Ангилюг

МНН: Йод, Калия йодид
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты йода
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№122065
Информация о регистрации в РК: 06.06.2019 - 06.06.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Ангилюг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған спрей

Құрамы

100 г препараттың құрамында:

белсенді заттар - йод 1.0 г, калий йодиді 2.0 г

қосымша заттар: глицерин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, шәрбатқа ұқсас йодтың иісі бар қызыл-қоңыр түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттар. Йод препараттары

АТХ коды D08AG

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Біріктірілген препарат, бактерияға қарсы әсер етеді (грамоң және грамтеріс бактерияларға, зеңдерге, вирустарға, қарапайымдыларға әсер етеді). Антисептикалық әсері микроорганизмдердің тіршілігі үшін маңызды ферменттердің белсенділігін тежеуге байланысты. Шырышты қабықтардың қабыну аурулары кезінде тітіркендіретін және алаңдататын әсер етеді.

Қолданылуы

  • тамақ және көмей шырышты қабықтарының қабынатын аурулары

  • созылмалы тонзилиттер

Қолдану тәсілі және дозалары

Құтыдан қорғаныс қалпақшасын алып тастайды және құрылғыны орнатады. Ерітінді бүріккішке түсу үшін оны 2-3 рет басады. Бұдан кейін қондырманың ұштығын ауыз қуысына 2-3 сантиметрге орналастырып, тынысты тоқтатып және біреуі оң жақты, ал екіншісі сол жақты суландыратындай етіп қондырғыны басу керек. Ауыз қуысы және көмейді препаратпен күніне 2-4 рет өңдеу ұсынылған, қажет болған жағдайда препаратты әр 4 сағат сайын оң және сол жаққа бір реттен суландыруға болады.

Балаларға 6 жастан бастап қолдану.

Емдеу курсы – 7-10 күн.

Қолдану ерекшеліктері:

Ауыз қуысын өңдегеннен кейін 15-30 минут ішінде тамақ ішпеген жөн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- ұзақ уақыт қолдану йодизм құбылысын туындатуы мүмкін (тұмау, есекжем, Квинке ісінуі, жас ағу, сілекейдің ағуы, безеулі бөртпе).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аса жоғары сезімталдық

- өкпе туберкулезі

- геморрагиялық диатездер

- бауыр және бүйректің ауыр аурулары

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ангилюг спрейін сутектің асқын тотығымен және басқа дезинфекциялайтын заттармен бір уақытта қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік, лактация кезеңі

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану мүмкін.

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г қорғаныс қалпақшасы және бүріккіш қондырғысы бар шынымассадан жасалған құтыға салады.

Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаларға салынады. Картон қаптамалардың тиісті санын қаптама қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

511232931477976317_ru.doc 37.36 кб
082060521477977509_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники