Кеппра® (100 мг/мл)

МНН: Леветирацетам
Производитель: НекстФарма САС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levetiracetam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014608
Информация о регистрации в РК: 07.10.2014 - 07.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 17 905 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кеппра

Халықаралық патенттелмеген атауы

Леветирацетам

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 100 мг/мл, 300 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 100 мг леветирацетам бар,

қосымша заттар: натрий цитраты, лимон қышқылының моногидраты, метилпарагидроксибензоат (Е218), пропилпарагидроксибензоат (Е216), аммоний глицирризаты, глицерин 85, сұйық мальтитол, калий ацесульфамы, жүзім хош иістендіргіші 501040А, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар. Леветирацетам.

АТХ коды N03AX 14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Леветирацетам ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам сіңіріледі. Биожетімділігі іс жүзінде 100 құрайды.

Қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына (Сmах) леветирацетамды 1000 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін 1,3 сағаттан соң жетеді және 31 мкг/мл құрайды; қайталанған дозасынан кейін - 43 мкг/мл. Тепе-тең жағдайға 2 күннен кейін жетеді, концентрациясы 270 нг/мл құрайды; 1000 мг дозаны қайталап қабылдағаннан кейін – 308 нг/мл.

Тұрақты концентрациясына тәулігіне екі мәрте қолданған кезде 2 күннен соң жетеді. Сіңу дәрежесі дозаға және ас ішу уақытына байланысты емес.

Сіңуі толық жүреді және дозаға байланысты болады, соның арқасында қан плазмасындағы препарат концентрациясы дене салмағына қарай мг/кг-де көрініс беретін леветирацетамның қабылданған дозасына қарай отырып, жорамалдануы мүмкін.

Таралуы

Леветирацетамның тіндерге таралуына қатысты деректер жоқ.

Леветирацетам мен оның негізгі метаболитінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі 10%-дан аз. Таралу көлемі (Vd) шамамен 0,5-0,7 л/кг құрайды, ол организмдегі сұйықтықтың жалпы көлеміне сәйкес.

Метаболизмі

Леветирацетам адам организмінде экстенсивті метаболизденбейді.

Метаболизмінің негізгі механизмі (24 %) метаболиттері қан денешіктерін қоса, көптеген тіндерде анықталатын ацетамидті топтың ферменттік гидролизі болып табылады. Фармакологиялық белсенді емес негізгі метаболиттің (ucb L057) түзілуі бауырдың Р450 цитохромының қатысуынсыз жүреді.

Леветирацетам және оның алғашқы метаболиттері Р450 цитохромы изоформаларымен (CYP3A4, 2A6, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1, 1A2), глюкуронидтрансферазалармен (UGT1A1, UGT1A6) және эпоксид гидроксолазамен бәсеңдетілмейді. Леветирацетам вальпрой қышқылының глюкуронизациясына әсер етпейді.

Гепатоциттердің жасушалық өсірінділерінде леветирацетам CYP2B6 мен CYP3A4-ке өте төмен әсер ету дәрежесін иеленген немесе иеленбеген. Леветирацетам мен ішке қабылдауға арналған контрацептивтер, варфарин және дигоксин арасында айтарлықтай өзара әрекеттесу күтілмейді. Осылайша леветирацетамның басқа субстанциялармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі төмен.

Шығарылуы

Ересектердегі жартылай шығарылу кезеңі (T½) 7 ± 1 сағат құрап, енгізу тәсіліне және қолдану режиміне байланысты емес. Орташа жүйелі клиренсі 0,96 мл/мин/кг құрайды. Препараттың 95% (дозаның 93 %-ға жуығы алғашқы 48 сағат ішінде шығарылады) бүйрекпен шығарылады. Нәжіспен шығарылуы қабылданған дозадан 0.3 % жуықты құрайды. Леветирацетам мен оның алғашқы метаболиттерінің несеппен кумулятивті шығарылуы негізінен алғашқы 48 сағат ішінде қабылданған дозадан 24-66 % құрайды. Леветирацетам мен оның метаболитінің бүйректік клиренсі, тиісінше, 0,6 және 4,2 мл/мин/кг-ге тең.

Қайталап қабылдағаннан кейін клиренсінің өзгеруі байқалмайды.

Жынысы, нәсілі

Жынысы мен нәсілі леветирацетамның фармакокинетикасына әсер етпейді.

Егде емделушілер

Егде емделушілерде T½ осы топ емделушілеріндегі бүйрек функциясының нашарлауына орай, 40% (10-11 сағатқа дейін) артады.

Балалар

Балаларда (6-дан 12 жасқа дейін) бір реттік 20 мг/кг дозаны ішу арқылы қабылдағаннан кейін T½ 6 сағат құрайды. Балалардағы жүйелі клиренс, ересектердегіден гөрі, шамамен 30% жоғары, әрі дене салмағына тіке байланысты. Эпилепсиясы бар (6-дан 12 жасқа дейінгі) балаларда препаратты ішке қайталап қабылдаудан кейін (20-дан 60 мг/кг/тәулік) леветирацетам жылдам сіңеді. Препаратты қабылдағаннан кейін плазмадағы концентрациясының шыңы 0,5 -тен 1,0 сағатқа дейін байқалады.

Плазмадағы және қисық астындағы аудан концентрациясы шыңының дозаға байланысты және дозаға пропорционалды жоғарылауы байқалған. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5 сағатты құрайды. Айқын клиренсі 1.1 мл/мин/кг құрайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде леветирацетам мен оның негізгі метаболитінің клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланысады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозаны креатинин клиренсімен сәйкес іріктеу ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы ересектерде T½ диализ сеанстары арасындағы кезеңде 25 сағат және диализ кезінде 3,1 сағат құрайды. Диализдің 4 сағаттық сеансы ішінде леветирацитам 51% дейін шығарылады.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының мардымсыз немесе орташа бұзылулары бар емделушілерде леветирацетам клиренсінің елеулі өзгерістері байқалмайды. Көптеген жағдайларда бауыр функциясының ауыр бұзылуларында және қатарлас бүйрек жеткіліксіздігінде леветирацетам клиренсі, негізінен, қатар жүретін бүйрек клиренсінің нашарлауынан 50% азаяды.

Фармакодинамикасы

Леветирацетам, Кеппра® препаратының әсер етуші заты, құрылымы жағынан эпилепсияға қарсы белгілі препараттардан ерекшеленетін пирролидон туындысы (α-этил-2-оксо-1-пирролидинацетамидтің S-энантиомері) болып табылады. Леветирацетамның әсер ету механизмі толығымен зерттелмеген, бірақ қолданымдағы эпилепсияға қарсы дәрілердің әсер ету механизмдерінен нақты ерекшеленеді. Іn vitro және in vivo зерттеулерінің деректері леветирацетам негізгі жасушалық сипаттамаларға және қалыпты нейротрансмиссияға ықпал етпейді деп жорамалдауға мүмкіндік береді.

Іn vitro зерттеулерінде леветирацетамның нейрондардағы Ca2+ иондарының концентрациясына ықпал ететіні, N-түріндегі өзектер арқылы Ca2+ ағымын ішінара кедергілейтіні және кальцийдің нейронішілік деподан босап шығуын бәсеңдететіні көрсетілген. Бұдан басқа, леветирацетам мырыш және β-карболиндер әсерімен бәсеңдейтін ГАМК- және глицин-тәуелді өзектер арқылы өтетін ағымды ішінара қалыпқа келтіреді.

Жорамалданатын әсер ету механизмдерінің бірі ми мен жұлынның сұр затында болатын SV2A синапстық везикулаларының гликопротеинмен қосылуының дәлелденген байланысына негізделеді. Нейрондық белсенділіктің асқын синхрондалуды болдырмау түрінде көріністелетін құрысуға қарсы әсері жорамалды түрде осымен түсіндіріледі.

Қолданылуы

Монотерапия ретінде:

-эпилепсия алғаш диагностикаланған ересектер мен 16 жастағы және одан үлкен жасөспірімдердегі екіншілік жайылуы бар және онсыз парциальді ұстамаларды емдегенде

Қосымша ем ретінде:

- эпилепсиясы бар ересектер, жасөспірімдер мен 1 айдан асқан балалардағы екіншілік жайылуы бар және онсыз парциальді ұстамаларды емдегенде;

- ювенильді миоклоникалық эпилепсиясы бар ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы миоклоникалық құрысуларды емдегенде;

- идиопатиялық жайылған эпилепсиясы бар ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы алғашқы жайылған тоника-клоникалық ұстамаларды емдегенде.

Жұту актісінің қиындауымен емделушілерде препаратты инъекция түрінде қолдануға болады (ересектер мен 4 жастан асқан балалар).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ем көктамырішілік немесе пероральді енгізілуден басталуы мүмкін. Енгізудің басқа түріне ауысу тікелей, дозаны титрлеусіз жүргізілуі керек. Жалпы тәуліктік дозаны және енгізу жиілігін ұстану керек.

Кеппра® препаратын ас ішуге байланыссыз, ішу арқылы қабылдайды.

Қабылдар алдында ішуге арналған ерітіндіні стақан суда немесе балалардың бөтелкесінде сұйылтуға болады. Препараттың тәуліктік дозасын бірдей екі қабылдауға бөледі.

Препаратты дозалау жиынтыққа кіретін, сыйымдылығы 10 мл (1000 мг леветироцитамға сәйкес келетін), 0, 25 мл бөліктермен бағаланған (25 мг-ге сәйкес келетін) өлшеуіш еккіштің көмегімен жүзеге асырылады. Аталған еккіш 4 жастан асқан балалар, жасөспірімдер мен ересектерде қолдануға арналған.

Градуирленген еккіштің көмегімен ерітіндіні дозалау жөніндегі нұсқаулар

  • Құтыны ашыңыз: ол үшін қалпақшасынан басыңыз да, оны сағат тіліне қарсы бұраңыз (1-сурет)

  • Адапторды еккіштен ажыратып алыңыз (2 сурет).

  • Еккіштің адапторын құтының мойынына қойыңыз (3 сурет). Оның жақсы бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

  • Еккішті алыңыз да, оны адапторға орналастырыңыз (4 сурет).

  • Құтыны төмен қарата төңкеріңіз (5 сурет).

  • Поршеньді төмен қарай тартып, еккішті ерітіндінің аздаған мөлшерімен толтырыңыз (5 A сурет), сосын ауа көпіршіктерін шығару үшін поршеньнің жоғары жағынан басыңыз (5 B сурет). Поршеньді дәрігер тағайындаған миллилитрлер (мл) мөлшеріне сәйкесті белгіге дейін төмен басыңыз (5 С сурет).

 

 

 

 

  • 6А суретіндегідей құтыны төңкеріңіз. Еккішті адаптордан ажыратыңыз (6B сурет).

   

 

  • Еккіштің ішіндегісін, поршеньді түбіне дейін басып, суы бар стақанға немесе балалар бөтелкесіне енгізіңіз (7 сурет).

  • Еккішті сумен шайыңыз (8 сурет).

  • Құтыны пластик қақпақпен жабыңыз.

 

 

 

Ересектер

  • Монотерапия

    Ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдер

    Ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерді емдеуді күніне 2 рет тағайындалатын 250 мг-ден бастайды. 2 аптадан соң доза тәулігіне екі рет 500 мг бастапқы емдік дозаға дейін жоғарылатуы керек.

    Кейіннен емге клиникалық жауапқа байланысты доза әрбір 2 аптада 250 мг жоғарылатуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 2 рет 1500 мг құрайды.

    Қосымша ем ретінде

    18 жастағы және одан асқан ересектер мен жасөспірімдер және дене салмағы 50 кг немесе жоғары 12-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер

    Емді тәулігіне екі рет 500 мг тәуліктік дозадан бастау керек. Бұл доза курстің бірінші күні тағайындалуы керек. Клиникалық жауапқа және препараттың көтерілімділігіне байланысты, доза тәулігіне екі рет тағайындалатын 1500 мг дейін жоғарылатуы мүмкін. Күніне екі рет 500 мг адыммен дозаны түзетуді (азайту немесе жоғарылату) әрбір 2-4 аптада жүргізуге болады.

    Балалар

    Дәрігер препаратты емделушінің дене салмағына, жасына және қажетті емдік дозасына қарай сәйкес келетін дәрілік түрінде және дозасында тағайындауы керек.

  • Монотерапия

    Кеппра® препаратының 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

    Қосымша ем ретінде

    6 жасқа дейінгі балаларға препаратты ішуге арналған ерітінді түрінде қабылдау ұсынылады.

    6 айдан 23 айға дейінгі сәбилер, 2 жастан 11 жасқа дейінгі балалар және дене салмағы 50 кг дейінгі 12 жастан 17жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • Бастапқы доза күніне екі рет дене салмағына 10 мг/кг құрайды.

    Клиникалық жауапқа және препараттың көтерілімділігіне байланысты дозаны тәулігіне екі рет дене салмағына 30 мг/кг дейін жоғарылатуға болады. Түзету үшін дозаның қадамы әрбір 2 аптада тәулігіне екі рет дене салмағына 10 мг/кг аспауы керек. Ең төмен тиімді дозаны қабылдау керек. Дене салмағы 50 кг және жоғары балаларда препарат дозасы ересектердегідей.

    Балалар және жасөспірімдерге арналған дозалау бойынша ұсыныстар

    Салмағы

    Старттық доза:

    10 мг/кг күніне екі рет

    Ең жоғары доза: 30 мг/кг күніне екі рет

    6 кг (1)

    60 мг (0.6 мл) күніне екі рет

    180 (1.8 мл) мг күніне екі рет

    10 кг (1)

    100 мг (1 мл) күніне екі рет

    300 мг (3 мл) күніне екі рет

    15 кг (1)

    150 мг (1.5 мл) күніне екі рет

    450 мг (4.5 мл) күніне екі рет

    20 кг (1)

    200 мг (2 мл) күніне екі рет

    600 мг (6 мл) күніне екі рет

    25 кг

    250 мг күніне екі рет

    750 мг күніне екі рет

    50 кг(2)-ден

    500 мг күніне екі рет

    1500 мг күніне екі рет

    (1) -дұрысы, салмағы 25 кг немесе азырақ балаларға емдеуді ішке қабылдауға арналған 100 мг/мл леветирацетам ерітіндісімен бастау

    (2) -салмағы 50 кг басталатын немесе одан астам балалар мен жасөспірімдерге арналған дозалау дәл ересектердегідей.

    1 айдан 6 айға дейінгі жастағы сәбилер

    Бастапқы емдеу дозасы күніне екі рет 7 мг/кг-ге тең. Клиникалық тиімділігіне және көтерімділігіне қарай, дозаны күніне екі рет 21 мг/кг-ге дейін көбейтуге болады. Дозаны өзгерту әр екі апта сайын күніне екі рет 7 мг/кг-ден әрі немесе бері асырылмауға тиіс. Ең төмен тиімді доза тағайындалуы тиіс.

    1 айдан 6 айға дейінгі сәбилерге арналған дозалау жөніндегі ұсынымдар:

    Дене салмағы

    Бастапқы доза:

    күніне екі рет 7 мг/кг

    Ең жоғарғы доза:

    21 мг/кг күніне екі рет

    4 кг

    28 мг (0.3 мл) күніне екі рет

    84 мг (0.85 мл) күніне екі рет

    5 кг

    35 мг (0.35 мл) күніне екі рет

    105 мг (1.05 мл) күніне екі рет

    7 кг

    күніне екі рет

    49 мг (0.5 мл)

    147 мг (1.5 мл) күніне екі рет

    Егде жастағы емделушілер

    Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда дозаны түзету ұсынылады.

    Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілер

    Тәуліктік доза бүйрек дисфункциясы дәрежесіне сәйкес жекелей тағайындалуы керек.

    Леветирацетам бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозаны креатинин клиренсіне қарай іріктеу қажет.

    Дене салмағы 50 кг жоғары ересектер мен жасөспірімдер үшін креатинин клиренсін (КК) сарысудағы креатинин концентрациясының негізінде келесі формула бойынша есептеуге болады:

    [140 – жасы (жылдар)] × дене салмағы (кг)

    КК (мл/мин) = ----------------------------------------------------

    72 × сарысулық КК (мг/дл)

    Креатинин клиренсі әйелдерде алынған мәнді 0,85-ке көбейту арқылы есептеледі.

    Дене беткейі ауданына (ДБА) қарай реттеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

    КК (мл/мин)

    КК (мл/мин/1,73 м²) = --------------------------x 1,73

    Емделуші ДБА (м²)

    Дене салмағы 50 кг және одан жоғары бүйрек функциясының бұзылуы бар ересектер мен жасөспірімдер үшін дозалау сызбасы

    Бүйрек жеткіліксіздігі

    КК (мл/мин)

    (мл/мин/1,73 м²)

    Дозалау сызбасы

    Бүйректің қалыпты функциясы

    > 80

    500-1500 мг күніне екі рет

    Жеңіл дәрежедегі бұзылу

    50-79

    500-1000 мг күніне екі рет

    Орташа дәрежедегі бұзылу

    30-49

    250-750 мг күніне екі рет

    Ауыр дәрежедегі бұзылу

    < 30

    250-500 мг күніне екі рет

    Терминальді сатысы – диализдегі емделушілер*

     

    500-1000 мг күніне бір рет **

    * Емдеудің бірінші күні 750 мг қанықтыратын дозаны қабылдау ұсынылады

    ** Диализден кейін 250-500 мг қосымша дозаны қабылдау ұсынылады

    Бүйрегінің бұзылыстары бар балаларда леветирацетам дозасын бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесіне сәйкес ретке келтіру қажет.

    Жасөспірімдер, балалар мен сәбилердегі мл/мин/1,73 м2 креатинин клиренсін (КК) креатининнің сарысулық (мг/дл) деңгейі негізінде келесі формула бойынша (Шварц формуласы) есептеуге болады:

    Бойы (см) x ks

    КК (мл/мин/1, 73 м2) = ------------------------------------

    Сарысу креатинині (мг/дл)

    13 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірім қыз балалар жағдайында ks=0.55; жасөспірім ұлдар жағдайында ks=0,7.

    Бүйрек функциясының бұзылуымен дене салмағы 50 кг-ден аз балалар және жасөспірімдерде дозалау сызбасы

    Сатысы

    Креатинин клиренсі (мл/мин/1,73 м2)

    Дозасы (ішуге арналған ерітінді дозасы) және қолдану жиілігі (1)

    1-ден 6 айға дейінгі сәбилер

    6 айдан 23 айға дейінгі сәбилер, дене салмағы 50 кг дейінгі балалар және жасөспірімдер

    Қалыпты бүйрек функциясы

    > 80

    7-ден 21 мг/кг дейін (0.07-ден 0.21 мл/кг дейін) күніне екі рет

    10-нан 30 мг/кг дейін (0.10-нан 0.30 мл/кг дейін) күніне екі рет

    Жеңіл бұзылу дәрежесі

    50-79

    7-ден 14 мг/кг дейін (0.07-ден 0.14 мл/кг дейін), күніне екі рет

    10-нан 20 мг/кг дейін (0.10-нан 0.20 мл/кг дейін), күніне екі рет

    Орташа бұзылу дәрежесі

    30-49

    3.5-тен 10.5 мг/кг дейін (0.035-тен 0.105 мл/кг дейін) күніне екі рет

    5-тен 15 мг/кг дейін (0.05-тен 0.15 мл/кг дейін) күніне екі рет

    Ауыр бұзылу дәрежесі

    < 30

    3.5-тен 7 мг/кг дейін (0.035-тен 0.07 мл/кг дейін) күніне екі рет

    5-тен 10 мг/кг дейін ( 0.05-тен 0.10 мл/кг дейін) күніне екі рет

    Диализде жүрген бүйрек жеткілік-

    сіздігінің соңғы терминальді сатысындағы емделушілер

    --

    7-ден 14 мг/кг дейін (0.07-ден 0.14 мл/кг дейін) күніне бір рет (2) (4)

    10-нан 20 мг/кг дейін (0.10-нан 0.20 мл/кг дейін) күніне бір рет (3) (5)

    (1)Ішуге арналған ерітінді 250 мг аз дозада таблетка жұта алмайтын емделушілер үшін пайдаланылуы тиіс.

    (2) Леветирацетаммен емнің бірінші күні 10.5 мг/кг (0.105 мл/кг) доза ұсынылады.

    (3)Леветирацетаммен емнің бірінші күні 15 мг/кг (0.15 мл/кг) доза ұсынылады.

    (4)Диализден соң, 3.5 -тен 7 мг/кг дейінгі (0,035 -тен 0,07 мл/кг дейін) қосымша доза ұсынылады.

    (5)Диализден соң, 5-тен 10 мг/кг дейінгі (0.05 -ден 0.10 мл/кг дейінгі) қосымша доза ұсынылады.

    Бауыр жеткіліксіздігі

    Бауыр функциясының мардымсыз және орташа бұзылуларында дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде креатинин клиренсінің төмендеуі бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесін толық көлемде көрсете алмауы мүмкін, сондықтан креатинин клиренсі <60 мл/мин/1,73 м2 емделушілерге тәуліктік дозаны 50% төмендету ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар бейіні 3416 емделушіні қамтумен плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулердің деректерін талдауға негізделген. Назофарингит, ұйқышылдық, бас ауыруы, шаршау, бас айналуы жиірек кездесетін жағымсыз реакциялар болды.

Төменде көрсетілген жағымсыз реакциялар, ағзалар мен ағзалар жүйесінің зақымдануы және пайда болу жиілігіне қарай берілген. Пайда болу жиілігі келесідегідей анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥ 1/1 000 және < 1/100), сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1 000), өте сирек (< 1/10 000).

Өте жиі

- назофарингит

- ұйқышылдық

- бас ауыруы

Жиі

- анорексия (жиі топираматпен қатар тағайындағанда )

- депрессия, озбырлық, мазасыздану, ұйқысыздық, жүйке тозуы, ашуланшақтық

- құрысулар, тепе теңдіктің бұзылуы, бас айналуы, летаргия, тремор

- вертиго

- жөтел

- іштің ауыруы, диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу

- бөртпе

- астения/шаршағыштық

Жиі емес

- тромбоцитопения, лейкопения

- дене салмағының төмендеуі/жоғарылауы

- суицидке әрекет жасау, суицидальді ойлар, психикалық бұзылыстар, мінез-құлықтың ауытқуы, елестеулер, ызалану, сананың шатасуы, үрейлі шабуыл, эмоциялық ауытқушылық/көңіл-күй құбылуы, үрей

- амнезия, жадының нашарлауы, атаксия/ қимыл-үйлесімінің бұзылуы, парестезиялар, зейіннің бұзылуы

- диплопия, көру бұлыңғырлығы

- бауыр сынамаларының патологиялық нәтижелері

- алопеция (препаратты қабылдауды тоқтатқанда регрессия), экзема, қышыну

- бұлшықет әлсіздігі, миалгия

- жарақат

Сирек

- жұқпалар

- панцитопения (кейбір жағдайларда сүйек кемігінің супрессиясы), нейтропения, агранулоцитоз

- эозинофилия және жүйелі симптомдар түріндегі дәрілік реакциялар (DRESS)

- гипонатриемия

- суицид, тұлғалық бұзылыс,патологиялық ойлар

- хореоатетоз, дискинезия, гиперкинезия

- панкреатит

- бауыр функциясының бұзылуы, гепатит

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема

4-тен 16 жасқа дейінгі 645 баланы емдеуде алынған деректерді салыстырғанда балаларда жоғары жиілікте кездесетін мінез құлықтық және психиатриялық бұзылыстардан басқа балалар мен ересектер арасындағы жағымсыз құбылыстар бейінінің ұқсастығы анықталды. Аталған когортада келесі жағымсыз реакциялар ересектерге қарағанда жиі кездеседі: құсу, үрейлену, көңіл күйдің құбылуы, ауытқушылық, озбырлық, әдеттегіден тыс мінез құлық, летаргия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- леветирацетамға, пирролидонның басқа туындыларына немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- 1 айға дейінгі балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

  •  

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эпилепсияға қарсы препараттар

Леветирацетам белгілі эпилепсияға қарсы препараттардың (фенитоин, карбамазепин, вальпрой қышқылы, фенобарбитал, ламотриджин, топирамат, габапентин және примидон) қан сарысуындағы концентрациясына әсер етпейді.

Ересектердегідей балалардың популяциясында Кеппра® препаратын тәулігіне 60 мг/кг дозада тағайындағанда дәрілік препараттың айтарлықтай өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Эпилепсиямен балалар мен жасөспірімдерде (4-17 жас) фармакокинетикасы көрсеткіштерін бағалау көрсеткендей, Кеппра® препаратымен қосымша ем ішке қабылдаған кезде леветирацетаммен бір мезгілде қабылданатын карбамазепин және вальпроат препараттарының концентрациясына әсер еткен жоқ. Әйтсе де, эпилепсияға қарсы ферментпен индукцияланатын дәрілер қабылдаған балаларда леветирацетам клиренсі мұндай препараттар қабылдамаған балаларға қарағанда 20% жоғары болды.

Дозаны түзету қажет емес.

Пробенецид

Пробенецид (бүйректік өзекшелік сөлініс блокаторы) тәулігіне төрт рет 500 мг-ден қолданылғанда леветирацетамның өзін емес, алғашқы метаболитінің бүйректік клиренсін тежейді. Әйтсе де аталған метаболиттің концентрациясы төмен болып қалады. Белсенді тубулярлық сөлініс жолымен шығарылатын басқа дәрілік заттардың метаболиттің ренальді клиренсін де төмендетуі мүмкін екені күтіледі. Леветирацетамның пробенецид пен қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, сульфонамидтер, метотрексат сияқты белсенді секрецияланатын басқа препараттардың фармакокинетикасына әсері белгісіз.

Оральді контрациптивтер, дигоксин мен варфарин

Кеппра® препараты 1000 мг тәуліктік дозада ішу арқылы қабылданатын контрацептивтердің (этинилэстрадиол мен левоноргестрел) фармакокинетикасына әсер етпейді.

Кеппра® препараты 2000 мг тәуліктік дозада дигоксин мен варфариннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Дигоксин, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер мен варфарин леветирацетамның фармакокинетикасына әсер етпейді.

Антацидтер

Антацидтердің леветирацетамның сіңуіне әсер етуі жөнінде деректер жоқ.

Тағам және алкоголь

Ас ішу леветирацетамның сіңу дәрежесіне ықпал етпейді, дегенмен сіңу жылдамдығы біршама баяулайды. Кеппра® препаратының алкогольмен өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

  • Айрықша нұсқаулар

  • Препаратты қабылдауды тоқтату

    Ағымдағы клиникалық тәжірибеге сәйкес препаратты тоқтату қажет болған жағдайда оны біртіндеп (дене салмағы 50 кг жоғары емделушілерде әр 2-4 аптада бір реттік дозаны 500 мг-ге азайтумен) жүргізу қажет. Дене салмағы 50 кг төмен балалар мен жасөспірімдерде дозаны төмендету әрбір 2 аптада күніне екі рет дене салмағына 10 мг/кг аспауы керек.

    Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі

    Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерге Кеппра® препаратын тағайындағанда препарат дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерде емді бастамас бұрын бүйрек функциясына бағалау жүргізу ұсынылады.

    Депрессия/суицидальді ойлар

    Леветирацетамды қоса, эпилепсияға қарсы препараттарды қолдану аясында суицид жағдайлары, өзіне-өзі қол жұмсау ниеттері мен әрекеттері жөнінде алынған хабарламаларға сүйене отырып, емделушілерге және оларды күтетін адамдарға депрессия немесе өзіне-өзі қол жұмсау ниеттерінің қандай да бір белгілерінің білінуі жөнінде емдеуші дәрігерге хабарлауы қажет екенін ескерту керек.

    Эпилепсияға қарсы препараттарды қолдану аясында аталған бұзылыстардың жоғарылау қаупін бағалау көрсеткендей, қауіп дәрежесі аз ғана жоғарыласа да, өзіне-өзі қол жұмсау ниеттері мен әрекеттерінің пайда болуын бақылау үшін емделуші медициналық бақылауда болуы керек. Аталған қауіптердің пайда болу механизмі белгісіз.

    Балалар

    Препаратты балаларда қолдануға қатысты бар деректер дамуы мен өсіп жетілуіне қандай-да болмасын жағымсыз әсерлерді көрсетпейді.

    Алайда препаратты қолданудың оқып-үйрену қабілетіне, интеллектуалдық дамуға, өсуге, эндокриндік бездер функциясына, жыныстық жетілуге және фертильділікке кейіннен білінетін зардапты нәтижелері белгісіз қалумен келеді.

    Препараттың құрамында метилпарагидроксибензоат Е218 және пропилпарагидроксибензоат Е216 бар, олар кейіннен болуы мүмкін аллергиялық реакциялардың дамуын туындатуы мүмкін. Сондай-ақ препарат құрамында сұйық мальтитол бар болғандықтан, фруктозаны көтере алмаушылықтың сирек патологиясымен емделушілерге бұл ерітіндіні қабылдауға болмайды.

    Препарат құрамында глицерол бар, ол бас ауыруының, асқазанның бұзылуының және диареяның себебі болуы мүмкін.

    Жүктілік және лактация кезеңі

    Фертильділік

    Әлеуетті қаупі белгісіз.

    Жүктілік

    Кеппра® препаратын жүкті әйелдерде және контрацепция әдістерін қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдерде жүктіліктің жоғын дәл анықтағанша қолдануға болмайды.

    Жүктілік кезінде препаратты қолданудың қауіпсіздігіне сәйкес бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ .

    Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың ұрыққа уыттылығын көрсетті.

    Адам үшін әлеуетті қаупі белгісіз.

    Жүктілік кезеңінде болатын физиологиялық өзгерістер эпилепсияға қарсы басқа препараттар секілді леветирацетамның концентрациясына (қансарысуындағы деңгейінің төмендеуі) ықпал етуі мүмкін. Үшінші триместрінде айқынырақ (бастапқы концентрациясының 60%-ына дейін) төмендеуі байқалады.

    Жүкті әйелдерде леветирацетамды қатаң бақылаумен қабылдау керек. Эпилепсияға қарсы дәрілермен емдеудегі үзілістер аурудың асқынуына әкелуі мүмкін, ол ана мен ұрықтың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

    Лактация кезеңі

    Леветирацетам емшек сүтімен шығарылады. Емделу кезеңінде бала емізу ұсынылмайды. Әйтсе де егер Кеппра® препаратын бала емізетін аналардың қолдануы қажет болған жағдайда препаратты қабылдау/тоқтатудың пайдасы мен қаупін бағалауды жүргізу ұсынылады.

    Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Кеппра® препаратының автокөлік басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері арнайы зерттелмеген. Дегенмен орталық жүйке жүйесі жағынан препаратқа әртүрлі жеке сезімталдықтың болуына орай, әсіресе емнің басында немесе дозаны жоғарылатқанда автокөлік басқарудан және зейінді жоғары жұмылдыру мен мен психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін қауіпті болуы ықтимал жұмыстардан бас тартқан жөн.

    Артық дозалануы

    Симптомдары: ұйқышылдық, озбырлық, сананың көмескіленуі, тыныстың тарылуы, кома.

    Емі: жедел кезеңде – жасанды құстыру және әрі қарай белсенділендірілген көмір қолданумен асқазанды шаю. Леветирацетам үшін арнайы у қайтарғы жоқ. Қажет болса, клиникада гемодиализ қолданумен симптоматикалық ем қамтамасыз етеді (диализ тиімділігі леветирацетам үшін – 60%, оның негізгі метаболиті үшін – 74%).

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    300 мл ерітіндіден құтыны балалардың ашып алуына кедергі келтіретін құрылғымен ақ түсті бұралатын пластмасс қақпағы бар күңгірт шыны (ІІІ тип) құтыларға құйылған.

    1 құтыдан полипропилен/полиэтилен өлшеуіш еккішімен және полиэтиленнен жасалған адаптерімен жиынтықта медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

  •  
  • Сақтау мерзімі

  • 3 жыл түпнұсқалық қаптамасында, 7 ай – құтыны алғаш ашқаннан кейін.

    Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

  •  
  • Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

  •  
  • Өндіруші және қаптаушы

  • НекстФарма САС, Франция

  • 17, Route de Meulan, F - 78520 Limay, France

Тіркеу куәлігінің иесі

ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд., Ұлыбритания

980 Great West Road, Brentford, Middlesex, TW8 9GS, UK

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд Қазақстандағы өкілдігі

050059, Алматы қ-сы, Фурманов көшесі, 273

Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

Медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтың бекітілген нұсқасын www.dari.kz сайтынан да қараңыз

 

 

Прикрепленные файлы

041023101477976701_ru.doc 201 кб
405894921477977860_kz.doc 216.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники