Димедрол (таблетки, 50 мг, Химфарм АО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Димедрол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дифенгидрамин
Дәрілік түрі
50 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 50.0 мг дифенгидрамин гидрохлориді,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы (аэросил), стеарин қышқылы.
Сипаттамасы
Жалпақ беткейлі ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар. Таблетканың бір жағында ойығы, екінші жағында ойығы мен крест түріндегі фирма логотипі бар.
Фармакотерапиялық тобы
Антигистаминді жүйелі әсер ететін препараттар. Аминоалкильді эфирлер. Дифингидрамин
АТХ коды R06AA02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағанда препарат асқазан-ішек жолынан тез сіңіріледі. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 1-4 сағаттан соң жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 98-99% құрайды. Гематоэнцефалдық және плаценталық бөгеттер арқылы өтеді. Бауырда метаболизденеді.
Глюкурон қышқылымен конъюгацияланған белсенді емес метаболиттер түрінде тәулік ішінде бүйрекпен шығарылады.
Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 1-ден 10 сағатқа дейін құрайды.
Ең жоғары әсері ішке қабылдағаннан кейін 20 минуттан соң дамиды, әсер ету ұзақтығы 4-6 сағат құрайды.
Фармакодинамикасы
Антигистаминді, құсуға қарсы, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрі. Н1-гистамин рецепторларының блокаторы болып табылады. Антигистаминді әсері эффекторлық жасушаларда Н1-гистамин рецепторларымен бәсекелесу есебінен гистаминнен болатын жауапқа жол бермей, бірақ оны өзгертпестен түйілу, іркілу құбылыстарын (тіндердің ісінуін) жоюмен жүзеге асады.
Құсуға қарсы әсері триггерлік аймақтың ми хеморецепторын тежеумен жүзеге асады.
Вестибулярлық аппаратқа, интеграциялық құсу орталығына және сопақша ми триггерлік аймағының ми хеморецепторына орталық м-холиноблокаторлық әсері есебінен бас айналуды азайтуға ықпал етеді. ОЖЖ бәсеңдететін нақты әсер ету механизмі белгісіз. Себебі ретикулярлық формациядағы импульстерді тікелей емес бәсеңдетуі болуы мүмкін.
Қолданылуы
Антигистаминді препарат ретінде:
- тағам аллергиясы аясындағы аллергиялық конъюнктивитте,
- есекжем және ангионевротикалық ісіну кезінде болатын терінің жеңіл, асқынбаған аллергиялық реакцияларында,
- қандағы немесе сарысудағы аллергиялық реакциялар қарқынын азайту үшін
- дерматографизмде
- анафилактикалық реакцияларды емдеу үшін эпинефоринмен және жедел жағдайды басудан кейінгі басқа шаралармен кешенді емде.
Әуе және теңіз ауруы кезінде алдын алатын және емдік дәрі ретінде.
Паркинсонға қарсы дәрі ретінде.
Күшті әсер ететін препараттар қолдану мүмкіндігі жоқ егде жастағы адамдарда паркинсонизмді (соның ішінде дәрі-дәрмектік); басқа жас топтарында паркинсонизмнің жеңіл ағымын (соның ішінде дәрі-дәрмектік), паркинсонизмді орталықтан әсер ететін холиноблокаторлармен біріктіріп (соның ішінде дәрі-дәрмектік) емдеу үшін.
Ұйқының уақытша бұзылуларын симптоматикалық емдеу үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Дәрігер тағайындауы бойынша препарат ішке қолданылады.
Ересектерге: тәулігіне 3-4 рет 25-50 мг (½ - 1 таблетка).
Ұйқының уақытша бұзылуында (ұйқысыздық) ересектер мен 16 жастан асқан балаларға: ұйықтар алдында 20 минут бұрын 50 мг (1 таблетка).
Шайқалудан жүрек айнудың алдын алу үшін әуелі сапарға шыққанша 30 минут бұрын ½ - 1 таблетка, артынан дәл осындай дозаны тамақ ішер алдында және сапар аяқталар алдында қабылдайды.
Ересектер үшін ең жоғары дозалары: бір реттік - 100 мг, тәуліктік - 250 мг.
6 жастан асқан балаларға: күніне 3-4 рет қабылдауға 12.5-25 мг (1/4 – ½ таблетка).
Ең жоғары тәуліктік дозасы 300 мг-ден аспауы тиіс.
12 жасқа дейінгі балаларға ұйықтататын дәрі ретінде қолдануға болмайды!
Емдеу курсы: 3-5 күн, ұзақ уақыт емдеу мәселесін емдеуші дәрігер шешеді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (> 1/100-ден <1/10-ға дейін)
- жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, зейіннің нашарлауы, жүріс-тұрыс орнықсыздығы
- ауыздың кеберсуі
Белгісіз
- тері бөртпесі, есекжем, анафилактикалық шок
ангионевротикалық ісіну
- сананың шатасуы, парадоксты қозу (мысалы, мазасыздық, күйгелектену), әсіресе, егде жастағы емделушілерде
- құрысулар, парестезиялар, дискинезиялар
- бас ауыру
- анық көрмеу
- құлақтың шуылдауы
- тахикардия
- бронх сөлінің қоюлануы, мұрынның бітелуі, кеуде қуысының тарылуы
- жүрек айну, құсу, анорексия, іш қату сияқты асқазан-ішек бұзылыстары
- қиналыспен, жиі несеп шығару, несептің іркілісті бөлінуі
- агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия
- тершеңдік, қалтырау, фотосенсибилизация
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома
- қуық асты безінің гипертрофиясы
- асқазан мен он екі елі ішектің стеноздаушы ойық жарасы
- қуықтың мойын стенозы
- бронх демікпесі
- эпилепсия
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қолданғанда димедрол этанол мен орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін басқа препараттардың (мыcалы, транквилизаторлар, ұйықтататын препараттар) тыныштандыратын әсерін күшейтеді.
Моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда димедролдың антихолинергиялық белсенділігі күшейеді және ұзаққа созылады.
Препаратты МАО тежегіштерімен біріктіруге болмайды, димедролды оларды қабылдау тоқтатылғаннан кейін 2 аптадан соң тағайындау ұсынылады.
Антагонистік өзара әрекеттесуі психостимуляторлармен бір мезгілде тағайындағанда білінеді. Улануды емдегенде апоморфиннің құсуға қарсы дәрі ретіндегі тиімділігін төмендетеді. Холиноблокаторлық белсенділігі бар препараттардың (мыcалы, атропин, үш циклды антидепрессанттар) антихолинергиялық әсерлерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Емделу кезеңінде алкоголь тұтынудан аулақ болу қажет.
Антигистаминді басқа препараттармен, соның ішінде жөтелге және суық тиюге қарсы препараттармен бірге тағайындау ұсынылмайды.
Препаратты, жағымсыз әсерлерінің едәуір жоғары даму қаупінің болуына орай, егде жастағы адамдарда абайлап пайдалану керек.
Димедрол бауыр аурулары және бүйрек функциясының орташа және айқын бұзылулары, миастениясы, өкпенің созылмалы тарылу ауруы, бронхиті бар емделушілерге сақтықпен тағайындалу керек.
Препарат бұрыннан келе жатқан құлақ шуылдауын осы симптом бар емделушілерде өршітуі мүмкін.
Препаратты ұзақ уақыт пайдаланғанда дәрілік тәуелділіктің дамуы мүмкін.
Препарат, құрамында лактоза моногидраты болуына орай, оны галактоза көтере алмаушылық, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар емделушілерге тағайындау ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Осы дәрілік түр 6 жастан кіші балаларға ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тыныштандыратын және ұйықтататын әсеріне орай, димедролды автокөлік басқару және аса қауіпті механизмдермен жұмыс істеу кезінде тағайындауға болмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: ауыздың кеберсуі, тыныстың тарылуы, тұрақты мидриаз, беттің қызаруы, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі немесе қозуы (балаларда жиірек), сананың шатасуы, балаларда құрысудың дамуы және өліммен аяқталу.
Емі: құстыру, асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау; тыныс алу мен артериялық қысым деңгейін мұқият бақылау аясында симптоматикалық және демеуші ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті немесе импортты үлбірден және алюминий немесе импортты фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
Пішінді ұяшықты қаптамаларды қораптық немесе гофрланған картоннан жасалған қораптарға салады.
Топтық қаптамаға қаптамалар санына қарай медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтар салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды пошта: standart@santo.kz