Атазанавир и ритонавир

МНН: Атазанавир, Ритонавир
Производитель: Хетеро Лабс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинации противовирусных препаратов, активных в отношении ВИЧ
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022492
Информация о регистрации в РК: 24.11.2016 - 24.11.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Атазанавир және ритонавир

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг/100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 300.000 мг атазанавирге баламалы 341.710 мг атазанавир сульфаты, 100.000 мг ритонавир (формасы – I).

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), кросповидон (Полипласдон XL-10), төмен орын алмасқан (LH-11) гидроксипропилцеллюлоза, повидон (Коллидон 30), магний стеараты, коповидон (Пласдон S-630), сорбитан монолаураты (Cпан 20), коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), сусыз кальций дигидрофосфаты (А-Таб), натрий стеарилфумараты,

қабықтың құрамы: сары Опадрай 16С82767 (ГПМЦ 2910/гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ, гидроксипропилцеллюлоза, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, полисорбат 80.

Сипаттамасы

Капсула пішінді, кертілген екі беті дөңес, бір жағында "J" және екінші бетінде "73" өрнектелген, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған модификацияланған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар, біріктірілімдер.

АТХ коды J05AR

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Атазанавир

Сіңуі

Атазанавирдің толық биожетімділігі белгісіз. Дені сау еріктілерде 300 мг/100 мг бекітілген біріктірілімдегі таблеткалар түріндегі атазанавир сульфаты және ритонавирдің дозасын бір рет қолданудан кейін атазанавирдің қан плазмасындағы ең жоғары (Cmax) концентрациясының орташа мәні (± СО) 3683 (± 928) нг/мл құрайды, ал «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан үшін (AUC) тиісінше мәні 33033 (± 9141) нг∙сағ/мл болған. Атазанавирдің шыңдық концентрациясына (Tmax) жету уақытының орташа мәні (± СО) - 3.2 (± 0.7) сағат құрайды.

Тамақтың әсері

Атазанавир және ритонавирді тамақпен бірге қолдану атазанавирдің биожетімділігін жақсартады. 300 мг атазанавир дозасын және 100 мг ритонавир бір реттік дозасын жеңіл аспен бірге қолдану AUC - 33%-ға ұлғаюына, екі заттың да Cmax және атазанавирдің ашқарынға қабылдауға қатысты С0-24-40%-ға артуына әкелді. Биожетімділігін жоғарылату үшін және өзгергіштігін ең аз ету үшін атазанавирді тамақпен қабылдау керек.

Таралуы

Атазанавир қан сарысуы ақуыздарымен 86%-ға байланысады, бұл арада ақуыздармен байланысу дәрежесі концентрацияға тәуелді емес. Атазанавир α1-қышқыл гликопротеинмен және альбуминмен осындай дәрежеде байланысады. Атазанавир жұлын-ми және ұрық сұйықтықтарында анықталды.

Метаболизмі

Атазанавир негізінен тотыққан метаболиттер түзілуімен CYP3A4 изоферменті арқылы метаболизденеді. Метаболиттер өтке бос түрде немесе глюкуронды қышқыл конъюгаттары түрінде бөлінеді. Атазанавирдің елеусіз бөлігі N-дезалкилдену және гидролиз жолымен метаболизденеді.

Шығарылуы

14С-атазанавирді (400 мг) бір рет енгізуден кейін нәжіс пен несепте жалпы радиоактивтілігі тиісінше 79 және 13% болды. Өзгермеген атазанавирдің нәжіс пен несептегі үлесі енгізілген дозаның тиісінше 20 және 7% жуығын құрады. Дені сау еріктілерде және АИТВ-жұқпасын жұқтырған ересектерде атазанавирдің орташа T1/2 жеңіл сіңетін тамақпен күніне 400 мг дозада қабылдағанда 7 сағатқа жуықты құрады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде атазанавирдің ритонавирмен бекітілген біріктірілімі үшін қолжетімді фармакокинетикалық деректер жоқ. Атазанавир (ритонавирсіз) ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (n= 20) бар ересек, оның ішінде гемодиализдегі пациенттерде тәулігіне бір рет 400 мг көп рет қабылдау зерттелген. Бұл зерттеу кейбір шектеулермен (яғни, препараттың байланыспаған концентрациясы зерттелмеген) берілсе де, нәтижелер бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда гемодиализдегі пациенттерде атазанавир фармакокинетикасының параметрлері 30%-50%-ға төмендегендігін көрсетті. Бұл төмендеудің механизмі белгісіз.

Бауыр функциясының бұзылуы

Атазанавир негізінен бауырда метаболизденеді және шығарылады. Атазанавирдің 300 мг дозасындағы ритонавирмен фармакокинетикасына әсері зерттелмеген. Атазанавирдің ритонавирмен немесе онсыз концентрациясы күтілгендей орташа немесе ауыр бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде жоғарылауы тиіс.

Нәсілі

Әртүрлі нәсілдегі пациенттердің фармакокинетикасында айырмашылық болмайды.

Ритонавир

Сіңуі

Дені сау еріктілерде 300 мг/100 мг бекітілген біріктірілімдегі таблеткалар түріндегі атазанавир сульфаты және ритонавирді бір рет қолданудан кейін ритонавирдің Cmax орташа (± СО) мәні 1836 (± 530) нг/мл құрайды, ал AUC үшін тиісінше мәні 11479 (± 3644) нг∙сағ/мл құрайды. Ритонавирдің Tmax орташа (± СО) мәні 4.3 (± 0.4) құрайды.

Оральді сіңуіне тамақтың әсері

Тамақ ішу ритонавир биожетімділігін аздап төмендетеді. Таблеткадағы ритонавирдің 100 мг бір реттік дозасын майлылығы орташа немесе өте майлы тамақпен қолдану ритонавирдің AUC және Сmax 20 – 23 %-ға төмендеуімен бірге жүреді.

Таралуы

Ритонавирдің болжамды таралу көлемі (Vв/F) 600 мг бір дозасынан кейін шамамен 0,41+/-0,25 л/кг құрайды. Ритонавирдің адам плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 98 – 99%-ды құрайтыны анықталды. Ритонавир адамның альфа1-қышқыл протеинімен (AAG), сондай-ақ адамның сарысулық альбуминімен (HSA) салыстырмалы белсенділікпен байланысады. Плазма ақуыздарымен жалпы байланысуы концентрациясының 1 –ден 100 мкг/мл дейінгі диапазонында тұрақты болып табылады.

Метаболизмі

Ритонавирдің бауыр жүйесінің Р450 цитохромымен, көбіне CYP3A, және аз шамада – CYP2D6 изоферментімен ауқымды метаболизденетіні анықталды. Жануарлардағы, сондай-ақ адамның бауыр микросомаларымен in vitro тәжірибелер ритонавирдің метаболизмі көбіне оксидативті болатынын көрсетті. Адамда ритонавирдің 5 метаболиті сәйкестендірілген. Бас метаболиті вирусқа қарсы белсенділігі бастапқы дәрілік заттың белсенділігіне ұқсас изопропилтиазолдың (М-2) оксидативті метаболиті болып табылады. Алайда М-2 метаболитінің AUC бастапқы дәрілік заттың AUC-ның шамамен 3 %-ын құрайды.

Шығарылуы

Радиоактивті таңбаланған ритонавирмен зерттеулер адамдағы ритонавирдің элиминациясы көбіне гепатобилиарлық жүйе арқылы жүретінін көрсетті; несепте шамамен 86 % радиациялық белгі табылды. Бұл зерттеулерде ритонавирдің шығарылуының негізгі жолы бүйрек элиминациясы болмайтыны анықталды.

Тұрғын халықтың ерекше топтары

Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер

Ауырлығы жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге доза өзгертудің қажеттігі жоқ. Ауырлығы орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты адекватты фармакокинетикалық деректер жоқ. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде ақуыздармен байланысуы статистикалық нақты өзгермейді.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер

Пациенттердің бұл санатында қазіргі уақытта жеткілікті деректер жоқ. Ритонавир организмнен гемодиализ және перитонеальді диализ көмегімен елеулі мөлшерде шығарылмайды.

Фармакодинамикасы

Препарат екі белсенді заттың: атазанавир және ритонавирдің бекітілген біріктірілімі болып табылады.

Атазанавир АИТВ-жұқпасын жұқтырған жасушаларда жетілген вириондар түзілуін және басқа жасушалардың жұқпа жұқтыруын болдырмай, вирусты gag-pol протеиндер синтезін таңдап тежейтін АИТВ-1 протеазасының азапептидті тежегіші болып табылады. Атазановирдің вирусқа қарсы әсері АИТВ-1(барлық тестіленген штаммдарды қоса) және АИТВ-2 әсер ете алады.

Ритонавир –АИТВ-1 және АИТВ-2- аспартилпротеазаның пептидомиметикалық тежегіші. АИТВ-протеаза тежелуі бұл ферментті gag-pol полипротеиннің ізашарларын өңдеуге қабілетсіз етеді, бұл басқа жасушаларға жұқпа жұқтыруға қабілетсіз морфологиялық жетілмеген АИТВ-бөлшектері түзілуіне әкеледі. Ритонавирдің АИТВ-протеазаға селективті тектестігі бар және адамның аспартил-протеазасына қарсы тежегіштік белсенділігі аз.

Қолданылуы

- атазанавир (сульфат түрінде) және ритонавир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг/100 мг басқа антиретровирустық дәрілік препараттармен біріктірілімде АИТВ-1 - жұқпасын жұқтырған ересектерде және дене салмағы 39 кг кем емес балаларды емдеу үшін көрсетілген.

Бұрын емдеу курсын өткен науқастарды емдегенде 300 мг/100 мг дозадағы атазанавир және ритонавирдің бекітілген біріктірілімі осы препаратты таңдау пациенттерді емдеу тарихына және егер болып жатса вирусқа жеке резистенттілігінің тесттері нәтижесіне негізделуі тиіс.

АИТВ-1 –инфекциясын емдеу бойынша ресми ұсыныстарды ескеру керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Атазанавир және ритонавир препаратын тағайындауды АИТВ –инфекциясын емдеуде жеткілікті тәжірибесі бар дәрігер жасауы тиіс.

Дәрілік затты ас қабылдау уақытында ішу арқылы қабылдайды.

Атазанавир және ритонавир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын шайнамай, сындырмай және ұсақтамай тұтас күйде жұтады.

Ересектер және дене салмағы 39 кг астам балалар: ұсынылатын доза тәулігіне бір рет, тамақпен бірге ішу арқылы 300 мг/100 мг бір таблетканы құрайды.

Дене салмағы 39 кг аз балалар: препарат атазанавир және ритонавирдің анықталған дозасының бекітілген біріктірілімі болғандықтан бұл жағдайда азайтылған дозалаумен бір компонентті дәрілік түрде қабылдау ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Атазанавир және ритонавир препаратын ауырлығы жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қабылдау керек. Атазанавир және ритонавир препараты ауырлығы орташа және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға қарсы көрсетілімде.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Пациенттердің бұл тобы үшін доза түзету талап етілмейді. Препаратты гемодиализдегі пациенттерге қабылдау ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Атазанавир немесе ритонавирге қатысты келесі жағымсыз әсерлер тіркелген.

Жағымсыз әсерлері кездесуінің шартты белгілері: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1000, <1/100); сирек (≥1/10000, <1/1000).

Өте жиі

- холелитиаз

Жиі

- бас ауыруы

- іштің ауыруы, диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу

- бөртпе

- жалпы әлсіздік, қажығыштық

- ақ қабықтың сарғаюы

Жиі емес 

- аллергиялық реакциялар

- ауыз құрғауы, дәм сезу бұрмалануы, метеоризм, гастрит, панкреатит, афтозды стоматит, іш кебуі

- АҚ жоғарылауы, естен тану

- кеуденің ауыруы, қызба, жалпы дімкәстік, липодистрофия

- таздану, қышыну, есекжем

- анорексия, тәбеттің жоғары болуы, дене салмағы төмендеуі, дене салмағы артуы, маркетингтен кейінгі деректер (жиілігі анықталмаған) — гипергликемия, қант диабеті

- ентігу

- шеткері нейропатия, бас айналуы, жадыны жоғалту, ұйқышылдық, мазасыздану, депрессия, ұйқының бұзылуы, ұйқы сипатының өзгеруі, ұйқысыздық, бағдарлаудың бұзылуы

- артралгия; бұлшықет атрофиясы, миалгия

- гематурия, жиі несеп бөлу, протеинурия, нефролитиаз

- гинекомастия

- гепатит

Сирек

- вазодилатация, везикулобуллезді бөртпе, экзема, мультиформалы эритема, уытты тері бөртпесі, эозинофилиясы және жүйелік симптомдары бар (DRESS синдром) дәрілік реакция, Стивенс-Джонсон синдромы

- миопатия, остеонекроз

- бүйрек аумағының ауыруы

- ісінулер, жиілеген жүрек қағуы

- кеуденің ауыруы, дімкәстану, қызба, астения

- жүріс-тұрыстың бұзылуы

- гепатоспленомегалия

Белгісіз

иммундық жүйе қалпына келуінің синдромы.

Маркетингтен кейінгі деректер (жиілігі анықталмаған)

- 2-ші және 3-ші дәрежелі AV блокадасы, QTc аралығының ұзаруы, torsade des pointes типті жүрек аритмиясы.

- гепатит, холелитиаз, холецистит, холестаз

Протеаза тежегіштерін қолданғанда А және В типті гемофилиясы бар пациенттердегі қан кетудің, өздігінен болатын тері реакциялары және гемартроздардың жеке-дара жағдайлары бар. Құрамында атазанавир және кері транскриптазаның бір немесе бірнеше нуклеозидты, нуклеотидты және нуклеозидты емес тежегіштері бар ем алған пациенттерде зертханалық көрсеткіштердің кеңірек таралған ауытқуы қан сарысуындағы жалпы билирубиннің (87%), әсіресе тікелей емес (байланыспаған) билирубиннің жоғарылауы болды. Зертханалық параметрлердің басқа елеулі ауытқуы науқастардың ≥2%-да: креатинфосфокиназа белсенділігі жоғарылауы (7%), АЛТ (5 %) белсенділігі жоғарылауы, нейтрофильді лейкоциттер мөлшері азаюы (5%), АСТ белсенділігі (3%), липаза белсенділігі жоғарылауы (3%) анықталды. Жағымсыз әсерлер дамуына байланысты емді тоқтату антиретровирустық ем алған, сондай-ақ алмаған 5% пациенттерде талап етілді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- атазанавир/ритонавирге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- препаратты декомпенсациялы бауыр аурулары бар пациенттерге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде де, антиретровирустық дәрі ретінде қолдануға болмайды

- ритонавир CYP3A және CYP2D6 изоферменттері медиатор болып табылатын биотрансформацияның қуатты тежегіші болып табылады

- келесі препараттармен бір мезгілде қолдану: α1-альфузозин, петидин, пироксикам, пропоксифен, амиодарон, бепридил, энкаинид, флеканид, пропафенон, квинидин, фузидий қышқылы, вориконазол, астемизол, хинидин, триазолам, мидазолам (ішке қабылдауға арналған), индинавир, иринотекан, рифампицин, алфузозин, силденафил (оны өкпе артериялық гипертензиясын емдеу үшін тағайындағанда), салметерол, галофантрин, терфенадин, рифабутин, клозапин, пимозид, блонансерин; дигидроэрготамин, эргоновин, производными эрготамина (әсіресе эрготаминмен, дигидроэрготаминмен, эргометринмен, метилэргометринмен), метилергоновин, цизаприд, ловастатин, симвастатин, сальметерол, клоразепам, диазепам, этазолам, флуразепам, мидазолам пероральді және триазолам; құрамында шайқурай бар препараттар (Нipericum perforatum)

- бауырдың ауырлығының дәрежесі орташа және ауыр жеткіліксіздігі, созылмалы В, С гепатиті

- гемодиализдегі пациенттер

- жүктілік және лактация кезеңі

- дене салмағы 39 кг төмен балалық жас

Сақтықпен: қант диабеті, гипергликемия, дислипидемия, гипербилирубинемия, нефролитиаз, вирустық гепатиттер, ауырлығының дәрежесі жеңіл бауыр жеткіліксіздігі, А және В гемофилиясы, PR аралығы ұзаруының туа біткен синдромы, QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы, асқазан сөлінің жоғары қышқылдылығы, невирапинмен, эфавирензбен, ГКС бірге қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бұл дәрілік зат құрамындағы екі белсенді заттың: атазанавир және ритонавирдің біріктірілген препараты болып табылады.

Препарат компоненттерінің әрқайсысының барлық болжамды өзара әрекеттесулерін ескеру керек. Атазанавир тотыққан метаболиттер түзе отырып, негізінен CYP3A4 изоферменті арқылы метаболизденеді. Ритонавирдің кейбір P450 цитохромы (CYP) изоформаларымен кейбір тектестігі бар және тотығуды келесі тәртіптегі қарқындылықпен: CYP3A4 > CYP2D6 бәсеңдетуі мүмкін. Атазанавир және ритонавирді негізінен CYP3A изоферменті қатысуымен метаболизденетін препараттармен біріктірілімде қолдану бұл дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясын жоғарылатуы және тиісінше олардың емдік әсерінің және жағымсыз реакцияларының күшеюін және ұзаруын тудыруы мүмкін. Жеке дәрілік заттар үшін (мысалы, альпразолам) CYP3A4 қатысты ритонавирдің тежегіш әсері уақыт өте келе әлсіреуі мүмкін. Ритонавирдің сондай-ақ P гликопротеинмен тектестігі жоғары және тиісінше бұл тасымалдағышты тежеуге ықпалды.

Р-gp белсенділігін ритонавирмен тежеу (протеазаның басқа тежегіштерімен немесе онсыз) уақыт өте келе әлсіреуі мүмкін (мысалы, дигоксин және фексофенадинге қатысты – «ритонавирдің антиретровирусты емес дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері» кестесін қараңыз). Ритонавир глюкуронизациясын және CYP1A2, CYP2C8, CYP2C9 және CYP2C19 изоферменттерімен тотығуын стимуляциялауы мүмкін, демек метаболизмнің тиісті жолдарын өтетін кейбір дәрілік заттардың биотрансформациясын стимуляциялауы мүмкін. Бұдан осы препараттардың жүйелік экспозициясының төмендеуі және емдік әсерінің азаюы немесе қысқаруы туындауы мүмкін. Атазанавир және ритонавирді бірге қабылдағанда ритонавирдің дәрілік өзара әрекеттесулерінің метаболизмдік бейіні басым болуы мүмкін, өйткені ритонавир

атазанавирге қарағанда CYP3A4 қуатты тежегіші болып табылады.

Атазанавир және ритонавир препараты CYP3A4 субстраттары болып табылатын және емдік индексі тар: мысалы, астемизол, терфенадин, пимозид, хинидин, бепридил, триазолам, пероральді мидазолам және қастауыш алкалоидтары сияқты дәрілік препараттармен үйлесімде қолдану қарсы көрсетілімде.

Сақтықпен қолданылуы тиіс біріктірілген емнің түрлері:

КТНЕТ: Атазанавир және ритонавир препаратын невирапинмен немесе эфавирензбен қолдану ұсынылмайды. Егер Атазанавир және ритонавирді КТНЕТ-мен бірге қабылдау қажет болса, онда атазанавирдың да, сондай-ақ ритонавирдың да дозасын тиісінше 400 мг және 200 мг дейін ұлғайтуды қарастыру керек. Эфавирензбен үйлестіргенде мұқият клиникалық бақылау керек. Дозаны осылай түзету берілген Атазанавир және ритонавир біріктірілген препаратымен және бекітілген дозалауға қол жеткізілуі мүмкін.

Рифампицин: атазанавир және ритонавир препаратын рифампицинмен бірге қабылдау қарсы көрсетілімде. Ол атазанавирмен және ритонавирмен үйлесімде атазанавир концентрациясының көп төмендеуін туындатады, бұл атазанавирдің емдік әсерінің азаюына және резистенттілік дамуына әкеледі.

Атазанавирдің немесе протеазаның басқа тежегіштерінің жоғары дозаларын қанағаттанарлық әсерге қол жеткізу ұмтылысында пайдалану гепатоуыттылықтың жиі жағдайларына әкелді.

ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері: симвастатин және ловастатиннің метаболизмде CYP3A тәуелділігі күшті, сондықтан рабдомиолизді қоса, миопатия дамуының жоғары қаупінен Атазанавир және ритонавир препаратын симвастатинмен немесе ловастатинмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Сондай-ақ Атазанавир және ритонавир препаратын CYP3A4 аз дәрежелі метаболизденетін розувастатинмен немесе аторвастатинмен бірге тағайындағанда сақтық және доза төмендету керек. ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен емдегенде негізінен правастатин немесе флувастатин қабылдау ұсынылады.

CYP3A4 индукторлары: атазанавир негізінен CYP3A4 метаболизденеді. Атазанавир және ритонавир препаратын және CYP3A4 индукциялайтын дәрілік препараттарды бірге қабылдау ұсынылмайды.

Зеңге қарсы препараттар: Егер тек қана пайда/қаупі арақатынасы вориконазол пайдалануды ақтамаса, Атазанавир және ритонавир препаратын және вориконазолды бірге қабылдау ұсынылмайды.

Қышқылдығын төмендететін заттар: атазанавир сіңірілуі қарыншалық рН ұлғаюында себебіне байланыссыз азаяды.

Атазанавир және ритонавир препаратын протон помпалары тежегіштерімен бірге қабылдау ұсынылмайды. Егер бұл біріктірілімді қолданбаса болмайтын болса,

атазанавир дозасын 400 мг, ритонавирді - 100 мг дейін ұлғайтумен; протон помпалары тежегішінің дозасы 20 мг аспауы тиіс (мыс. омепрозол), үйлесімдегі мұқият клиникалық бақылау ұсынылады.

Атазанавир және ритонавир препаратын тенофовирмен және Н2 рецепторлары агонистерімен бірге қабылдаудан аулақ болу керек.

Гормондық контрацептивтер: Атазанавир және ритонавир препаратын құрамында этинилэстрадиол 30 мкг кем емес оральді контрацептивтермен бірге қабылдау ұсынылады.

Пациентті осындай дозалау режимінен хабардар ету керек.

Атазанавир және ритонавир препаратының құрамында прогестагендер бар басқа да гормондық контрацептивтермен өзара әрекеттесулері зерттелмеген. Гормондық емес контрацепцияның бөгегіш немесе басқа да әдістерін қолдану туралы мәселені қарастыру керек.

Глюкокортикоидтар: Атазанавир және ритонавир препаратын флутиказонмен немесе CYP3A4 метаболизденетін басқа да глюкокортикоидтармен, тек егер емнің потенциалды пайдасы Кушинг синдромын және бүйрек үсті бездерінің функциясын бәсеңдетуді қоса, кортикостероидтардың жүйелік әсері қаупінен астам болса бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Болжамды өзара әрекеттесулер тізбесі: атазанавирмен/ритонавирмен немесе тек ритонавирмен және таңдалып бірге қабылданатын дәрілік препаратпен арасындағы өзара әрекеттесулер төмендегі кестеде аталып берілген. 1 кестеде берілген зерттеулер, егер басқаша көрсетілмесе, дені сау ересек адамдарда жүргізілген. Кейбір зерттеулер ритонавирсіз атазанавирмен, яғни күшейтілмей, жүргізілген. Кейбір жағдайларда деректер тек ритонавирмен өзара әрекеттесуіне ғана қатысты.

1 кесте: Атазанавир және ритонавирдің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері

Бірге қабылданатын препарат

Өзара әрекеттесулері

Бірге қабылдауға қатысты ұсыныстар

ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

АНТИРЕТРОВИРУСТЫҚ ПРЕПАРАТТАР

Кері транскриптазаның нуклеозидты / нуклеотидты тежегіштері (КТНТ)

Диданозин (буферлік таблеткалар) 200 мг/ставудин 40 мг, екеуі де бір реттік дозалар (атазанавир 400 мг бір реттік доза)

Диданозин (ішекте еритін капсулалар) 400 мг бір реттік доза/ атазанавир 300 мг 1р./тәу. ритонавирмен 100 мг 1р./тәу.)

Атазанавир (диданозинмен + ставудинмен,ашқарынға бір мезгілде қабылдау)

AUC ↓ 87%,

Cmin ↓ 84%

Атазанавир (диданозин + ставудиннен кейін 1 сағаттан соң, ашқарынға қабылдау)

AUC ↑ 3%,

Cmin ↑ 3%,

Өзара әрекеттесуінің механизмі pH жоғарылайтын атазанавир ерігіштігі азаюын көрсетеді, бұл дидинозинде, буферлік таблеткаларда қышқылдықты төмендететін заттар болуына байланысты.

Диданозин (тамақпен)

AUC↓34%,

Cmin↑25%

Диданозин препаратын ашқарынға Атазанавир және ритонавир препаратын тамақпен бірге қабылда-ғаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Атазанавир және ритонавир препаратын және ритонавирді ставу-динмен бірге қабылдағанда ставудинге әсерінде елеулі өзгеріс күтілмейді.

Атазанавир концентрациясы диданозинмен (буферлік таблеткалар) және ставу-динмен бірге қолданғанда елеулі төмендеген. Диданозин және ставудин концентрациясына елеулі әсері бақыланбады. Оны қабығы ішекте еритін таб- летка түрінде және диданозинмен қолданғанда атазанавир концентрация-

сына елеулі әсері бақыланбады, бірақ тамақпен бірге қолдану диданозиннің әсерін азайтады.

Ламивудин 150 мг 2 р./тәул. + зидовудин 300 мг 2 р./тәул./ Атазанавир 400 мг 1 р./тәул.

Ламивудин немесе зидовудиннің концентрациясына елеулі әсері жоқ

Доза түзету талап етілмейді.

Тенофовир дизопроксил фумараты 300 мг 1 р./тәу./ атазанавир 300 мг 2 р./тәу. ритонавирмен 100 мг 1 р./тәу.

(құрамдық талдау, АИТВ-жұқпасын жұқтырған пациенттер)

Атазанавир

AUC ↓ 22%,

Cmin ↓ 23%

Тенофовир

AUC ↑ 37%

Cmin ↑29%

Атазанавирмен және тенофовирмен өзара әрекеттесулердің механизмі белгісіз.

Бұрын емдеу курсын өткерген/өткермеген пациенттерде Атазанавир және ритонавирдің тенофовирмен үйлесімдегі тиімділігі көрсетілді.

Пациенттерді тенофовирге байланысты жағымсыз реакциялар туындауына, оның ішінде бүйрек тарапынан бұзылуларға мұқият бақылау керек.

Абакавир

Зерттелмеген, бірақ ешбір елеулі әсері

күтілмейді

Доза түзету қажеттігі жоқ.

Кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштері (КТНЕТ)

Эфавиренз 600 мг 1 р./тәу./ Атазанавир 400 мг 1 р./ тәу. ритонавирмен 100 мг 1 р./ тәу.)

Эфавиренз 600 мг 1 р./ тәу.

/атазанавир 400 мг 1 р./тәу. ритонавирмен 200 мг 1 р./тәу.

(атазанавирдің барлығын кешкісін,

тамақпен)

Атазанавир

AUC

Cmin ↓ 42%

AUC атазанавир ↑ 6%

Cmin ↑ 12%

(атазанавирмен 300 мг/ ритонавирмен 100 мг салыстырғанда 1 р./тәу. кешкілік уақытта эфавирензсіз)

Эфавирензді Атазанавир және ритонавир препара-тымен бірге қолдану ұсынылмайды.

Егер Атазанавир және ритонавир КТНЕТпрепарат

тарын бірге қабылдау қажет болса, атазанавир және ритонавир дозасын 400 мг және 200 мг дейін тиісінше ұлғайту және мұқият клиникалық бақылау керек.

Невирапин 200 мг 2 р./тәу./ Атазанавир 400 мг 1 р./ тәу. ритонавирмен 100 мг 1 р./ тәу.

Зерттеуді АИТВ-жұқпасын жұқтырған пациенттерде жүргізген

Атазанавир AUC ↓19%,

Cmin ↓ 59%

Невирапин

AUC ↑ 26%,

Cmin ↑ 35%

Невирапинді Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қабылдау ұсынылмайды.

Интеграза тежегіштері

Ралтегравир 400 мг 2 р./тәу. (атазанавир / ритонавир)

Ралтегравир

AUC ↑ 41%,

C12ч ↑↑ 77%

Ралтегравир үшін доза түзету қажеттігі жоқ.

CCR5 тежегіштері

Маравирок/атазанавир

300 мг/ритонавир 100 мг

Маравирок AUC12 ↑ 388% Маравирок Cmax: ↑ 167%

Атазанавир / ритонавир концентрациясы өлшенбеген, ешбір әсері күтілмейді.

Маравирок дозасы 150 мг 2 р./тәу. дейін азайтылуы тиіс

Протеаза тежегіштері: Атазанавир және ритонавир препаратын басқа протеаза тежегіштермен бірге қабылдағанда басқа протеаза тежегіштеріне әсері артуы күтіледі. Екі протеаза тежегішін біріктіргеннің ешбір вирусологиялық артықшылығы көрсетілмеген, сондықтан бірге қабылдау ұсынылмайды.

Антимикобактериялық препараттар

Рифампицин/атазанавир

Атазанавир

AUC ↓ 72%

Атазанавир немесе ритонавирмен қолданыла-тын немесе басқа протеаза тежегіштерінің дозасын арттыруда гепатоуытты-лықтың жиі жағдайлары бақыланады.

Рифампицин және атазанавирді төмен дозадағы ритонавирмен бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Рифабутин 150 мг аптасына екі рет /атазанавир 300 мг және ритонавир 100 мг 1 р./тәу.

Рифабутин

AUC ↑ 48%

Cmin ↑ 40%

25-О-деацетил-рифабутин (белсенді метаболит)

AUC ↑ 10,9 рет (рифабутинмен 150 мг ғана салыстыру бойынша

Ересектерде рифабутин дозасын 150 мг 1 р./тәу. дейін немесе 150 мг дейін аптасына үш рет төмендету ұсынылады. Мұқият бақылау керек (мысалы, нейтропения және увеит болуына).

1 р./тәу.)

Алдыңғы зерттеулерде атазанавир фармакокинетика-сы рифабутинмен өзгермеген.

Атазанавир және ритонавир

препаратының дозасын түзету талап етілмейді.

Басқа инфекцияға қарсы препараттар

Антибиотиктер

Кларитромицин 500 мг

2 р./тәу./атазанавир 400 мг

1 р./тәу.

Кларитромицин

AUC ↑ 94%

Cmin ↑ 160%

14-ОН-кларитромицин (белсенді метаболит)

AUC ↓ 70%

Cmin ↓ 62%

Атазанавир

AUC ↑ 28%,

Cmin ↑ 91%

Кларитромицин дозасын азайтудың қажеті жоқ, өйткені 14-ОН кларитромициннің (бел-сенді метаболит) субтерапевтік концентра-циясына әкелуі мүмкін.

Атазанавир және ритонавир препаратын кларитромицинмен бірге қабылдағанда сақ болу керек.

Эритромицин

Зерттелмеген. CYP3A4 тежелуінен қан плазмасындағы эритромицин концентрациясы артуы күтіледі.

Эритромицинді Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қабылдағанда емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын мұқият бақылау ұсынылады.

Сульфаметоксазол/тримето-прим

Өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Фузидий қышқылы

Зерттелмеген. Фузидий қышқылын ритонавирмен бірге қабылдау ең алдымен қан плазмасында екі заттың да концентрациясының артуына әкеледі.

Атазанавир және ритонавир препаратын фузидий қышқылымен бірге қабылдау қарсы көрсетілімде.

Зеңге қарсы препараттар

Кетоконазол 200 мг 1 р./тәу.

/атазанавир 400 мг 1 р./тәу.

Итраконазол

Атазанавир концентра-циясының елеулі әсері бақыланбады. Итраконазол да, кетоконазол сияқты CYP3A4 күшті тежегіші және субстраты болып табылады.

Кетоконазол және итра-коназолды Атазанавир және ритонавир препаратымен сақтықпен пайдалану керек.

Кетоконазолдың

Басқа күшейтілген ПТ және кетоконазол қолданғанда алынған кетоконазол AUC 3 есе ұлғаюын көрсеткен деректерді негізге алса, атазанавир ритонавирмен кетоконазол немесе итраконазол концентра-циясын ұлғайтуы күтіледі.

және итраконазолдың жоғары дозасы (> 200 мг/тәулік) ұсынылмайды.

Вориконазол

Атазанавир ритонавирмен және вориконазолмен бірге қабылдануы зерттелмеген.

Дені сау еріктілерде вориконазолды және төмен дозада (100 мг) ритонавирді бірге қабылдау ворикона-золдың AUC және Cmax 39%-ға және 24%-ға тиі-сінше төмендетті. Ритонавирдің AUC және Cmax -14% және 24%-ға тиісінше төмендеді.

Пациент үшін пайда/қаупі-нің арақатынасы ворикона-зол пайдалануды ақтайтын жағдайларды қоспағанда, Атазанавир және ритонавир препаратын вориконазол- мен қабылдау ұсыныл-майды.

Жағымсыз реакциялары болуына және/немесе тиім-ділігі жойылуына мұқият бақылау керек.

Флуконазол 200 мг 1 р./тәу.

/атазанавир 300 мг және

ритонавир 100 мг 1 р./тәу.

Атазанавир және рито-навирді флуконазолмен бірге қабылдағанда атаза-навир және флуконазол концентрациялары елеулі өзгермеген.

Басқа зерттеулер ритона-вирдің әсеріне тиісінше тиімділік көрсетпеген.

Доза түзету талап етілмейді.

Безгекке қарсы препараттар

Атоваквон + прогуанил

Зерттелмеген

Атоваквон және прогуанил әсері азаюы мүмкін. Емдік әсері мұқият бақылануы тиіс.

Артемизинин туындылары

Зерттелмеген.

CYP3A4 артемизининдердің метаболизмінде елеулі рөл атқармайды.

Доза түзету талап етілмейді.

Галофантрин

Зерттелмеген

Галофантрин QT аралығын ұзартады және CYP3A мета-болизденеді. Бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Люмефантрин

Зерттелмеген

Люмефантрин CYP3A4 метаболизденеді және QT аралығы ұзаруын туын-датады. Бірге қолдану сақ-тықпен ұсынылады.

Хинин

Зерттелмеген.

Хинин QT аралығын ұзартады және CYP3A мета-болизденеді. Бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Хлорохин

Зерттелмеген.

Хлорохин CYP3A метаболизденеді, сондықтан концентрация деңгейі ұлғайтылуы мүмкін.

Сақтықпен қабылдау және хлорохиннің уыттылық белгілерін қадағалау керек.

Мефлохин

Ритонавирді (200 мг) мефлохинмен бірге қабыл-дау ритонавирдің AUC 31%-ға төмендеуіне әкелді. Мефлохин көрсеткіштері өзгермеді.

Доза түзету талап етілмейді.

Сульфадоксин + пиримета-мин

Зерттелмеген. Өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Доза түзету талап етілмейді.

Доксициклин

Зерттелмеген. Өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Доза түзету талап етілмейді.

ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН ТӨМЕНДЕТЕТІН ЗАТТАР

Н2 рецепторлары антагонистері

Тенофовирсіз

Атазанавир/ритонавирді ұсынылған дозаларда 300/100 мг 1 р./тәу. қабылдайтын АИТВ-жұқпасын жұқтырған пациенттерде

Тенофовир қабылдамай-тын пациенттер үшін. Ата-зановир және ритонавир препаратын Н2-рецеп-торлары антагонистерімен бірге қолданғанда фамоти-диннің 20 мг баламалы дозасын тәулігіне 2 реттен асырмау керек. Н2-рецеп-торлары антагонистерінің дозасын ұлғайту қажет болғанда атазанавир/рито-навирдің дозасын бекітілген біріктірілімде 300/100 мг -ден 400/100 мг дейін арттыруға болмайды.

Фамотидин

20 мг

2 р./тәу.

Фамотидин

Атазанавир

AUC ↓ 18%

Cmin ↓ 1%

Атазанавир

AUC ↓ 23%

Cmin ↓ 20%

Атазанавир/ритонавирді жоғары дозада 400/100 мг 1 р./тәу. қабылдайтын дені сау еріктілерде

Фамотидин 40 мг 2 р./тәу.

Атазанавир

AUC ↑ 3%

Cmin ↓ 24%

Тенофовирмен 300 мг 1 р./тәу.

Атазанавир/ритонавирді ұсынылған дозаларда 300/100 мг 1 р./тәу. қабылдайтын АИТВ-жұқпасын жұқтырған пациенттерде

Фамотидин 20 мг 2 р./тәу.

Фамотидин 40 мг 2 р./тәу.

Атазанавир

AUC ↓ 21% †

Cmin ↓ 19% †

Атазанавир

AUC ↓ 24% †

Cmin ↓ 25% †

Тенофовир қабылдайтын пациенттер үшін, Ата-зановир/ритонавир препара-тын 300/100 мг Н2-рецеп-торлары антагонисі тенофо-вирмен біріктірілімде бірге қолдану ұсынылмайды. Егер бұл біріктірілімсіз бол-майтын болса, клиникалық бақылау ұсынылады; атаза-новир/ритонавирдің доза-сын 300/100 мг-ден 400/100 мг дейін жоғарылатуға болмайды.

Тамақ ішу аясындағы атазанавирдің бір реттік дозасы 300 мг ритонавирмен 100 мг және тенофовир дизопроксил фумараты 300 мг салыстырылды. Атазановирді 300 мг ритонавирмен 100 мг тенофовирсіз салыстырғанда атазанавирдің концентрациясы шамамен 20%-ға төмендеуі күтіледі.

Өзара әрекеттесу механизмі Н2- блокаторларын қабылдаудан туындаған қарыншалық рН жоғарылауы есебінен атазанавир ерігіштігі төмендеуімен түсіндіріледі.

Протон помпасы тежегіштері

Омепразол 40 мг 1 р./тәу.

/атазанавир 400 мг 1 р./тәу. ритонавирмен 100 мг 1 р./ тәу.

Атазанавир (таңертеңнен):

омепразолдан кейін 2 сағ.

соң

Омепразол 20 мг 1 р./тәу.

/атазанавир 400 мг 1 р./тәу. ритонавирмен 100 мг 1 р./ тәу.

Атазанавир (таңертеңнен):

омепразолдан кейін 1 сағ.

соң

Атазанавир

AUC ↓ 61%

Cmin ↓ 65%

Атазанавир

AUC ↓ 30%

Cmin ↓ 31%

Атазанавир және рито-навир препаратын протон помпасы тежегіштерімен қабылдау ұсынылмайды. Егер бұл біріктірілімді қолданбаса болмайтын болса, атазанавир 400 мг, ритонавир - 100 мг дейінгі дозада ұлғайтумен үйлес-тіріліп клиникалық мұқият бақылау ұсынылады; протон помпасы тежегіш-терінің дозасы 20 мг аспауы тиіс (мысалы, омепрозол).

Атазанавир және ритонавир дозасы ұлғайтылғанда (400/100 мг 1 р./тәу.) және омепразол қабылдаудан уақытша 12 сағатқа бөлектенгенде ритонавирдің әсер етуіне қарамастан, атазанавирдің AUC, Cmax және Cmin азайтылуы бақыланады. Осыған ұқсас нәтижелер басқа протон помпасы тежегіштерінен күтіледі.

Антацидтер

Атазанавир концентрация-сының төмендеуі асқазанның жоғары рН салдары болуы мүмкін

Атазанавир және рито-навир препаратын антацид-терден немесе буферлік дә-рілік препараттарынан 2 сағат бұрын немесе 1 сағат кейін қабылдау керек.

Альфа-1 адренорецепторлары антагонистері

Альфузозин

Гипотензияға әкелуі мүмкін альфузозин концентрациясының арту ықтималдығы бар.

Өзара әрекеттесу механизмі атазанавирмен/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі болып табылады.

Атазанавир және ритонавир препаратын альфузозинмен бірге қабылдау қарсы көрсетілімде.

Аритмияға қарсы препараттар

Амиодарон,

Хинидин

Амиодарон және хинидин концентрациясының жоғарылауы мүмкін

Атазанавир және ритонавир препаратын амиодаронмен немесе хинидинмен бірге қабылдау қарсы көрсетілімде противопоказан.

Жүйелік лидокаин

Лидокаин концентрациясының жоғарылауы мүмкін

Егер жедел қарыншалық аритмияны емдеу үшін вена ішіне лидокаин енгізсе сақ болу керек, сондай-ақ клиникалық мониторинг ұсынылады.

Дигоксин

(0.5 бір реттік доза ВВ/ритонавир 300 мг 2 р./тәу. (3 күн))

(0.4 бір реттік ішу арқылы қабылданатын доза/ритонавир 200 мг 2 р./тәу.)

Дигоксин AUC ↑ 86%

Дигоксин AUC ↑ 22%

Егер Атазанавир және ритонавир препаратын дигоксинмен бірге қолданса сақ болу керек, сондай-ақ клиникалық мониторинг ұсынылады. Ритонавир қабылдайтын пациенттерде бақыланған дигоксин деңгейі жоғарылауы индукция-лануы дамуына қарай уақыт өте келе төмендеуі мүмкін.

Флекаинид, энкаинид, пропафенон

Ритонавирмен бірге қабылдау ең алдымен, қан плазмасындағы флекаинид, энкаинид және пропафенон концентрациясы артуына әкеледі.

Атазанавир және ритонавир препаратын флекаинидпен, энкаинид-пен немесе пропафенон-мен бірге қабылдау қарсы көрсетілімде.

Дигоксин

(0,5 бір реттік доза ВВ/ритонавир 300 мг 2 р./тәу. (3 күн))

(0,4 бір реттік ішу арқылы қабылданатын доза/ритонавир 200 мг 2 р./тәу.)

Дигоксин AUC ↑ 86%

Дигоксин AUC ↑ 22%

Егер Атазанавир және ритонавир препараты және дигоксин бірге қолданылса сақ болу керек, сондай-ақ клиникалық мониторинг ұсынылады. Ритонавир қабылдайтын пациент-терде бақыланатын дигок-синнің деңгейі жоғары-лауы индукциялануы дамуына қарай уақыт өте келе төмендеуі мүмкін.

ДЕМІКПЕГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР

Сальметерол

Ритонавир CYP3A4 тежейді; қан плазмасындағы сальметерол концентрация-сының айқын артуы күтіледі.

Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Теофиллин

Ритонавирмен бірге қолданғанда CYP1A2 индукциялануы есебінен теофиллин дозасы арттырылуы мүмкін.

Теофиллин тиімділігін Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолданғанда мұқият бақылау керек.

ІСІККЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР ЖӘНЕ ИММУНОДЕПРЕССАНТТАР

Ісікке қарсы препараттар

Иринотекан

Атазанавир УДФ тежейді және иринотекан мета-болизміне қатысуы мүмкін, бұл иринотекан уыттылығы артуына әкеледі.

Атазанавир және ритонавир препаратын иринотеканмен бірге қолданғанда, пациенттер иринотеканға байланысты жағымсыз реакциялар болуына мұқият бақылануы тиіс.

Винкристин, винбластин

Ритонавирмен бірге қолданғанда винкристин немесе винбластин концентрациясы ұлғаяды

Атазанавир және ритонавир препаратын винкристинмен немесе винбластинмен бірге қолданғанда, пациенттер винкристинмен немесе винбластинмен байланысты жағымсыз реакциялар болуына мұқият бақылануы тиіс.

Иммунодепрессанттар

Циклоспорин

Такролимус

Сиролимус

Эверолимус

Бұл иммунодепрессант-тардың концентрациялары атазанавирмен және ритонавирмен бірге қолданғанда CYP3A4 тежелуі есебінен ұлғаюы мүмкін.

Қан плазмасындағы концентрациясы тұрақтан-ғанша жиі емдік бақылау ұсынылады.

АНТИКОАГУЛЯНТТАР

Варфарин

Халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) азаяды немесе ұлғаяды

Атазанавир және ритонавир препаратымен емдеу уақытында, әсіресе ем басында ХҚҚ мұқият бақылау ұсынылады.

КАЛЬЦИЙ ӨЗЕКШЕЛЕРІ БЛОКАТОРЛАРЫ

Бепридил

CYP3A4 атазанавирмен және ритонавирмен тежелуі салдарынан қан сарысуында бепридил концентрациясы ұлғаяды.

Бепридилдің емдік индексі тар болуына байланысты, оны Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Верапамил

CYP3A4 атазанавирмен және ритонавирмен тежелуі салдарынан қан сарысуында верапамил концентрациясы ұлғаяды.

AВ-блокадасы қаупі жоғары болуына байланысты бір мезгілде қабылданғанда сақ болу керек; ЭКГ бақылау керек.

Амлодипин, нифедипин

Кальций өзекшелерінің анта-гонистерінің плазма концен-трациясы атазанавирмен және ритонавирмен CYP3A4 тежелуі есебінен ұлғаяды.

Бұл препараттарды ата-занавир және ритонавир препаратымен бірге қол-данғанда емдік әсері және жағымсыз реакциялары мұқият бақылануы керек.

Дилтиазем 180 мг 1 р./тәу.

/атазанавир 400 мг 1 р./тәу.

Дилтиазем AUC 125%,

Cmax ↑ 198%

Дезацетил-Дилтиазем AUC ↑ 165%,

Cmax ↑ 121%

Атазанавир концен-трациясына елеулі әсері бақыланбады. Атазанавирдің бір өзін қабылдаумен салыстырғанда ПР аралығы ең жоғары артуы анықталды.

Дилтиаземды атазанавирмен және ритонавирмен бірге қолдану зерттелмеген.

Атазанавир және ритонавир препаратымен бір мезгілде қабылдағанда, АВ-блокада қаупі жоғарылығына байланысты кейін қажет болуына қарай титрлеумен және ЭКГ мониторинг-теумен, дилтиаземның дозасын бастапқы 50%-ға төмендету ұсынылады.

ГМГ-КоА РЕДУКТАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Симвастатин

Ловастатин

Симвастатин және ловастатин метаболизмінің CYP3A4 изофермент әсеріне бейімділігі күшті.

Атазанавирмен және ритонавирмен бірге қолдану концентрация артуына әкелуі мүмкін.

Атазанавир және ритонавир препаратымен симвастатин, орловастатинді бірге қолдану қарсы көрсе-тілімде, өйткені бұл рабдомиолиздің жоғары қаупіне әкелуі мүмкін.

Правастатин немесе флувастатин сияқты CYP3A арқылы метаболизденбейтін ГМГ-КоА-редуктаза басқа тежегіштерін қолдану ұсынылған.

Аторвастатин

Аторвастатин CYP3A4 метаболизденеді және атазанавирмен және ритонавирмен бірге қолдану концентрациясы артуына әкелуі мүмкін.

Рабдомиолизді қоса, аторвастатинмен бір мезгілде қолданғанда миопатия қаупі артады. Аторвастатиннің ең төмен бастапқы дозасын қабылдау ұсынылады, пациентті тиімділігі мен қауіпсіздігіне мұқият бақылау керек.

Флувастатин, правастатин

Правастатин және флувастатин метаболизмі CYP3A тәуелсіз, атазана-вирмен өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Атазанавир және ритонавир препаратымен ГМГ-КоА редуктаза тежегішін тағайындаған жағдайда правастатин немесе флувас-татин қолдану керек.

Розувастатин

Розувастатин шығарылуы

CYP3A тәуелсіз, алайда ритонавирмен бірге қолданғанда розувастатин-нің әсері күшеюі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесулердің механизмі түсініксіз, бірақ транспортер тежелуінің нәтижесі болуы мүмкін.

Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қол-данғанда розувастатиннің ең төмен дозасын пайдалану керек.

ГОРМОНДЫҚ КОНТРАЦЕПТИВТЕР

Этинилэстрадиол 25 мкг + норгестимат/атазанавир 300 мг 1 р./тәу. ритонавирмен 100 мг 1 р./тәу.)

Этинилэстрадиол

AUC ↓ 19%

Норгестимат AUC↑ 85%

Этинилэстрадиол деңгейі төмендеуі

Прогестин әсерінің ұл-ғаюынан жағымсыз әсерлер (мысалы, инсулинге, дис-липидемия, акне және дақтарға резистенттілік) жағдайы болуы мүмкін.

Ішілетін контрацептивтерді Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қабыл-дағанда ішілетін контрацеп-тив құрамында ең кемі 30 мкг этинилэстрадиол болуы, сондай-ақ пациентті контра-цептивті дозалаудың бұл режимін қатаң орындау керегі туралы хабардар ету ұсынылады. Атазанавир және ритонавир препаратын басқа гормондық контра-цептивтермен немесе құра-мында норгестимат прогес-таген болатыннан басқа ішілетін контрацептив-термен бірге қолдану зерттелмеген, сондықтан бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.Контрацепцияның баламалы сенімді әдісі ұсынылады.

АПИЫН ПРЕПАРАТТАРЫ

Фентанил

Атазанавир және ритонавирмен өзара әрекеттесулері зерттел-меген. Екеуі де CYP3A4 тежейді және нәтижесінде қан плазмасындағы фентанил концентрациясы артуы күтіледі.

Қиналып тыныс алу сияқты өмір үшін қауіпті жағымсыз әсерлері туындау мүмкін-дігінен Атазанавир және ритонавир препаратын фентанилмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Метадон/атазанавир 400 мг 1 р./ тәу.

Метадон және ритонавир концентрациясына елеулі әсері жоқ.

Доза түзету талап етілмейді.

Бупренорфин,

1 р./тәу., ұзақ қолдану/атазанавир 300 мг 1 р./тәу. ритонавирмен 100 мг 1 р./тәу.

Бупренорфин

AUC ↑ 67%,

Cmin ↑ 69%

Норбупренофрин

AUC ↑ 105%,

Cmin ↑ 101%

Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолдану тыныштануын және когни-тивтік әсерін клиникалық бақылауды талап етеді. Бупренорфин дозасын төмендету ұсынылады.

Петидин, пропоксифен

Зерттелмеген.

Ритонавирмен бірге қолдану ең алдымен, қан плазма-сындағы петидин және пропоксифен концентра-циясы артуына әкеледі, сондықтан бұл препарат-тарды Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Морфий

Ритонавирмен бірге қолданғанда глюкуро-низациясы есебінен морфий концентрациясы төмендетілуі мүмкін .

Тиісінше әсеріне қол жеткізу үшін морфий дозасын таңдау ұсынылады.

ТЫНЫШТАНДЫРАТЫН ПРЕПАРАТТАР

Бензодиазепиндер

Мидазолам

Мидазолам CYP3A4 ауқымды метаболизденеді,

сондықтан бірге қолдану бензодиазепин концентра-циясының елеулі ұлғаюына әкелуі мүмкін. Басқа CYP3A4 тежегіштеріне арналған деректер негізінде мидазоламның плазмалық концентрациясы күтілген-дей мидазоламды ішу арқылы қабылдағанда елеу-лі астам болады.

Мидазоламды басқа протеаза тежегіштерімен парентеральді бір мезгілде қолданудың деректері қан плазмасындағы мидазолам деңгейінің 3-4-есе артуы мүмкіндігін болжайды.

Мидазоламмен Атазанавир және ритонавир пре-паратымен бірге ішу арқылы қабылдау ұсынылмайды; алайда парентеральді енгізу-мен қолданғанда сақ болу керек. Атазанавир және ри-тонавир препаратын мида-золаммен парентеральді қарқынды емдеу палатасында (ҚЕП) немесе ұқсас жағдайда мұқият клиникалық монито-рингпен және тыныс алу қиындаған жағдайда тиісінше медициналық еммен және/немесе ұзақ тыныш-тандырумен қабылдау ұсынылады. Мидазолам доза-сын түзету керек, әсіресе мидазоламды бір реттен көп пайдалануда.

Клоразепат, диазепам, эстазолам, флуразепам

Ритонавирмен бірге қолдану, бәрінен бұрын, қан плазмасында клора-зепат, диазепам, эстазолам және флуразепамның кон-центрациясы ұлғаюына әкеледі.

Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Триазолам

(0.125 мг бір рет/ ритонавир 200 мг, 4 доза)

Триазолам

AUC ↑ > 2000%

Триазоламды Атазанавир және ритонавир препара-тымен бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Алпразолам

(1 мг бір рет/ ритонавир 200 2 р./тәу., 2 күн)

Алпразолам

AUC ↑ 150%.

Бұл өзара әрекеттесулер ритонавир тарапынан ферменттер индукциясы есебінен ұзақ уақыттан кейін әлсіретілуі мүмкін.

Алпразоламды Атазанавир және ритонавир препараты-мен бірге қолданғанда әсіресе алғашқы бірнеше күнінде мұқият болу керек.

Басқа препараттар

Буспирон

CYP3A4 ритонавирмен тежелуі есебінен буспирон концентрациясының ұлғаюы мүмкін.

Буспиронды Атазанавир және ритонавир препаратымен бір-ге қолданғанда емдік әсерін

және жағымсыз реакцияларын мұқият бақылау ұсынылады.

АНТИДЕПРЕССАНТТАР

Тразодон 50 мг бір рет /ритонавир 200 мг 2 р./тәу.

Тразодон

AUC ↑ 140%,

Cmax ↑ 34%

Тразадонмен Атазанавир және ритонавир препаратын сақ-тықпен қолдану ұсынылады, тразодонды ең төмен дозада қабылдаумен бастап, клиникалық реакциясын және жағымдылығын бақылау керек.

ПСИХОЗҒА ҚАРСЫ/НЕЙРОЛЕПТИКТІК ПРЕПАРАТТАР

Пимозид

Ритонавирмен бірге қолдану, ең алдымен, қан плазма-сындағы пимозид концентра-циясы ұлғаюына әкеледі.

Пимозидті Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

ҚҰРЫСУҒА ҚАРСЫЛАР

Фенитоин

Фенитоин CYP3A индукторы болып табылады.

Фенитоинді Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолдану ұсынылмайды.

Карбамазепин

Карбамазепин CYP3A индукторы және субстраты болып табылады.

Карбамазепинді Атазанавир және ритонавир препара-тымен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені атазанавир және карба-мазепин әсері азаюы мүмкін.

Фенобарбитал

Фенобарбитал CYP3A индукторы болып табылады.

Фенобарбиталды Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені атазанавирге әсері артуы мүмкін.

Вальпрой қышқылы

Ритонавирмен бірге қолдану

CYP2C9 ферментін индукциялау есебінен вальпрой қышқылының әсерін азайтуы мүмкін.

Бір уақытта қабылдағанда вальпрой қышқылының емдік әсерін және қан плазмасындағы концентрация деңгейін бақылау керек.

Ламотриджин (100 мг бір рет /(атазанавир 300 мг 1 р./тәу. ритонавирмен 100 мг 1 р./тәу.)

Ламотриджин

AUC ↓ 32%

Cmax ↓ 6%

Атазанавир және ритонавир препаратын ламотриджин-мен сақтықпен қолдану керек. Ламотриджин тиімділігін бақылау керек.

КОРТИКОСТЕРОИДТАР

Флутиказон пропионат интраназальді 50 мкг

7 күн бойына тәулігіне 4 рет / ритонавир 100 мг капсула 2 р./тәу.

Қан плазмасындағы флутиказон пропионат деңгейі елеулі ұлғаяды; кортизол деңгейі шамамен 86%-ға төмендеген; ингаляцияда тиімділігі жоғары болуы мүмкін. Ритонавирді ингаляциялық жолмен немесе флутиказон пропионатты интраназальді қабылдайтындарда Кушинг синдромын және бүйрек үсті безінің функциясы нашарлауын қоса, кортикостероидтардың жүйелік жағымсыз әсерлері тіркелді. Бұл әсер CYP3A арқылы метаболизденетін басқа кортикостероидтар-дан, мысалы будесонид, болуы мүмкін.

Егер емнің потенциалды пайдасы кортикостероид-тардың жүйелік әсерінің қаупінен астам болса, Атазанавир және ритонавир препаратын флутиказонмен немесе CYP3A субстраты болып табылатын басқа ингаляциялық кортикостероидтармен (мысалы, будесонид, мометазон) бірге қабылдау ұсынылмайды.

CYP3A субстраты емес (мысалы, беклометазон) кортикостероидтарды қолдану ұсынылады.

Дексаметазон

Ритонавирмен CYP3A тежелуіне байланысты қан плазмасындағы дексаме-тазон концентрациясы ұлғаюы күтіледі.

Дексаметазонды Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қабылдағанда емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын мұқият бақылау ұсынылады.

Преднизолон 20 мг/ ритонавир 200 мг 2 р./тәу.

Преднизолон

(AUC) ↑ 28%

Преднизолонды Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қабылдағанда емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын мұқият бақылау ұсынылады.

АНТИГИСТАМИНДІК ПРЕПАРАТТАР

Астемизол, терфенадин

Қан плазмасындағы астемизол және терфенадин концентра-циясының артуы күтіледі.

Бірге қолдану қарсы көрсетілімде

Фексофенадин

Ритонавир P-гликопротеин арқылы болатын фексофенадин ағып шығуын өзгертуі мүмкін, бұл фексофенадин концентрациясы ұлғаюына әкеледі. Фексофенадин деңгейі артуы индукция дамуына қарай уақыт өте келе артуы мүмкін.

Доза түзету талап етілмейді.

Лоратадин

CYP3A ритонавирмен тежелуінен лоратадиннің плазмалық концентрация-сының ұлғаюы күтіледі.

Лоратидинді Атазанавир және ритонавир препаратымен бірге қолданғанда емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын мұқият бақылау ұсынылады.

ЭРЕКТИЛЬДІ ДИСФУНКЦИЯ

ФДЭ-5 тежегіштері

Силденафил

Тадалафил

Варденафил

Силденафил, тадалафил және варденафил CYP3A4 метаболизденеді.

Атазанавирмен және ритона-вирмен бірге қолдану бұл заттардың кез келгенінің концентрациясы ұлғаюына және жағымсыз реакциялары артуына, оның ішінде гипотония, көрудің өзгерулері және приапизмге әкелуі мүмкін. Қолда бар деректер бұл әсерлердің варденафил үшін ықтималдығы басым-дығын көрсетеді.

ФДЭ-5 тежегіштерін және протеаза тежегіштерімен бірге қолданғанда силденафил немесе тадалафил дозасын түзету ұсынылады.

Пациенттер болжамды жағымсыз әсерлері туралы ескертілуі тиіс.

Варденафилді Атазанавир және ритонавир препаратымен

бірге қолдану қарсы көрсе-тілімде.

ӨКПЕЛІК АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ

Силденафил

Силденафил CYP3A арқылы метаболизденеді. Атазанавирмен және ритонавирмен бірге қолдану силденафил концентрациясы артуына және жағымсыз реакциясы ұлғаюына әкелуі мүмкін. Өзара әрекеттесулерінің механизмі атазанавир/ритонавирмен

CYP3A4 тежелуін білдіреді.

Өкпелік артериялық гипертензияны емдеу үшін Атазанавир және рионавир препаратымен бірге қабылдағандағы силденафилдің тиімді және қауіпсіз дозасы анықталмады.

Өкпелік артериялық гипертензияны емдеу үшін

силденафилмен бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Бозентан

Бозентан CYP3A метаболизденетін органикалық аниондардың (ОАТА) ақуыз-трансперінің субстраты болып табылады.

Атазанавирмен және ритонавирмен бірге қолдану ОАТА және CYP3A тежелуінен бозентан концентрациясының артуына әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, бозентан CYP3A индукторы болып табылады, бұл атазанавир әсерін азайтуы мүмкін.

Бірге қолдану ұсынылмайды. Атазанавир және ритонавир қабылдайтын пациенттерге бұндай біріктірілім қабылдау қажет болғанда, жеке жағымдылығына қарай, тәулігіне бір рет немесе күнара бозентан дозасы – 62.5 мг ұсынылады.

Бұрыннан бозентан қабылдап жүрген пациенттерге Атазанавир және ритонавир препаратын қабылдаудың басында бозентан қабылдауды ең болмағанда Атазанавир және ритонавир препаратын қабылдау алдында 36 сағат бұрын тоқтату керек және бозентанмен емді 62.5 мг дозада ең болмағанда 10 күннен кейін тәулігіне бір рет немесе күнара, жеке жағымдылығына қарай, жалғастыру керек. АИТВ-инфекциясы емінің тиімділігі тиісті түрде бақылануы тиіс.

БАСҚАЛАРЫ

Қастауыш туындылары

Дигидроэрготамин, эргоновин, эрготамин, метилэргоновин

Ритонавирмен бірге қолдану ең алдымен, қастауыш туындыларының концентрациясы артуына әкеледі.

Атазанавир және ритонавир препаратын және қастауыш туындыларын бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Ұйықтататын препараттар

Золпидем

(5 мг/ ритонавир 200 мг 4 доза)

Золпидем

AUC ↑ 28%

Cmax ↑ 22%

Золпидем және Атазанавир және ритонавир препаратының бірге қолданылуы шамадан тыс тыныштандыратын әсеріне бақылау болғанда ғана мүмкін.

Шылым шегуден бас тартуға арналған препараттар

Бупропионм(150 мг / ритонавир 100 мг 2 р./тәу.)

Бупропион

AUC ↓ 22%

Cmax ↓ 21%

Бупропион негізінен CYP2B6 арқылы метаболизденеді.

Ритонавирдің көп реттік дозаларында бупропион деңгейі төмендеуі мүмкін. Бұл бупропион метаболизмінің индукциясынан туындауы мүмкін. Алайда, ритонавир зертханалық зерттеулерде сондай-ақ CYP2B6 тежегендіктен, бупропионның ұсынылатын дозасы бірге қолданғанда астам болмауы тиіс.

Өсімдік текті препараттар

Шайқурай

Шайқурайды атазанавирмен (және ритонавирмен) бір мезгілде қолдану плазмадағы атазанавир деңгейінің елеулі төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл әсер CYP3A4 индукциясымен шартталуы мүмкін.

Құрамында шайқурай бар препараттармен Атазанавир және ритонавир препаратын бірге қолдану қарсы көрсетілімде.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері

Атазанавир және ритонавир антиретровирустық дәрі ретінде

Атазанавир және ритонавирді антиретровирустық дәрі ретінде қолданғанда бірқатар сақтанулар мен қолдану ерекшеліктерін ескеру керек. Ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде 100 мг және 200 мг дозаларда қолдану сақтықтың бұған ұқсас шараларын сақтауды қарастырмайды. Ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолдануда онымен бірге тағайындалған протеаза тежегішіне қатысты сақтанулар мен қолдану ерекшеліктерінің толық ақпаратын назарда ұстау керек. Осылайша төменде келтірілген препараттарды қолдану мүмкіндігін анықтау үшін нақты протеаза тежегішін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сүйенеді.

Фосфодиэстераза тежегіштері.

Ритонавир және аванафилді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Эректильді дисфункцияны емдеу үшін ритонавир, силденафил, тадалафил немесе варденафил қабылдайтын пациенттерге Атазанавир және ритонавир препаратын ерекше сақтықпен тағайындау керек. Атазанавир және ритонавир препаратымен бір мезгілде қолданғанда соңғысының концентрациясының елеулі жоғарылауы күтіледі, бұл артериялық гипотензия және ұзағырақ эрекция сияқты сонымен байланысты жағымсыз реакцияларды ілестіруі мүмкін. Өкпелік артериялық гипертензияда силденафилді және Атазанавир және ритонавир препаратын бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімде.

ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері.

Редуктаза тежегіштерінің метаболизмі (симвастатин және ловастатинді) көбіне CYP3A изоферментіне тәуелді, сондықтан миопатияның тіпті рабдомиолизге дейін дамуының жоғары қаупінен атазанавир және ритонавир препаратын симвастатинмен немесе ловастатинмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Егер атазанавир және ритонавир препаратымен емдеу CYP3A аз дәрежелі метаболизденетін аторвастатин қабылдаумен қатар жүргізілсе сақтықпен тағайындалады немесе доза төмендету мүмкіндігі қарастырылады. Розувастатин шығарылуы CYP3A тәуелді емес, бірақ атазанавир және ритонавир препаратымен бір мезгілде қолданғанда розувастатин экспозициясы артқаны хабарланды. Бұл өзара әрекеттесудің механизмі анықталмаған, бірақ гипотеза бойынша тасымалдаушы тежелуі себеп болуы мүмкін. Атазанавир және ритонавир препаратымен бір мезгілде қолданған жағдайда аторвастатин және розувастатинді аз дозада тағайындау керек. Правастатин және флувастатин метаболизмі CYP3A байланыссыз, сондықтан Атазанавир және ритонавир препараты құрамына кіретін ритонавирмен өзара әрекеттесулері күтілмейді. Редуктаза тежегіштерімен ем қажет болғанда правастатин немесе флувастатин тағайындау ұсынылады.

Дигоксин. Ритонавирді дигоксин қабылдайтын пациенттерге ерекше сақтықпен тағайындау керек, өйткені препараттарды бір мезгілде қолданғанда дигоксин концентрациясының жоғарылайтыны болжанады. Уақыт өте келе жоғарылаған дигоксин концентрациясы төмендейді. Дигоксин қабылдайтын пациенттерге Атазанавир және ритонавир препаратымен ем кезінде дигоксин дозасын әдеттегі дозаның жартысына дейін азайту және Атазанавир және ритонавир препаратын дигоксинмен біріктірілімде қабылдауды бастағаннан кейін бірнеше апта бойына мұқият медициналық бақылауда болу ұсынылады.

Атазанавир және ритонавир препаратын қабылдайтын пациенттерге дигоксинді қолдануды әдеттегіге қарағанда біртіндеп баяу бастау ұсынылады. Дигоксин концентрациясын қажет болған жағдайда клиникалық деректеріне, электрокардиограмма көрсеткіштеріне және дигоксин деңгейіне қарай мезгілінде дозасын түзете отырып, сондай-ақ мұқият бақылау керек.

Этинил эстрадиол. Контрацепцияның бөгегіш және басқа да гормондық емес әдістерін қолданғанда ритонавирді емдік немесе азырақ дозада құрамында эстрадиол бар контрацептивтермен бір мезгілде қабылдау соңғысының әсерін әлсіретуі және жатырлық қан кету бейінін өзгертуі мүмкіндігін ескеру керек.

Глюкокортикоидтар. Ритонавирді флютиказонмен немесе CYP3A4 ферменттері жүйесімен метаболизденетін басқа кортикостероидтармен, емнің потенциалды пайдасы кортикостероидтардың жүйелік әсері қаупінен асатын жағдайларды қоспағанда (Кушинг синдромы және бүйрек үсті безінің функциясы бәсеңдеуін қоса), бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Тразодон. Тразодон қабылдайтын пациенттерге ритонавирді ерекше сақтықпен тағайындайды. Тразодон – CYP3A4 субстраты, сондықтан ритонавирді бір мезгілде қолдану тразодон концентрациясын жоғарылатуына жол беріледі. Дені сау еріктілер қатыстырылған препараттардың бір реттік дозаларының өзара әрекеттесулерінің зерттеулері барысында мынадай жағымсыз реакциялар – жүрек айнуы, бас айналуы, артериялық гипотензия және естен тану тіркелді.

Ривароксабан. Қан кету қаупі жоғарылығына байланысты ритонавирді ривароксабан қабылдаған пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Өсімдік текті препараттар

Құрамына ритонавир кіретін дәрілік заттар қабылдайтын пациенттерге ішінде шайқурай (кәдімгі шайқурай) бар препараттарды қабылдауға болмайды; бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы ритонавир концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл емдік әсерінің және тұрақтылық дамуы жойылуына әкелуі мүмкін.

1-адренорецепторлар антагонистері

Кетоконазолмен CYP3A4 күшті тежегішімен және альфузозинмен дәрілік өзара әрекеттесуінің зерттеулері негізінде ритонавир болуында (күніне екі рет 600 мг) альфузозин әсерінің күшеюі күтіледі. Сондықтан альфузозинді ритонавирмен бірге қолдануға болмайды.

Антимикобактериялық дәрілік препараттар

Атазанавир және ритонавир препаратын бір мезгілде қолданғанда гепатоуыттылығы жоғары болу (бауыр трансаминазасы жоғарылауы) қаупіне байланысты рифампицинмен және саквинавирмен тағайындау ұсынылмайды.

Протеаза тежегіштері

Клиникалық гепатит және өліммен аяқталған бауыр жеткіліксіздігі туралы хабарламалар типранавирді 200 мг ритонавирмен қолдануға байланысты болған. Созылмалы В немесе С гепатиті сияқты ко-инфекциялары бар пациенттерге қосымша сақтық керек, бұл пациенттерде гепатоуыттылық даму қаупі жоғары.

Резистенттілік/айқаспалы резистенттілік

Протеаза тежегіштері мен АИТВ арасындағы айқаспалы резистенттілік болу мүмкіндігі толық зерттелмеген. Протеаза тежегіштерімен бір мезгілде немесе бірізді тағайындағандағы ритонавир тиімділігі белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Атазанавир және ритонавир препараты АИТВ-1 немесе ЖИТС-тен толық сауығуды қамтамасыз ете алмайды. Ритонавирді немесе басқа да антиретровирусты ем алатын пациенттерде оппортунистік инфекция және басқа да АИТВ-инфекциясы асқынулары дамуы жалғасуы мүмкін.

Антиретровирусты емнің АИТВ басқа адамдарға қан арқылы немесе сексуалдық жанасу кезінде берілу қаупін жоққа шығармайтындығы туралы пациенттерді ескерту керек. Сондықтан да одан әрі қарай сауықтыру шараларын жасау керек.

Протеазаның басқа тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде ритонавир қабылдаған жағдайда оның медициналық қолдануы жөніндегі нұсқаулығындағы сипатталған қолданудың барлық егжей-тегжейлі ерекшеліктерін және осы протеаза тежегішінің сақтандыруларын назарда ұстау керек.

Аллергиялық реакциялар

Аллергиялық реакциялар туралы, оның ішінде есекжем, терідегі бөртпе, бронхтүйілуі, Квинке ісінуі, анафилаксияның және Стивен-Джонсон синдромы сирек жағдайлары туралы хабарланған. Макулопапулезді бөртпе, әдетте жеңілден орташаға дейінгі дәрежелі, Атазанавир және ритонавир препаратымен ем басталғаннан 3 апта ішінде бақылануы мүмкін. Емді жалғастырғанда пациенттердің көпшілігінде бөртпе 2 апта ішінде жойылады. Препаратты қолдану ауыр дәрежелі бөртпе дамығанда тоқтатылуы тиіс. Сондай-ақ Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема және дәрілік бөртпе, эозинофилия және жүйелік симптомдар жататын уытты тері реакциясы (DRESS) анықталуы мүмкін.

Антиретровирусты дәрі немесе фармакокинетикалық күшейткіш ретінде дозаланған атазанавир және ритонавир.

Созылмалы диарея немесе мальабсорбциясы бар пациенттер. Диарея дамыған жағдайда қосымша зерттеу ұсынылады. Атазанавир және ритонавир препаратының құрамына кіретін ритонавирмен ем аясында диарея туындауының салыстырмалы түрдегі жоғары жиілігі ритонавирдің немесе қатарлас дәрілік заттың (емдеуге бейімділігі төмендеуінен) сіңу және тиімділігі деңгейіне әсер етуі мүмкін. Ритонавир қабылдаудан болатын тоқтаусыз құсу және/немесе ауыр түрде жүретін диарея бүйрек функциясына зақым келтіруі мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясына үнемі бақылау жүргізу ұсынылады.

Гемофилия. Протеаза тежегіштерін қабылдаған А және В типті гемофилиясы бар науқастарда өздігінен болатын тері гематомалары мен гемартроздарын қоса, жоғары қанағыштық туралы хабарланды. Кейбір пациенттер қосымша VIII факторын қабылдаған. Жартысынан көп жағдайларда протеаза тежегіштерімен емді тоқтатқанда ол жалғастырылды немесе қайта тағайындалды. Оның механизмі әлі күнге анық болмаса да, себеп-салдарлы байланысы анықталды. Сондықтан гемофилиямен науқастар қанағыштық жоғарылауы мүмкіндігі туралы ескертілуі тиіс.

Қант диабеті және гипергликемия. Алғаш диагностикаланған қант диабеті, гипергликемия және бұрыннан бар қан диабетінің протеаза тежегіштерімен емдеу аясында өршуі жағдайлары туралы хабарланды. Олардың кейбіреуінде

гипергликемия ауыр болды және кетоацидозбен бірге жүрді. Көптеген пациенттердің жай-күйі ауыр болды, қант диабетімен немесе гипергликемиямен астасқан олардың кейбіреулері дәрі-дәрмекпен емдеуді талап етті.

Липодистрофия. Антиретровирустық біріктірілген ем АИТВ бар пациенттерде майдың қайта таралуымен (липодистрофиямен) астасады. Бұл құбылыстың кешеуілді салдарлары қазіргі уақытта белгісіз. Оның механизмдері туралы деректер толық емес. Висцеральді липоматоз бен протеаза тежегіштерінің, липоатрофияның және нуклеозидты кері транскриптаза тежегіштерімен (КТНТ) арасындағы байланыс болуына рұқсат етіледі. Егде жас сияқты жеке факторлар, және ұзақ уақыттық антиретровирустық ем және сонымен байланысты метаболизм бұзылуы сияқты дәрі-дәрмектік факторларға липодистрофияға дамуының жоғары қаупіне байланысты. Клиникалық зерттеулерде майдың қайта таралуының белгілеріне назар аудару керек. Сондай-ақ ашқарындағы сарысудағы липидтер мен қандағы глюкоза көрсеткішін ескеру керек. Липидтердің көрсеткішінің ауытқуы емдеуді клиникалық практикада қабылдауды қажет етеді.

Панкреатит. Панкреатитке тән клиникалық симптомдар (жүрек айнуы, құсу, абдоминальді аурулар) немесе зертханалық көрсеткіштер ауытқуы (липаза немесе сарысудағы амилаза деңгейі жоғарылауы) дамуы жағдайында бұл диагнозды есте ұстау керек. Жоғарыда аталған симптомдар мен белгілер пайда болған жағдайда пациенттерді тексеру керек және панкреатит диагнозы расталған жағдайда Атазанавир және ритонавир препаратымен емді тоқтату керек.

Иммундық реактивация синдромы.

АИТВ-жұқпасын жұқтырған, біріктірілген антиретровирустық ем қабылдаған пациенттерде иммундық реактивация синдромы туралы хабарланған. Біріктірілген антиретровирустық емнің бастапқы сәтінде иммундық жүйесінің жауабы болғанда пациенттерде одан әрі қарай диагностикалау және емдеуді талап ететін, белгілерсіз қабыну реакциялары немесе қалдық оппортунистік инфекциялар (Mycobacterium avium, цитомегаловирус, пневмоцистық пневмония, Pneumocystis jiroveci pneumonia немесе туберкулёзден туындаған) дамуы мүмкін. Сондай-ақ иммунитеттің қалпына келу аясында туындайтын, бірақ олардың туындау уақыты әртүрлі, олар ем басталғаннан кейін тіпті бірнеше айдан соң туындауы мүмкін, аутоиммундық аурулары (Грейвс/дифуздық уытты зоб ауруы, полимиозит және Гиен-Барре синдромы) туралы хабарланды.

Бауыр аурулары. Атазанавир негізінде бауырда метаболизденеді, сондықтан бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты оның концентрациясы ұлғаюының болжамды мүмкіндігінен сақтықпен қолдану керек. Ауырлығы ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда Атазанавир және ритонавир препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Антиретровирустық ем қабылдайтын, Созылмалы В немесе С гепатитін қоса, созылмалы ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде бауыр тарапынан ауыр және потенциалды өлімге әкелетін жағымсыз реакциялар даму қаупі елеулі артады. Пациенттердің аталған тобында бауыр ауруларының үдеуінің кез келген белгілерінде емді тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың қажеттігін қарастыру керек. В немесе С гепатитін бір мезгілде антивирустық емдеу жағдайында қолданылатын дәрілік препараттарға қатысты тиісті ақпаратты есте ұстау керек.

Бүйрек ауруы.

Ритонавирдің бүйрек клиренсі елеусіз болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жалпы клиренсі төмендеу ықтималдығы аз. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозалауды бір мезгілде қабылдауға арналған протеаза тежегішін медициналық қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес үйлестіру керек.

Клиникалық практикада тенофовирмен дизопроксилмен фумаратпен қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек зақымдануы, креатинин деңгейі жоғарылауы, гипофосфатемия және проксимальді тубулопатия (оның ішінде Фанкони синдромы) тіркелген.

