Ацесоль (Раствор для инфузий, Инфузия ЗАО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ацесоль
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 200 және 400 мл ерітінді
Құрамы
1000 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: 2.0 г натрий ацетаты тригидраты 5.0 г натрий хлориді 1.0 г, калий хлориді, қосымша заттар: инъекцияға арналған су, Иондық құрам: Na+ – 100 ммоль, К+ – 13 ммоль, Cl¯ – 99 ммоль, ацетат – 15 ммоль. |
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Су-электролитті теңгерімге әсер етуші ерітінділер. Электролиттер.
АТХ коды В05ВВ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат қан арнасында аз ғана уақыт тұрақтайды. Тамыр арнасынан интерстициальді және жасуша ішілік кеңістікке өтеді. Диурезді күшейте отырып, бүйрек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Ацесоль осмостық теңгерімді біріктірілген препарат болып табылады.
Ерітінді уытсыздандырғыш және гемодинамикалық әсер етеді: гиповолемияны азайтады, қанның қоюлануын және метаболиялық ацидоз дамуын болдырмайды, қылтамырлар қан айналымын жақсартады, диурезді күшейтеді.
Қолданылуы
- электролитті және қышқылды-сілтілі бұзылуларды қарқынды ем іс-шаралары кешенінде түзетуде
- әр түрлі аурулар кезінде (оның ішінде жедел дизентерия, тамақтан улану жұқпасы, Эль-Тор тырысқағы) туындайтын организмнің сусыздануы және уыттануында
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамыр ішіне сорғалатып және тамшылатып енгізу керек.
Енгізілген және жоғалған сұйықтық теңгерімін әрбір 6 сағат сайын анықтайды!
Ерітіндіні қолданар алдында 36-38°С-ге дейін жылытады. Науқастарды гиповолемиялық шок жағдайынан шығару үшін жүргізілетін шұғыл регидратациялық ем препаратты 1-3 сағат сорғалатып енгізуге негізделеді. Алғашқы сағат бойына ерітіндіні науқастың 7-10 % дене салмағына сәйкес мөлшерде енгізеді. Одан кейін сорғалатып енгізуді тамшылатумен алмастырады. 24-48 сағат бойы минутына 40-120 тамшы жылдамдықпен енгізеді.
Енгізілетін ерітіндінің жалпы көлемі жоғалтқан сұйықтық көлеміне сәйкес болуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
- гиперкалиемия
- метаболикалық бұзылулар
- аллергиялық реакциялар
- ісінулер
- тахикардия
- қалтырау
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- гиперкалиемия
- алколоз
- гипернатриемия
- гипергидратация
- ми және өкпе ісінуі
- бүйрек пен бауырдың ауыр сипатты аурулары
- организмге көп мөлшерде сұйықтық енгізуге қарсы көрсетілімдердің болуы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препаратты электролитті теңгерімді зертханалық зерттеумен бақылай отырып қолданады. Бүйректің шығару қызметі бұзылған науқастарға сақтықпен енгізіледі.
Жүктілік пен лактация
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданудың тәжірибесі жоқ.
Балалар жасында
Препаратты балаларға қолдануға қойылатын шектеулерге қатысты деректер жоқ. Дозалау тәртібі зертханалық көрсетілімдер мен баланың дене салмағына байланысты түзетіліп отырады.
Дәрілік заттың көлік құралдары немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат тек стационар жағдайында қолданылатын болғандықтан препараттың көлік жүргізу немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер етуіне қатысты деректер жоқ.
Артық дозалануы
Гиперкалиемия симптомдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, дене температурасының жоғарылауы.
Емі: артериялық қысымды, ЭКГ және тамыр соғуын бақылай отырып, 10 % кальций хлоридін, сода ерітінділерін көктамыр ішіне енгізу.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Резеңке тығынмен саңылаусыз тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған (градуировкасы бар; градуировкасыз жіңішке және жуан мойны бар) бөтелкелерге 200 мл, 400 мл ерітіндіден құйылған.
Бөтелкелерге өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады (градуировкасы бар бөтелке үшін – градуировкасыз заттаңба; градуировкасыз жіңішке және жуан мойны бар бөтелке үшін – градуировкасы бар заттаңба).
Препараты бар бөтелкені медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісті нұсқаулықтар санымен бұйымдар қаптауға арналған машинада жылу ұстағыш полиэтилен үлбірмен 20 данадан (сыйымдылығы 200 мл немесе 250 мл бөтелкелер) және 12 данадан (сыйымдылығы 450 мл немесе 500 мл бөтелкелер) дәнекерлейді немесе екі дәнекерленген қаптамадан жәшікке немесе картон аралығы бар жәшікке 40 данадан (200 мл немесе 250 мл бөтелкелер) және гофрланған картон аралығы бар жәшікке 24 данадан (сыйымдылығы 450 мл немесе 500 мл бөтелкелер) қапталады.
Топтық қаптамадағы бөтелкелер санын тұтынушымен келісу арқылы өзгертуге болады.
Сақтау шарттары
25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Бөтелке герметикалылығы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру пайдалануға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Бөтелке ішкі беткейінің дымқылданбауы препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
“ ИНФУЗИЯ” жабық акционерлік қоғамы, Украина
04073, Киев, Мәскеу даңғылы, үй 21-А
тел.: (044) 490-93-75, 490-93-76.
E-mail: info@infuzia.com.ua
Тіркеу куәлігі иесінің атауы
“ ИНФУЗИЯ” жабық акционерлік қоғамы, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Аквилон - 1» ЖШС, Қазақстан Республикасы,
ОҚО, Шымкент қ., Бархатная к-сі, 25
тел: +77-252-56-68-41
E-mail: aqvilon_shm@mail.ru