Дельтиба® (50 мг)

МНН: Деламанид
Производитель: Otsuka Pharmaceutical Co., Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Деламанид
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024728
Информация о регистрации в РК: 15.09.2020 - 15.09.2025
Номер регистрации в РБ: 11236/23
Информация о регистрации в РБ: 20.03.2023 - 20.03.2028

Инструкция

Саудалық атауы

Дельтиба®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Деламанид

Дәрілік түрі, дозалануы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Микобактерияға қарсы препараттар. Туберкулезді емдеуге арналған препараттар. Туберкулезді емдеуге арналған басқа препараттар. Деламанид.

Код АТХ J04AK06

Қолданылуы

Дельтиба® препараты, егер төзімділіктің немесе жақпаушылықтың болуы салдарынан өзге тәсілмен тиімді емдеу сызбасын құрастыру мүмкін болмаса, көптеген дәрілік төзімділігі бар туберкулездің өкпелік түрін талапқа сай біріктірілген емдеу режимінің құрамында 18 жастан асқан ересектерде қолдануға көрсетілген.

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- сарысу альбуминінің < 2,8 г/дл деңгейі

- CYP3A4 күшті индукторлары болып табылатын дәрілік препараттарды (мысалы, карбамазепин) қолдану

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Дельтиба® емін бастауға және емдеу барысын бақылауға көптеген дәрілік тұрақтылығы бар Mycobacterium tuberculosis туындатқан өкпе туберкулезін емдеу тәжірибесі бар дәрігерлерге рұқсат етіледі. Дельтиба® көптеген дәрілерге төзімді (КДТ-ТБ) туберкулезді біріктіріп емдеудің тиісті режимінің құрамында ғана қолданылуы тиіс. ДДҰ-ның басшылық нұсқауларына сәйкес, деламанидті қабылдаудың 24 апталық кезеңі аяқталғаннан кейін біріктірілген емнің тиісті схемасын қолдана отырып, емдеуді жалғастыру керек. Дельтибаны® дәрігердің тікелей бақылауымен қабылдау ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесу зерттеулері ересектерде ғана жүргізілген.

Деламанидтің толық метаболизмдік бейіні және оның шығарылу тәсілдері соңына дейін зерттелмеген.

Басқа дәрілік заттардың әсер етуі

P450 3A4 цитохромының индукторлары

Дені сау қатысушылардағы дәрілік өзара әрекеттесуді бағалау жөніндегі клиникалық зерттеулерде P450 (CYP) 3A4 цитохромының қуатты индукторын (тәулігіне 300 мг рифампицин) деламанидпен бірге (тәулігіне 200 мг) 15 күн қабылдаудан соң деламанид экспозициясының 45 % төмендеуі анықталған. Деламанидті 100 мг дозада х тәулігіне 2 рет тәулігіне 600 мг дозадағы әлсіз индуктор эфавирензбен бірге 10 күн бойы қабылдағанда оның экспозициясының клиникалық мәнді төмендеуі байқалмаған.

Антиретровирустық препараттар

Дәрілік өзара әрекеттесуді бағалау жөніндегі клиникалық зерттеулерде дені сау қатысушылар 14 күн бойы деламанидті бөлек (100 мг х тәулігіне 2 рет) және тенофовир дизопроксилімен (тәулігіне 245 мг) немесе лопинавир/ритонавирмен (тәулігіне 400/100 мг) және 10 күн бойы эфавирензбен (тәулігіне 600 мг) біріктіріп қабылдады. Тенофовир дизопроксилі мен эфавиренз сияқты антиретровирустық препараттарды қатарлас қолданғанда деламанид экспозициясы өзгермеген (айырмасы < 25 %), бірақ құрамында лопинавир/ритонавир бар антиретровирустық препаратпен бірге қолданғанда біршама ұлғайды.

Дельтиба® препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері

In vitro зерттеулерінде деламанид CYP450 изоферменттерін тежемейтіні анықталған. In vitro зерттеулері деламанид пен оның метаболиттері қандай да бір жолмен MDR1 (p-гликопротеин), BCRP, OATP1, OATP3, OCT1, OCT2, OATP1B1, OATP1B3 және BSEP тасымалдағыш ақуыздарына тепе-тең жағдайда Cmax шамамен 5-20 асатын концентрацияларда әсер етпейтінін көрсетті. Алайда, ішектің саңылауындағы деламанидтің концентрациясы жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден елеулі асып кетуі мүмкін екенін ескере отырып, деламанидтің осы тасымалдағыш ақуыздарына әсер ету ықтималдығы бар.

Туберкулезге қарсы препараттар

Дәрілік өзара әрекеттесуді бағалау жөніндегі клиникалық зерттеулерде дені сау қатысушылар 15 күн бойы деламанидті бөлек (тәулігіне 200 мг) және рифампицин/изониазид/пиразинамидпен (тәулігіне 300/720/1800 мг) немесе этамбутолмен (тәулігіне 1100 мг) біріктіріп қабылдаған. Қатарлас қабылданатын туберкулезге қарсы препараттардың (рифампицин, изониазид, пиразинамид) экспозициясына ықпалы жоқ. Деламанидпен бірге қолдану плазмадағы этамбутолдың тепе-тең концентрациясын (шамамен 25 %) едәуір арттырды, осы құбылыстың клиникалық мәні белгісіз.

QTc аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік заттар

QTc аралығын ұзартуға қабілетті препараттарды қабылдап жүрген пациенттерді деламанидпен емдегенде сақтық шарасын қадағалау керек. КДТ-ТБ бар пациенттерде моксифлоксацин мен деламанидті біріктіріп қолдану зерттеулері жүргізілмеген. Деламанид қабылдайтын пациенттерге моксифлоксацин тағайындау ұсынылмайды.

Арнайы сақтандырулар

Деламанидпен қатарынан 24 аптадан артық емделу ұзақтығы жөнінде деректер жоқ. Деламанидті:

- өкпеден тыс жерлерде (мысалы, орталық жүйке жүйесінде, сүйектерде) орналасқан туберкулезді;

- M. Tuberculosis кешенін қоспағанда, микобактериялардың басқа түрлері туғызған инфекцияларды;

- M. Tuberculosis туғызған жасырын инфекцияны емдеуге қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ.

Дәріге төзімді M. tuberculosis штаммдары туғызған туберкулезді біріктірілген емдеу режимінің құрамында деламанидті қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ.

Деламанидке төзімділіктің дамуы

Деламанидке төзімділіктің қалыптасуын болдырмау мақсатында — ДДСҰ нұсқауларына сәйкес деламанид тек қана талапқа сай КДТ-ТБ біріктірілген емдеу режимінің құрамында қолданылуы тиіс.

QT аралығының ұзаруы

Деламанид қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы байқалды. QT аралығы емдеудің алғашқы 6-10 аптасының ішінде уақыт өтуімен біртіндеп ұзарады, ал кейіннен тұрақты күйде қалады. QT аралығының ұзаруы DM-6705 негізгі метаболитінің мөлшерімен нақты өзара байланысты. Деламанидтің биотрансформациясының басты жолы оның DM-6705 метаболитіне қан плазмасының альбуминімен катализмдік түрленуі болып табылады. Сонымен қатар CYP3A4 бұдан әрі DM-6705 метаболизміне жауап береді (төменде «Жалпы нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Жалпы ұсынымдар

Емдеу басталғанша және деламанид қабылдау кезеңі аяқталғанша ай сайын электрокардиограмма (ЭКГ) түсіруге кеңес беріледі. Егер деламанидтің алғашқы дозасын қабылдауға дейін немесе емдеу кезінде QTcF >500 мс байқалса, деламанидпен емдеу басталмайды немесе препарат тоқтатылады. Егер деламанидпен емделу кезеңінде QTc аралығының ұзақтығы 450 мс (ерлерде)/470 мс (әйелдерде) асып кетсе, ондай пациенттер жиірек ЭКГ бақылауынан өтуі тиіс. Сондай-ақ емдеу басталғанша сарысу электролиттеріне, мысалы, калийге тексеру өткізуге және қалып шегінен ауытқуларды түзетуге кеңес беріледі.

Жүрек тарапынан қауіп факторлары

Деламанидті қолданудан күтілетін болжамды пайда ықтималды қауіптен асып кететін жағдайларды қоспағанда — төменде атап көрсетілген қауіп факторлары бар пациенттерде деламанидпен емдеуді бастауға болмайды. Осы орайда, деламанид қабылдаудың бүкіл кезеңі бойына өте жиі ЭКГ бақылауы қажет.

- Туа біткен QTc аралығы ұзаруының немесе QTc аралығының ұзаруына немесе QTc > 500 мс мәніне әкелуге қабілетті кез келген клиникалық жай-күйдің болуы.

- Анамнезде клиникалық көріністері бар аритмиялардың немесе клиникалық тұрғыдан мәнді брадикардияның болуы.

- Ауыр артериялық гипертензия, сол жақ қарынша гипертрофиясы (гипертрофиялық кардиомиопатияны қоса) немесе сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуімен іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты аритмияның дамуына бейімдендіретін жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары.

- Электролит теңгерімінің бұзылулары, әсіресе, гипокалиемия, гипокальциемия немесе гипомагниемия.

- QTc аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік заттарды қабылдау. Басқаларын қоспағанда, ондай препараттарға жатады:

  • аритмияға қарсы дәрілерысалы, амиодарон, дизопирамид, дофетилид,ибутилид, прокаинамид, хинидин, гидрохинидин, соталол);

  • нейролептиктер (мысалы, фенотиазиндік қатардағы, сертиндол, сультоприд, хлорпромазин, галоперидол, мезоридазин, пимозид, тиоридазин);

  • антидепрессанттар (трициклидті антидепрессанттар мен циталопрам);

  • белгілі бір микробқа қарсы препараттар, соның ішінде: макролидтер (мысалы, эритромицин, кларитромицин), моксифлоксацин, спарфлоксацин;

  • зеңге қарсы препараттар;

  • бедаквилин;

  • триазол туындылары;

  • пентамидин;

  • саквинавир;

  • белгілі бір тыныштандыратын әсері жоқ антигистаминдік препараттарысалы, терфенадин, астемизол, мизоластин);

  • QT аралығын ұзарту мүмкіндігімен белгілі бір малярияға қарсы препараттар (мысалы, галофантрин, хинин, хлорохин, артесунат/амодиахин, дигидроартемизинин/пиперакин)

  • және басқалары: цизаприд, дроперидол, домперидон, бепридил, дифеманил, пробукол, левометадил, метадон, қабіршөп алкалоидтары, мышьяк триоксиді.

ГипоальбуминемияКлиникалық зерттеуде деламанид қабылдаған пациенттерде ң QTc аралығы ұзаруының өте жоғары қаупімен гипоальбуминемияның қатар жүретіні анықталған. Деламанид альбумин деңгейі < 2,8 г/дл пациенттерге қарсы көрсетілімді (4.3-бөл.қараңыз). Деламанид қабылдауды сарысу альбуминінің < 3,4 г/дл деңгейінде бастаған немесе альбумин деңгейі емделу кезінде осы деңгейге дейін төмендеп кеткен пациенттерге деламанид қабылдаудың бүкіл кезеңі бойына өте жиі ЭКГ бақылауы қажет болады.

CYP3A4 күшті тежегіштерімен қатарлас қолдану.

Деламанидті CYP3A4 қуатты тежегішімен (лопинавир/ритонавир) қатарлас қолдану DM-6705 метаболиті экспозициясының 30 % жоғарылауымен қатар жүрді, онымен QTc аралығының ұзаруы қатарласты. Соған сәйкес, егер деламанидті қандай да бір CYP3A4 қуатты тежегішімен бір мезгілде тағайындау қажет болса, деламанидті қабылдаудың бүкіл кезеңі бойына өте жиі ЭКГ бақылауы ұсынылады.

Деламанидті фторхинолондармен қатарлас қолдану.

QTcF аралығы 60 мс артық ұзаруының барлық жағдайлары фторхинолонды қатарлас қабылдағанда білінді. Сондықтан, егер осы препараттарды бір мезгілде қолданусыз талапқа сай КДТ-ТБ емдеу сызбасын құру мүмкін болмаса, деламанидті қабылдаудың бүкіл кезеңі бойына өте жиі ЭКГ бақылауы ұсынылады.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерге Дельтиба® препаратын қолдану ұсынылмайды.

Биотрансформациясы және шығарылуы

Адамда деламанидтің толық метаболизмдік бейіні әлі анықталған. Салдарынан, деламанидті пайдалану кезінде клиникалық тұрғыдан елеулі дәрілік өзара әрекеттесудің даму ықтималдығын және QTc аралығына әсерді толық бағалауды қоса, осындай өзара әрекеттесудің ықтимал салдарын сенімді болжау мүмкін емес.

Қосымша заттар

Дельтиба® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған табелткаларының құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткеіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге препаратты тағайындауға болмайды.

Егде жастағы пациенттер (> 65 жас)

Препаратты егде жастағыларда қолдану бойынша деректер жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының елеусіз немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге деламанидті қолдану бойынша деректер жоқ. Мұндай пациенттерге препаратты тағайындау ұсынылмайды.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының елеусіз бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерге деламанидті тағайындау ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

Дельтиба® препараты 18 жасқа дейінгі пациенттерге қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде деламанидті қолдану бойынша шектеулі деректер бар. Деламанидті жүкті әйелдерге немесе бала тууға қабілетті әйелдерге, егер олар контрацепцияның сенімді әдісін қолданбаса, тағайындауға болмайды.

Бұл дәрілік зат немесе оның метаболиттері адамда емшек сүтімен шығарылғаны белгісіз. Жануарлардағы фармакокинетика бойынша қолда бар деректерге сәйкес деламанид және (немесе) оның метаболиттері емшек сүтіне өтеді. Емшек еметін бала үшін ықтимал қауіптерді жоққа шығаруға болмайтын болғандықтан, деламанидпен емдеу кезінде емшек емізу ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Механизмдерді жүргізу және басқару қабілетіне әсер ету зерттеуі жүргізілмеген. Осыған байланысты Дельтибаны® қабылдайтын пациенттерге осы әрекеттерді орындау қабілетіне әсер ете алатын жағымсыз әсерлердің дамуы кезінде механизмдерді жүргізуден және басқарудан тартыну (мысалы, өте жиі жағымсыз әсерлер бас ауруы мен тремор болып табылады) ұсынылады.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектерге ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 100 мг құрайды, қабылдау ұзақтығы — 24 апта.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған. Дельтибаны® тамақтану кезінде немесе тамақтанғаннан кейін бірден қабылдау керек. Деламанидтің пероральді биожетімділігі ашқарынға қабылдаумен салыстырғанда тамақтану кезінде (стандартты түскі ас) шамамен 2,7 есе артады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препаратты тәулігіне 200 мг х 2 рет дозада (яғни, барлығы 400 мг) қабылдаған пациенттерде деламанид қауіпсіздігінің жалпы бейіні препаратты тәулігіне 100 мг х 2 рет ұсынылған дозада қабылдайтын пациенттерде қауіпсіздіктің жалпы бейінімен салыстырылады. Сонымен қатар, кейбір жағымсыз реакциялар аса жоғары жиілікте байқалды, ал QT аралығының ұзару жағдайларының жиілігі дозаны арттырумен жоғарылады. Артық дозалануды емдеу үшін деламанидті асқазан-ішек жолынан кідіріссіз шығару және демеуші емді пайдалану керек. ЭКГ жиі бақылау қажет. Жиі ЭКГ бақылауы қажет.

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жағымсыз реакциялар MedDRA жүйелік-ағзалық класына сәйкес ұсынылған. Әр кластың шегінде жағымсыз реакциялар кездесу жиілігінің санаттары бойынша бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 бастап <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 бастап <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 бастап <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10 000) және «жиілігі белгісіз». Жиіліктің әрбір санатында жағымсыз реакциялар ауырлықтың кемуі бойынша берілген.

Кесте: Деламанидке жағымсыз дәрілік реакциялар

Жүйе-ағза класы

Жиілік класы

Жиі емес

Жиі

Өте жиі

Инфекциялар және инвазиялар

Белдемелі теміреткі;Ауыз қуысы және жұтқыншақ кандидозы;Кебек тәрізді теміреткі*

-

-

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Лейкопения

Тромбоцитопения

Анемия*

Эозинофилия*

Ретикулоцитоз

Метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар

Дегидратация;

Гипокальциемия;Гиперхолестеринемия

Гипертриглице-ридемия

Гипокалиемия;

Тәбеттің төмендеуі;Гиперурикемия*

Психикалық бұзылулар

АгрессияСандырақты бұзылыс, сандырақтау, аңду;Үрейлі бұзылыс;Депрессиялық күймен дағдыланудың бұзылуы;Невроз;Дисфория;Психикалық бұзылу;Ұйқының бұзылуы;Либидо жоғарылауы*

Психоздық бұзылыс;Қозу;Үрей және үрейлі бұзылыс;Депрессия жәнедепрессиялық жай-күй;Қимыл-қозғалыс мазасыздығы

Ұйқысыздық

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

ЛетаргияТепе-теңдіктің бұзылуыРадикулярлы ауыру Ұйқының нашар сапасы

ШеткерінейропатияҰйқышылдық*Гипоэстезия

Бас айналу*Бас ауыруПарестезияТремор

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

Аллергиялықконъюнктивит*

Көздің құрғау синдромы*Фотофобия

-

Есту ағзасы жәнелабиринт тарапынан бұзылулар

Құлақтың ауыруы

Құлақтың шуылдауы

-

Жүрек тарапынан бұзылулар

Бірінші дәрежедегі атриовентрикулярлы блокадаҚарыншалықэкстрасистолия*Суправентрикулярлыэкстрасистолия

Жүректің соғуын сезіну

-

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Гипертензия

Гипотензия

Гематома*

Қан кернеулер *

-

-

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзаларының тарапынан бұзылулар

ЕнтігуЖөтелАуыз-жұтқыншақтың ауыруыТамақтың тітіркенуіТамақтың құрғауы*Ринорея*

Қан түкіру

-

Асқазан-ішектік бұзылулар

ДисфагияАуыз қуысындағы парестезия

Іштің ауырсынуы*

Гастрит*Іш қату*

Іштің ауыруыІштің төменгі бөлігінің ауыруы; ДиспепсияІштің жағымсыз түйсіктері

ҚұсуДиарея*

Жүрек айнуІштің жоғарғы бөлігінің ауыруы

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Бауыр функциясының бұзылуы

-

-

Тері және тері асты тіндерінің тарапынан бұзылулар

Алопеция*Эозинофильді пустулезді

фолликулит*Жайылған қышыну*Эритематозды бөртпе

Дерматит Есекжем Қышытатын бөртпе*Қышыну*Макуло-папулезді бөртпе*Бөртпе*АкнеГипергидроз

-

Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Остеохондроз Бұлшықет әлсіздігіБұлшықеттер мен сүйектердің ауыруы*Белдің ауыруыАяқ-қолдың ауыруы

Артралгия*

Миалгия*

-

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Несеп іркілісіДизурия*Никтурия

Гематурия*

-

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі жай-күйлер

Ысыну сезімі

Пирексия*Кеуденің ауыруыЖалпы дімкәстануКеудедегі жағымсыз сезімдер*Шеткері ісіну*

Астения

Зертханалық және аспаптық деректер

Электрокардиограммада ST сегментінің төмендеуіТрансаминазалар деңгейінің жоғарылауы*Ішінара белсенділенгентромбопластин уақытының ұзаруы*Гаммаглутамилтранс-фераза деңгейінің жоғарылауы*Қандағы кортизол деңгейінің төмендеуіАртериялық қысымның көтерілуі

Қандағы кортизол деңгейінің жоғарылауы

Электрокардио-

граммада QT аралығының ұзаруы

* Аталған құбылыстардың жиілігі, ОБЕС-пен біріктірілген плацебо тобымен салыстырғанда, ОБЕС-пен біріктірілген деламанидпен емдеу тобында төмен болды.

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы

2 және 3 фазаның зерттеулерінде күніне 200 мг деламанид қабылдаған пациенттерде емдеудің бірінші айынан кейін 4,7 – 7,6 мс және тиісінше емнің 2 айынан кейін 5,3 – 12,1 мс-ге бастапқы мәндермен салыстырғанда QTcF орташа түзетілген мәнінің артуы байқалды. QTcF>500 мс арту жағдайларының жиілігі тәулігіне 200 мг деламанид қабылдаған пациенттерде 0,6 % (0/160)-2,1 %(7/341) бастап плацебо+ОБЕС пациенттерде 0% (0/160)-1,2% (2/170) дейін ауытқыған. Сонымен қатар QTcF>60 мс ұлғаю жағдайларының жиілігі тәулігіне 200 мг деламанид қабылдаған пациенттерде 3,1 % (5/161)-10,3 %(35/341) бастап плацебо+ОБЕС қабылдаған пациенттерде 0% (0/160)-7,1% (12/170) дейін ауытқыған. Электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы 100 мг х 2 рет дозада деламанид қабылдаған пациенттердің 9,9% - да және плацебо (және ОБЕС) қабылдаған пациенттердің 3,8% - да байқалды. Бұл жағымсыз реакция клиникалық көріністермен қатар жүрмеген. Құбылыс клиникалық көріністермен қатар жүрмеген және сауығумен аяқталды. Деламанидпен+ОБЕС емдеу тобының барлық 12 пациентінде (321-ден) QTcF > 60 мс аралығының артуы тіркелді. Плацебо + ОБЕС тобында мұндай құбылыстың жиілігі 0% құрады. Гипоальбуминемияның болуы QTc аралығының ұзару қаупімен қатар жүрді (4.4-бөлімді қараңыз). QTc аралығын ұзарту деламанидпен ем қауіпсіздігінің негізгі мәселесі болып табылады. Осыған байланысты қарсы көрсетілімдер 4.3 — бөлімде, ал ескертулер-4.4-бөлімде ұсынылған. QTc аралығының ұзаруына ықпал ететін негізгі факторлар гипоальбуминемия (әсіресе 2,8 г / дл кем) және гипокалиемия болып табылады. Сондықтан альбумин, сарысудың электролиттері мен ЭКГ деңгейін өте жиі бақылау ұсынылады.

Жүрек қағуын сезу

Деламанидті тәулігіне 100 мг х 2 рет + ОБЕС қабылдайтын пациенттерде осы құбылыстың жиілігі 8,1% — ды, ал плацебо + ОБЕС қабылдаған пациенттерде-6,3% - ды құрады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді затделаманид 50 мг,

қосымша заттар: гипромеллоза фталаты, повидон, альфа-токоферол, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, кальций кармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, лактоза моногидраты.

Қабықтың құрамы: гипромеллоза, макрогол, титанның қостотығы, тальк, темірдің сары тотығы

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, сәл дөңес, ойығы және бір жағында «DLM» және «50» деген жазуы бар сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан (Alu/Alu) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 8 таблеткадан салады.

Пішінді 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Оцука Фармасьютикал Ко., Лтд,

Жапония

779-0195 Токусима, Итано-гун, Итано-тё,

Мацутани, Сиситоки, Минами, 13

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Р-Фарм» АҚ, Ресей

Мәскеу қ., Берзарин к-сі, 19-үй, 1-корп.Тел.: +7 (495) 956-79-37 +7 (495) 956 79 38 e-mail: info@rpharm.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы «Р-Фарм» АҚ өкілдігі

Қазақстан, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1-үй,

"Нұрлы-Тау" ПФО, 5Б блок, 18-кеңсе

Тел.: +7 727 325 0 100, факс: +7 727 325 0 200,

e-mail: Safety@rpharm.ru

Прикрепленные файлы

Дельтиба_ЛВ.docx 0.07 кб
Дельтиба_ЛВ_КАЗ.docx 0.07 кб
11236_23_p.pdf 2.23 кб
11236_23_s.pdf 5.61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники