Дэстра
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Дэстра
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 0.15 мг дезогестрел,
0.02 мг этинилэстрадиол
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, Е дәрумені (DL-ɑ-токоферол), гипромеллоза 2910, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы 50,
Опадрай ақ 03В58625: гипромеллоза 2910, титанның қостотығы, макрогол (ПЭГ)
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «157» және екінші жағында «1» өрнегі бар ақ түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Жүйелі пайдалануға арналған гормональді контрацептивтер. Прогестагендер және эстрогендер, бекітілген біріктірілімдер. Дезогестрел және эстрогендер.
АТХ коды G03AA09
Фармакологиялық қасиеттерім
Фармакокинетикасы
Дезогестрел
Сіңірілуі
Дезогестрел жылдам және толығымен дерлік сіңіріледі, содан кейін дезогестрелдің биологиялық белсенді метаболиті болып табылатын 3-кето-дезогестрелге (этоногестрелге) дейін метаболизденеді. Қан плазмасындағы орташа ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) 2 нг/мл, оған таблетканы қабылдағаннан кейін 1.5 сағаттан соң жетеді. Дезогестрелдің биожетімділігі 62-81% құрайды.
Таралуы
3-кето-дезогестрел қан плазмасы ақуыздарына, әсіресе, альбуминдер мен жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулинге (ЖГГБ) айқын тектестікке ие. Қан плазмасында тек 2-4 % бос дезогестрел анықталады. этинилэстрадиол индукциялаған ЖГБГ мөлшерінің жоғарылауы қан плазмасы ақуыздарының таралуына әсер етеді, бұл ЖГБГ-байланысқан фракциясының артуына алып келеді және альбуминмен байланысқан фракциясының мөлшерін төмендетеді. Емдеу кезінде 3-кето-дезогестрел концентрациясын 3-13 күн ішінде белгіленген режиміне жеткенше арта түседі.
Таралу көлемі 1,5 л/кг құрайды.
Метаболизмі
Этоногестрел стероидтық гормондар метаболизмінің белгілі жолдары арқылы толықтай метаболизденеді. Қан плазмасынан метаболизмдік клиренсінің жылдамдығы дене салмағына 2 мл/минут/кг құрайды, бір мезгілде шығарылған этинилэстрадиолмен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Бауырда және ішек кенересінде түзілетін 3-кето-дезогестрелден өзге, дезогестрелдің басқа метаболиттері 3-OH-дезогестрел, 3-OH-дезогестрел және 3-OH-5-H-дезогестрел (I фаза метаболиттері деп аталатындар) болып табылады. Бұл метаболиттері фармакологиялық белсенділікті иеленбеген және соның салдарынан, полюстік метаболиттеріне, бірінші кезекте сульфаттар мен глюкуронидтерге дейін, ішінара конъюгациялану жолымен (II фазадағы метаболизм) метаболизденеді.
Шығарылуы
3-кето-дезогестрелдің жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 30 сағатты құрайды. Дезогестрел мен оның метаболиттері несеп арқылы және нәжіспен, немесе бос стероидтар немесе конъюгаттар түрінде шығарылады. Несептегі немесе нәжістегі шығарылу коэффициенті 1,5:1 құрайды.
Тепе-теңдік концентрациясы
Этоногестрелдің фармакокинетикасына сарысудағы ЖГБГ деңгейі әсер етеді, ол этинилэстрадиолдың әсерінен үш есе артады. Күнделікті қабылдағанда, тұрақты концентрациясы циклдың екінші жартысында анықталады. Бұл кезде қан сарысуындағы этоногестрел деңгейі 2-3 есе жоғарылайды.
Этинилэстрадиол
Сіңірілуі
Этинилэстрадиол жылдам және толықтай сіңіріледі. Қан сарысундағы орташа ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) 80 пг/мл құрайды және оған 1-2 сағаттан соң (tmax) жетеді. Этинилэстрадиол жүйеалдылық конъюгациялануға ұшырайтындықтан, оның абсолюттік биожетімділігі шамамен 60% құрайды.
Таралуы
Этинилэстрадиол қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен альбуминдермен толықтай байланысады және қан сарысуындағы ЖГБГ концентрациясының жоғарылауын туғызады. Этинилэстрадиол қан плазмасы ақуыздарымен 98,8%-ға, альбуминмен толықтай дерлік байланысады. Таралу көлемі 5 л/кг құрайды.
Метаболизмі
Этинилэстрадиол жіңішке ішектің шырышты қабығы мен бауырда жүйеалдылық конъюгациялануға ұшырайды. Этинилэстрадиол алдымен хош иісті гидроксилдену жолымен метаболизденеді, бірақ бұл кезде гидроксилденген және метилденген метаболиттері көп мөлшерде түзіледі, олар бос метаболиттер түрінде және глюкуронидтер мен сульфаттар түрінде анықталады. Метаболизмдік клиренсінің жылдамдығы шамамен 5 мл/мин/кг құрайды.
Шығарылуы
Этинилэстрадиолдың жартылай шығарылу кезеңі шамамен 30 сағатты (26-33 сағат) құрайды, плазмалық клиренсі сағатына 10-30 л аралығында ауытқып тұрады. Этинилэстрадиол конъюгаттары мен оның метаболиттері несеппен және нәжіспен шығарылады (арақатынасы 1:1).
Тепе-теңдік концентрациясы
Тепе-теңдік концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейін 3-4 күннен соң жетеді, бұл кезде этинилэстрадиолдың деңгейі, препараттың бір реттік дозасынан кейінгіге қарағанда 30-40%-ға жоғары болады.
Фармакодинамикасы
Дэстра ішу арқылы қолдануға арналған біріктірілген контрацептивтік препарат болып табылады, оның әсері гонадотропиндер синтезінің тежелуімен және овуляцияның бәсеңдеуімен, сондай-ақ, сперматозоидтардың цервикальді шырыш арқылы жылжуының тежелуімен және ұрықтанған ұрықжасушасының имплантациялануымен көрініс береді.
Этинилэстрадиол синтетикалық эстроген болып табылады.
Дезогестрел овуляцияны айқын тежегіштік әсері, прогестагендік әсері бар және антиэстрогендік белсенділікке иеленген синтетикалық прогестаген болып табылады, эстрогендік әсері жоқ және әлсіз андрогендік/анаболикалық әсерге ие.
Қолданылуы
- Пероральді контрацепция үшін
Дэстра препаратын тағайындау туралы шешімді қабылдағанда, әйелдердің ағымдағы қауіп факторларын жекелей, әсіресе вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) дамуын, Дэстраны қабылдағандағы ВТЭ даму қаупінің ұрықтануға қарсы басқа біріктірілген гормональді дәрілермен (ҰҚГД) салыстырымды екендігін де ескеру керек
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткаларды қабылдауды етеккір оралымының бірінші күнінен, 21 күн бойы күніне 1 таблеткадан (мүмкіндігінше, белгілі бір уақытта) бастайды.
Соңғы таблеткасын қабылдағаннан кейін 7 күндік үзіліс жасайды, ол кезде препараттың тоқтатылуы салдарынан етеккір тәрізді қан кету жүреді. 7 күндік үзілістен кейін 8-күні (алғашқы таблетканы қабылдағаннан кейін 4 аптадан соң, аптаның дәл сол күнінде), егер тіпті, қан кету тыйылмаса да, ішінде 21 таблеткасы бар келесі қаптамасын қабылдау басталады. Препаратты қабылдаудың бұл кестесі контрацептивтік қорғаныс қажет болғанға дейін сақталуы тиіс. Қабылдау ережелері сақталған жағдайда, контрацептивтік әсері 7 күндік үзліс кезінде де сақталады.
Препараттың алғаш қабылдануы
Алғашқы таблетканы қабылдауды етеккір оралымының бірінші күнінен бастау керек. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалану қажет емес.
Таблеткаларды қабылдауды етеккірдің 2 - 5 күндерінен де бастауға болады, бірақ бұл жағдайда, алғашқы циклында, таблеткаларлы қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына қосымша контрацепция әдістерін пайдалану қажет.
Қынап сақинасын немесе трансдермальді бұласырды пайдаланған жағдайда, әйелге Дэстра препаратын қабылдауды оларды алып тастаған күні, бірақ жаңа сақина енгізілуі тиіс немесе жаңа бұласырды жабыстырылуы тиіс күннен кешіктірмей бастау керек.
Егер етеккір басталғаннан кейін 5 күннен артық уақыт өтіп кетсе, қабылдауды бастауды келесі етеккірге дейін шегеру керек.
Жүктілікті алғашқы триместрінде тоқтатқаннан кейін
Түсік немесе аборттан кейін Дэстра препаратын қабылдауды алғашқы күннен бастау керек, және бұл жағдайда контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалану қажет емес.
Босанғаннан кейіни немесе жүктілікті екінші триместрінде тоқтатудан кейін
Бала емізбейтін әйелдерге таблеткаларды қабылдауды босанғаннан кейін немесе жүктілікті екінші триместрінде тоқтатқаннан кейін 21 күннен соң бастау керек. Бұл жағдайда, контрацепцияның басқа әдістерін қолдану қажет емес.
Егер препаратты қабылдау кешірек басталса, алғашқы 7 күн бойына контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалану қажет.
Егер босанғаннан кейін жыныстық қатынас орын алса, препаратты қабылдауды бастауды алғашқы етеккірге дейін шегеру керек.
Басқа пероральді контрацептивтен (21 күндік препараттан) Дэстра препаратына көшу
Дэстраның алғашқы таблеткасын алдыңғы препарат курсы аяқталғаннан кейінгі келесі күні қабылдау ұсынылады. Үзіліс жасау немесе етеккірдің басталуын күту қажет емес. Контрацепцияның қосымша әдістерін қолдану қажет емес.
Құрамында тек прогестаген бар пероральді контрацептивтен Дэстра препаратына көшу:
Дэстраның алғашқы таблеткасын етеккірдің бірінші күнінде қабылдау керек. Контрацепцияның қосымша әдістерін қолдану қажет емес.
Егер құрамында тек прогестаген бар контрацептивті қабылдағанда етеккір келмесе, онда Дэстраны қабылдауды циклдың кез келген күні бастауға болады, бірақ бұл жағдайда, алғашқы 7 тәулік бойына контрацепцияның қосымша әдістерін қолдану қажет.
Жоғарыда атап көрсетілген жағдайларда контрацепцияның қосымша әдістері ретінде гормоналдық емес әдістерді қолдану: жатыр мойнының спермицидтік гель жағылған контрацепциялық қалпақшасын, мүшеқапты пайдалану, немесе жыныстық қатынастан бас тарта тұру ұсынылады. Аталған жағдайларда күнтізбелік әдісті қолдану ұсынылмайды.
Етеккір оралымын кідірту
Егер етеккірді кейінге шегеру қажет болса, онда таблеткаларды қабылдауды 7 күндік үзіліссіз, әдіттегі кесте бойынша жаңа қаптамасынан бастау керек. Етеккір кейінге шегерілген кезде лақылдап немесе жұғынды қан кетулер пайда болуы мүмкін, бірақ бұл препараттың ұрықтануға қарсы әсерін төмендетпейді. Дэстра препаратын жүйелі түрде қабылдауды әдеттегі 7 күндік үзілістен кейін қайта бастауға болады.
Өткізіп алынған таблеткалар
Егер әйел таблетканы дер кезінде қабылдауды ұмытып кетсе, және өткізіп алғаннан кейін 12 сағаттан артық уақыт өтпесе, жай ғана ұмытылып кеткен таблетканы қабылдап, ары қарай қабылдауды әдеттегі уақытында жалғастыру керек.
Егер таблеткаларды қабылдау арасында 12 сағаттан артық уақыт өтіп кетсе - бұл таблетка өткізіліп алған болып саналады, осы оралымда контрацепцияның сенімділігіне кепілдік берілмейді контрацепцияның қосымша әдістерін қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, келесі екі негізгі ережені басшылыққа алуға болады:
1. Таблеткаларды қабылдау ешқашан 7 күннен артық уақытқа үзілмеуі тиіс.
2. Гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесінің талапқа сай бәсеңдеуіне көз жеткізу үшін, таблеткаларды 7 күн бойы үздіксіз қабылдау қажет.
Сәйкесінше, күнделікті тәжірибеде келесі кеңестерді беруге болады:
Циклдың бірінші немесе екінші аптасында бір таблетка өткізіліп алған жағдайда, келесі күні 2 таблеткасын қабылдау және содан соң оралымның аяғына дейін контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалана отырып, жүйелі қабылдауды жалғастыру қажет.
Таблетка оралымның үшінші аптасында өткізіліп алса, ұмытылып кеткен таблетканы қабылдап, жүйелі қабылдауды жалғастыру беру және 7 күндік үзілісті жасамау керек. Эстроген дозасының аздығына байланысты, таблетканы қабылдау өткізіліп алған жағдайда, овуляция және/немесе қан аралас бөліністер қаупі жоғарылайтынын есте сақтаудың маңызы зор және сондықтан да, контрацепцияның қосымша әдістерін қолдану ұсынылады.
Егер әйел таблеткаларды өткізіп алса және соның салдарынан, таблеткаларды қабылдаудағы әдеттегі алғашқы үзіліс кезінде әйелде тоқтату қан кетуі болмаса, жүктілік ықтималдылығын қарастыру керек.
Құсу немесе диарея жағдайында қолдану ұсынылатын шаралар
Елеулі асқазан-ішек бұзылстары (мысалы, құсу немесе диарея) жағдайында, толық сіңірілмеуі мүмкін және ұрықтануға қарсы қосымша шаралар қабылдануы тиіс. Егер препаратты қабылдағаннан кейін құсу немесе диарея пайда болса, препараттың сіңірілу дәрежесі төмендеуі мүмкін.
Егер бұзылыс симптомдары 12 сағат ішінде тыйылса, онда қосымша тағы бір таблеткасын қабылдау қажет. Бұдан кейін қалған таблеткаларды қабылдауды әдеттегідей жалғастыру керек. Егер симптомдары 12 сағаттан артыққа созылса, онда құсу немесе диарея кезінде және одан кейінгі 7 күн бойына контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалану қажет.
Егер әйел таблеткаларды қабылдаудағы өзінің үйреншікті кестесін өзгерткісі келмесе, ол келесі блистерлік қаптамадағы қосымша таблетканы қабылдауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі ((>1/10)
- лақылдап қан кетулер, жұғынды қан кетулер
- дене салмағының жоғарылауы
- Жиі (> 1/100, < 1/10)
- бас ауыруы, бас айналуы, бас сақинасы,
- күйгелектік, депрессия, көңіл-күйдің өзгеруі
- жүрек айнуы, құсу
- холелитиаз, холестаздық сарғаю
- етеккір оралымының бұзылулары (етеккіраралық қан кетулер, дисменорея, препаратты қабылдаудан кейінгі аменорея), етеккір алдындағы синдром, қынап бөлінісері сипатының өзгеруі, жатыр фибромиомасының ұлғаюы, эндометриоз ағымының нашарлауы, қынап инфекцияларының (мысалы, кандидоз) пайда болуы
- либидо төмендеуі
- сүт бездерінің тұрпайылануы, сүт бездерінің сезімталдығы, ұлғаюы және ауыруы, сүт бездерінен бөліністердің шығуы
- акне, тері бөртпесі, түйінді эритема, есекжем, хлоазмалар
- жанаспалы линзаларды таққан кездегі мөлдір қабықтағы жайсыздық
- организмде сұйықтықтың іркілуі, дене салмағының өзгеруі, көмірсуларға толеранттылықтың төмендеуі
- артериялық гипертензия
Сирек (> 1/10 000, < 1/1 000)
- ангионевроздық ісінуді қоса, жоғары сезімталдық реакциялары
- отосклероз
- тромбоэмболия, вена тромбоздары/тромбоэмболиялары, артериялық тромбоздар, аяқтың терең веналарының тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- миокард инфарктісі, инсульт
- түйінді эритема, полиморфты эритема, қышыну, алопеция
- либидо жоғарылауы
- қынап бөліністері, сүт бездерінің бөліністері
Өте сирек (< 1/10 000)
- бауыр, шажырқай немесе торқабық қантамырларының артериялық немесе веналық тромбозы
Препаратты қабылдау аясында гипертония дамыған жағдайда, тез арада препаратты тоқтату қажет.
Жекелеген жағымсыз әсерлерінің сипаттамасы
Миокард инфарктісін, инсультті, ми қанайналымының өтпелі бұзылуларын, вена тромбозы мен өкпе артериясының эмболиясын қоса, артериялық және веналық тромбоз және тромбоэмболия жағдайларының даму қаупінің артуы, БГК қабылдап жүрген әйелдерде хабарланған.
Жағымсыз әсерлердің бірқатары туралы біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдаланып жүрген әйелдерде хабарланды, олар «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде егжей-тегжейлі келтірілген. Оларға мыналар кіреді:
Артериялық гипертензия;
-
Гормонға тәуелді ісіктер (мысалы, бауыр ісіктері, сүт безінің обыры);
-
БПК пайдаланумен байланыстылығы нақты анықталмаған болып табылатын жағдайлардың болуы немесе нашарлауы,: Крон ауруы, ойық жаралы колит, эпилепсия, эндометриоз, жатыр миомасы, порфирия, жүйелі қызыл жегі, жүктіліктен болатын гестациялық герпес, Сиденгам хореясы, гемолиздік-уремиялық синдром, холестаздық сарғаю;
-
Хлоазма.
-
Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылулары БПК пайдалануды бауыр функциясының маркерлері қалыпты көрсеткіштеріне дейін қалпына келгенше тоқтатуды қажет етуі мүмкін.
-
Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогендік эстрогендер оның симптомдарын туғызуы немесе күшейтуі мүмкін.
БПК қабылдап жүргендер арасында сүт безі обыры диагнозының расталу жиілігі тым елеусіз. 40 жасқа дейінгі әйелдерде сүт безінің обыры сирек байқалатындығына байланысты, аталған аурудың санының артуы жалпы қаупіне қатысты елеусіз болып табылады. БПК қабылдаумен себеп-салдарлық байланысы белгісіз.
Қолдануға болмайын жағдайлар
- жүктілік немесе жүктілікке күдіктену, лактация кезеңі
- орташа немесе ауыр дәрежедегі гипертония
- гиперлипопротеинемия
- анамнезде артериялық немесе веналық тромбоэмболиялық аурулардың (мысалы, терең веналар тромбозы, өкпе артериясының эмболиясы, миокард инфарктісі) болуы немесе білінуі
- цереброваскулярлық бұзылулар, ағымдағы инсульт, анамнездегі инсульт немесе продромальді жағдай (мысалы, ми қанайналымының өтпелі бұзылуы)
- артерия немесе вена тромбоэмболиясы даму қаупінің болуы (мысалы, белсенді протеин С резистенттілік (V Ляйденнің факторын қоса), антитромбин III тапшылығы, С ақуызының тапшылығы, S ақуызының тапшылығы, гипергомоцистеинемия, антифосфолипидтік антиденелер)
- көптеген қауіп факторларына немесе төмендегілер сияқты елеулі бір қауіп факторының болуына байланысты, артерия тромбоэмболиясының даму қаупінің жоғарылауы:
• қантамырлық симптомдармен жүретін қант диабеті
• гипертониялық аурудың ауыр түрі
• дислипопротеинемияның ауыр түрі
- ұзаққа созылатын иммобилизациялаумен жүретін ауқымды хирургиялық араласым
- анамнезде ошақтық неврологиялық симптомдармен жүретін бас сақинасының болуы
- анамнезде бауырдың ауыр ауруларының, жүктілік кезіндегі стероидтарды қабылдау аясында холестаздық сарғаюдың, гепатиттің, сарғаюдың болуы немесе білінуі, Дубин-Джонсон синдромы немесе Ротор синдромы (отбасылық созылмалы гемолиздік емес сарғаю), гепатоцеллюлярлық ісіктер және порфирия, панкреатит
- гепатиттің болуы (зертханалық көрсеткіштер қалпына келгенге дейін және аталған көрсеткіштер нормаға қайта келгеннен кейін 3 ай бойы)
- өттас ауруының, гипертриглицеридемиямен байланысты панкреатиттің (соның ішінде, анамнезде) болуы
- анамнезде бауыр ісіктерінің болуы (қатерсіз немесе қатерлі)
- эстрогенге тәуелді ісіктердің немесе оларға күдіктің болуы, эндометрий гиперплазиясы, этиологиясы анық емес, гениталийден қан кетулер
- жүйелі қызыл жегінің болуы (немесе анамнезде көрсетілуі)
- қатты қышыну, жүкті әйелдердегі герпес, алдыңғы жүктілік кезінде немесе стероидтық препараттарды қабылдағандағы отосклероз, отосклероздың нашарлауы
- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, арахисқа немесе сояға аллергия.
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза – галактоза мальабсорбциясы
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (дезогестрел мен этинилэстрадиолдың қаупсіздігі мен тиімділігі анықталмаған).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жыныстық гормондар клиренсінің артуына алып келетін өзара дәрілік әрекеттесулер лақылдап қан кетулерге немесе препараттың контрацепциялық әсерінің төмендеуіне түрткі болуы мүмкін. Ондай өзара әрекеттесулер гидантоиндерге, барбитураттарға, примидонға, карбамазепинге және рифампицинге қатысты көрсетілді, окскарбацепин, топирамат, фелбамат және гризеофульвиннің де осындай әсері болуы мүмкін. Бұл өзара әрекеттесуінің механизмі, бұл препараттардың бауыр ферменттері белсенділігін индукциялауына негізделген. Сонымен қатар, индукциялау қабілетіне ие АИТВ-протеазасы тежегіштері (мысалы, ритонавир мен нелфинавир) және кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері (мысалы, невирапин және эфавиренз), бауыр метаболизміне әсер етуі мүмкін.
Ферменттер индукциясының ең жоғарғы дәрежесі әдетте, емдеу басталғаннан кейін тек 2-3 аптадан соң ғана байқала бастайды, алайда, емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде 4 апта бойы сақталуы мүмкін. Ампициллин және тетрациклиндер сиқты антибиотиктерді бір мезгілде қабылдау да пероральді контрацептивтердің контрацепциялық тиімділігінің төмендеуіне алып келеді, әйтсе де, бұл әсерінің механизмі түсініксіз.
Жоғарыда атап келтірілген топтардағы препараттармен азғантай уақыт ем қабылдап жүрген әйелдер қатарлас препаратты қолдану кезінде және ол препаратты тоқтатқаннан кейін 7 күн бойы, таблеткалармен бір мезгілде уақытша, контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалануы тиіс.
Рифампицинді қабылдап жүрген әйелдер рифампицинді қолдану кезеңі бойына және ол препаратты тоқтатқаннан кейін 28 күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалануы тиіс. Қатарлас препаратты қабылдау кезінде пероральді контрацептив қаптамасындағы таблеткалар саны артық болған жағдайда, бірден, үзіліс жасамай, келесі қаптамадағы пероральді контрацептив таблеткасын қабылдауды бастау керек.
Мамандар бауыр ферменттерін белсендіретін препараттармен ұзақ уақыт бойы ем қабылдап жүрген әйелдерге контрацептивтік гормондардың дозасын арттыруды ұсынады. Егер гормондардың жоғары дозаларын тағайындау ұсынылмаған болса, немесе егер, гормондардың жоғары дозасы жеткіліксіз немесе қауіпсіз емес болып табылатын болса, мысалы, тоқтату қан кетулерінің жүйесіздігі кезінде, контрацепцияның басқа әдісін пайдалануға кеңес беру керек.
Пероральді контрацептивтер басқа препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін. Сәйкесінше, плазмалық және тіндік концентрациялары артуы (мысалы, циклоспорин) немесе азаюы (мысалы, ламотриджин) мүмкін.
Өсімдіктен алынған дәрілік зат Шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum, шілтер жапырақты шайқурай) препараттың контрацепциялық тиімділігін төмендетуі және бұл әсері, Шілтер жапырақты шайқураймен емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.
Пероральді контрацептивтер глюкозаның көтерімділігін төмендетуі мүмкін, сондықтан, инсулиннің немесе ішу арқылы қолдануға арналған диабетке қарсы препараттардың дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Зертханалық талдау
Стероидтық контрацептивтерді пайдалану бауырдың, қалқанша бездің, бүйрекүсті бездерінің биохимиялық көрсеткіштері мен бүйек функциясын; ақуыздардың (тасымалдағыштардың) плазмадағы деңгейлерін, мысалы, кортикостероид-байланыстырғыш глобулин мен липидтік/липопротеиндік фракциялары; көмірсу алмасуының көрсеткіштері мен коагуляция көрсеткіштерін және фибринолиз көрсеткіштерін қоса, кейбір зертханалық тестілердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Өзгерістері әдетте, қалыпты зертханалық ауқымының шегінде қала береді.
Айрықша нұсқаулар
Төменде атап келтірілген кез келген жағдайлар бар болса, ұрықтануға қарсы пероральді дәрілердің артықшылықтары немесе болуы мүмкін теріс әсерлері әр жағдайда жекелей бағаланады. Бұл мәселені пациент әйелмен талқылау қажет, ол қажетті ақпаратты алғаннан кейін өзінің ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдағысы келетін, келмейтіндігі туралы ақырғы шешімді қабылдайды.
Вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) даму қаупі.
Кез келген біріктірілген гормональді контрацептивті (БГК) пайдалану пайдаланбаумен салыстырғанда, вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) даму қаупін арттырады. Құрамында левоноргестрел, норгестимат немесе норэтистерон бар препараттар ВТЭ қаупінің аздығымен байланысты. Дезогестрел және этинилэстрадиол сияқты басқа препараттарда қауіп деңгейі екі есе жоғары болуы мүмкін. ВТЭ қаупі тым аздардың қатарына жатпайтын кез келген препаратты пайдалану туралы шешімді тек, әйелмен дезогестрел және этинилэстрадиолды қабылдау кезіндегі ВТЭ дамуының қаупін ескеру үшін, оның ағымдағы қауіп факторлары бұл қауіпке қалай әсер ететіндігін, және ондағы ВТЭ қаупі пайдаланудың алғашқы жылы ішіндегі ең жоғарғы қауіп болып табылатындығын талқылағаннан кейін ғана қабылдау керек. Сонымен қатар, қауіптің БГК пайдаланудағы 4 апталық немесе одан да ұзақ үзілістен кейін қайталап қабылдаған кезде арта түсетіндігіне бірнеше дәлелдер бар.
БГК қабылдап жүрген және жүкті емес әйелдерде бір жыл ішінде шамамен, 10000-ының 2-еуінде ВТЭ дамығаны туралы хабарланған.
Алайда, кез келген әйелдегі жеке алғандағы қауіп, оның негізгі қауіп факторларына байланысты айтарлықтай жоғары болуы мүмкін.
Әйелдің жағдайын мұқият бақылау қажет. Препаратты қабылдау аясында жоғарыда атап келтірілген жағдайлардың кез келгені нашарлаған, өршіген немесе пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату және дезогестрел мен этинилэстрадиолды пайдалануды тоқтату немесе контрацепцияның басқа, гормоналдық емес әдісіне көшу керек–керек еместігін анықтап алу үшін, өз дәрігеріне қаралуға кеңес беру қажет:
- қан ұюының бұзылуы
- қан айналымы бұзылуының даму қаупінің жоғарылауымен байланысты барлық аурулар: жасырын немесе айқын жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, сондай-ақ, аталған аурулардың анамнезде болуы
- эпилепсияның болуы, соның ішінде анамнезде
- бас сақинасының болуы, соның ішінде анамнезде
- анамнездегі холелитиаз
- эстрогенге тәуелді ісіктердің, фиброма және эндометриоз сияқты эстрогенге сезімтал гинекологиялық аурулардың дамуының қауіп факторларының біреуінің болуы
- қант диабеті
- ауыр депрессиияның, соның ішінде анамнезде болуы. Егер депрессия триптофан алмасуының бұзылуымен байланысты болса, онда оны түзету мақсатында В6 дәруменін қолдануға болады
- орақтәрізді жасушалы анемия, өйткені жекелеген жағдайларда (мысалы, инфекции, гипоксия) мұндай патология кезінде құрамында эстроген бар препараттар тромбоэмболия құбылыстарына түрткі болуы мүмкін
- бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылулары БПК пайдалануды бауыр функциясының маркерлері қалыпты көрсеткіштеріне қайта келгенге дейін тоқтата тұруды қажет етуі мүмкін. Жүктілік кезінде немесе жыныстық стероидтарды алдыңғы пайдалану кезінде алғаш орын алған холестазбен байланысты холестаздық сарғаю және/немесе пруриттің қайталануы, БПК қабылдауды тоқтатуды қажет етеді
- егер бауырдың функционалдық зертханалық параметрлерінде ауытқулар пайда болса, онда препаратты қабылдауды тоқтату қажет.
Тромбоэмболиялық аурулар
Эпидемиологиялық зерттеулердің мәліметтерінен, ұрықтануға қарсы пероральді гормональді дәрілерді қабылдау мен миокард инфарктісі, инсульт, терең веналар тромбозы және өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты артерияның және венаның тромбоздық және тромбоэмболиялық аурулары қаупінің жоғарылауы арасында байланыс бар дәлелденді. Артерия тромбоэмболиясы жағдайлары өлімге соқтыруы мүмкін.
Аталған жағдайлар сирек кездеседі.
Венаның тромбоэмболиялық аурулары қаупінің жоғары екендігі, бірақ оның, жүктілік кезіндегіден (100 000 жүктіліктің 60 жағдайында) едәуір аз екендігі дәлелденді. Жүкті емес, ұрықтануға қарсы пероральді дәрілерді қабылдап жүрмеген дені сау әйелдерде венаның тромбоэмболиялық ауруларының жаңа жағдайларының өздігінен пайда болуы жиілігі жылына 100 000 әйелдің ішінен шамамен 5 жағдайды құрайды. Екінші буынды препараттарды қолданғанда – жылына 100 мың әйелдің ішінен 15 жағдай, ал үшінші буынды препараттарды қолданғанда –100 мың әйелдің ішінен 25 жағдай. Венаның тромбоэмболиялық ауруларының пайда болу жиілігі жас ұлғая келе және басқа қауіп факторлары (мысалы, семіздік) болған жағдайда арта түседі.
Артериялық және/немесе веналық тромбоэмболияның даму қаупі келесі жағдайларда жоғарылайды:
- жас ұлғая келе, әсіресе, 35 жастан кейін
- шылымқорлықта (қарқынды шылым шегу мен әйелдердің жасының 35 жастан асуы жоғары қауіп болып табылады), Әйелдерге, егер олар БГК қабылдағысы келсе, шылым шекпеуге кеңес беру керек. 35 жастан асқан, әлі де шылым шегіп жүрген әйелдерге қатаң түрде, контрацепцияның басқа әдісін пайдалануды ұсыну керек.
- отбасылық анамнезде тромбоэмболиялық аурулардың болуы (мысалы, ата-анасында, ағасында немесе әпкесінде). Егер тұқым қуалайтын бейімділікке күдік болса, онда препаратты қолданар алдында маманмен кеңесу қажет
- семіздікте (дене салмағының индексі 30 кг/м2 жоғары)
- дислипопротеинемия кезінде
- гипертония кезінде
- бас сақинасы, БГК пайдалану кезінде бас сақинасының жиілігі мен ауырлығының артуы (цереброваскулярлық бұзылуға ізашар болуы мүмкін) дереу тоқтату үшін негіз болуы мүмкін
- жүрек клапандарының аурулары кезінде
- жүрекшелердің фибрилляциясы кезінде
- қант диабетінде
- ұзақ уақыт бойғы иммобилизация, ауқымды хирургиялық араласым, аяқтарға жасалған операция немесе ауқымды жарақат кезінде. Аталған жағдайларда пероральді контрацептивтерді қабылдауды тоқтату (жоспарлы операцияға дейін кемінде 4 апта бұрын) және оны толық қалпына келуден кейін екі апта өткенше қайта бастамау ұсынылады.
Босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоэмболияның даму қаупінің жоғарылауы мүмкіндігін ескеру керек.
Қанайналым бұзылулары орын алуы мүмкін, мысалы, қант диабеті, жүйелі қызыл жегі, гемолиздік-уремиялық синдром, Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит, орақтәрізді жасушалы анемия сияқты аурулар венаның тромбоэмболиялық ауруларының түзілу қаупін арттырады.
Бас сақинасы ұстамалары кезінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Артерияның немесе венаның тромбоэмболиялық ауруларының түзілу қаупін арттыратын туа біткен немесе жүре пайда болған биохимиялық ақаулар: белсенділенген протеин С (БПС) резистенттілік, гиперхромоцистеинемия, антитромбин-III тапшылығы, С және S протеиндерінің тапшылығы, антифосфолипидтік антиденелердің (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт) болуы.
Келесі жағдайлар жүктілік кезінде және БПК пайдаланған кезде орын алады немесе нашарлай түседі, алайда, БПК қабылдаумен байланыстылығының дәлелдері нақты емес: холестазбен байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өттас түзілісі; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолиздік-уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктіліктен болатын гестациялық герпес; отосклерозбен байланысты естімей қалу; (тұқым қуалайтын) ангионевроздық ісіну.
Препаратты қабылдаудың артықшылықтары мен қаупінің арақатынасын бағалаған кезде, негізгі ауруларды мақсатты түрде емдеу тромбоэмболияның түзілу қаупін төмендетінін, сондай-ақ, тромбоэмболияның даму қаупі ұрықтануға қарсы таблеткаларды қолданған кездегіге қарағанда, жүктілік кезінде көбірек екендігін ескеру керек.
Тромбоз дамуын көрсететін симптомдарға мыналар кіреді:
- кеуденің кенеттен қатты ауырып, сол жақ қолға берілуі
- кенеттен ентігу
- ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан немесе алғаш пайда болған кез келген әдеттен тыс, күшті бас ауыруы, әсіресе, егер келесі белгілермен бірігіп келсе: кенеттен ішінара немесе толықтай көрмей қалу, диплопия, афазия, бас айналуы, фокальді эпилепсиямен пайда болуы мүмкін коллапс, әлсіздік немесе дененің жартысының айқын ұюы, қимыл-қозғалыс бұзылулары, балтыр бұлшықетінің бір жағының күшті ауыруы, жедел іштеспе.
Миокард инфарктісі симптомдарына мыналар кіруі мүмкін:
- ауыру, жайсыздық, қысым, ауырлық, кеуденің, қолдың немесе кеудеден төмен қысылу немесе толып кету сезімі;
- арқаға, жақсүйекке, тамаққа, қолға қарай ауысқан жайсыздық;
- қанығу сезімі, асқазан бұзылысының немесе тұншығудың болуы;
- тершеңдік, жүрек айнуы, құсу немесе бас айналуы;
- айқын әлсіздік, мазасыздық, немесе ентігу;
- жүректің жылдам немесе жүйесіз соғуы.
Ми қанайналымы бұзылуының симптомдарына мыналар кіруі мүмкін:
- беттің, қолдың немесе аяқтың, әсіресе, дененің бір жақ бөлігінің кенеттен ұюы немесе әлсіздігі;
- жүрудегі кенеттен пайда болатын қиындықтар, бас айналуы, тепе-теңдікті немесе қимыл-қозғалыс үйлесімін жоғалту;
- кенеттен сананың шатасуы, сөйлеу мен ұғынудағы қиындықтар;
- бір немесе екі көздің көруінің кенеттен нашарлауы;
- кенеттен басталған күшті немесе ұзаққа созылған, белгілі бір себепсіз бас ауыруы;
- естен тану немесе эпилепсия ұстамасымен немесе онсыз талып қалулар.
Уақытша симптомдар, оқиғаның ми қанайналымының өтпелі бұзылуы (МҚӨБ) болып табылатындығын білдіреді.
Егер көздегі тромбоэмболия дами бастаса, симптомдары ауырсынусыз жүретін анық көрмеуден бастап ауытқып тұруы, ол көрмей қалуға дейін үдеуі мүмкін. Кейде көрмей қалу қас-қағым сәтте орын алуы мүмкін.
Онкологиялық аурулар
Құрамында эстроген бар гормональді контрацептивтер жыныстық гормонға тәуелді ісіктердің ұлғаюына ықпал етеді, сондықтан, ондай ісіктер болған жағдайда, ұрықтануға қарсы гормональді дәрілерді қолдануға болмайды.
Эпидемиологиялық зерттеулер, пероральді контрацептивтерді ұзақ уақыт бойы (> 5 жыл) қолдану адамдағы папиллома вирусын (АПВ) жұқтырған әйелдерде жатыр мойны обыры дамуының қауіп факторы болып табылатындығын көрсетеді.
Алайда, бұл тұжырымның интерпретациялауды қиындататын әсерлерге (мысалы, сексуалдық серіктестер санындағы немесе бөгеттік контрацептивтерді пайдаланудағы айырмашылықтар) қаншалықты тәуелді екендігіне қатысты белгісіздік бар.
Кейбір зерттеулерде, пероральді контрацептивтерді ұзақ уақыт бойы қабылдаған әйелдерде жатыр мойны обыры жағдайларының саны артқаны туралы хабарланған, бірақ зерттеулердің нәтижелері бір-біріне айтарлықтай қарама-қайшы.
54 фармако-эпидемиологиялық зерттеудің мета-талдауы, пероральді контрацептивтерлі қабылдап жүрген әйелдер арасында сүт безі обырының салыстырмалы түрде жоғарылау қаупінің бар екендігін көрсетті, бірақ бұл жағдайларда жүйелі түрдегі медициналық бақылауға байланысты, сүт безінің обыры ертерек анықталуы ықтимал.
Сүт безінің обыры 40 жасқа толмаған әйелдер арасында, олардың пероральді контрацептивтерді қабылдап жүргендігіне немесе қабылдап жүрмегендігіне қарамастан, сирек кездеседі. Сүт безі обырының даму қаупі жас ұлғайған сайын арта түседі. Ұрықтануға қарсы гормональді дәрілерді қабылдап жүрген әйелдер арасында сүт безі обыры жағдайларының саны көп емес, және таблеткаларды қолдану көптеген қауіп факторларының бірі болып табылуы мүмкін. Әйелге сүт безі обырының даму қаупінің мүмкіндігін айту қажет және таблеткаларды қабылдау туралы шешім, пайдасы мен қаупінің арақатынасын (аналық бездер мен эндометрий обырынан қорғау) бағалағаннан кейін қабылдануы тиіс.
Сирек жағдайларда, пероральді контрацептивтерді ұзақ уақыт пайдаланғанда, бауырдың қатерсіз және қатерлі ісіктері анықталды. Бауыр көлемі ұлғаюының немесе құрсақішілік қан кетудің белгілері болуы мүмкін іш ауыруы пайда болған жағдайда, бұл дифференциациялық-диагностикалық мәселе болып табылуы мүмкін.
Пероральді контрацептивтерді қолдану мен эндометрий және сүт бездері обырының туындау жиілігі арасындағы байланысты анықтау үшін бірқатар зерттеулер жүргізілді. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, ұрықтануға қарсы пероральді гормональді дәрілердің жоғарырақ дозаларын қабылдау аналық бездер мен эндометрий обырының даму қаупін төмендетеді.
Медициналық тексеру
Ұрықтануға қарсы таблеткаларды тағайындауды бастар алдында, дәрігер қарсы көрсетілімдері мен сақтандыруларды басшылыққа ала отырып, егжей-тегжейлі отбасылық және жеке анамнез жинақтауы, медициналық тексеру жүргізуі тиіс; бұл емшараны БОК қабылдау кезінде кемінде жылына бір рет қайталап отыру керек. Медициналық тексерулердің мезгіл-мезгіл жүргізілуі маңызды, өйткені, БОК қабылдауға қарсы көрсетілімдер болып табылатын аурулар (ми қанайналымының мысалы, өтпелі бұзылуы) немесе қауіп факторлары (мысалы, отбасы мүшелерінде веналық немесе артериялық тромбоздардың болуы) БОК қабылдау кезінде алғаш көрініс беруі мүмкін. Зерттеулердің тізбесі мен жүргізілу жиілігі әр әйел үшін жекелей таңдалуы тиіс, бірақ кез келген жағдайда, артериялық қысымды өлшеуге, сүт бездерін, жатыр мойнының цитологиялық зерттеуі мен сәйкесінше зертханалық тестілерді қоса, құрсақ қуысын мен кіші жамбас ағзаларын тексеруге айрықша көңіл бөлу керек.
Әйелдің назарын басқа БГК жағдайларындағымен салыстырғанда, дезогестрел мен этинилэстрадиолды қолдану кезіндегі веналық және артериялық тромбоздарға, соның ішінде, ВТЭ және АТЭ симптомдары, белгілі қауіп факторлары қаупіне және тромбозға күдік туындаған жағдайда не істеу керектігіне аудару маңызды болып табылады.
Сондай-ақ әйелге, олардың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығуы және ондағы ұсынымдарды басшылыққа алуы тиіс екендігі жөнінде нұсқау беру керек.
Әйелге, пероральді контрацептивтердің АИТВ (ЖИТС) және жыныстық жолмен берілетін басқа аурулардан (ЖЖБА) қорғамайтындығын айту қажет.
Тиімділігінің төмендеуі
БПК тиімділігі, мысалы таблеткаларды қабылдауды өткізіп алған, асқазан-ішек бұзылыстары немесе қатарлас дәрілік препараттарды қабылдаған жағдайда төмендеуі мүмкін. Дезогестреал мен этинилэстрадиолды қабылдау кезінде, препараттың плазмадағы концентрациясының төмендеуі және дезогестрел мен этинилэстрадиолдың клиникалық әсерінің азаюы қаупіне байланысты, құрамында шайқурай (шілтер жапырақты шайқурай) бар өсімдік текті препараттар пайдаланылмауы тиіс.
Оралым бақылануының төмендеуі
БПК қабылдап жүргендердің барлығында, әсіресе, пайдаланудың алғашқы айларында қан кетулердің жүйесіздігі (қан аралас бөліністер немесе лақылдап қан кетулер) болады. Сондықтан, кез келген жүйесіз қан кетуді тек, шамамен үш оралымда бейімделу аралығынан кейін ғана бағалаған дұрыс. Егер жүйесіз қан кетулер сақталып қалса немесе осының алдындағы жүйелі оралымдардан кейін туындаса, онда гормоналды емес себептері қарастырылуы және қатерлі жаңа түзілімдердің немесе жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау үшін, талапқа сай диагностика жүргізу шаралары қолданылуы тиіс. Ондай шараларға кюретаж кірістірілуі мүмкін.
Кейбір әйелдерде қан кетудің тыйылуы таблеткаларды қабылдаудағы үзіліс кезінде орын алмауы мүмкін. Егер БПК жоғарыда сипатталған нұсқауларға сәйкес қабылданса, онда әйелдің жүкті болуы ықтималдығы аз. Алайда, егер БПК қан кетудің алғашқы тыйылуына дейін нұсқауларға сәйкес қабылданбаса немесе қан кетудің тоқтауы екі рет болмай қалса, БПК пайдаланар алдында жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс.
Зертханалық зерттеулер көрсеткіштерінің өзгерістері
Құрамында эстрогенді компоненттердің болуына байланысты, пероральді контрацептивтерді пайдалану, бірқатар зертханалық зерттеулердің, соның ішінде, бауырдың, бүйректің, бүйрекүсті бездері мен қалқанша бездің функционалдық тестілері, қан ұюы мен фибринолиз параметрлерін және, қан плазмасындағы липопротеиндер мен тасымалдағыш ақуыздар мөлшерін зерттеу нәтижелеріне ықпалын тигізуі мүмкін.
Гипертриглицеридемиясы бар немесе отбасылық анамнезінде болған әйелдер, БПК пайдаланған кезде панкреатиттің дамуы қаупінің жоғарылауына ұшырауы мүмкін.
Хлоазмалар
Кей жағдайларда, пероральді контрацептивтерді қабылдау аясында, әсіресе, жүктілік кезінде хлоазма болған әйелдерде хлоазмалар дамиды. Қауіп тобындағы әйелдерге, таблеткаларды қабылдау кезінде ультракүлгін сәулелер мен күннің әсерінен қорғану керек.
Жүктілік және лактация
Дезогестрел мен этинилэстрадиол жүктілік кезінде қолдану үшін көрсетілмеген. Егер жүктілік дезогестрелмен және этинилэстрадиолмен емдеу кезінде басталса, ары қарай қабылдауды тоқтату қажет. Алайда, ауқымды фармако-эпидемиологиялық зерттеулерден, жүктілігіне дейін БПК қабылдаған әйелдерден туған балалардағы даму ақаулары немесе әйел БПК таблеткаларын жүктіліктің бастапқы мерзімдерінде қабылдаған жағдайдағы тератогендік әсері қаупінің жоғарылығы анықталған жоқ.
Лактация: ұрықтануға қарсы гормональді дәрілер емшек сүті мөлшерінің азаюына, және оның құрамының өзгеруіне алып келуі мүмкін, препарат азғантай дәрежеде ана сүтіне өтеді және баланың денсаулығына теріс ықпалын тигізуі мүмкін, сондықтан, оны бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобиль басқару және жарақат алу қаупі жоғары механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ.
Артық дозалануы
жағымсыз әсерлері
Емі – симптоматикалық және демеуші шаралар. Бауыр функциясы мен КФК деңгейін бақылау қажет. Гемодиализдің тиімді болу ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
21 таблеткадан лакталған алюминий фольгадан және поливинилдихлоридпен қапталған мөлдір поливинилхлоридтен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Sun Pharmaceutical Industries Ltd
Halol-Baroda highway,
Halol-389350 Gujarat, Үндістан
Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы және елі
Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан
Sun House, Mumbai , Maharashtra, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «Sun Pharmaceutical Ind Ltd»
050004, Алматы қ., Манас к-сі 32 «А», «SAT» бизнес орталығы
6 қабат, 602 кеңсе,
Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64
regulatory.kz@sunpharma.com