Долутегравир (Долутегравир)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Долутегравир
Халықаралық патенттелмеген атауы
Долутегравир
Дәрілік түрі, дозасы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрілер. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа препараттар. Долутегравир
АТХ коды J05AX12
Қолданылуы
- ересектерде, жасөспірімдерде және дене салмағы 14 кг және одан жоғары 6 жастағы және одан үлкен балаларда АИТВ инфекциясын басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеуде
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамына кіретін әсер етуші затқа немесе «Құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 2 (OCT2) органикалық катион тасымалдаушысының субстраты болып табылатын тар емдік терезелері бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, фампридин (далфампридин ретінде белгілі)
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттардың долутегравир фармакокинетикасына әсері
Интеграза класына төзімділік болған кезде долутегравирдің әсерін төмендететін барлық факторлардан аулақ болу керек.
Долутегравир негізінен UGT1A1 арқылы метаболизденеді. Долутегравир сонымен қатар UGT1A3, UGT1A9, CYP3A4, Р-гликопротеин (P-gp) және сүт бездің қатерлі обырына төзімді ақуыздың (BCRP) субстраты болып табылады; осылайша, осы ферменттерді индукциялайтын дәрілік препараттар плазмадағы долутегравирдің концентрациясын төмендетіп, долутегравирдің емдік әсерін азайтуы мүмкін (1-кестені қараңыз). Көрсетілген ферменттерді тежейтін долутегравир мен басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдаған кезде қан плазмасындағы долутегравир концентрациясының артуы мүмкін (1-кестені қараңыз).
Долутегравирдің сіңуі кейбір қышқылға қарсы препараттардың көмегімен азаяды (1-кестені қараңыз).
Долутегравирдің басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері
Долутегравир мидазолдарға әсер еткен жоқ, цитохромның көрсеткіші P450 3A4 (CYP3A4). Деректер негізінде долутегравирдің CYP3A4, CYP2C9 және P-gp сияқты кез келген негізгі ферменттің немесе тасымалдағыштың субстраты болып табылатын дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсері күтілмейді.
Долутегравир органикалық аниондардың 2 (OCT2) бүйрек ақуызы-тасымалдауышын және дәрілік препараттар мен токсиндердің экструзиялық ақуыз-тасымалдаушысын (MATE-1) тежеді. Пациенттерде креатинин клиренсінің 10-14% - ға төмендегені байқалды (секреторлық фракция OCT2 және MATE-1 тасымалына байланысты). Долутегравир шығарылуы OCT2 және/немесе MATE-1 (мысалы, фампридин [далфампридин ретінде де белгілі], метформин) тәуелді болатын қан плазмасындағы дәрілік препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін (1-кестені қараңыз).
Долутегравир органикалық аниондардың (ОАТ1) және ОАТ3 тасымалдаушыларының бүйрек арқылы сіңуін тежеді. ОАТ тенофовир субстратының фармакокинетикаға әсерінің болмауы негізінде OAT1 тежелу ықтималдылығы аз деген қорытынды жасауға болады. OAT3 тежелуі зерттелмеген. Долутегравир шығарылуы OAT3-ке байланысты дәрілік препараттардың қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.
Жекелеген антиретровирустық және басқа дәрілік препараттармен анықталған және теориялық өзара әркеттесулер 1-кестеде келтірілген.
Өзара әрекеттесу кестесі
Долутегравир мен басқа да бір мезгілде қабылданатын дәрілік препараттар арасындағы өзара әрекеттесу 2-кестеде келтірілген (жоғарылауы «↑» ретінде, төмендеуі «↓» ретінде, өзгерістердің жоқтығы «↔» ретінде, уақытқа тәуелділік қисығының астындағы аудан «AUC» ретінде ең жоғары бақыланатын концентрация «Cmax» ретінде, дозалау аралығының соңындағы концентрация - «Сτ» ретінде берілген).
1-кесте: Дәрілік өзара әрекеттесуі
Емдік бағыттар бойынша дәрілік препараттар |
Өзара әрекеттесу кезіндегі өзгерістің геометриялық орташа мәні (%) |
Бір мезгілде қолдану бойынша нұсқаулар |
Антиретровирустық дәрілік препараттар |
||
Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері |
||
Күшейтілген протеаза тежегіштерінсіз этравирин |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 71% Сmax ↓ 52% Сτ ↓ 88% Этравирин ↔ (UGT1A1 және CYP3A ферменттерінің индукциясы) |
Күшейтілген протеаза тежегіштерінсіз этравирин қан плазмасындағы долутегравирдің концентрациясын төмендетті. Күшейтілген протеаза тежегіштерінсіз этравирин қабылдайтын пациенттер үшін долутегравирдің ұсынылған дозасы тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Педиатриялық пациенттерге тәулігіне екі рет дене салмағының көрсеткіші негізінде тәуліктік дозаны қабылдау қажет. Атазанавирді/ритонавирді, дарунавирді/ритонавирді немесе лопинавирді/ритонавирді бір мезгілде қабылдамай этравиринді қабылдайтын интеграза тежегіштеріне (ИнТ) резистенттілігі бар пациенттерге долутегравирді қабылдау ұсынылмайды (бұдан әрі кестеден қараңыз). |
Лопинавир/ритонавир + этравирин |
Долутегравир ↔ AUC ↑ 11% Сmax ↑ 7% Cτ ↑ 28% Лопинавир ↔ Ритонавир ↔ |
Дозаны түзету қажет емес. |
Дарунавир/ритонавир + этравирин |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 25% Сmax ↓ 12% Cτ ↓ 36% Дарунавир ↔ Ритонавир ↔ |
Дозаны түзету қажет емес. |
Эфавиренз |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 57% Сmax ↓ 39% Сτ ↓ 75% Эфавиренс ↔ (тарихи бақылау топтары) (UGT1A1 және CYP3A ферменттерінің индукциясы) |
Ересектерде эфавиренз препаратымен бір мезгілде қолданғанда долутегравирдің дозасы тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Педиатриялық пациенттерге тәулігіне екі рет дене салмағының көрсеткіші негізінде тәуліктік дозаны қабылдау қажет. Интеграза класына төзімділік болған кезде эфавиренз қамтымайтын балама біріктірілімдерді қарастыру қажет. |
Невирапин |
Долутегравир ↓ (Зерттелмеген, индукция салдарынан эфавирензбен байқалатынға ұқсас әсердің төмендеуі күтіледі) |
Ересектерде невирапинмен бір мезгілде қабылдаған кезде долутегравирдің дозасы тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Педиатриялық пациенттерге тәулігіне екі рет дене салмағының көрсеткіші негізінде тәуліктік дозаны қабылдау қажет. Интеграза класына төзімділік болған кезде невирапин қамтымайтын балама біріктірілімдерді қарастыру қажет. |
Рилпивирин |
Долутегравир ↔ AUC ↑ 12% Cmax ↑ 13% Cτ ↑ 22% Рилпивирин ↔ |
Дозаны түзету қажет емес. |
Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері (КТНТ) |
||
Тенофовир |
Долутегравир ↔ AUC ↑ 1% Cmax ↓ 3% Cτ ↓ 8% Тенофовир ↔ |
Дозаны түзету қажет емес. |
Протеаза тежегіштері |
||
Атазанавир |
Долутегравир ↑ AUC ↑ 91% Сmах ↑ 50% Cτ ↑180% Атазанавир ↔ (тарихи бақылау топтары) (UGT1A1 және CYP3A ферменттерінің тежелуі) |
Дозаны түзету қажет емес. Долутегравирді атазанавирмен бір мезгілде қолданғанда тәулігіне екі рет 50 мг астам дозада тиісті деректердің болмауына байланысты қабылдауға болмайды |
Атазанавир/ритонавир |
Долутегравир ↑ AUC ↑ 62% Сmах ↑ 34% Cτ ↑ 121% Атазанавир↔ Ритонавир ↔ (UGT1A1 және CYP3A ферменттерінің тежелуі) |
Дозаны түзету қажет емес. Долутегравирді атазанавирмен бірге қолданғанда тәулігіне екі рет 50 мг астам дозада тиісті деректердің болмауына байланысты қабылдауға болмайды |
Типранавир/ритонавир |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 59% Сmax ↓ 47% Cτ ↓ 76% (UGT 1A1 және CYP3A ферменттерінің индукциясы) |
Ересектерде долутегравирдің ұсынылатын дозасы типранавирмен/ ритонавирмен бір мезгілде қабылдаған кезде тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Педиатриялық пациенттерге тәулігіне екі рет дене салмағының көрсеткіші негізінде тәуліктік дозаны қабылдау қажет. Интеграза класына төзімділік болған кезде осы біріктірілімді қабылдаудан аулақ болу керек. |
Фосампренавир/ритона-вир |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 35% Сmах ↓ 24% Cτ ↓ 49% (UGT1A1 және CYP3A ферменттерінің индукциясы) |
Интеграза класына төзімділік болған кезде дозаны түзету талап етілмейді. Интеграза класына төзімділік болған кезде фосампренавир/ритонавир қамтымайтын балама біріктірілімдерді қарастыру қажет. |
Дарунавир/ритонавир |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 22% Cmax ↓ 11% Cτ ↓ 38% (UGT1A1 және CYP3A ферменттерінің индукциясы) |
Дозаны түзету қажет емес. |
Лопинавир/ритонавир |
Долутегравир ↔ AUC ↓ 4% Cmax ↔ 0% C24 ↓ 6% |
Дозаны түзету қажет емес. |
Басқа вирусқа қарсы дәрілер |
||
Даклатасвир |
Долутегравир ↔ AUC ↑ 33% Cmax ↑ 29% Cτ ↑ 45% Даклатасвир ↔ |
Даклатасвир қан плазмасындағы долутегравир концентрациясын клиникалық маңызды дәрежеде өзгерткен жоқ. Долутегравир қан плазмасындағы даклатасвир концентрациясын өзгерткен жоқ. Дозаны түзету қажет емес. |
Басқа дәрілер |
||
Калий өзекшелерінің блокаторлары |
||
Фампридин (сондай-ақ далфампридин ретінде белгілі) |
Фампридин ↑ |
Долутегравирмен бірге қолдану OCT2 тасымалдаушысын тежеу арқылы плазмадағы фампридин концентрациясының артуына байланысты құрысуды туындатуы мүмкін; бірге қолданылуы зерттелмеген. Фампридинді долутегравирмен бірге қолдануға болмайды. |
Құрысуға қарсы препараттар |
||
Карбамазепин |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 49% Cmax ↓ 33% Cτ ↓ 73% |
Ересектерде карбамазепинмен бір мезгілде қолданғанда долутегравирдің ұсынылған дозасы тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Педиатриялық пациенттерге тәулігіне екі рет дене салмағының көрсеткіші негізінде тәуліктік дозаны қабылдау қажет. Интеграза тежегіштеріне резистенттілігі бар пациенттерге мүмкіндігінше карбамазепинге балама препараттарды пайдалану керек. |
Окскарбазепин Фенитоин Фенобарбитал |
Долутегравир ↓ (зерттелмеген, UGT1A1 және CYP3A ферменттерінің индукциясы салдарынан карбамазепинмен бір мезгілде қабылдаған кезде байқалатын әсердің төмендеуіне ұқсас төмендеу күтіледі) |
Ересектерде осы метаболизм индукторларымен бір мезгілде қолданғанда долутегравирдің ұсынылған дозасы тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Балаларға тәулігіне екі рет дене салмағының көрсеткіші негізінде тәуліктік дозаны қабылдау қажет. ИнТ-ге резистенттілігі бар пациенттерге мүмкіндігінше метаболизм индукторларынсыз баламалы біріктірілімдерді пайдаланған жөн. |
Азол тобының антимикотиктері |
||
Кетоконазол Флуконазол Итраконазол Посаконазол Вориконазол |
Долутегравир ↔ (зерттелмеген) |
Дозаны түзету қажет емес. Басқа CYP3A4 тежегіштері бойынша алынған деректер негізінде елеулі арту күтілмейді. |
Өсімдік тектес дәрілік заттар |
||
Шайқурай |
Долутегравир ↓ (зерттелмеген, UGT1A1 және CYP3A ферменттерінің индукциясы салдарынан карбамазепинмен бір мезгілде қабылдаған кезде байқалатын әсердің төмендеуіне ұқсас төмендеу күтіледі) |
Ересектерде шайқураймен бір мезгілде қолданғанда долутегравирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Педиатриялық пациенттерге тәулігіне екі рет дене салмағының көрсеткіші негізінде тәуліктік дозаны қабылдау қажет. ИнИ-ге резистенттілігі бар пациенттерге мүмкіндігінше шайқурайсыз балама біріктірілімдерді пайдалану керек. |
Антацидтер және тағамдық қоспалар |
||
Құрамында магний немесе алюминий бар антацидтер |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 74% Cmax ↓ 72% (поливалентті иондармен кешенді байланысу) |
Құрамында магний немесе алюминий бар антацидтер долутегравирді қабылдау уақытынан бөлек (қабылдауға дейін кемінде 2 сағат бұрын немесе одан кейін 6 сағат бұрын) қабылдануы тиіс. |
Кальцийдің тағамдық қоспалары |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 39% Cmax ↓ 37% С24 ↓ 39% (поливалентті иондармен кешенді байланысу) |
Құрамында кальций және/немесе темір бар тағамдық қоспалар, сондай-ақ мультивитаминдер долутегравирді қабылдау уақытынан бөлек (қабылдауға дейін кемінде 2 сағат бұрын немесе одан кейін 6 сағат бұрын) қабылдануы тиіс. |
Темірдің тағамдық қоспалары |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 54% Cmax ↓ 57% С24 ↓ 56% (поливалентті иондармен кешенді байланысу) |
|
Мультивитаминдер |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 33% Cmax ↓ 35% С24 ↓ 32% |
|
Кортикостероидтар |
||
Преднизон |
Долутегравир ↔ AUC ↑ 11% Cmax ↑ 6% Cτ ↑ 17% |
Дозаны түзету қажет емес |
Гипогликемиялық препараттар |
||
Метформин |
Метформин ↑ Долутегравирмен бір мезгілде тәулігіне 1 рет 50 мг дозада қолданған кезде: Метформин AUC ↑ 79% Cmax ↑ 66% Долутегравирмен бір мезгілде тәулігіне 2 рет 50 мг дозада қолданған кезде: Метформин AUC ↑ 145% Cmax ↑ 111% |
Гликемиялық бақылауды демеп тұру үшін бастапқы кезеңде және долутегравир мен метформинді бір мезгілде қабылдауды аяқтау сатысында метформин дозасын түзету мүмкіндігін қарастыру керек. Бүйрек функциясының орташа дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде метформин концентрациясының артуынан туындаған бүйрек функциясының орташа дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде лактатацидоздың даму қаупі жоғары болғандықтан долутегравирмен бір мезгілде қабылдаған кезде метформин дозасын түзету мүмкіндігін қарастыру керек. |
Микробактерияға қарсы препараттар |
||
Рифампицин |
Долутегравир ↓ AUC ↓ 54% Cmax ↓ 43% Cτ ↓ 72% (UGT1 Al және CYP3A ферменттерінің индукциясы) |
Ересектерде рифампицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде долутегравирдің ұсынылатын дозасы интеграза класына төзімділігі болмаған кезде тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Балаларға тәулігіне екі рет дене салмағының көрсеткіші негізінде тәуліктік дозаны қабылдау қажет. Интеграза класына төзімділік болған кезде осы біріктірілімді қабылдаудан аулақ болу керек. |
Рифабутин |
Долутегравир ↔ AUC ↓ 5% Cmax ↑ 16% Cτ ↓ 30% (UGT1 Al және CYP3A ферменттерінің индукциясы) |
Дозаны түзету қажет емес. |
Пероральді контрацептивтер |
||
Этинилэстрадиол (ЭЭ) және норэлгестромин (НГ) |
Долутегравир ↔ ЭЭ ↔ AUC ↑ 3% Cmax ↓ 1% НГ ↔ AUC ↓ 2% Cmax ↓ 11% |
Долутегравир лютеиндейтін гормон (ЛГ), фолликулды стимуляциялайтын гормон (ФСГ) және прогестерон фармакодинамикасына әсер еткен жоқ. Долутегравирмен бір мезгілде қабылдаған кезде пероральді контрацептивтердің дозасын түзету талап етілмейді. |
Анальгетиктер |
||
Метадон |
Долутегравир ↔ Метадон ↔ AUC ↓ 2% Сmах ↔ 0% Cτ ↓ 1% |
Дозаны түзету қажет емес. |
Балалар
Өзара әрекеттесуін зерттеу ересек пациенттердің қатысуымен ғана жүргізілді.
Арнайы сақтандырулар
Антиретровирустық ем арқылы вирусты тиімді басу инфекцияның жыныстық жолмен берілу қаупін едәуір төмендететіні туралы дәлелдерге қарамастан, қалдық қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Инфекцияның берілуін болдырмау үшін ұлттық талаптарға сәйкес сақтандыру шаралары қабылдануы тиіс.
Ерекше маңызы бар интеграза тежегіштеріне резистенттілік
Интеграза тежегіштеріне резистенттілік болған кезде долутегравирді қолдану туралы шешімді бұл ретте G140A/C/S, Е138А/К/Т, L74I жерлерінде Q148 + ≥2 қайталама мутацияларын алып жүретін вирустық штаммдарға қатысты долутегравирдің белсенділігі айтарлықтай төмендейтінін ескере отырып қабылдау қажет. Интеграза тежегіштеріне осындай резистенттілік болған кезде долутегравирдің қосымша тиімділікті қамтамасыз ету дәрежесі түсініксіз болып қалады.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Долутегравирді қабылдау кезінде аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамығаны туралы хабарланды, олар бөртпемен, жүйелік бұзылулармен, кейде бауырдың ауыр реакцияларын қоса алғанда, ағзалардың дисфункциясымен сипатталды. Аса жоғары сезімталдық белгілері немесе симптомдары (бауыр ферменттерінің жоғарылауымен қоса, бірақ шектелмей, ауыр дәрежелі бөртпе немесе бөртпе, қызба, жалпы дімкәстік, шаршағыштық, бұлшықеттердің немесе буындардың ауыруы, буллездік зақымдану, ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануы, конъюнктивит, беттің ісінуі, эозинофилия, ангионевроздық ісіну) пайда болған кезде долутегравирді және осындай реакцияларды туындатуы мүмкін басқа да дәрілік препараттарды қабылдауды дереу тоқтату қажет. Клиникалық статусты, оның ішінде бауыр аминотрансферазалары мен билирубин көрсеткіштерін бақылау керек. Долутегравирмен немесе басқа күдікті белсенді затпен емдеуді тоқтатуды кейінге қалдыру аса жоғары сезімталдық пайда болғаннан кейін пациенттің өміріне қауіп төндіретін аллергиялық реакцияны туындатуы мүмкін.
Иммунитеттің реактивациялау синдромы
Ауыр иммундық тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) қабылдау кезінде ауыр клиникалық ауруларды немесе симптомдардың нашарлауын туындатуы мүмкін симптомсыз немесе қалдық оппортунистік патогендерге қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Әдетте, мұндай реакциялар БАРЕ басталғаннан бастап алғашқы бірнеше апта немесе айлар ішінде байқалды. Тиісті мысалдар цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақталған микобактериялық инфекциялар және Pneumocystis jirovecii туындатқан пневмония болды. Қабынудың кез келген симптомдары бағалануы керек және қажет болған жағдайда оларды емдеу тағайындалады. Иммундық реактивация кезінде туындайтын аутоиммундық бұзылулар (мысалы, Грейвс ауруы және аутоиммундық гепатит) туралы да хабарланды; дегенмен, олардың басталу уақыты өте ауқымды диапазонда өзгеріп отырды және мұндай құбылыстар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін кездесуі мүмкін.
В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар кейбір пациенттерде долутегравирмен емдеудің басында иммунитеттің қалпына келу синдромына сәйкес бауырдың биохимиялық көрсеткіштерінің жоғарылағаны байқалды. В және/немесе С гепатиті коинфекциясы бар пациенттерде бауырдың биохимиялық көрсеткіштерін бақылау ұсынылады, В гепатитіне ем жүргізудің бастапқы кезеңінде немесе оның тиімділігін сақтау үшін В гепатиті коинфекциясы бар пациенттерде долутегравирмен емдеуді сақтықпен бастаған жөн (емдеу хаттамасына жүгініңіз).
Оппортунистік инфекциялар
Пациенттерге долутегравир немесе кез келген басқа антиретровирустық ем АИТВ инфекциясын емдемейтіні, оларда әлі де оппортунистік инфекциялар және АИТВ инфекциясының басқа да асқынулары дамуы мүмкін екендігі туралы хабарлаған жөн Сондықтан пациенттер АИТВ-мен байланысты ауруларды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлердің жіті клиникалық бақылауында болуы тиіс.
Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Интеграза тежегіштеріне төзімділік болған кезде долутегравирдің әсерін төмендететін факторлардан аулақ болу керек. Оларға долутегравирдің әсерін төмендететін препараттарды бірге қолдану жатады (мысалы, құрамында магний/алюминий бар антацидтік дәрілер, құрамында темір мен кальций бар тағамдық қоспалар, мультивитаминдер және индукциялаушы агенттер, этравирин (протеаза тежегіштерін күшейтпей), типранавир/ритонавир, рифампицин, шайқурай және кейбір эпилепсияға қарсы препараттар).
Долутегравир метформин концентрациясын арттырады. Гликемиялық бақылауды демеу үшін долутегравир мен метформинді бір мезгілде қабылдаудың басында және тоқтатқан кезде метформин дозасын түзету мүмкіндігін қарастыру қажет. Метформин бүйрек арқылы шығады, сондықтан долутегравирмен бір мезгілде қабылдаған кезде бүйрек функциясын бақылау маңызды. Бұл біріктірілім бүйрек функциясының орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде лактоацидоз қаупін арттыруы мүмкін (3а сатысы, креатинин клиренсі (КК) 45-59 мл/мин), сондықтан оны сақтықпен тағайындау ұсынылады. Метформин дозасын төмендету мүмкіндігін мұқият қарастыру қажет.
Остеонекроз
Этиологиясы көпфакторлы (кортикостероидтарды, бисфосфанаттарды қолдануды, алкогольді тұтынуды, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағының жоғары индексін қоса алғанда) деп есептелгенімен, остеонекроз жағдайлары әсіресе АИТВ-ның үдемелі ауруы және/немесе БАРЕ ұзақ қабылдайтын пациенттерде хабарланды. Егер пациенттерге буындардың ауыруы, буындардың қозғалмауы немесе қозғала алмау байқалса, дәрігерге қаралуға кеңес берген жөн.
Салмақ және метаболизмдік параметрлер
Антиретровирустық ем кезінде салмақтың жоғарылауы, липидтер мен қандағы глюкоза деңгейі байқалуы мүмкін. Мұндай өзгерістер ішінара ауру мен өмір сүру салтына байланысты болуы мүмкін. Липидтер үшін кейбір жағдайларда емдік әсері бар дәлелдер бар, ал салмақ қосу үшін оны қандай да бір нақты емдеумен байланыстыратын нақты дәлелдер жоқ. Қандағы липидтер мен глюкоза деңгейін мониторингілеу үшін АИТВ-ны емдеу бойынша белгіленген нұсқауларды басшылыққа алу ұсынылады. Липидтердің бұзылуын клиникалық көрсетілімдерге сәйкес емдеу керек.
Ламивудин және долутегравир
Тәулігіне бір рет 50 мг долутегравир және тәулігіне бір рет 300 мг ламивудин екі препаратын қабылдау сызбасы зерттелді және интеграза тежегіштері класына немесе ламивудинге белгілі немесе болжамды төзімділік болмаған кезде АИТВ-1 инфекциясын емдеуге ғана жарамды.
Қосымша заттар
Долутегравир препаратының құрамында бір таблеткасында 1 ммольден аз натрий бар, осы ең аз мөлшерге сүйене отырып, препаратты «натрийсіз» деп санауға болады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Бала туу әлеуеті бар әйелдер
Бала туу әлеуеті бар әйелдерге контрацепцияның тиімді шараларын қарауды қоса алғанда, долутегравирді қолданған кезде жүйке түтігі ақауларының ықтимал қаупі туралы (төменде қараңыз) хабардар етілуі тиіс.
Егер әйел жүктілікті жоспарласа, пациентпен долутегравирмен емдеуді жалғастырудың артықшылықтары мен қауіптерін талқылау керек.
Жүктілік
Жүйке түтігі ақауларының шамалы өсуі байқалды; 3591 босанудағы 7 жағдай (0,19%; 95% 0.09%, 0,40%) жүкті болған кезде құрамында долутегравир бар ем алған аналар, 19 361 босанудағы 21 жағдаймен салыстырғанда (0,11%; 95% 0.07%, 0.17%) олардың аналары жүкті болған кезде долутегравирсіз ем алды.
Жалпы популяцияда жүйке түтігі ақауларының туындау жиілігі 1000 жаңа туған нәрестеге шаққанда 0,5-1 жағдайды құрайды (0.05%-0.1%). Жүйке түтік ақауларының көпшілігі ұрықтанудан кейінгі құрсақтық дамудың алғашқы 4 аптасында пайда болады (соңғы етеккірден шамамен 6 апта өткен соң). Егер жүктілік долутегравирді қабылдау кезінде бірінші триместрде расталса, пациентпен гестациялық жасты және жүйке түтігінің даму ақауының қауіпті кезеңін ескере отырып, басқа антиретровирустық режимге ауысумен салыстырғанда долутегравирді қабылдауды жалғастырудың артықшылықтары мен қауіптерін талқылау керек.
Антиретровирустық жүктілік тізілімінде талданған деректер жүктілік кезінде долутегравирдің әсеріне ұшыраған 600-ден астам әйелде туа біткен қауіпті ақаулардың жоғарылау қаупін көрсетпейді, бірақ қазіргі уақытта олар жүйке түтігі ақауларының пайда болу қаупін жою үшін жеткіліксіз.
Жануарлардың репродукциялық уыттылығын зерттеуде жүйке түтігінің ақауларын қоса алғанда, дамудың қолайсыз нәтижелері анықталған жоқ. Долутегравир жануарларда плацента арқылы өтетіні анқыталды.
Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде 1000-нан астам әсер ету нәтижесі шарана/жаңа туған нәресте үшін уыттылық қаупінің жоғарылағанын көрсетпейді. Долутегравир жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде, күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қаупін ақтайтын кезде қолданылуы мүмкін.
Бала емізу
Долутегравир ана сүтіне аз мөлшерде шығады. Долутегравирдің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге тигізетін әсері туралы ақпарат жеткіліксіз. АИТВ жұқтырған әйелдерге АИТВ-ның берілуіне жол бермеу үшін қандай да бір жағдайларда балаларын емізбеу ұсынылады.
Фертильділік
Долутегравирдің ерлер мен әйелдердің фертильділігіне тигізетін әсері туралы деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер долутегравирдің еркектердің немесе ұрғашылардың фертильділігіне әсерінің жоқтығын көрсетеді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттерге долутегравирмен емдеу кезінде бас айналу сезімі туралы хабарланғаны туралы хабарлау керек. Пациенттің көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезінде оның клиникалық жай-күйін, сондай-ақ долутегравирдің жағымсыз реакцияларының бейінін ескеру қажет.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Долутегравир препаратымен емдеу АИТВ инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Ересектер
Интеграза тежегіштері класының препараттарына құжатпен расталған немесе клиникалық тұрғыдан күмәнді резистенттілігі жоқ АИТВ-1 жұқтырған пациенттер.
Долутегравирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет ішке 50 мг (бір таблетка) құрайды.
Пациенттердің осы тобы долутегравирді кейбір дәрілік препараттармен (мысалы, эфавиренз, невирапин, типранавир/ритонавир, немесе рифампицин) бірге қолданғанда тәулігіне екі рет қабылдауы қажет.
Интеграза тежегіштері класының препараттарына резистентті (құжатталған немесе клиникалық тұрғыдан күмәнді), АИТВ-1 жұқтырған пациенттер.
Долутегравирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 50 мг (бір таблетка) құрайды.
Құжатты түрде айғақталған, G140A/C/S, E138A/K/T, L74I салдарлық Q148 + ≥2 мутацияларды қамтитын төзімділік бар болған жағдайда, модельдеу, бірнеше кластың төзімділігінің күшеюіне байланысты, емдеу нұсқалары шектелген (кемінде 2 белсенді зат) пациенттер үшін дозаны олардың препараттардың бірнеше класына жоғары төзімділігі салдарынан арттыру қарастырылуы мүмкін деп жорамалдайды.
Мұндай пациенттерде долутегравир қолдану шешімі интеграза тежегіштеріне төзімділікті ескере отырып қабылдануы тиіс.
Дене салмағы 20 кг және одан жоғары, 12 және одан үлкен жастағы, бірақ 18 жастан кіші жасөспірімдер
Долутегравирдің ұсынылатын дозасы интеграза тежегіштеріне резистентсіз АИТВ-1 жұқтырған жасөспірімдер үшін тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Интеграза тежегіштеріне төзімді жасөспірімдерде долутегравирді дозалау жөніндегі нұсқаулар үшін деректер жеткіліксіз.
6 жастағы, бірақ 12 жастан кіші, дене салмағы 14 кг және одан жоғары балалар
Интеграза тежегіштеріне резистенттілігі жоқ АИТВ-1 жұқтырған балалар үшін долутегравирдің ұсынылатын дозасын баланың дене салмағына байланысты анықтайды (2-кестені қараңыз). Интеграза тежегіштеріне төзімді балаларда долутегравирді дозалау жөніндегі нұсқаулар үшін деректер жеткіліксіз.
2-кесте Балаларға арналған дозалау жөніндегі нұсқаулар
Дене салмағы (кг) |
Дозасы |
14-тен кемінде 20-ға дейін |
тәулігіне бір рет 40 мг |
20-дан бастап және одан жоғары |
тәулігіне бір рет 50 мг |
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
65 және одан үлкен жастағы пациенттерде долутегравирді қолдану бойынша деректердің шектеулі саны бар. Егде жастағы пациенттерге жас ересек пациенттермен салыстырғанда дозаны түзету қажет екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежелі бұзылуы бар (диализде жоқ креатинин клиренсі (КК) < 30 мл/мин) пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Диализбен ем алатын пациенттер бойынша деректер жоқ, бірақ бұл топта фармакокинетикасында өзгерістер күтілмейді.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежелі бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А немесе В кластары). Бауыр функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы бар пациенттер бойынша деректер жоқ (Чайльд - Пью шкаласы бойынша С класы), сондықтан мұндай пациенттер долутегравирді сақтықпен қолдануы керек.
Балалар
6 жастан кіші және дене салмағы 14 кг-дан аз балалардағы долутегравирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Интеграза тежегіштеріне төзімді жасөспірімдерде және балаларда долутегравирді дозалау жөніндегі нұсқаулар үшін деректер жеткіліксіз. Қазіргі уақытта қолда бар деректерге сәйкес дозалау бойынша нұсқаулар жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат ішке қабылданады.
Долутегравир препаратын ас ішуге қарамастан қабылдауға болады. Интеграза тежегіштеріне төзімділік болған кезде, Долутегравирді әсер ету қарқындылығын күшейту үшін ас қабылдау кезінде (әсіресе Q148 мутациясы бар пациенттерде) қабылдаған жөн.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Қазіргі уақытта долутегравирмен артық дозаланудың шектеулі тәжірибесі бар.
Бір реттік жоғары дозаларды қабылдаудың шектеулі тәжірибесі (дені сау пациенттерде 250 мг дейін) жағымсыз реакциялар ретінде аталғандардан өзгеше қандай да бір спецификалық белгілерді немесе симптомдарды анықтамады.
Артық дозаланғанда пациентті одан әрі емдеу клиникалық көрсетілімдерге немесе ұлттық токсикологиялық орталықтың нұсқауларына сәйкес, олар болған жағдайда жүргізілуі тиіс. Долутегравирмен артық дозалану кезінде спецификалық емі жоқ. Артық дозаланған жағдайда пациентке қажет болған жағдайда тиісті медициналық бақылаумен демеуші ем жүргізу керек. Долутегравир қан плазмасының ақуыздарымен көп мөлшерде байланысатындықтан, оны организмнен диализ әдісімен едәуір көлемде шығару ықтималдылығы аз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер пациент Долутегравир препаратының дозасын кезекті қабылдауды өткізіп алса, ол препаратты келесі қабылдауға дейінгі уақыт 4 сағаттан артық болған жағдайда, өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс. Егер келесі дозаға дейінгі уақыт 4 сағаттан кем болса, пациент өткізіп алған дозаны қабылдамауы, керісінше препаратты қабылдаудың әдеттегі режимін қайта бастауы тиіс.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болған жағдайда)
Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Жекелеген пациенттерде байқалатын ең ауыр жағымсыз реакция бөртпе мен бауырдың ауыр зақымдануын қамтитын аса жоғары сезімталдық реакциясы болды. Долутегравирді қабылдау кезінде ең жиі жағымсыз реакциялар жүрек айну (13%), диарея (18%) және бас ауыру (13%) болды.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жағымсыз реакцияларды жүйелік-ағзалық жіктеуге және олардың туындау жиілігіне сәйкес жіктеу (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
3-кесте. Жағымсыз реакциялар
Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Аса жоғары сезімталдық |
Жиі емес |
Иммунитеттің қалпына келу синдромы |
|
Психикалық бұзылулар |
Жиі |
Ұйқысыздық |
Жиі |
Ерекше түстер көру |
|
Жиі |
Депрессия |
|
Жиі |
Мазасыздық |
|
Жиі емес |
Суицидтік ойлар*, суицидтік әрекеттер* *әсіресе анамнезінде депрессия немесе психикалық ауруы бар пациенттерде |
|
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
Өте жиі |
Бас ауыру |
Жиі |
Бас айналу |
|
Асқазан-ішек бұзылулары |
Өте жиі |
Жүрек айну |
Өте жиі |
Диарея |
|
Жиі |
Құсу |
|
Жиі |
Метеоризм |
|
Жиі |
Іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы |
|
Жиі |
Асқазан тұсының ауыруы |
|
Жиі |
Асқазан аймағындағы жайсыздық |
|
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Аланинаминотрансфераза (АЛТ) және/немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділік деңгейінің жоғарылауы |
Жиі емес |
Гепатит |
|
Сирек |
Бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі, билирубиннің жоғарылауы*** |
|
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Бөртпе |
Жиі |
Қышу |
|
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тін тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Артралгия |
Жиі емес |
Миалгия |
|
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар |
Жиі |
Шаршау |
Зерттеу |
Жиі |
Креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігінің артуы |
** төменде «Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасын» қараңыз
*** трансаминазалар деңгейінің артуымен біріктірілімде
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі
Долутегравирді қабылдаудың бірінші аптасында қан сарысуында креатинин концентрациясының жоғарылағаны байқалды, ол 48 апта бойы сақталды. Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс емнің 48 аптасынан кейін 9.96 мкмоль/л құрады. Креатинин деңгейінің жоғарылауы фондық емнің әртүрлі режимдерімен салыстырылмалы болды. Бұл өзгеріс клиникалық тұрғыдан маңызды болып саналмайды, өйткені ол шумақтық сүзілу жылдамдығының өзгергенін көрсетпейді.
В немесе С гепатиті түріндегі қатарлас инфекция
III фазалы зерттеулерге бауыр функциясының бастапқы биохимиялық көрсеткіштері қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 5 еседен артық аспаған жағдайда В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар пациенттерге қатысуға рұқсат етілді. Жалпы, В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар пациенттердегі қауіпсіздік бейіні В немесе С гепатиті түріндегі қатарлас инфекциясы жоқ пациенттерде байқалатынға ұқсас болды, дегенмен АСТ және АЛТ көрсеткіштері қалыптан ауытқу жиілігі ем алатын барлық топтарда В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар пациенттердің кіші тобында жоғары болды. Долутегравирмен емнің басында В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар кейбір пациенттерде, әсіресе бұрын В гепатитінің емі тоқтатылған пациенттерде иммунитеттің қалпына келу синдромына сәйкес келетін бауырдың биохимиялық көрсеткіштерінің жоғарылағаны байқалды.
Иммундық реактивация синдромы
Ауыр иммундық тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) басталған кезде симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Аутоиммундық аурулар туралы да хабарланды (мысалы, Грейвс ауруы және аутоиммундық гепатит); алайда, басталу уақыты анағұрлым құбылмалы болды және бұл оқиғалар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін туындауы мүмкін.
Метаболизмдік параметрлер
Антиретровирустық ем кезінде салмақ, липидтер мен қандағы глюкоза деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Балалар популяциясы
Ағымдағы P1093 (ING112578) және ODYSSEY (201296) зерттеулерінің қолда бар мәліметтеріне сүйене отырып, күніне бір рет үлбірлі қабықпен таблеткалардың немесе ұсақталатын таблеткалардың ұсынылатын дозаларын қабылдаған 172 сәбиде, балаларда және жасөспірімдерде (4 аптадағы және одан асқан және 18 жасқа дейінгі және салмағы кемінде 3 кг) ересектер популяциясында байқалғандардан басқа жағымсыз реакциялардың қосымша типтері болған жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 52.6 мг натрий долутегравирі 50 мг долутегравирге баламалы,
қосымша заттар: маннитол (Перлитол® 25 C), микрокристалды целлюлоза (PH 101), натрий крахмалының гликоляты (Приможель), повидон (Пласдон K-29/32), натрий стеарилфумараты,
үлбірлі қабық: Опадрай II қоңыр 85F565096 (поливинил спирті, ішінара гидролизденген, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ 3350, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е 172)).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында "50" үстінде "T" өрнегі бар, және екінші жағы тегіс таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 немесе 90 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтилен контейнерге салынады.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтысын алғаш ашқаннан кейін 30С-ден аспайтын температурада 3 айдан асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Aurobindo Pharma Limited, Үндістан
Unit-VII, SEZ, TSIIC, Plot. No. S1, Survey No’s: 411/P, 425/P, 434/P, 435/P & 458/P, Green Industrial Park, Polepally Village, Jadcherla Mandal, Mehaboobnagar District, Telangana State, Үндістан.
Тел.: +914066725000/1200, +914023736370
Факс: +914067074059, +914023747340
Электронды пошта: info@aurobindo.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Aurobindo Pharma Limited, Үндістан
Unit-VII, SEZ, TSIIC, Plot. No. S1, Survey No’s: 411/P, 425/P, 434/P, 435/P & 458/P, Green Industrial Park, Polepally Village, Jadcherla Mandal, Mehaboobnagar District, Telangana State, Үндістан.
Тел.: +914066725000/1200, +914023736370
Факс: +914067074059, +914023747340
Электронды пошта: info@aurobindo.com
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«Rogers Pharma» ЖШС, Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ш.а., 157, 2-блок, т. е. 819, тел.: (727) 311-81-96/97, e-mail: office.secretary@rogersgroup.in
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Канумуру И. Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ш.а., 157, 2-блок, т. е. 819, тел.: (727) 311-81-96/97, +7 7479911904, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com