Аскорбиновая кислота с сахаром (Аскорбиновая кислота)

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Султан ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017421
Информация о регистрации в РК: 25.01.2022 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы қантпен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі, дозасы

0,025 г таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жүйесі және зат алмасу. Дәрумендер. Аскорбин қышқылы (С дәрумені), біріктірілімдерін қоса. Аскорбин қышқылы (С дәрумені), қарапайым.

АТХ коды А11GA01

Қолданылуы

- С дәруменінің гипо- және авитаминозын емдеуде және профилактикасында

- ұзақ және ауыр аурулардан кейін сауығу кезеңінде.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аскорбин қышқылына жоғары сезімталдық

- ұзақ қолданғанда - қант диабеті, гипероксалурия, нефролитиаз, талассемия, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығы

- 6 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен қант диабетінде, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығында, гемохроматозда, сидеробласты анемияда, талассемияда, гипероксалурияда,  бүйрек-тас ауруында

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Аскорбин  қышқылы қанда бензилпенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады.

Эстрогендермен бір мезгілде қолданғанда – қан сарысуындағы  гормон деңгейін арттырады, құрамында эстрогендер бар оральді контрацептивтермен бір мезгілде қолданғанда – контрацептивтік әсерін азайтады. Тетрациклиндік қатардың антибиотиктерімен (доксициклиннен басқа) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, оларды қабылдау аралығы кемінде 2 сағатты құрауы тиіс. Аскорбин қышқылы пенициллин тобы препараттарының, темірдің сіңуін жоғарылатып, гепариннің, тікелей емес антикоагулянттардың  әсер етуін азайтады, салицилаттармен емдеген кезде кристаллурияның туындау қаупін ұлғайтады. Аскорбин қышқылы глюкозамен бірігіп салицилаттардың, бензилпенициллин мен тетрациклиндердің қан сарысуындағы концентрациясын арттырады.

Арнайы ескертулер

С дәрумені организмде жиналмайды. Организмнің С дәруменінің күнделікті қажеттілігінен артық дозада қолданғанда, ол несеппен шығарылады.

Аскорбин қышқылын тәулігіне 500 мг асатын дозаларда қолдану глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, орақ тәрізді жасушалы анемиясы бар адамдарда гемолиздік кризге түрткі болуы, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін.

Несептас ауруы бар пациенттерге ерекше сақтықпен тағайындайды, жоғары дозаларын ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.

Организмінде темірдің жоғары мөлшерімен пациенттерге аскорбин қышқылын төмен дозаларда қабылдау керек. Аскорбин қышқылының жоғары дозалары оксалаттардың экскрециясын күшейтеді, бүйректе тастардың пайда болуына ықпал етеді.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек, өйткені С дәруменінің жоғары дозалары (тәулігіне 1 г асатын) эстрогендер синтезінің жоғарылауына байланысты түсік тастауды туындатуы мүмкін. Жүктілік және лактация кезеңінда дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Профилактика мақсатында: Ересектерге тәулігіне 50-100 мг; балаларға тәулігіне 25 мг тағайындайды.

Емдік мақсатта: Ересектерге күніне 3-5 рет 50-100 мг, балаларға - күніне 2-3 рет 50-100 мг тағайындайды.

Емдеу ұзақтығын және дозаны емдеуші дәрігер анықтайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Препаратты ішке, тамақтанғаннан кейін қабылдайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: диарея, жүрек айнуы, АІЖ шырышты қабығының тітіркенуі, метеоризм, түйілу сипатындағы абдоминальді ауыру, несептің жиі шығарылуы, нефролитиаз.

Емі: симптоматикалық, қарқынды диурез

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Қажет болған жағдайда, дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- үлкен дозаларды ұзақ қабылдаған кезде – бас ауыруы, орталық жүйке жүйесінің жоғары қозуы, ұйқысыздық

- орташа  поллакиурия, ұзақ қабылдағанда – гипероксалурия, нефролитиаз, бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы

- асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, ұзақ қабылдағанда - жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, гиперацидтік гастрит, АІЖ шырышты қабығының ульцерациясы

- ұзақ қабылдағанда – капиллярлардың өткізгіштігінің төмендеуі

- тері бөртпесі, тері гиперемиясы

- гемолиздік анемия

Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі:

- тромбоцитоз, гиперпромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия, глюкозурия

Басқалары: ұйқы безі инсулярлық аппаратының функциясын бәсеңдетуі

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат -0,025 г аскорбин қышқылы,

қосымша заттар-2.495 г қант, картоп крахмалы, тальк, хош иісті тағамдық эссенция

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Қышқылтым-тәтті, шабдалы дәмі бар сызығы жоқ, ақ түсті таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан біріктірілген «Композит» материалынан жасалған парафинделген қағазға немесе біріктірілген «ПЭТ» полимерлік үлбірге қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қапталған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы

041613, Алматы обл., Талғар ауд., Еркін а., Б. Момышұлы к-сі, 5 үй

Тел./факс: 8 (727) 3054865, 30548986

Электронды пошта: toosultan@list.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы

041613, Алматы обл., Талғар ауд., Еркін а., Б. Момышұлы к-сі, 5 үй

Тел./факс: 8 (727) 3054865, 30548986

Электронды пошта: toosultan@list.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы

041613, Алматы обл., Талғар ауд., Еркін а., Б. Момышұлы к-сі, 5 үй

Тел./факс: 8 (727) 3054865, 30548986

Электронды пошта: toosultan@list.ru

Прикрепленные файлы

ИМП_каз.docx 0.02 кб
ИМП.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники