Клотримазол (крем 1%)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Клотримазол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Клотримазол
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 1% крем
Құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - клотримазол - 10 мг;
қосымша заттар: цетомакрагол 1000, ашық сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин, цетостеарил спирті, пропиленгликоль, хлорокрезол, бензил спирті , динатрий ЭДТА, динатрий гидрофосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, тазартылған су.
Сипаттамасы
Бөгде бөлшектерсіз жұмсақ ақ крем.
Фармакотерапиялық тобы
Зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Имидазол туындылары. Клотримазол.
АТХ коды D01АC01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Клотримазол жоғары өту қабілетіне ие. Кремді сыртқа қолданғанда эпидермистің төменгі қабатындағы оның концентрациясы ең төменгі бәсеңдететін концентрациясының шамасынан едәуір жоғары болады.
Фармакодинамикасы
Клотримазол әсер ету ауқымы кең жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы дәрі болып табылады. Клотримазолдың (имидазол туындысы) белсенді әсер етуші затының микозға қарсы әсері, саңырауқұлақтың жасушалық жарғақша құрамына кіретін эргостериннің синтезін бұзуымен байланысты, бұл жарғақшаның өткізгіштігін өзгертеді және соңынан жасушаның лизисін туындатады. Тек пролиферацияланатын жасушаларға ғана емес, аз концентрацияларда фунгистатикалық, ал көп болғанда –фунгицидті әсер етеді. Фунгицидті концентрацияларда митохондриальді және пероксидазды ферменттермен өзара әрекеттеседі, нәтижесінде сутегі асқын тотығының концентрациясы уытты деңгейге дейін жоғарылайды, бұл да зеңдік жасушалардың бұзылуына ықпал етеді.
Дерматофиттерге, ашытқы тәріздес және өңезді саңырауқұлақтарға, сондай-ақ түрлі-түсті теміреткі қоздырғышы Pityriasis versicolor (Malazessia furfur) және эритразма қоздырғышына қатысты тиімді. Грамоң (стафилококктар, стрептококктар) және грамтеріс бактерияларға қатысты (Bacteroides, Gardnerella vaginalis), сондай-ақ Trichomonas vaginalis –қа қатысты микробқа қарсы әсер етеді.
Қолданылуы
Клотримазолды дерматофиттер, ашытқы тәріздес және өңезді саңырауқұлақтар туындататын терінің және шырышты қабықтың зеңді зақымдануын емдеу үшін қолданады.
Препарат келесі тері жұқпаларында жергілікті қолдану үшін көрсетілімде:
- табан дерматофитиясында
- Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton flocossum, Microsporum canis-тен туындаған балтырдың және дененің басқа да бөліктерінің дерматофитиясында
- Candida albicans туындататын кандидиазда (монилиоз)
- Malassezia furfur-ден туындаған қызғылт теміреткіде
-
кебек тәрізді теміреткі, эритразмада
-
екіншілік пиодермиямен асқынған микоздарда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек сыртқа қолдануға арналған!
Клотримазол кремі ересектерде және 12 жастан асқан балаларда сыртқа қолданылады.
Теріге жағылатын кремнің мөлшері зақымданған бөліктің өлшеміне байланысты.
Кремді алдын-ала тазартылған және құрғақ терінің зақымданған бөлігіне жұқа қабатпен күніне 2-3 рет жағу ұсынылады.
Емдеу тиімді болу үшін кремді жүйелі түрде қолдану маңызды.
Емдеудің ұзақтығы әр адамда жекелей анықталады және аурудың орналасуы мен ауырлығына байланысты. Толық сауығуға жету үшін креммен емдеуді қабынудың жедел симптомдары мен субъективті шағымдары жойылғаннан кейін бірден тоқтатуға болмайды. Емдеудің ұзақтығы орташа есеппен 4 аптаға жуықты құрау керек. Кебек тәрізді теміреткі негізінен 1-3 апта ішінде, ал эритразма - 2-4 апта ішінде жазылады. Аяқ терісінің зеңдік ауруларында емдеуді ауру симптомдары басылғаннан кейін 2 аптаға жуық жалғастыру ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
- сирек препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жергілікті аллергиялық реакциялар –терінің қызаруы, препаратты жаққан жерде шымылдатып ашыту және шаншу сезімі, қышыну.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- жүктіліктің 1 триместрі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жергілікті қолданған кезде препараттың басқа дәрілік заттармен өзара теріс әрекеттесуі белгісіз.
В амфотерицинімен, нистатинмен бір мезгілде қолданғанда Клотимазолдың белсенділігі төмендеуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Егер емдеу басталғаннан кейін 1 аптадан соң клиникалық жақсару байқалмаса, диагнозды растау және аурудың басқа себептерін жоққа шығару үшін микробиологиялық зерттеу жүргізу қажет.
Егер препаратты қолданған кезде жоғары сезімталдық немесе тітіркенгіштік дамитын болса, емдеуді тоқтатып, басқа емді таңдау қажет.
Клотримазол кремін офтальмологияда қолдануға болмайды!
Ауыз арқылы қабылдауға болмайды!
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрінде сақтықпен қолданылады.
Лактация кезеңінде препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий сықпаға 20 мг препараттан салынған.
1 сықпадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші-ұйымның атауы және елі
Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан
A—38, Нандижиот Индастриал Эстайт, Сафедпул, Курла-Андхери Роад, Мумбай- 400 072
Тел: +91-22-28518206/ 42319000
Факс: +91-22-28518204
regulatory@agio-pharma.com
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан
Қаптаушы-ұйымның атауы және елі
Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Аджио Фармацевтикалз Лимитед өкілдігі
Алматы қ, Шевченко к-сі, 118 үй, 228 кеңсе
тел: +7(727)2240402
regulatory@agio-pharma.com