Бронхипрет®

МНН: Плюща листьев экстракт, Тимьяна обыкновенного травы экстракт
Производитель: Бионорика СЕ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017619
Информация о регистрации в РК: 24.02.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Бронхипрет®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат 50 мл, 100 мл

Құрамы

100 г шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: 15,0 г жебіршөп шөптің сұйық сығындысы (1:2-2.5), 1,5 г айұрық жапырағының сұйық сығындысы (1:1),

қосымша заттар: мальтитол ерітіндісі, калий сорбаты, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ашық-қоңыр түсті, хош иісі және тәтті дәмі бар, мөлдір немесе аздап бұлыңғыр сұйықтық. Сақтау кезінде бұлыңғырлануы және шөгінді түсуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Біріктірілген қақырық түсіретін препараттар.

АТХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Жебіршөп шөбінің (Thymi herba) және айұрық жапырағының (Hederae helicis folia) сығындысының секретолитикалық және бронхоспазмолитикалық әсері бар. Бұл әсер препаратта жебіршөпте эфир майы мен флавоноидтердің және айұрықта сапониндердің болуымен анықталады.

Бронхипреттің® құрамына кіретін жебіршөп және айұрықтың біріктірілуі қабынуға қарсы, жөтелді басатын, сондай-ақ бактерияға қарсы және вирусқа қарсы әсері ететіні жайлы деректер бар.

Қолданылуы

Тыныс алу жолдарының жөтел, қақырық тастаумен (трахеит, трахеобронхит, бронхит) қатар жүретін жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуде қақырық тастататын дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Жасы

Бір рет қабылдауға

Тәуліктік доза

1-ден 5 жасқа дейінгі балаларға

3,2 мл

9,6 мл

6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға

4,3 мл

12,9 мл

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге

5,4 мл

16,2 мл

Қолдану тәсілі

Бронхипрет® шәрбатын жоғарыда көрсетілген кесте бойынша жасына сәйкес келетін дозада күніне үш рет қоса берілген өлшеуіш стақанның көмегімен қабылдаған жөн.

Қажет болған жағдайда Бронхипрет® шәрбатын аз мөлшердегі сұйықпен (мысалы стақан сумен) ішуге болады.

Қолдану ұзақтығы аурудың ағымына байланысты.

Қолданар алдында құтыны шайқау керек!

Жағымсыз әсері

Жиі емес:

- асқазан-ішек бұзылыстары (түйілулер, жүрек айну, құсу, диарея).

Сирек:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпелері, есекжем, беттің ісінуі, ауыз қуысының және/немесе көмекейдің ісінуі, ентігу).

Аса жоғары сезімталдықтың алғашқы белгілерінде Бронхипрет® шәрбатын қабылдауды дереу тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік заттың қандай да бір компонентіне, ерінгүлділер (Lamiaceae) және аралий (Araliaceae) тұқымдас өсімдіктердің басқа түрлеріне жоғары сезімталдық;

- 1 жасқа дейінгі балаларда

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бронхипрет® шәрбатын жөтелге қарсы препараттармен, сұйылған қақырықты жөтеліп шығаруды қиындататын болғандықтан қақырық түзілуін азайтатын дәрілік заттармен де бір уақытта қолдануға болмайды.

Бактерияға қарсы дәрілік заттармен біріктіріліп те қабылдануы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдар 7 күннен аса созылса немесе тыныс алудың қиындауы, қызба, іріңді қақырық немесе қан аралас қақырық пайда болса дәрігерден кеңес алу қажет. Препаратты қолданғанда 1-ден 4 жасқа дейінгі балаларда жөтел басылмаса немесе қайталанса, дәрігерге бару қажет.

Асқазанның гастрит және ойық жарасы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қабылдаған жөн.

Бұл дәрілік заттың құрамында мальтит бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды.

1 мл препарат құрамында 0,055 г спирт бар.

Ересектерге ұсынылатын Бронхипрет® (5,4 мл) шәрбатының ең жоғары жеке дозасының құрамында 0,297 г спирт бар.

Құрамында алкоголь (көлеміне шаққанда 7% спирт) бар болуына байланысты маскүнемдікпен ауыратын немесе маскүнемдіктен сәтті емделген пациенттерге препаратты қолдануға ұсынылмайды. Дәрілік затты ұсынылатын дозадан артық дозада қабылдайтын балаларға, сондай-ақ жоғары қауіп тобының пациенттеріне, мысалы бауыр аурулары, ми жарақатымен және эпилепсиясы бар пациенттерді емдегенде құрамында алкогольдің бары есепке алынуы тиіс.

Ашылған құтыны 6 ай бойы пайдалануға болады. Ұзақ сақталғанда препарат бұлыңғырлануы мүмкін, бұл Бронхипрет® шәрбатының тиімділігіне әсер етпейді.

Қант диабеті бар науқастарға қолдану

Бронхипрет® шәрбатының бір дозасы (5,4 мл) құрамында орташа алғанда 0,18 нан бірлігі (НБ).

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазанның ауыруы, құсу, диарея

Емі: симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 немесе 100 мл препараттан жоғары жағында тамшылататын дозалағыш қондырғысы бар, алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы және өлшегіш стақаны бар күңгірт шыны құтыларда.

Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге бүктемелі картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бионорика СЕ , D-92308 Ноймаркт/Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ , D-92308 Ноймаркт/Германия

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Бионорика СЕ/Bionorica SЕ» ҚР өкілдігі

Алматы қ. , «Главпочтамт», № 200 а/ж, тел: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz

 

4

 

Прикрепленные файлы

973581611477976296_ru.doc 56.5 кб
513864771477977493_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники