Кислота аминокапроновая-Дарница

МНН: Аминокапроновая кислота
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aminocaproic acid
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023891
Информация о регистрации в РК: 07.11.2018 - 07.11.2023

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

АМИНОКАПРОН ҚЫШҚЫЛЫ-ДАРНИЦА

Саудалық атауы

Аминокапрон қышқылы-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аминокапрон қышқылы

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 5 %, 100 мл

 

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

Белсенді зат - аминокапрон қышқылы 5 г

Қосымша заттар: натрий хлориді 0,9 г, инъекцияға арналған су 100 мл дейін.

 

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы

Қан және қан түзу ағзалары. Геморрагияға қарсы препараттар. Антифибринолитикалық препараты. Амин қышқылдары. Аминокапрон қышқылы.

АТХ коды В02АА01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Вена ішіне енгізгенде әсері 15-20 мин соң білінеді. Препарат бүйрекпен жылдам шығарылады: енгізілген көлемнің 40-60 % 4 сағаттан соң несеппен шығарылады. Бүйректің бөліп шығару функциясы бұзылғанда қандағы аминокапрон қышқылының концентрациясы едәуір өседі.

Фармакодинамикасы

Аминокапрон қышқылының ерітіндісі фибринолиздің жоғарылауына негізделген қан кетулерде гемостаздық, антифибринолитикалық әсер етеді. Оның әсері плазминоген активаторларының блокадасымен және плазмин ықпалының ішінара бәсеңдеуімен байланысты. Препарат сондай-ақ биогендік полипептидтер – кининдерді тежейді, фибриннің стабилизациясына және оның тмаыр арнасында жинақталуына ықпал етеді, тромбоциттер мен эритроциттер агрегациясына индукциялайды.

Аминокапрон қышқылы аллергияға қарсы, вирусқа қарсы әсер көрсетеді, бауырдың детоксикациялық функциясын күшейтеді. Препарат тұмау вирусымен астасқан протеолитикалық белсенділікті тежейді. Аминокапрон қышқылы вирустың сезімтал жасушалармен өзара әрекеттесуінің ерте кезеңдерін тежейді, сондай-ақ гемагглютининнің протеолитикалық процессингін бәсеңдетеді. Осының салдарынан инфекциялық белсенділігін қамтамасыз ететін тұмау вирусының функциональді белсенді ақуызы құралмайды және еншілес инфекциялық вирус мөлшері азаяды. Аминокапрон қышқылы вирусқа қарсы белсенділікке ғана ие емес, сондай-ақ респираторлық вирустық инфекциялар кезінде организмнің спецификалық және спецификалық емес кейбір жасушалық және гуморальді көрсеткіштерін жақсартады.

Қолданылуы

- хирургиялық операциялар және қан мен тіндердің фибринолитикалық белсенділігінің жоғарылауымен қатар жүретін патологиялық үдерістер

- консервацияланған қанның массивті құйылулары кезінде салдарлы гипофибриногенемияны болдырмау үшін

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрілік затты вена ішіне қолданады.

Жылдам әсерге қол жеткізу қажет болғанда (жедел гипофибриногенемия) ересектерге 5 % ерітіндіні 100 мл асырмай минутына 50-60 тамшы жылдамдықпен 15-30 минут ішінде тамшылатып енгізеді. Бірінші сағат ағымында 4-5 г, ал ұзақ қан кету жағдайында – ол толық тоқтағанға дейін – сағат сайын 1 г, бірақ 8 г асырмай енгізеді. Қайталама қан кету кезінде дәрілік затты енгізуді 4 сағат аралықпен қайталайды, бірақ 8 сағ. асырмай.

 

Жағымсыз әсерлер

Барлық жағымсыз әсерлер туындау жиілігіне сәйкес тізілген: жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 <1/1000 дейін).

- ортостаздық гипотензия, субэндокардиальді қан құйылу, брадикардия, аритмия.

- жүрек айнуы, диарея, құсу

- қан ұюдың бұзылуы, жоғарғы дозларда (ересектер үшін - тәулігіне 24 г аспайды) ұзақ қолданғанда (6 күннен артық) - геморрагия

- бас ауыруы, бас айналуы, құлақтың шулауы, құрысулар

- мұрын бітелуі, жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральді құбылыстары

- аллергиялық реакциялар, тері бөртпесі

- миоглобинурия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- рабдомиолиз.

Енгізу жылдамдығын арттырғанда брадикардия, экстрасистолия, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы орын алуы мүмкін.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік заттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тромбоэмболиялық ауруларға бейімділік, тромбоэмболия

- диффузиялық тамырішілік қан ұюы салдарынан коагулопатия

- функциясының бұзылуымен бүйрек аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі

- босану

- ми қан айналымының бұзылуы

- тромбозға бейімділік

- гематурия

- ишемиялық жүрек ауруының ауыр формасы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың әсерін антикоагулянттар және тәкелей және тікелей емес әсер ететін антиагреганттар әлсіретеді.

Құрамында эстроген бар контрацептивтермен, қан ұю ІХ факторымен бірге қолдану тромбоэмболия қаупін арттырады.

Ретиноидтар (оның ішінде третионин) қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолданады.

 

Айрықша нұсқаулар

Жүрек ауруы бар пациенттерге сақтықпен қолданады. Егер дәрілік затты жүрек ауруы бар пациенттерге қолдану қажеттілігі болса қан плазмасындағы креатинфосфокиназа деңгейін мониторингілеу ұсынылады. Дәрілік затты қолдану коагулограмманы бақылауды талап етеді, әсіресе ишемиялық жүрек ауруында, миокард инфарктінен кейін, баырдағы патологиялық үдерістерде. Гематурия кезінде дәрілік затты жедел бүйрек жеткіліксіздігінің туындау қаупіне байланысты тағайындамаған жөн.

Препаратпен емделу кезінде майлы тамақтың қабылдамау ұсынылады.

Препараттың қалдығын қолдануға болмайды.

Жүктілікк және лактация кезеңі

Препарат жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Тромбоэмболиялық асқынулардың туындау ықтималдығына байланысты босану кезінде көп қан жоғалтуды профилактикалау мақсатында әйелдерге қолданған дұрыс емес.

Препаратты қолдану қажет болса емшек емізуді тоқтату керек.

Дәрілік препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті немесе басқа да механизмдерді бақару қабілетіне ықпалы туралы деректер жоқ, өйткені препаратты стационар жағдайында қолданады.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналуы, жүрек айнуы, диарея, тері бөртпесі, ортостаздық гипотензия, құрысулар, бас ауыруы, мұрын бітелуі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, рабдомиолиз, миоглобинурия, гиперкоагуляция, тромб түзілуінің күшеюі сияқты жағымсыз реакциялардың күшеюі.

Емі: жоғары тромб түзілуінің алдын алу үшін реосорбилакт, 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісін, Рингер ерітіндісін енгізу керек.

Көрсетілімдер болғанда дипиридамолды немесе антикоагулянтты әсер ететін басқа да препараттарды қосымша тағайындауға болады.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан полипропилен құтыда.

Құтыға өздігінен жабысатын жабыны бар заттаңба жапсырады.

Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші

«Дарница» Фармацевтикалық фирмасы» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ-сы, Бориспольская к-сі, 13.

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Дарница» Фармацевтикалық фирмасы» ЖАҚ, Украина

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

ЖК «Утегенова Ж.Ж.»

050043, Алматы қ-сы, Навои к-сі 68, 49 пәтер

телефон: (+ 727) 2424328

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

 

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

ЖК «Утегенова Ж.Ж.»

050043, Алматы қ-сы, Навои к-сі 68, 49 пәтер

телефон: (+ 727) 2424328

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

Прикрепленные файлы

Кислота_амикапроновая-Дарница_28.06_.docx 0.04 кб
кис_аминокап_105082.docx 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту