Виротиномид
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Виротиномид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг/25 мг
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар, біріктірілімдер. Эмтрицитабин және тенофовир алафенамид.
АТХ коды J05AR17
Қолданылуы
- Виротиномид препараты 1 типті адам иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-1) инфекциясын жұқтырған ересектер мен жасөспірімдерді (12 жастан бастап және одан үлкен, дене салмағы 35 кг кем емес), емдеу үшін басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріліп қолданылады.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді компоненттеріне немесе «Құрамы» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесулерін зерттеулер тек ересек пациенттерде жүргізілді.
Препаратты құрамында тенофовир алафенамид, тенофовир дизопроксил, эмтрицитабин, ламивудин немесе адефовир дипивоксил бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындамау керек.
Эмтрицитабин
Дәрілер арасындағы өзара әрекеттесулерді зерттеулер, эмтрицитабиннің басқа дәрілік заттармен CYP түрткі болатын өзара әрекеттесу ықтималдылығы жоғары емес екендігін көрсетті. Эмтрицитабинді белсенді өзекшелік секрециясына байланысты шығарылатын дәрілік заттармен бірге қолдану, эмтрицитабиннің және/немесе параллель енгізілетін дәрілік заттың концентрациясын арттыруы мүмкін. Бүйрек функциясын төмендететін препараттар эмтрицитабиннің концентрациясын арттыруы мүмкін.
Тенофовир алафенамид
Тенофовир алафенамид Р-гликопротеин (P-gp) және кеуде обырына төзімділік ақуызы (BCRP) арқылы тасымалданады. P-gp мен BCRP белсенділігіне ықпалы зор дәрілік препараттар, тенофовир алафенамидтің сіңірілуінің өзгеруіне алып келуі мүмкін. P-gp белсенділігін индукциялайтын дәрілік препараттар (мысалы, рифампицин, рифабутин, карбамазепин, фенобарбитал), тенофовир алафенамидтің сіңуін азайтады, бұл оның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне және препараттың емдік әсерінің жоғалтылуына, сондай-ақ, резистенттіліктің дамуына алып келеді деп шамаланады. Виротиномид препаратын, P-gp пен BCRP белсенділігін тежейтін басқа дәрілік заттармен (мысалы, кобицистат, ритонавир, циклоспорин) бірге қолдану, тенофовир алафенамидтің сіңуі мен плазмадағы концентрациясын арттырады деп шамаланады. Деректерді негізге алсақ, тенофовир алафенамид пен ксантиноксидаза тежегіштерін (мысалы, фебуксостатты) бірге қолдану тенофовирдің жүйелі әсерінің артуына алып келетіні күтілмейді.
Тенофовир алафенамид CYP1A2, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19 немесе CYP2D6 тежегіші емес. Сонымен қатар ол CYP3A тежегіші немесе индукторы болып табылмайды. Тенофовир алафенамид OATP1B1 мен OATP1B3 субстраты болып табылады. Тенофовир алафенамидтің организмде таралуына OATP1B1 мен OATP1B3 белсенділігі ықпал етуі мүмкін.
Басқа өзара әрекеттесулері
Тенофовир алафенамид уридиндифосфатглюкуронозилтрансферазаның (UGT) 1A1 тежегіші емес. Тенофовир алафенамид UGT басқа ферменттерінің тежегіші болып табылатын-табылмайтындығы белгісіз. Эмтрицитабин UGT спецификалық емес субстратының глюкурондану реакциясын тежемеген.
Препарат компоненттері мен бірге енгізілуі ықтимал дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесулер 1 кестеде атап келтірілген (жоғарылауы «↑», азаюы «↓», өзгерістерсіз болса «» деп белгіленеді). Сипатталған өзара әрекеттестіктер эмтрицитабинмен/тенофовир алафенамидпен немесе препараттың жекелеген агенттер және/немесе біріктірілімдері түріндегі компоненттерімен жүргізілген зерттеулерге негізделген, немесе препаратпен туындауы ықтимал өзара дәрілік әрекеттесулер болып табылады.
1 кесте: Жекелеген тенофовир алафенамид және эмтрицитабин компоненттері мен басқа дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесу
Емдеу салалары бойынша дәрілік препарат |
Дәрілік заттың деңгейлеріне ықпалы. AUC, Cmax, Cmin орташа пайыздық өзгерісі |
Виротиномид препаратымен бірге қолданылуы бойынша ұсыным |
Инфекцияға қарсы препарат |
||
Зеңге қарсы препарат |
||
Кетоконазол Итраконазол |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид компоненттерінің бірде-біреуімен өзара әрекеттестігі зерттелмеді. P-gp күшті тежегіштері болып табылатын кетоконазолды немесе итраконазолды бір мезгілде қабылдау, тенофовир алафенамидінің плазмалық концентрацияларын арттырады деп күтіледі. |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет 200/10 мг. |
Флуконазол Исавуконазол |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид компоненттерінің бірде-біреуімен өзара әрекеттестігі зерттелмеді. Флуконазолды немесе изавуконазолды бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы тенофовир алафенамид концентрациясын арттыруы мүмкін. |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің дозасы қатарлас антиретровирустық емге тәуелді. |
Микобактерияға қарсы препараттар |
||
Рифабутин Рифампицин Рифапентин |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид компоненттерінің бірде-біреуімен өзара әрекеттестігі зерттелмеді. P-gp индукторлары болып табылатын рифампицинді, рифабутинді және рифапентинді бірге енгізу, тенофовир алафенамидтің плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін, ол емдік әсерінің жоғалтылуына және резистенттіліктің дамуына алып келуі ықтимал. |
Эмтрицитабин және тенофовир алафенамидті рифабутинмен, рифампицинмен немесе рифапентинмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
С гепатиті вирусына қарсы дәрілік заттар |
||
Ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)/софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг), эмтрицитабин (тәулігіне бір рет 200 мг)/тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 10 мг) |
Ледипасвир: AUC: ↑ 79% Cmax: ↑ 65% Cmin: ↑ 93% Софосбувир: AUC: ↑ 47% Cmax: ↑ 29% Софосбувирдің метаболиті GS-331007: AUC: ↑ 48% Cmax: ↔ Cmin: ↑ 66% Эмтрицитабин: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ Тенофовир алафенамид: AUC: ↔ Cmax: ↔ |
Ледипасвирдің немесе софосбувирдің дозасын түзету қажет емес. Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің дозасы қатарлас антиретровирустық емге тәуелді. |
Ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)/софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг), эмтрицитабин (тәулігіне бір рет 200 мг)/тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 25 мг) |
Ледипасвир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ Софосбувир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Софосбувирдің метаболиті GS-331007: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ Эмтрицитабин: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ Тенофовир алафенамид: AUC: ↑ 32% Cmax: ↔ |
Ледипасвирдің немесе софосбувирдің дозасын түзету қажет емес. Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің дозасы қатарлас антиретровирустық емге тәуелді. |
Софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг)/велпатасвир (тәулігіне бір рет 100 мг), эмтрицитабин (тәулігіне бір рет 200 мг)/тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 10 мг) |
Софосбувир: AUC: ↑ 37% Cmax: ↔ Софосбувирдің метаболиті GS-331007: AUC: ↑ 48% Cmax: ↔ Cmin: ↑ 58% Велпатасвир: AUC: ↑ 50% Cmax: ↑ 30% Cmin: ↑ 60% Эмтрицитабин: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ Тенофовир алафенамид: AUC: ↔ Cmax: ↓ 20% |
Софосбувирдің, велпатасвирдің немесе воксилапревирдің дозасын түзету қажет емес. Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің дозасы қатарлас антиретровирустық емге тәуелді. |
Софосбувир/велпатасвир/ воксилапревир (тәулігіне бір рет 400 мг/100 мг/100 мг + 100 мг)/ эмтрицитабин (тәулігіне бір рет 200 мг)/ тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 10 мг) |