Остеонекроз. Этиологиясының көп факторлылығы болжануына қарамастан (кортикостероидтер қабылдау, алкоголь пайдалану, ауыр иммуносупрессия, жоғары дене салмағы индексін қоса), АИТВ-инфекциясы ушыққан және/немесе біріктірілген ұзақ антиретровирусты ем аясындағы (БАРЕ) пациенттерде остеонекроз жағдайлары тіркелген. Пациенттерді буындарда ауыру, қимыл шектелуін немесе қозғалысы шектелуін сезіну жағдайларында дәрігерге дереу қаралу қажеттігі туралы хабардар ету керек.

Гипербилирубинемия

Атазанавир және ритонавир препаратын қабылдайтын пациенттерде УДФ-глюкуронозилтрансфераза (УГТ) тежелуіне байланысты тікелей емес (бос) билирубин ұлғаюының қайтымды жағдайлары анықталды. Атазанавир және ритонавир препаратын қабылдайтын пациенттерде билирубин жоғарылауында анықталатын трансаминаза белсенділігі артуын гипербилирубинемиямен бірге жүретін басқа да аурулардан туындауы мүмкіндігін ескеру керек.

Қалыптан 5 еседен астам асатын билирубин деңгейі ұзақ сақталатын пациенттерде қолдану қауіпсіздігі туралы ұзақ мерзімді деректері жоқ. Егер ақ қабықтың сарғаюы немесе сарғыш тартуы пациент үшін косметикалық жайсыздық тудырса, антиретровирустық емнің атазанавир және ритонавир препаратын тағайындау мүмкіндігін қарастыруға болады.

PR аралығының ұзаруы.

Дені сау ерікті ересектер қатыстырылған зерттеулер көрсеткендей, кейбір жағдайларда ритонавир PR аралығының симптомдарсыз орташа ұзаруын туындатады. PR (мысалы, верапамил немесе атазанавир) аралығының ұзаруын туындататын препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде немесе анамнезінде жүректің органикалық ауруы және өткізгіш жүйесі бұзылуы бар пациенттерде 2-ші немесе 3-ші дәрежелі атриовентрикулярлық блокадасының жеке-дара жағдайлары туралы хабарланған. Бұндай пациенттерге Атазанавир және ритонавир препаратын ерекше сақтықпен және тек егер потенциалды болжамды әсері мүмкін қаупінен астам болса ғана қолдану керек.

Атазанавир және ритонавир препаратын QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен бірге және/немесе мысалы брадикардиясы, туа біткен QT ұзару синдромы, электролиттердің дисбалансы сияқты бұрыннан қаупі факторы бар пациенттерге тағайындағанда ерекше сақтық керек.

Нефролитиаз

Атазанавир және ритонавир препаратын АИТВ-жұқпасын жұқтырған пациенттерде қолдану барысында нефролитиаз жағдайлары анықталды. Нефролитиаз симптомдары болған жағдайда емді уақытша тоқтату немесе препарат қабылдауды толық тоқтату керек.

Майдың қайта таралуы

Антиретровирусты ем алған пациенттерде организмде майдың қайта таралуы/жиналуы, оның ішінде орталықтық семіздік, дорсоцервикальдік май жиналуы (өгіз өркеш), шеткері семіздік, беттің семіруі, кеуденің ұлғаюы және "кушингоидты сыртқы түр" анықталды. Бұл әсерлердің механизмі және ұзақ мерзімді салдары әзірге белгісіз. Себеп-салдарлы байланысы анықталмаған.

Гиперлипидемия

Атазанавир және ритонавир препаратын қоса, Біріктірілген антиретровирустық ем дислипидемияға байланысты. Ашқарында қандағы глюкоза және липидтер деңгейін өлшеу ұсынылады. Липидтер деңгейінің болжамды ауытқуының дұрыстығын клиникалық тұрғыда қабылдау керек.

Клиникалық зерттеулерде, атазанавир (ритонавирмен немесе онсыз) компараторларға қарағанда, дислипидемияны аз дәрежеде туындатты. Бұндай құбылыстардың клиникалық әсері жүрек-тамыр қаупіне байланысты арнайы зерттеулер болмағанда көрсетілмеді.

Липидтік алмасу бұзылуы

Ритонавирмен жеке ем немесе саквинавирмен біріктірілімдегі ем жалпы триглицеридтер және холестерин концентрациясының елеулі артуына әкеледі. Триглицеридтерге және холестеринге талдауды ритонавирмен ем бастағанға дейін және ем уақытында мезгіл-мезгіл жүргізу керек. Липидтік алмасу бұзылуын клиникалық практикаға сәйкес емдеу керек.

Фармакокинетикалық күшейткіш ретінде тағайындалған ритонавир

Ритонавирдің аз дозасында қолданылатын АИТВ-протеаза тежегіштерінің өзара әрекеттесу бейіні бір мезгілде қолдануға арналған нақты тежегішке толық тәуелді.

Протеаза тежегіштерінің өзара әрекеттесу бейініне әсер ететін механизмдердің және потенциалды механизмдердің сипаттамасы күшейтілетін протеаза тежегіштерін медициналық қолдану бойынша нұсқаулықта берілген.

Саквинавир.

Саквинавир және ритонавирді бір мезгілде қабылдау, әсіресе бұрыннан бауыр аурулары бар пациенттерде ауыр жағымсыз әсерлер, негізінен диабеттік кетоацидоз және бауыр функциясы бұзылуын туындатады.

Атазанавир және ритонавир препаратын барлық үш препаратты қабылдау жағдайындағы ауыр гепатоуыттылық қаупінен (бауыр трансаминаза деңгейі жоғарылауымен білінетін) саквинавирмен және рифампицинмен бірге тағайындауға болмайды.

Типранавир. Бұл препаратты 200 мг ритонавирмен үйлесімде қабылдаумен гепатиттің клиникалық білінулері және бірнеше өліммен аяқталу жағдайларын қоса, бауыр декомпенсациясы туралы мәлімдеулер байланысты болды. Гепатоуыттылық қаупі оларда елеулі түрде жоғары болғандықтан созылмалы В немесе С гепатитінің қатарлас инфекциясы бар пациенттер ерекше назар аударуды талап етеді.

Ритонавирді күніне екі рет 200 мг төмен дозада қабылдау керек, өйткені үлкен дозалар препараттардың бұл біріктірілімінің қауіпсіздік бейініне әсер етуі мүмкін.

Фосампренавир. Фосампренавирді 100 мг астам дозада ритонавирмен күніне екі рет біріктірілімде қолданудың клиникалық бағалануы жүргізілмеген. Ритонавирдің дозасын ұлғайту ұсынылмайды, өйткені бұл берілген біріктірілімнің қауіпсіздік бейініне әсер етуі мүмкін.

Балалар. Атазанавир және ритонавир препараты 6 жастан асқан және одан үлкен жастағы балаларға қолдануға ұсынылады. Атазанавир және ритонавир препараты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдану үшін бұл топтағы пациенттер үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер жеткіліксіздігінен ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ритонавирді жүкті әйелдердің шектеулі санында (> 800); әйелдердің аздаған мөлшерінде (< 300) жүктіліктің бірінші триместрінде қолданған. Алынған деректер елеулі мөлшерде ритонавирді біріктірілген емде қолдануға және ритонавирді емдік емес, ал төмендетілген дозада протеазаның басқа тежегіштері үшін фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолдануға қатысты. Бұл деректер популяцияда туа біткен ақаулардың мониторингі жүйесінде бақыланған мөлшермен салыстырғанда туа біткен ақаулардың саны артуы жоқтығы туралы айғақтайды. Жануарлардағы зерттеулер ұрпақ өрбіту функциясына уыттылық әсерін көрсетті. Препарат жүктілік уақытында егер пайдасы шарана үшін қаупінен астам жағдайда ғана қолданылуы мүмкін болады. Ритонавир ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен жағымсыз өзара әрекеттеседі. Осыған байланысты ем уақытында контрацепцияның баламалы, тиімді және қауіпсіз әдісін таңдау керек.

Атазанавир/ритонавирдің емшек сүтіне өтуі белгісіз. Жануарлардағы зерттеулер уақытында сүтке экскрециясы өлшенбеген, алайда егеуқұйрықтардағы зерттеулер лактация кезеңінде төлдерінің дамуына жануардың осы түрінің сүтіне ритонавир бөлінгендегі осындайға ұқсас кейбір әсерін көрсетті. АИТВ-жұқпасын жұқтырған әйелдер инфекция берілуінен аулақ болу мақсатында ешбір жағдайда өз балаларын емшекпен емізуіне болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ритонавирдің автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне ритонавирдің әсеріне зерттеулер жүргізілмеген. Ұйқышылдық және бас айналуы ритонавирдің белгілі жағымсыз реакциясы болғандықтан, оларды автомобиль басқаруда немесе механизмдермен жұмыс істегенде ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: Клиникалық сынақтар барысында 1200 мг атазанавирге дейінгі препарат дозасын дені сау еріктілер бір рет қабылдау қанда да бір жағымсыз құбылыстармен бірге жүрмеген. ЭКГ бойынша бұл белгілер өздігінен жойылды. Препараттың артық дозалануының күтілетін симптомдары бауыр тесттерінің нәтижелері өзгермейтін (тікелей емес билирубин концентрациясы жоғарылауынан) сарғаю және жүрек ырғағының бұзылуы (PR аралығының ұзаруы) болып табылады

Адамдағы ритонавирдің жедел артық дозалануының тәжірибесі жеткілікті түрде шектеулі. Клиникалық зерттеулер уақытында бір пациент екі күн ішінде тәулігіне 1500 мг ритонавир қабылдады, доза азайтылғаннан кейін жойылған парестезия туралы хабарланған. Эозинофилиясы бар бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары туралы мәлімделген.

Емі: спецификалық антидоты жоқ. Атазанавир және ритонавир препараты артық дозаланғанда негізгі физиологиялық көрсеткіштерді бақылауды, пациенттің жалпы жай-күйіне бақылау жүргізу, ЭКГ бақылау, асқазан шаюды тағайындау, препарат қалдығын жою үшін құсық туындату, белсендірілген көмір тағайындау керек.

Препаратты организмнен шығару үшін диализ тиімсіз, өйткені атазанавир бауырда қарқынды метаболизмімен және ақуыздармен жоғары дәрежелі байланысуымен сипатталады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг/100 мг.

120 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтилен контейнерге салынады.

1 контейнерден медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

HETERO LABS LIMITED

Unit-III, 22-110, I.D.A., Jeedimetla, Hyderabad – 500 050, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

HETERO LABS LIMITED, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050043, Алматы қ., Мирас ы/а, 157/727

Тел. (727) 311-80-22

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

Канумуру И.Г. ЖК, 050043, Алматы қ., Мирас ы/а, 157-727,Тел. 311-80-22,

e-mail: irina.volovnikova@gmail.com.

Прикрепленные файлы

Атазанавир_и_ритонавир_инструкция_рус.doc 0.34 кб
Атазанавир_и_ритонавир_инструкция_каз.doc 0.4 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники