Ацикловир (Ацикловир)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ацикловир
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ацикловир
Дәрілік түрі, дозалануы
Жақпамай, 5 %
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Дерматологияда қолдануға арналған антибиотиктер және химиотерапиялық препараттар. Жергілікті қолдануға арналған химиотерапиялық препараттар. Вирусқа қарсы препараттар. Ацикловир.
АТХ коды D06BB03
Қолданылуы
- иммунитеті әлсіреген пациенттерде бастапқы генитальдік герпесті жергілікті емдеу үшін және қарапайым герпес вирусы (Herpes simplex) туындатқан өмірге қауіпті емес тері-шырышты инфекциялар кезінде қолданылады
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ацикловирге, валацикловирге немесе препарат құрамындағы кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жақпамай жағылғанға дейін және жаққаннан кейін қолды мұқият жуып, зақымданған жерлерді қосымша жұқтырудың немесе инфекцияның таралуының алдын алу үшін зақымданған жерлерді қолмен немесе сүлгімен сүртуден аулақ болу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Препарат герпес вирусымен зақымданған жерлерге ғана жағу керек.
Жақпамайдың көзге түсуінен аулақ болу керек. Жақпамай көзге тиген жағдайда жылы сумен мұқият жуып, қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.
Ұсынылатын дозадан, қолдану жиілігі және емдеу ұзақтығынан аспауы тиіс. Инфекцияның басқа адамдарға жұқтыруын алдын алу немесе белгілері мен симптомдары болмаған кезде қолданғанда қайталама инфекциялардың алдын алу үшін Ацикловир 5% жақпамайын қолдануды растайтын деректер жоқ. Ацикловир 5% жақпамайын қайталанатын ВПГ инфекцияларының профилактикасында қолдануға болмайды.
Ацикловир 5% жақпамайын қолданумен байланысты клиникалық маңызды вирустық резистенттілік байқалмағанымен, бұндай мүмкіндік бар.
Иммунитеті әлсіз пациенттерге (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін немесе АИТВ-инфекциясы болған кезде) қолдану ұсынылмайды және кез келген инфекцияны емдеуге қатысты дәрігермен кеңескен жөн.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдануға шектеулер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Ацикловир сыртқы қолдану кезінде емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Жергілікті қолданғаннан кейін жүйелік әсер аз болады. Кеудеде немесе кеудеге жақын белсенді герпестік зақымданулары бар емшек емізетін аналар емшек емізуден аулақ болу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдік дозаларда жергілікті қолдану кезінде ацикловирдің автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс әсері туралы деректер жоқ. Автокөлік жүргізуге және механизмдермен жұмыс істеуге шектеулер жоқ.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер
Жақпамай терінің зақымдалған аймағына күніне 5 рет (әр 4 сағат сайын) жұқа қабатпен жағу керек.
Препаратты зақымданған жерге немесе зақымдануы асқынған жерлерге, дұрысы ең ерте кезеңде (продромальді кезеңінде немесе эритемада) барынша жылдам жағу керек. Емдеу едәуір кешірек сатыларда (папула немесе күлдіреуік) басталуы мүмкін.
Балалар
Препарат балаларда ересектердегідей қолданылады.
Егде жастағы пациенттер.
Егде жаста қолдануға шектеулер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емді белгілер мен симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Герпестік инфекцияның локализациясына байланысты емдеуді кем дегенде 4-5 күн жалғастыру керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Ацикловир жақпамайының 5% жергілікті қолданғанда артық дозалануы тері арқылы шектеулі сіңуіне байланысты екіталай. Ацикловирі бар түтіктің ішіндегісінің барлығын ішке қабылдағаннан кейін де, жағымсыз әсерлер болмайды. Алайда, ацикловирмен қайтадан кездейсоқ ішке қабылдау артық дозалану бірнеше күннен кейін асқазан - ішек жолына (жүрек айну және құсу) және жүйке жүйесіне (бас ауыру және сананың шатасуы) жағымсыз әсер етуі мүмкін. Артық дозалануға күдік туған кезде дәрігерге көріну қажет. Ацикловир гемодиализ арқылы шығарылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Жиі емес
- препаратты жағу учаскелерінде өтпелі қызару және ашыту
- терінің аздап құрғауы немесе қабыршықтануы
- қышыну
Сирек
- эритема
- препараттың қосымша компоненттеріне реакциямен жиі байланысты жанаспалы дерматит
Өте сирек
- ангионевроздық ісінуді және есекжемді қоса, жедел түрдегі аса жоғары сезімталдық реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат - ацикловир 50.00 мг,
қосымша заттар: полиэтиленгликоль 540 Blend, полиэтиленгликоль 300
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Көзге көрінетін бөлшектерсіз, ақ немесе ақ дерлік түсті жұмсақ консистенциялы біртекті жақпамай.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 г препараттан жарғақшаны тесуге арналған кескіші бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар алюминий түтікке салынады.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Oxalis Labs, Үндістан
Village Theda, PO. Lodhimajra, Tehsil Baddi, Dist. Solan, Himachal Pradesh – 174 101, India
Тел.: + 9117 95669500
e-mail: ajay@macleodspharma.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан
Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.
Тел.: +9122 66762800, факс: +9122 28216599
e-mail: ajay@macleodspharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Macleods Pharmaceuticals Limited» ЖШК филиалы, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Төлебаев к-сі 38/61, 5 қабат
Тел./факс. +7 727 2734593
E-mail: regulatorykazakh@macleodspharma.com