Лейкладин

МНН: Кладрибин
Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cladribine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016918
Информация о регистрации в РК: 24.12.2015 - 24.12.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 31 473.12 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Лейкладин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кладрибин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 1 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат – кладрибин – 10.0 мг,

қосымша заттар - калий дигидрофосфаты, натрий хлориді, натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Пуринге ұқсастар.

АТХ коды L01ВВ04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізгенде кладрибиннің жартылай шығарылу кезеңі – 5,7-ден 19,7 сағатқа дейін. Цереброспинальді сұйықтықтағы концентрациясы оның плазмадағы концентрациясының 25% құрайды. Препарат тікелей түрде несеппен шығарылады, елеусіз мөлшері (1%-дан да аз) нәжістермен шығарылады. Препарат ішкі жасушалық метаболизденуге ұшырайды. Бастапқы сатыда 5'-монофосфатқа дейінгі фосфорлану дезоксицитидинкиназа жүзеге асырады. Дезоксицитидинкиназаның лимфоциттердегі белсенділік деңгейі осындай мөлшерден 5'-нуклеотидаза үшін жоғары болғандықтан, сондай-ақ лейкладиннің аденозиндезаминаза әсеріне төзімділігінің нәтижесінде жасушада 2-хлор-2'-дезоксиаденозиннің барлық үш фосфорлану түрлері, соның ішінде 2-хлор-2'-дезоксиаденозиннің 5'-үшфосфаты жылдам жинақталады.

Фармакодинамикасы

Лейкладин (2-хлор-2'-дезоксиаденозин) ДНҚ молекуласының құрамына кіретін 2'-дезоксиаденозиннің ұқсас нұсқасы болып табылады. Лимфоидтық жасушалар лимфоидтық еместерден гөрі лейкладинге мейлінше сезімтал болып келеді, өйткені алғашқылары дезоксицитидинкиназаның мейлінше жоғары деңгейімен және 5'-нуклеотидаза белсенділігінің төмен деңгейімен сипатталады. Лейкладин ДНҚ синтезі мен репарациясын тежей отырып, бөлінетін және бөлінбейтін жасушаларға қатысты цитоуыттық әсерлер танытады. Цитоуыттық әсер белсенді метаболит –2-хлор-2'-дезоксиаденозинінің 5'-үшфосфатының әсерімен шартталған. Препараттың әсер етуі ДНҚ синтезі үшін қажетті дезоксинуклеозидтік үшфосфаттардың түзілу реакцияларын катализдейтін рибонуклеотидредуктазаның тежелуімен байланысты. ДНҚ синтезінің тоқтатылуы ДНҚ-полимеразасының тежелуі нәтижесінен де болады. Бұдан басқа, 2-хлор-2'-дезоксиаденозинінің 5'-үшфосфаты арнайы эндонуклеазаны белсендендіреді, бұл ДНҚ-дағы біртізбеліктік үзілулерге алып келеді. Көрсетілген құбылыстар жасушаның кезекті қырылуына себепкер болып табылады.

Қолданылуы

- түкті-жасушалық лейкоз

- созылмалы лимфолейкоз (өршіген және полихимиялық емнің алғашқы желісінің препараттарына төзімді түрлері)

- қатерлі ісіктің төмен және аралық дәрежелеріндегі ходжкиндік емес лимфомалар

Қолдану тәсілі мен дозасы

Емнің дозалануы мен ұзақтығын аурудың өту барысы мен жағдайдың ауырлығына қарай емдеуші дәрігер белгілейді.

Препаратты күніне 0,09 мг/кг дозада көктамыр ішіне тамшылы енгізеді. Одан жоғарырақ дозаларда пайдалану уыттылық әсерлерінің өршуімен ұштасады. Түкті-жасушалық лейкозда үздіксіз 7 күн бойына (24-сағаттық көктамырішілік инфузия), енгізудің 1 курсы; созылмалы лимфолейкозда – 5 күн бойына (2-сағаттық көктамырішілік инфузия), 1-ден 6 курсқа дейін 28-ден 48-күнге дейінгі аралықпен; қатерлі ісіктің төмен және аралық дәрежелеріндегі ходжкиндік емес лимфомаларда – 5 күн бойына (2-сағаттық көктамырішілік инфузия), 1-ден 6 курсқа дейін 28 күн аралығымен енгізеді.

Тұзды ерітінділер түрінде препарат тәулік бойына тұрақты.

Жағымсыз әсерлері

- сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі (лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, анемия (апластикалық, гемолитикалық), панцитопения

- өте сирек кездесетін миелодиспластикалық синдром

- қызба

- бас ауруы, бас айналуы, ұйқысыздық

- шеткергі сенсорлық нейропатиялар

- терінің қабыршықтануы, қышыну, тері бөртпесі, есекжем

- иммунитеттің төмендеуі, Herpes simplex, Herpes zoster, Cytomegalovirus туғызатын оппортунистік инфекцияларға бейімділік

- жөтел, тыныс алудың жиілеуі, пневмонит

- трансаминазалардың, сілтілік фосфатазалардың, билирубиннің орташа қайтымды көтерілуі

- тері астына қайталап енгізгенде инъекция орны орташа ауыруы мүмкін, көктамыр ішіне енгізгенде – тромбоз, флебит

- миалгия, артралгия

- әлсіздік, астения, қатты қалжырау

- ісінулер, тахикардия

- жүрек айнуы, құсу, іш аймағындағы ауыру, диарея, іш қату, анарексия

- пурпура, петехиялар, мұрыннан қан кету

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- сүйек кемігі функциясының айқын бәсеңдеуі

- жедел инфекциялы аурулар

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа миелоуыттық препараттармен бір мезгілде немесе олардан кейін бірден тағайындалғанда сүйек кемігі функциясының аддитивтік бәсеңдеуі ықтимал. Лейкладин жоғары (стандарттан асырылған) дозаларда, циклофосфамидпен және сәулелі еммен бірге тағайындалғанда нейроуыттылық (қайтымсыз пара- және тетрапарездер) және нефроуыттылық (жедел бүйрек жеткіліксіздігі) артады. Аллопуринолмен және антибиотиктермен біріктіру тері бөртпесін күшейтеді. Лейкладинді ми қан айналымын жақсартатын және жүйке-бұлшықетіне берілетін (пентоксифиллин, циннаризин, пирацетам, ибупрофен, эуфиллин, баклофен, пиридоксин, тиамин) препараттармен бірге қолданғанда қолайсыз өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Лейкладин деградациясының күшейіп кететініне байланысты инфузиялық ерітіндіні дайындағанда 5% глюкоза ерітіндісін пайдалануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Лейкладинмен емдеу ісікке қарсы ем қолдану тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен, ұқыпты клиникалық және гематологиялық бақылаумен жүзеге асырылуға тиісті.

Лейкладинді қолданғаннан кейін де алғашқы 4-8 апта бойына қадағалау жалғасады, өйткені миелосупрессия кейінге шегерілген сипатқа иеленуі мүмкін.

Пациент препараттың уыттылығы жөнінде және оны дәрігермен келісіп алмай, қолдануға болмайтыны туралы ескертілуге тиіс. Лейкладинді цитоуытты препараттармен емделгеннен кейін немесе сәулеленгеннен кейін сақтықпен қолданған жөн, бауыр және бүйрек функциясының бұзылулары бар науқастарды емдегенде де сақтық шаралары қадағаланады. Ремиссия фазасы уақытында, әсіресе, елеулі жасушалық салмақтың лизисі күтілетін жағдайларда гиперурикемия мен гиперурикозуриядан (жедел бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі) аулақ болу үшін профилактикалық шаралары қолданылуы тиісті. Гиперурикемияны болғызбау үшін мол сілтілі су ішу, қажеттілік туындаса – аллопуринол ұсынылады.

Лейкоциттер мен тромбоциттер саны талапқа сай деңгейден кеміп кеткенде, нефро- және гепатоуытты белгілерде көрінетін қан кетулерге бейімділікте (анурия, олигурия, сарғаю және басқалар) препаратты тоқтату керек.

Лейкладинмен емделу СД4 лейкоциттерінің санын азайтатын иммуносупрессияның ауыр түрлеріне шалдықтырады.

Нейтропения фонындағы қызбалық жағдай пайда болғанда емдеудің алғашқы айы бойына пациенттің жалпы жағдайын тиянақты қадағалау және қажетті жағдайда бактерияға қарсы ем тағайындау керек. Нейроуыттылық өршіген жағдайда препаратпен емдеу неврологиялық симптоматика шешілгенше тоқтатылуға тиісті.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лейкладиннің енгізілуі пациенттің зейінін қатты нашарлатып жіберуі мүмкін. Ұйқышылдық пен бас айналуы пайда болған жағдайларда автокөлік жүргізуден немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.

Артық дозалану

Симптомдары: орталық жүйке жүйесі тарапынан қайтымсыз бұзылулар (пара- және тетрапарездер, салдану), нефроуыттық әсерлер, ауыр миелосупрессия.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық дәрілер (тиімді у қайтарғысы жоқ).

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған немесе біріктірілген немесе алюминий пластикалық немесе пластмассалы бастырмасы бар алюминий құтыда 10 мл-ден.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Стационарға жеткізу үшін: 40 құты қолдану жөніндегі нұсқалықтың санына сай топтық қорапқа.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2-ден 10°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдауға арналған мекенжайы:

220007, Минск қаласы, Фабрициус көшесі 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КазБелМедФарм» ЖШС

Заңды мекенжайы: ҚР 050028, Алматы қ., Бейсебаев к-сі. 151 үй

Нақты мекенжайы: ҚР 050022, Алматы қ., Абай даңғ., 48 А 2 қабат

Телефон/факс нөмірі: 8(727) 383-93-74; 383-93-69

Электронды поштасы: info@kmbf.kz

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

761527571477977605_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники