Валерианы настойка (Шаншаров-Фарм ТОО)

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009393
Информация о регистрации в РК: 12.12.2016 - 12.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Шүйгіншөп тұндырмасы

Халықаралық паттентелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл, 30 мл, 40 мл тұндырма

Құрамы

белсенді зат – 200 г шүйгіншөп тамырының тарамтамырлары

қосымша зат –1 л тұндырма алғанға дейінгі 70% этил спирті.

Сипаттамасы

Хош иісті және тәттілеу-ащы, татымды дәмі сипаттас қызылдау- қоңыр түсті (жарықтың әсерінен күңгірттенеді) мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және басқа да тыныштандыратын препараттар.

АТЖ коды N05CМ

Фармакологиялық қасиеттері

Шүйгіншөп тұндырмасын ішке қабылдағаннан кейін шүйгіншөп қышқылының (белсенді компоненттердің бірінің) ең жоғары концентрациясына 1-2 сағаттан кейін жетеді және 0,9-2,3 мг/мл құрайды. Жартылай шығару кезеңі – 1,1 ± 0,6 сағ. Шүйгіншөп тұндырмасын бірнеше дүркін қолданғаннан оның құрамына кіретін компоненттердің фармакокинетикасы өзгермейді. Қайтара қолданғандағы шүйгіншөп қышқылының жинақталуы анықталмаған.

Шүйгіншөп тұндырмасы дәрілік заттарды метаболиздеуші CYP 2D6 және 3A4 цитохромдары негізгі изоформаларының белсенділігіне ықпал етпейді.

Фармакодинамикасы

Өсімдік тектес дәрі. Тыныштандыратын әсер береді.

Әсері көп бөлігін борнеол мен изовалериан қышқылы құрайтын, барнеол ацетатының күрделі эфирі құрайтын эфир майының (0,2-2,8%) болуына байланысты. Шүйгіншөптің құрамындағы сексвитерпендер мен монотерпендер: β-кариофиллен, валеранон, валеренал, шүйгіншөп қышқылы, сондай-ақ валепотриаттар (0,05-0,67%) – валтрат пен изовалтрат препараттың маңызды құрамдас бөліктері болып саналады. Валепотриаттардың негізгі ыдырау өнімдері балдринал, гомобалдринал және валтроксал болып табылады, олар бастапқы қосылыстар гидролизінің өнімдерін білдіреді. Шүйгіншөп тұндырмасы аминомайлы қышқылының әсеріне ГАМК-рецепторлары сезімталдығын жоғарылатып, бұл ми қыртысындағы тежелу үрдісін күшейтеді. Осымен бір мезгілде ми қыртысы нейрондары синапстарындағы ГАМК синтезі мен секрециясының ұлғаюы байқалады. Мұндай ықпал ету тек шүйгіншөп тұндырмасы құрамының қолданыстағы заттары қосындыларының әсері арқылы білінеді және эфир майын, сексвитерпендер мен валепотриаттарды оқшау енгізгенде қайта өндірілмейді.

Шүйгіншөп тұндырмасын пайдаланғанда тыныштандыру әсері баяу білінеді, бірақ айтарлықтай тұрақты және толығымен тек жүйелі және ұзақ курстық емдеу кезінде ғана дамиды. Сыртқы тітіркендіргіштерге қатысты ағза реакциясының жылдамдығы төмендейді, табиғи ұйқының басталуы жеңілдейді.

Шүйгіншөп қышқылы және валепотриаттардың спазмолитикалық әсері бар, әсіресе өт шығару жолдарының түйілуі мен гипермоторлы дискинезиясы кезінде жеңіл өт айдайтын әсер береді.

Шүйгіншөп тұндырмасының биологиялық белсенді заттары кешені нейрогуморальді механизмдер мен миокардтың өткізгіш жүйесі арқылы жүрек қызметін реттейді - жүрек ырғағын баяулатады және жүрек қан тамырларын елеусіз кеңейтеді.

Қолданылуы

- неврастения және басқа невротикалық бұзылуларда (невроздар)

- жүйке стресі, ұзақ уақыт болған шектен тыс жүйкелік-психикалық қозуға байланысты ұйқының бұзылуы

- жүрек-қан тамырлары жүйесі мен ас қорыту жүйесі жағынан жеңіл функциональдық бұзылулар (кешенді ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, ересектерге 50 мл ауыз суда (¼ стақан) ерітіп, 40-50 тамшыдан, күніне 3-4 рет, қажет болғанда 50 мл ауыз суда еріте отырып, дозаны күніне 3-4 рет ең жоғарысы – 5 мл (1 шай қасық) дейін көтереді. 12 жастан асқан балаларға күніне өмірінің бір жылына 1 тамшыдан 3-4 рет, 50 мл ауыз суда ерітіп қабылдау тағайындалады. Құрамында этил спиртінің концентрациясы жоғары болғандықтан балаларға тұндырманы араластырылмаған (ерітілмеген) күйінде қолдануға болмайды. Бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы бар адамдарда дозаны түзету қажет етілмейді.

Жағымсыз әсері

  • енжарлық, жабырқаушылық, әлсіздік, жұмыс қабілетінің төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдықта

  • 12 жасқа дейін балаларға

  • тетурамды, нитроимидазол мен нитрофуран препараттарын, ІІ-ІІІ буынның цефалоспориндік антибиотиктерін (шүйгіншөп құрамындағы этил спиртіне жедел уыттылық реакциясының даму мүмкіндігіне байланысты) қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Шүйгіншөп тұндырмасы басқа тыныштандыратын және ұйқы келтіретін дәрілердің, наркозға арналған дәрілердің, психотропты препараттардың, сондай-ақ спазмолитикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Алкилирлеу реакцияларындағы ДНҚ жасушаларының зақымдануынан валепотриаттар мен олардың деградациясы өнімдері цитоуытты әсерінің даму мүмкіндігі зор болуына байланысты ұсынылмайды.

Қандағы алкаголь құрамын анықтауға жүргізілетін тестен шүйгіншөп тұндырмасын пайдаланғанда оң нәтиже алынуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Шүйгіншөп тұндырмасын қолдану кезеңінде автокөлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқаруға болмайды.

Артық дозаланғанда

Симптомдары жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препаратты 25 мл, 30 мл, 40 мл-ден полиэтилен тығындармен тығындалған қызғылт-сары шыны құтыларда. Құтыларды қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қораптарға немесе орама қағазбен қапталған бумаларға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С –ден аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Б.Бұлқышев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Б.Бұлқышев к-сі, 4е,

тел/факс +7 727 233-27-58,

электрондық пошта farm-4@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

612921981477977154_ru.doc 55 кб
507936631477978320_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники