Дефислез®

МНН: Гипромеллоза
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hypromellose
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013507
Информация о регистрации в РК: 11.03.2014 - 11.03.2019

Инструкция

Саудалық атауы

ДЕФИСЛЁЗ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гипромеллоза

Дәрілік түрі

Көз тамшысы 3 мг/мл 10 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында белсенді зат –3 мг гипромеллоза, қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, динатрий эдетаты, натрий дигидрофосфат дигидраты, натрий гидрофосфат додекагидраты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір немесе сәл бозаңданатын, түссіз немесе әлсіз боялған сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Хирургиялық офтальмологиялық араласулар барысында пайдаланылатын препараттар.

Вискозалық созылғыш қосылыстар. Гипромеллоза

АТХ коды S01KA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың фармакокинетикасы туралы мәліметтер жоқ.

Фармакодинамикасы

Мөлдір қабық эпителийінің протекторы, көз жасы сұйықтығының секрециясы төмендегенде майлағыш, жұмсартқыш әсер береді. Тұтқырлығының жоғары болуы есебінен препараттың мөлдір қабықпен жанасу ұзақтығы арта түседі. Ерітіндінің сыну көрсеткіші табиғи көз жасына ұқсас. Көз жасы үлбірінің оптикалық сипаттамаларының қалпына келуіне және тұрақтануына ықпал етеді. Көз жасы сұйықтығының секрециясы төмендегенде мөлдір қабыққа қатысты қорғағыштық әсер береді және басқа көз тамшысынің дәрілерінің әсерін ұзартады.

Қолданылуы

- лагофтальмда, қабақтардың деформациясында, эктропионда, қабақтарға жасалған пластикалық операциялардан, мөлдір қабық пен конъюнктиваның термиялық күйіктерінен, кератопластикадан, кератоэктомиядан кейінгі жағдайларда

- мөлдір қабықтың буллездік дистрофиялық өзгерістерінде, мөлдір қабықтың эрозиясы және трофикалық ойық жараларында, кератопатия, мөлдір қабық эпителийінің микроақауларында, «құрғақ көздер» синдромын кешенді емдеу құрамында

- гониоскопия, электроретинография, электроокулография, эхобиометрия жүргізуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Тәулігіне 4-8 рет 1-2 тамшыдан төменгі конъюнктива қалтасына.

Ұсынылған дозасын арттырмау керек. Емдеу курсы - 2-3 апта.

8 жастан асқан балаларға препаратты төменгі конъюнктива қалтасына тәулігіне 4-8 рет 1-2 тамшыдан тамызады. Емдеу курсы - 2-3 апта.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар

- көздің шымылдатып ашытуы

- көздің тітіркенуі

Кейде

- қабақтардың жабысып қалу сезімі (ерітіндінің тұтқырлығы жоғары болғандықтан)

- инстилляциядан кейін бірден көрудің бұлыңғырлануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- көздің алдыңғы камерасының жедел қабыну аурулары

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- мөлдір қабық пен конъюнктиваның химиялық күйігінің жедел фазасы (уытты заттар немесе некроздалған тіндер толығымен алынып тасталғанша)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 8 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында металл тұздары бар көз тамшысымен дәрілерімен бір мезгілде қолданбау керек.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: уытты заттар мен некроздалған тіндер толық алынып тасталғанша, мөлдір қабық пен конъюнктива күйігінің жедел фазасында ұсынылмайды.

Көз тамшысын дәрісін тамызған кезде жұмсақ жанаспалы линзаларды тағуға рұқсат етілмейді. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіреді. Қатты жанаспалы линзаларды препарат инстилляциясына дейін алып тастайды және тамызғаннан соң 30 минут өткеннен кейін қайта салады.

Препаратты қолданғанда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, бұл жағдайларда емдеуді тоқтату қажет, қажет болса сәйкесінше ем тағайындалады. Препаратты ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.

Мөлдір қабықта дистрофиялық өзгерістер дамуы мүмкін болғандықтан, әсері болмаса, офтальмологтың кеңесі қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда Дефислезді® қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ, соған байланысты препаратты балаларда тек дәрігердің ұсынымымен ғана қолдануға болады.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Препаратты лактация кезінде тағайындау қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Инстилляциядан кейін көрудің бұлыңғырлығы туындаса, ол қалпына келгенше көлік құралдарын басқарудан және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданудан бас тарту қажет.

Артық дозалануы

Дефислез® көз тамшысын дәрісін қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Дозалағыш қондырмасы және пластиктен жасалған бұралатын қақпағы бар құтыларда 10 мл-ден.

Әр құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 1 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ.

Ресей, 640008, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: http://www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

 

Технический директор С.Г. Ивченко

Прикрепленные файлы

400974141477976762_ru.doc 51.5 кб
648524551477977929_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники