Кардионат

МНН: Мельдоний
Производитель: МАКИЗ-ФАРМА ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016791
Информация о регистрации в РК: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Кардионат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мельдоний

Дәрілік түрі

Капсулалар 250 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – мельдоний дигидраты (триметилгидразиний пропионаты дигидраты) ылғал сіңірмеген дигидратқа шаққанда – 250 мг,

қосымша заттар: картоп крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты,

капсула қабығы: титанның қостотығы( Е 171), желатин.

Сипаттамасы

Ақ түсті, қатты желатинді капсулалар №1. Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ түсті дерлік, әлсіз иісі бар кристалл ұнтақ. Ұнтақ гигроскопиялы, түйірленуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Кардиотоникалық басқа да препараттар.

АТХ коды C01EВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін тез сіңеді, биожетімділігі – 78 %. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға оны ішке қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң жетеді. Организмде екі негізгі метаболит түзе отырып, метаболизденеді, олар бүйрек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты және 3-6 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Кардионат - гамма-бутиробетаиннің синтетикалық аналогы, гамма-бутиробетаин-гидроксилазаны басады, карнитин синтезін және ұзын тізбекті май қышқылдарының жасуша қабығы арқылы тасымалдануын төмендетеді, жасушаларда тотықпаған май қышқылдарының белсенді түрлері – ацилкарнитин және А ацилкофермент туындыларының жиналуына кедергі жасайды.

Миокардтың метаболизмін қалыпты ететін кардиопротекторлық дәрі. Ишемия жағдайларында оттегіні жеткізу және оның жасушаларда тұтыну үдерісінің тепе-теңдігін қалпына келтіреді, АТФ тасымалдануының бұзылуына жол бермейді; осымен бір мезгілде гликолизді белсенді етеді, ол оттегіні қосымша пайдаланусыз өтеді. Карнитин концентрациясының төмендеуі нәтижесінде қан тамырларын кеңейтетін қасиеттері бар гамма-бутиробетаин синтезделуі күшейеді.

Қолданылуы

Кардионат біріктірілген ем түрінде төмендегі жағдайларда қолданылады:

- жүрек және қан ағымы жүйесінің аурулары: тұрақты жүктеме стенокардиясы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA функционалдық I-Ш класы), кардиомиопатия, жүрек және қан ағымы жүйесі қызметінің функционалдық бұзылуы;

- ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары;

- жұмыс қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалдық артық жүктеме;

- цереброваскулярлық бұзылулардан, бас жарақаттары мен энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңі.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Капсуланы сумен ішіп, тұтастай жұту керек.

Қоздырғыш әсерлер дамуы мүмкін болғандықтан, препаратты күннің алғашқы жартысында қолдану керек.

Жүрек және қан тамырлары жүйесінің аурулары, ми қан айналымының бұзылулары

Доза күніне 500-1000 мг құрайды. Тәуліктік дозаны бірден бәрін немесе екі бір реттік дозаға бөліп қабылдауға болады. Ең жоғарғы тәуліктік доза 1000 мг құрайды.

Жұмыс қабілеті төмендегенде және дене жүктемесі жоғарылағанда

Доза күніне 500 мг құрайды. Тәуліктік дозаны бірден бәрін немесе екі бір реттік дозаға бөліп қабылдауға болады. Ең жоғарғы тәуліктік доза 500 мг құрайды. Емдеу курсы 4-6 аптаны құрайды. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • аллергиялық реакциялар

  • бас ауыруы

  • диспепсия

Сирек

  • жоғары сезімталдық, аллергиялық дерматит, есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилактикалық реакция

  • қозу, қорқыныш сезімі, бастан кетпейтін ойлар, ұйқының бұзылуы

  • «тұла бойдың түршігу» сезімі, тремор, гипестезия, құлақтың шуылдауы, вертиго, бас айналу, жүрістің бұзылуы, естен тану алдындығы жай-күй, естен тану

  • жүрек ырғағының өзгеруі, жүректің қағуы, тахикардия/синустық тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясы, аритмия, кеудеде жайсыздықты сезіну/кеуденің ауыруы

  • қан қысымының жоғарылауы/ төмендеуі, гипертензиялық криз, гиперемия, бозару

  • тамақтың қабынуы, жөтел, диспное, апное

  • дисгевзия (ауыздың темір татуы), тәбеттің болмауы, құсқысы келу, жүрек айну, құсу, газ жиналуы, іш өту, іштің ауыруы

  • бөрту, жалпы/макулездік/папулездік бөртулер, қышыну

  • арқаның ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттің түйілуі

  • поллакиурия

  • жалпы әлсіздік, дірілдеу, астения, ісіну, беттің ісінуі, аяқтың ісінуі, ыстықты сезіну, суықты сезіну, суық тер

  • электрокардиограммадағы (ЭКГ) ауытқулар, жүрек жұмысының жеделдеуі, эозинофилия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (көктамырлық қан ағымы бұзылғанда, бассүйекішілік ісіктер)

  • бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (қолдану қауіпсіздігі туралы жеткілікті деректер жоқ)

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кардионат коронарлық тамырларды кеңейтетін дәрілердің, кейбір гипотензиялық дәрілердің, жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді.

Антиангинальді дәрілермен, антикоагулянттармен, антиагреганттармен, аритмияға қарсы дәрілік заттармен, диуретиктермен, бронхолитиктермен біріктіруге болады.

Орташа тахикардия және артериялық гипотензия дамуы мүмкін болғандықтан, нитроглицеринмен, нифедипинмен, α-адренобөгегіштермен, гипотензиялық препараттармен және шеткергі вазодилататорлармен біріктірген кезде сақ болған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр мен бүйректің созылмалы ауруларына шалдыққан емделушілерге препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде сақ болған жөн.

Мельдоний жедел ағымды коронарлы синдромда алдыңғы қатардағы препарат болып табылмайды.

Дәрілік препараттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Кардионаттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі жөнінде деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: Кардионаттың артық дозалану жағдайлары белгісіз. Препараттың уыттылығы аз, артық дозаланған кезде жағымсыз реакциялар күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Едәуір артық дозаланған жағдайда бауыр мен бүйрек функцияларына бақылау жасаған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

«МАКИЗ-ФАРМА» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

«МАКИЗ-ФАРМА» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нижфарм» АҚ ҚР өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

762738981477977597_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники