Веносмил

Производитель: ФАЭС ФАРМА, С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гидросмин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020452
Информация о регистрации в РК: 07.06.2019 - 07.06.2024

Инструкция

Саудалық атауы

 Веносмил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар 200 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: гидросмин 200.0

қосымша заттар: магний стеараты.

желатинді №1 капсуланың құрамы: хинолинді сары E104, эритрозин E127, титанның қостотығы E171, желатин.

Сипаттамасы

Корпусы мен қақпақшасы қызыл-сары түсті, қатты желатинді капсулалар № 1. Капсулалардың ішіндегісі ақ түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар, Қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар, Биофлавоноидтар. Гидросмин

АТХ коды С05СА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гидросминді дені сау еріктілерге бір рет пероральді қолданғаннан кейін, препараттың плазмадағы концентрацияларының қисығы уақытпен салыстырғанда бифазалық сипатқа ие екені байқалған. Бастапқы шыңы қолданғаннан кейін 15 минуттан соң байқалады және содан кейін баяу төмендей бастайды. Қолданғаннан кейін төрт сағаттан соң деңгейлерінің жаңадан артқаны байқалады, тұрақтануы қолданғаннан кейінгі 5 және 8 сағат аралығында байқалады. Содан кейін плазмадағы деңгейлері төмендеген және қолданғаннан кейін 24 сағат өткен соң мүлдем анықталмаған.

Гидросмин өте жылдам шығарылады, дозасының 90%-ы 48 сағат ішінде шығады. Негізгі шығарылу жолы нәжіспен (қолданылған дозасының 80%-ға жуығы осы жолмен шығарылады), несеппен шығарылуының үлесіне тек 16-18% келеді.

Фармакодинамикасы

Веносмилдің әсер етуші заты - гидросмин, өзінің химиялық құрылымының арқасында флавонидтар тобына жатады. Бұл 5 және 3’-моно-О-(β-гидроксиэтил)-диосминнен және 5,3’-ди-О-( β-гидроксиэтил)-диосминнен тұратын стандартты қоспа.

Гидросминнің әсер ету механизмі толығымен зерттелмеген, бірақ оны катехоломиндердің деградациясын тежеумен байланыстыруға болады. Әсіресе катехол-О-метилтрансферазаны тежеу арқылы. Әсер ету механизмінің анық еместігіне қарамастан, гидросминнің төрт негізгі фармакологиялық әсерін бөліп қарауға болады:

а) қылтамырлардың өткізгіштігі (гистамин, брадикинин және т.б. сияқты түрлі заттардан туындаған қылтамырлардың өткізгіштігін азайтады) мен үзілгіштігіне әсері (дұрыс тамақтанбаудан туындаған қылтамырлардың үзілгіштігін азайтады),

б) эритроциттердің гемореологиялық қасиеттерін жақсартады (эритроциттердің деформациялану қабілетін арттыра отырып және қан тұтқырлығын азайта отырып),

в) веномоторлық тонусқа әсері (көктамыр қабырғасы тегіс бұлшықеттерінің біртіндеп және тұрақты жиырылуы),

г) лимфа айцналымын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Гидросмин лимфа жолдарының дилятациясын және лимфа өткізгіштігі жылдамдығының артуын тудырады, осылайша лимфа ағынын жақсартады.

Веносмил көктамырлық шеткергі жеткіліксіздіктің (ауыру, ауырлық сезімі, ісіну және т.б.) клиникалық симптомдарын жақсартады, бұның плацебо әсерінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Бұл препараттың әсер етуші заты аяқ қантамырларының варикоздық дилатациясынан туындаған көктамырлық стаз салдарларына айтарлықтай әсер ететініне күмән жоқ.

Қолданылуы

  • аяқтардың созылмалы көктамыр жжеткіліксіздігімен байланысты симптомдарын жеңілдетуде (ісінуі және ауыруы, аяқтағы ауырлық сезімі)

  • өршу сатысындағы геморройды симптоматикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ас ішу кезінде, сумен ішіп қабылдайды.

Ересектерге (200 мг) күніне үш рет (әр 8 ​​сағат сайын) 1 капсуладан. Емдеу курсының ұзақтығы - 3 ай.

Геморрой өршігенде қабылдауды күніне үш рет (әр 8 ​​сағат сайын) 2 капсуладан (400 мг) тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы - 3-4 апта.

Жақсару емдеудің екінші, үшінші аптасында байқалуы мүмкін.

Ауру симптомдары көріністерінің қайталануы аурудың ауырлығына байланысты. Препаратты 1-2 жыл бойы емдеуде 1-2 ай үзілістермен ұзақ уақыт бойы қолдануды созылмалы көктамыр жеткіліксіздігі бар немесе посттромбоздық синдромы бар емделушілерге әр 3 ай сайын ұсынуға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- асқазанның ауыруы, жүрек айнуы

- сызаттар, қышыну, бөртпе

- әлсіздік, бас ауыруы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қалқанша без аурулары

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі.

Препаратты жүктілік кезінде, егер анасы үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады. Препараттың емшек сүтіне өтетіні туралы мәліметтер жоқ, сондықтан оны бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Веносмилдің жақсы көтерімділігінің арқасында тәжірибеде уыттану мүмкіндігі тіпті, кездейсоқ артық дозаланған жағдайларда да іс жүзінде жоққа шығарылған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан алюминийлі-алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ФАЭС ФАРМА, С.А.

Мекенжайы: Максимо Агирре к-сі, 14

48940 Лейоа (Испания)

Тіркеу куәлігінің иесі

ФАЭС ФАРМА, С.А.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі: «Медиал Ди энд Пи ЛТД»

тел +77272954882/83,

e-mail: medial.gulzira@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

053349881477976723_ru.doc 53 кб
739431991477977879_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники