Ламивудин

МНН: Ламивудин
Производитель: Страйдс Шасун Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamivudine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023212
Информация о регистрации в РК: 06.09.2017 - 06.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Ламивудин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламивудин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 150.00 мг ламивудин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликолаты, сусыз коллоидты кремний, Повидон (К-30), магний стеараты,

қабықтың құрамы: Опадрай Ақ Y-1-7000: гидроксипропилметилцеллюлоза 2910/гипромеллоза 5 сP, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 400 (Mакрогол).

Сипаттамасы

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес дөңгелек, бір жақ бетінде ТМТ өрнегі және басқа жақ бетінде сындыру сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер және нуклеозидтер-кері транскриптаза тежегіштері. Ламивудин.

АТХ коды J05AF05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ламивудин асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Ішке қабылдаудан кейін ересектерде ламивудиннің биожетімділігі әдетте 80-85% құрайды, сарысуда ламивудиннің ең жоғары концентрацияға (Cmax) жетуінің орташа уақыты (tmax) 1 сағатқа жуықты құрайды. Ламивудинді емдік дозаларда (12 сағат аралықпен тәулігіне 2 қабылдауға 4 мг/кг) тағайындағанда Cmax 1-1,9 мкг/мл құрайды.

Ламивудинді тамақпен бірге қабылдау жалпы сіңу дәрежесіне ("концентрация-уақыт" қисығы негізінде есептелген) ықпалын тигізбейді, бірақ ең жоғары концентрацияға (Cmax) жетудің орташа уақытын (tmax) баяулатады. Ламивудинді тамақпен бірге қабылдағанда дозаны түзету қажет етпейді.

Ұсақталған таблетканы сұйық немесе жартылай сұйық тамақтың аздаған мөлшерімен қабылдау өнімнің фармакологиялық сипатына және препараттың клиникалық әсеріне ықпалын тигізбейді, бұл ламивудиннің сулы ортада in vitro еру деректерімен айғақталған, ол препаратты ұсақтағаннан және 100% еруінен, кейіннен дереу қабылдануынан деп болжам жасалады.

Таралуы

Емдік дозалар ауқымда ламивудиннің фармакокинетикасы дозаға байланысты және плазма ақуыздарымен аздаған дәрежеде байланысады.

Ламивудин орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) және жұлын сұйықтығына өтеді. Ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң ликвордағы ламивудин концентрациясы мен оның сарысудағы концентрациясының арақатынасы шамамен 0.12 құрайды.

Метаболизмі

Ламивудиннің жүйелі клиренсі орта есептен сағатына шамамен 0,32 л/кг құрайды. Ламивудин көбіне бүйрек арқылы (70%-дан астамы) белсенді өзекшелік секреция жолымен (органикалық катиондарды тасымалдау жүйесі), сондай-ақ бауырда метаболизм арқылы (10%-дан азы) шығарылады.

Ламивудиннің белсенді түрінің, жасушаішілік ламивудин трифосфатының, жасушалардан жартылай шығарылу кезеңі, оның плазмадан жартылай шығарылу кезеңімен (5-7 сағат) салыстырғанда ұзағырақ (16-19 сағат). Тәулігіне 1 рет 300 мг дозада қабылдағандағы ламивудиннің фармакокинетикалық параметрлері тәулігіне 2 рет 150 мг дозада қабылдаған кездегімен 24 сағат ішінде жасушаішілік трифосфат үшін «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC24) және Cmax көрсеткіштері бойынша баламалы.

Бауырдағы метаболизмнің шектеулі болуы, плазма ақуыздарымен байланысуының мардымсыздығы және ламивудиннің бүйрек арқылы өзгермеген күйінде толық шығарылуы нәтижесінде ламивудиннің басқа препараттармен қолайсыз өзара әрекеттесу ықтималдылығы өте аз.

Балалар

12 жастан кіші пациенттерде ламивудиннің абсолюттік биожетімділігі (58%-66%) төмен және өте құбылмалы болды.

Балаларда ламивудин таблеткаларын қабылдау, ішке қабылдауға арналған ерітінділерді қабылдауға қарағанда, плазмадағы AUC және Cmax өте жоғары көрсеткіштеріне әкеледі.

Сондай-ақ препараттың барлық дозасын бір реттік қабылдау дозалаудың екі реттік режиміне баламалы екендігі дәлелденді. 3 жастан кіші балаларда ламивудинді қабылдау жөнінде деректер шектеулі. Туғанына 1 апта болған жаңа туған нәрестелерде креатинин клиренсі, жасы үлкенірек балалармен салыстырғанда, төмен болды, бұл бүйрек функциясының жетілмеуінен және сіңіру дәрежесінің әртүрлілігінен болуы ықтимал. Сондықтан ересектер және жасы үлкенірек балалар үшін тән болатын экспозицияға қол жеткізу үшін жаңа туған нәрестелерге ламивудинді 2 мг/кг дозада тағайындау ұсынылады. Ламивудинді 1аптада кіші балаларға қолдану жөнінде деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттерде ламивудиннің фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясының орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ламивудинді қолдану жөніндегі деректер бауыр функциясы бұзылуының ламивудиннің фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейтіндігін айғақтайды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылғанда ламивудиннің плазмалық концентрациялары артады. Креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден аз болатын пациенттерде ламивудиннің дозасы азайтылуы тиіс.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде ламивудиннің фармакокинетикасы жүкті емес әйелдердегі осындайға ұқсас.

Ламивудиннің плацента арқылы трансмиссиясының пассивті болатынына назар аударар болсақ, жаңа туған нәрестелердің сарысуындағы және кіндігіндегі ламивудиннің концентрациясы босанған әйелдегі ламивудиннің концентрациясымен бірдей болады.

Фармакодинамикасы

Ламивудин препараты вирустарға қарсы тікелей әсер ететін дәрі, кері нуклеозидтранскриптаза тежегіші.

Ламивудин препараты АИТВ-1 және АИТВ-2 репликациясының жоғары тиімді іріктелген тежегіші болып табылады. Сондай-ақ зидовудинге төзімді АИТВ штаммдарына қатысты белсенді. Ламивудин жасушаішілік 5'-трифосфатқа (белсенді түрі) дейін метаболизденеді, оның жасушаішілік жартылай ыдырау кезеңі 16-19 сағаттық. Ламивудин-5'-трифосфат АИТВ-нің РНҚ- және ДНҚ-тәуелді кері транскриптазасын аздаған дәрежеде тежейді. Осы әсердің негізгі механизмі — АИТВ-нің кері транскрипциясы үдерісінде ДНҚ тізбегінің өсу синтезін блокадалау.

Ламивудин дәрілік заты басқа антиретровирустық препараттардың (абакавир, диданозин, невирапин, зальцитабин және зидовудин) антагонисі болып табылмайды.

Ламивудин ДНҚ-ның қалыпты жасушалық метаболизмін бұзбайды және жасушаларда ядролық және митохондриялық ДНҚ-ның болуына елеулі ықпалын тигізбейді.

Ламивудин шеткері қанның лимфоциттеріне, сондай-ақ лимфоцитарлы және моноцитарлы-макрофагальді жасушалық желіге және сүйек кемігінің басқа да дің жасушаларына әлсіз цитостатикалық әсерін тигізеді. Сондықтан Ламивудиннің емдік индексі жоғары болады.

Ламивудин препаратына АИТВ-1 резистенттілігінің даму себептерінің бірі — M184V вирустық геномында өзгерулердің пайда болуы, ол АИТВ кері транскриптазасының белсенді бөлігімен тығыз байланысты. Ламивудинді қамтитын біріктірілген антиретровирустық ем қабылдап жүрген науқастарда АИТВ-1 штаммдары M184V мутацияларымен бірге көрініс беруі мүмкін. Мұндай вирус штаммдары Ламивудинге сезімталдығының төмендегімен және репликацияларға әлсіз қабілеттілігімен сипатталады. Зидовудинге төзімді АИТВ штаммдары бір мезгілде ламивудинге резистенттілік дамығанда зидовудинге қайтадан сезімталдық білдіруі мүмкін. Осы құбылыстың клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ.

M184V аймағының мутациялары кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерін тобының препараттарына ғана АИТВ айқаспалы резистенттілігінің туындауына әкеледі. Зидовудин мен ставудин АИТВ-1 ламивудин-резистентті штаммдарына өзінің антиретровирустық белсенділігін сақтайды. Абакавир, егер резистенттілік M184V аймағының мутациясымен ғана туындаған болса, АИТВ-1 ламивудин-резистентті штаммдарына өзінің антиретровирустық белсенділігін сақтайды. M184V аймағында мутациялары бар АИТВ штаммдарында диданозинге және зальцитабинге сезімталдықтың 4 еседен астамға төмендегені анықталады, осы фактінің клиникалық маңызы белгісіз.

Зерттеулерде ламивудин мен зидовудинді бірге тағайындағанда АИТВ-1 вирустық жүктемесінің төмендеуі және CD-4 жасушалар санының артуы көрсетілген. Зерттеудің ақырғы нәтижесі аурушаңдық пен өлімнің өршу қаупінің едәуір төмендегенін көрсететін нәтижелер болып табылады. Ламивудинмен монотерапияда ламивудинге резистенттіліктің дамуы байқалды. Дәлелдік база ламивудин мен зидовудинді бірге тағайындағанда зидовудинге резистенттіліктің дамуының баяулағанын көрсетеді.

Ламивудин препаратын қамтитын біріктірілген антиретровирустық ем M184V локусында мутациясы бар АИТВ штаммдарына қатысты да, сонымен қатар нативті пациенттерді емдеген кезде де тиімді екендігін көрсетті.

Қолданылуы

- ересектер мен балаларда АИТВ-инфекцияны емдеуде біріктірілген антиретровирустық ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ламивудин препаратын тағайындауға АИТВ-инфекцияларды емдеу тәжірибесі бар мамандарға ғана рұқсат етіледі.

Ламивудин препараты тамақ ішуден тыс (тамақтануға дейін немесе тамақтанудан кейін) ішке қолданылады.

Таблетканы шайнамай жұту ұсынылады. Таблетканың бүтіндей жұту мүмкін болмағанда таблетканы ұсақтау және оны сұйық немесе жартылай сұйық тамақпен араластыру және дайындап болуы бойына бірден қабылдау ұсынылады.

Ересектер, жасөспірімдер және дене салмағы 25 кг-ден көбірек балалар

Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 300 мг құрайды. Тәулігіне 2 рет 150 мг (1 таблетка) немесе тәулігіне бір қабылдауға 300 мг (150 мг-ден 2 таблетка) тағайындауға болады Ең жоғары тәуліктік доза – 300 мг.

Дене салмағы 20-25 кг 6 жастан асқан және улкен балалар

Таблетканың жартысын таңертең және бүтін бір таблетка кешке немесе тәулігіне бір рет бір жарым таблетка.

Дене салмағы 14 - 20 кг балалар

Жарты таблеткадан тәулігіне 2 рет (½ таңертең және ½ кешке) немесе тәулігіне бір рет тұтас 1 таблетка.

Пациенттердің барлық топтарында емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Дене салмағы 14 кг немесе 6 жастан кіші балалар

Осы санатта препараттың таблетка түрі ұсынылмайды. Мұндай пациенттерге препаратты ішке қабылдауға арналған ерітінді түрінде тағайындау ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Қазіргі таңда ламивудиннің фармакокинетикасы жөнінде деректер пациенттердің осы санатында жеткіліксіз, алайда бүйректің бөліп шығару функциясының жасқа байланысты төмендеуіне және қан көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты науқастардың осы санатына ерекше көңіл бөлген жөн.

Бүйрек функциясы бұзылғна пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы орташа және ауыр дәрежедегі пациенттерде плазмадағы ламивудиннің концентрациясы ламивудин клиренсінің төмендеуі салдарынан жоғарылаған, сондықтан креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден аз болғанда препараттың дозасын төмендегі кестеде көрсетілгендей төмендету қажет. Бүйрек функциясы бұзылған балаларда креатинин клиренсінің мәндеріне байланысты препарат дозасын төмендетудің ересектердегідей сызбасы ұсынылады.

Дозаны 150 мг-ден азға төмендету қажет болған жағдайда препаратты ішке қабылдауға арналған ерітінді түрінде қолдану ұсынылады.

Ересектерде, жасөспірімдерде және дене салмағы 25 кг-ден асатын балаларда бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде дозаны креатинин клиренсіне байланысты таңдау:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Старттық доза

Демеуші доза

30 — <50

150 мг

Тәулігіне 1 рет 150 мг

15 — <30

150 мг

Тәулігіне 1 рет 100 мг

5 — <15

150 мг

Тәулігіне 1 рет 50 мг.

Басқа дәрілік түрді ішке қабылдауға арналған ерітіндіні қолдану қажет.

<5

50 мг

Тәулігіне 1 рет 25 мг. Басқа дәрілік түрді ішке қабылдауға арналған ерітіндіні қолдану қажет.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы орташа және ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерде, егер бауыр функциясының бұзылуы бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен қатар жүрмесе, Ламивудин препаратының дозасын төмендету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Көрсетілген жағымсыз реакциялар АИТВ ауруларын ламивудинмен және оның басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеу үдерісінде анықталды. Көптеген жағдайларда аталған реакциялар медициналық препаратқа жағымсыз әсерлер болып табылатындығы-табылмайтындығы немесе негізгі аурудың салдары екендігі айқын емес.

Жағымсыз әселердің жиілігін анықтау: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, бірақ <1/10), кейде (≥1/1,000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10,000, бірақ <1/1,000), өте сирек (<1/10,000), бірлі-жарым мәлімдемелерді қоса.

Жиі

- гиперлактатемия

- бас ауыруы

- жүректің айнуы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея

- бөртпе, алопеция

- артралгиялар, бұлшықет бұзылулары

- қажығыштық, қызба, дімкәстік

Кейде

- бауыр ферменттері (АСТ, АЛТ) белсенділігінің транзиторлық жоғарылауы

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

Сирек

- лактоацидоз

- теріасты шелмайының қайта таралуы/жиналуы (осы реакцияның этиологиясы мультифакторлы антиретровирустық препараттарды біріктіріп қолдануды қоса)

- панкреатит (препаратты қабылдаумен байланысы анықталған жоқ), сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы

- рабдомиолиз

Өте сирек

- сүйек кемігінің эритроидтық өскінінің аплазиясы

- парестезиялар

- шеткері нейропатия (препаратты қабылдаумен байланысы анықталған жоқ)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ламивудинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар (ішке қабылдауға арналған ерітіндіні қолдану ұсынылады)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ламивудин препаратының басқа препараттармен метаболизмдік өзара әрекеттесу ықтималдылығы, метаболизмінің мардымсыз болуымен және плазма ақуыздарымен байланысуымен және өзгермеген ламивудиннің бүйректік механизм арқылы іс жүзінде толық шығарылуымен байланысты, өте-мөте төмен.

Ламивудин организмнен көбіне белсенді өзекшелік секреция жолымен органикалық катиондарды тасымалдау жүйесі арқылы шығарылады. Ламивудиннің шығарылудың осындай механизмдері бар препараттармен, мысалы, триметоприммен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қарастырған жөн. Басқа препараттар (мысалы, ранитидин, циметидин) көрсетілген механизм жәрдемімен тек ішінара шығарылады және Ламивудин препаратымен өзара әрекеттеспейді.

Көбіне белсенді бүйректік секреция жолымен органикалық аниондарды тасымалдау жүйесі немесе шумақтық сүзілу арқылы шығарылатын препараттар, сірә, ламивудинмен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуге түспейді.

Зидовудин. Ламивудин препаратын және зидовудинді бір мезгілде қолданғанда плазмадағы зидовудиннің Cmax мәнінің орташа (28%-ға) артқаны байқалады, мұндайда AUC елеулі өзгермейді. Зидовудин Ламивудин препаратының фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Триметоприм/сульфаметоксазол. Триметопримді/ сульфаметоксазолды 160/800 мг дозада (ко-тримоксазол) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы Ламивудиннің концентрациясын шамамен 40%-ға арттырады (триметоприммен өзара әрекеттесу есебіен). Алайда, бүйрек функциясының бұзылулары жоқ болғанда Ламивудинның дозасын төмендету қажет емес. Триметопримнің және сульфаметоксазолдың фармакокинетикасына Ламивудин ықпалын тигізбейді. Ламивудиннің пневмоцистті пневмонияны және токсоплазмозды емдеу үшін тағайындалатын ко-тримоксазолдың жоғары дозаларымен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Зальцитабин. Ламивудин мен зальцитабинді бір мезгілде тағайындағанда, ламивудин соңғысының жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Осыған байланысты препараттарды біріктіру ұсынылмайды.

Эмтрицитабин. Ламивудин мен эмтрицитабинді бір мезгілде тағайындағанда, ламивудин соңғысының жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Бұдан басқа, осыларда препараттың резистенттіліктің даму механизмі (М184V генінің мутациясы) бірдей, осыған байланысты осы препараттарды біріктірілген ем құрамында тағайындағанда емдік тиімділігі шектеулі болуы мүмкін. Сондықтан Ламивудин препаратын және эмтрицитабинді немесе құрамында оның белгіленген дозасы бар препараттарды бірге тағайындау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Ламивудин препаратын монотерапия ретінде қолдану ұсынылмайды.

Пациенттерге антиретровирустық препараттармен, соның ішінде Ламивудин препаратымен емдеу жыныстық қатынас кезінде немесе қан құйғанда АИТВ-нің басқа адамдарға жұғу қаупінің алдын ала алмайтынын, сондықтан пациенттер тиісті сақтық шараларын қолдануы тиіс екендігін алдын ала ескерткен жөн.

Ламивудинді немесе басқа да антиретровирустық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде оппортунистік инфекциялар немесе басқа да асқынулар дамуы мүмкін, сондықтан олар АИТВ-инфекцияны емдеу тәжірибесі бар дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде плазмадағы ламивудиннің концентрациясы ламивудин клиренсінің төмендеуі салдарынан жоғарылаған, сондықтан креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден аз болғанда препараттың дозасын төмендету қажет.

Панкреатит

Ламивудин препаратын қабылдаған пациенттерде панкреатит дамуының бірнеше жағдайлары байқалған. Алайда осы асқынудың препараттан немесе АИТВ-инфекциясының өзінен туындағаны анық емес күйінде қалып отыр. Ламивудин қабылдап жүрген пациенттер іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу немесе биохимиялық көрсеткіштерінде өзіне тән өзгерулер пайда болған жағдайда, панкреатиттің бар-жоқтығын анықтаған жөн. Панкреатит диагнозының бар-жоқтығы анықталғанға дейін препаратты қабылдауды тоқтата тұру керек.

Лактоацидоз/бауырдың май дистрофиясы бар айқын гепатомегалия

Нуклеозидтер аналогтарының тобына жататын антиретровирустық препараттарды (Ламивудинді қоса) монотерапия ретінде немесе біріктіріп қабылдаған АИТВ-инфекцияланған пациенттерде (көбіне әйелдерде) лактоацидоз, айқын гепатомегалия және бауырдың майлы дистрофиясы, соның ішінде өліммен аяқталған жағдайлары сипатталған.

Лактоацидоздың дамуын көрсетуі мүмкін симптомдарға мыналар жатады: жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, салмақтың кенеттен түсініксіз азаюы, асқазан-ішек жолы және тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар (диспноэ және тахипноэ).

Ламивудин препаратымен емдеу, әсіресе егер пациентте бауыр ауруының даму қаупі факторлары бар болған кезде, әрдайым сақтықты қажет етеді. Лактоацидоздың немесе бауыр функциясы бұзылуларының (гепатомегалияны және бауырдың майлы дистрофиясын қоса, тіпті бауыр трансаминазасы деңгейінің айқын жоғарылауы жоқ болғанның өзінде) клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болған жағдайда Ламивудин препаратын қабылдауды тоқтатқан жөн.

Теріасты шелмайының қайта таралуы

Кейбір пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем теріасты шелмайының қайта таралуымен/жиналуымен, соның ішінде шеткері шелмайлар мөлшерінің азаюымен және висцеральді майлардың ұлғаюымен, аяқ-қолдың арықтауымен, сүт бездерінің ұлғаюымен және мойынның артқы жағы мен арқада майдың жиналуымен («буйвол өркеш»), сондай-ақ липидтердің сарысудағы концентрацияларының және қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен – барлығы бірге немесе жеке симптомдар түрінде қатар жүруі мүмкін.

Көбіне липодистрофия деп аталатын жалпы синдроммен байланысты жоғарыда аталған жағымсыз реакциялардың біреуін немесе бірнешеуін протеаза тежегіштері немесе кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері класына жататын барлық препараттар туындатуы мүмкін болса да, жиналған деректер осы жағымсыз реакцияларды туындату қабілетінде аталған препараттар класының өкілдері арасында айырмашылықтардың бар екендігін айғақтайды.

Липодистрофия синдромының көп факторлы этиологиясы бар екендігін де ескерген жөн; мысалы, АИТВ-инфекциясы, егде жас және антиретровирустық емнің ұзақтығы осы асқынулардың дамуында маңызды, ықтимал синергиялық рөл атқарады.

Қазіргі таңда аталған жағымсыз реакциялардың кейіннен болатын зардаптары анықталған жоқ.

Пациенттерді клиникалық тексеруге май тіндерінің қайта таралуының физикалық белгілеріне баға беру де қамтылуы тиіс. Сондай-ақ сарысудағы липидтердің концентрацияларын және қандағы глюкоза деңгейін өлшеген жөн. Липидтік алмасудың бұзылуларын олардың клиникалық көріністерін басшылыққа ала отырып, түзету қажет.

Иммунитеттің қалпына келу синдромы

Антиретровирустық емдеуді (АРЕ) бастау кезінде ауыр иммунотапшылығы бар АИТВ инфекцияланған пациенттерде симптомсыз немесе сылбыр ағымдағы салдану оппортунистік инфекциядан туындаған қабыну үдерісі өршуі мүмкін, бұл симптоматиканың жағдайының күрделі нашарлауына немесе өршуіне себеп болуы мүмкін. Әдеттегідей, осындай реакциялар АРЕ-ні бастағаннан кейін алғашқы апталарда немесе айларда байқалды. Өте маңызды мысалдар – цитомегаловирусты ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекция және пневмоцисттік пневмония. Қабынудың кез келген симптомдары дереу анықтау және емдеуді кідіртпей бастау қажет. Аутоиммундық бұзылулар (полимиозит, Джуллиан-Барр синдромы, диффуздық уытты зоб) Ламивудин препаратын қабылдаған кезде де кездесті, дегенмен аурудың басталу уақыты өте құбылмалы және Ламивудин препаратымен емдеуді бастағаннан кейін көп айдан соң басталуы және атипиялық түрде өтуі мүмкін.

АИТВ-ден және В гепатиті вирусынан туындаған аралас инфекция

Ламивудин препаратын тоқтатқаннан кейін созылмалы В гепатиті бар кейбір пациенттерде гепатиттің қайталануының клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болуы мүмкін, бұның бауыр функциясының декомпенсациясында ауыр зардаптары болуы мүмкін. Ламивудин препаратымен емдеуді аяқтағаннан кейін АИТВ-ден және В гепатиті вирусынан туындаған біріктірілген инфекциясы бар пациенттерде бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін және В гепатиті вирусы репликациясының маркерлерін бақылау қажет.

АИТВ ықтимал жұқтырудан кейінгі профилактикасы

Халықаралық нұсқауларға сәйкес (Аурушаңдықты бақылау жөніндегі орталық  – маусым, 1998 ж.), АИТВ-мен инфекцияланған адамның қаны арқылы (мысалы, инъекциялық ине арқылы) жұғуы мүмкін болғанда, зидовудинмен және ламивудинмен біріктірілген емді шұғыл түрде (жұқтырған сәттен бастап 1-2 сағат ішінде) тағайындау қажет. Жұқтыру қаупі жоғары болған жағдайда антиретровирустық ем сызбасына протеаза тежегіштері тобының препараты енгізілуі мүмкін. Профилактикалық емдеуді 4 апта бойы жүргізу ұсынылады. Антиретровирустық препараттармен емдеудіің тез басталғанына қарамастан, сероконверсияның болуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ламивудинге жүкті әйелдерді антивирустық емдеу бағдарламасында баға берілді, оған 11000-нан астам жүкті және босанатын әйелдер қатысты. Деректер ламивудинді қолданған кезде жатыр ішінде кемістіктердің даму қаупінің жоғарылауының жоқтығын көрсетті. Алайда, ламивудинды қолданған кезде мұқият бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Ламивудин плацента арқылы өтеді. Препаратты жүктілік кезінде, егер ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін потенциалды қауіптен басым болған жағдайда ғана, қолданған жөн.

Шешесі жүктілік және босану кезінде кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері тобының препараттарын қабылдаған жаңа туған нәрестелерде және 1 жасқа дейінгі балаларда, сірә, митохондриальді дисфункциядан болса керек, сарысудағы сүт қышқылы концентрациясының аздап транзиторлы түрде жоғарылау жағдайлары сипатталды. Сарысудағы сүт қышқылы концентрациясының уақытша жоғарылауының клиникалық маңызы анықталған жоқ. Бұдан басқа, дамудың кідіруінің, құрысуы синдромының және басқа да неврологиялық бұзылулардың өте сирек жағдайлары жөнінде мәлімделді. Алайда, осы асқынулардың жүктілік кезінде кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерін қабылдаумен байланысы және олардың постнатальді дамуға ықпалы айғақталған жоқ. Сондықтан АИТВ-мен инфекцияланған әйелдерге жүктілік кезінде АИТВ-нің вертикальді жұғуының профилактикасы үшін антивирустық препараттарды қабыладау ұсынылады.

Лактация

АИТВ емшек сүтіне өтетін болғандықтан, вирустың жұғуына жол бермеу үшін әйелдерге нәрестесін емізуге кеңес берілмейді. Егер жасанды қоректендіру мүмкін болмаса, антиретровирустық емдеу аясында емшек емізу жөніндегі ресми жергілікті нұсқауларды қарау қажет.

Күніне екі рет 150 мг доза ламивудинді тәулігіне екі рет 300 мг зидовудинмен біріктіріп немесе тәулігіне екі рет 300 мг дозада монотерапия түрінде қабылдағанда емшек сүтіндегі ламивудиннің концентрациясы қан сарысуындағы осындайға ұқсас (0.5 – 8.2 мкг/мл) болды. Басқа зерттеуде күніне екі рет 150 мг доза ламивудинді тәулігіне екі рет 300 мг зидовудинмен біріктіріп қабылдағанда, емшек сүтіндегі және сарысудағы ламивудиннің концентрацияларының арақатынасы 0.6 : 3.3 мкг/мл болды. Бір зерттеулерде балаларда сарысулық концентрациясының орташа деңгейі 18-28 нг/мл құрады және басқа зерттеуде тіпті анықталған жоқ (сезімталдық деңгейі – 7 нг/мл). Ламивудиннің жасушаішілік белсенді метаболиті - ламивудин трифосфатының деңгейі балаларда емшек емізу кезінде өлшенген жоқ, демек, анықталған фактілердің маңызы белгісіз күйінде қалып отыр.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Ламивудин препаратының автомобильді/механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, Ламивудин препаратының фармакологиялық қасиеттеріне негіздесек, мұндай ықпалының болуы екіталай. Дегенмен, пациенттің автомобильді/механизмдерді басқару қабілетіне баға бергенде оның жалпы жағдайына, сондай-ақ Ламивудин препаратының жағымсыз реакцияларының сипатына көңіл бөлген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұсынылған дозаларды үнемі арттыру жөнінде деректер шектеулі. Өліммен аяқталулар тіркелген жоқ, пациенттердің жағдайы қалпына келтірілді, артық дозаланудың спецификалық белгілері немесе симптомдары анықталған жоқ.

Емі: науқастың жағдайын бақылау және стандартты демеуші ем жүргізу ұсынылады. Ламивудин организмнен диализдің жәрдемімен шығарылатын болғандықтан, үздіксіз гемодиализ қолданылуы мүмкін, алайда арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг.

Тығыздығы жоғары полиэтиленді контейнерге 60 таблеткадан салынған.

1 контейнер медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Strides Shasun Limited

S-No. 36/7, Suragajakkanahalli, Indlavadi Cross, Anekal Taluk, Bangalore – 562 106, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Strides Shasun Limited,Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы:

Попова Т.А. ЖК,050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан к-сі, 30-35, Тел.: +7 7713009907, e-mail: popovakz@gmail.com

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері

Попова Т.А. ЖК,050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан к-сі, 30-35, Тел.: +7 7713009907, e-mail: popovakz@gmail.com

Прикрепленные файлы

Ламивудин_каз.doc 0.14 кб
Ламивудин_рус.doc 0.11 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту