Лаксолак®

МНН: Лактулоза
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lactulose
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022481
Информация о регистрации в РК: 08.04.2022 - 08.04.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Лаксолак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лактулоза

Дәрілік түрі

Шәрбат, 67 г/ 100 мл

Құрамы

100 мл шәрбат құрамында: белсенді зат - лактулоза 67% ерітінді қосымша заттар – калий сорбаты, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссізден бозғылт-қоңыр-сары түске дейінгі, мөлдір немесе аздап бозаңданатын ерітінді.

Төмен температура жағдайында сақтаған кезде немесе қатты сілкіген кезде аздап кристаллдануы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Зат алмасу және ас қорыту жолы. Іш жүргізетін. Осмостық іш жүргізетін. ЛактулозаАТХ коды А06АD11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде лактулоза жіңішке ішекте дисахаридазаның әсеріне ұшырамайды, сондықтан абсорбцияланбайды. Тоқ ішекте сахаролитикалық бактериялармен сірке, құмырсқа және сүт қышқылына ыдырайды. Жоғарырақ дозалар кезінде аммоний иондарын және басқа нитрогендік компоненттер абсорбциясын азайта отырып тоқ ішектің рН елеулі төмендейді. Фармакодинамикасы Лактулоза, іш қатуын емдеу үшін және портальді-жүйелі энцефалопатия кезінде қанда аммиак құрамын төмендету үшін пайдаланылатын синтетикалық дисахарид болып табылады. Лаксолак лактулозаның белсенді компоненті тоқ ішекте субстрат және гликолитикалық микроорганизмдер үшін көбею стимуляторы, органикалық қышқылға дейін ыдырай отырып, сүт қышқылын қоса, сонымен қатар тоқ ішектің құрамын қышқылдандыруға қызмет етеді. Осылайша, Лаксолак ацидофильді флораның өсуін көтермелейді және іріңді флораның өсуін бәсеңдетеді, сондай-ақ тоқ ішек саңылауында рН төмендетеді. Оған қоса Лаксолак тоқ ішектегі осмостық қысымды, сондай-ақ нәжістегі су мөлшерін де арттырады, оны жұмсартып, оның шығарылуын стимуляциялайды. Лаксолак ішектің проксимальді бөлімінде құрамында азот бар уыттың түзілуін, қанға олардың сіңуін азайтады, сондай-ақ бауыр энцефалопатиясына себепкер болатын аммоний иондарын организмнен шығарылуын арттырады. Осылайша лактулоза ішек микрофлорасын қалпына келтіреді және сондай-ақ гипоаммониемиялық белсенділік бере отырып нәжістің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ лактулоза фосфаттың, кальцийдің және магнийдің сіңуін қатарлас көтермелейтіндігі дәлелденген.

Қолданылуы

- іш қатуы (тоқ ішектің физиологиялық ырғағын реттеу) - бауыр энцефалопатиясы (бауыр комасының немесе кома алды профилактикасында немесе емдеуде)

Қолдану тәсілдері және дозасы

Емдік әсерге байланысты препарат дозасын жекелей таңдайды. Шәрбатты тағам қабылдауға байланыстырмай-ақ сұйылтылмаған немесе суда немесе басқа сұйықтықта сұйылтылған күйде қолдануға болады. Іш жүргізетін әсері 2-10 сағаттан кейін байқалуы мүмкін. Іш қатуын емдеу және нәжісті жұмсарту үшін Тәуліктік дозаны бір реттік немесе екіге бөліп қабылдауға болады. Емдеуді бастағаннан бірнеше күннен соң емдік әсерге байланысты демеуші дозаға ауысуға болады. Емдік әсерді дамыту үшін 2-3 күн қажет болуы мүмкін.
Жасы Бастапқы доза, күніне Демеуші доза, күніне
Ересектер және жасөспірімдер 15-45 мл 15-30 мл
7-14 жастағы балалар 15 мл 10-15 мл
1-6 жастағы балалар 5-10 мл 5-10 мл
1 жастан кіші сәбилер 5 мл дейін 5 мл дейін
Бауыр энцефалопатиясы (ересектерде бауыр комасының немесе кома алды профилактикасында немесе емдеуде) Препарат дозасы біртіндеп арттырылуы тиіс. Препарат тәулігіне 3-4 рет 7,5-15 мл-ден (лактулозаның 5-10 г сай) тағайындалады. Одан кейін дозаны тәулігіне 3-4 рет біртіндеп 30-45 мл-ге дейін (лактулозаның 20- 30г сай), жұмсақ нәжіске жеткенге дейін күніне 2-3 рет арттырады. Лаксолак препаратымен емдеу курсын ауру симптомдарын қайтарғанға және зертханалық көрсеткіштерді қалпына келтіргенге дейін жалғастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

- препаратты алғашқы күндері қабылдағанда жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, метеоризм - диарея (жоғары дозада пайдаланғанда)Өте сирек:- су-электролиттік теңгерімсіздік- құрысулар- бас ауыруы, бас айналуы- аритмиялар - миалгия- қатты шаршағыштық- гипернатриемия (бауыр энцефалопатиясында)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- лактулозаға немесе препараттың басқа кез-келген ингредиенттеріне жоғары сезімталдық - жедел қабынбалы асқазан-ішек аурулары - ішектің бітелуі, тесілуі немесе асқазан-ішек жолының тесілу қаупі - соқырішекке күдік - ректальді қан кетулер - колостома, илеостома - су-электролитті теңгерімнің бұзылуы - галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактоза тапшылығы синдромы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы - 12 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде Лаксолак препаратын және төмендегілерді қолданғанда: - диуретиктер, кортикостероидтар, Б амфотерицині – калий жоғалуының күшеюі - жүрек гликозидтері – гликозидтер әсерінің күшеюі - тоқ ішек рН байланысты босап шығатын дәрілік заттар (5-аминосалицил қышқылы сияқты препараттар) – рН тоқ ішектің төмендету нәтижесінде олардың белсенділігі жоғалуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдағаннан кейін бірнеше күннің ішінде емдік әсер жеткіліксіздік болған жағдайда дәрігерге қайта қаралу керек. Лактоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге Лаксолак препаратын абайлап тағайындау керек. Шәрбат құрамында галактозаның және лактозаның аздаған мөлшерінің болуына байланысты, препаратты қант диабеті бар науқастарға және галактозасыз диетада жүрген пациенттерге абайлап пайдалану керек. Бауыр кома алдын және комасын емдеу кезінде пайдаланылатын Лаксолак препаратының дозасы, әдетте шамалы жоғары, сондықтан қант диабетінен зардап шегіп жүрген пациенттерге препаратты тағайындау кезінде лактулоза мөлшерін ескеру қажет болуы мүмкін. Лактулозаны 6 айдан астам қабылдап жүрген егде және әлсіреген науқастарда қандағы электролиттер концентрациясын тұрақты анықтау ұсынылады. Диарея пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату керек. Басқа дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде лактулозаны қолдануға болмайды. Балаларда іш жүргізетіндерді өте сирек жағдайда және медициналық бақылаумен қолданылады. Балаларда емдеу нәтижесінде дефекация рефлексінің бұзылуы мүмкін екендігін назарға алу керек. 18 жасқа дейінгі балаларда бауыр энцефалопатиясы кезінде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Жүктілік және лактация Жануарларға жасалған зерттеулерден алынған деректермен салыстырғанда клиникалық тәжірибеде тағайындалған дозада препаратты қолданған жағдайда жүктілік кезінде шаранаға препараттың қандай да бір эмбриоуытты әсер көрсеткені анықталған жоқ. Лактулозаның жүйелі абсорбциясының төмен болуына байланысты Лаксолакты қолдану емшек еметін сәбилерге әсер етпейді. Осылайша жүктілік және лактация кезеңінде Лаксолак препараты дәрігер кеңесінен кейін қолданылуы мүмкін. Көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі Көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: іштің ауыруы және диарея, жүрек айнуы, іштің кебуі, сұйықтықтың және электролиттің жоғалуы.

Емі: препарат дозасын төмендету немесе тоқтату. Диарея немесе құсудың салдарынан сұйықтық жоғалуын күшейтеді, электролиттік теңгерімді түзету қажет болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

120 мл препараттан бұрандалы алюминий қақпағы және бақылаумен ашылатын сақинасы және өлшеуіш ыдысы бар янтарь түсті пластик құтыға құйылған. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары Рецептісіз

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-шы ауданы, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ. 050040, Шашкин 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: mupkz.al@gmail.com

Прикрепленные файлы

Лаксолак_инструкция_рус.doc 0.06 кб
Лаксолак_инструкция_каз.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники