фарингеальді сезімталдықтың болмауын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- баспа, фарингит, тонзиллит, стоматит, афтоз, глоссит, гингивит сияқты ауыз қуысы мен тамақтың жұқпалы-қабыну ауруларын жергілікті симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: 1 таблеткадан әр 2 сағат сайын, қабыну симптомдары азайғаннан кейін - 1 таблеткадан әр 4 сағат сайын.

Жедел фазасы кезеңінде ең жоғары тәуліктік тұтыну 10-12 таблеткадан аспайды, қабыну симптомдарының жойылуы кезеңінде 6 таблеткадан көп емес.

Таблеткаларды шайнамай, баяу сору қажет. Ересектер мен балаларға қолданудың ұзақтығы бірдей – аурудың симптомдары жойылғанға дейін.

Жағымсыз әсерлері

өте сирек - шамадан тыс дозалаудан болатын уытты реакциялар, ауыз шырышты қабығының зақымдануы

- ашушаңдық

- сылбырлық

- жүрек айну, құсу

- көрудің бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

- ауыз шырышты қабығының ауыр зақымдануы

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Деквалиний хлориді сабынмен және анионды беткейлік-белсенді заттармен, сондай-ақ құрамында фенолды қосылыстары бар зарарсыздандырушы дәрілермен үйлеспейді. Басқа анестетиктермен бір мезгілде тағайындамаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған

Артық дозалануы

Симптомдары: есінеу, сылбырлық, жүрек айну, құсу.

Емі: препаратты пайдалануды тоқтату.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

2 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Лабима СА, Бельгия

Брюфармэкспорт c.п.р.л. үшін, Бельгия.

Рю де ля Гротт, 14 – 1020 Брюссель қ.

Тіркеу куәлігінің иесі

Брюфармэкспорт c.п.р.л., Бельгия

Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Казфармпромоушн» ЖШС

Алматы қ., Қабдолов к-сі 22 б, 2 кеңсе

тел.: 7 (727) 356-47-01, 250-72-70

e-mail: alma02@mail.ru

Прикрепленные файлы

092509821477976933_ru.doc 41.5 кб
886275291477978110_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники