Вирол

МНН: Абакавир
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Abacavir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005491
Информация о регистрации в РК: 14.08.2017 - 14.08.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 379.68 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Вирол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Абакавир

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 300 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 351.39 мг абакавир сульфаты (300 мг сусыз абакавирге баламалы)

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликолаты (А типі)

қабығы: опадрай 03В52874 сары (гипромеллоза, титанның қостотығы Е171, макрогол/PEG-400, темірдің (ІІІ) сары тотығы Е172, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы Е 172).

Сипаттамасы

Капсула тәріздес пішінді, екі беті дөңес, бір жағында ойып түсірген «RА 72» таңбасы бар, екінші беті тегіс, шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер - кері транскриптаза тежегіштері. Абакавир

АТХ коды J05АҒ06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Абакавирдің фармакокинетикалық қасиеттері тәулігіне 300-1200 мг шектерде дозаға байланысты болған жоқ.

Абакавир ішу арқылы қабылдағаннан кейін жылдам және белсенді түрде сіңеді. Таблетканың орташа геометриялық абсолютті биожетімділік мәні 83% құрайды. Тәулігіне екі рет ішу арқылы 300 мг қабылдағаннан кейін сарысудағы абакавир концентрациясының (Сmax) орныққан мәні 3.0±0.89 мкг/мл (орташа мәні ± SD) және AUC (0-12 сағат) 6.02±1.73 мкг.сағ./мл құрады. Абакавирдің бір реттік 600 мг дозасын ішу арқылы қабылдағаннан кейін Cmax 4.26±1.19 мкг/мл (орташа мәні ± SD) және AUC∞ 11.95±2.51 мкг.сағ./мл құрады.

Таблеткалар түріндегі абакавирдің биожетімділігі аш қарынға және тамақтанудан соң қабылдаған кезде бағаланды. Тамақпен және аш қарынға қабылдаулар кезіндегі жүйелі әсер етулерінде (AUC∞) елеулі айырмашылық байқалған жоқ. Сондықтан, абакавирді ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Абакавирдің жалпы әсер етуі абакавирдің ішуге арналған ерітіндісін және таблеткалар түріндегі абакавирді енгізгеннен кейінгімен салыстырмалы болды.

Абакавирдің қан плазмасы протеиндерімен байланысуы шамамен 50% құрайды. Абакавирдің плазма протеиндерімен байланысуы концентрацияға тәуелденген жоқ. Препаратпен байланысты радиобелсенділіктің қандағы және плазмадағы жалпы концентрациялары ұқсас, ол абакавирдің эритроциттерде толық ыдырайтынын көріністейді.

Абакавир елеулі дәрежеде P450 цитохромы арқылы метаболизденбейді. Абакавирдің алғашқы шығарылу жолдары – алкогольдегидрогеназа (5′-карбон қышқылының түзілуі үшін) және глюкуронилтрансфераза (5′-глюкуронидтің түзілуі үшін) арқылы метаболизм. Метаболиттердің вирусқа қарсы белсенділігі жоқ. Іn vitro сынақтары абакавирдің CYP3A4, CYP2D6 немесе CYP2C9 белсенділігін клиникалық мәні бар концентрацияларда тежемейтінін көріністейді.

Абакавирдің шығарылуы 14C-абакавирдің 600 мг дозасын енгізгеннен кейін жаппай теңгерілген зерттеулерде есептелген: 99% радиобелсенділігі қалпына келген, 1.2% несеппен абакавир түрінде, 30% 5′-карбон қышқылының метаболиті түрінде, 36% 5′-глюкуронид метаболиті түрінде және 15% несепте танылмаған екінші дәрежелі метаболиттер түрінде шығарылған. Нәжістерде шығарылуы дозаның 16%-ын құрады.

Бір реттік дозаның зерттеулерінде бақыланған жартылай шығарылу кезеңі (t1/2) 1.54±0.63 сағат құрады. Көктамыр ішіне енгізілгеннен кейін жалпы клиренсі 0.80±0.24 л/сағ./кг (орташа мәні ± SD) құрады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл дәрежедегі емделушілер үшін күніне екі рет қабылданатын 200 мг доза ұсынылады. Абакавирдің қауіпсіздігі, тиімділігі және фармакокинетикасы орташа және өте айқын бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде зерттелмеген, сондықтан, абакавир мұндай емделушілерге қарсы көрсетілімді.

Балалар

Абакавир фармакокинетикасы балаларда абакавирдің бір реттік және қайталамалы дозаларын қабылдағаннан кейін зерттелді. Абакавирдің күніне екі рет 8 мг/кг бірнеше дозаларын қабылдау нәтижелері бойынша, стационарлық AUC (0-12 сағ.) және Cmax, тиісінше, 9.8 ± 4.56 мкг.сағ./мл және 3.71 ± 1.36 мкг/мл (орташа мәні ± SD) құрады.

Егде жастағылар 65 жастан асқан емделушілерде абакавир фармакокинетикасы зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Вирол - вирусқа қарсы дәрі, нуклеозидтің карбоциклды синтетикалық аналогы болып табылады. Абакавир жасушалық энзимдермен дезоксигуанозин-5′-трифосфат (дГТФ) аналогы саналатын белсенді метаболит - карбовир трифосфатқа (CBV-TP) айналады. CBV-TP табиғи дГТФ субстратымен бәсекелесе, АИВ-1 кері транскриптазасының (RT) белсенділігін тежейді және оны вирустық ДНҚ құрылымына қосады. Нуклеозидтің құрылымды аналогында 3′-OH тобының жоғалуы ДНҚ тізбегінің элонгоциясы үшін қажетті енгізілген 5′ және 3′ фосфодиэфир байланыстарының қалыптасуын болдырмайды, осылайша вирустық ДНҚ өсуі тоқтатылады. CBV-TP жасушалық α, β және γ ДНҚ-полимеразаларының әлсіз тежегіші болып табылады.

Вирусқа қарсы белсенділігі

Абакавирдің АИВ-1-ге қарсы вирусқа қарсы белсенділігі лимфобластты жасушалық желілердегі HIV-1IIIB тропикалық зертханалық штаммының T-лимфоциттеріне, алғашқы моноциттер/макрофагтардағы HIV-1BaL тропикалық зертханалық штаммының моноциттер/макрофагтарына және шеткергі қан мононуклеарларындағы клиникалық штаммдарға қатысты АИВ-1 жұқпасына қарсы сыналған.

Вирус репликациясына әсер ету үшін қажет препарат концентрациясы 50 пайызында (EC50) HIV-1IIIB және HIV-1BaL қарсы 3.7-ден 5.8 µM (1 µM = 0.28 мкг/мл) дейін және 0.07-ден 1.0 µM дейін ауытқумен болған, тиісінше, 8 клиникалық штаммдарға қатысты 0.26±0.18 µM құраған. Абакавирдің ЭК50 мәндері әртүрлі АИВ-1 (A-G) қорларына қатысты 0.0015-тен 1.05 μМ дейінгі шектерде және АИВ-2 изоляттарына қатысты 0.024-тен 0.49 μМ дейінгі шектерде өзгерді. Абакавир кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіші (NRTI) – зидовудинмен, кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіші (NNRTI) – невирапинмен және протеаза (PI) тежегіші - ампренавирмен; сондай-ақ NRTI диданозинмен, эмтрицитабинмен, ламивудинмен, ставудинмен, тенофовирмен және залцитабинмен үйлестірілген қосымша белсенділікпен жасуша өсіріндісіндегі синергидті белсенділікке ие болды. Рибавирин (50 µM) жасуша өсіріндісіндегі абакавирдің АИВ-1-ге қарсы белсенді әсерін тигізген жоқ.

Төзімділігі

Абакавирге сезімталдығы төмен АИВ-1 изоляттары жасушалық өсіріндіден сұрыпталып, сондай-ақ абакавирмен емделген емделушілерден алынды. Абакавирмен емдеген емделушілердегі жасушалық өсірінділерден сұрыпталған және қалпына келтірілген изоляттардың генотиптік талдауы RT-дағы K65R, L74V, Y115F және M184V/I амин қышқылды орын басулар абакавирге төзімділікке ықпал етеді. Бұрын емдеу курсынан өтпеген, тәулігіне бір рет 600 мг (n=384) немесе тәулігіне екі рет 300 мг (n=386) абакавир қабылдаған емделушілерде тәулігіне бір рет 300 мг ламивудин және тәулігіне бір рет 600 мг эфавиренз қабылдау аясында 48 апта ішінде аналогтық бұзылуы бар аурушаңдық екі топта да (екі топта да 11%) ұқсас болды. Осы зерттеуде осындай бұзылуы бар изоляттардың генотиптік (n=38) және фенотиптік (n=35) талдаулары абакавирді тәулігіне бір рет және тәулігіне екі рет қабылдаған кезде K65R, L74V, Y115F және M184V/I сияқты RT мутациялары пайда болғанын көрсетті. M184V/I мутациясы тәулігіне бір рет (56%, 10/18) және тәулігіне екі рет (40%, 8/20) абакавир қабылдаған емделушілерде бұзылуы бар изоляттар мутациясының ең көп жиі байқалған мутациясы болды.

Тәулігіне бір рет абакавир қабылдаған топтағы осындай бұзылуды өткерген емделушілерден алынған изоляттардың 39%-да (7/18) 0,92-ге орташа дүркін төмендеуімен (0,7-13 аралығындағы кеңдікте) препаратты тәулігіне екі рет қабылдау тобының 29% (5/17) изоляттарымен салыстырғанда, 1,3-ке орташа дүркін (0,5-11 аралығындағы кеңдікте) төмендеген абакавирге сезімталдықтың >2,5 дүркін төмендеуі болды.

Айқаспалы төзімділік

Айқаспалы төзімділік кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерінің арасында байқалды. Абакавир төзімділігімен байланысты, атап айтқанда, K65R, L74V, Y115F және M184V мутациялары бар изоляттар жасушалық өсіріндідегі және емделушілердегі диданозинге, эмтрицитабинге, ламивудинге, тенофовирге және зальцитабинге айқаспалы төзімділікті көріністеді. K65R мутациясы абакавирге, диданозинге, эмтрицитабинге, ламивудинге, ставудинге, тенофовирге және залцитабинге деген төзімділікті туғыза алады; L74V мутациясы абакавирге, диданозинге және залцитабинге төзімділікті тудыруы мүмкін; ал M184V мутациясы абакавирге, диданозинге, эмтрицитабинге, ламивудинге және залцитабинге төзімділік туындатуы ықтимал. Тимидин аналогының мутациялары (TAM: M41L, D67N, K70R, L210W, T215Y/F, K219E/R/H/Q/N) санының көбеюі абакавирге сезімталдықтың біртіндеп қысқаруымен байланысты.

Қолданылуы

- адамның иммундық тапшылығы вирусын (АИВ жұқпасы) кешенді ретровирустық емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Виролды АИВ жұқпасын емдеу тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.

Вирол таблеткаларын тамақпен де, ас ішуге байланыссыз да қабылдауға болады.

Ересектер

Ересектер үшін Виролдың ішу арқылы ұсынылатын дозасы күніне 600 мг құрайды, ол не тәулігіне екі рет 300 мг-ден, не басқа антиретровирустық дәрілермен үйлестіріліп тәулігіне бір рет 600 мг қабылданады.

Тәулігіне бір рет қабылдау режиміне ауысқан емделушілер тәулігіне екі рет 300 мг қабылдап, келесі күні таңертең тәулігіне бір рет 600 мг-ге көшуі қажет. Егер кешкілік тәулігіне бір рет қабылдау режимі ұтымды саналса, тек алғашқы таңертеңгілік 300 мг препарат қабылдап, сосын кешкілік 600 мг қабылдау қажет. Тәулігіне екі рет қабылдау режиміне оралғанда, емделуші күндізгі емді аяқтап, келесі күні таңертең тәулігіне екі рет 300 мг қабылдай бастау керек.

Балалар

3 айлықтан 6 жасқа дейінгі балаларға абакавирді ішуге арналған ерітінді түрінде қолдану ұсынылады.

6 жастан бастап балаларға Вирол таблеткалар түрінде қолданылады.

Вирол таблеткаларын тағайындар алдында баланың таблетканы жұта алатынына көз жеткізу керек. Егер бала шынымен Вирол таблеткасын жұта алмаса, басқа сай келетін қабылдау түрін (мысалы, ішуге арналған ерітінді) тағайындау керек. АИВ-1 жұқпаланған балаларды емдеу үшін ішу арқылы ұсынылатын дозасы төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте. Абакавирді балалар үшін дозалау жөніндегі нұсқаулар.

Салмақ (кг)

Таңертеңгі қабылдау

Кешкі қабылдау

Тәуліктік доза

14-21

150 мг

150 мг

300 мг

>21-<30

150 мг

300 мг

450 мг

>30

300 мг

300 мг

600 мг

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл (Child-Pugh шкаласы бойынша 5-6 балл) емделушілер үшін ұсынылатын препарат дозасы тәулігіне екі рет 200 мг құрайды, мұндай жағдайларда мұқият бақылау талап етіледі, егер мүмкін болса, плазмадағы абакавир деңгейлерін қадағалау ұсынылады. Виролдың қауіпсіздігі, тиімділігі мен фармакокинетикалық қасиеттері бүйрек жеткіліксіздігі орташа немесе ауыр емделушілер үшін анықталмаған; сондықтан мұндай емделушілерге Вирол қарсы көрсетілімді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге Вирол дозасын реттеу қажет емес. Алайда, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілерге Вирол тағайындауға болмайды.

Егде жастағы емделушілер

Қазіргі уақытта 65 жастан асқан емделушілер үшін фармакокинетикалық деректер қолжетімсіз.

Жағымсыз әсерлері

Аса жоғары сезімталдықпен байланысты жағымсыз әсерлері:

- бөрту, әдетте, макулопапулездік немесе уртикарлық

- бас ауыру, парестезия

- ентігу, жөтел, тамақтың ауыруы, ересектердің респираторлық дистресс-синдромы, тыныс алудың тоқтауы

- жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы, ойық жаралы стоматит

- анафилаксия - лимфопения

- бауыр ферменттері белсенділігінің артуы, креатинин деңгейінің көтерілуі, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы

- гепатит, бауыр жеткіліксіздігі

- миалгия, сирек жағдайларда миолиз, артралгия

- бүйрек жеткіліксіздігі

- қызба

- сылбырлық, дімкәстану

- ісінулер

- лимфаденопатия

- гипотензия

- конъюнктивит

Аса жоғары сезімталдықпен міндетті түрде байланысты болмайтын жалпы жағымсыз әсерлері:

- бас ауырулары, бас айналу, бас сақинасы

- қатты қажу, дімкәстану

- депрессиялық бұзылыстар, үрейлену жай-күйі

- ұйқының бұзылуы, қорқынышты түстер

- қызба, қалтырау

- анорексия, жүрек айну, құсу, гастрит, диарея, іштің ауыруы

- панкреатит, гепатомегалия, стеатоз

- орнықпаған ауыру

- бұлшықет-қаңқа ауырулары

- остеонекроз

- құлақ, мұрын, тамақ жұқпалары, бронхит, респираторлық-вирустық жұқпалар

- белгісі білінбейтін немесе қалдық оппортунистік жұқпаларға қабыну реакциялары

- креатинфосфокиназаның, АСТ, АЛТ, ГГТ жоғары деңгейі, гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гиперамилаземия, гипергликемия, гиперлактатемия, инсулинге төзімділік, анемия, нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения

- лактоацидоз (кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын), әдетте гепатомегалиямен және бауырдың майлы дистрофиясымен қатар жүретін

- миокард инфарктісі

- май тінінің қайта таралуы/жиналуы (липодистрофия), бет пен аяқ-қолдағы тері асты шелмайының азаюын қоса, интраабдоминальді немесе висцеральді майдың артық мөлшерде жиналуы, сүт бездерінің гипертрофиясы және дорсоцервикальді май басу (өгіз өркеш)

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- абакавирге немесе препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- орташа және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі

- ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бауыр микросомаларында абакавир P450 цитохромының изоформаларын (2C9, 2D6, 3A4) тежемейді. Осы деректерге сүйене отырып, абакавирдің және осы жолмен метаболизденетін препараттардың арасында препараттың клиникалық мәнді өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Ламивудин және/немесе Зидовудин. Клиникалық зерттеулер абакавир, зидовудин және ламивудин арасындағы клиникалық елеулі өзара әрекеттесулердің жоқ екенін көрсетті.

Этанол. Абакавир этанолдың фармакокинетикалық қасиеттеріне әсер етпейді. Этанол абакавирдің шығарылуын азайтады және шамамен 41% AUC ұлғаюын туғызады.

Метадон. Метадон қосу абакавирдің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық елеулі әсерін тигізбеген.

Тәулігіне екі рет 600 мг абакавир қабылданатын (ұсынылған дозадан екі есе асып кететін) метадонмен демеуші ем алатын АИВ-1 жұқпаланған 11 емделушіні зерттегенде ішу арқылы қабылданатын метадон клиренсі 22% ұлғайған. Бұл өзгеріс көпшілік емделушілер үшін метадон дозасын өзгертуге әкелмейді, дегенмен метадон дозасын көбейту емделушілердің шағын санына қажет болады.

Ретиноидтар: Ретиноидтар алкогольдегидрогеназамен шығарылады. Абакавирмен өзара әрекеттесу болуы мүмкін, бірақ арнайы зерттеулер жүргізілмеген.

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық реакциясы

Вирол мен құрамында абакавир бар басқа препараттарды қабылдаумен аса жоғары сезімталдықтың, кейде өліммен аяқталатын ауыр реакцияларын байланыстырады. HLA-B*5701 аллеломорфын тасымалдаушы емделушілер абакавирге аса жоғары сезімталдық реакциясы тұсындағы жоғары қауіп тобына кіреді. Абакавир қабылдауды бастар алдында HLA-B*5701 аллеломорфының тасымалдануына скрининг жүргізу ұсынылады; осы тәсілмен аса жоғары сезімталдық реакциясының қаупін азайтуға болады. Скринингті бұрын абакавирге қалыпты жауап берген HLA-B*5701 статусы белгісіз емделушілерге қайталап тағайындар алдында да жүргізу ұсынылады. HLA-B*5701-оң емделушілерге құрамында абакавир бар препараттар қабылдау ұсынылмаған, тек тиянақты медициналық бақылаумен және болжамды пайдасы қатерінен артық болатын айрықша жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

HLA-B*5701 статусы теріс емделушілерде абакавирге аса жоғары сезімталдықтың жорамалды реакциясы дамуы мүмкін; бірақ бұл HLA-B*5701 статусы оң емделушілердегіден едәуір сирек кездеседі. Клиникалық зерттеулер абакавир қабылдаған HLA-B*5701 статусы теріс 3.4% қатысушыларда аса жоғары сезімталдық реакциясының дамығанын көрсетті. Егер аса жоғары сезімталдықты жоққа шығару мүмкіндігі болмаса, тіпті басқа диагноздар қойылуы мүмкін болса да, HLA-B*5701 статусына тәуелсіз абакавир қабылдауды тоқтату керек.

Аса жоғары сезімталдықтың белгілері мен симптомдары туралы маңызды ақпарат, сондай-ақ аса жоғары сезімталдығы анықталған емделушілерге арналған клиникалық нұсқаулар төменде ұсынылған.

Аса жоғары сезімталдықтың белгілері және симптомдары: Абакавирге аса жоғары сезімталдық көп мүшелердің зақымдануларымен сипатталатын клиникалық синдром түрінде болады, әрі әдетте екі немесе одан да көп келесі топтардың белгілері немесе симптомдары түрінде көрініс береді:

1 топ: Қызба

2 топ: Бөртпе

3 топ: Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (жүрек айнуын, құсуды, диареяны немесе іштің ауыруын қоса)

4 топ: Жүйелі белгілер (жалпы дімкәстануды, қажуды немесе ауыруды қоса)

5 топ: Тыныс алу жүйесі жағынан бұзылулар (ентігу, жөтел немесе фарингитті қоса)

Сирек жағдайларда бір белгімен немесе симптоммен клиникалық көрініс беретін абакавирге аса жоғары сезімталдық жағдайлары жөнінде хабарланды.

Симптомдар әдетте емнің алғашқы 6 аптасы ішінде пайда болады, дегенмен емдеудің бүкіл кезеңі бойына аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы мүмкін екенін қаперге алу керек. Белгілер пайда болғанша емдеудің орташа ұзақтығы 9 күн құрайды.

Аса жоғары сезімталдықтың басқа да сиректеу белгілері мен симптомдары сылбырлық, миолиз, ісінулер, кеуде қуысының рентгенографиясы кезінде анықталған бұзылулар (негізінен, жергілікті болуы мүмкін инфильтраттар) мен парестезияны қамтиды. Аса жоғары сезімталдық реакцияларының өлімге ұшырату қаупі болуы мүмкін және анафилаксиямен, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігімен, гипотензиямен, ересектердің респираторлық дистресс-синдромымен немесе тыныс алудың тоқтауымен көрініс береді.

Кейбір емделушілердегі абакавирге аса жоғары сезімталдықтың физикалық көріністері лимфаденопатия, шырышты қабықтардың зақымдануларын (конъюнктивит және ойық жаралы стоматит), сондай-ақ бөртуді қамтиды. Әдетте макуло-папулездік немесе уртикарлы бөрту пайда болады, дегенмен бөртпелер алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, мультиформалы эритема жағдайлары жөнінде есептемелер алынды. Сондай-ақ аса жоғары сезімталдық реакциялары үнемі бөртумен сипаттала бермейтінін қаперге алу керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары кейде зертханалық көрсеткіштердің қалып шегінен ауытқуларымен, атап айтқанда, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауымен, креатинфосфокиназа немесе креатинин және лимфопения деңгейінің көтерілуімен қатар жүреді.

Аса жоғары сезімталдығы анықталған емделушілерге арналған клиникалық нұсқаулар: Аса жоғары сезімталдық реакциясына күдік туындағанда препарат қабылдауды дереу тоқтату керек. Егер емделушіде Виролға аса жоғары сезімталдықты жоққа шығаруға мүмкіндік бермейтін сипаттас белгілер пайда болса, өмірге қауіп төндіретін реакциялардың даму қаупін азайта түсу үшін, тіпті басқа диагноз қойылуы мүмкін болса да (мысалы, жедел респираторлық аурулар, атап айтқанда, пневмония, бронхит, фарингит немесе тұмау, гастроэнтерит немесе басқа препараттарға болатын реакциялар), препарат қабылдаудан біржола бас тарту керек.

Абакавирмен емдеу аясында аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған емделушілерге, алдағы уақытта ЕШҚАШАН Вирол немесе құрамында абакавир бар біріктірілген дәрілік заттар тағайындауға болмайды, өйткені препарат қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде өмірге қатер төндіретін артериялық гипотензияға немесе өліммен аяқталуға дейін апаратын ауырлау түрдегі аса жоғары сезімталдық белгілерінің қайта пайда болуы мүмкін.

Өте сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары бұрын осындай белгілері байқалмаған емделушілерде (яғни, бұрын абакавирді жақсы көтерген емделушілерде) емді жаңғырту кезінде білінді.

Егер аса жоғары сезімталдықпен байланыссыз себептер бойынша абакавирмен емдеуді тоқтатқаннан кейін абакавирмен немесе құрамында абакавир бар кез келген басқа біріктірілген препаратпен емдеуді жаңғырту жорамалданады, емделушінің сыртартқысын мұқият зерттеп, науқаста аса жоғары сезімталдық белгілері байқалмайтынына көз жеткізу қажет. Егер осындай емделушінің HLA-B*5701 статусы белгісіз болса, абакавирмен емдеуді жаңғыртар алдында осы аллельге скрининг жасау ұсынылады. HLA-B*5701-оң емделушілерге абакавир қосылған режимдерді қайта тағайындауға болмайды. Антиретровирустық ем құрамында абакавир қолдану мүмкіндігін емдеуден болатын әлеуетті пайда қатерінен асып түсетін айрықша жағдайларда ғана қарастыруға болады. Мұндай жағдайларда емделушілерге тиянақты медициналық қадағалау көрсетілген.

Егер аса жоғары сезімталдықты жоққа шығаруға болмаса, абакавир немесе құрамында абакавир бар басқа препарат қабылдауды қайта бастауға БОЛМАЙДЫ. Тіпті HLA-B*5701 аллель болмағанда да, абакавирді тоқтатып, күрделі және өлімге ұшыратуы мүмкін қолайсыз реакциялардың ықтималды даму қаупі себебіне орай, клиникалық деректер негізіндегі аса жоғары сезімталдық реакцияларын жоққа шығаруға болмайтын барлық жағдайларда оны қабылдауды жаңғыртпаған жөн.

Егер емделушінің сыртартқысында аса жоғары сезімталдықты көрсететін симптомдар туралы мәліметтер болмаса, аса жоғары сезімталдық реакцияларының белгілерін анықтау үшін тұрақты мониторинг жасау шартымен абакавирді қайта тағайындауға болады. Емделушілер абакавир немесе құрамында абакавир бар кез келген басқа препарат қабылдауды жаңғыртқан жағдайда аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупі жөнінде хабарланған болуы тиіс, бұл емделушінің немесе оны қоршаған адамдардың медициналық жәрдемге жылдам қол жеткізу мүмкіндігінің болу керектігін білдіреді.

Аппликациялық тері сынамасы зерттеу әдісі ретінде пайдаланылады, бірақ оның нәтижелері абакавирге аса жоғары сезімталдықты клиникалық диагностикалау үшін негіз болып саналмайды.

Лактоацидоз

Лактоацидоз және гиперстеатозды жедел гепатомегалия жағдайлары жөнінде, соның ішінде өз бетінше немесе біріктіріп емделуде нуклеозид аналогтарын, оның ішінде абакавир мен басқа антиретровирустық дәрілерді пайдаланумен байланысты өлімге ұшырау жағдайлары жөнінде хабарланды. Ерте белгілері (симптоматикалық гиперлактатемия) ас қорыту жүйесінің әлсіз белгілерін (жүрек айну, құсу және іштің ауырулары), айрықша белгісі жоқ нашар хал-ахуалды, тәбеттен айырылуды, салмақ жоғалтуды, тыныс алу белгілерін (жылдам және/немесе терең тыныс алу) немесе неврологиялық белгілерді (соның ішінде қимыл-қозғалыс әлсіздігі) қамтиды.

Лактоацидоз өлімге ұшыраудың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді және панкреатитпен, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін.

Лактоацидоз, әдетте, емдеудің бірнеше айынан соң көрініс береді.

Көпшілік жағдайлар әйелдерде көрініс берген. Шамадан тыс толықтық және нуклеозидтер әсерінің ұзаққа созылуы қауіпті факторлар болуы мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігінің қауіп факторы белгілі емделушілерге абакавир тағайындалғанда ерекше назар аудару керек; бірақ белгілі қауіп факторлары жоқ емделушілерде көрініс берген жағдайлар жөнінде де хабарланады. Нуклеозид аналогтарын гепатомегалиясы, гепатиті немесе бүйрек жеткіліксіздігінің және бауырдың майлы инфильтрациясының (соның ішінде кейбір препараттармен және алкогольмен) басқа белгілі қауіп факторлары бар емделушілерге (әсіресе, әйелдерге) тағайындағанда айрықша зейін аударған дұрыс. Альфа-интерферон мен рибавирин қабылдайтын С гепатитімен жұқпаланған емделушілерге ерекше қауіп төнеді.

Егер емделушіде лактоацидоздың немесе айқын гепатоуыттылықтың (тіпті трансаминаза деңгейінің байқалымды жоғарылауы болмаса да, гепатомегалия мен гиперстеатозды қамтуы мүмкін) клиникалық немесе зертханалық көріністері бар болса, Виролмен емдеу тоқтатылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің елеулі бұзылулары бар емделушілерде Вирол қабылдау қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Вирол орташа немесе ауыр сипаттағы бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін қарсы көрсетілімді. Бір мезгілде антиретровирустық дәрілер қабылдайтын созылмалы В немесе С гепатиті бар емделушілер өліммен аяқталуы мүмкін бауырға қолайсыз әсер етуі жоғары қауіп тобында болады.

Иммунитеттің қалпына келу синдромы

Антиретровирустық ем, соның ішінде Вирол қабылдайтын емделушілердегі иммунитеттің қалпына келу синдромының жағдайлары жөнінде хабарланған. Иммундық жүйесінің жауабы бар емделушілерде біріктірілген антиретровирустық ем қабылдаудың бастапқы сатысында ұзақ немесе қалдық оппортунистік жұқпаларға қабыну реакциясы (Mycobacterium avium, цитомегаловирус, пневмония Pneumocystis jirovecii [PCP] немесе туберкулез жұқпасы сияқты) болуы мүмкін, бұл орайда оларды әріқарай тексеру және емдеу қажет болады. Қабынудың кез келген белгілері кезінде тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда ем тағайындау керек.

Май тінінің қайта таралуы/Липодистрофия

Антиретровирустық ем қабылдайтын емделушілерде май тіндерінің қайта таралуы/жиналуы (липодистрофия), соның ішінде орталықтық семіру, дорсоцервикальді май басудың күшеюі («өгіз өркеш»), шеткергі атрофия, бет атрофиясы, кеуде қуысының гипертрофиясы және «кушингоид нышандары» байқалды. Бұл көріністердің механизмі мен ұзақ мерзімді зардаптары қазіргі уақытта белгісіз. Себептік өзара байланысы анықталмаған. Механизмі жөніндегі білімдер толық емес. Висцеральді липоматоз, протеаза тежегіштері (Pis), липоатрофия мен кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері арасында байланыс бары жорамалданады. Егде жас сияқты жекеше факторлармен және антиретровирустық ем қабылдаудың тым ұзаққа созылуы сияқты дәрілік препараттар қабылдаумен байланысты факторлармен және осыған орай зат алмасудың бұзылуларымен липодистрофияның жоғары қаупін байланыстырады. Клиникалық зерттеулерде май тінінің қайта таралуының физикалық көріністерін зерттеу қамтылуы тиіс.

Аш қарындық қан сарысуының липидтеріне және қандағы глюкоза деңгейіне назар аударған дұрыс. Клиникалық тәжірибеде липидтік алмасу бұзылыстары кездеседі.

Миокард инфарктісі

Біріктірілген антиретровирустық ем қабылдайтын емделушілердегі миокард инфарктісі жағдайларының жиілігі жөнінде жарияланған проспектілі, обсервациялық, эпидемиологиялық зерттеулерде алдыңғы 6 ай ішінде абакавир қабылдау миокард инфарктісінің жоғары қаупімен байланыстырылады. Клиникалық зерттеулердің жиынтық талдауында бақылауға алынған қатысушыларға қарсы абакавир қабылдаған қатысушыларда миокард инфарктісінің қатері байқалмаған. Жалпы, зерттеулер мен клиникалық сынақтардың қолда бар деректері жеткіліксіз. Алдын алу ретінде антиретровирустық ем, соның ішінде Вирол тағайындалғанда ишемиялық жүрек ауруының қаупі болуы мүмкін екенін ескеріп, барлық қауіп факторларын (мысалы, артериялық қысымның көтерілуі, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) жоққа тән азайту шараларын қабылдау керек.

Панкреатит

Панкреатит жағдайлары белгілі, бірақ абакавир қабылдаумен себептік өзара байланысы расталмаған.

Үштік нуклеозидтік ем

Вирустық жүктемесі жоғары емделушілерде (>100,000 бірл./мл) абакавирдің ламивудинмен және зидовудинмен үштік біріктірілімі нұсқасына ерекше назар аудару керек.

Абакавирді тенофовир дизопроксил фумаратымен және ламивудинмен күніне бір рет қабылдау сызбасы бойынша біріктірудің бастапқы сатысындағы сезімтал болмаудың туындауы мен вирусологиялық сәтсіздіктердің жоғары деңгейі жөнінде хабарланады.

Остеонекроз

Остеонекроз этиологиясы мультифакторлы болып саналса да (соның ішінде, кортикостероидтар қабылдау, алкоголь тұтыну, жедел иммуносуппрессия, дене салмағының жоғары индексі), осындай жағдайлар жөнінде, әсіресе, үдемелі АИВ ауруы бар және/немесе біріктірілген антиретровирустық ем (CART) ұзақ мерзімді әсер еткен емделушілерде хабарланды. Егер емделушілерде сылбырлану, буындарының сіресуі мен ауыруы пайда болса немесе қозғалыс кезінде қиналыс сезінсе, олар дәрігерден кеңес алуы тиіс.

Оппортунистік жұқпалар

Абакавир немесе басқа антиретровирустық дәрілер қабылдайтын емделушілерде оппортунистік жұқпалар және АИВ жұқпасының басқа да асқынулары дамуы мүмкін. Сондықтан емделушілер АИВ қатарласатын осы ауруларды емдегенде дәрігерлердің тиянақты медициналық қадағалауында болуы тиіс.

Берілуі

Емделушілер антиретровирустық ем, соның ішінде абакавир қабылдаудың жыныстық қатынас немесе қанның жұқпалануы арқылы АИВ берілу қаупін болдырмауының дәлелденбегенін білуі тиіс. Тиісті сақтану шараларын қабылдауды жалғастырған жөн.

Педиатрияда пайдалану

Абакавирдің 3 айлықтан 13 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталды. Осы жас топтарында абакавир қолдану жөніндегі деректер фармакокинетикалық зерттеулермен расталады және ересектер мен балаларда абакавир қолданудың сенімді және бақыланған зерттеулерінен алынды.

6 жасқа дейінгі балаларға абакавирді ішуге арналған ерітінді түрінде қолдану ұсынылады.

Егде жаста тағайындау

Абакавирдің клиникалық зерттеулерінде 65 жастан асқан емделушілердің, жас емделушілерден гөрі, өзгеше жауап беретінін анықтауға жеткілікті саны қамтылмаған. Жалпы, егде емделушілер үшін дозалау, бауыр, бүйрек немесе жүрек қызметтері төмендеген жағдайлар және қатарлас аурулар жиілігінің көптігін немесе басқа да дәрілік препараттардың қабылдануын ескеріп, сақтанумен таңдалуы тиіс.

Жүктілік

Жүктілік кезінде препаратты емнен күтілетін пайда ұрыққа төнетін әлеуетті қатерден артық болатын жағдайларда ғана тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті және басқа мәшинелерді басқару қабілетіне әсер етуі зерттелмеген.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емдеу: улану нышандарын анықтау мақсатында емделушінің жай-күйін бақылауға алып, қажет болса, демеуші ем жүргізу қажет. Абакавирдің перитонеальді диализ немесе гемодиализ арқылы шығарылу жағы белгісіз. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 таблеткадан алғашқы ашылуы бақыланып, бұралып жабылатын пластик қақпақтары бар тығыздығы жоғары ақ мөлдір емес полиэтиленнен (HDPE) жасалған банкіге салады. Банкіні медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

300С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Sun Pharmaceutical Ind Ltd

Paonta Sahib, District Sirmour

Himachal Pradesh-173 025, India

Тіркеу куәлігінің иесі

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Sun Pharmaceutical Ind Ltd» өкілдігі

Алматы қ., Манас к-сі 32А, САТ БО, 602 кеңсе

тел.: 8-800-080-5202

эл. пошта: regulatory.kz@sunpharma.com

Прикрепленные файлы

680324411477977160_ru.doc 139 кб
898551651477978321_kz.doc 68.71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники