Варфарин (2.5 мг, Белмедпрепараты РУП) (Warfarin)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Варфарин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Варфарин
Дәрілік түрі
Таблеткалар 2,5 мг
Құрамы
Препараттың бір таблеткасында:
белсенді зат – натрий варфарині – 2,5 мг (варфарин натрий клатраты түрінде – 2,7 мг);
Қосымша заттар – лактоза моногидраты, кальций гидрофосфаты дигидраты, картоп крахмалы, повидон К-25, магний стеараты.
Сипаттамасы
Ақ түсті, жалпақ цилиндрлі, сызығы мен ойығы бар таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Қан түзілуіне әсер ететін препараттар. Антикоагулянттар. Тікелей емес антикоагулянттар. Варфарин.
Коды АТХ В01АА03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат асқазан-ішек жолдарынан тез сіңеді. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы 97-99%-ды құрайды. Бауырда метаболизденеді. Варфарин рацемиялық қоспа болып табылады, R- және S- изомерлері түрлі жолдармен бауырда метаболизденеді. Изомерлердің әрқайсысы негізгі 2 метаболитке айналады. Варфарин S-энантиомерінің метаболизмінің негізгі катализаторы CYP2C9 ферменті, ал варфариннің R-энантиомері үшін CYP1A2 және CYP3A4 болып табылады. Варфариннің солға айналатын изомері (S-энантиомер) оңға айналатын изомерге (R-энантиомер) қарағанда 2-5 есе үлкен антикоагулянтты белсенділікке ие, алайда соңғысының жартылай шығарылу кезеңі көбірек. CYP2C9 ферментінің, CYP2C9*2 және CYP2C9*3 аллельдерін қоса, полиморфизмі бар пациенттердің Варфаринге асқын сезімталдығы және қан кету дамуы қаупі жоғары болуы мүмкін.
Варфарин организмнен өтпен бірге АІЖ қайта сіңірілетін және несеппен бөлінетін белсенді емес метаболиттер ретінде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 20-дан 60 сағатқа дейін. R-энантиомердің жартылай шығарылу кезеңі 37-ден 89 сағатқа дейін, S-энантиомердің жартылай шығарылу кезеңі 21-ден 43 сағатқа дейін.
Пациенттердегі фармакокинетикалық процестердің ерекшеліктері:
— бауыр функцияларының бұзылулары барларда бауыр қан ұюы факторларын өндіретіндіктен дәрілік заттардың әсерін күшейтеді, сондай-ақ Варфаринді метаболиздейді.
— бүйрек жеткіліксіздігімен немесе нефроздық синдромымен қан плазмасындағы Варфарин бос фракцияның деңгейі артады, ол ілеспе ауруларға байланысты әсерлердің күшеюіне, сондай-ақ төмендеуіне әкеп соғады;
— жүрек-қантамыр жеткіліксіздігімен (миокард инфаркты, инсульт, жүрекшенің фибрилляциясы, жүрек клапандарының зақымдануы, өкпе артериясының және қантамырларының эмболиясы, жедел және қайталанатын веналық тромбоз) қандағы липидтердің құрамын азайту және қан тамырларының өткізгіштігінің артуы болып табылады;
— егде жастағы адамдарда жағымсыз әсерлердің даму қаупі жоғары болып табылады;
— балаларға Варфаринді қолдану шектелген және тәжірибелі педиатр маманның бақылауымен жүргізілуі қажет;
— жүктілік кезінде Варфарин плацентарлы бөгет арқылы жылдам өтеді, шаранаға теротогенді әсер етеді (назальді гипоплазия, хондродисплазия, көру жүйкесінің артофиясы, толық көрмеуге әкеп соғатын катаракта, ой және дене дамуының іркілуі, микроцефалия) және жүктіліктің соңында және босану кезінде қанағыштықты туындатуы мүмкін;
— жаңа туылған нәрестелерді емізу кезінде Варфарин аздаған мөлшерде ана сүтімен шығарылады және қан ұюы процесіне ықпал етпейді.
Фармакодинамикасы
Варфарин бауырда қан ұюының К дәруменіне-тәуелді факторларының, атап айтқанда II, VII, IX және X факторларының синтезін бөгейді. Егер осы компоненттердің қандағы концентрациясы төмендейтін болса, онда қан ұюы үдерісі – бәсеңдейді. Препаратты қабылдауды бастағаннан кейін 5-7 күні барынша жоғары дамумен 36-72 сағаттан соң қан ұюына қарсы әрекеті басталады. Препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қан ұюының К дәруменіне-тәуелді факторларының белсенділігі 4-5 күннен соң қалпына келеді.
Қолданылуы
Терең веналардың және тромбоэмболиялық асқынулардың профилактикасы және емдеу.
Қолдану тәсілі және дозалары
Варфаринді тәулігіне бір рет тағайындайды, мүмкіндігінше бір мезгілде қабылдау керек. Емдеудің ұзақтығын дәрігер қолданылуына сәйкес анықтайды.
Емдеу кезінде бақылау:
Емдеудің басында Халықаралық Қалыптандырылған Қатынасты (ХҚҚ) есептейді. ХҚҚ шамасын анықтау үшін науқастың қан плазмасының протромбинді уақытын (ПУ) (секундтармен) бақыланатын қалыпты плазма ПУ бөлу қажет, алынған нәтижені сезімталдықтың халықаралық индексінің (МИЧ, ISI) тиісті көрсеткіші дәрежесіне шығару қажет. Варфариннің емдік әсері ХҚҚ 2,0-3,0 болғанда жетеді. Бұдан әрі зертханалық бақылауды тұрақты түрде әр 4-8 апта сайын жүргізеді. Емдеудің ұзақтығы науқастың клиникалық жағдайына байланысты. Емдеуді бірден тоқтату керек. Емдеудің басында және әр 4–8 апта сайын ХҚҚ көрсеткіші бойынша қан ұйығыштығына бақылау жүргізу қажет. Басқа препараттармен бірлестіргенде Варфариннің дозасын 10–15 % шегінде түзетуге мүмкіндік беретін үздіксіз бақылау (мүмкіндігінше жиі) қажет.
Бұрын Варфаринді қабылдамаған пациенттер:
Бастапқы доза алғашқы 4 күн бойы күніне 2 таблеткадан (тәулігіне 5 мг натрий варфарині). Емдеудің 5-күні ХҚҚ анықтайды және осы көрсеткішке сәйкес препараттың демеуші дозасын тағайындайды. Әдетте препараттың демеуші дозасы күніне 1-3 таблетка (тәулігіне 2,5-7,5 мг натрий варфарині).
Бұрын Варфаринді қабылдаған пациенттер:
Ұсынылатын старттық доза препараттың белгілі демеуші дозасын қосарлы дозасын құрайды және алғашқы 2 күн бойы тағайындайды. Содан соң емдеуді белгілі демеуші дозамен жалғастырады. Бұдан жоғары дозаларды қолдану көптеген клиникалық жағдайларда ақталмайды. Бұдан жоғары дозалар антикоагулянтты әсерге жылдам қол жеткізбейді, бірақ қан кету даму қаупін арттырады. Емдеудің 5-күні ХҚҚ бақылайды және осы көрсеткішке сәйкес дозаны түзету керек. Веналық тромбоз, өкпе артериясының эмболиясы, жүрекшенің фибрилляциясы, дилатациялық кардиомиопатия, жүрек клапандарының асқынған аурулары, жүрек клапандарын биопротездеудің профилактикасы және емдеу жағдайында 2-ден 3-ке дейін ХҚҚ көрсеткішін қолдану ұсынылады. ХҚҚ бұдан жоғары 2,5-тен 3,5-ке дейінгі көрсеткіштерін жүрек клапандарын механикалық протездермен протездеу кезінде және асқынған жедел миокардында ұсынылады.
Балалар:
Варфаринді балаларда қолдану шектеулі.
Егде адамдар:
Варфаринді қабылдау бойынша арнайы ұсыныстар жоқ. Алайда, егде жастағы пациенттер мұқият бақылауда болуы қажет, өйткені оларда жағымсыз әсерлер дамуының қаупі жоғары.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бауыр функциясының бұзылуы Варфаринге сезімталдықтың ұлғаюы, өйткені қан ұюы факторын өндіреді, сондай-ақ Варфарин метаболизденеді. Пациенттердің осы тобында ХҚҚ көрсеткіштеріне мұқият мониторинг жүргізіледі.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Варфариннің дозасын таңдау бойынша қандай да бір арнайы ұсыныстарды қажет етпейді. Перитониальді диализдегі пациенттер Варфариннің дозасын қосымша дозасын арттыруды қажет етпейді.
Жағымсыз әсерелері
Өте жиі: 1/10 аса – түрлі ағзалардағы қан кету.
Жиі: 1/100 аса, 1/10 кем – ұзақ қолданғаннан кейін Варфаринге жоғары сезімталдық, аса жоғары сезімталдық.
Жиі емес: 1/1000 аса, 1/100 кем - анемия, құсу, іштің ауыруы, жүрек айнуы, диарея.
Сирек: 1/10000 аса, 1/1000 кем - эозинофилия, бауыр ферменті белсенділігінің артуы, сарғаю, бөртпе, есекжем, бөртпе, экзема, терінің некрозы, васкулиттер, шаштың түсуі, нефрит, уролитиаз, тубулярлы некроз.
Қан кетуі: Бір жыл емдеуде шамамен 8 % жағдайда Варфарин қабылдаған пациенттердің арасында қан кетуі байқалады. Оның 1 % ауруханаға жатуға немесе қан құюға әкеп соғатын ауыр (бас сүйекішілік, ретроперитониальді) және 0,25 % - фатальді болды. Бас сүйекішілік қан кету туындауы үшін қауіп ең жиі факторы - бақыланбайтын гипертензия. Қан кету қаупі артады, егер ХҚҚ мақсатты деңгейден едәуір жоғары. Егер мақсатты деңгейі шегіндегі ХҚҚ қан кету басталса, яғни зерттелуі тиіс басқа тиісті талаптары бар.
Теріде ауыратын бөртпе дамығанда кальцификация даму қаупі артса, тез арада дәрігерге қаралыңыз.
Варфаринмен емдеу кезінде күрделі қан кетулері даму қаупінің факторлары: егде жас, ілеспелі антикоагулянтты және антиагрегантты терапияның жоғары қарқындылығы, анамнезде инсульттер мен асқазан –ішек қан кетулерінің болуы. Қан кетулер қаупі СYP2C9 ген полиморфизмдері бар пациенттерде ұлғайған.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: құсу, жүрек айнуы, диарея.
Дерматологиялық реакциялар: кумаринді некроз – Варфаринмен емдеу кезінде сирек асқынулар. Некроз әдетте аяқ және жамбас немесе (сирек) басқа жерлерде ісіну және қараюынан басталады. Зақымданулар кешірек өліеттенеді.
90 % жағдайда некроз әйелдерде туындайды. Зақымданулар препаратты қабылдаудың 3-10-күнінде байқалады және этиологиясы С және S антитромбиндік протеин жеткіліксіздігі күтіледі. Осы протеиндердің туа біткен жеткіліксіздігі асқынулардың себебі болуы мүмкін, сондықтан Варфарин бір мезгілде гепарин және препарат бастапқы кіші дозаларымен қолданылуы қажет. Егер асқыну туындаса, Варфаринді қабылдауды тоқтатады және зақымданулар жазылғанша немесе тыртық пайда болғанша гепаринді енгізуді жалғастырады.
Алақан-табан синдромы - Варфаринмен емдеу кезінде өте сирек асқынған, оның дамуы атеросклероздық аурулары бар ерлерге тән. Болжанып отырғандай, Варфарин микроэмболияларға әкеп соғатын атероматозды түйіндіктерді геморрагияларды туындатады. Күйдіріп ауыруымен қатар жүретін саусақтардың және табан терісінің қызыл күрең симметриялы зақымдануы кездеседі. Варфаринді қабылдауды тоқтатқаннан кейін көрсетілген симптомдар біртіндеп жойылады.
Басқа жағымсыз әсерлері: тер бөртпесі түрінде білінетін аса жоғары сезімталдық реакциялары және бауырда энзимдердің қайтымды артуымен, холестаздық гепатит, васкулит, приапизм, қайтымды алопециясы мен трахея кальцификациямен сипатталады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Варфаринге немесе кез келген қосымша заттарға асқын сезімталдық
жүктілік
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
кез келген жердегі жедел қан кету
геморрагиялық шок
хирургиялық араласу алдындағы 72 сағат
босанудың алдындағы 48 сағат
қан кету қаупі жоғары (геморрагиялық диатездері, өңеш веналарының варикозды кеңеюімен, артериалды аневризмамен, жұлын пункциясынан кейін, ойық жара ауыруымен, ауқымды жаралармен (операциялықтарын қоса), цереброваскулярлы аурулар, бактериалды эндокардиті және қатерлі артериалық гипертензиясы бар пациенттерді қоса)
сирек тұқым қуалайтын бұзылулар – галактозаны көтере алмау, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактозалы мальабсорбция
Варфарин қабылдайтын пациенттерге, құрамында hypericum perforatum (шілтер жапырақты шайқурай ) бар халық медицинасының өнімдері/заттарын қолданбаған жөн, өйткені бір мезгілде қолдану варфариннің плазмадағы концентрациясын төмендетеді, соның салдарынан емдеуден терапиялық әсердің төмендеуі орын алады.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттарды қабылдауды бастамау немесе қабылдауды тоқтату қажет, сондай-ақ қолданылатын препараттар дозасын емдеуші дәрігердің консультациясыз өзгерту керек.
Бір мезгілде тағайындағанда Варфариннің басқа дәрілік заттармен әрекеттердің индукциялау және/немесе тежеуді тоқтатудан әсерлерді ескеру керек.
Варфаринді тромбоциттер деңгейі және алғашқы гемостазға әсер ететін препараттармен: ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, тиклопидин, дипиридамол, қабынуға қарсы стероидты емес заттардың көбісі (циклооксигеназа-2 тежегіштерін қоспағанда), пенициллин тобының антибиотиктері үлкен дозаларда бірмезгілде қабылдағанда ауыр қан кетулер даму қаупі артады.
Сонымен бірге Варфаринді Р450 цитохром жүйесіне айқын тежегіш әсері бар препараттармен, мысалы, циметидинмен және хлорамфениколмен бірлестіріп қолданумен, оларды қабылдағанда бірнеше күн ішінде қан кету қаупі артады. Мұндай жағдайларда циметидинді, мысалы, ранитидинмен немесе фамотидинмен ауыстырады.
Мынадай дәрілік препараттармен: ацетилсалицил қышқылы, розувастатин, лефлуномид, аллопуринол, амиодарон, азапропазон, азитромицин, альфа- және бета-интерферон, амитриптилин, безафибрат, А дәрумені, Е дәрумені, глибенкламид, глюкагон, гемфиброзил, гепарин, грепафлоксацин, даназол, декстропропоксифен, диазоксидин, дигоксин, дизопирамид, дисульфирам, зафирлукаст, индометацин, фосфамид, итраконазол, кетоконазол, кларитромицин, клофибрат, кодеин, левамизол, ловастатин, метовазон, метотрексат, метронидазол, миконазол (оның ішінде ауызды шаюға арналған гель), налидикс қышқылы, норфлоксацин, офлоксацин, омепразол, оксифенбутазон, парацетамол (әсіресе тұрақты 1-2 апта қабылдағаннан кейін), пароксетин, пироксикам, прогуанил, пропафенон, пропранолол, тұмауға қарсы вакцина, рокситромицин, сертралин, симвастатин, сульфафуразол, сульфаметизол, сульфаметоксазол-триметоприм, сульфафеназол, сульфинпиразон, сулиндак, стероидты гормондар (анаболизмдік және/немесе андрогенді), тамоксифен, тегафур, тестостерон, тетрациклиндер, тиенил қышқылы, толметин, трастузумаб, троглитазон, фенитоин, фенилбутазон, фенофибрат, фепразон, флуконазол, флуоксетин, фторурацил, флувастатин, флувоксамин, флутамид, хитин, хинидин, хлоралгидрат, хлорамфеникол, целекоксиб, цефамандол, цефалексин, цефменоксим, цефметазол, цефоперазон, цефуроксим, циметидин, ципрофлоксацин, циклофосфамид, эритромицин, этопозид, этанол бірмезгілде қабылдағанда Варфариннің әсері күшеюі мүмкін.
Кейбір дәрілік өсімдіктердің препараттары (ресми немесе ресми емес) сондай-ақ Варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін: мысалы, гинго (Ginkgo biloba), сарымсақ (Allium sativum), дәрілік аюбалдырған (Angelica sinensis), папайя (Carica papaya), сәлбен (Salvia miltiorrhiza); сондай-ақ және азайту: мысалы, женьшень (Panax ginseng), шайқурай (Hypericum perforatum).
Варфарин мен кез келген шайқурай препараттарын бір мезгілде қабылдауға болмайды, бұл ретте шайқурай препараттарын қабылдауды тоқтатқаннан кейін Варфарин әсерін индукциялау әсері тағы 2 апта бойы сақталатынын ескеру қажет. Егер пациент шайқурай препаратын қабылдаса, ХҚҚ өлшеп, қабылдауды тоқтату керек. ХҚҚ мониторингіне мұқият болуы керек, өйткені шайқурай қабылдауды тоқтатқанда оның деңгейі артуы мүмкін. Содан соң Варфаринді тағайындауға болады.
Сонымен қатар, сергітетін сусындардың құрамындағы хинин Варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін.
Варфарин сульфонилмочевина туындылары пероральді гипокликемиялық заттардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Мынадай дәрілік препараттармен: азатиоприн, бозентан, апрепитант, невирапин, аминоглутетимид, барбитураттар, вальпрой қышқылы, С дәрумені, К дәрумені, глутетимид, гризеофульвин, диклоксациллин, дизопирамид, карбамазепин, колестирамин, коэнзим Q10, меркаптопурин, месалазин, миансерин, митотан, нафциллин, примидон, ретиноидтар, ритонавир, рифампицин, рофекоксиб, спиронолактон, сукральфат, тразодон, феназон, хлордиазепоксид, хлорталидон, циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда Варфариннің әсерін әлсіретуі мүмкін. Айқын гиповолемиялық әсер жағдайда диуретиктерді қабылдау қан ұюы факторларының концентрациясы артуына әкеп соғады, антикоагулянттардың әсерін азайтады. Варфаринді төменде келтірілген басқа препараттармен бірге бірлестіре қолданғанда, ХҚҚ бақылауды емдеудің басында және соңында, мүмкіндігінше терапияның 2 - 3 аптасы өткен соң жүргізу қажет.
К дәруменіне бай тағамдар, Варфариннің әсерін төмендетеді; диарея немесе іш жүргізетін заттардан болған К дәруменінің абсорбциясының азаюы Варфариннің әсерін күшейтеді. Көбінесе К дәрумені жасыл түсті көкөністерде болады, сондықтан Варфаринмен емдеу кезінде, мына өнімдерді: амарант көгі, авокадо, брокколи, брюссель орамжапырағы, орамжапырақ, канола майы, шайо жапырағы, пияз, кориандр (кинза), қияр қабығы, цикорий, киви жемісі, салат-латук, жалбыз, жасыл бұршақ, зәйтүн майы, ақжелкен, бұршақ, пістелер, теңіздің қызыл балдырлары, шпинат көгі, көктемгі пияз, соя бұршақтары, чай жапырақтары (бірақ сусын шәй емес), ас шалқан ас көгі, крест-салатты асқа сақтықпен қабылдау керек .
Ерекше нұсқаулар
Варфаринмен терапия кезінде науқас препараттың тағайындалған дозасын қабылдауды қатаң сақтауы міндетті талап болып табылады. Алкогольді қабылдау гипопротромбинемия және қан кету қаупін арттырады. Алкоголизмнен зардап шегетін пациенттер, сондай-ақ деменциясы бар пациенттер, Варфаринді қабылдаудың берілген режимін сақтай алмауы мүмкін.
Қызба, гипертиреоз, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, бауырдың қатарлас зақымданулары бар алкоголизм жағдайлары Варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін. Гипотиреозда Варфариннің әсері төмендеуі мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігінде немесе нефроздық синдромда Варфариннің қан плазмасындағы еркін фракциясының деңгейі артады, ол қатарлас ауруларға байланысты әсердің күшеюіне және әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Орташа бауыр жеткіліксіздігінде Варфариннің әсері күшейеді.
Жоғарыда аталған жағдайларда ХҚҚ деңгейін мұқият мониторингілеу жүргізіледі.
Варфаринді қабылдайтын пациенттерге ауыруды басатын препараттар ретінде парацетамол, трамадол немесе апиындарды тағайындауға болады.
СYP2C9 ферментін кодтайтын генінің өзгеруі бар пациенттерде Варфариннің жартылай шығарылу мерзімі ұзағырақ. Бұл пациенттерге препараттардың төмен дозалары қажет, өйткені әдетте терапиялық дозаларды қабылдағанда қан кету қаупі артады.
Варфаринді галактозасы, лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза және галактоза сіңірілуінің бұзылуы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Жылдам антитромбоздық әсер қажет болған жағдайда гепаринді енгізгеннен кейін емді бастау ұсынылады; содан соң 5 - 7 күннің ішінде ХҚҚ мақсатты деңгейі 2 күн сақталғанға дейін гепарин және Варфаринмен аралас терапия жүргізу керек ("Қолдану тәсілі және дозалары" бөлімін қараңыз).
Кумаринді некрозға жол бермеу үшін С немесе S антитромбоздық протеині тұқым қуалайтындай жеткіліксіздігі бар пациенттерге алдымен гепарин енгізілуі керек. Қатарлас бастапқы доза 5 мг-ден аспауы керек. Гепаринді енгізу 5-7 күн бойы жалғасуы керек. Варфаринге жеке төзімділік жағдайында (өте сирек кездеседі) терапиялық әсерге жету үшін Варфариннің 5-тен 20 дейінгі үлкен дозасы қажет. Егер Варфарин мұндай пациенттерге тиімсіз болса, Варфаринді басқа мынадай: дәрілік заттармен (осы нұсқаулықты тиісті бөлімді қараңыз), барабар емес ас рационы, зертханалық қателер сияқты ықтимал себептерді қарастыру қажет. Егде жастағы пациенттерді емдеу ерекше ескетулермен бірге жүргізілуі керек, қан ұюы факторының синтезі және бауыр метаболизмі төмендейді, соның салдарынан Варфариннің шамадан тыс әсері орын алуы мүмкін.
Кез келген операциялардан бірнеше күн бұрын препаратты қабылдауды тоқтату керек. ХҚҚ операцияға дейін бақылау және реттеу керек (оның ішінде стоматологиялық операциялар) ("Қолдану тәсілі және дозалары" бөлімін қараңыз).
Көптеген факторлар Варфариннің антикоагулянтты әсерлеріне әсер етуі мүмкін: жедел интеркуррентті аурулар, гипер/гипотиреоз, құсу, диарея, жүрек жеткіклісіздігі, басқа препараттармен өзара әрекеттестігі. Тамақтану рационын өзгерту К дәрумені сіңірілуіне әсер етеді, осылайша Варфариннің әсерін өзгертеді.
Балаларда қолданылуы. Варфаринмен барабар және жақсы бақыланатын зерттеулер педиатриялық популяцияда жүргізілген; балалардағы оңтайлы дозалау, қауіпсіздігі және тиімділігі белгісіз.
Кальцифилаксиялар. Кальцифилаксиялар жоғары өлім-жітіммен байланысты тері некрозымен сирек қантамыр кальцификация синдромы болып табылады. Мұндай жағдай негізінен диализде терминалды бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе гиперфосфотемия, гиперкальциемия немесе гипоальбуминемия сияқты қауіптің белгілі факторлары бар пациенттерде байқалады. Кальцифилаксияның сирек жағдайлары варфарин қабылдаған пациенттерде бауыр жеткіліксіздігі болмағанда тіркелген. Кальцифилаксия анықталған жағдайда, тез арада тиісті ем басталып, варфаринді қолдануды тоқтату керек.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану. Варфарин плацента арқылы өтеді. Варфаринді жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Варфарин шаранада туа біткен ақауларды және қан кетулерді, шарананың өлуін туындатуы мүмкін. Препаратты жүктілік кезінде қолдану мұрын гипоплазиясымен, эпифездердің нүктелік хондродисплазиясы, саусақтар мен қолдың дамымауы, көру жүйкесінің атрофиясын, микроцефалиясымен, ойдың кемінде және бойдың өспеуі, катарактамен сипатталатын синдромның ұрықта дамуына, толық немесе ішінара көрмеуге әкеп соғуы мүмкін. Варфарин лактация кезеңінде пайдалана алады. Препарат өлшенетін концентрацияларда ана сүтімен бөлініп шықпайды және балада қан ұйығыштығына әсер етпейді.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және басқа да потенциальді қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Варфарин автомобиль басқаруға және машиналарды пайдалануға әсер етпейді немесе басқару қабілетіне аздап әсер етеді.
Артық дозалануы
Варфариннің артық дозалануы негізгі әсері – бұл ХҚҚ артуы, соның салдары ретінде геморрагиялық асқынулар қаупі артады. ХҚҚ артуына бастамалық ету VII факторының жартылай шығарылу кезеңімен өзара әрекеттеседі. ХҚҚ артуы жиі препаратты қабылдағаннан кейін 24 сағаттың ішінде, 36-дан 72 сағат аралығында барынша жоғары деңгейіне жете отырып білінеді.
Симптомдары қабылдауды бастағаннан кейін бірнеше күннен немесе аптадан кейін пайда болады. Оларға: мұрыннан қан кету, қызыл иектен қан кету, бозғылттығы, буын жанындағы және жамбас тұсының гематомалары, несеп және нәжісте қанның пайда болуы жатады. Басқа ықтимал симптомдарға белдің ауыруы, еріннен немесе шырышты қабықтардан қан кетулер, іштің ауыруы, құсу және петехиялар жатады. Кешірек миға қан құюлардың салдарынан салдану және геморрагиялық шок және өлім орын алуы мүмкін.
Артық дозалануын емдеу негізінен демеуші және симптоматикалық болып табылады. Қажет болған жағдайда фитоменадионның антидоты (К 1 дәрумені) тағайындалуы қажет болуы мүмкін, қан ұюының концентрацияланған факторларды, жаңа қатырылған плазманы немесе қанды құю веналарға енгізу. Варфариннің ұзақ жартылай шығарылу кезеңі (20-60 сағат) пациенттер ұзақ қаралуы тиіс
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 таблетка поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
Екі немесе бес пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт бойынша
Өндіруші/қаптаушы
«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы
Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдауға арналған мекенжайы:
220007, Минск қ., Фабрициус көш., 30,
т./ф.: (+375 17) 220 37 16, e-mail: medic@belmedpreparaty.com.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің сапасы жөнінде тұтынушылардан шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«КазБелМедФарм» ЖШС
Заңды мекенжайы/ Нақты мекенжайы:
040923, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылы, Жастар көш., 22
Телефон /факс нөмірі: 8(727) 225-59-98, 378-52-74
Электрондық поштасы: info@kbmf.kz