Колефер
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Колефер
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған тамшылар
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: А дәрумені (ретинол пальмитаты) 11.236 мг (20000 ХБ)
Д3 дәрумені (холекальциферол) 0.250 мг (10000 ХБ)
қосымша заттар: «Тутти-Фрутти» хош иістендіргіші, бутилгидроксианизол, күнжіт майы.
Сипаттамасы
Ашық-сарыдан сарғыштау түске дейінгі бір текті ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Дәрумендер. A және D дәрумені және олардың біріктірілімі. A және D дәрумендерінің біріктірілімі.
АТХ коды А11 СВ
Фармакологиялық қаиеттері
Фармакокинетикасы
А дәрумені өт қышқылдарының, панкреаттік липазаның, ақуыздар мен майлардың қатысуымен асқазан-ішек жолынан жылдам (негізінен он екі елі ішектен) сіңіріледі. Плазма ақуыздарымен (липопротеиндер) байланысы – 5%-дан кем. Липопротеиндермен байланысқан ретинол мөлшері гиперлипопротеинемия немесе артық дозалану кезінде ұлғаюы (65%-ға дейін) мүмкін. Бауырда метаболизденеді. А дәрумені бауырда, аз мөлшерде бүйректе, өкпеде жинақталады.
Д3 дәрумені өт қышқылдарының қатысуымен жіңішке ішекте сіңіріледі. Қанда α-глобулиндермен және ішінара альбуминдермен байланысады. Бауырда және бүйректе метаболизденеді. Д3 дәруменінің қаннан жартылай шығарылу кезеңі бірнеше күнді құрайды және бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында ұзаруы мүмкін. Май тінінде және бұлшықеттерде депондалады.
А және Д3 дәрумендері плаценталық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Организмнен несеппен және нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Ретинол (А дәрумені) жалпы нығайтушы ықпал етеді, тін алмасуын қалпына келтіреді, күшті антиоксидант болып табылады, тотығу-тотықсыздану үдерістеріне, ақуыздар, липидтер, мукополисахаридтер синтезінің регуляциясына, минерал алмасуына, холестерин түзілу үдерістеріне қатысады. Жас, май және тер бездері функциясына оң ықпал етеді. Ретинол көрудің ымырт уақытына бейімделуіне ықпал ететін родопсин, пигмент түзілу үдерісінде маңызды орын алады. Ол сондай-ақ олардың құрғауынан және артынша мөлдір қабықтың жарақаттануынан сақтай отырып көздің ылғалдануына ықпал етеді. Иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуі үшін қажет, шырышты қабықтың бөгет функциясын жақсартады, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін және спецификалық емес иммунитеттің басқа факторларын ұлғайтады. Эпителиальді жасушалардың және шырышты қабық жасушаларының қалпына келу үдерістерін тездетеді.
Холекальциферол (Д3 дәрумені) – рахитке қарсы дәрі. Кальций және фосфор алмасуының реттеушісі болып табылады, бұл дұрыс минерализацияға және қаңқаның өсуіне ықпал етеді.
Ішектегі кальцийдің сіңірілуін және бүйрек өзекшелеріндегі фосфордың реабсорбциясын күшейтеді. Парақалқанша бездің қалыпты қызмет етуі үшін қажет, лимфокиндердің өндірілуіне ықпал етіп иммундық жүйенің қызметін жақсартады.
А және Д3 дәрумендерінің бірігуі арқасында ішектегі D3 дәруменінің сіңірілуі жылдамдайды. А және Д3 дәрумендерінің бірігуі белгілі бір дәруменнің артық дозалануымен байланысты метаболизмдік бұзылыстар ықтималдығын қосымша азайтуға мүмкіндік береді.
Қолданылуы
Профилактикасы
-
нәрестелер мен емшеу жасындағы балалардағы рахит
-
емшек жасындғы және үлкен жастағы балаларда А және Д дәрумендерінің гиповитаминозы және авитаминозы
-
кешенді емде балалар мен ересектерде тері және шырыш аурулары (псориаз, ихтиоз, дерматоздар) кезінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Колефер тамақтан кейін бір қасық сұйықтықпен ішке қабылданады:
- 4 айдан 12 айға дейінгі балалар: тәулігіне 2 тамшы;
- 1 жатан 18 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 3 тамшы;
- ересектер: тәулігіне 2 рет 3 тамшы
Жағымсыз әсерлер
Жағымсыз әсерлер жиілігінің параметрлері келесідей анықталған: нақтыланбаған жиілік – жиілік параметрлерін қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес.
Орталық жүйке жүйесі тарапынан:
– бас ауыруы, бас айналуы, күйгелектік, депрессия, психикалық бұзылыстар
Ас қорыту жүйесі тарапынан:
– тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, іштің ауыруы, ішек бітелуі.
Несеп-жыныс жүйесі тарапынан:
– полиурия, бүйрек тастары, несептегі кальций деңгейінің жоғарылауы.
Қан түзу жүйесі тарапынан:
– қандағы кальций деңгейінің жоғарылауы, анемия.
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін тарапынан:
– бұлшықет ауыруы, артралгия, дәнекер тіннің ісінуі, сүйектік ауыруы.
Тері және теріасты-шелмай тарапынан:
– герпестік қызба, шаш түсуі, терінің құрғауы.
Өзгелер:
– салмақтың азаюы, тіндер кальцификациясы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ретинолға және холекальциферолға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
- А және/немесе Д дәрумендерінің гипервитаминозы;
- бүйрек жеткіліксіздігі;
- гиперкалиемия;
- мальабсорбция;
- 4 айға дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Эпилепсияға қарсы дәрілер, рифампицин, неомицин, холестирамин Д3 дәруменінің реабсорбциясын және организмнің А дәруменін сіңіру қабілетін төмендетеді, бұл оның қандағы концентрациясының төмендеуіне әкеледі. Тетрациклиндермен ұзақ емдеу уақытында препаратпен бір уақытта қолданғанда бассүйекішілік гипертензияның даму қаупін ұлғайтады. Пероральді контрацептивтер қан плазмасындағы А дәруменінің концентрациясын ұлғайтады. Тиазидті диуретиктермен бір уақытта қолдану гиперкальциемия туындау қаупін арттырады. Жүрек гликозидтерімен қолдану олардың уытты әсерін күшейтуі мүмкін.
Құрамында алюминий және магний бар антацидтерді бір уақытта қолдану аясында ұзақ емдеу олардың қандағы концентрациясын және уыттанудың туындау қаупін ұлғайтады (әсіресе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі болғанда). Препарат құрамында фосфор бар препараттардың абсорбциясын және гиперфосфатемияның туындау қаупін ұлғайтады.
Артық дозалануға жол бермеу үшін құрамында А немесе Д дәрумендері бар басқа поливитаминдік кешендерді бір уақытта қолданбайды.
Алкогольмен бір уақытта қабылдағанда гепатоуытты әсер күшейеді.
Айрықша нұсқаулар
Пациенттерге гипервитаминозға жол бермеу үшін Колефер препаратымен артық дозаланудан аулақ болу керек.
Емдеу уақытында тамаққа құрамында А дәруменінің үлкен мөлшері бар өнімдерді, кальцийдің, фосфаттың, магнийдің жоғарғы дозаларын қабылдамаған жөн.
Иммобилизацияланған пациенттерде, жүрек-қантамыр аурулары және несеп-тас аурулары бар пациенттерде сақтықпен тағайындау керек.
Препаратты бірнеше ай бойы ұзақ қолданғанда қан мен несептегі кальций және фосфаттар деңгейін мезгіл-мезгіл бақылап отыру ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолданады.
Жануарларға жасалған сынақтар репродуктивтік уыттылықты анықтады. Препараттың тератогенді әсеріне байланысты (А дәрумені) Колеферді дәрумендердің жеткіліксіздігі тиісті диетамен толтырылуы мүмкін болмаған кезде, аса қажет жағдайларда ғана жүктілік және лактация кезеінде қолдану керек. Препараттың тәуліктік дозасы 4000 ХБ (6 тамшы) апауы тиіс.
Педиатрияда қолданылуы
Колефер 4 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, өйткені оны аталған жаста пайдалану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Препаратты маңдай үлесі кішкентай балаларда сақтықпен қолданады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Ықпал етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, ашушаңдық, тәбеттің болмауы, шөлдеу, жүрек айнуы, құсу, іш қату, іштің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, шаршау, психикалық бұзылыстар, полидипсия, полиурия, сүйек ауруы, нефрокальциноз, бүйректе тас түзілуі.
Емі: препарат қолдануды тоқтату, үлкен мөлшердегі сұйықтық қабылдау, глюкокортикостероидтар тағайындау
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл пластмассадан жасалған ақ түсті тамшылатқыш-қақпақпен тығындалған күңгірт шыны құтыда.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 4 ай қолдануға болады.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Тіркеу куәлігінің иесі
УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД», Грузия/ Тбилиси,
(Бербути к-сі,10/ Алмасиани к-сі, 19-21, 26 кеңсе (корп. II)
Өндіруші
УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш., Түркия/ Стамбул, (Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6)
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«РИН Фарм» ЖШС, Алматы, Турксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б
Тел/факс: 8 (7272) 529090
Дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай д-лы 222-б
Ұялы тел +7 701 786 33 98, (24 сағат қолжетімді).
е-mail: pvpharma@worldmedicine.kz