Ксарелто®

МНН: Ривароксабан микронизированный
Производитель: Байер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ривароксабан
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025921
Информация о регистрации в РК: 05.07.2022 - 05.07.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Ксарелто

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ривароксабан

Дәрілік түрі, дозасы

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер, 1 мг/мл

Фармакотерапиялық тобы

Қан және қан түзу ағзалары. Тромбозға қарсы препараттар. Ха факторының тікелей тежегіштері. Ривароксабан.

АТХ коды В01AF01

Қолданылуы

Препарат веноздық тромбоэмболияны (ВТЭ) емдеу және парентеральді антикоагулянттық ем басталғаннан кейін кем дегенде 5 күн өткен соң мерзімі жетіп туған нәрестелерде, емшектегі және кішкене балаларда, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде ВТЭ қайталану профилактикасы үшін көрсетілген

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ривароксабанға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

  • белсенді клиникалық маңызды қан кету

  • бұрыннан бар немесе жақында орын алған асқазан-ішек жолының ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, жақында болған мидың немесе жұлынның жарақаты, жақында миға, жұлынға немесе көзге жасалған хирургиялық араласым, жақында болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш венасының варикоздық кеңеюі диагноз қойылуы немесе оған күдіктенгенде, артериовенозды даму аномалиялары, тамыр аневризмалары немесе жұлын немесе мидың ірі тамырларының патологиясы сияқты ауқымды қан кетудің маңызды факторы болып саналатын бұзылу немесе жағдай

  • басқа антикоагулянттық емге ауысудың ерекше жағдайларын қоспағанда, фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т. б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т. б.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен ілеспелі терапия немесе НФГ орталық веноздық немесе артериялық катетердің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозада енгізілгенде

  • В және С класындағы Чайлд-Пью бойынша бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, клиникалық маңызды қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы

  • жүктілік және бала емізу кезеңі.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Емдеудің барлық кезеңінде антикоагулянтты емнің белгіленген практикасы шеңберінде клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.

Ривароксабанның дозасын пациенттердің келесі топтарында дәл анықтау мүмкін емес, өйткені оларда зерттелмеген. Сондықтан препаратты 6 айдан кішкентай балаларға қабылдау ұсынылмайды, олар:

туған кезде гестация мерзімі 37 аптадан аз болды, немесе

дене салмағы 2,6 кг-дан аз болды, немесе

егер ауыз арқылы қоректендіру 10 күннен аз болса.

Қан кету қаупі

Басқа антикоагулянттарды қолданғандағыдай, Ксарелто қабылдау аясында қан кету белгілерін анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау қажет. Ксарелто қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен пайдалану ұсынылады. Ауыр қан кету дамыған кезде Ксарелто® қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Шырышты қабаттардан қан кету (мысалы, мұрын, қызыл иек, асқазан-ішек және несеп-жыныс жолдарынан, оның ішінде патологиялық қынаптық және анағұрлым ауыр етеккірден қан кету) және анемия КДА емдеумен салыстырғанда Ксарелто® препаратымен ұзақ емдеу кезінде жиі байқалды. Сондықтан, стандартты клиникалық бақылаудан басқа, және егер қажет болса, жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық анықтау және айқын қан кетудің клиникалық маңыздылығын сандық бағалау қажет болуы мүмкін.

Төменде сипатталған пациенттердің кейбір қосалқы топтарының қан кету қаупі жоғары.

Бұл пациенттер емдеу басталған сәттен бастап қан кету мен анемияның белгілері мен симптомдарын анықтау үшін дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.

Гемоглобин деңгейінің немесе артериялық қысымның түсініксіз төмендеуімен қан кету көзін іздеу керек.

Ривароксабанмен емдеу экспозицияны күнделікті бақылауды қажет етпейтініне қарамастан, ривароксабанның экспозициясын білу клиникалық шешім қабылдауға көмектесетін ерекше жағдайларда, мысалы, артық дозаланғанда және қажет шұғыл операция кезінде, ривароксабанды Хa факторына қарсы калибрленген сандық белсенділік тестімен өлшеу пайдалы болуы мүмкін.

ОЖЖ инфекциясы бар церебральді веналар мен ми қабығы синустарының тромбозы бар балалар туралы мәліметтер шектеулі. Қан кету қаупін ривароксабанмен емдеуге дейін және емдеу кезінде мұқият бағалау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ксарелто® орташа немесе ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан (шумақтық сүзілу жылдамдығы <50 мл/мин/1,73 м2) 1 жастағы және одан үлкен балаларға ұсынылмайды, өйткені клиникалық деректер жоқ.

Ксарелто® сарысу креатининінің деңгейі 97,5 перцентильден жоғары 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға ұсынылмайды, өйткені клиникалық деректер жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Күшті CYP3A4 және гликопротеин P тежегіштерімен қатарлас жүйелі ем алатын балалар туралы клиникалық деректер жоқ.

Ксарелто® препаратын азол тобының зеңге қарсы препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен, итраконазолмен, вориконазолмен және позаконазолмен) немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен) жүйелі ем алып жүрген пациенттерде қолдануға ұсынылмайды. Бұл белсенді заттар CYP3A4 және Р гликопротеинінің күшті тежегіштері болып табылады. Салдарынан, бұл дәрілік препараттар плазмадағы ривароксабан концентрациясын клиникалық маңызды деңгейге дейін (орта есеппен 2,6 есе) арттыруы мүмкін, бұл қан кету қаупін арттырады.

Гемостазға әсер ететін дәрілік препараттарды, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін немесе серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ) және серотонин мен норепинефринді кері қармау тежегіштерін (СНКҚТ) қабылдайтын пациенттерге Ксарелто тағайындау кезінде сақ болу қажет. Асқазан-ішек жолының ойық жара ауруының даму қаупі бар пациенттерге тиісті профилактикалық ем жүргізу туралы мәселені қарау керек.

Қан кетудің басқа қауіп факторлары

Ксарелто, сондай-ақ басқа да тромбозға қарсы препараттар сияқты, қан кету қаупі жоғары, атап айтқанда мынадай жағдайлардағы пациенттерді емдеу кезінде пайдалану ұсынылмайды:

  • қан кетумен байланысты туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылулар

  • бақыланбайтын ауыр артериялық гипертония

  • қан кетумен асқынуы мүмкін белсенді жараланусыз асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары (мысалы, ішектің қабыну аурулары, эзофагит, гастрит, гастроэзофагеальді рефлюкс)

  • тамырлық ретинопатия

  • бронхоэктаз немесе анамнезде өкпеден қан кету

Қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттер

Қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде бір уақытта қан кету және тромбоз қаупі жоғары болуы мүмкін. Тромбозға қарсы емдеудің жеке пайдасын ісіктің орналасуына, ісікке қарсы емге және аурудың сатысына байланысты белсенді қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде қан кету қаупімен салыстыру керек. Асқазан-ішек немесе несеп-жыныс жолдарында орналасқан ісіктер ривароксабанмен емдеу кезінде қан кету қаупінің жоғарылауымен байланысты болды.

Қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде ривароксабанды қолдануға болмайды.

Жасанды жүрек клапаны бар пациенттер

Ксарелто® жақында аорта клапанын (TAVR) транскатетерлі алмастыруды бастан өткерген пациенттерде тромбопрофилактика үшін пайдалануға болмайды. Жүректің жасанды клапаны бар пациенттерде Ксарелто® қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан мұндай пациенттер популяциясында Ксарелто® талапқа сай антикоагулянттық әсері туралы деректер жоқ. Мұндай пациенттерде Ксарелто® препаратымен емдеу ұсынылмайды.

Антифосфолипидті синдромы (АФС) бар пациенттер.

Анамнезінде тромбозы бар, антифосфолипидті синдром диагнозы қойылған пациенттерге ривароксабанды қоса, тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттарды тағайындау ұсынылмайды. Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттармен емдеу К дәрумені антагонистерімен еммен салыстырғанда, әсіресе антифосфолипидті антиденелердің барлық үш түрінің (жегі бар антикоагулянт, кардиолипинге антиденелер және бета-2-гликопротеин -1 антиденелері) позитивтілігі бар пациенттерде қайталанатын тромбоздық оқиғалар жиілігінің артуымен байланысты болуы мүмкін.

Тромболизиске немесе өкпе эмболэктомиясына мұқтаж ӨАТЭ бар гемодинамикалық тұрақсыз пациенттер

ӨАТЭ бар және гемодинамикасы тұрақсыз немесе тромболизис немесе өкпе эмболэктомиясы жүргізілуі мүмкін пациенттерде фракцияланбаған гепаринге альтернатива ретінде Ксарелто® қолдану ұсынылмайды, өйткені Ксарелто® қауіпсіздігі мен тиімділігі осы клиникалық жағдайларда анықталмаған.

Нейроаксиальді (эпидуральды/жұлын) анестезия немесе люмбальді пункция

Нейроаксиальді (жұлын/эпидуральді) анестезия немесе жұлын/эпидуральді пункция жүргізу кезінде тромбоэмболиялық асқынулардың профилактикасы үшін тромбозға қарсы дәрілерді қабылдайтын пациенттер эпидуральді немесе жұлын гематомасының даму қаупіне ұшырайды, ол ұзақ немесе тұрақты салдануға әкелуі мүмкін.

Мұндай құбылыстардың даму қаупі тұрақты эпидуральді катетерлерді қолданғанда немесе гемостазға әсер ететін препараттарды бірге қабылдағанда одан да артады. Жарақаттайтын немесе қайталанатын эпидуральді немесе жұлын пункциясынан кейін қауіп жоғарылауы мүмкін. Неврологиялық бұзылулардың белгілерін немесе симптомдарын (мысалы, аяқтың ұйып қалуы немесе әлсіздігі, жуан ішек немесе қуық дисфункциясы) анықтау үшін пациенттерді жиі бақылау керек. Неврологиялық ауытқулар анықталған кезде пациентті жедел диагностикалау және емдеу қажет. Антикоагулянттар алатын пациенттерде немесе тромбопрофилактика үшін антикоагулянтты ем алда болатын пациенттерде нейроаксиальді араласым жүргізу алдында дәрігер қауіпке қатысты потенциалды пайдасын ескеруі тиіс. Мұндай жағдайларда ривароксабанды қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ.

Ривароксабанды бір мезгілде қолдану аясында эпидуральді/спинальді анестезиясын немесе люмбальді пункцияны жүргізумен астасқан қан кетудің ықтимал қаупін төмендету мақсатында ривароксабанның фармакокинетикалық бейінін ескеру керек. Ривароксабанның антикоагулянтты әсері әлсіз деп бағаланған кезде эпидуральді катетерді немесе белді пункцияны орнату немесе алып тастау жақсы жүргізіледі. Алайда, әр пациентте антикоагулянтты әсерге қол жеткізудің нақты уақыты белгісіз және оны диагностикалық емшараның жеделдігімен салыстыру керек.

Ксарелто® препаратымен емдеу кезінде балаларда нейроаксиальді катетерді орнату немесе жою мерзімдері туралы деректер жоқ. Мұндай жағдайларда ривароксабанды қабылдауды тоқтатып, қысқа әсер ететін парентеральді антикоагулянт туралы мәселені қарау керек.

Инвазиялық емшаралар мен хирургиялық араласулар кезінде дозалау жөніндегі ұсынымдар

Егер инвазиялық емшараны немесе хирургиялық араласымды жүргізу талап етілсе, Ксарелто® қабылдауды мүмкіндігінше араласуға дейін кемінде 24 сағат бұрын және дәрігердің клиникалық қорытындысы негізінде тоқтату керек.

Егер емшараны кейінге қалдыру мүмкін болмаса, қан кету қаупінің жоғарылауын араласудың шұғылдығымен салыстырғанда бағалау керек.

Егер емдеуші дәрігердің бағалауымен клиникалық жағдай мүмкіндік берсе және талапқа сай гемостазға қол жеткізілсе, Ксарелто® қабылдауды инвазиялық емшарадан немесе хирургиялық араласудан кейін барынша тезірек қайта бастау керек.

Тері реакциялары

Стивенс-Джонсон синдромын/уытты эпидермальді некролизді және DRESS-синдромды қоса, терінің күрделі реакциялары ривароксабанды қолданумен уақытша өзара байланысты маркетингтен кейінгі бақылау барысында хабарланды. Шамасы, пациенттерде мұндай реакциялардың көрініс табу қаупі емдеудің басында болады: көп жағдайда мұндай реакциялар емдеудің алғашқы апталарында көрінеді. Ауыр тері бөртпесінің алғашқы белгілері (яғни бөртпенің таралуы, күшеюі және/немесе күлдіреудің пайда болуы) немесе шырышты қабықтар тарапынан аса жоғары сезімталдықтың кез келген белгілері пайда болған кезде ривароксабанды қабылдауды тоқтату керек.

Қосымша заттар туралы ақпарат

Ксарелто® препараты, түйіршіктер, 1 мл дайындалған суспензияда 1,8 мг натрий бензоаты (Е 211) бар. Натрий бензоаты жаңа туған нәрестелерде (4 аптаға дейін) сарғаюды (тері мен көздің сарғаюы) күшейте алады. Альбуминмен байланысты билирубинді ығыстырғаннан кейін билирубинемияның ұлғаюы неонатальді сарғаюды күшейтуі мүмкін, ол ядролық сарғаюға айналуы мүмкін (ми тінінде конъюгацияланбаған билирубиннің шөгінділері).

Бұл препарат 1 мл дайындалған суспензияға 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни препарат «натрийсіз» деп санауға болады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Педиатриялық популяциядағы өзара әрекеттесу дәрежесі белгісіз. Төмендегі өзара әрекеттесу туралы мәліметтер ересектерде алынды. «Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімінде көрсетілген ескертулерді педиатриялық популяция үшін назарға алған жөн.

CYP3A4 тежегіштерімен және гликопротеинмен Р өзара әрекеттесуі

Ксарелто мен кетоконазолды (тәулігіне 1 рет 400 мг) немесе ритонавирді (тәулігіне екі рет 600 мг) бірге қолдану Ксарелто орташа тепе-тең AUC 2,6/2,5 есе артуына және препараттың фармакодинамикалық әсерінің күрделі күшеюімен қатар жүретін, қан кетулердің даму қаупінің жоғарылауына алып келетін Ксарелто® орташа Смакс 1,7/1,6 есе ұлғаюына әкелді. Демек, Ксарелто® кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол сияқты азолды зеңге қарсы препараттармен немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен жүйелі ем алатын пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Бұл заттар CYP3A4 және гликопротеин Р күшті тежегіштері болып табылады.

CYP3A4 немесе гликопротеин Р қатысуыммен ривароксабанды шығару жолдарының біреуін ғана қатты бәсеңдететін дәрілік заттар плазмадағы ривароксабанның концентрациясын аз дәрежеде арттырады деп күтілуде.

Мысалы, CYP3A4 күшті тежегіші және гликопротеинінің Р орташа тежегіші болып саналатын кларитромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг) орташа AUC 1,5 есе және Смакс. ривароксабан 1,4 есе ұлғаюына себеп болды. Кларитромицинмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде маңызды болуы мүмкін.

Эритромицин (тәулігіне 3 рет 500 мг), орташа басым CYP3A4 және Р-гликопротеин, орташа AUC және Смакс ривароксабанның 1,3 есе ұлғаюын туындатты. Эритромицинмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде маңызды болуы мүмкін.

Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицин (тәулігіне үш рет 500 мг) қабылдау бүйрек функциясы қалыпты адамдармен салыстырғанда ривароксабанның орташа AUC 1,8 есе және Смакс. 1,6 есе жоғарылауын туындатты.

Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицин қолдану бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда орташа AUC 2,0 есе және Смакс 1,6 есе жоғарылауын туындатты. Эритромициннің әсері бүйрек жеткіліксіздігінің әсерін толықтырады.

CYP3A4 орташа тежегіші болып саналатын флуконазол (тәулігіне бір рет 400 мг) ривароксабанның орташа AUC 1,4 есе ұлғаюына және орташа Cмакс 1,3 есе ұлғаюына әкеледі. Флуконазолмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде маңызды болуы мүмкін.

Дронедаронды қолдану бойынша қолда бар клиникалық деректер шектеулі, сондықтан оны Ксарелто®-мен бірге қолданудан аулақ болу керек.

Антикоагулянттар

Эноксапаринді (40 мг бір реттік доза) және Ксарелто® (10 мг бір реттік доза) біріктіріп қолданғаннан кейін Ха факторға қарсы әсер етудің күшеюі байқалды, бұл қанның ұюына тесттердің қосымша өзгерістерімен (протромбиндік уақыт, ІБТУ) қатар жүрмеді. Эноксапарин ривароксабанның фармакокинетикасына әсер етпеді.

Қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты пациенттер Ксарелто® басқа антикоагулянттармен бірге қолданғанда сақ болу керек.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) / тромбоциттер агрегациясының тежегіштері

Ксарелто® (15 мг) мен напроксенді 500 мг дозада бірге тағайындағаннан кейін қан кету уақытының клиникалық мәнді ұзаруы байқалмады. Дегенмен, жекелеген адамдарда анағұрлым айқын фармакодинамикалық жауап болуы мүмкін.

Ксарелто® препаратын және ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) 500 мг дозада бірге қолданғанда клиникалық маңызды фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

15 мг Ксарелто® және клопидогрел (екпінді дозасы 300 мг, содан кейін 75 мг демеуші доза) арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ, алайда кейбір пациенттерде тромбоциттердің агрегациясымен және Р-селектин деңгейімен немесе GPIIb/IIIa рецепторларының деңгейімен өзара байланыспаған қан кету уақытының елеулі ұлғаюы анықталды.

ҚҚСП (АСҚ қоса) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек, өйткені бұл препараттар, әдетте, қан кету қаупін арттырады.

Серотонинді/серотонин-норэпинефринді кері қармаудың селективті тежегіші (СКҚСТ/СНКҚСТ)

Басқа антикоагулянттар жағдайындағыдай, тромбоциттерге әсер етуінен СКҚСТ-мен немесе СНКҚСТ-мен бірге қолданған жағдайда пациенттердің қан кету қаупі жоғары болуы ықтимал. Ривароксабанды клиникалық бағдарламада бір мезгілде қолданғанда емдеудің барлық топтарында үлкен және шағын клиникалық маңызды қан кетулердің неғұрлым жоғары жиілігі байқалды.

Варфарин

Пациенттердің К дәрумені антагонисті варфариннен (ХҚҚ 2,0-ден 3,0-ге дейін) Ксарелто® препаратына (20 мг) немесе Ксарелто® препаратынан (20 мг) варфаринге ауысуы протромбиндік уақытты/ХҚҚ (Неопластин реагенті) әсерлерін қарапайым жинақтау кезінде күткеннен көп дәрежеде арттырды (ХҚҚ-ның жекелеген мәндері 12-ге жетуі мүмкін), ал ІБТУ-ға әсер ету, Ха фактор белсенділігі мен тромбиннің эндогендік потенциалын бәсеңдету кезінде аддитивті болды.

Осындай өтпелі кезең кезінде ривароксабанның фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болғанда варфарин әсер етпейтін қажетті тест ретінде Ха қарсы белсенділік, PiCT және HepTest анықтамаларын пайдалануға болады.

Варфаринді тоқтатқаннан кейінгі 4-ші күннен бастап талдаулардың барлық нәтижелері (соның ішінде ПУ, ІБТУ, Ха фактор белсенділігінің тежелуі және ТЭП (тромбиннің эндогендік потенциалы)) Ксарелто® әсерін ғана көрсетеді.

Өтпелі кезең кезінде варфариннің фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болғанда C0 ривароксабан (ривароксабанның алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағат өткен соң) аясында ХҚҚ анықтамасын пайдалануға болады, өйткені Ксарелто® осы кезеңде осы көрсеткішке ең аз әсер етеді.

Варфарин мен Ксарелто® арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалмаған.

CYP3A4 индукторлары

Ксарелто® мен CYP3A4 рифампициннің күшті индукторын бірге тағайындау ривароксабанның орташа AUC шамамен 50%-ға төмендеуіне және оның фармакодинамикалық әсерінің қатар азаюына әкелді. Ксарелто® басқа күшті CYP3A4 индукторларымен (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе тесілген шайқурай) бірге қолдану ривароксабанның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Сондықтан тромбоз белгілері мен симптомдарына қатысты пациентті мұқият бақылаусыз, CYP3A4 күшті индукторларымен бірге Ксарелто® тағайындаудан аулақ болу керек.

Басқа қатар жүретін ем

Ривароксабан мен мидазолам (CYP3A4 субстраты), дигоксин (гликопротеин Р субстраты) немесе аторвастатин (CYP3A4 субстраты және гликопротеин Р) немесе омепразол (протонды помпа тежегіші) арасында клиникалық маңызды фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Ксарелто® CYP3A4 сияқты CYP цитохромының негізгі изоферменттерін тежемейді немесе индукцияламайды.

Зертханалық параметрлер

Ксарелто® әсер ету механизмінің арқасында қанның ұю параметрлеріне (ПУ, ІБТУ, HepTest) әсер етеді деп күтілуде.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Ксарелто® жүкті әйелдерді емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Ықтимал репродуктивті уыттылықты, қан кету қаупін және ривароксабанның гематоплацентарлық бөгет арқылы өтуінің дәлелдерін ескере отырып, ривароксабан жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.

Ұрпақты болу жасындағы жасөспірім қыздарға Ксарелто® препаратымен емдеу кезеңінде жүкті болудан аулақ болу керек.

Ксарелто® бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Ксарелто® бала емізу кезінде қарсы көрсетілген. Бала емізуді тоқтату немесе емдеуді тоқтату/уақытша тоқтату туралы шешім қабылдануы тиіс.

Фертильділігі

Адамдардағы ривароксабанның фертильділікке әсерін бағалау үшін арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ксарелто® автокөлік пен механизмдерді басқару қабілетіне болмашы әсер етеді. Естен тану (жиілігі: жиі емес) және бас айналу (жиілігі: жиі) сияқты жағымсыз реакциялар туралы хабарланды. Осындай реакциялар байқалған пациенттер автокөлікті немесе механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ішке қабылдау үшін. Доза және қабылдау жиілігі дене салмағына байланысты анықталады (1-кестені қараңыз).

1-кесте: Мерзімі жетіп жаңа туған нәрестелер үшін ( кемінде 10 күн ауыз арқылы тамақтанғаннан кейін және салмағы кемінде 2,6 кг) және 18 жасқа дейінгі балалар үшін Ксарелто® ұсынылатын дозасы

Дене салмағы [кг]

Емдеу схемасы

Ривароксабан дозасы

Жалпы тәуліктік доза

Көк шприцтің қолайлы көлемі

(1 мг ривароксабан 1 мл суспензияға сәйкес келеді)

Ең төменгі мән

Ең жоғарғы мән

1 рет

күніне

2 рет

күніне

3 рет

күніне

2,6

< 3

0,8 мг

2,4 мг

1 мл

3

< 4

0,9 мг

2,7 мг

1 мл

4

< 5

1,4 мг

4,2 мг

5 мл

5

< 7

1,6 мг

4,8 мг

5 мл

7

< 8

1,8 мг

5,4 мг

5 мл

8

< 9

2,4 мг

7,2 мг

5 мл

9

< 10

2,8 мг

8,4 мг

5 мл

10

< 12

3,0 мг

9,0 мг

5 мл

12

< 30

5 мг

10 мг

5 мл немесе 10 мл

30

< 50

15 мг

15 мг

10 мл

50

20 мг

20 мг

10 мл

Баланың салмағын үнемі бақылап отыру керек және әсіресе дене салмағы 12 кг-ға дейінгі балалар үшін дозаны қайта қарау керек. Бұл емдік дозаны сақтау үшін қажет. Дозаны түзетуді дене салмағының өзгеруі негізінде ғана жүргізген жөн.

Парентеральді антикоагулянттардан Ксарелто® препаратына ауысу

Парентеральді антикоагулянттар алатын пациенттерде Ксарелто® препаратын қолдануды препаратты келесі жоспарлы парентеральді енгізу уақытына дейін 0-2 сағат бұрын (мысалы, төмен молекулалы гепарин) немесе препаратты үздіксіз парентеральді енгізуді тоқтату сәтінде (мысалы, фракцияланбаған гепаринді вена ішіне енгізу) бастаған жөн.

Ксарелто® препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу

Ксарелто® препаратын тоқтату және Ксарелто® препаратының келесі дозасын қабылдау қажет болған сәтте парентеральді антикоагулянттың бірінші дозасын енгізу керек.

К дәруменінің антагонисттерінен (КДА) Ксарелто® препаратына ауысу

КДА қабылдауды тоқтату қажет, ал Ксарелто® препаратымен емдеуді халықаралық қалыпқа келтірілген қатынас (ХҚҚ) ≤ 2,5 болғанда бастаған жөн.

КДА-дан Ксарелто® препаратына пациенттер ауысқан кезде, Ксарелто® қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәндері жалған жоғарылауы мүмкін. ХҚҚ Ксарелто® препаратының антикоагулянттық белсенділігін анықтау үшін жарамайды, сондықтан оны осы мақсатта қолдануға болмайды.

Ксарелто® препаратынан К дәруменінің (КДА) антагонистеріне ауысу

Ксарелто® препаратынан КДА-ға ауысқан кезде антикоагулянттық әсердің жеткіліксіз болу мүмкіндігі бар. Осыған байланысты басқа антикоагулянтқа кез келген ауысу кезінде үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық әсерді қамтамасыз ету қажет. Ксарелто® ХҚҚ жоғарылауына ықпал етуі мүмкін екенін есте сақтаған жөн.

Ксарелто® препататынан КДА-ға ауысқан балаларға Ксарелто® қабылдауды КДА-ның бірінші дозасынан кейін 48 сағат бойы жалғастыру қажет. 2 күн бірге енгізгеннен кейін Ксарелто® келесі жоспарланған дозасына дейін ХҚҚ нәтижесін алу қажет. Ксарелто® мен КДА бірлескен қабылдауды ХҚҚ ≥ 2,0 жеткенге дейін жалғастыру ұсынылады. Ксарелто® қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ-ны дұрыс анықтауды препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағат өткен соң жүргізуге болады.

Пациенттердің жекелеген популяциялары бойынша қосымша ақпарат

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар (50-80 мл/мин/1,73 м2) 1 жастағы және одан үлкен балалар: ересектер үшін алынған деректер және балалар бойынша шектеулі деректер негізінде дозаны түзету талап етілмейді.

Орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы <50 мл/мин/1,73 м2) 1 жастан асқан балаларға: Ксарелто® ұсынылмайды, өйткені клиникалық деректер жоқ.

1 жасқа дейінгі балалар: бүйрек жеткіліксіздігін сарысу креатинині арқылы анықтау керек. Ксарелто® сарысу креатинині деңгейі 97,5 перцентильден жоғары 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға ұсынылмайды (2-кестені қараңыз), өйткені деректер жоқ.

2-кесте: 1 жасқа дейінгі балалардағы сарысу креатининінің эталондық мәні

Жасы

97,5 креатинин перцентилі (мкмоль/л)

97,5 креатинин перцентилі (мг/дл)

1 күн

81

0,92

2 күн

69

0,78

3 күн

62

0,70

4 күн

58

0,66

5 күн

55

0,62

6 күн

53

0,60

7 күн

51

0,58

2 апта

46

0,52

3 апта

41

0,46

4 апта

37

0,42

2 ай

33

0,37

3 ай

30

0,34

4-6 ай

30

0,34

7-9 ай

30

0,34

10-12 ай

32

0,36

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар балалар бойынша клиникалық деректер жоқ. Ксарелто® коагулопатиямен және клиникалық маңызды қан кету қаупімен байланысты бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерге, Чайлд-Пью шкаласы бойынша В және С дәрежелі бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, қарсы көрсетілімді.

Дене салмағы

Балалар үшін доза дене салмағына байланысты анықталады

Жынысы

Дозаны түзету қажет емес.

Балалар мен жасөспірімдер

0-ден <18 жасқа дейінгі балалардағы Ксарелто® қауіпсіздігі мен тиімділігі веноздық тромбоэмболияны (ВТЭ) және ВТЭ қайталану профилактикасын қоспағанда, барлық көрсетілімдер бойынша анықталмаған. Басқа көрсетілімдер бойынша деректер жоқ. Осылайша, Ксарелто® 18 жасқа дейінгі балаларға ВТЭ емдеуден және ВТЭ рецидивтерінің профилактикасынан басқа көрсетілімдер бойынша қолдану ұсынылмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Ксарелто® пероральді қолдануға арналған.

Пероральді суспензияны қоректендіру кезінде немесе тамақпен бірге қабылдау керек.

Пероральді суспензияны дайындау және қолдану туралы толық ақпаратты «Суспензияны дайындау және препаратты қабылдау жөніндегі нұсқау» бөлімінен қараңыз.

Суспензияны назогастральді немесе асқазан зонды арқылы енгізуге болады. Препаратты енгізер алдында асқазандағы зондтың жағдайын тексеру керек. Ривароксабанның сіңірілуі белсенді заттың босаған жеріне байланысты болғандықтан, ривароксабанды асқазаннан дистальді енгізуден аулақ болу керек, өйткені бұл сіңірілудің төмендеуіне, демек, белсенді заттың әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Енгізгеннен кейін қоректік зондты сумен жуу қажет. Осыдан кейін бірден назогастральді немесе асқазан зонды арқылы тамақтандыру керек.

Препараттың әрбір дозасынан кейін бірден сұйықтықтың әдеттегі мөлшерін қабылдау керек. Бұл әдеттегі порция қоректендіру үшін қолданылатын сұйықтықтың көлемін құрауы мүмкін.

Егер пациент препаратты қабылдағаннан кейін 30 минут ішінде дозаны бірден құсып тастаса немесе оны құсып жіберсе, жаңа дозаны беру керек. Алайда, егер пациентте дозаны қабылдағаннан кейін 30 минуттан артық құсу пайда болса, препаратты қайта енгізуге болмайды. Келесі дозаны емдеу схемасына сәйкес қабылдау керек.

Егер 15 немесе 20 мг ривароксабан дозаларын тағайындау кезінде дайын пероральді суспензия болмаса, онда оны 15 немесе 20 мг таблетканы ұсақтау және оны тікелей қабылдау немесе пероральді енгізу алдында сумен немесе алма езбесімен араластыру арқылы алуға болады.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Емдеу схемасы үшін күніне 1 рет: дозаны шамамен 24 сағат аралықпен қабылдау керек.

Емдеу схемасы үшін күніне 2 рет: дозаны шамамен 12 сағат аралықпен қабылдау керек.

Емдеу схемасы үшін күніне 3 рет: дозаларды шамамен 8 сағат аралықпен қабылдау керек.

Дене салмағы 2,6 кг-дан 30 кг-ға дейінгі пациенттерге ішке қабылдау үшін суспензияны ғана пайдалану керек. Дене салмағы 30 кг-дан төмен балаларда қолдану үшін Ксарелто® таблеткаларын жартысында сындырмаңыз (бөлмеңіз).

Дене салмағы кемінде 30 кг пациенттерде Ксарелто® суспензиясы немесе 15 немесе 20 мг дозалы таблеткалар күніне бір рет қабылдануы мүмкін.

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер, Ксарелто® препараты көлемі 1 мл, 5 мл және 10 мл көк өлшеуіш шприцтермен (суспензия қабылдауға арналған шприц) және адаптермен жиынтықта жеткізіледі. Дәл дозалауды қамтамасыз ету үшін көк шприцтерді келесідей пайдалану ұсынылады (1-кестені қараңыз):

Дене салмағы 4 кг-дан аз пациенттерде көлемі 1 мл (0,1 мл-ден бөліктерге бөлінген) көк шприцті пайдалану керек.

Дене салмағы 4 кг-дан 30 кг-ға дейін пациенттерде көлемі 5 мл (0,2 мл-ден бөліктерге бөлінген) көк шприцті қолдануға болады.

Дене салмағы 12 кг және одан астам пациенттерде көлемі 10 мл (0,5 мл-ден бөліктерге бөлінген) көк шприцті ғана пайдалану ұсынылады.

Дене салмағы 12 кг-дан 30 кг-ға дейінгі пациенттерде сыйымдылығы 5 немесе 10 мл көк шприцтерді қолдануға болады.

Дұрыс көлемді енгізуді қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласындағы мамандарға пациентті немесе оның қамқоршысын көк шприцтердің қайсысын қолдану керектігі туралы кеңес беру ұсынылады (суспензияны дайындау және препаратты қабылдау жөніндегі нұсқаулықты төменде қараңыз).

Емнің басталуы

Балалар (мерзімі жетіп туылған нәрестелерден 6 айдан кіші жастағы сәбилерге дейін) Туған кезде гестация мерзімі кемінде 37 апта болған, салмағы кемінде 2,6 кг болған және кемінде 10 күн бойы пероральді қоректендіруге ұшыраған мерзімі жетіп туылған нәрестелерден 6 айдан кіші жастағы сәбилерге дейінгі балаларды емдеуді парентеральді антикоагулянттық емнен кейін кемінде 5 күн өткен соң бастау керек. Ксарелто® дене салмағына байланысты пероральді суспензияны пайдалана отырып дозаланады (1-кестені қараңыз).

Балалар (6 айдан 18 жасқа дейін)

6 айдан 18 жасқа дейінгі балаларды емдеуді бастапқы парентеральді антикоагулянттық емнен кейін кемінде 5 күн өткен соң бастау керек.

Ксарелто® дене салмағына байланысты дозаланады (1-кестені қараңыз).

Емдеу ұзақтығы

Катетерді қолданумен байланысты тромбозы бар 2 жастан кіші балалардан басқа барлық балаларға.

Емді кемінде 3 ай жалғастыру керек. Клиникалық қажеттілік кезінде емдеу 12 айға дейін ұзартылуы мүмкін. 6 айлық емдеуден кейін препараттың дозасын төмендету қажеттілігін көрсететін деректер жоқ. 3 айдан кейін емді жалғастырғаннан кейін қан кетудің ықтимал қаупімен салыстырғанда қайталанған тромбоз қаупін назарға ала отырып, пайда-қауіп арақатынасын жеке бағалау керек.

Катетерді қолданумен байланысты тромбозы бар 2 жасқа дейінгі балалар. Емді кемінде 1 ай жалғастыру керек. Клиникалық қажеттілік кезінде емдеу 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін. 1 айдан кейін емді жалғастырғаннан кейін қан кетудің ықтимал қаупімен салыстырғанда қайталанған тромбоз қаупін назарға ала отырып, пайда-қауіп арақатынасын жеке бағалау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Ересектерде ривароксабанды 1960 мг-ға дейін қабылдау кезінде артық дозаланудың сирек жағдайлары тіркелді. Артық дозаланған жағдайда пациенттер қан кетудің немесе басқа да жағымсыз реакциялардың дамуы тұрғысынан мұқият бақылауға жатады («Қан кету кезіндегі тактика» бөлімін қараңыз). Шектеулі сіңуіне байланысты емдік дозадан асатын, 50 мг және одан жоғары дозаларды қолдану кезінде препарат концентрациясының төмен деңгейлі платоны оның қан плазмасындағы экспозициясын одан әрі ұлғайтпай дамыту күтілуде.

Андексанет альфа ривароксабанның фармакодинамикалық әсерін бейтараптандыратын спецификалық реверсивті агент (немесе кері әсер ететін препарат) болып табылады.

Артық дозаланған жағдайда ривароксабанның сіңуін төмендету үшін белсендірілген көмірді пайдалануға болады.

Қан кету кезіндегі тактика

Егер ривароксабан алатын пациентте қан кету түрінде асқыну пайда болса, препаратты келесі қабылдауды кейінге қалдыру немесе қажет болғанда тоқтату керек. Ересектердегі ривароксабанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5-13 сағатты құрайды. Популяциялық фармакокинетиканы (попФК) модельдеу тәсілдерін пайдалана отырып есептелген балалардағы жартылай шығарылу кезеңі қысқа. Емдеу қан кетудің ауырлығына және орналасуына байланысты жеке болуы керек. Қажет болса, тиісті симптоматикалық емді қолдануға болады, мысалы, механикалық компрессия (мысалы, мұрыннан ауыр қан кету), қан кетуді тоқтату процедураларымен хирургиялық гемостаз, сұйықтықты толтыру және гемодинамикалық демеу, қан препараттарын ауыстырып құю (эритроциттік масса немесе жаңа мұздатылған плазма, қатар жүретін анемия немесе коагулопатияның болуына байланысты) немесе тромбоциттер.

Егер жоғарыда аталған іс-шаралар қан кетуді тоқтатуға әкелмесе, протромбин кешенінің концентраты (ПКК), протромбинді кешеннің белсенділенген концентраты (ПКБК) немесе рекомбинантты VIIa факторы (рФVIIa) сияқты кері әсер ететін спецификалық прокоагулянтты препараттарды тағайындауды қарастыру керек. Алайда, қазіргі уақытта бұл препараттарды ересек пациенттер мен Ксарелто® қабылдайтын балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі.

Протамин сульфаты мен К дәрумені Ксарелто® препаратының ұюға қарсы белсенділігіне әсер етпейді деп күтілуде.

Транексам қышқылын қолдану тәжірибесі шектеулі және Ксарелто® қабылдайтын ересек пациенттерде аминокапрон қышқылы мен апротининді қолдану тәжірибесі жоқ. Ривароксабан алатын балаларда осы препараттарды қолдану тәжірибесі жоқ.

Ксарелто® қабылдайтын пациенттерде десмопрессин сияқты жүйелі гемостатикалық препараттарды қолданудың орындылығының ғылыми негіздемесі немесе тәжірибесі жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Күніне бір рет емдеу режимі

Препаратты күніне бір рет қабылдаған кезде өткізіп алған дозаны оны еске түсіргеннен кейін мүмкіндігінше тезірек, бірақ тек сол күні қабылдау керек. Егер бұл мүмкін болмаса, пациент қабылдауды өткізіп жіберіп, тағайындалған емдеу сызбасына сәйкес келесі дозаны қабылдауды жалғастыруы керек. Өткізіп алған дозаны толтыру үшін пациент екі дозаны қабылдамауы керек.

Күніне екі рет емдеу режимі

Препаратты күніне екі рет қабылдаған кезде өткізіп алған дозаны ол туралы еске түсіргеннен кейін дереу қабылдау керек, өткізіп алған таңертеңгі дозаны кешкі дозаны қабылдаумен бір мезгілде қабылдауға жол беріледі. Өткізіп алған кешкі дозаны тек сол күннің кешінде қабылдауға болады, пациент келесі күні таңертең екі дозаны қабылдамауы керек.

Күніне үш рет емдеу режимі

Препаратты күніне үш рет қабылдаған кезде, емдеу схемасы дозалар арасындағы 8 сағаттық аралыққа есептелген болса, өткізіп алған дозаны өтемей, келесі жоспарланған дозаны қабылдауды қайта бастау керек.

Келесі күні баланы емдеу белгіленген схема бойынша қайта басталады (күніне бір, екі немесе үш рет).

Суспензияны дайындау және препаратты қабылдау жөніндегі нұсқаулық

Қолдануды бастағанға дейін
  • Ксарелто® бірінші рет қолданар алдында және әр дозаны енгізер алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықтың барлық бөлімдерімен мұқият танысыңыз.

  • Қолдануды бастамас бұрын, нұсқаулық сізге түсінікті екеніне көз жеткізіңіз. Егер жоқ болса, дәрігерге қаралыңыз.

Қаптаманың ішіндегісі

Ксарелто® әр қаптамасында келесі компоненттер бар:

Ксарелто® түйіршіктері бар, балалардан қорғайтын бұрандалы қақпақпен 1 құты.

Көлемі 50 мл еріткішке арналған жеке қаптамадағы (дене салмағы 4 кг дейінгі балаларға арналған қаптамадағы) 1 шприц (дозалайтын құрылғы)

немесе

Көлемі 100 мл еріткішке арналған жеке қаптамадағы (дене салмағы 4 кг және одан астам балаларға арналған қаптамада) 1 шприц (дозалайтын құрылғы) (тек бір рет қолдануға арналған)

Еріткішке арналған шприц Ксарелто® препаратының суспензиясын дайындау үшін қажетті судың нақты мөлшерін алу үшін қолданылады.

Жеке қаптамадағы құтыға арналған 1 адаптер

Адаптер құтыға судың нақты мөлшері қосылғаннан кейін Ксарелто® препаратының түйіршіктері бар құтының мойнына кіріктіріледі.

Бұл адаптер құтыдан көк өлшеуіш шприцке суспензияның дұрыс мөлшерін алынуын қамтамасыз ету үшін құтыға көк өлшеуіш шприцті жалғау үшін керек.

Дене салмағы 4 кг дейінгі балаларға арналған қаптамада:

Көлемі 1 мл 2 көк өлшеуіш шприц жеке қаптамада (біреуі қосымша). Бұл көк өлшеуіш шприц көлемі 1 мл дейінгі препаратты енгізу үшін қолданылады.

Дене салмағы 4 кг және одан артық балаларға арналған қаптамада:

  • Көлемі 5 мл 2 көк өлшеуіш шприц жеке қаптамада (біреуі қосымша). Бұл көк өлшеуіш шприц көлемі 5 мл дейінгі препаратты енгізу үшін қолданылады.

  • Көлемі 10 мл 2 көк өлшеуіш шприц жеке қаптамада (біреуі қосымша). Бұл көк өлшеуіш шприц көлемі 5 мл-ден 10 мл-ге дейінгі препаратты енгізу үшін қолданылады.

Суспензияның қажетті мөлшерін таңдау үшін қолайлы көк өлшеуіш шприцті қолданыңыз.

Көк өлшеуіш шприцтегі затбелгінің астында қызыл түймеше бар. Бұл түймеше қажетті дозалау көлемін бекітуге қызмет етеді. Нұсқаулықта оны жою туралы нұсқау пайда болмағанша затбелгінің орнында сақтап қойыңыз.

Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі 1 нұсқаулық (Қосымша парақ)

Ксарелто® препараты туралы маңызды ақпарат қамтылған.

Ескерту ақпараты:

Жеке компоненттерді нұсқаулықта бұл туралы жазылмағанша ашпаған жөн.

Ксарелто® препаратын, егер компоненттердің бірі ашық немесе зақымдалған болса, қолдануға болмайды.

Ксарелто® препаратын қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткен күннен кейін қолдануға болмайды.

Ескертулер мен сақтық шаралары

Суспензияны дайындау үшін тек газдалмаған ауыз суды пайдаланыңыз:

- таза ағын су немесе

- газдалмаған минералды су

Ксарелто® препаратының дұрыс концентрациясын алу үшін құтыға түйіршіктерге газдалмаған ауыз судың нақты мөлшерін қосу өте маңызды.

- 50 мл газдалмаған ауыз суды өлшеу үшін 50 мл шприцті пайдаланыңыз (дене салмағы 4 кг дейінгі балаларға арналған қаптама үшін).

- 100 мл газдалмаған ауыз суды өлшеу үшін 100 мл шприцті пайдаланыңыз (дене салмағы 4 кг және одан артық балаларға арналған қаптама үшін).

- Құтыға қосу үшін газдалмаған ауыз судың мөлшерін өте мұқият өлшеңіз.

Суспензияны дайындалғаннан кейін 14 күн ішінде қолдануға болады.

Суспензияның жарамдылық мерзімін (дайындау күні плюс 14 күн) құтының заттаңбасындағы арнайы жолға міндетті түрде жазыңыз.

Суспензияны 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Егер суспензия тоңазытқышта сақталса, тағайындалған дозаны алмас бұрын оны бөлме температурасына дейін қыздыру керек.

Әр қолданар алдында құтыдағы суспензияны сілкімеңіз:

Суспензияны дайындаған кезде кем дегенде 60 секунд және әр қолданар алдында кем дегенде 10 секунд бойы сілкіңіз.

Ксарелто® препаратының белгіленген дозасының көлемін қабылдау өте маңызды.

- Белгіленген дозаны және қабылдау жиілігін білетіндігіңізге көз жеткізіңіз.

- Көк өлшеуіш шприцті белгіленген дозаға сәйкес мұқият толтырыңыз.

- Көк өлшеуіш шприцті пайдалана отырып, тағайындалған қабылдау жиілігімен тағайындалған дозаны қабылдауды жүзеге асырыңыз.

- Суспензияны ішке қабылдағанға дейін шприцті ауа көпіршіктерінің бар-жоғын тексеріңіз.

Егер сіздің балаңыз барлық қажетті дозаны бірнеше рет қабылдамаса немесе оны жартылай түкіріп тастаса, қосымша нұсқаулар алу үшін балаңыздың емдеуші дәрігеріне қоңырау шалыңыз.

Дозаны қабылдау арасында суспензияны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Нұсқаулықтарды Ксарелто® препаратын қолдану кезінде кейінірек оларға жүгіне алатындай етіп сақтаңыз.

Ксарелто® препаратын қолдану

Суспензия түріндегі Ксарелто® препараты тек ішке қабылдауға арналған.

Ксарелто® препаратын қолдану көлемі мен жиілігі балаңыздың салмағына байланысты, сондықтан егер балаңыз Ксарелто® препаратын ұзақ уақыт бойы қабылдаса, уақыт өте келе өзгереді.

- Балаңыздың дәрігері Сізге дозаның дұрыс мөлшерін және қолдану жиілігін хабарлайды.

- Әрқашан балаңыздың дәрігері тағайындаған көлемді қолданыңыз және дұрыс дозаны және қабылдау жиілігін қораптағы арнайы жолға жазыңыз.

Егер бұл ақпарат арнайы жолға жазылмаса, фармацевтен немесе дәрігерден тиісті ақпаратты сұраңыз.

Келесі бөлімдерде келтірілген қолдану туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды орындаңыз.

Қабылдау туралы нұсқауларды міндетті түрде орындаңыз:

Қабылдау

Қабылдау уақыты

Қабылдаулар арасындағы уақыт аралығы

күніне бір рет

тамақ ішкен кезде

шамамен 24 сағат аралықпен

күніне екі рет

шамамен 12 сағат аралықпен

күніне үш рет

шамамен 8 сағат аралықпен

  • Ішке қабылдауға арналған суспензия дайындау
  • 1.1 кезең: Ішке қабылдауға арналған суспензияны дайындауға дайындық

    Суспензияны дайындау әрбір жаңа қаптамамен бір рет жүргізіледі.

    Суспензияны дайындау алдында:

    a. Қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз, содан кейін құрғатыңыз.

    b. Қаптаманың жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Жарамдылық мерзімі өткен препаратты қолданбаңыз.

    c. Келесі қосымша құралдарды дайындаңыз:

    Құрамында кемінде 150 мл газдалмаған ауыз су бар ыдыс:

    - таза ағын суды немесе газдалмаған минералды суды пайдаланыңыз;

    - су бөлме температурасында болуы керек.

    Артық суды сіңіруге арналған сүрткі.

    1.2 кезең: Қажетті су көлемін алу

    Жаңа қаптаманы бастаған сайын қаптамадағы тек жаңа материалдарды пайдаланыңыз.

    a. Еріткішке арналған шприцті ашыңыз.

    b. Еріткішке арналған шприцтің тесігін газдалмаған ауыз су бар ыдысқа батырыңыз.

    c. Шприцке 50 мл-ден астам (дене салмағы 4 кг-ға дейінгі балаларға арналған қаптама үшін) немесе 100 мл-ден астам (дене салмағы 4 кг және одан артық балаларға арналған қаптама үшін) көлемді сорып алыңыз. Бұл үшін поршень өзекшесін өзіңізге қарай тартыңыз. Шприцтің суға арналған тесігі үнемі су беткейінен төмен қалатынына көз жеткізіңіз. Бұл шприцте ауа көпіршіктерінің түзілуін болдырмауға мүмкіндік береді.

    d. Шприцті судан алыңыз.

    e. Шприцтің тесігі жоғары қаратып бағытталатындай, еріткішке арналған шприцті төңкеріңіз.

    Егер шприцті тік күйінде ұстаса, кез келген ауа көпіршіктері жоғары қарай ығысады.

    Ауа көпіршіктерін жоғары қарай ығысу үшін саусағыңызбен түртіңіз.

    f. Поршеньнің жоғарғы сақинасы 50 мл (дене салмағы 4 кг дейінгі балаларға арналған қаптама үшін) немесе 100 мл (дене салмағы 4 кг және одан артық балаларға арналған қаптама үшін) белгісіне жеткенше поршень өзегін басып тұрыңыз.

    Поршеньді басқан кезде шприцтің ұшынан су ағып кетуі мүмкін. Бұл артық суды сүрткімен жинауға болады.

    Ескерту ақпараты:

    Қара поршеннің жоғарғы сақинасы суспензияның дұрыс концентрациясына қол жеткізу үшін 50 мл белгімен дәл сәйкес келуі тиіс (дене салмағы 4 кг дейінгі балаларға арналған қаптама үшін).

    Қара поршеннің жоғарғы сақинасы суспензияның дұрыс концентрациясына қол жеткізу үшін 100 мл белгімен дәл сәйкес келуі тиіс (дене салмағы 4 кг және одан артық балаларға арналған қаптама үшін).

  • Су бар шприцті тесігін жоғары қаратып ұстап тұрыңыз және шприцтегі суды:

    • қажетті көлемді ұстап тұру,

    • ауа көпіршіктерінің болмауы тұрғысынан мұқият тексеріңіз.

  • Кішкентай ауа көпіршіктері болуы мүмкін ().

  • Егер шприц дұрыс толтырылмаса немесе тым көп ауа болса:

    • Шприцті босатыңыз

    • b-ден h-ға дейін адымдарды қайталаңыз.

  • 1.3 кезең: Түйіршіктерге су қосу
  • Егер құтыдағы түйіршіктер кесек болып көрінсе:

    • Құтыны саусақпен абайлап түртіңіз.

    • Сақ болыңыз, себебі шыны әйнектен жасалған.

  • Балалардың қорғанысы бар құтының қақпағын бұрап ашыңыз (төмен басыңыз да, сағат тіліне қарсы бұраңыз).

  • c. Сумен толтырылған шприцті құты мойнының жоғарғы шетіне қойыңыз.

    d. Құтыны мықтап ұстаңыз.

  • Поршень өзекшесін баяу басыңыз.

  • Судың барлық көлемі құтыға құйылуы тиіс.

  • Суға арналған шприцті тұрмыстық қалдықтармен бірге утилизациялаңыз.

  • 1.4 кезең: Адаптерді орнату және ішке қабылдауға арналған суспензияны араластыру

    Адаптер көк шприцті суспензиямен толтыру үшін қолданылады.

    a. Құтыға арналған адаптерді ашыңыз.

    b. Адаптерді құтының мойнына толығымен орнатыңыз.

    c. Құтыны бұрандалы қақпақпен мықтап жабыңыз.

    d. Құтыны кемінде 60 секунд бойы абайлап сілкіңіз.

    Бұл жақсы араластырылған суспензияны алу үшін қажет.

  • Суспензияның мұқият араластырылғанын тексеріңіз:

    • кесектер жоқ па,

    • шөгінді жоқ па.

  • Ескерту ақпараты:

    Суспензияда дозаның дұрыстығына кепілдік беру үшін қандай да бір кесектер немесе шөгінділер болмауы керек.

    f. Егер кесектер немесе шөгінділер болса, d-ден f-ке дейінгі адымдарды қайталаңыз.

    Енді суспензия қолдануға дайын.

    Құтыға көп су құймаңыз.

    Суспензияның жарамдылық мерзімі бөлме температурасында 14 күн.

    g. Жаңа дайындалған суспензияның жарамдылық мерзімін құтының заттаңбасына жазыңыз (Дайындау күні + 14 күн).

    Берілген сурет тек мысал бола алады.

    2. Тағайындалған дозаны бекіту (әрбір жаңа көк шприц үшін)

    Артық дозалануды немесе жеткіліксіз дозалауды болдырмау үшін суспензияны дәл дозалау қажет.

    Құтыдан алғашқы дозаны жинамас бұрын, қоса беріліп отырған көк өлшеуіш шприцті балаңыздың дәрігері тағайындаған дозаға сәйкес бір рет теңшеу қажет. Бұл ақпаратты картон қорапшасының тиісті аумағынан табуға болады. Егер ақпарат көрсетілмесе, балаңыздың емдеуші дәрігеріне немесе фармацевтке хабарласыңыз.

    Дозаны белгілегеннен кейін бірдей көк шприцті 1-кезеңде дайындалған суспензияның әрбір қабылдауы үшін пайдалануға болады.

    Доза көк шприцке бекітілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.

    2.1 кезең: Қолайлы көк шприцті таңдау

    Дене салмағы 4 кг дейінгі балаларға арналған қаптама үшін:

    Көк өлшеуіш шприцте шкала (мл) бар.

    Көлемі 1 мл көк өлшемді шприц шкаласы 0,2 мл-ден басталады. Бөліктер 0,1 мл адымдық.

    Ескертпе:

    Қолдану жөніндегі нұсқаулықта бұл туралы айтылғанша, қабатталған затбелгіні алып тастамаңыз.

    Көк шприцте көлемді бекітуге арналған қызыл түймешесі бар. Бастапқыда бұл батырма затбелгімен жабылған.

    Қызыл түймешені басқан кезде шприцтің көлемі бекітіледі, оны тек бір рет жасауға болады.

    Қолдану жөніндегі нұсқаулықта бұл туралы жазылмағанша қызыл түймешені баспаңыз.

    Қызыл түймешені басқаннан кейін көлемді өзгерту мүмкін емес.

    Дене салмағы 4 кг және одан артық балаларға арналған қаптама үшін:

    Бұл қаптамада әртүрлі көлемдегі дозалайтын құрылғылар бар:

    көлемі 5 мл көк өлшеуіш шприц - 1 мл-ден 5 мл-ге дейінгі суспензия дозалары үшін

    көлемі 10 мл көк өлшеуіш шприц - 5 мл-ден 10 мл-ге дейінгі суспензия дозалары үшін

  • Балаңыздың дәрігері тағайындаған дозаның негізінде тиісті көк шприцті таңдаңыз.

  • Басқа көк шприцтер қажет емес.

  • Көк шприцті ашыңыз.

  • Ескертпе:

    Қолдану жөніндегі нұсқаулықта бұл туралы айтылғанша, қабатталған затбелгіні алып тастамаңыз.

    Көк шприцте көлемді бекітуге арналған қызыл түймешесі бар. Бастапқыда бұл батырма затбелгімен жабылған.

    Қызыл түймешені басқан кезде шприцтің көлемі бекітіледі, оны тек бір рет жасауға болады.

    Қолдану жөніндегі нұсқаулықта бұл туралы жазылмағанша қызыл түймешені баспаңыз.

    Қызыл түймешені басқаннан кейін көлемді өзгерту мүмкін емес.

    2.2 кезең: Тағайындалған дозаны жаңа көк шприцке бекіту

    Көк өлшеуіш шприцте шкала (мл) бар.

    Көлемі 1 мл көк шприцтің шкаласы 0,2 мл-ден басталады. Бөліктер арасындағы адым 0,1 мл тең.

    Көлемі 5 мл көк шприцтің шкаласы 1 мл-ден басталады. Бөліктер арасындағы адым- 0,2 мл.

    Көлемі 10 мл көк шприц шкаласы 2 мл-ден басталады. Бөліктер арасындағы адым 0,5 мл тең.

    a. Картон қорапшасындағы тиісті жолда көрсетілген дозаны қараңыз.

    Ескертпе:

    Келесі схема бойынша 10 мл-ден асатын тағайындалған дозалар үшін 10 мл көк шприцті қолданыңыз:

    Доза 15 мл: 2 x 7.5 мл (көк шприц)

    Доза 20 мл: 2 x 10 мл (көк шприц)

    b. Егер ақпарат жоқ болса:

    Фармацевтен немесе дәрігерден оны беруді сұраңыз.

    c. Көк шприцті тесігін жоғары қаратып ұстаңыз.

    d. Поршень өзекшесін жоғарғы шеті енгізілетін көлеміне жеткенше баяу тартыңыз.

    Поршень өзекшесі қозғалғанда, көлемді белгілеудің әр адымында сырт еткен дыбысты естуге болады.

    Ескерту ақпараты:

    Поршеньнің жоғарғы шеті қолдануға қажетті көлемнің дұрыс белгісімен дәл сол сызықта болуы керек.

    Берілген сурет тек мысал бола алады. Сіздің көлеміңіз басқаша болуы мүмкін.

    Сақ болыңыз, поршеньді қолдануға қажетті көлемнен тыс тартпаңыз.

    Сақ болыңыз, поршеньді тартқан кезде затбелгіні баспаңыз.

  • Затбелгіні көк өлшеуіш шприцтен толығымен алыңыз.

  • Енді көлемді белгілеуге арналған қызыл түймешені көре аласыз.

  • Поршеньнің орнын тағы бір рет тексеріңіз. Поршеньнің жоғарғы шеті қолдануға қажетті көлемнің дұрыс белгісімен дәл сол сызықта екеніне көз жеткізіңіз.

  • Егер көк поршеньнің қалпы қажетті көлемге сәйкес келмесе:

  • Оны сәйкесінше реттеңіз.

    h. Егер көк поршеньнің позициясы қажетті көлемге сәйкес келсе, белгіленген көлемді бекіту үшін қызыл түймешені басыңыз.

    Енді қажетті доза белгіленді.

    Қызыл түймешені басқанда, тағы бір рет сырт еткен дыбыс естіледі.

    Осыдан кейін сырт еткен дыбыстар тоқтайды.

    Ескерту ақпараты:

    Егер дұрыс емес доза таңдалғанын байқасаңыз (қызыл түймеше басылған), тиісті қосалқы көк өлшеуіш шприцті қолданыңыз.

    Жаңа көк өлшеуіш шприц үшін а-дан һ-қа дейін адымдарды қайталаңыз.

    i. Көк өлшеуіш шприцтің поршенін тірелгенше жоғары қарай итеріңіз.

    Енді көк өлшеуіш шприцті қолдануға болады.

    3. Ішке қабылдауға арналған суспензияны қабылдау

    Әр қабылдау кезінде төменде көрсетілген әрекеттерді орындаңыз.

    Ескерту ақпараты:

    Егер суспензия тоңазытқышта сақталған болса, оған бөлме температурасына дейін жылығанша уақыт беріңіз.

    3.1: Ішке қабылдауға арналған суспензияны сілку

    a. Құтыны әрбір дозаны қабылдар алдында кемінде 10 секунд бойы абайлап сілкіңіз.

    Бұл жақсы араластырылған суспензияны алу үшін қажет.

  • Суспензияның мұқият араластырылғанын тексеріңіз, яғни

    • кесектер жоқ па

    • шөгінді жоқ па.

  • Кесектер немесе шөгінділер болған кезде:

  • a. және b адымдарын қайталаңыз.

    d. Сілку көбік түзілуіне әкелуі мүмкін. Көбік ерігенше құтыны қоя тұру керек.

  • Құтының қақпағын бұрап алыңыз, бірақ адаптерді құтының жоғарғы жағында қалдырыңыз.

  • Ескертпе:

    Адаптерде көрінетін үлкен тесік көк шприцті жалғау үшін қолданылады.

    Адаптердің беткейінде сұйықтық болмауы керек.

  • Егер адаптерде сұйықтық болса:

  • Сұйықтықты таза сүрткінің көмегімен сүртіңіз.

    3.2 кезең: Қажетті дозаны алу

    a. Құтыны тік күйінде ұстаңыз. Көк шприцтің ұшын толығымен адаптердің үлкен тесігіне кіріктіріңіз.

  • Құтыны төңкеріп қойыңыз.

  • Көк поршеньнің өзекшесін ол тоқтағанша баяу тартыңыз (яғни, ол белгіленген дозаға жетпегенше).

  • d. Көк шприцті ауаның бар болу тұрғысынан мұқият тексеріңіз.

    Кішкентай ауа көпіршіктерінің болуы маңызды емес.

  • Егер үлкен ауа көпіршіктері болса:

    • Поршень өзекшесін көк шприцке мүмкіндігінше терең басып, суспензияны құтыға қайтарыңыз.

    • b-ден е-ге дейін адымдарды қайталаңыз.

  • Құтыны тік қалпына қайта қойыңыз.

  • Адаптерден көк шприцті абайлап алыңыз.

  • Көк өлшеуіш шприцті тік ұстаңыз және:

    • шприцтің ұшы толтырылғанын

    • көк шприцке дұрыс доза жиналғанын-жиналмағанын

    • үлкен ауа көпіршіктері бар-жоғын тексеріңіз.

  • Егер шприцтің ұшында үлкен ауа көпіршіктері немесе ауа болса:

    • Көк шприцтің ұшын толығымен адаптердің үлкен тесігіне кіріктіріңіз.

    • Поршень өзекшесін көк шприцке мүмкіндігінше терең басып, суспензияны құтыға қайтарыңыз.

    • Үлкен ауа көпіршіктері кеткенше b - ден h-ге дейінгі адымдарды қайталаңыз.

  • j. Құтыны бұрандалы қақпақпен жабыңыз.

    Суспензияны көк шприцті толтырғаннан кейін дереу қабылдаңыз (3.3 кезең).

    3.3 кезең: Тағайындалған дозаны қабылдау

  • Көк өлшеуіш шприцті пациенттің аузына салыңыз.

  • Табиғи жұтынуды қамтамасыз ету үшін шприцтің ұшын ұртқа бағыттаңыз.

  • Поршень тоқтамағанша, поршень өзегін баяу басыңыз (көк шприц толығымен бос).

  • Пациенттің барлық дозаны жұтып қойғанына көз жеткізіңіз.

  • Ескерту ақпараты:

    Пациент препараттың толық дозасын жұтып қоюы керек.

    Егер пациент дозаны толығымен жұтып қоймаса немесе құса бастаса, қосымша нұсқаулар алу үшін дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

  • Пациентке сұйықтықтың бір стандартты бөлігін ішуді ұсыныңыз.

    • Мысалы, 6 айлық бала үшін бұл 20 мл болуы мүмкін.

    • Бұл сондай-ақ емшек сүті болуы мүмкін.

    • Жасөспірім үшін бұл көлем 240 мл дейін болуы мүмкін.

  • 4. Тазалау және сақтау

    Әрбір қолданудан кейін көк өлшеуіш шприцті тазалау қажет.

    Құрылғыны тазалау үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз. Жалпы алғанда, тиісті тазалауды қамтамасыз ету үшін үш тазалау циклы қажет.

    Бастамас бұрын, 4.1 кезеңін орындау үшін келесі жабдықты дайындау керек:

    • Екі контейнерді алыңыз (мысалы, шыныаяқ немесе тостағанша).

      • бір контейнерді ауыз сумен (ағын су немесе газдалмаған минералды су) толтырыңыз,

      • басқа контейнерді бос қалдырыңыз.

    4.1-кезең: Тазалау

  • Көк шприцтің ұшын су контейнеріне батырыңыз.

  • Поршень өзекшесіне толғанша су жинаңыз.

  • c. Көк шприцті дайындалған бос контейнерге босатыңыз.

  • а-дан с-қа дейінгі адымдарды тағы екі рет қайталаңыз.

  • Тазалаудан кейін поршень өзекшесін тірелгенше басыңыз.

  • Шприцтің сыртқы беткейін таза сүрткінің көмегімен құрғатыңыз.

  • Ескерту:

    • Көк шприцті ыдыс жуғышта жууға болмайды.

    • Ешқашан көк шприцті қайнатпаңыз.

    4.2-кезең: Сақтау

    Көк шприцті келесі қолданар алдында таза және құрғақ жерде сақтаңыз.

    Күн сәулесінен алыс жерде сақтаңыз.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар

    Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігеріңізбен хабарласыңыз.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

    Ересек және бала пациенттерде Ксарелто® пайдалану кезінде тіркелген жағымсыз реакциялардың жиілігі туралы жинақталған деректер ағзалар жүйелерінің кластары (MedDRA) және жиілігі бойынша төменде келтірілген.

    Жағымсыз реакциялардың жиілігі келесідей бөлінеді:

    өте жиі (≥1/10)

    жиі (≥1/100-ден <1/10)

    жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін)

    сирек (≥ 1/10000-ден <1/1000)

    өте сирек (<1/10000)

    жиілігі белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)

    Жиі

    • анемия (тиісті зертханалық көрсеткіштерді қоса)

    • бас айналуы, бас ауыруы

    • көзге қан құйылу (конъюнктиваға қан құйылуын қоса)

    • артериялық гипотензия, гематома

    • эпистаксис (мұрыннан қан кету), қан түкіру

    • қызыл иектің қанағыштығы, асқазан-ішектен қан кету (ректальді қан кетуді қоса), асқазан-ішек жолы аумағындағы ауырсыну, диспепсия, жүрек айнуы, іш қату А, диарея, құсу А.

    • трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

    • қышыну (жиі емес жайылған қышыну жағдайларын қоса), бөртпе, экхимоз, тері және тері астындағы қан кетулер

    • аяқ-қолдың ауыруы А

    • урогенитальді жолдан қан кету (гематурия мен меноррагияныB қоса), бүйрек жеткіліксіздігі (қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауын, мочевина концентрациясының жоғарылауын қоса)

    • қызба (температураның жоғарылауы)А, шеткері ісіну, жалпы бұлшықет күші мен тонусының төмендеуі (әлсіздік пен астенияны қоса)

    • жүргізілген емшалардан кейінгі қан құйылулар (операциядан кейінгі анемия мен жарадан қан кетуді қоса), қан тебу, жарадан шығатын бөліністерA

    Жиі емес

    • тромбоцитоз (тромбоциттер санының ұлғаюын қоса)А, тромбоцитопения

    • аллергиялық реакция, аллергиялық дерматит, ангионевроздық ісіну және аллергиялық ісіну

    • миішілік және бассүйекішілік қан құйылу, естен тану

    • тахикардия

    • ауыздың құрғауы

    • бауыр функциясының бұзылуы, билирубин, сілтілік фосфатазаА, гамма-глутамилтрансфераза (ГГТ) деңгейінің жоғарылауыА

    • есекжем

    • гемартроз

    • жалпы көңіл-күйдің нашарлауы (дімкәстікті қоса)

    • ЛДГА деңгейінің жоғарылауы, липазаА деңгейінің жоғарылауы, амилазаА деңгейінің жоғарылауы

    Сирек

    • Сарғаю, конъюгацияланған билирубин деңгейінің жоғарылауы (аланинаминотрансферазаның (АЛТ) қатар артуы кезінде немесе онсыз), холестаз, гепатит (гепатоцеллюлярлық зақымдануды қоса)

    • бұлшықетке қан кету

    • жергілікті ісіну А

    • тамыр жалған аневризмасы С

    Өте сирек

    • анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар

    • Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз, DRESS-синдром

    Белгісіз жиілікпен

    • қан кету салдарынан болатын компартмент-синдром

    • гипоперфузияның дамуы үшін жеткілікті қан кету салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі/жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

    А: тізе буынын немесе ұршықбуынды жоспарлы протездеуден кейін ересек пациенттерде веноздық тромбоэмболияның (ВТЭ) профилактикасы кезінде тіркелді

    B: ТВТ мен ӨАТЭ емдеу және рецидивтің профилактикасы кезінде < 55 жастағы әйелдерде өте жиі тіркелетін

    C: жедел коронарлық синдромнан кейін (тері арқылы араласулар жүргізгеннен кейін) пациенттерде кенеттен өлімнің және миокард инфарктісінің профилактикасында жиі емес ретінде тіркелді.

    Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

    Ксарелто® әсерінің фармакологиялық механизмін ескере отырып, оны қолдану кез келген ағзалар мен тіндерден жасырын немесе айқын қан кету қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін, бұл постгеморрагиялық анемияға әкелуі мүмкін. Белгілері, симптомдары және ауырлығы (өліммен аяқталуды қоса) қан кетудің және/немесе анемияның орналасқан жеріне және ауырлық дәрежесіне немесе ауқымдылығына байланысты өзгереді.

    Шырышты қабаттардан қан кету (мысалы, мұрын, қызыл иек, асқазан-ішек, несеп-жыныс жолдарынан патологиялық қынаптық және күшейтілген етеккірден қан кетуді қоса) және анемия K дәрумені антагонистерімен (КДА) емдеумен салыстырғанда Ксарелто® ұзақ емдеу кезінде жиі байқалды. Сондықтан, тиісті клиникалық тексеруден басқа, қажет болғанда жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық анықтау және айқын қан кетудің клиникалық маңыздылығын сандық бағалау маңызды болуы мүмкін.

    Қан кетудің даму қаупі пациенттердің кейбір топтарында, мысалы, бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензиясы бар және/немесе гемостазға әсер ететін препараттармен қатар ем қабылдайтын пациенттерде жоғарылауы мүмкін. Етеккірлік қан кету ұзағырақ және қарқынды болуы мүмкін. Геморрагиялық асқынулар әлсіздік, бозару, бас айналуы, бас ауыруы, түсініксіз ісініп кету, ентігу немесе түсініксіз шок күйінде көрініс табуы мүмкін. Кейбір жағдайларда анемияға байланысты миокард ишемиясының симптомдары байқалды, мысалы, төс артының ауырсынуы немесе стенокардия.

    Ауыр қан кету салдарынан Ксарелто® қолданғанда компартмент-синдром және гипоперфузия нәтижесінде бүйрек жеткіліксіздігі сияқты белгілі асқынулар тіркелді. Сондықтан антикоагулянттар алатын кез-келген пациенттің жағдайын бағалау кезінде қан кету мүмкіндігін қарастырған жөн.

    Бала пациенттер

    Балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздікті бағалау ашық бақыланатын зерттеулер, II фазаның екі зерттеуі және туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалардағы III фазаның бір зерттеуі арқылы алынған қауіпсіздік деректеріне негізделген. Ривароксабанның қауіпсіздігі және әртүрлі жас топтарындағы салыстыру препаратының нәтижелері салыстырмалы болды. Жалпы алғанда, ривароксабан алған 412 бала мен жасөспірімдегі қауіпсіздік бейіні ересектер популяциясында байқалғанға ұқсас болды және жас топтарына сәйкес келді, дегенмен бағалау пациенттердің аздығымен шектелген.

    Балалар жасындағы пациенттерде ересек пациенттермен салыстырғанда: бас ауыруы (өте жиі, 16,7%), қызба (өте жиі, 11,7%), мұрыннан қан кету (өте жиі, 11,2%), құсу (өте жиі, 10,7%), тахикардия (жиі, 1,5%), билирубин деңгейінің жоғарылауы (жиі, 1,5%) және конъюгацияланған билирубин мөлшерінің жоғарылауы (жиі емес, 0,7%) жиі тіркелді. Ересектер популяциясындағы мәліметтерге сәйкес, меноррагия менархе басталғаннан кейін жасөспірім қыздардың 6,6%-ында (жиі) байқалды. Ересек популяцияда тіркеуден кейінгі кезеңде байқалатын тромбоцитопения педиатриялық клиникалық зерттеулерде жиі (4,6%) тіркелді. Педиатриялық пациенттерде жағымсыз жағымсыз реакциялар негізінен жеңіл немесе орташа ауырлықта болды.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препараттың құрамы

    Дайындалған суспензияның бір мл құрамында

    белсенді зат – микрондалған ривароксабан, 1,0 мг,

    қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы (E 330), тәтті крем хош иістендіргіші*, гипромеллоза 5сР (2910), маннитол (E 421), микрокристалды целлюлоза + натрий кармеллозасы (микрокристалды целлюлоза + натрий карбоксиметилцеллюлозасы), натрий бензоаты (E 211), сукралоза (E 955), ксантан шайыры (E 415), in-bulk** тазартылған суы.

    Көлемі 100 мл бір құтының ішінде

    белсенді зат - микрондалған ривароксабан, 51,7 мг,

    қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы (E 330), тәтті крем хош иістендіргіші*, гипромеллоза 5сР (2910), маннитол (E 421), микрокристалды целлюлоза + натрий кармеллозасы (микрокристалды целлюлоза + натрий карбоксиметилцеллюлозасы), натрий бензоаты (E 211), сукралоза (E 955), ксантан шайыры (E 415), in-bulk** тазартылған суы.

    Көлемі 250 мл бір құтының ішінде

    белсенді зат - микрондалған ривароксабан, 103,4 мг,

    қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы (E 330), тәтті крем хош иістендіргіші*, гипромеллоза 5сР (2910), маннитол (E 421), микрокристалды целлюлоза + натрий кармеллозасы (микрокристалды целлюлоза + натрий карбоксиметилцеллюлозасы), натрий бензоаты (E 211), сукралоза (E 955), ксантан шайыры (E 415), in-bulk** тазартылған суы.

    * Хош иістендіргіш құрамы: мальтодекстрин (жүгері),

    пропиленгликоль (E 1520), арабия шайыры (гуммиарабик, E 414),

    тағам хош иістендіргіші

    ** Су технологиялық агент болып табылады, өндіріс процесінде жойылады, дайын дәрілік препаратта болмайды және дәрілік препараттың массасына әсер етпейді

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Түйіршіктер

    Ақтан түстен ақ дерлік түске дейінгі түйіршіктер.

    Суспензия

    Ақтан ақ дерлік түске дейінгі мөлдір емес суспензия.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    • Салмағы 4 кг-дан аз балалар үшін:

    2.625 г түйіршіктен балалардан қорғанышы бар бұрандалы ақ мөлдір емес ПП қақпақпен көлемі 100 мл қоңыр шыныдан жасалған құтыда. Көлемі 1 мл екі өлшеуіш шприцпен, адаптермен, көлемі 500 мл еріткішке арналған дозалайтын құрылғымен жиынтықталымда 1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және дайындау және практикалық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады, қорапшаға алғашқы ашылу (перфорация және/немесе заттаңба) бақылауының болуына жол беріледі.

    • Салмағы 4 кг және одан артық балалар үшін:

    5.25 г түйіршіктен балалардан қорғанышы бар бұрандалы ақ мөлдір емес ПП қақпақпен көлемі 250 мл қоңыр шыныдан жасалған құтыда. Көлемі 5 мл екі өлшеуіш шприцпен, көлемі 10 мл екі өлшеуіш шприцпен, адаптермен, көлемі 100 мл еріткішке арналған дозалайтын құрылғымен жиынтықталымда 1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және дайындау және практикалық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады, қорапшаға алғашқы ашылу (перфорация және/немесе заттаңба) бақылауының болуына жол беріледі.

    Сақтау мерзімі

    3 жыл

    Сұйылтқаннан кейін суспензия 14 күн бойы тұрақты болады.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Сақтау шарттары

    30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Сұйылтқаннан кейін тік күйінде сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші туралы мәлімет

    Байер АГ, Кайзер-Вильгельм Аллее

    51368 Леверкузен, Германия

    тел.: 0214/30 51 348

    факс: 0214/30 51 603

    e-mail: medical-information@bayer.com

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    Байер АГ, Кайзер-Вильгельм Аллее

    51368 Леверкузен, Германия

    тел.: 0214/30 51 348

    факс: 0214/30 51 603

    e-mail: medical-information@bayer.com

    Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    "Байер КАЗ" ЖШС

    Тимирязев көшесі, 42, 15 павильон, 301 кеңсе

    050057 Алматы, Қазақстан Республикасы,

    тел. +7 727 258 80 40, факс: +7 727 258 80 39,

    e-mail: kz.claims@bayer.com

    Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    "Байер КАЗ" ЖШС

    Тимирязев көшесі 42, 15 павильон, 301 кеңсе

    050057, Алматы, Қазақстан Республикасы

    тел: +7 701 715 78 46 (тәулік бойы)

    тел: +7 727 258 80 40, ішкі 106 (жұмыс уақытында)

    факс: +7 727 2588 039

    e-mail: pv.centralasia@bayer.com 

     

    Прикрепленные файлы

    Ксарелто_Гранулы_ЛВ_рус_Исправление_Этап_ЗБ.docx 0.89 кб
    Ксарелто_Гранулы_ЛВ(kk)_с_портала_Экспертиза_чист.docx 0.87 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники