Инспирон (80 мг) Продажа приостановлена

МНН: Фенспирид
Производитель: Киевмедпрепарат ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenspiride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019880
Информация о регистрации в РК: 05.03.2018 - 05.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Инспирон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенспирид

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған, босап шығуы ұзартылған 80 мг таблеткалар

Құрамы

1 таблетканың құрамында:

белсенді заттар: 100 % затқа шаққанда 80 мг фенcпирид гидрохлориді;

қосымша заттар: кальций гидрофосфат дигидраты; гипромелоза (гидроксипропилметилцеллюлоза); повидон; сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; магний стеараты;

қабықтың құрамы: «Opadry II WHITE» 33G28707 (гипромелоза (гидроксипропилметилцеллюлоза) жабынды үшін қоспа; титанның қостотығы (Е 171); лактоза моногидраты; полиэтиленгликоль (макрогол) 3000; триацетин).

Сипаттамасы

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес таблеткалар. Сындырған жерінде ақ немесе ақ дерлік түсті ядро көрінеді.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі пайдалануға арналған басқа да препараттар. Фенспирид

АТХ коды R03D X03.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы.

Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына орташа алғанда пероральді қабылдаудан кейін 6 сағаттан соң жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 12 сағат. Фенспирид организмнен көбіне несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы.

Инспирон өзара байланысты бірнеше механизмдердің өзара әрекеттесуімен шартталған бронхолитикалық және қабынуға қарсы әсерлерге ие:

–Н1-гистаминді рецепторларды бөгейді және бронхтардың тегіс

бұлшықеттеріне спазмолитикалық әсер етеді;

– қабынуға қарсы әсер етеді, бұл қабыну факторларының түзілуінің

азаюына алып келеді (цитокиндер, ТNF-, арахидон қышқылының

туындылары, простагландиндер, лейкотриендер, тромбоксан, бос

радикалдар), сондай-ақ бұлардың кейбіреулері бронхоконстрикторлық әсер етеді.

Қолданылуы

Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының ауруларындағы жөтелде:

- ринофарингиттер және ларингиттер

- отиттер және синуситтер

- ринотрахеобронхиттер

- бронхиттер

- қызылша

- тұмау

Демікпе және оның асқынуларында демеуші ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге қолдануға ұсынылған.

Пероральді қабылдауға арналған.

Тамақ алдында қабылдау керек.

Тәуліктік доза. Созылмалы қабыну үдерістерін емдеуге арналған әдеттегі ұсынылатын емдік дозасы тәулігіне 2 таблетканы құрайды (таңертең және кешке).

Әсерін күшейту және/немесе жедел ауру жағдайында – тәулігіне 3 таблеткадан (таңертең, күндіз және кешке).

Емдеу курсы. Емнің ұзақтығы ауру барысына байланысты және оны дәрігер әр адамға жеке анықтайды.

Препаратты балаларға тек шәрбат түрінде ғана қолданады.

Жағымсыз әсерлері

Туындау жиілігіне қарай жағымсыз реакциялар төмендегі категорияларға бөлінеді: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100, <1/10); жиі емес (>1/1000, <1/100); сирек (>1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000).

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан: сирек – доза төмендеуінен кейін азаятын орташа синустық тахикардия.

Асқазан-ішек жолдары тарапынан: жиі – ас қорыту бұзылыстары, жүрек айнуы, асқазан ауыруы, жиілігі белгісіз – диарея, құсу.

Жүйке жүйесі тарапынан: сирек –ұйқышылдық.

Тері және тері асты шелмайы тарапынан: сирек – эритема, нақтыланған пигментті эритема, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, жиілігі белгісіз - қышыну.

Жалпы бұзылулар: астения (әлсіздік), шаршағыштық.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Фенспиридке немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенспирид Н1-антигистаминді препараттардың тыныштандыратын әсерін жоғарылататындықтан оны тыныштандыратын препараттармен және алкогольмен біріктіру ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емдеу антибиотиктермен ем жүргізудің орнын ауыстыра алмайды.

Инспиронды тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және бала емізу кезеңі

Препаратты жүктілік кезеңінде немесе бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Бұл дәрілік түрді педиатрия практикасында қолданбайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Инспирон ұйқышылдықты туындататындықтан автокөлік басқарғанда немесе басқа механизмдермен жұмыс істегенде, әсіресе емдеудің басында сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Препаратты көп мөлшерде қабылдағанда ұйқышылдық немесе қозғыштық,

жүрек айнуы, құсу, синусты тахикардия байқалуы мүмкін.

Емі. Асқазанды шаю, электрокардиограммаға мониторинг жүргізу қажет.

Симптоматикалық ем қолдану.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған мөрлі алюминий фольгадан

жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге

салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау

керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Киевмедпрепарат» ААҚ, Украина, 01032, Киев қ., Саксаганск к-сі, 139.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына

қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: office@arterium.kz

 

Прикрепленные файлы

474018501477976924_ru.doc 51.5 кб
670732311477978089_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники