Итрацим 100 мг

МНН: Итраконазол
Производитель: Ацино Фарма АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Itraconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122138
Период регистрации: 06.04.2016 - 06.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Итрацим

Халықаралық патенттелмеген атауы

Итраконазол

Дәрілік түрі

100 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: 100 мг итраконазол,

қосымша заттар: қанттың ұсақ түйіршіктері, гидроксипропилметилцеллюлоза, сорбитанстеарат, коллоидты сулы кремнийдің қостотығы,

капсуланың қабығы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), желатин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қызыл түсті, мөлдір емес, ұзынша, өлшемі 0, қатты желатинді капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар.

Триазол туындылары. Итраконазол.

АТХ коды J02AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

СіңуіІшке қабылдағаннан кейін итраконазол тез сіңеді. Плазмада ең жоғары концентрацияға препарат дозасын пероральді түрде қабылдағаннан кейін 2–5 сағаттан соң жетеді. Итраконазолдың фармакокинетикасы дозаға байланысты емес. Итраконазолдың абсолютті биожетімділігі 55%-ға жуықты құрайды, ең жоғары пероральді биожетімділігі капсуланы тамақтан кейін бірден қабылдаған жағдайда білінеді. Препаратты аш қарынға қабылдаған кезде абсолютті биожетімділігі екі есе төмендейді.

Препарат дозасын қайталап қабылдағаннан кейін итраконазол қан плазмасында жиналады. Итраконазол плазмада тепе-тең концентрацияға 15 күн ішінде жетеді. Препаратты күніне бір рет пероральді түрде, күніне бір рет 200 мг дозада немесе күніне екі рет 200 мг дозада қабылдағанда плазмадағы итраконазолдың ең жоғары концентрациясы (Cmax), сәйкесінше, 0,5 мкг/мл, 1,1 мкг/мл немесе 2,0 мкг/мл құрайды.

Итраконазол капсуласының сіңуі асқазан сөлінің қышқылдылығы төмендеген пациенттерде, мысалы, асқазандағы тұз қышқылының секрециясын басатын препараттарды (мысалы, H2-гистаминдік рецепторлардың антагонистері, протонды помпа тежегіштері сияқты) қабылдау аясында, немесе әртүрлі аурулар аясында ахлоргидриясы бар пациенттерде төмендеді. Осындай пациенттерде ашқарынға қабылданған итраконазолдың сіңуі Итрацим препаратын қышқыл сусындармен (рН < 3,0, диеталық емес кола сияқты) бір мезгілде қабылдағанда артады.

Таралуы

Плазмада итраконазолдың тек 0,2%-ы ғана бос түрінде болады. Итраконазолдың басым бөлігі плазма ақуыздарымен байланысқан. Негізгі метаболиті – гидрокси-итраконазолдың 99,6% плазма ақуыздарымен байланыста болады.

Итраконазолдың орташа таралу көлемі > 700 л құрайды, ол оның тіндерде қарқынды түрде таралғанын айқындайды. Итраконазолдың липидтерге аффинділігі айқын болады. Заттардың өкпедегі, бүйректегі, бауырдағы, сүйектегі, асқазандағы, көкбауырдағы және бұлшықеттердегі концентрациялары плазмалық концентрациядан 2–3 есе артық болады.

Жұлын сұйықтығындағы иитраконазолдың концентрациясы ( 2 нг/мл) қан плазмасындағыдан едәуір төмен болады.

Итраконазол аздаған мөлшерде емшек сүтіне бөлініп шығады.

Метаболизмі

Итраконазол бауырда қарқынды метаболизмге ұшырап, көп мөлшерде метаболиттер түзеді. Іn vitro зерттеулер CYP3A4 итраконазолдың метаболизміне қатысатын негізгі изофермент болып табылатындығын көрсетті. Негізгі метаболиті гидроксиитраконазол болып табылады, оның зеңге қарсы in vitro белсенділігі итраконазолдың белсенділігіне ұқсас. Қан плазмасындағы гидроксиметаболит концентрациясы итраконазолдың концентрациясынан шамамен екі есе артық болады.

Шығарылуы

Итраконазол апта ішінде белсенді емес метаболиттер түрінде несеппен (35 %) және нәжіспен (54 %) бірге шығарылады. Өзгермеген итраконазолдың несеппен бірге шығарылуы препараттың көктамырішілік қабылданған дозасының 1%-дан азын құрайды. Нәжіспен бірге шығарылуы 3-тен 18%-ға дейін ауытқиды.

Жалпы клиренсі 278 мл/мин. құрайды. Өте жоғары дозаларды қолданған кезде ол төмендейді, өйткені итраконазолдың бауырдағы метаболизмі қанығу дәрежесімен шектелген. Итраконазолдың бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін ақырғы жартылай шығарылу кезеңі 16-28 сағатты құрайды және дозаны қайталап қабылдағаннан кейін 34–42 сағатқа дейін артады.

Емдеуді аяқтағаннан кейін 7 -14 күн ішінде плазмада итраконазолдың концентрациясы табылу шегіне жақын деңгейге дейін төмендейді. Итраконазолдың мүйізгектенген тіндерден қайта таралуы шамалы болғандықтан, итраконазолдың осы тіндерден шығарылуы эпидермистің регенерация үдерісімен байланысты.

Итраконазолдың терідегі концентрациясы 4 апталық емдеу курсы аяқталғаннан кейін 2–4 апта бойы сақталады. Емдеуді бастағаннан кейін 1 апта өткеннен кейін ғана қол мен аяқ тырнақтарының кератинінде итраконазолдың концентрациясы 3 айлық емдеу курсын аяқтағаннан кейін, ең кемінде, 6 ай бойы сақталады.

2×200 мг доза итраконазолмен 2 сағаттық емдеу аяқталғаннан кейін 3 күннен соң итраконазолдың тиімді емдік концентрацияларын тіпті қынаптың тіндерінен де табуға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр циррозы бар пациенттерде итраконазолды пероральді түрде ұзақ немесе қайталап қолдану жөнінде деректер жоқ.

Фармакокинетикасын зерттеу барысында бауыр циррозы бар 12 пациенттегі және дені сау ерікті 6 адамдағы фармакокинетикалық көрсеткіштер салыстырылды. 100 мг итраконазолды бір реттік қабылдаған кездегі плазмадағы итраконазолдың ең жоғары орташа концентрациясы (Cmax) бауыр циррозы бар пациенттерде, дені сау пациенттердегіге қарағанда, едәуір (47%-ға) төмен болды. Бір реттік дозаны қабылдаған кезде орташа жартылай шығарылу кезеңі бауыр циррозы бар пациенттерде артады және дені сау еріктілердегі 16 сағатпен салыстырғанда 37 сағатты құрайды. Итраконазолдың орташа экспозициясы (AUC) бауыр циррозы бар пациенттер мен дені сау еріктілерде ұқсас болды

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерді емдеу үшін итраконазолды пероральді түрде қолдану жөнінде деректер шектеулі.

Препаратты бір реттік көктамырішілік енгізуден кейін итраконазолдың жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі бүйрек функциясының бұзылуы шамалы (креатинин клиренсі 50-79 мл/мин), орташа (креатинин клиренсі 20-49 мл/мин) немесе айқын (креатинин клиренсі < 20 мл/мин) болатын пациенттерде дені сау адамдардағы осындайға ұқсас (орташа мәндер диапазоны, 48 сағатпен салыстырғанда, бүйрек функциясы бұзылған пациенттер мен дені сау еріктілерде, сәйкесінше, 42-49 сағат). Итраконазолдың жалпы экспозициясы (AUC) бүйрек функциясының орташа және айқын бұзылулары бар пациенттерде, бүйрек функциясы бұзылмаған пациенттермен салыстырғанда, сәйкесінше, шамамен 30%-ға және 40%-ға төмендеді.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде итраноазолды пероральді түрде қайталап немесе ұзақ қолдану жөнінде деректер жоқ. Гемодиализ немесе ұзақ перитонеальді диализ жүргізу итраконазолдың жартылай шығарылу кезеңіне немесе клиренсіне ықпалын тигізбейді.

Балалар және жасөспірімдер

6 айлықтан бастап 16 жасқа дейінгі балалардағы фармакокинетикасын клиникалық зерттеу итраконазол капсулаларын, ішке қабылауға арналған ерітіндісін және көктамырішілік енгізуге арналған бір реттік 2,5 мг/кг доза ерітіндісін қолданып жүргізілді. Итраконазолдың AUC көрсеткіштерінде және оның жалпы клиренсінде жасқа байланысты елеулі айырмашылықтар тіркелген жоқ. Сирек жағдайларда пациенттердің жасы мен препараттың таралу көлемі, Cmax және ақырғы жартылай шығарылу кезеңінің мәндері арасында аздаған өзара байланыс байқалды. Итраконазолдың анықталған клиренсі мен оның таралу көлемі пациенттердің дене салмағына байланысты болады.

Балаларда пероральді итраконазолдың фармакокинетикасы жөнінде деректер шектеулі.

Фармакодинамикасы

Итраконазол зеңге қарсы синтетикалық дәрі болып табылады және триазолдар класына жатады. Итраконазолдың зеңге қарсы әсері зең жасушалары жарғақшаларында эргостерол биосинтезінің селективті тежелуі болып табылады, ол жарғақша өткізгіштігінің өзгеруіне әкеледі де соның салдары ретінде зең жасушалары қырылады.

Итраконазол дерматофиттердің, ашытқы зеңдердің, Aspergillus зеңдерінің және зеңдердің әртүрлі басқа да патогендік түрлерінің өсуін тежейді. Итраконазолмен тежелмейтін зеңдердің негізгі түрлеріне Zygomycetes (мысалы, Rhizopus spp., Rhizomucor spp., Mucor spp. және Absidia spp.), Fusarium spp., Scedosporium proliferans және Scopulariopsis spp. жатқызуға болады.

Итраконазолдың зеңге қарсы in vitro белсенділігі:

Ең төмен тежегіш концентрацияны (ЕТТК) анықтау сұйылту әдісінің жәрдемімен жүргізілді. Pityrosporum ovale ортасы ретінде Диксон агары, қалған барлық зеңдер үшін – жүрек-ми сығындысы бар сорпа пайдаланылды. Өсірінділер 2 апта бойы 25°C (зеңдер) немесе 37°C температурада (ашытқылар) инкубацияланды. ЕТТК90 – талданатын штаммдардың өсуі едәуір (≥ 90%) тежелетін концентрация. Іn vitro белсенділіктің емдеу нәтижесіне қатынасы өте шектеулі.

Сезімталдығы

Өте сезімтал: ЕТТК90 ≤ 1 мкг/мл (++); орташа сезімтал: ЕТТК90 > 1 мкг/мл және < 10 мкг/мл (+); сезімтал емес: ЕТТК90 >10 мкг/мл (0). 

Тегі

Түрлері

Штаммдар саны

ЕТТК90 ≤мл

Сезімталдығы

Дерматофиттер

     

 

Epidermophyton

Microsporum

Trichophyton

Trichophyton

floccosum

spp

mentagrophytes

rubrum

10

50

48

127

0,01

0,1

1

0,1

++

++

++

++

Басқалары

     

 

Trichophyton, басқа түрлері

spp

36

0,1

++

Ашытқылар

     

 

Candida

Candida

Candida

Candida

Candida

Candida, басқа түрлері

Candida, басқа түрлері

Cryptococcus

Pityrosporum

Pityrosporum

albicans

glabrata

krusei

tropicalis

parapsilosis

spp

spp17 түрі

neoformans

pachydermatis

ovale

1076

159

43

68

65

62

1592

27

18

22

1

0,1

1

0,1

1

1

1

0,1

0,01

0,1

++

++

++

++

++

++

++

++

++

++

Диморфты зеңдер

     

 

Blastomyces

Histoplasma

Paracoccidioides

Sporothrix

Chromoblastomykosen (1)

dermatitidis

capsulatum

brasiliensis

schenckii

3

1

5

12

16

0,1

0,01

0,01

0,1

0,1

++

++

++

++

++

Зеңді зеңдер/эумицеттер

     

 

Aspergillus

Aspergillus

fumigatus

niger

66

5

1

100

++

Басқалары

     

 

Aspergillus

Dematiaceae (2)

Fusarium

Hendersonula

Absidia

Mucor

Pseudoallescheria

Rhizopus

Scopulariopsis

Trichosporon

spp

spp

toruloidea

corymbifera

spp

boydii

spp

brevicaulis

beigelii

16

14

8

3

3

3

4

3

14

7

1

0.1

> 100

100

1

100

1

100

> 100

1

++

++

++

++

++

Актиномицеттер

     

 

Actinomadura

Actinomyces

Nocardia

Басқалары

spp

israelii

spp

spp

2

2

3

10

100

> 100

> 100

> 100

0

(1) Cladosporium carrionii, Fonsecaea түрлері, Phialophora verrucosa

(2) Exophiala jeanselmei, Cladosporium түрлері, Phaeoannellomyces werneckii, Aureobasidium pullulans, Alternaria alternata, Helminthosporium solani, Curvularia species, Piedraia hortae, Bipolaris hawaiiensis.

Резистенттіліктің дамуы

Итраконазолға резистентті Aspergillus fumigatus штаммдары жөнінде мәлімделді. Азолдарға төзімділіктің даму механизмдері, сондай-ақ резистентті штаммдардың таралуы ақырына дейін анықталмады. Зеңге қарсы азолды қатардың препараттарына резистенттілік баяу дамиды, көбіне бірнеше генетикалық мутациялардың салдары болып табылады. Анықталған даму механизмдері нысаны фермент 14α­-деметилазаны кодтайтын ERG11 генінің шамадан тыс синтезін, препараттың нысаналарға және/немесе тасымалдаушының шамадан тыс синтезіне ұқсастығының төмендеуіне әкелетін ERG11 нүктелік мутацияларды қамтиды, бұл эффлюкстің жоғарылауына әкеп соғады. Candida spp. түрлерінде азол қатары препараттарының жекелеген өкілдерінің арасында айқаспалы резистенттілік анықталды, дегенмен, кластың бір өкіліне резистенттілік басқа препараттарға міндетті түрде резистенттілік болатынын көрсетпейді.

Қолданылуы

- вульвовагинальді кандидозда

- кебекті теміреткіде

- дерматомикоздарда (шап, денеде, Аяқ, қол саусақтарының дерматомикозы)

- ауыз қуысының кандидозында

- онихомикозда

- гистоплазмозда (менингиттік емес)

- аспергиллезде, стандартты емдеу тиімді болмаған немесе жағымдылығы нашар болған жағдайларда балама ретінде

- бластомикозда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Итрацим капсуласының оңтайлы сіңірілуі үшін тойып тамақтанғаннан кейін дереу қабылдау керек. Капсула тұтастай жұтылуы керек.

Әдеттегі дозасы

Дерматомикоздар

Дене дерматомикозы, шап дерматомикозы: күніне бір рет 1 капсула, емдеу ұзақтығы – 2 апта.

Аяқ, қол саусақтарының дерматомикоздары: күніне бір рет 1 капсула, емдеу ұзақтығы – 4 апта.

Кебекті теміреткі: күніне бір рет 2 капсула, емдеу ұзақтығы – 1 апта.

Ауыз-жұтқыншақ кандидозы: күніне бір рет 1 капсула, емдеу ұзақтығы – 2 апта.

Онихомикоз: пульс-терапия немесе үздіксіз ем.

Пульс-терапия: бір апта бойы күніне екі рет Итрацим препаратын 2 капсуладан, содан кейін емдеуде 3 апта үзіліс жасаған жөн. Саусақтардағы тырнақ пластинкаларының зеңдік зақымдануларын емдеу үшін 2 курс пульс-терапия ұсынылады. Аяқтағы тырнақ пластинкаларының зеңдік зақымдануларын емдеу үшін 3 курс пульс-терапия ұсынылады.

Үздіксіз ем: қол саусақтарындағы тырнақ пластинкалары зақымданған немесе зақымданбаған, бірақ Аяқтың тырнақ пластинкалары зақымданғанда күніне бір рет Итрацим препаратын 2 капсуладан қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы 3 айды құрайды.

Итраконазолдың теріден және тырнақ тінінен шығарылуы қан плазмасындағыға қарағанда баяуырақ жүреді. Сондықтан емдеудің оңтайлы клиникалық және микологиялық нәтижелеріне дерматомикоздар жағдайында емдеу аяқталғаннан кейін 2–4 апта ішінде және тырнақ инфекцияларын емдеу аяқталғаннан кейін 6–9 ай ішінде қол жетеді.

Вульвовагинальді кандидоз: дәрігерге баратын күні –тамақ ішіп болғаннан кейін 2 капсула, келесі күні алғашқы тамақ ішуден кейін 2 капсула.

Аспергиллез: күніне бір рет 2 капсуладан. Аурудың инвазиялық немесе диссеминацияланған түрінде дозаны күніне екі рет (таңертең және кешке) қабылданатын 2 капсулаға дейін арттыру керек, емдеу ұзақтығы – 2-5 ай.

Гистоплазмоз (менингиттік емес): күніне бір-екі рет (таңертең және кешке) 2 капсуладан, емдеу ұзақтығы – 8 ай.

Бластомикоз: күніне бір рет 1 капсуладан немесе күніне екі рет (таңертең және кешке) 2 капсуладан, емдеу ұзақтығы – 6 ай.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар және жасөспірімдер

Итрацим препаратын балаларды және жасөспірімдерді емдеу үшін қолдану жөніндегі деректер шектеулі. Итрацим препараты бала жастағы пациенттерге тағайындалмауы тиіс. Жасөспірімдерде де препаратты қолдану, емдеуден күтілетін пайдасы потенциалды қаупінен басым болған жағдайлардан басқасында, ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Итрацим препаратын егде жастағы пациенттерді емдеу үшін қолдану жөнінде клиникалық деректер шектеулі болғандықтан, оны егде жастағы пациенттерге, емдеуден күтілетін пайда ықтимал қаупінен басым болған жағдайлардан басқасында, ұсынылмайды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы

Итраконазолды бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерді емдеу үшін пероральді түрде қолдану жөнінде деректер шектеулі. Итраконазолдың әсер ету дәрежесі бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар кейбір пациенттерде төмен болуы мүмкін. Бұл препаратты осы санаттағы пациенттерге тағайындаған кезде аса сақтық таныту қажет (Фармакокинетикасы» бөлімін, «Пациенттердің ерекше топтары» бөлімшесін қараңыз).

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы

Итраконазолды бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерді емдеу үшін пероральді түрде қолдану жөнінде деректер шектеулі. Пациенттердің қарастырылған тобын емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс (Фармакокинетикасы» бөлімін, «Пациенттердің ерекше топтары» бөлімшесін қараңыз).

Антацидтік препараттарды бір мезгілде қабылдау

Асқазан қышқылдылығының төмендеуі Итрацим препаратының құрамындағы итраконазолдың сіңуін бұзады («Айрықша нұсқаулар», «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» және «Фармакокинетикасы» бөлімін, «Сіңуі» бөлімшесін қараңыз). Итрацимді асқазанның қышқылдылығын төмендететін, мысалы, антацидтер, Н2-рецепторларының антагонистері немесе протонды помпа тежегіштері сияқты дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттер Итрацим капсуласын рН<3,0 болатын қышқыл сусындармен (мысалы, диеталық емес кола) бір мезгілде қабылдағаны жөн. Диеталық коланың рН мәні басқа сусындармен салыстырғанда өте жоғары болады, сондықтан осы мақсат үшін қолдануға жарамдылығы азырақ болады. Тұз қышқылын бейтараптандыруға арналған дәрілік препараттарды (мысалы, алюминий гидроксидін) Итрацим препаратын қабылдаудан кем дегенде 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін кем дегенде 2 сағаттан соң қабылдаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Итрацим препаратын қолдануға жүргізілген клиникалық сынақтар және/немесе кездейсоқ алынған мәлімдемелер нәтижесінде білінген өте жиі пайда болатын жағымсыз әсерлер бастың ауыруы, іштің ауыруы және жүректің айнуы болды. Өте ауыр жағымсыз әсерлер ауыр аллергиялық реакциялар, жүрек функциясының жеткіліксіздігі/ жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі/өкпенің ісінуі, панкреатит, ауыр гепатоуыттылық (соның ішінде өліммен аяқталған бауыр функциясы жедел жеткіліксіздігінің жекелеген жағдайлары) және ауыр тері реакциялары болды.

Жағымсыз әсерлер төмендегі тізімде жүйелік-ағзалық класқа және олардың пайда болу жиілігіне байланысты берілген. Жекелеген жағымсыз реакциялардың бірігуі және, әсіресе, олардың пайда болу жиілігі итраконазолдың дәрілік түріне және қолдану көрсетілімдеріне байланысты болады. Алғашқы тізімде капсулаларды қолданған кезде байқалған жағымсыз реакциялар берілген. Басқа дәрілік түрлерін қолданған кезде пайда болған жағымсыз реакциялар екінші тізімде берілген.

Пайда болу жиілігі:

өте жиі: ≥ 1/10, жиі: ≥ 1/100, < 1/10; жиі емес: ≥ 1/1000, < 1/100; сирек: ≥ 1/10 000, < 1/1000; өте сирек: < 1/10 000.

Инфекциялар

Жиі емес: жоғары тыныс жолдарының инфекциялары.

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар

Сирек: лейкопения.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес: аса жоғары сезімталдық.

Сирек: анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар, ангионевроздық ісіну, сарысу құю ауруы.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Сирек: гипертриглицеридемия.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі: бас ауыру.

Жиі емес: бас айналу.

Сирек: парестезия, дисгевзия, гипестезия, тремор.

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Сирек: көрудің жіті болмауы және анық болмауы, диплопия.

Есту мүшесі тарапынан бұзылулар

Сирек: құлақтың шыңылдауы, естуден уақытша немесе тұрақты түрде айырылу.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек: жүрек функциясының бұзылуы, кейбір жағдайларда – жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі дәрежесіне дейін.

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек: ентігу.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі: жүректің айнуы, іштің ауыруы

Жиі емес: диспепсия, диарея, іш қату, метеоризм, құсу.

Сирек: панкреатит.

Бауыр және өт қалтасы тарапынан бұзылулар

Жиі емес: бауыр функциясының бұзылуы

Сирек: гипербилирубинемия, ауыр гепатоуыттылық (өліммен аяқталатын бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігінің жекелеген жағдайларын қоса).

Тері тарапынан бұзылулар

Жиі емес: бөртпе, есекжем, қышыну.

Сирек: уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жайылған жедел экзантематозды пустулез, көп формалы эритема, эксфолиативті дерматит, лейкоцитокласттық васкулит, алопеция, фотосезімталдық.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Сирек: поллакиурия.

Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар

Жиі емес: етеккір оралымының бұзылулары.

Сирек: эректильді дисфункция.

Жалпы бұзылулар және енгізген жерде өзгерулер

Сирек: ісіну.

Қаңқа-бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек: қанда креатинфосфокиназаның артуы.

Төменде итраконазолдың басқа дәрілік түрлерін қабылдаумен байланысты болған жағымсыз реакциялардың тізімі берілген.

Қан түзу және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар: гранулоцитопения, тромбоцитопения.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: анафилактоидтық реакциялар.

Зат алмасу тарапынан бұзылулар: гипергликемия, гиперкалиемия, гипокалиемия, гипомагниемия.

Психиканың бұзылулары: сананың шатасуы.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: шеткергі нейропатия, ұйқышылдық.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар: тахикардия, артериялық гипертензия, артериялық гипотензия.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысындағы ағзалар және көкірек тарапынан бұзылулар: өкпенің ісінуі, дисфония, жөтел.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: асқазан-ішек бұзылыстары.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: гепатит, сарғаю.

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: гипергидроз.

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар: миалгия, артралгия.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, несепті ұстай алмау.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: ауыру (мысалы, кеуденің ауыруы), гипертермия, шаршау, қалтырау.

Балалар және жасөспірімдер

Клиникалық сынақтар барысында алынған қауіпсіздігі жөнінде талдап қорытылған деректерді негізге алсақ, пациенттердің осы тобында өте жиі кездесетін жағымсыз реакциялар бас ауыру, іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу және диарея болды. Жалпы, балалар популяциясындағы жағымсыз жанама реакциялардың сипаты ересек пациенттерде байқалғандарға ұқсас, бірақ аурудың пайда болу жиілігі балаларда жоғары.

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі өзгерістер

Жиі емес: жайылған ісінулер, беттің ісінуі, кеуденің ауыруы, шаршау, қалтырау

Сирек: дене температурасының жоғарылауы.

Зертханалық көрсеткіштер және құрал-жабдықтармен зерттеу нәтижелеріне ықпалы: қан плазмасындағы аланинаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, қан плазмасындағы лактатдегидрогеназа белсенділігінің жоғарылауы, қан мочевинасы концентрациясының жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, несепті жалпы талдау көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Итраконазолға немесе қандай да болсын қосымша заттарына жоғары сезімталдық .

  • CYP3A4 субстраттарын бір мезгілде қабылдау. Жоғарыда көрсетілген препараттардың қан плазмасындағы жоғары концентрациясы, итраконазолмен бірге қолданылғандықтан, жағымсыз әсерлерді күшейтуі және өмірге қатер төндіретін жағдайлардың туындауын күшейтуі мүмкін. Мысалы, жоғарыда көрсетілген препараттардың қан плазмасындағы жоғары концентрациясы QT аралығының артуына, сондай-ақ "пируэт" типті қарыншалық тахиаритмия немесе өлімге әкелетін аритмия жағдайларын қоса, қарыншалық аритмияға әкеп соғуы мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Осының салдары ретінде,

  • дронедарон, хинидин, ивабрадин, ранолазин сияқты аритмияға қарсы кейбір препараттармен бірге

  • ловастатин және симвастатин сияқты ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен бірге

  • дигидроэрготамин, эргометрин (эргоновин), эрготамин және метилэргометрин (метилэргоновин) сияқты қастауыш алкалоидтарымен бірге

  • сертиндол, кветиапин, триазолам және пероральді мидазолам сияқты кейбір психофармакологиялық препараттармен бірге

  • лерканидипин, нисолдипин сияқты кальций өзектерінің блокаторларымен бірге

  • бүйрек және бауыр функцияларының жеткіліксіздігі бар пациенттерде колхицинмен бірге

  • мизоластин, эплеренон сияқты басқа препараттармен бірге Итрацим препаратын қолдану қарсы көрсетілімде.

  • Итрацим капсулаларын қарыншалар функциясының бұзылу белгілері бар пациенттерге, атап айтқанда жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі (ЖІЖ) бар болғанда немесе сыртартқысында ЖІЖ жөнінде деректер бар болғанда, өмірге қауіпті немесе басқа да ауыр инфекцияларды емдеуді қоспағанда, егер мұндайда балама емді пайдалану мүмкіндігі болмаса («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

  • Жүктілік және емшек емізу, өмірге қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда («Айрықша нұсқаулар» бөлімін, «Жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану» бөлімшесін қараңыз).

  • Бала туа алатын жастағы әйелдер Итрацим препаратымен емдеу кезінде, сонымен қатар емдеуді аяқтағаннан кейін бүтін бір етеккір оралымы кезінде (яғни 5–7 апта ішінде) контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалануы тиіс.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Итраконазол көбіне CYP3A4 изоферментімен метаболизденеді. Осы изоферменттің қатысуымен метаболизденетін немесе оның белсенділігін өзгертетін басқа да дәрілік заттар (фермент индукторлары және тежегіштері) итраконазолдың фармакокинетикасына ықпалын тигізуі мүмкін. Осыған ұқсас, итраконазол осы ферменттің қатысуымен метаболизденетін дәрілік заттардың фармакокинетикасына да ықпалын тигізуі мүмкін. Итраконазол CYP3A4 изоферментінің және P-гликопротеиннің күшті тежегіштеріне жатады. Итраконазолды басқа дәрілік заттармен бірге пайдаланғанда препараттың метаболизмі тәсілін түсіндіру және оның дозасын өзгерту қажеттілігі жөніндегі мәселені шешу үшін қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығу ұсынылады.

Қан плазмасында итраконазолдың концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік препараттар

Бірге қолданған кезде кейбір препараттар итраконазолдың фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін және керісінше («Итраконазолмен бірге пайдаланған кезде қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін дәрілік заттар» қараңыз).

Итраконазолды CYP3A4 изоферментінің күшті индукторларымен бірге қолдану итраконазолдың және гидроксиитраконазолдың биожетімділігін 60-90%-ға төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл емдеудің тиімді болмауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан итраконазолды ферменттің күшті индукторларымен бірге қолдану ұсынылмайды. Егер осындай препараттарды бір мезгілде қабылдамасқа болмаса, итраконазолдың зеңге қарсы бесенділігін бақылау ұсынылады. Емдеу тиімділігіндегі төмендеудің кез келген себептері байқалған кезде зеңге қарсы балама дәрі тағайындау қажет. Итраконазолды қабылдауды бастағанға дейінгі екі апта ішінде CYP3A4 күшті индукторларын тағайындауға жол бермеу ұсынылады, керісінше жағдайда итраконазолға балама зеңге қарсы дәрі тағайындаған жөн. Мысалға келесі препараттар камтылады:

• Бактерияларға қарсы дәрілер: изониазид, рифабутин, рифампицин.

• Құрысуға қарсы препараттар: карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин.

• Вирустарға қарсы препараттар: эфавиренз, невирапин.

• Тағы басқалар: шайқурай (Hypericum perforatum) препараттары.

Асқазан сөлінің қышқылдылығын төмендететін дәрілік препараттар (мысалы, алюминий гидроксиді), немесе тұз қышқылының секрециясын басатын дәрілер (H2-гистаминдік рецепторлардың антагонистері және протонды помпа тежегіштері сияқты) Итрацим препаратының сіңуін бұзады. Осы дәрілік препараттарды Итрацим препаратымен біріктіргенде сақтықпен қолдану ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Ранитидиннің H2-гистаминдік рецепторларының антагонистерімен алдын ала қабылдағаннан кейін Итрацим капсуласын 200 мг дозада, бір рет, ашқарынға, диеталық емес коламен бірге қабылдағанда итраконазолдың сіңуі тек осы препаратты ғана қабылдаған кездегі Итрацимнің сіңуімен ұқсас болды («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Қан плазмасында итраконазолдың концентрациясын арттыруы мүмкін дәрілік препараттар

Итраконазолды және CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерін бір мезгілде қабылдау итраконазолдың биожетімділігінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл дәрілік препараттарды Итрацим препаратымен бірге сақтықпен пайдалану ұсынылады. Итраконазолды CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен бірге қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын, итраконазолдың емдік әсерлерінің күшею немесе ұзаққа созылу белгілерін дер кезінде анықтау үшін, мұқият бақылау ұсынылады. Қажет болған кезде итраконазолдың дозасы төмендетілуі мүмкін. Мүмкіндігінше қан плазмасындағы итраконазол концентрациясын бақылау ұсынылады.

CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерінің мысалдары:

• Бактерияларға қарсы дәрілер: ципрофлоксацин, кларитромицин, эритромицин.

• Вирустарға қарсы дәрілер: ритонавирмен күшейген дарунавир, ритонавирмен күшейген фосампренавир, индинавир, ритонавир.

Қан плазмасындағы концентрациясы итраконазолмен бірге пайдаланғанда артуы мүмкін дәрілік заттар

Итраконазол және оның негізгі метаболиті гидроксиитраконазол CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін дәрілік препараттардың метаболизмін бұзуы және P-гликопротеиннің әсер етуімен препараттардың тасымалдануына кедергі жасауы мүмкін. Бұл итраконазолмен бірге қабылдаған кезде осы дәрілік препараттардың және/немесе олардың белсенді метаболиттерінің плазмалық концентрацияларының артуына әкеп соғуы мүмкін. Плазмалық концентрациялардың жоғарылауы, өз кезегінде, осы дәрілік заттардың емдік те, сонымен қатар жағымсыз да әсерлерін күшейтуі немесе ұзаққа созуы мүмкін. Төмендегі кестеде тиісті белсенді заттардың тізімі берілген. Сонымен, кейбір препараттардың концентрацияларын арттыру QT аралығының артуына және, "пируэт" типті қарыншалық тахикардия жағдайларын қоса, қарыншалық тахиаритмияларға әкеп соғуы мүмкін. Емдеуді аяқтағаннан кейін итраконазолдың плазмалық концентрациясы, препараттың дозасына және емдеу ұзақтығына байланысты, 7-ден 14 күн ішінде іс жүзінде белгілі емес шамаға дейін төмендейді. Нәтижесінде бірге қолданылатын CYP3A субстраттарының плазмалық концентрациясы да біртіндеп төмендейді. Осы себепті итраконазолды емдеу аясы тар дәрілік заттармен (циклоспорин сияқты) бірге қолданғанда плазмадағы осы заттардың концентрацияларын бақылаған және, қажет болғанда, итраконазолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін олардың дозасын өзгерткен жөн.

Бауыр циррозы бар немесе CYP3A4 ферментінің тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде препарат концентрациясының төмендеуі, тіпті, өте баяу болуы мүмкін. Бұл әсіресе метаболизміне итраконазол ықпал ететін дәрілік препараттарды пайдаланып ем жүргізуді бастаған кезде аса маңызды.

Өзара әрекеттесетін дәрілік заттар келесі санаттарға бөлінеді:

- «Қолдануға болмайтын жағдайлар»: қандай жағдайда да осы дәрілік препаратты итраконазолмен біріктіріп және итраконазолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін екі апта ішінде қолдануға болмайды.

- «Ұсынылмайды»: метаболизмі итраконазолға ықпалын тигізетін осы дәрілік затты, итраконазолмен емделу кезінде және күтілетін пайдасы ем жүргізумен байланысты потенциалды қаупінен басым болатын жағдайларды қоспағанда, итраконазолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін екі апта ішінде қолдануға жол бермеу ұсынылады.

- «Сақтықпен пайдалану керек»: дәрілік препаратты итраконазолмен бірге пайдаланғанда препараттың жағымсыз әсерлерінің күшею немесе ұзаққа созылу симптомдарын және белгілерін дер кезінде анықтау мақсатында пациенттің жағдайына мұқият мониторинг жүргізу, сондай-ақ өзара әрекеттесуші препараттардың плазмалық концентрациясын бақылау қажет. Кейбір жағдайларда тиісті препараттардың дозасын түзету қажет (тиісті препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Төменде плазмалық концентрациясы итраконазолдың әсер етуімен артуы мүмкін дәрілік заттардың мысалдары берілген. Препараттар класс бойынша бөлінген, сондай-ақ итраконазолмен бірге қолдану жөнінде нұсқаулар беріледі:

Дәрілік заттар класы

Қолдануға болмайды

Ұсынылмайды

Сақтықпен пайдалану керек

Есірткілік анальгетиктер

 

фентанил,

метадон

алфентанил,

бупренорфин к/і және сублингвальді түрде енгізуге арналған,

оксикодон,

суфентанил

Аритмияға қарсы дәрілер

дронедарон,

хинидин

 

Дигоксин

Бактерияларға қарсы және вирустарға қарсы препараттар

 

Рифабутина,

симепревир

маравирок,

индинавирb,

ритонавирb,

саквинавир

Антикоагулянттар және антиагреганттар

 

ривароксабан

апиксабан,

кумарин,

дабигатран

Құрысуға қарсы препараттар

 

карбамазепинa

 

Диабетке қарсы препараттар

   

репаглинид,

саксаглиптин

Бас сақинасына қарсы дәрілер

қастауыш алкалоидтары: дигидроэрготамин, эргометрин, эрготамин,

метилэргометрин

элетриптан

 

Ісікке қарсы препараттар

 

дазатиниб,

нилотиниб,

сунитиниб, трабектедин, иринотекан,

лапатиниб

бортезомиб,

бузульфан,

доцетаксел,

эрлотиниб,

иксабепилон,

қабыршөп алкалоидтары

Нейролептиктер, анксиолитиктер

мидазолам пероральді қабылдауға арналған,

сертиндол, триазолам,

кветиапин

алпразолам

арипипразол,

галоперидол,

мидазолам көктамырішілік енгізуге арналған,

рисперидон

Кальций өзектерінің блокаторлары

лерканидипин,

нисолдипин

 

басқа да дигидропиридиндер, верапамилді қоса

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін басқа да препараттар

ивабрадин,

ранолазин

алискирен

риоцигуат,

надолол

Диуретиктер

эплеренон

   

Асқазан-ішек жолының ағзаларына ықпалын тигізетін препараттар

   

апрепитант,

домперидон

Иммуносупрессанттар

 

эверолимус, сиролимус, темсиролимус

циклоспорин, дексаметазон,

метилпреднизолон,

такролимус,

ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері

ловастатин,

симвастатин

 

аторвастатин

Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеу үшін қолданылатын препараттар

 

сальметерол

будесонид,

циклесонид,

флутиказон

СКҚСТ, үш циклдік және басқа да антидепрессанттар

   

ребоксетин

Урологияда пайдаланылатын препараттар

 

варденафил,

тамсулозин

фезотеродин,

силденафил,

солифенацин,

тадалафил,

толтеродин

Басқалары

эплеренон,

мизоластин

 

алитретиноин (пероральді түрде қабылдауға арналған дәрілік түрлер),

биластин,

цинакальцет

a Сондай-ақ «Итраконазолдың плазмалық концентрациясының төмендеуіне мүмкіндік беретін дәрілік препараттар» бөлімін қараңыз.

b Сондай-ақ «Итраконазолдың плазмалық концентрациясының артуына мүмкіндік беретін дәрілік препараттар» бөлімін қараңыз.

Плазмалық концентрациясы итраконазолдың әсерінен төмендеуі мүмкін препараттар

Итраконазолды қабынуға қарсы стероидты емес препарат мелоксикаммен бір мезгілде қолдану плазмада мелоксикамның концентрациясын 37%/64%-ға төмендетуі мүмкін. Осы өзара әрекеттесудің механизмі белгісіз.

Плазма ақуыздарымен байланысуына ықпалы

Итраконазол плазма ақуыздарымен келесі белсенді заттардың in vitro байланысуына ықпалын тигізбейді: имипрамин, пропранолол, диазепам, циметидин, индометацин, толбутамид, сульфаметазин.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Итраконазолды және кальций өзектерінің блокаторларын бірге қолданғанда, жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупінің жоғары болуына байланысты, сақтық танытқан жөн. Метаболиздейтін CYP3A4 ферменті қатысатын ықтимал фармакокинетикалық өзара әрекеттесулермен қатар, кальций өзектерінің блокаторлары теріс инотроптық әсер беруі мүмкін, ол итраконазолдың теріс инотроптық әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Айқаспалы аса жоғары сезімталдық реакциялары

Итраконазолдың және зеңге қарсы азолды қатардың басқа да препараттарының арасында айқаспалы аса жоғары сезімталдықтың даму ықтималдылығы жөнінде деректер жоқ. Басқа азолдарға аса жоғары сезімталдық бар болғанда Итрацим препаратын сақтықпен тағайындаған жөн.

Жүрекке ықпалы

Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулерде итраконазолды көктамыр ішіне енгізгеннен кейін сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының симптомсыз уақытша төмендеуі байқалды. Келесі инфузия уақытында бұл көрсеткіш қалпына келді. Осы бақылаудың клиникалық маңыздылығы препараттың пероральді дәрілік түрлері үшін белгісіз. Қолда бар деректер бойынша, итраконазолдың теріс инотроптық әсері бар, ал Итрацим препаратымен емделу аясында жүрек функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары мәлімделді. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі препараттың жалпы тәуліктік 400 мг доза препаратпен емдеу жөніндегі кездейсоқ мәлімдемелерде өте төмен жалпы тәуліктік дозалармен емдеу жөніндегі мәлімдемелермен салыстырғанда жиі айтылды, ол итраконазолдың жалпы тәуліктік дозасымен жүрек функциясының жеткіліксіздігінің қаупі жоғарылайды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Итрацим препараты жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар немесе жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігін басынан кешкен, осылай емдеудің пайдасы оның қаупінен сөзсіз басым болатын жағдайлардан басқасында, ұсынылмайды.

Пайдасы мен қаупінің арақатынасына баға бергенде Итрацимді қолдануға байланысты аурудың ауырлығы сияқты факторларды, препаратты дозалау режимін (яғни тәуліктік дозасын) және жүрек функциясының жеткіліксіздігін туындататын жекелей қауіп факторларын есепке алған жөн. Оларға жүрек аурулары (атап айтқанда жүректің коронарлық және клапандық аурулары), өкпе аурулары (атап айтқанда өкпенің созылмалы обструктивті аурулары), бүйрек функциясының жеткіліксіздігі және ісінудің пайда болуын туындататын басқа да аурулар жатады. Мұндай пациенттерге жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдары жөнінде алдын ала ескертілуі тиіс және емдеу кезінде ерекше көңіл бөлуді және оны жүргізу кезінде жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі симптомдарын бақылауды қажет етеді. Осындай симптомдар пайда болған кезде Итрацим препаратын қабылдауды тоқтату керек. Кальций өзектері блокаторларының теріс инотропты әсерге иеленген, ол осы препараттарды бір мезгілде тағайындағанда итраконазолдың тиісті әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, итраконазол кальций өзектері блокаторларының метаболизмін тежейді. Осылайша, ЖІЖ даму қаупінің жоғарылауына байланысты, итраконазолмен және кальций өзектерінің блокаторларымен бір мезгілде емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Бауырға ықпалы

Өте сирек жағдайларда итраконазолды қолдану, өліммен аяқталатын бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігінің жекелеген жағдайларын қоса, ауыр гепатоуыттылықтың дамуын туындатты. Осындай жағдайлардың көбісі бұрын бауыр ауруы болған пациенттерде, жүйелік көрсетілімдері бойынша Итрацим қабылдаған науқастарда, сондай-ақ басқа да маңызды аурулары бар және/немесе гепатоуытты әсері бар дәрілік препараттарды қабылдаған пациенттерде байқалды. Алайда, кейбір пациенттерде бауыр тарапынан көзге көрінетіндей қауіп факторлары болған жоқ. Осындай жағдайлардың кейбіреулері емдеудің алғашқы айы ішінде, соның ішінде алғашқы аптасында байқалды.

Итрацим препаратымен емдеу аясында бауыр функциясын бақылаған жөн. Пациенттерге гепатиттің дамығанын болжайтын тәбеттің жоғалуы, жүректің айнуы, құсу, қатты қажу, іштің ауыруы немесе несеп түсінің қараюы сияқты симптомдардың пайда болатыны алдын ала ескертілуі тиіс. Мұндай жағдайларда Итрацим препаратын қабылдауды дереу тоқтату және бауыр функциясына баға беру қажет.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Итраконазолды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қолдану жөнінде деректер шектеулі («Фармакокинетикасы» бөлімін, «Пациенттердің ерекше топтары» бөлімшесін қараңыз). Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған немесе белсенді фазадағы бауыр аурулары бар пациенттерге, сондай-ақ сыртартқысында басқа да дәрілік заттарға гепатоуытты реакциялары бар пациенттерге, күтілетін пайдасы қаупінен басым жағдайлардан басқасында, Итрацим препаратымен ем тағайындау ұсынылмайды. Мұндай пациенттерде бауыр ферменттерінің деңгейі бақылауды қажет етеді. Бауыр функциясы жеткіліксіздігінің басқа түрлері бар пациенттерді Итрацим препаратымен емдеу бауыр функциясын бақылау аясында ғана жүргізілуі тиіс.

QT аралығына ықпалы

CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін дәрілік препараттар QT аралығын арттыруға қабілетті. Осы дәрілік препараттарды Итрацим капсулаларымен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені "пируэт" типті қарыншалық тахикардия немесе өлімге әкелетін аритмия жағдайларын қоса, қарыншалық тахиаритмияға әкеп соғуы мүмкін

Асқазан сөлі қышқылдылығы төмендеуінің ықпалы

Асқазан қышқылдылығының төмендеуі итраконазолдың Итрацим капсулаларынан сіңуінің бұзылуына әкеледі. Антацидтік дәрілер сияқты асқазан сөлінің қышқылдылығын төмендететін дәрілік препараттарды (мысалы, алюминий гидроксиді), немесе тұз қышқылының секрециясын басатын дәрілерді (мысалы, Н2-гистаминдік рецепторларының антагонистері және протонды помпа тежегіштері) Итрацим препаратымен біріктіруді сақтықпен қолдану ұсынылады. Мұндай жағдайларда Итрацим капсулаларын рН<3,0 болатын қышқыл сусындармен бір мезгілде қабылдау ұсынылады.

Итрацим капсулаларын асқазанның қышқылдылығын төмендететін препараттармен бір мезгілде қабылдағанда, сондай-ақ генезі әртүрлі ахлоргидриясы бар пациенттерде препараттың зеңге қарсы белсенділігін мұқият бақылаған жөн. Ол тиімсіз болған жағдайда зеңге қарсы баламалы препаратты тағайындаған жөн.

Педиатриялық іс-тәжірибеде қолдану

Итрацим препаратын балаларда және жасөспірімдерде клиникалық қолдану жөнінде ақпараттар көлемі шектеулі болғандықтан, препаратты пациенттердің осы тобына, емдеуден күтілетін пайда потенциалды қаупінен басым болған жағдайда ғана, тағайындау ұсынылады.

Егде жаста қолдану

Итраконазолды егде жастағы пациенттерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі. Итрацим препаратын потенциалды пайдасы потенциалды қаупінен басым болған жағдайда ғана тағайындау ұсынылады. Жалпы, пациенттердің осы тобында дозаны түзету қажеттілігіне баға беру ұсынылады, өйткені егде жастағы адамдарда бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының төмендеуі, сондай-ақ қатар жүретін аурулар және дәрі-дәрмектік ем орын алады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде итраконазолдың пероральді дәрілік түрін қолдану жөнінде деректер шектеулі. Итраконазолдың әсер ету деңгейі бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар кейбір пациенттерде төмендеуі мүмкін. Пациенттердің қарастырылған топтарын емдеу сақтықпен жүргізілуі және доза мүмкіндігінше түзетілуі тиіс.

Естуден айырылу

Итраконазолды қабылдаған пациенттерде естуден уақытша немесе тұрақты айырылу жағдайлары байқалды. Кейбір жағдайларда естуден айырылу итраконазолмен бірге қолдануға болмайтын хинидинмен бір мезгілде қолдану аясында болады. Есту әдетте препаратпен емдеуді аяқтағаннан кейін қалпына келеді, алайда кейбір пациенттердің естуден айырылуы қайтымсыз болады.

Иммунитеті төмендеген пациенттер

Иммунитеті төмендеген кейбір пациенттерде (мысалы, нейтропениясы бар, ЖИТС-ке шалдыққан немесе ағзалар трансплантациясы операциясын бастан кешкен) итраконазолдың пероральді биожетімділігі төмендеуі мүмкін.

Өмірге қауіп төндіретін жүйелік зеңді инфекциялары бар пациенттер

Пероральді итраконазолдың фармакокинетикалық қасиеттеріне байланысты, Итрацим препараты өмірге қауіп төндіретін жүйелік зеңді инфекциялары бар пациенттерді инициациялау үшін қолданбайды.

ЖИТС-ке шалдыққан пациенттер

Ем жүргізгеннен кейін (бластомикоз, гистоплазмоз немесе криптококкоз сияқты) жүйелік микоздардың қайталану қаупі бар, ЖИТС-ке шалдыққан пациенттерге демеуші ем жүргізу қажеттілігін емдеуші дәрігер белгілейді.

Нейропатия

Итрацим капсулаларын қабылдаумен байланысты болуы мүмкін нейрапатия дамыған жағдайда препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Циститтік фиброз

Циститтік фиброзы бар пациенттерде итраконазолды пероральді түрде қабылдағаннан кейін AUC мәндерінде шашыраңқылық байқалады, мұндайда осы санаттың барлық пациенттерінде бірдей белсенді зат емдік концентрацияларға жеткен жоқ. Сондықтан Итрацим препараты циститтік фиброзы бар, 16 жасқа толмаған пациенттерде қолдануға ұсынылмайды. Ересек пациентке, егер Итрацим препаратымен емдеу тиімді болмаса, зеңге қарсы баламалы препарат тағайындау қажет.

Айқаспалы резистенттілік

Егер жүйелік кандидоз ауруларында Candida саңырауқұлағы түрлерінің флуконазолға резистентті ауруды туындататынына күдік бар болса, олар итраконазолға сезімтал болады деп пайымдауға болмайды.Сондықтан Итрацим препаратымен емдеуді бастар алдында сезімталдығына тест жүргізу қажет.

Потенциалды өзара әрекеттесулер

Белгілі бір дәрілік препараттарды итраконазолмен бірге қолдану итраконазолдың және/немесе бірге енгізілген препараттың тиімділігінің өзгеруіне, сондай-ақ өмір үшін қауіпті зардаптарға және/немесе кенеттен болатын өлімге әкеп соғуы мүмкін. Итраконазолмен бірге қолдануға болмайтын, пайдалануға ұсынылмайтын немесе сақтықпен пайдалануға ұсынылатын дәрілік заттардың тізімі «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» және «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімдерінде берілген.

Ингаляциялық кортикостероидтармен біріктіріп қолдану

Итраконазолды флутиказон немесе будесонид сияқты ингаляциялық кортикостероидтармен біріктіріп қолдану бүйрекүсті бездері функциясының бәсеңдеуіне немесе Иценко-Кушинг синдромының дамуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан осы бұзылулардың симптомдарын анықтау мақсатында пациенттерге клиникалық бақылау жүргізу және қажет болғанда кортикостероидтардың дозасын түзету қажет.

Көмірсудың алмасуының бұзылулары

Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы тиіс.

Жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік

Итрацимді жүктілік кезінде, оны қолдану өмір үшін қауіпті жағдайлардан басқасында, қолданылмауы тиіс. Итраконазолды жүкті әйелдерге қолдану жөнінде деректер жеткіліксіз. Тіркеуден кейін препаратты қолдану барысында қаңқа, несеп-жыныс жолы, жүрек-қантамыр жүйесі және көру мүшесі дамуының бұзылулары сияқты туа біткен ауытқушылық жағдайлары, сондай-ақ хромосомдық бұзылулар және көптеген даму кемістіктері білінді. Алайда, итраконазолды қолданудың осы бұзылуларға себебінің бар-жоқтығы сенімді түрде анықталған жоқ.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде итраконазолдың тератогендік және эмбриоуыттық қасиеттері бар екендігі көрінді.

Бала туа алатын жастағы әйелдер

Бала туа алатын жастағы әйелдер Итрацим препаратымен емделу кезінде де, сонымен қатар емдеуді аяқтағаннан кейін бүтін бір етеккір оралымы ішінде (5-7 апта бойы) контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалануы тиіс.

Емшек емізу

Итраконазол аздаған мөлшерде адамның емшек сүтіне бөлініп шығады. Осы себепті, Итрацим препаратымен емдеу қажет болғанда, әйелдер бала емізуді тоқтатқаны жөн.

Көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі

Жағымсыз әсерлері

Артық дозалануы

Жағымсыз әсерлері

Емі: Артық дозалану жағдайында демеуші ем жүргізген жөн. Сорбент ретінде, егер мақсатқа сай болса, белсендірілген көмір беруге болады. Итраконазол гемодиализ кезінде организмнен шығарылмайды. Өзіне тән у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 капсуладан салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ацино Фарма АГ, Швейцария

Мекенжайы: Birsweg 2, 4253 Liesberg, Switzerland.

Тіркеу куәлігінің иесі

Ацино Фарма АГ, Швейцария.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Орталық Азия бойынша «Медиал Ди энд Пи ЛТД» ҚР-дағы өкілдігі.

Мекенжайы:  050050 Алматы қ., Темекі зауыты к-сі, 20, тел +77273307552/13, факс – 3307512. e-mail: medial.office@gmail.com 

 

Прикрепленные файлы

186683541477976243_ru.doc 226 кб
702999661477977507_kz.doc 256 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники