Диклофенак (гель 1%, ФАРМАПРИМ ООО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Диклофенак
Халықаралық патенттелмеген атауы
Диклофенак
Дәрілік түрі
1 % гель
Құрамы
1 г гельдің құрамында
белсенді зат: 10 мг натрий диклофенагы
қосымша заттар: транскутол Р (диэтиленгликоль моноэтил эфирі), лабрасол (каприлокапроил макроглицеридтер), бензил спирті, карбопол 980 (карбомер), метолоза 60SH-4000 (гипромеллоза), этомин С 25 (ПЭГ-15 кокамин), тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз, консистенциясы бір текті гель. Бозаңдануына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак.
АТХ коды М02АА15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сыртқа қолданғанда 6% көп емес диклофенак сіңіріледі. Диклофенак тері арқылы тері асты шеліне, бұлшықет тініне, буын капсуласына, синовиальді сұйықтыққа өтеді. Жергілікті қолданғанда синовиальді сұйықтықтағы концентрациясы қан плазмасындағыға қарағанда жоғары. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 99% құрайды. Бауырда ішінара глюкуронизациялану жолымен, негізінен бір мәртелік және көп мәртелік гидроксилдену мен метоксилдену арқылы метаболизденеді. Бүйрекпен (65% жуық) және өтпен (35% жуық) глюкурон және күкірт қышқылдарымен белсенді емес қосылыстар түрінде шығарылады; 1% аздауы белсенді емес түрде сыртқа шығарылады.
Фармакодинамикасы
Диклофенак гелі – жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес дәрі. Жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді. I және II циклооксигеназа белсенділігін тежейді, бұл арахидон қышқылы метаболизмінің бұзылуына және қабыну ошағында простагландиндер синтезін басуға әкеледі; хининдер және қабыну мен ауырудың басқа да медиаторларының түзілуін азайтады, лизосомальді жарғақшаларға тұрақтандыратын әсер береді.
Гель жаққан жерде ауыруды, оның ішінде тыныш күйдегі және қимыл кезіндегі буындағы ауыруды әлсіретеді немесе жояды; таңертеңгі буындардың сіресуі мен домбығуын азайтады; буындағы қозғалыс көлемінің ұлғаюына ықпал етеді.
Қолданылуы
- буындардың қабыну және дегенертивті ауруларында (оның ішінде ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит, псориаздық артрит, жедел және созылмалы подагралық артрит, шеткергі буындардың және омыртқаның остеоартрозы)
- жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануында
- жарақаттанудан кейінгі ауыру синдромында (жарақаттық соғылулар, байламдар, бұлшықеттер мен сіңірлердің созылуы)
- жұмсақ тіндердің қабынбалы ісінулері
- ауыр дене жүктемесінен туындаған артралгия және миалгия
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 2 г көп емес препаратты тәулігіне 2 ретке дейін пайдалану керек.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға препаратты зақымдану ошағының үстіңгі терісіне тәулігіне 2-3 рет жеңіл уқалап жағады.. Препараттың бір реттік дозасы – 2-4 г (1-2 см жолақ). Ең жоғары тәуліктік дозасы 8 г аспауы тиіс. Емдеу курсы – 14 күнге дейін.
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдер мен байқалатын әсеріне байланысты. Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңесу керек.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті реакциялар
-
гиперемия, ашыту, қышыну, бөртпе.
Жүйелік реакциялар: ұзақ уақыт қолданғанда және/немесе терінің үлкен аумағына жаққанда жүйелі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін:
- асқазан-ішек жолы тарапынан: эпигастрий аймағының ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм, тәбеттің жоғалуы
- орталық жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық
- тыныс алу жүйесі тарапынан: бронхтың түйілуі
- дерматологиялық реакциялар: фотосенсибилизация, жайылған тері бөртпесі
- аллергиялық реакциялар: шокты қоса, анафилактикалық реакциялар және т.б.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСД-ға жоғары сезімталдық
- асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруының өршу сатысы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гельді сыртқа қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз (ең төменгі жүйелік сіңірілу).
Айрықша нұсқаулар
Гельдің көзге және шырышты қабыққа тигізбеу керек. Препаратты көзге кездейсоқ тигізіп алған жағдайда, судың көп мөлшерімен жуу керек. Гель жаққаннан кейін, қолды егер ол аумақ емделмейтін болса, жуу қажет. Диклофенак гелін сыртартқысында асқазан мен он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы, бауыр порфириясы (өршуі), бронх демікпесі, аллергиялық ринит, мұрын шырышты қабығының полиптері, жүрек жеткіліксіздігі бар, бауыр мен бүйрек қызметі, қан түзу жүйесі бұзылған емделушілерге, басқа ҚҚСД-мен бір мезгілде тағайындаған кезде егде жастағы емделушілерге сақтықпен тағайындайды.
Препаратты қолдану кезінде бауыр ферменттерінің белсенділігі артуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлер пайда болғанда гельді қолдануды тоқтату қажет.
Балалар жасында Диклофенак гельді ұзақ қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылатын дозада қолданғанда препарат механизмдерді жүргізу және басқару қабілетіне әсер етпейді. Алайда препаратты терінің ауқымды аймағына және ұсынылғаннан артық дозада жаққанда орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің (бас ауыруы, ұйқышылдық) дамуы, ал жекелеген жағдайларда автокөлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуы мүмкін.
Артық дозалануы
Қазіргі кезге дейін препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған. Алайда гельді ауқымды тері бөліктеріне жаққан кезде немесе ұсынылған дозалардан асырып жібергенде диклофенак және басқа ҚҚСП тән жүйелі жағымсыз әсерлер (диспепсия, жүрек айну, эпигастральді аймақтың ауыруы, бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, бронх түйілуі) болуы мүмкін. Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
40 г гель алюминий сықпада. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
"ФАРМАПРИМ" ЖШҚ
Молдова Республикасы, MD-4829, Криулень ауд.,
Порумбень а., Кринилор к-сі, 5
Тіркеу куәлігінің иесі
ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы
Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «FARMAPRIM SRL» («ФАРМАПРИМ СРЛ») фирмасының өкілдігі
Алматы қ., Гоголь к-сі, 86, 528 кеңсе
Телефон/факс: +7(727) 279 65 18
Email: tissa@inbox.ru