Зитротель (500 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Зитротель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Азитромицин
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ,
500 мг
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - азитромицин дигидраты (азитромицинге баламалы)
- 524,1 мг (500 мг);
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидроксиді.
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік немесе сұр түсті лиофилизацияланған ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияға қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Азитромицин.
АТХ коды J01FA10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ауруханадан тыс пневмониясы бар, күн сайын вена ішіне бір сағат бойы 2 мг/мл концентрацияда 500 мг азитромицин инфузиясын алған пациенттерде, орташа ең жоғары концентрация C Max± СА (стандартты ауытқу) 3,63 ± 1,60 мкг/мл құрады, ал бұл кезде ең төмен концентрациясы (24 сағат) 0,2 ± 0,15 мкг/мл құрады, AUC24 9,6 ± 4,8 мкг-сағ/мл болды.
3 сағат бойы 1 мг/мл концентрацияда 500 мг азитромицин инфузиясын алған пациенттерде, орташа CMax ± СА, ең төмен концентрация (24 сағат) және AUC24 сәйкесінше 1,14 ± 0,14 мкг / мл, 0,18 ± 0,02 мкг/мл және 8,03 ± 0,86 мкг-сағ/мл құрады.
Азитромициннің жоғары концентрациялары фагоциттерде анықталды. Бұдан басқа, белсенді фагоцитоз кезінде азитромициннің неғұрлым жоғары концентрациялары белсенді емес фагоциттерден босап шығатыны анықталды, бұл инфекция орнына жеткізілетін азитромицин концентрациясының жоғары болуына әкеледі.
Азитромициннің тіндердегі концентрациясы біршама жоғары (плазмадағыға қарағанда 50 есеге дейін), бұл агенттің тіндермен берік байланысатынын көрсетеді. Өкпе, бадамша без және қуықасты безі сияқты нысана-тіндердегі концентрациялары – бір реттік 500 мг дозадан кейін ықтимал патогенді агенттер үшін MIC90 асады. Азитромициннің жоғары концентрациялары гинекологиялық тінде азитромициннің 500 мг бір реттік дозасынан кейін 96 сағат өткеннен кейін анықталды.
Тіндегі жоғары концентрациялар клиникалық тиімділікпен сандық байланысы бар деп түсінілмеуі керек. Азитромициннің микробқа қарсы белсенділігі pH-пен байланысты, яғни pH деңгейімен бірге төмендейді. Алайда дәрілік заттың тіндерде ауқымды таралуының клиникалық белсенділікке қатысы болуы мүмкін.
Азитромициннің енгізілген дозасының мөлшері 1-ші қабылдаудан кейін 24 сағат ішінде 11% және 5-ші қабылдаудан кейін 14% несеппен шығарылады. Азитромицин түйіршігінің биллиарлы экскрециясы, көбінесе өзгермеген күйде, негізгі шығарылу жолы болып табылады. HPLC (жоғары қысымдағы сұйықтық хроматографиясы) нәтижелерін және тіндерде жүргізілген микробиологиялық талдауларды салыстыру, метаболиттер азитромициннің микробиологиялық белсенділігіне ықпал етпейді деп болжауға мүмкіндік береді.Фармакодинамикасы
Зитротел азалидтер тобына жататын макролидті антибиотик болып табылады. Молекуласы эритромицин А-ның лактонды сақинасына азот атомының енгізілуі нәтижесінде түзіледі. Азитромициннің химиялық атауы 9-дезокси-9а-аза-9а-метил-9а-гомоэритромицин А. Молекулалық салмағы 749,0. Азитромициннің әсер ету механизмі рибосомалардың 50 S-субъбірлігімен байланысу және пептидтер транслокациясын бәсеңдету есебінен бактериялық ақуыз синтезін басуға негізделеді. Нуклеин қышқылдарының синтезі ешқандай ықпал етпейді.
Зитротел төмендегі микроорганизмдердің көптеген штаммдарына қатысты, зертханалық жағдайларда жоғары белсенділік көрсетті:
Аэробты грамоң микроорганизмдер: алтын стафилококк/ Staphylococcus aureus, пиогенді стрептококк/ Streptococcus pyogenes (А тобындағы бета-гемолиздік стрептококк), пневмококк/ Streptococcus pneumoniae; гемолиздік стрептококк (Viridans тобынан)/ haemolytic streptococcus (viridans group) және басқа стрептококтардың түрлері, оның ішінде дифтерия коринебактериясы/ Corynebacterium diphtheriae.
Азитромицин грамоң штаммдарға төзімділігімен эритромицинмен айқаспалы резистенттілік көрсетеді. Нәжістік стрептококтар штаммдарының/Enterococcus faecalis және метициллинге төзімді стафилококтардың көпшілігі азитромициннің әсеріне төзімді.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: гемофильдік инфекция/ Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, моракселла катарралис/ Moraxella, Акинетобактериялар /Acinetobacter species, иерсиниялар/ Yersinia species, легионеллез/Legionella pneumophila, көкжөтел таяқшасы /Bordetella pertussis, Bordetella parapertussis, шигеллалар /Shigella species, пастереллалар Pasteurella species, тырысқақ вибрионы/ Vibrio cholerae және парагемолиздік вибрион/ parahaemolyticus, Plesiomonas shigelloides. Препараттың белсенділігіне қарсы ішек таяқшалары Escherichia coli, Даниш — Исаченко таяқшасы/ Salmonella enteritidis, іш сүзегінің таяқшасы [сальмонелла] /Salmonella typhi, энтеробактериялар /Enterobacter species, аэромонас /Aeromonas hydrophila және әртүрлі клебсиеллалар /Klebsiella species varies сезімтал. Протеялар/ Proteus species, сератиялар/ Serratia species, морганеллалар/ Morganella species және Көк ірің таяқшасы/ Pseudomonas aeruginosa әдетте антибиотикке төзімді.
Анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides fragilis тобы және bacteroides species түрлері, энтериттік клостридия/ Clostridium perfringens, пептококтар/ Peptococcus species және пептострептококтар/ Peptostreptococcus species, ұршық тәізді бактериялар /Fusobacterium necrophorum және Пропиондық акне бактериясы / Propionibacterium acnes.
Жыныстық жолмен берілетін ауруларға жауапты микроорганизмдер: Зитротел Chlamydia trachomatis , Treponema pallidum, Neisseria gonorrhoeae және Haemophilus ducrei қатысты белсенді.
Басқа микроорганизмдер: Borrelia burgdorferi, Chlamydophila pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae, Mycoplasma hominis, Ureoplasma urealyticum, Campylobacter species және Listeria monocytogenes.
Төменде бактериялардың түрлерінің азитромицинге сезімталдығы туралы мәліметтер келтірілген. Аталған түрлердің жүре пайда болған төзімділігінің таралуы уақыт пен орынға байланысты әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан төзімділік туралы жергілікті ақпарат әсіресе ауыр инфекциялы пациенттерді емдеген кезде қажет. Қажеттілігіне қарай, жергілікті таралушылық инфекциялардың кем дегенде бірнеше түрі бойынша агенттің пайдалылығына күмән тудыратын кезде сарапшылық кеңестер керек.
Сезімталдығы жақсы түрлер
Аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus, Streptococcus agalactiae, Streptococci (Group C, F, G) және Viridans group Streptococci.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Bordetella pertussis, Haemophilus ducrei, Haemophilus influenzae*, Haemophilus parainfluenzae*, Legionella pneumophila, Moraxella catarrhalis*, Neisseria gonorrhoeae.
Басқа микроорганизмдер: Chlamydophila pneumoniae*, Chlamydia trachomatis, Mycoplasma pneumoniae* және Ureoplasma urealyticum.
Жүре пайда болған төзімділік мынадай түрлер үшін күрделі болуы мүмкін:
Аэробты грамоң микроорганизмдер:
Streptococcus pneumoniae*
Streptococcus pyogenes*
Ескерту: азитромицин эритромицинге төзімді грамоң штаммдармен айқаспалы төзімділік көрсетеді.
Табиғатынан төзімді микроорганизмдер
Enterobacteriaceae*
Pseudomonas**
*препараттың тиімділігі бұл түрлер үшін клиникалық сынақтарда анықталған;
**табиғи аралық сезімталдығы бар түрлер
Қолданылуы
Chlamydia pneumoniae, Haemophilus influenzae, Legionella pneumophila, Moraxella cattarrhalis, Mycoplasma pneumoniae, Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae әсерінен болған ауруханадан тыс пневмония, бастапқы вена ішілік ем қажет болған кезде
Chlamydia trachomatis, Neisseria gonorrhoeae, Mycoplasma hominis әсерінен болған, кіші жамбас ағзаларының инфекциялық-қабыну аурулары (эндометрит және сальпингит), бастапқы вена ішілік ем қажет болған кезде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 16 жастан асқан балаларға
Ауруханадан тыс пневмония: кемінде 2 күн бойы күніне 1 рет 500 мг, әрі қарай емді 500 мг азитромицинді бір реттік тәуліктік доза түрінде ішу арқылы жалғастырады. Емдеу ұзақтығы – 7-10 күн.
Кіші жамбастың инфекциялық-қабыну аурулары: 1 немесе 2 күн бойы тәулігіне бір рет вена ішіне 500 мг. Вена ішіне енгізуді аяқтағаннан кейін азитромицин күніне бір рет ішу арқылы 250 мг дозада тағайындалады. Емделу курсы – вена ішілік енгізуден бастап 7 күн.
Вена ішілік енгізуден ішу арқылы қабылдауға ауысу мерзімін дәрігер клиникалық тексеру деректеріне сәйкес белгілейді.
Егде адамдар
Егде жастағы пациенттерге препаратты тағайындау дозаны түзетуді қажет етпейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі.
Елеусіз бүйрек дисфункциясы бар пациенттерде (ШСЖ 10-80 мл/мин) дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге (ШСЖ <10 мл/мин) азитромицинді сақтықпен қолдану қажет.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде пайдалану:
Жеңіл немесе орташа бауыр дисфункциясы бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес, бірақ дәрілік препаратты бауырдың елеулі аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі азитромициннің ерітінді концентрациясы және инфузия жылдамдығы 3 сағат бойы 1 мг/мл немесе 1 сағат бойы 2 мг/мл болуы тиіс.
2 мг/мл-ден артық концентрациялардан аулақ болу керек!
Вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау
Ішінде 500 мг азитромицин бар құтыға, инъекцияға арналған 4.8 мл стерильді суды қосады және ұнтақ толық ерігенге дейін мұқият сілкиді. Қалпына келтірілген 1 мл ерітіндіде 100 мг азитромицин болады. Қалпына келтірілген ерітіндіні одан әрі сұйылту үшін дереу пайдалану керек. Қалпына келтірілген ерітіндіде көзге көрінетін ерімеген бөлшектер жоқ екенін тексереді, ондайлар болса ерітіндіні пайдалануға болмайды.
Қалпына келтірілген ерітіндіні сұйылту (100 мг/мл) тікелей енгізер алдында мына сұйылтқыштардың кез келгенінің сәйкес көлемімен: 0,9% натрий хлориді, 5% декстроза, 0,3% натрий хлоридіндегі 5% декстроза ерітіндісі, 0,45% натрий хлоридіндегі 5% декстроза ерітіндісі, Рингер лактат ерітіндісіндегі 5% декстроза және Рингер лактат ерітіндісі, төменде берілген кесте бойынша жүргізіледі.
Инфузиялық ерітіндідегі азитромицин концентрациясы |
Сұйылтуға арналған ерітінді мөлшері |
1 мг/мл |
500 мл |
2 мг/мл |
250 мл |
Жағымсыз әсерлері
Төменде келтірілген кестеде клиникалық сынақтарда және постмаркетингтік бақылау барысында анықталған жағымсыз реакциялар ағзалар жүйелерінің кластары және жиіліктері бойынша берілген. Постмаркетингтік бақылауда анықталған жағымсыз реакциялар курсивпен бөліп көрсетілген.
Топтардың жиілігі мынадай шкаланың көмегімен анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін); жиі емес (≥ 1 / 1,000 - <1/100 дейін); сирек (≥ 1 / 10,000 - <1 / 1,000 дейін), өте сирек (<1 / 10,000); және белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес). Жиілік бойынша бөлінген әрбір топ аясында жағымсыз құбылыстар ауырлығының кему ретімен берілген.
Өте жиі
диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, метеоризм
Жиі
құсу, диспепсия
қышыну, бөртпе
артралгия
шаршау
лимфоциттер санының азаюы, эозинофилдер санының артуы, қан бикарбонатының төмендеуі
анорексия
бас айналу, бас ауыру, парестезия, дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)
көрудің бұзылуы
кереңдік
Жиі емес
гастрит, іш қату
гепатит
Стивенс-Джонсон синдромы, фотосезімталдық реакциялары, есекжем
кеуде қуысының ауыруы, ісінулер, дімкәстік, астения
қандағы калий құрамының бұзылуы, аспартат-аминотрансферазаның, аланинаминотрансферазаның, қандағы билирубиннің, мочевинаның және қандағы креатининнің жоғарылауы
кандидоз, ауыз қуысының кандидозы, қынаптық инфекциялар
лейкопения, нейтропения
Квинке ісінуі, жоғары сезімталдық
күйгелектік
естудің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы
гипоэстезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық
жүрек қағуы
Сирек
бауыр функциясының бұзылуы
ажитация (қозу)
бас айналуы
Өте сирек
дәрілік препаратқа эозинофилия және жүйелі біліністер арқылы реакция беру (DRESS-синдром)
Белгісіз:
жыпылықтау/фибрилляция, аритмия (қарыншалық тахикардияны қоса)
гипотензия
панкреатит, тілдің түсінің өзгеруі
бауыр жеткіліксіздігі (өлімге әкелуі сирек болған), фульминантты гепатит, бауыр некрозы, холестаздық сарғаю
уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема
тромбоцитопения, гемолиздік анемия
жедел бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы
жалған жарғақшалы колит
анафилаксиялық реакция
озбырлық, үрейлену
дәнекер тіннің аурулары
естен тану, құрысулар, психомоторлық аса жоғары белсенділік, миастения, аносмия (иіс сезбей қалу), агевзия (дәм сезудің бұзылуы), паросмия (иістерді дұрыс ажыратпау).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– азитромицинге, макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық
– эрготаминмен және дигидроэрготаминмен бір мезгілде қабылдау
– бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
– бала емізу
– 16 жасқа дейінгі балалар
– қастауыш туындыларымен бірге қолдану
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Антацидтер: азитромициннің фармакокинетикасына антацидтерді бір мезгілде қолданудың әсері зерттелгенде қан плазмасындағы азитромициннің ең жоғары концентрациясы 25 %-ға төмендесе де, биожетімділігінің өзгерісі анықталмады. Пациенттер азитромицин және антацидтерді бір мезгілде қабылдауына болмайды.
Цетиризин: дені сау еріктілерде азитромициннің 5 күндік курсын 20 мг цетиризинмен тепе-тең күйде бірге қабылдау фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығының елеулі өзгеруіне әкелген жоқ.
Диданозин (дидезоксиинозин): тәулігіне 1200 мг азитромицин мен тәулігіне 400 мг диданозинді АИТВ-оң 6 науқаста бірге қабылдау плацебомен салыстырғанда диданозин фармакокинетикасының тепе-теңдік күйіне әсер етпейді.
Дигоксин: кейбір пациенттерде белгілі бір макролидті антибиотиктер дигоксиннің ішектегі метаболизміне ықпал ететіні мәлімделді. Сондықтан азитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданған жағдайда дигоксин концентрациясының жоғарылауы мүмкіндігін ескеру және дигоксин деңгейлеріне мониторинг жүргізу керек.
Зидовудин: азитромициннің 1000 мг бір рет қолданғанда және 1200 мг немесе 600 мг көп рет қолданғанда плазмалық фармакокинетикасына елеусіз әсері немесе зидовудиннің немесе оның глюкуронидті метаболиттерінің несеппен шығарылуы анықталды. Алайда азитромицин қабылдау шеткері қанның мононуклеарларында фосфорланған зидовудиннің (клиникалық белсенді метаболитінің) концентрациясын арттырды. Берілген көрсеткіштердің клиникалық мәні белгісіз болып қалды, бірақ олардың пациенттерге пайдалы болуы мүмкін.
Азитромицин бауырда цитохром Р450 жүйесімен өзара әрекеттеспейді. Ол эритромицин және басқа да макролидтер сияқты фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесуге түспейді. Азитромицин цитохром-метаболит кешені көмегімен P450 цитохромын индукцияламайды немесе белсенділігін жоймайды.
Эрготамин туындылары: теория жүзінде эрготизм дамуы мүмкіндігінен, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды. Азитромицинді және метаболизмі елеулі дәрежеде Р450 цитохромының қатысуымен жүзеге асатын төмендегі препараттарды қолдануға фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген.
Аторвастатин: Аторвастатинді (тәулігіне 10 мг) және азитромицинді (тәулігіне 500 мг) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын (HMG CoA-редуктаза тежелуін талдау негізінде) өзгерткен жоқ.
Карбамазепин: дені сау еріктілердегі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін зерттеуде азитромициннің қан плазмасындағы карбамазепин деңгейіне немесе оның белсенді метаболиттеріне елеулі ықпалы анықталған жоқ.
Циметидин: азитромицин қабылдаудан 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасының азитромицин фармакокинетикасына ықпалын зерттеген фармакокинетикалық зерттеулер барысында азитромициннің фармакокинетикасында ешқандай өзгерістер байқалмады.
Ішуге арналған кумариндік антикоагулянттар: фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін зерттеуде дені сау еріктілерде 15 мг варфариннің бір реттік дозасының антикоагулянттық әсерін азитромицин өзгерткен жоқ. Маркетингтен кейінгі кезеңде азитромицинді және ішуге арналған кумариндік антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдаудан кейін антикоагулянттық әсердің күшейгені туралы хабарламалар алынған. Себептік байланысы анықталмаса да, кумарин типті ішуге арналған антикоагулянттарды қабылдайтын науқастарға азитромицин тағайындағанда протромбиндік уақыт мониторингін жи жүргізу қажеттілігін ескеру керек.
Циклоспорин: 3 күн бойына ішу арқылы күніне 500 мг азитромицин, содан кейін бір рет ішу арқылы 10 мг/кг циклоспорин қабылдаған дені сау еріктілердегі фармакокинетикалық зерттеулерде циклоспориннің Cmax және AUC0-5 анағұрлым жоғары болды. Демек, бұл препараттарды бір мезгілде енгізуді қарастыру алдында сақ болу керек. Егер бұл препараттарды бірге енгізу қажет болса, циклоспорин деңгейін бақылау және тиісті түрде дозаны түзету керек.
Эфавиренц: 7 күн бойына күніне бір реттік дозада 600 мг азитромицин және 400 мг эфавирензді бірге қабылдау клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерге алып келмейді.
Флуконазол: 1200 мг азитромицинді бір реттік дозада бірге қабылдау 800 мг флуконазолдың бір реттік дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Азитромициннің жалпы әсері және жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен бірге енгізгенде өзгермеді, алайда азитромициннің Cmax (18%) клиникалық елеусіз төмендегені байқалды.
Индинавир: 1200 мг азитромицинді бір реттік дозада бірге қабылдау 5 күн бойына күніне үш рет 800 мг дозада енгізілген индинавир фармакокинетикасына статистикалық елеулі әсер етпеді.
Метилпреднизолон: дені сау еріктілерде фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін зерттеу барысында азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына елеулі ықпал еткен жоқ.
Мидазолам: дені сау еріктілерде 3 күн бойы тәулігіне 500 мг азитромицинді бір мезгілде қолдану мидазоламның фармакокинетикасында және фармакодинамикасында клиникалық елеулі өзгерістер туындатпады.
Нельфинавир: азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді (750 мг күніне үш рет) тепе-теңдік күйде бір мезгілде қолдану азитромицин концентрациясының артуына алып келеді. Клиникалық елеулі жағымсыз әсерлері байқалмады, демек дозаны түзету талап етілмейді. Азитромициннің жағымсыз әсерлеріне байланысты абай болу қажет.
Рифабутин: азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы бұл препараттардың концентрациясына әсер етпеді. Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолданған пациенттерде нейтропения анықталды. Нейтропения рифабутинді қолдануға байланысты болса да, азитромицинді бір мезгілде қолданумен себепті байланысы анықталмады.
Силденафил: азитромициннің (күн сайын 500 мг 3 күн бойы) дені сау ерікті еркектерде силденафилдің AUC және Cmax мәндеріне немесе оның айналымдағы негізгі метаболитіне ықпал етуіне дәлелдер табылған жоқ.
Терфенадин: фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин мен терфенадин арасындағы өзара әрекеттесулер туралы хабарланбады. Кейбір жағдайларда өзара әрекеттесулерінің ықтималдығын толық жоққа шығару мүмкін емес. Дегенмен мұндай өзара әрекеттесулерінің бар екеніне ресми дәлел жоқ.
Теофиллин: азитромицин мен теофиллинді бір мезгілде қолданғандағы клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері туралы мәліметтер жоқ. Теофиллинді және макролидтерді бірге қолдану қан сарысуындағы теофиллин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Сол себептен, азитромицин мен теофиллинді бір мезгілде енгізген кезде теофиллиннің деңгейін тексерген жөн.
Триазолам: бірінші күні 500 мг және екінші күні 250 мг азитромицинді 0,125 мг триазоламмен бір мезгілде қолдану триазолам және плацебоны бірге қолданумен салыстырғанда триазоламның барлық фармакокинетикалық көрсеткіштеріне елеулі ықпал етпеді.
Триметоприм/сульфаметоксазол: 7 күн бойы триметоприм/ сульфаметоксазолдың екі есе концентрациясын (160 мг/800 мг) күніне 1200 мг азитромицинмен бір мезгілде қолдану триметопримнің немесе сульфаметоксазолдың ең жоғары концентрациясына, жалпы экспозициясына немесе несеппен шығарылуына елеулі әсер етпеді. Сарысудағы азитромицин концентрациясының мәндері басқа зерттеулерде бақыланатын осындайларға ұқсас болды.
Цизаприд: цизаприд бауырда CYP 3A4 ферментінің көмегімен метаболизденеді. Цизапридті макролидтермен бірге енгізу жүрек аритмиясының даму қаупін арттыруы мүмкін (QT аралығының ұзаруы, пируэт-тахикардия), өйткені макролидтер CYP 3A4 ферментін тежейді.
Айрықша нұсқаулар
Азитромициннің фармакокинетикалық қасиеттері препаратты тәулігіне бір рет енгізуге мүмкіндік береді. Препаратты нұсқаулықта көрсетілгеннен асатын ұзақ мерзімге қолданбаған жөн.
Эритромицинмен және басқа макролидтер жағдайындағы сияқты сирек күрделі аллергиялық реакциялар туралы, оның ішінде Квинке ісінуі және анафилаксия (сирек жағдайларда өліммен аяқталған) туралы хабарланған. Азитромицинге осындай реакциялардың кейбіреулері қайталанатын симптомдар дамуына алып келеді және бақылау мен емдеудің ұзағырақ кезеңін талап етеді. Бауыр азитромицин шығарылуы үшін негізгі ағза болып табылады, сондықтан азитромицинді айқын бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне әкелу ықтималдығы зор шұғыл сипатты гепатит жағдайлары хабарланған.
Кейбір пациенттерде бауыр аурулары бар болуы немесе олар басқа да гепатоуытты дәрілік заттарды қабылдаған болуы мүмкін.
Сарғаюға байланысты жылдам дамитын астения, несеп күңгірттенуі, қан кетуге бейімділік немесе бауыр энцефалопатиясы сияқты бауыр дисфункциясының белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда бауырдың функционалдық сынамасын/талдауларын дереу жүргізу керек. Бауыр дисфункциясы дамығанда Зитротельді қабылдауды тоқтату керек.
Реполяризация ұзақтығының және QT аралығының ұзаруы: басқа макролидтердің жүрек аритмияларының қаупін, оның ішінде torsades de pointes арттыратыны жөнінде мәлімдемелер бар. Азитромицинді қолданған кезде осындай әсерлердің дамуы жоққа шығарылмайды. Зитротель QТ аралығының ұзаруының, мысалы түзетілмеген гипокалиемия және/немесе гипомагниемия, реполяризация әсерінің ұзаққа созылуына әкеп соқтыратын жағдайлар, қарыншалық аритмиялар жағдайлары, брадикардиялар (минутына соғуы 50-ден аз) сияқты қаупі бар болған жағдайларда абайлап пайдаланылуы тиіс.
Эрготамин туындыларын қабылдайтын пациенттерде эрготизм пайда болуына кейбір макролидті антибиотиктерді бір мезгілде қабылдау түрткі болды. Қастауыш пен азитромицин арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігіне қатысты деректер жоқ. Дегенмен, эрготизм дамуының теориялық мүмкіндігінен азитромицин және қастауыш туындылары бөлек қабылданады.
Кез келген антибиотиктерді қабылдағандағы сияқты, зеңдерді қоса, резистентті микроорганизмдерден туындаған суперинфекция белгілерін бақылау ұсынылады.
Clostridium difficile туындатқан диарея азитромицинді қоса, бактерияларға қарсы агенттерді пайдаланған барлық жағдайларда хабарланды, және ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл диареядан өлімге әкелетін колитке дейін ауытқуы мүмкін. Бактерияларға қарсы дәрілермен емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile шамадан тыс өсуіне алып келеді.
C. difficile CDAD дамуына ықпал ететін A және B токсиндерін өндіреді. Гипертоксин C. difficile өндіретін штамм аурулар мен өлімнің артуына әкеледі, өйткені бұл инфекциялар микробқа қарсы емдеуге төзімді болуы және колэктомия жүргізуді қажет етуі мүмкін. Антибиотиктерді пайдаланудан кейін диареяға шағымданған барлық науқастарда CDAD ескерілуі тиіс. Бактерияға қарсы агенттер енгізуден кейін екі айдан соң CDAD дамуы мүмкін болғандықтан анамнезі тиянақты болуы қажет.
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (ШСЖ <10 мл / мин) азитромициннің жүйелі әсерінің 33% артқаны байқалды.
Жүрек аритмиясы мен екі бағытты тахикардияның даму қаупіне әкелетін ұзаққа созылатын жүрек реполяризациясы мен QT аралығының ұзаруы азитромицинді қоса, басқа да макролидтермен емдегенде байқалған. Келесі жағдайлар жүректің тоқтап қалуына әкелу мүмкіндігі бар қарыншалық аритмиялар (оның ішінде екі бағытты тахикардия) даму қаупін арттырады, сондықтан азитромицинді ағымдық проаритмогендік жай-күйдегі пациенттерге (әсіресе әйелдер және егде пациенттер) сақтықпен қолдану керек, мысалы:
• QT аралығының туа біткен немесе құжаттамалық расталған ұзаруы;
• қазіргі кезде QT аралығын ұзартатыны белгілі басқа да белсенді заттармен емделіп жүрген, мысалы IA класы (хинидин және прокаинамид) және III класының (дофетилид, амиодарон және соталол), аритмияға қарсы дәрілері, цизаприд және терфенадин; пимозид сияқты психозға қарсы дәрілер; циталопрам сияқты антидепрессанттар; моксифлоксацин және левофлоксацин сияқты фторхинолондар;
• электролиттік теңгерім бұзылған, әсіресе брадикардиямен, жүрек аритмиясы немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігімен гипокалиемия және гипомагниемия жағдайларында.
Миастения симптомдарының өршуі және миастения синдромының жаңадан басталуы азитромицин қабылдайтын пациенттерде тіркелген.
Пенициллин, әдетте, Streptococcus pyogenes туындатқан ларингит/тонзиллитті емдеуде таңдалатын препарат болып табылады және жедел ревматизмдік қызбада профилактика ретінде пайдаланылады. Зитротель, әдетте, стрептококктық фарингитке қарсы тиімді, бірақ оның жедел ревматизмдік қызбаны болдырмаудағы тиімділігіне қатысты ақпарат жоқ.
Mycobacterium Avium кешенінің балалардағы профилактикасы немесе емдеу үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препаратты қолдану ұзақтығы нұсқаулықта көрсетілген мерзімнен асып кетпеуі тиіс.
Зитротельді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде креатинин клиренсі минутына 40 мл-ден төмен болған кезде сақтықпен қолданған жөн.
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі азитромициннің балалар мен жасөспірімдердегі инфекцияны емдеуге тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Тұрғындардың ерекше топтары
Иммундық тапшылығы бар пациенттер
Микобактериялық инфекцияға қарсы кларитромициннің жоғары дозаларын ұзақ уақыт кезеңі бойы қабылдаған АИТВ және иммун тапшылығының басқа түрлері бар пациенттерде, кларитромицинді қабылдауға байланысты жағымсыз құбылыстарды адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) немесе қатар жүретін аурулардың негізгі белгілерінен ажырату көбінесе қиынға соғады.
Кларитромицинді тәулігіне 1000 мг және 2000 мг көлемінде қабылдаған ересек пациенттердегі ең жиі жағымсыз реакциялар: жүрек айну, құсу, дәм сезудің бұзылуы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, метеоризм, бас ауыруы, іш қату, естудің бұзылуы, Сарысулық глутаматоксалоацетаттрансаминазаның (SGOT) және сарысулық глутамат-пируватты трансаминазаның (АЛТ) жоғары деңгейі болды. Ең сирек кездескендері: ентігу, ұйқысыздық және ауыздың кеберсуі. Бұл жағдайлар тәулігіне 1000 мг және 2000 мг кларитромицинді қабылдаған пациенттерде анықталды, бірақ, әдетте, жалпы тәуліктік 4000 мг дозаны қабылдаған пациенттерде шамамен 3-4 есе сирек кездеседі.
Иммун тапшылығы бар пациенттерде, зертханалық көрсеткіштерге аталған тест үшін қалыптан күрделі шектік ауытқулары бар шамаларды (яғни ең жоғары және ең төмен көрсеткіштер) талдау негізінде баға берілді. Осы критерийлердің негізінде, 1000 мг немесе 2000 мг кларитромицинді күн сайын қабылдаған 2%-дан 3%-ға жуық пациенттерде Сарысулық глутаматоксалоацетаттрансаминаза (SGOT), сарысулық глутамат-пируватты трансаминаза (АЛТ) деңгейлерінің әдеттен тыс жоғарылауы және ақ қан түйіршіктері мен тромбоциттердің әдеттен тыс төмен көрсеткіштері болды. Осы екі топтағы пациенттердің төмен пайызында қандағы мочевина азотының деңгейі де жоғары болды. Қанның ақ жасушаларын қоспағанда барлық параметрлер бойынша әдеттен тыс мәндердің сәл жоғарырақ көрсеткіштері күн сайын 4000 мг қабылдаған пациенттерде байқалды.
Жүктілік және емшек емізу кезеңі
Жануарлардағы ұрпақ өрбіту функциясына ықпалын зерттеу ана оргаизмі үшін орташа уытты дозаларға сәйкес келетін дозаларды енгізу кезінде жүргізілді. Осы зерттеулер барысында азитромициннің шаранаға уыттылық әсеріне дәлелдер алынған жоқ. Алайда жүктілердің қатысуымен талапқа сай және жақсы бақыланған зерттеулер жоқ. Жануарлардағы ұрпақ өрбіту функциясына ықпалын зерттеулер адамдардағы ықпалына әрдайым сай келе бермейтіндіктен, Зитротельді жүктілік кезеңінде тек қана өмірлік көрсетілімдер бойынша тағайындау керек.
Препараттың емшек сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ. Көптеген дәрілер емшек сүтіне өтетіндіктен, азитромицинді емшек емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне қатысты деректер жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: азитромициннің артық дозалануы туралы деректер жоқ. Макролидті антибиотиктердің артық дозалануына тән симптомдарға естудің қайтымды түрде нашарлауы, жүректің қатты айнуы, құсу, диарея жатады.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
500 мг азитромицинге баламалы препаратты, резеңке тығынмен және қорғағыш қалпақшасы бар алюминий қақпақпен мықтап жабылған сыйымдылығы 12 мл шыны құтыға (І типті) салады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Дайындалған ерітіндіні 30 оС-ден аспайтын температурада 24 сағат бойы немесе 2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада 7 тәулік бойы сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Anfarm Hellas S.A.,
61st km NAT.RD.ATHENS-LAMIA
Schimatari Viotias, 32009, Greece
+30 22620 58391
Тіркеу куәлігінің иесі
Anfarm Hellas S.A., Греция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
ЖК Өтегенова Б.А.
010000, Қазақстан, Астана қ., Рамазан к-сі, 33-9
Тел/факс 8(7172) 43-95-34, +77017076181
e-mail: b.utegenova_ip@mail.ru
14