Софосбувир: AUC: ↔ Cmax: ↑ 27% Софосбувирдің метаболиті GS-331007: AUC: ↑ 43% Cmax: ↔ Велпатасвир: AUC: ↔ Cmin: ↑ 46% Cmax: ↔ Воксилапревир: AUC: ↑ 171% Cmin: ↑ 350% Cmax: ↑ 92% Эмтрицитабин: AUC: ↔ Cmin: ↔ Cmax: ↔ Тенофовир алафенамид: AUC: ↔ Cmax: ↓ 21% |
|
Софосбувир/велпатасвир /воксилапревир (тәулігіне бір рет 400 мг/ 100 мг/100 мг + 100 мг)/ эмтрицитабин (тәулігіне бір рет 200 мг)/ тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 25 мг) |
Софосбувир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Софосбувирдің метаболиті GS-331007: AUC: ↔ Cmin: ↔ Велпатасвир: AUC: ↔ Cmin: ↔ Cmax: ↔ Воксилапревир: AUC: ↔ Cmin: ↔ Cmax: ↔ Эмтрицитабин: AUC: ↔ Cmin: ↔ Cmax: ↔ Тенофовир алафенамид: AUC: ↑ 52% Cmax: ↑ 32% |
Софосбувирдің, велпатасвирдің немесе воксилапревирдің дозасын түзету қажет емес. Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің дозасы қатарлас антиретровирустық емге тәуелді. |
Антиретровирустар |
||
АИТВ протеазасы тежегіштері |
||
Атазанавир/кобицистат (300 мг/150 мг тәулігіне бір рет), тенофовир алафенамид (10 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↑ 75% Cmax: ↑ 80% Атазанавир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/10 мг құрайды. |
Атазанавир/ритонавир (300/100 мг тәулігіне бір рет), тенофовир алафенамид (10 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↑ 91% Cmax: ↑ 77% Атазанавир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/10 мг құрайды. |
Дарунавир/кобицистат (800/150 мг тәулігіне бір рет), тенофовир алафенамид (25 мг тәулігіне бір рет) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↔ Cmax: ↔ Тенофовир: AUC: ↑ 224% Cmax: ↑ 216% Cmin: ↑ 221% Дарунавир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/10 мг құрайды. |
Дарунавир/ритонавир (тәулігіне бір рет 800/100 мг), тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 10 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↔ Cmax: ↔ Тенофовир: AUC: ↑ 105% Cmax: ↑ 142% Дарунавир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/10 мг құрайды. |
Лопинавир/ритонавир (тәулігіне бір рет 800/200 мг), тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 10 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↑ 47% Cmax: ↑ 119% Лопинавир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/10 мг құрайды. |
Типранавир/ритонавир |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид компоненттерінің бірде-біреуімен өзара әрекеттесуі зерттелмеді. Типранавир/ритонавир P-gp индукциясын туғызады. Типранавир/ритонавирді эмтрицитабинмен және тенофовир алафенамидпен біріктіріп пайдаланғанда тенофовир алафенамидтің әсері азаяды деп шамаланады. |
Эмтрицитабинмен және тенофовир алафенамидпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
Протеазалардың басқа тежегіштері |
Әсері белгісіз. |
Протеазаның басқа тежегіштерімен бірге қолданғанда дозалануы жөнінде ұсынымдар беру үшін қолжетімді деректер жоқ. |
АИТВ-ға қарсы басқа антиретровирустық препараттар |
||
Долутегравир (тәулігіне бір рет 50 мг), тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 10 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↔ Cmax: ↔ Долутегравир: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/25 мг құрайды. |
Рилпивирин (тәулігіне бір рет 25 мг), тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 25 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↔ Cmax: ↔ Рилпивирин: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↔ |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/25 мг құрайды. |
Эфавиренц (тәулігіне бір рет 600 мг), тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 40 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↓ 14% Cmax: ↓ 22% |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/25 мг құрайды. |
Маравирок Невирапин Ралтегравир |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид компоненттерінің бірде-біреуімен өзара әрекеттестігі зерттелмеді. Тенофовир алафенамидтің әсері маравирокқа, невирапинге немесе ралтегравирге тәуелді болмайды деп күтіледі, сондай-ақ, оның маравирокпен, невирапинмен немесе ралтегравирмен байланысты метаболизм жолдары мен шығарылу жолдарына әсер ететіні күтілмейді. |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/25 мг құрайды. |
Құрысуға қарсы препараттар |
||
Окскарбазепин Фенобарбитал Фенитоин |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид компоненттерінің бірде-біреуімен өзара әрекеттестігі зерттелмеді. P-gp индукторлары болып табылатын окскарбазепинді, фенобарбиталды немесе фенитоинді бір мезгілде қолдану тенофовир алафенамидтің плазмалық концентрацияларын төмендетуі мүмкін, ол емдік әсерінің жоғалтылуына және резистенттілік дамуына алып келуі ықтимал. |
Эмтрицитабин және тенофовир алафенамид пен окскарбазепинді, фенобарбиталды немесе фенитоинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
Карбамазепин (күніне екі рет 100 мг-ден 300 мг дейін титрленген), эмтрицитабин/ тенофовир алафенамид (күніне бір рет 200 мг / 25 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↓ 55% Cmax: ↓ 57% P-gp индукторы карбамазепинді бірге тағайындау тенофовир алафенамидтің плазмалық концентрацияларын төмендетеді, ол емдік әсерінің жоғалтылуына және резистенттіліктің дамуына алып келуі мүмкін. |
Эмтрицитабин және тенофовир алафенамидті карбамазепинмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
Антидепрессанттар |
||
Сертралин (тәулігіне бір рет 50 мг), тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 10 мг) |
Тенофовир алафенамид: AUC: ↔ Cmax: ↔ Сертралин: AUC: ↑ 9% Cmax: ↑ 14% |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің дозасы қатарлас антиретровирустық емге тәуелді. |
Өсімдіктен алынған препараттар |
||
Шайқурай (Hypericum perforatum) |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид компоненттерінің бірде-біреуімен өзара әрекеттестігі зерттелмеді. P-gp индукторы шайқурайды бірге қолдану тенофовир алафенамидтің плазмалық концентрацияларын төмендетуі мүмкін, ол емдік әсерінің жоғалтылуына және резистенттілік дамуына алып келуі ықтимал. |
Эмтрицитабин және тенофовир алафенамид пен шайқурайды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
Иммуносупрессанттар |
||
Циклоспорин |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид компоненттерінің бірде-біреуімен өзара әрекеттестігі зерттелмеді. P-gp күшті тежегіші циклоспоринді бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы тенофовир алафенамид концентрациясының жоғарылауына алып келеді деп күтіледі. |
Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 200/10 мг құрайды. |
Оральді контрацептивтер |
||
Норгестимат (тәулігіне бір рет 0,180/ 0,215/0,250 мг), этинилэстрадиол (тәулігіне бір рет 0,025 мг), эмтрицитабин/ тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 200/25 мг) |
Норелгестромин: AUC: ↔ Cmin: ↔ Cmax: ↔ Норгестрел: AUC: ↔ Cmin: ↔ Cmax: ↔ Этинилэстрадиол: AUC: ↔ Cmin: ↔ Cmax: ↔ |
Норгестиматтың/ этинилэстрадиолдың дозасын түзету қажет емес. Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің дозасы қатарлас антиретровирустық емге тәуелді. |
Тыныштандыратын/ұйықтататын дәрілер |
||
Пероральді енгізілетін мидазолам (бір рет 2,5 мг), тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 25 мг) |
Мидазолам: AUC: ↔ Cmax: ↔ |
Мидазоламның дозасын түзету қажет емес. Эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің дозасы қатарлас антиретровирустық емге тәуелді. |
Вена ішіне мидазолам (бір реттік 1 мг дозасы), тенофовир алафенамид (тәулігіне бір рет 25 мг) енгізіледі |
Мидазолам: AUC: ↔ Cmax: ↔ |
Арнайы ескертулер
Антиретровирустық емнің көмегімен вирустың тиімді бәсеңдетілуі жыныстық жолмен берілуі қаупін айтарлықтай төмендететініне дәлелдер бар болғанымен, қалдықтық қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бекітілген ережелерге сәйкес, берілуінің алдын алу шараларын қабылдау керек.
АИТВ В немесе C гепатиті вирусымен коинфекциясы бар пациенттер
Созылмалы В немесе C гепатиті бар, антиретровирустық ем қабылдап жүрген пациенттер, бауыр тарапынан ауыр және өлімге соқтыруы ықтимал жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарылауына ұшырайды.
АИТВ-1 және С гепатиті вирусымен коинфекцияланған пациенттерде эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Тенофовир алафенамид В гепатиті вирусына (HBV) қарсы белсенді. АИТВ және В вирустық гепатиті коинфекциясымен пациенттерде эмтрицитабинмен және тенофовир алафенамидпен емдеудің үзілуі гепатиттің ауыр өршулеріне алып келуі мүмкін. АИТВ және В вирустық гепатитімен коинфекциясы бар пациенттер препаратты тоқтатқаннан кейін емдеу тоқтатылғаннан кейін ұзақ уақыт бойы клиникалық және зертханалық жағдайларда мұқият қадағалауда болуы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың елеулі қатарлас аурулары бар пациенттерде эмтрицитабин мен тенофовир алафенамидтің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Осының алдында созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауыр дисфункциясы болған пациенттерде, біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) кезінде бауыр функциясы бұзылуларының жиілігі жоғары және стандартты тәжірибеге сәйкес қадағалауда болуы тиіс. Егер аталған субъектілерде бауыр ауруының өршу белгілері бар болса, емді үзе тұру немесе тоқтату мәселесін қарастыру керек.
Салмақ және метаболизм параметрлері
Антиретровирустық ем кезеңінде салмақ, липидтер деңгейі мен қандағы глюкозаның артқаны байқалуы мүмкін. Мұндай өзгерістер ішінара, аурудың емімен және өмір салтымен байланысты болуы мүмкін. Липидтер үшін кей жағдайларда емдік әсерінің дәлелдері бар, ал салмақ жоғарылауы үшін қандай-да бір нақты еммен байланысты сенімді дәлелдер жоқ. Липидтер мен қандағы глюкозаны мониторингілеу үшін АИТВ-инфекциясының емі жөніндегі бекітілген нұсқауларды басшылыққа алу керек. Липидтер деңгейінің бұзылуы кезінде емдеуді клиникалық тәжірибеге сәйкес жүргізу қажет.
Ана құрсағында жатқандағы әсерінен кейінгі митохондрия дисфункциясы
Нуклеоз(т)идтер аналогтары митохондриялар функциясына түрлі дәрежеде ықпал етуі мүмкін, ол ставудинді, диданозинді және зидовудинді қолданғанда анағұрлым айқын. АИТВ-теріс, нуклеозидтер аналогтарының құрсақішілік және/немесе постнатальді әсеріне ұшыраған сәбилерде митохондриялар дисфункциясы туралы хабарланды; негізінен олар, зидовудинді қамтитын кестелермен емдеуге қатысты болды. Негізгі жағымсыз реакциялар гематологиялық бұзылулар (анемия, нейтропения) және метаболизм бұзылулары (гиперлактатемия, гиперлипаземия) болып табылады. Ол оқиғалар көбінесе қайтымды сипатта болды. Сирек жағдайларда, кейіннен білінген неврологиялық бұзылыстар (гипертония, құрысулар, аномальді мінез-құлық) туралы хабарланды. Қазіргі кезде, ондай неврологиялық бұзылыстар уақытша немесе тұрақты сипатқа ие екендігі белгісіз. Бұл деректерді нуклеоз(т)идтер аналогтарының құрсақішілік әсеріне ұшыраған, шығу тегі белгісіз ауыр, әсіресе, неврологиялық клиникалық көріністері болған кез келген бала үшін ескеру керек. Аталған нәтижелер антиретровирустық емнің жүкті әйелдерде АИТВ тікелей берілуінің алдын алу үшін пайдаланылуы жөніндегі ағымдағы ұлттық ұсынымдарға ықпалын тигізбейді.
Иммундық реактивация синдромы
БАРЕ жүргізіліп жатқан сәтте ауыр иммунтапшылығымен АИТВ инфекциясы бар пациенттерде симптомсыз немесе қалдықтық шартты-патогенді микроорганизмдерге қабыну реакциясы туындауы мүмкін, олар ауыр клиникалық жағдайларды немесе симптомдарының өршуін туындатуы мүмкін. Әдетте, ондай реакциялар БАРЕ басталғаннан кейінгі алғашқы бірнеше апта немесе ай ішінде байқалды. Тиісінше мысалдары цитомегаловирустық ретинитті, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялқ инфекцияларды және Pneumocystis jirovecii туғызған пневмонияны қамтиды. Кез келген қабыну симптомдарын бағалап отыру және қажет болған жағдайда, ем тағайындау керек.
Сонымен қатар, иммундық реактивация жағдайларында туындайтын аутоиммундық бұзылыстар (Грейвс ауруы және аутоиммундық гепатит сияқты) туралы да хабарланды; алайда, емдеу басталғанға дейінгі хабарланған уақыт едәуір ауытқымалы, және аталған оқиғалар емдеу басталғаннан кейін біраз уақыттан соң орын алуы мүмкін.
АИТВ-1 мутациялары бар пациенттер
Препаратты АИТВ-1 бар, антиретровирустық ем қабылдауда тәжірибесі бар және K65R мутациясы бар пациенттерге тағайындамау керек.
Үштік нуклеозидтік ем
Тенофовир дизопроксил ламивудинмен және абакавирмен, сондай-ақ, ламивудинмен және диданозинмен күніне бір реттік кесте бойынша біріктірілген кезде, вирусологиялық сәтсіздік жиілігінің жоғарылағаны және бастапқы сатыда резистенттіліктің пайда болғаны туралы хабарланды. Сәйкесінше, егер Виротиномид препараты нуклеозидтің үшінші аналогымен енгізілсе, осыған ұқсас қиындықтар туындауы мүмкін.
Оппортунистік инфекциялар
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамидті немесе кез келген басқа антиретровирустық емді қабылдап жүрген пациенттерде, оппортунистік инфекциялар және АИТВ-инфекциясының басқа асқынулары дамуын жалғастыра беруі мүмкін, және сәйкесінше, АИТВ-мен астасқан аурулары бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлердің мұқият клиникалық қадағалауында қалуы тиіс.
Остеонекроз
Этиологиясы көп факторлы (кортикостероидтардың пайдаланылуын, алкоголь қолдануды, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағы индексінің жоғарырақ болуын қоса) болып есептлгенімен, остеонекроз жағдайлары, әсіресе, АИТВ өршу сатысындағы және/немесе БАРЕ ұзақ әсер еткен пациенттерде тіркелді. Буындары ауырса, буындарында қатаю немесе қимыл-қозғалыс кезінде қиындықтар болса, пациенттер дәрігерге жүгінуі қажет.
Нефроуыттылық
Тенофовир алафенамидінің дозасына байланысты, тенофовирдің төмен деңгейлерінің ұзаққа созылған әсерінің нәтижесіндегі нефроуыттылық қаупінің ықтималдылығын жоққа шығаруға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар, ұзаққа созылатын гемодиализдегі пациенттер
Виротиномид препаратын қабылдамаған дұрыс, алайда, егер артықшылықтары ықтимал қауіптерінен асып түсетін болса, оны бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар (есептеп шығарылған КК <15 мл/мин) ұзаққа созылатын гемодиализдегі ересектерде қолдануға болады. Қауіпсіздігіне ықпал еткен жаңа жағдайлар анықталмаса да, эмтрицитабиннің әсері жоғарылауының салдарлары белгісіз күйінде қалып отыр.
Басқа дәрілік заттармен бірге қолдану
Тенофовир алафенамид пен эмтрицитабинді құрысуға қарсы кейбір препараттармен (мысалы, карбамазепинмен, окскарбазепинмен, фенобарбиталмен және фенитоинмен), микобактерияға қарсы дәрілермен (мысалы, рифампицинмен, рифабутинмен, рифапентинмен), шайқураймен және атазанавир, лопинавир және дарунавирден басқа АИТВ протеазасы тежегіштерімен (ПТ) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Виротиномид препаратын құрамында тенофовир алафенамид, тенофовир дизопроксил, эмтрицитабин, ламивудин немесе адефовир дипивоксил бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындамау керек.
Қосымша заттар
Бұл препараттың құрамында бір таблеткасында 28 мг натрий бар. Бұл мөлшері өте аз болғандықтан, препаратты «натрийсіз» деп есептеуге болады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Эмтрицитабиннің/тенофовир алафенамидтің немесе оның компоненттерінің жүкті әйелдерге әсері жөнінде деректер жоқ. Тенофовир алафенамидтің жүкті әйелдерде пайдаланылғаны жөнінде деректер жоқ немесе шектеулі. Дегенмен, жүкті әйелдер туралы деректердің көпшілігі даму ақауларының немесе шарана/жаңа туған нәресте үшін эмтрицитабинмен байланысты уыттылығының жоқтығын көрсетіп отыр.
Клиникаға дейінгі зерттеулер эмтрицитабиннің фертильділік параметрлеріне, жүктілікке, құрсақішілік дамуға, босануға немесе туғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама уытты әсерін көрсетпеді. Тенофовир алафенамидті зерттеулерден фертильділік параметрлеріне, жүктілікке немесе шарананың дамуына уытты әсер ететініне дәлелдер анықталмады.
Виротиномид препаратын жүктілік кезінде тек, егер артықшылықтары шарана үшін ықтимал қауіптерінен асып түсетін болса ғана пайдалану керек.
Тенофовир алафенамитің емшек сүтімен бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз. Эмтрицитабин емшек сүтімен бөлініп шығады.
Эмтрицитабин мен тенофовирдің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге әсері туралы деректер жеткіліксіз. Сәйкесінше, Виротиномид препаратын бала емізу кезінде қолданбаған дұрыс.
АИТВ инфекциясының жаңа туған нәресеге берілуін болдырмау үшін, АИТВ инфекциясы бар әйелдерге бала емізбеу ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Виротиномид препараты көлік құралын басқару қабілетіне болар-болмас ықпал етуі мүмкін. Пациенттерді эмтрицитабинмен/тенофовир алафенамидпен емдеу кезінде бас айналуы туындаған жағдайлар туралы хабардар ету керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Емдеуді АИТВ-инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бастауы тиіс.
Дозалануы
Препаратты 2 кестеде көрсетілгендей қолдану керек.
2 кесте: АИТВ емдеу кестесіндегі үшінші компонентіне байланысты дозалануы
Виротиномид препаратының дозасы |
АИТВ емдеу кестесіндегі үшінші компонент |
Эмтрицитабин/тенофовир алафенамид 200/10 мг тәулігіне бір рет |
Ритонавир немесе кобицистат қосылған атазанавир Ритонавир немесе кобицистат қосылған дарунавир1 Ритонавир қосылған лопинавир |
Виротиномид 200/25 мг тәулігіне екі рет |
Долутегравир, эфавиренц, маравирок, невирапин, рилпивирин, ралтегравир |
1дозасы бекітілген біріктірілген таблетка түрінде енгізілетін, 800 мг дарунавирмен және 150 мг кобицистатпен біріктірілген 200/10 мг эмтрицитабин + тенофовир алафенамиді бұрын ем қабылдамаған субъектілерде зерттелді.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Есептеп шығарылған креатинин клиренсі (КК) ≥ 30 мл/минут ересектер немесе жасөспірімдер (12 жастан асқан және дене салмағы 35 кг кем емес) үшін препараттың дозасын түзету қажет емес. Емделу кезінде есептеп шығарылған 30 мл/минуттан төмендей берген КК пациенттерде препаратты қабылдауды тоқтату керек. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар (есептеп шығарылған КК <15 мл/мин), ұзаққа созылатын гемодиализ жүргізілетін ересектерде препараттың дозасын түзету қажет емес; дегенмен, егер тек ықтимал артықшылықтары қауіптерінен асып түспесе, препаратты қабылдамау керек. Гемодиализ жүргізілетін күндері препаратты гемодиализбен емдеу аяқталғаннан кейін енгізу керек.
Болжамды КК ≥ 15 мл/минут және <30 мл/минут немесе <15 мл/минут, ұзаққа созылатын гемодиализдегі пациенттерде препаратты қабылдамау керек, өйткені, адамдардың аталған топтарында препараттың қауіпсіздігі анықталмаған.
18 жасқа толмаған, бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар балаларда дозалануы жөнінде деректер жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препараттың дозасын түзету қажет емес.
Балалар
12 жасқа толмаған немесе дене салмағы <35 кг балаларда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректер анықталмаған. Деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты тәулігіне бір рет, ас ішу кезінде немесе ас ішпей пероральді қабылдау керек. Ащы дәмі бар болғандықтан, үлбірлі қабығы бар таблетканы шайнауға, ұсақтауға немесе сындыруға болмайды.
Таблетканы тұтастай жұта алмайтын пациенттер үшін таблетканы теңдей бөлуге және екеуін де бірінен соң бірін қабылдауға, сол арқылы толық дозасының қабылдануын қамтамасыз етуге болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозаланған жағдайда пациент уыттылық белгілерінің бар-жоқтығына қатысты қадағалауда болуы тиіс. Виротиномид препаратымен артық дозалануды емдеу өмірлік маңызы бар көрсеткіштерді мониторингілеуді қамтитын жалпы демеуші шаралардан, сондай-ақ, пациенттің клиникалық жай-күйін қадағалаудан тұрады.
Эмтрицитабинді гемодиализдің көмегімен шығаруға болады, ол эмтрицитабин дозасының шамамен 30%-ын эмтрицитабинді қабылдағаннан кейін 1,5 сағат ішінде басталған 3 сағаттық диализ кезеңі ішінде шығарады. Тенофовир гемодиализдің көмегімен, шамамен 54% шығарылу коэффициентімен тиімді шығарылады. Эмтрицитабин немесе тенофовирді перитонеальді диализдің көмегімен шығаруға болатын-болмайтындығы белгісіз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Дозасын өткізіп алған жағдайда, пациент әдеттегі қабылдаудан кейін 18 сағат ішінде, препаратты барынша тезірек қабылдауы және дозалануының қалыпты кестесін қайта бастауы керек. Препаратты қабылдау кестесі 18 сағаттан артық аралықпен бұзылған жағдайда, пациент өткізіп алған дозасын қабылдамауы керек және әдеттегі дозалану режимін қайта бастауы қажет.
Пациентте препаратты қабылдағаннан кейін 1 сағат ішінде құсу туындаған жағдайда, қосымша бір таблеткасын қабылдау қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңесіне жүгіну ұсынылады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиіліктері келесі ретпен анықталған: өте жиі (≥ 1/10), часто (≥1/100 - < 1/10), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
- жүрек айнуы
Жиі
- аномальді түс көру
- бас ауыруы, бас айналуы
- диарея, құсу, абдоминальді ауыру, метеоризм
- бөртпе
- шаршау
Жиі емес
- анемия
- диспепсия
- ангионевроздық ісіну, есекжем
- буындардың ауыруы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: эмтрицитабин - 200.000 мг,
28.045 мг тенофовир алафенамид фумараты
25.000 мг тенофовир алафенамидке баламалы;
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Farmacel 102), натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol), магний стеараты (Ligamed MF-2-V),
үлбірлі қабығы: опадрай II ақ 85F580019: ішінара гидролизденген поливинил спирті (Е 1203), тальк (Е 533b), макрогол/полиэтиленгликоль (Е 1521), титанның қостотығы (Е 171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «L12» бедері бар және екінші жағы тегіс таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға 30 немесе 90 таблеткадан салынған. Құтының ішінде ылғал сіңіргіш силикагель болады.
Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба мен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулық жапсырылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны алғаш ашқаннан кейін 30С-ден аспайтын температурада 3 айдан асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Laurus Labs Limited,
(Unit-II), Plot No. 19, 20 & 21, Western Sector, APSEZ,
Atchutapuram Mandal, Visakhapatnam District–531011,
Andhra Pradesh, Үндістан.
Тел. +914039804333/23420500/501,
электронды пошта info@lauruslabs.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Laurus Labs Limited,
(Unit-II), Plot No. 19, 20 & 21, Western Sector, APSEZ,
Atchutapuram Mandal, Visakhapatnam District–531011,
Andhra Pradesh, Үндістан.
Тел. +914039804333/23420500/501,
электронды пошта info@lauruslabs.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Rogers Pharma» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., Мирас ықшамауданы, 157, 819 т.е. Тел. (727) 311-81-96/97, электронды пошта: office.secretary@rogersgroup.in
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Канумуру И.Г. ЖК, Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., Мирас ықшамауданы, 157, 2 блок, 819 т.е. Тел. (727) 311-81-96/97, ұялы тел. +77479911904, электронды пошта: irina.volovnikova@gmail.com.