Декатилен™

МНН: Деквалиния хлорид, Цинхокаин
Производитель: Acino Pharma AG
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010969
Информация о регистрации в РК: 03.10.2017 - 03.10.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Декатилен™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 0,25 мг деквалиний хлориді

0,03 мг цинхокаин гидрохлориді,

қосымша заттар: сорбитол, тальк, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, жалбыз бұрышы сығындысы, жалбыз бұрышы майы

Сипаттамасы

Ақ, дөңгелек пішінді, беткейі жайпақ, бір бетінде сызығы бар және екінші бетінде өрнекті «D» деген жазуы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Деквалиний хлориді елеусіз мөлшерде сіңіріледі.

Фармакодинамикасы

Декатилен™ вирусқа қарсы, зеңге қарсы, қабынуға қарсы, гемостатикалық әсер етеді. Деквалиний хлориді төмендегі грамтеріс бактерияларға: Salmonella typxi, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus vulgaris, Salmonella typhimurium; грам-оң бактерияларға: Bacillius subtitis, Corynebacteria diphtheriae, Mycobacteria tuberculosis; грам-теріс кокктарға: Neiss. catarrhalis, Neiss. meningitides; грам-оң кокктар: Staphylococcus aureaus, Staphylococcus aureaus penicillin- resistens, Streptococcus laecalis, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus salivarius; зеңдік флораға: Actinomycis, Candida albicans, Trichophyton mentagrvophytes, Trichophyton rubrium, Trichophyton verrucosum, сондай-ақ Spirochaeta Vinccenri қатысты тиімді. Цинхокаин гидрохлориді ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпаларында ауыру сезімдерін әлсірете отырып, әлсіз жергілікті жансыздандыратын әсерге ие.

Декатилен™ таблеткалары жергілікті тітіркенуді немесе аллергиялық реакцияларды туындатпайды. Декатилен™ құрамында қант болмайтындығын ескере отырып, оны қант диабеті бар науқастар қолдануына болады.

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жедел қабыну ауруларында жергілікті емдеуде:

- катаральді баспа және лакунарлы баспада (қосымша дәрі ретінде)

- Симановский-Плаут-Венсан ойық жаралы-үлбірлі баспасында (қосымша дәрі ретінде)

- фарингитте, ларингитте, тонзиллитте

- афтозды- ойық жаралы стоматитте, гингивитте

- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың кандидомикозында (қосымша дәрі ретінде)

- тонзиллоэктомиядан, тіс экстракциясынан кейінгі жай-күйде

- ауыздағы жағымсыз иісті жою үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әрбір 2 сағат сайын 1 таблеткадан, қабыну симптомдары азайғаннан кейін- әрбір 4 сағат сайын 1 таблеткадан. 4 жастан асқан балаларға әрбір 3 сағат сайын 1 таблеткадан, симптомдары азайғаннан кейін - әрбір 6 сағат сайын 1 таблеткадан. Таблеткаларды баяу сору керек, тістеп-кеміруге болмайды. Аурудың жедел кезеңінде ең жоғары тәуліктік доза 10-12 таблетка және содан соң қабыну симптомдары жойылғанға дейін 6 таблеткадан. Емдеу курсы қабыну симптомдары жойылуына байланысты болады және 5 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, бөртпе)

Қолдануға болмайтын жағдайлар - деквалиний хлоридіне, дибукаин гидрохлоридіне немесе немесе препараттың

кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - төртіншілік аммоний негіздеріне белгілі аллергиялық реакциялар

(мысалы, бензалконий хлориді)

- 4 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аниондық детергенттармен үйлестіре қолданғанда бактерияларға қарсы әсері төмендейді (мысалы, тіс пастасымен). Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препараттың 4 жасқа дейінгі балаларда қолданылуы туралы деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген.

Ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы ұрыққа және сәбиге төнетін үлкен қауіптен артық болатын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалануы туралы хабарламалар жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және Aclar (2000) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, +250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Acino Pharma AG, Aesch BL, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы :

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: teva@teva.co.il

 

Прикрепленные файлы

600452601477976945_ru.doc 85.5 кб
226782871477978101_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники