ГорлоИН®

МНН: Бензокаин, Дигидрохлорид хлоргексидина
Производитель: Адифарм ЕАД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chlorhexidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025707
Информация о регистрации в РК: 07.04.2022 - 07.04.2027

Инструкция

Саудалық атауы

ГорлоИН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Соруға арналған таблеткалар 5 мг/1,5 мг

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Хлоргексидин.

АТХ коды: R02A A05

Қолданылуы

ГорлоИН® соруға арналған таблеткалары ауыз қуысының (стоматит, гингивит, афта) және тамақтың (тонзиллит, фарингит, ларингит) қабыну аурулары кезінде микроорганизмдердің санын азайту мақсатында жергілікті қолдануға арналған.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- ауыз қуысы мен тамақтағы жаралар мен ойық жаралары;

- қан плазмасындағы холинэстераза ферментінің деңгейі төмен болған кезде;

  • 6 жасқа дейінгі балаларда.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Мыналарды білу қажет:

ГорлоИН® соруға арналған таблеткалары, ауыз қуысы мен тамақтағы жаралар мен ойық жаралары, сақтықпен және тек дәрігердің бақылауымен қолданылуы керек.

Құрамында хлоргексидин бар дәрілік препараттарды ұзақ уақыт (бір аптадан астам) қолдану тіл мен тістердің қайтымды боялуына келтіру мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен  өзара әрекеттесуі

Егер сіз сульфаниламидтер немесе аминосалицилаттар тобын қабылдаған болсаңыз немесе жақында қабылдаған болсаңыз, дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз. Бензокаин осы дәрілік препараттардың әсерін төмендетеді.

Арнайы ескертулер

Бұл препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.

ГорлоИН® құрамында аспартам қосымша заты бар.

Соруға арналған әрбір таблетканың құрамында 2.24 мг фенилаланинге баламалы мөлшерде аспартам бар. Аспартам фенилаланиннің көзі болып табылады, сондықтан препарат фенилкетонуриясы бар, организмде жиналуына әкелетін фенилаланинінің маңызды аминқышқылымен бұзылулармен байланысты тұқым қуалайтын ауруы бар пациенттерге қолдануға ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бүгінгі күні бұл дәрілік препаратты жүктілік және емшек емізу кезінде қолдануға белгілі қарсы көрсетілімдер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік жүргізу және машиналармен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету туралы деректер жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан балалар:

Күніне бірнеше рет соруға арналған 1 таблеткадан. Қажеттілігі болған жағдайда, күніне ең жоғары доза 8 таблеткаға дейін әр 1-2 сағат сайын 1 таблеткадан соруға болады.

Балалар

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар:

Күніне соруға арналған 4 таблеткаға дейін, бірнеше сағат үзіліспен қабылдансын.

6 жасқа дейінгі балалар:

Бұл жас тобында қолдануға болмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Ауыз қуысының және тамақтың шырышты қабығына арналған.

Соруға арналған таблеткаларды ауыз қуысында толық ерігенше ұстау керек. Жұтуға болмайды!

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Таблетканы қабылдағаннан кейін 30 минут бойы тамақ пен сусын ішпеген жөн. Соңғы таблетканы ұйқтар алдында және тісті тазалағаннан кейін кем дегенде 30 минуттан кейін қабылдаңыз.

Емдеу ұзақтығы

Мүмкіндігінше емдеуді алғашқы симптомдар пайда болған кезде бастаған және олар жойылғаннан кейін 1-2 күн ішінде жалғастырған жөн.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Осы дәрілік препаратты ұсыныстарға сәйкес қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Артық дозалану белгілерінің пайда болуы дәрілердің көп мөлшерін сіңіргенде ғана мүмкін болады.

Бұл жағдайда дәрігеріңізге кеңес алу үшін қаралу керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Егер сіз бір дозаның қабылдын өткізіп алсаңыз, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдаңыз. Егер келесі дозаның уақыты келсе, ұмытылған дозаны өткізіп жіберіп, оны әдеттегідей қабылдаңыз. Ұмытылған дозаның орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдамаңыз. Дәріні осы нұсқаулықта сипатталғандай қабылдауды жалғастырыңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Егер сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Ұзақ уақыт қолданған кезде дәм сезу мен тілдің ашыту сезімі және тілдің қаттылығы өзгеруі мүмкін.

Құрамында хлоргексидин бар дәрілік заттарды ұзақ уақыт (бір аптадан астам) қолдану тістің қайтымды боялуына әкелуі мүмкін, оны тіс пастасымен тазалауға болмайды. Тілдің қайтымды боялуы да мүмкін.

Тітіркенудің жергілікті әсері және байланыс аллергиясы сирек кездеседі. Өте сирек жағдайларда анафилаксиялық шоктан (өмірге қауіпті аллергиялық реакция) жоғары сезімталдықтың жалпы реакциясы мүмкін.

Бензокаинді жас балаларда қолданған кезде қандағы бұзылулар байқалды (метгемоглобинемия – патологиялық гемоглобиннің пайда болуы).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Соруға арналған бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - хлоргексидин дигидрохлориді 5 мг және бензокаин 1,5 мг.

қосымша заттар - изомальт; макрогол 6000; жалбыздың хош иісі (ментол, ментон, бұрышты жалбыздың эфир майы, мальтодекстрин, крахмал мен натрий тұзының эфирі, кәріптас қышқылының октенилі (Е 1450)); аспартам (Е 951); магний стеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік, дөңгелек пішінді, жалбыздың хош иісі бар соруға арналған жалпақ таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан PVC/AL фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 немесе 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 ° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

"АДИФАРМ" ЕАО

"Симеоновско тас жолы" бульв. № 130София 1700, Болгария

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Софарма” АҚ

Илиен тас жолы к-сі 16

1220 София, Болгария

Тел: (359 2) 8177413

факс: (359 2) 974 3759 

E-mail: mail@sopharma.bg

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Софарма Қазақстан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қ., Қазақстан, 050036, «Мамыр 4» ы.а., №190 үй

тел: +7 727 380 01 03

факс: +7 727 381 63 86

e.mail: info@sopharma.kz

Прикрепленные файлы

ГорлоИН__Инструкция_KZ_New_Reg_cl_(2).docx 0.03 кб
ГорлоИН__Инструкция_KZ_New_Reg_каз_-_финал.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники