Куриозин® (раствор)

МНН: Цинка гиалуронат
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hyaluronic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005073
Информация о регистрации в РК: 03.07.2017 - 03.07.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Куриозин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 мл ерітінді

Құрамы

10 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 20,5 мг мырыш гиалуронаты (20,0 мг натрий гиалуронатына және 10,5 мг мырыш хлоридіне баламалы)

қосымша заттар: калий сорбаты, сорбит, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сәл боялған тұтқыр ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Жарақаттар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Жоғары тыртықтануды емдеуге арналған басқа препараттар.

АТЖ коды D03A X05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дені сауларда гиалурон қышқылының концентрациясы 10-нан 100 мкг/л-ге дейінгі шектерде болады. Қан плазмасындағы гиалурон қышқылының деңгейі физиологиялық тұрғыда таңертең, сондай-ақ егде жаста және бауыр қызметінің бұзылуларында жоғарылайды. Гиалурон қышқылы плазмадан жылдам шығарылады, оның молекулалық салмағы төмен құрамдас бөліктерге ыдырауы, ең алдымен, бауырда жүреді. Жартылай шығарылуы (t1/2) 2,5-5,5 құрайды. Гиалурон қышқылы несеппен мүлде бөлінбейді (1%). Эндогенді гиалурон қышқылының тәуліктік бөлініп шығуы бүйрек арқылы жүреді.

Фармакодинамикасы

Куриозин дәнекер тіннің маңызды интерстициальді құрамдас бөлігі болып табылатын мукополисахаридті табиғи полимер.

Гиалурон қышқылының жоғары концентрациясы теріде (55%), көздің шыны тәрізді денесінде және көзішілік сұйықтықта, кіндікбауда және буын сұйықтығында байқалады. Оның физикалық-химиялық қасиеттері басқа молекулалармен және жасушалармен өзара әрекеттесуіне ықпал етеді, бұл гиалурон қышқылының бірқатар биологиялық үдерістерге қатысуын айрықша маңызды етеді. Гиалурон қышқылы су молекулаларымен дисперсиялық матрикс түзеді, ол терінің тонусын және оның созылғыштығын ұстап тұруда маңызды рөл атқарады. Протеогликандардың басқа молекулаларымен бірге, гиалурон қышқылы дәнекер тіндердің жасушааралық массасын тұрақтандырады.

Жарақаттық үдерісте гиалурон қышқылы мен мырыштың жергілікті концентрациясы төмендейді, оның орнын мырыш гиалуронатын жергілікті қолданумен толтыруға болады. Гиалурон қышқылының физикалық-химиялық қасиеттері жарақат аймағында оның жазылуына ықпал ететін физиологиялық жағдайлар жасайды. Гиалурон су молекулаларымен тін ақауының орнын толтыратын дисперсиялық матрикс түзеді, сонымен қатар жарақаттардың жазылу үдерісіне қатысатын жасушалар үшін табиғи каркас қалайды, гранулоциттер мен макрофагтардың белсенділігін арттырып, фибробласттар мен ангиогенездің пролиферациясын көтермелейді. Натрий гиалуронатымен салыстырғанда, мырыш гиалуронаты бірқатар микроорганизмдер үшін бактериостатикалық әсер иеленеді.

Қолданылуы

Кешенді ем аясында жергілікті емдеу:

- нашар жазылатын, жұқпаланған жарақаттарда, сирақтың ойық жараларында

- тесілулерде, жыланкөздерде

- жарақаттың қалыпты жазылуын жеделдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, тәулігіне 1 рет ең жоғары дозада - 1 тамшы/см2 жарақат беткейі алаңы.

Қолданылуы

Жарақат беткейін физиологиялық ерітіндімен немесе 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісімен алдын ала жуғаннан кейін, жарақат беткейі препарат ерітіндісімен тәулігіне 1 рет ең жоғары 1 тамшы/см2 дозада біркелкі суланады. Жарақатты стерильді дәке сүрткімен немесе жараға жабыспайтын басқа бинтпен байлаған дұрыс. Жазылуы қиын кездерде препаратты тәулігіне 2 рет қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (>1/100 - <1/10)

- трофикалық ойық жаралар аймағындағы ауырулар

Жиі емес (>1/1000 - <1/100)

- жұқпаланған экзема, некроз, жанаспалы дерматит

Емдеудің басында, сирек жағдайларда препаратты әріқарай қолдану барысында бірте-бірте басылатын болымсыз ашыту сезімі пайда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген құрамдас бөлігіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттарды дәрігердің тағайындауынсыз қолдану жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Дәрілік препараттарды дәрігер ғана тағайындауы тиіс.

Препарат фотосенсибилизация тудырмайды, теріні және төсек жабдықтарын боямайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде немесе бала емізу кезеңінде, сондай-ақ балаларда қолдану жөнінде деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті және жоғары жарақаттану қаупімен байланысты басқа механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозаланғанда

Препарат жергілікті қолдануға арналғандықтан артық дозалану ықтималдығы аз, жүйелі әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан алғашқы ашылуы қорғалған ақ полиэтилен қалпақшамен тығындалған тамшылатқышы бар ақ полиэтилен құтыда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

15оС-ден 30оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Гедеон Рихтер» ААҚ

1103 Будапешт, Дёмрёи көшесі, 19-21, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Будапешт, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23

 

 

 

Прикрепленные файлы

644346971477977116_ru.doc 48 кб
868265741477978283_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники