Димедрол (50 мг, Павлодарский фармацевтический завод ТОО)

МНН: Дифенгидрамин
Производитель: Павлодарский фармацевтический завод ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diphenhydramine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011047
Информация о регистрации в РК: 19.02.2013 - 19.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Димедрол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дифенгидрамин

Дәрілік түрі

50 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 50 мг дифенгидрамин гидрохлориді,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жайпақ цилиндр беткейлі дөңгелек пішінді, ақ түсті ойығы және сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік әсер ететін антигистаминді препараттар. Аминоалкильді эфирлер. Дифенгидрамин.

АТХ коды R06AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда тез және жақсы сіңеді. Қан плазмасындағы ақуыздарымен 98-99 % байланысады. Қан плазмасындағы ең жоғарғы (Сmax) концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан кейін жетеді. Организмде кең таралып, гематоэнцефалдық бөгет және плацента арқылы өтеді. Препараттың көп бөлігі бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 1-ден -10 сағатқа дейінді құрайды. Ең жоғары әсері ішке қолданғаннан 1 сағаттан кейін дамиды, әсерінің ұзақтылығы 4-тен 6 сағатқа дейін. Тәулік ішінде толық бүйрекпен глюкурон қышқылымен конъюгацияланған метаболиттер түрінде және аз бөлігі - өзгермеген қалпында шығарылады.

Фармакодинамикасы

Антигистаминді, аллергияға қарсы, құсуға қарсы, ұйқы келтіретін, жергілікті жансыздандыратын әсер етеді. Н1 гистаминді – рецепторларын бөгейді және гистамин тиімділігін сол тектес рецепторлар арқылы жояды.

Гистаминнен пайда болатын тегіс бұлшықеттер түйілуін, капиллярлардың өтімділігінің жоғарылауын, тіндердің ісінуін, қышуды және гиперемияны жеңілдетеді және алдын алады. Антагонизм гистаминмен бірге жергілікті тамырлар реакциясы қатынасында, яғни артериалық қысымның төмендеуі, суық тию және аллергия кезінде көп дәрежеде байқалады. Жергілікті анестезияны тудырады (қабылдағанда ауыз қуысының сілекейлі қабықшасында уақытша ұю сезіледі) түйілуді басатын әсер білдіреді, вегетативті ганглилардың холинорецепторларын бөгейді (салатамыр қысымын төмендетеді). Н3 - гистаминді рецепторларын бөгейді және орталық холинергиялық құрылыстарын тежейді. Тыныштандыратын, ұйықтататын және құсуға қарсы әсер білдіреді. Үлкен дәрежеде гистаминнің либераторынан болатын (тубокурарин, морфин, сомбревин), бронхотүйілуінде тиімді, аз дәрежеде – аллергиялық бронхотүйілуінде. Бронхиалды демікпе кезінде белсенділігі төмен және теофиллинмен, эфедринмен және де басқа бронхолитиктермен бірге қосып қолданады.

Қолданылуы

аллергиялық реакцияаларда:

  • есекжем

  • квинке ісінуі

  • сарысу құю ауруы

  • вазомоторлық ринит

  • дерматиттерде және қышитын дерматоздар

  • аллергиялық конъюнктивит

  • ұйқы бұзылуы

  • хорея

  • теңіз және әуе аурулары

  • Меньер синдромы

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке ересектерге 25 - 50 мг (1/2-1 таблеткадан) күніне 1-3 рет тағайындалады.

Емдеу ұзақтығы 10-15 күн құрайды.

Ұйқысыздықта 50 мг (1 таблетка) ұйықтар алдында 20-30 мин бұрын қабылдайды.

Балаларға 6 - дан 12 жасқа дейін – қабылдауына 12,5 - 25 мг (1/4-1/2 таблеткадан).

Қолдану ұзақтығы - 3-5 күннен аспау керек.

Ересектерге арналған ең жоғарғы дозасы: бір реттік – 100 мг, тәуліктік – 250 мг.

Дәрігердің тағайындауы бойынша қабылданады.

Жағымсыз әсерлері

  • артериялық қысымның төмендеуі, жүрек соғу сезімі, тахикардия, экстрасистолия

  • ауыздың құрғауы, эпигастрий аймағының ауруы, анорексия, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату

  • бас ауыруы, тыныштандыру әсері, ұйқышылдық, бас айналу, қимыл үйлесімінің бұзылулары, әлсіздік, сана шатасуы, мазасыздық, қозу, ашушаңдық, тітіркенгіштік, тремор, ұйқысыздық, эйфория, парестезия, неврит, құрысу

  • мұрын мен тамақтың шырышты қабығының құрғауы, қақырықтың тұтқырлығының ұлғаюы, кеуде мен тамақтағы қысылу сезімі, түшкіру, мұрын бітелуі

  • көру қабілетінің бұзылуы, диплопия, вертиго, құлақ шуылы

  • несеп шығарудың қиындауы немесе жиіленуі, несептің кідіруі, етеккірдің ерте келуі

  • гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз

  • есекжем, тері бөртпесі, анафилактикалық шок, фотосенсибилизация

Басқа: тершендіктің күшеюі, қалтырау.

Жағымсыз әсерлері дозасын азайтқаннан кейін немесе димедролды тоқтатқаннан кейін жойылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • дифенгидрамин гидрохлоридіне және препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • жабықбұрышты глаукома

  • асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы

  • эпилепсия

  • қуық асты безінің гипертрофиясы

  • 6 жасқа дейінгі балалар

  • бронх демікпесі

  • қуық мойнының стенозы

  • тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактоза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анальгетиктер және психотроптық дәрілердің әсерлерін күшейтеді, сондықтан димедролды үшциклдік антидепрессанттар, моноаминоксидаза ингибиторлары, барбитураттар, анксиолитиктер, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілер, апиындық рецепторлар агонистерімен бірге тағайындау ұсынылмайды. Этанол мен ОЖЖ басатын дәрілік заттардың әсерін күшейтеді. Аналептиктермен бірге қолданғанда құрысу дамуы қаупі жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емделу кезінде алкогольді қабылдау ұсынылмайды, УК-сәулеленуден абай болу қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Осы дәрілік түр 6 жасқа дейінгі балаларда пайдаланылмайды.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлік жүргізу мен жоғарғы зейінді қажет ететін жұмыс кезінде қабылдау ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Белгілері: ауыздың құрғауы, демнің жетіспеуі, қозу, сананың шатасуы, депрессия, балаларда құрысулар басталады.

Емдеу: асқазанды шаю, қарқынды диурез, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар санына сәйкес гофрланған картон жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан, Павлодар қаласы, 140011, Қамзин көшесі, 33

Тіркеу куәлігінің иесі

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС

Қамзин көшесі, 33, Павлодар қаласы, 140011, Қазақстан

Тел./факс 8 (7182) 50-10-25, farmzavod@romat.kz

 

 

Прикрепленные файлы

107647851477976931_ru.doc 53.5 кб
081895941477978092_kz.doc 73.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники