ГриппоФлю® от простуды и гриппа
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ГриппоФлю® суық тию мен тұмаудан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
Құрамы
Бір пакеттің ішінде
белсенді заттар: парацетамол – 0,325 г
фенилэфрин гидрохлориді – 0,010 г
фенирамин малеаты – 0,020 г
аскорбин қышқылы – 0,050 г,
қосымша заттар: сахароза, лимон қышқылы, натрий цитратының дигидраты, «Мүкжидек» хош иістендіргіші, 3-орнын басқан кальций фосфаты, титанның қостотығы (Е172), хинолинді сары бояғыш (Е-104), қышқылды қызыл 2С
Сипаттамасы
Өзіне тән жидек дәмімен, ақ теңбілдері бар ашық қызыл түсті түйіршіктелген ұнтақ. Кристалдардың және жеңіл үгітілетін түйіршіктердің болуына жол беріледі. Ыстық суға еріткен кезде 2 минут ішінде ашық қызыл түсті бозаңданған ерітінді түзіледі.
Фармакотерапиялық тобы
Анальгетиктер - басқа да антипиретиктер. Басқа да препараттармен біріктірілген парацетамол (психотропты препараттарды қоспағанда)
АТЖ коды N02BE51
Фармакологиялық қасиеттері
Біріктірілген препарат.
Парацетамол – есірткілік емес анальгетик, ауыру және ыстықты реттегіш орталығына әсер етеді. Ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсері бар. Бас және бұлшықет ауыруын, қызба құбылысын азайтып, тамақ ауыруын жеңілдетеді.
Фенирамин – Н1-гистаминді рецепторларының бөгегіші, аллергияға қарсы дәрі, ринореяны және жас ағуын төмендетеді, түйілу құбылысын қайтарады.
Фенилэфрин – адреномиметик орташа тамыр тарылтқыш әсерімен, мұрынның бітелуін азайтады және мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдетеді.
Аскорбин қышқылы – тотығу-тоқтықсыздану үдерістерін реттеуге, көмірсу алмасуына, қанның ұюына қатысады, жұқпаларға ағзалардың төзімділігін жоғарылатады, қантамырларының өткізгіштігін азайтады. Парацетамолдың көтерімділігін жақсартып, оның әсерін ұзартады.
Қолданылуы
Жұқпалы-қабыну ауруларында (ЖРВЖ, тұмауда), мыналар:
- жоғары температура
- қалтырау мен қызба
- бас ауыруы
- тұмау, мұрынның бітелуі
- түшкіру және бұлшықеттердің ауыруы қатар жүргенде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішуге. Бір пакет ішіндегісін 1 стақан қайнаған ыстық суға ерітіп; ыстық түрінде ішу керек. Дәміне қарай қант қосуға болады. Қайта қабылданатын дозаны әр 4 сағат сайын ішуге болады, бірақ 24 сағат ішінде препарат 3 дозадан артық болмау керек. Ыстық түсіретін дәрі ретінде қабылдау ұзақтығы – 3 күннен аспау керек.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыма, есекжем, ангионевротикалық ісіну)
- жүрек айнуы, эпигастриядағы ауыру
- анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз
- жоғары қозғыштық, бас айналуы
- артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек қағысы
- ұйықтаудың бұзылуы
- көзішілік қысымның жоғарылауы
- ауыздың кеберсуі
- несептің іркілуі
Үлкен дозада ұзақ уақыт бойы қолданғанда:
- гепатоуыттылық және нефроуыттылық әсерлер (бүйрек коликасы, глю-
козурия, инстерстициальді нефрит, папиллярлы некроз)
- гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- артериялық гипертонияда
- қант диабетінде
- бауырдың, бүйректің, жүректің, қалқанша бездің, өкпенің
(оның ішінде бронхтық демікпе), қуықтың ауыр сипатты ауруларында
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында
- ұйқы безінің ауруында
- қуық асты безі аденомасы кезінде несеп шығарудың қиындауында
- қан жүйесі ауруларында
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназ ферменті тапшылығында
- препараттың жекелеген құрамдастарына жоғары сезімталдықта
- жүктілік және лактация кезеңінде
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Сақтықпен
- туа біткен гипербилирубинемияда (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротор синдромдарында)
-жабық бұрышты глаукомада
- қуық асты безі гиперплазиясында.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Моноаминооксидаза тежегіштерінің, тыныштандырғыш дәрілік заттардың, этанолдың әсерін күшейтеді. Этанол антигистаминдік дәрілік заттардың тыныштандырғыш әсерін күшейтеді.
Антидепрессанттар, паркинсонға қарсы және антипсихотикалық дәрілік заттар, фенотиазиндік туындылар несеп іркілуінің, ауыз кеберсуінің, іш қатуының даму қаупін жоғарылатады.
Глюкокортикостероидтар көзішілік қысымның жоғарылау қаупін арттырады.
Парацетамол урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетіп, тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін жоғарылатады.
Үшциклдік антидепрессанттар симпатомиметикалық әсерді күшейтеді, галотанды бір мезгілде тағайындау қарыншалық аритмияның дамуын жоғарылатады.
Гуанетидиннің гипотензивтік әсерін төмендетеді, ол өз кезегінде фенилэфриннің альфа-адренокөтермелегіш белсенділігін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Емдеу курсын өткеріп жүрген науқастар дәрігердің нұсқауынсыз басқа дәрілік заттарды қолданумен бірге препаратты қолдануға болмайды. Оның ішінде моноаминооксидаза тежегіштерін.
Препаратты қабылдаған кезде спирттік ішімдіктерді, орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілерді (ұйықтататын дәрілерді, транквилизаторларды және т.б.) қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдаған кезде көлікті немесе басқа механизмдерді басқару ұсынылмайды.
Артық дозаланғанда
Симптомдары (парацетамолға қатысты): тері жабындысының бозғылттануы, тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, құсу; гепатонекроз. Уыттылық әсер ересектерде парацетамолды 10-15 г-ден асырып қабылдағаннан кейін болуы мүмкін; «бауыр» трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, протромбин уақытының артуы (қабылдағаннан кейін 12-48 сағат ішінде); 1-6 күннен кейін бауыр зақымдануының анық клиникалық көрінісі пайда болады. Сирек бауыр жеткіліксіздігі қас-қағым сәтте өршіп, бүйрек жеткілксіздігі (тубулярлық некроз) асқынуы мүмкін.
Емдеу: артық дозаланғаннан кейін 8-9 сағат ішінде SH-топ донаторларын және глутатион-метионин синтезінің ізашарларын және N-ацетилцистеинде 12 сағат ішінде енгізу керек. Қосымша емдік шараларын жүргізу қажеттілігі қандағы парацетамол концентрациясына, сондай-ақ оны қабылдағаннан кейінгі өткен уақытқа байланысты анықталады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
13,0 г ұнтақ біріктірілген «Буфлен» материалынан жасалған термодәнекерленген пакетте. 10 пакеттен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген күні өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
„Марбиофарм” ААҚ
Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ-сы, К. Маркс к-сі, 121,
тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
„Марбиофарм” ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
„Марбиофарм” ААҚ
Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ-сы, К. Маркс к-сі, 121,
тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
5