Индапамид (2.5 мг) (Фармстандарт-Лексредства ОАО)

МНН: Индапамид
Производитель: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Indapamide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018384
Информация о регистрации в РК: 10.11.2011 - 10.11.2016
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Индапамид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Индапамид

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 2,5 мг таблеткалар

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 2,5 мг индапамид,

қосымша заттар: картоп крахмалы, сүтті қант (лактоза моногидраты), микрокристалды целлюлоза, орташа молекулярлық медициналық поливинилпирролидон (повидон), магний стеараты, аэросил (коллоидты кремнийдің қостотығы), гидроксипропилметилцеллюлоза, твин-80, титанның қостотығы, тальк, фармацевтикалық мақсаттардағы қышқылды қызыл 2С.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қиығында екі қабат көрініп тұрады.

Фармакотерапиялық тобы

Генле ілмегінің кортикальді сегментіне әсер ететін тиазидті емес диуретиктер. Сульфонамидтер.

АТЖ коды C03BA11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан тез және толығымен дерлік сіңіріледі. Биожетімділігі - жоғары. Тамақтану сіңірілу жылдамдығын баяулатады, бірақ сіңген препараттың қорытынды мөлшеріне ықпал етпейді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына шамамен 1-2 сағаттан кейін жетеді. Тепе-тең емдік концентрациясы күнделікті 7 күн қабылдаудан кейін анықталады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы – 71-79%. Сонымен қатар қантамырлар жақтаулары тегіс бұлшықеттерінің эластинімен байланысады. Таралу көлемі жоғары, гистогематикалық бөгеттер арқылы өтеді (соның ішінде плацентарлы).

Бауырда метаболизденеді. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 26 сағатты құрайды. Бүйрек арқылы препараттың 60-70%-ы метаболиттер түрінде, 5-7%-ы өзгеріссіз күйде, ішек арқылы - 20-23%-ы шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда фармакокинетикасы өзгермейді. Ағзада жинақталмайды.

Фармакодинамикасы

Гипотензивті дәрі (диуретик, вазодилататор). Фармакологиялық қасиеттері бойынша тиазидті диуретиктерге жақын (натрий иондарының Генле ілмегінің кортикальді сегментінде сіңірілуін тежейді). Натрий иондарының, хлордың және азғантай дәрежеде калий мен магнийдің несеппен шығарылуын арттырады. "Баяу" кальций өзектерін іріктеп бөгеу қабілетіне ие бола отырып, артериялар жақтауларының созылғыштығын арттырады және қантамырлардың жалпы шеткергі қарсыласуын төмендетеді. Жүректің сол жақ қарыншасы гипертрофиясының азаюына ықпал етеді. Қантамырлар жақтауларының норадреналин мен II ангиотензинге сезімталдығын төмендетеді, стимулирует PgE2 простагландині мен PgI2 простациклинінің синтезін көтермелейді, бос және тұрақты оттегі радикалдарының өнімділігін төмендетеді. Айқын диуретиктік әсері жоқ дозаларында антигипертензивті әсер береді. Бір бүйрегі бар науқастарда тиімді.

Бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін ең жоғары әсері 24 сағаттан кейін білінеді. Бірнеше рет қабылдағаннан кейін емдік әсері 1-2 аптадан кейін білінеді, ең жоғары 8-12 аптаға дейін жетеді және 8 аптаға дейін сақталады.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке, тамақтанумен байланыссыз тәулігіне 2,5 мг-ден (1 таблетка), жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішіп, таңертең қабылдаған дұрыс.

Жағымсыз әсерлері

- гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремиялық алкалоз, гиперкальциемия

- қан плазмасындағы азоттың, мочевинаның жоғарылауы

- гиперкреатининемия, гипергликемия, глюкозурия

- ауыздың құрғауы, анорексия, жүрек айнуы

- іштегі жайсыздық, іштің қатуы немесе диарея, панкреатит

- астения, бас айналуы, нервоздық, бас ауруы, ұйқышылдық, қатты шаршау

- жалпы әлсіздік, ұйқысыздық, депрессия, парестезиялар

- ширығу, ашушаңдық, үрейлену,

- конъюнктивит

- көрудің нашарлауы

- ринорея, ринит, жөтел, фарингит, синусит

- ортостатикалық гипотензия, аритмия, жүректің қағуы

- гипокалиемияға тән электрокардиограмма өзгерістері

- никтурия, полиурия, бүйрек жеткіліксіздігі

- бауыр қызметінің бұзылулары, бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде бауыр энцефалопатиясының дамуы

- несеп шығару жүйесі тарапынан болатын жұқпалар дамуы жиілігінің артуы

- тері бөртпесі, қышыма, есекжем, вазомоторлық ісіну

- геморрагиялық васкулит

- тұмау тәрізді синдром

- кеуде қуысының ауыруы

- дімкәстік, бұлшықеттердің түйілуі, арқаның ауыруы

- либидо мен потенция төмендеуі

- тершеңдік

- дене салмағының төмендеуі

- жүйелі қызыл жегінің өршуі, фотосенсибилизация

- тромбоцитопениялық пурпура

- тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- индапамидке, сульфонамидтің басқа туындыларына немесе препараттың басқа құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- жедел ми қанайналымы бұзылуында

- гипокалиемияда

- бүйрек және/немесе бауыр қызметінің айқын бұзылуларында (анурия) (соның ішінде энцефалопатиямен)

- декомпенсация сатысындағы қант диабетінде

- гиперурикемияда (подагра және уратты нефролитиазбен қатар жүретін)

- жүктілік пен лактация кезеңінде

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

I а (хинидин, дизопирамид) және III класты (амиодарон, бретилиум, соталол) аритмияға қарсы препараттар жүрек ырғағы бұзылуының туындау ықтималдығын арттыруы мүмкін ("пируэт" типті қарыншалық тахикардия).

Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, глюкокортикостероидтар, тетракозактид, симпатомиметиктер гипотензивтік әсерін төмендетеді, баклофен - арттырады.

Салуретиктер, жүрек гликозидтері, глюко- және минералокортикостероидтар, тетракозактид, амфотерицин В (к/і), іш жібітетін дәрілер гипокалиемияның даму қаупін арттырады.

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда дигиталистік уыттанудың даму ықтималдығы жоғарылайды, кальций препараттарымен бір мезгілде қолданғанда - гиперкальциемияның, метформинмен бір мезгілде қолданғанда - сүтқышқылды ацидоздың күшеюі мүмкін.

Ангиотензин өзгертуші ферменттің тежегіштері артериялық гипотензияның және/немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттырады.

Құрамында йод бар контрастты дәрілер жоғарғы дозаларда бүйрек қызметі бұзылуларының даму қаупін арттырады (ағзаның сусыздануы). Құрамында йод бар контрастты дәрілерді қолданар алдында науқастарға жоғалтқан сұйықтық деңгейін қалпына келтіру қажет.

Трициклдық антидепрессанттар мен антипсихотикалық препараттар гипотензивтік әсерін күшейтеді және ортостатикалық гипотензияның даму қаупін арттырады.

Циклоспорин гиперкреатининемияның даму қаупін арттырады.

Айналымдағы қан көлемінің азаюы нәтижесінде қанның ұю факторы концентрациясының артуы салдарынан тікелей емес антикоагулянттардың әсерін және олардың бауырдағы өнімділігін төмендетеді (дозасын түзету қажет болуы мүмкін).

Деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың әсерінен дамитын жүйке-бұлшықет берілісінің бөгелісін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Алкоголь, барбитураттар, есірткі препараттарын және бір мезгілде басқа гипотензивтік дәрілерді қабылдаудан туындайтын ортостатикалық гипотензияның пайда болуы мүмкін.

Подаграда, қант диабетінде сақтықпен қолдану керек. Қант диабетімен науқастарда, әсіресе гипокалиемия бар болса, қандағы глюкоза деңгейін бақылау аса маңызды.

Индапамид допинг-бақылау жүргізгенде оң нәтиже беруі мүмкін.

Емдеу барысында қан плазмасындағы электролиттер деңгейін бақылау қажет (калий, натрий, кальций).

Артық дозаланғанда

Белгілері: жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылуы, су-электролиттік бұзылулар, артериялық қан қысымының төмендеуі, бас айналуы, ұйқышылдық, сананың шатасуы, тыныс алудың бәсеңдеуі: бауыр қызметі бұзылған емделушілерде бауыр комасы дамуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю және/немесе белсенділендірілген көмірді тағайындап, су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіру, белгілеріне қарай емдеу.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаларға салынады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, 305022,

Ресей, Курск қ-сы,.2-ші Агрегат к-сі, 1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13

Е-mail: www.pharmstd.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, 305022,

Ресей, Курск қ-сы, 2-ші Агрегат к-сі,1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13

Е-mail: www.pharmstd.ru

Прикрепленные файлы

488189551477977163_ru.doc 72.5 кб
140418131477978322_kz.doc 82.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники