Алмагель® Нео (Ordinary salt combinations and antiflatulents)

МНН: Алгелдрат, Магния гидроксид, Симетикон
Производитель: Балканфарма-Троян АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Стандартные комбинации соединений в сочетании с препаратами, уменьшающими газообразование в кишечнике
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005521
Информация о регистрации в РК: 22.01.2018 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 5079/01/06/08/10/11/17
Информация о регистрации в РБ: 14.02.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Алмагель® Нео

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған суспензия 10 және 170 мл

Құрамы

5 мл (бір өлшемдік қасық) құрамында

белсенді заттар: алюминий гидроксид гелі (алюминий гидроксидіне

шаққанда) 340 мг,

магний гидроксид пастасы (магний гидроксидіне

шаққанда) 395 мг,

симетикон (симетикон эмульсиясы-

полидиметилсилоксанға шаққанда) 36 мг

10 мл (1 пакет) құрамында

белсенді заттар: алюминий гидроксид гелі (алюминий гидроксидіне

шаққанда) 680 мг,

магний гидроксид пастасы (магний гидроксидіне

шаққанда) 790 мг,

симетикон (симетикон эмульсиясы-

полидиметилсилоксанға шаққанда) 72 мг

қосымша заттар: сорбитол, гидроксиэтилцеллюлоза, этилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, апельсин эссенциясы, пропиленгликоль, макрогол 4000, 96% этил спирті, 30% сутегінің асқын тотығы ерітіндісі, тазартылған су.

Сипаттамасы

Апельсиннің дәмі бар түсі ақ немесе ақ дерлік суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Жел айдайтын препараттармен қосылған антацидтер.

АТХ коды A02АF02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Алмагель® Нео мүлде сіңірілмейді және электролиттік теңгерімді бұзбайды.

Алюминийдің гидроксиді алюминий хлоридін түзе отырып, асқазандағы тұз қышқылының артық мөлшерін бейтараптандырады. Ішектің сілтілі құрамының әсер етуімен соңғысы нашар сіңірілетін және асқазан-ішек жолы арқылы бөлініп шығатын алюминийдің сілтілі тұздарына айналады. Бұл орайда қан сарысуындағы алюминий деңгейі мүлде өзгермейді. Магнийдің гидроксиді де магний хлоридіне айнала отырып, асқазандағы тұз қышқылын бейтараптандырады. Ол ішекте сіңірілуі нашар магний карбонатын түзіп, қандағы магний иондарының концентрациясын мүлде өзгертпейді. Препарат құрамына кіретін симетикон ішекте газдың түзілуін азайтады. Организмнен симетикон өзгермеген күйде бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Алмагель® Нео – жұмсақ және ұзақ антацидтік әсер ететін дәрілік зат. Препарат жел айдайтын құрамдас бөлік - симетиконмен қосылған алюминий гидроксидінің және магний гидроксидінің теңгерілген біріктірілімі болып табылады. Препараттың әсері белсенді заттардың антацидтік, сіңіргіш, қаптағыш және цитопротекциялаушы қасиеттерімен шартталған.

Алмагель® Нео еркін тұз қышқылын жылдам бейтараптандырады, бұл асқазан сөлінің пептикалық белсенділігінің кемуіне әкеледі. Алюминий иондары төменгі өңеш сфинктерінің тонусын арттырады, пепсинді, өт қышқылдарын және лизолецитинді сіңіреді. Алмагель® Неоның сілтілі белсенді заттары ұсақ түйіршіктелген, соның арқасында олардың белсенді беткейі ұлғаяды, асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығымен жақсы жанасуы жүзеге асады, олардың шығарылуы баяулайды және бейтараптандырғыш әсері ұзарады.

Қолданылуы

- асқыну сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

- жедел гастрит, асқыну сатысындағы сөл бөлу функциясы жоғары және қалыпты созылмалы гастрит

- диафрагманың өңештік ойығының жарығы, рефлюкс-эзофагит

- кейбір дәрілік заттарды (глюкокортикостероидтар, қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар) қолдану нәтижесінде пайда болған диспепсиялық құбылыстар (және олардың профилактикасы)

- эпигастрийдегі жайсыздық және ауырулар, диетадағы кінәраттардан, кофені, никотинді, алкогольді артық мөлшерде тұтынудан пайда болған қыжылдау, қышқылды кекіру

- метеоризм

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылданады.

Ересектерге тәулігіне 4 рет ас ішуден кейін 1 сағаттан соң және түнге қарай 2 дозалағыш қасықтан (1 пакетше) қабылдау ұсынылады. Рефлюкс-эзофагитте препаратты тамақтан кейін қысқа мерзімнен соң қабылдайды. Емдеу курсы 2-3 ай құрайды. Көрініске қарай қолданғанда (мысалы, диетадағы кінәраттан кейінгі жайсыздықта) - 2 дозалағыш қасықтан (1 пакетше) бір дүркін қабылдайды. Балаларға (14 жастан асқан) дозалауды (әдетте ересектерге арналған дозаны) емдеуші дәрігер белгілейді.

Тәуліктік ең жоғарғы доза тәулігіне 12 өлшегіш қасықтан (6 пакетше) аспауға тиіс. Ең жоғарғы тәуліктік дозаны 4 аптадан асырмай қабылдау керек.

Алмагель® Неоны сұйылтылмаған күйде қабылдаған дұрыс. Оны қабылдағаннан кейін жарты сағат ішінде сұйықтық ішу ұсынылмайды.

Қолдану алдында суспензияны жақсылап шайқау қажет.

Жағымсыз әсерлері

- артериялық қысымның төмендеуі, гипорефлексия (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде)

- диарея немесе іш қатуы

- дәм сезінуінің өзгеруі, жүрек айнуы, құсу, шөлдеу

- фосфор, кальций және магний алмасудың бұзылуы (ұзақ уақыт қолданғанда)

- остеомаляция, остеопороз

- энцефалопатия, нефрокальциноз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының айқын бұзылуы

- бауыр аурулары

- Альцгеймер ауруы

- туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық

- алкоголизм

- эпилепсия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 14 жасқа дейінгі балаларға

- гипофосфатемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алмагель® Нео каптоприлдің плазмалық концентрациясын және оның салыстырмалы биожетімділігін азайтады. Каптоприлді, кем дегенде, препаратты қабылдауға дейін екі сағат бұрын қолдану қажет. Препарат тетрациклин антибиотиктерінің, Н2 блокаторларының және темір препараттарының сіңірілуін азайтады. Оларды 1-2 сағат аралықпен қабылдау ұсынылады. Алмагель® Нео кетоконазолдың плазмалық концентрациясын азайтады. Алмагель® Неоны хинолондармен бірге қабылдауға болмайды. Препаратты дигоксин мен пропранололды қабылдауға дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін қолдану қажет, өйткені Алмагель® Нео олардың биожетімділігін азайтады.

Дәрілік зат хинидиннің бөлініп шығуын бұзуы мүмкін, бұл, әсіресе, бүйрек қызметі бұзылған науқастарда хинидинмен улану көрінісіне әкелуі мүмкін. Антацид пен салицилаттарды бір мезгілде қабылдау сарысудағы салицилаттар деңгейінің едәуір төмендеуіне әкеледі. Левотироксин мен Алмагель® Неоны біріктіріп қабылдағанда гормондық әсерінің кемуі мүмкін.

Пирензепин препараттың әсерін күшейтеді және ұзартады.

Айрықша нұсқаулар

Алмагель® Нео құрамында есекжемді туындатуы мүмкін қосымша заттар - пропилпарагидроксибензоат пен этилпарагидроксибензоат бар. Сирек жағдайда шұғыл түрдегі аллергиялық реакциялардың, соның ішінде бронх түйілуінің дамуы мүмкін. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қан сарысуындағы алюминий мен магний иондарының деңгейі олардың шығарылуының бұзылуы нәтижесінде уытты шамаларға дейін жоғарылауы ықтимал.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді

басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік басқару және техниканы пайдалану қабілетіне теріс әсер етуі жөнінде деректер жоқ.

Артық дозалануы

Алмагель® Неоның ішінара сіңетініне қарамастан, жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолдану гипермагниемияның дамуына (қандағы магний деңгейінің артуы) әкелуі мүмкін, бұл жылдам қажумен, беттің қызаруымен, қатты жүдеумен, бұлшықет әлсіздігімен және мінез-құлықтың қалыптан ауытқуымен сипатталады.

Метаболизмдік алкалоздың белгілері да байқалады: көңіл-күйдің немесе ақыл-ой белсенділігінің өзгеруі, бұлшықеттердің сіресуі немесе ауыруы, жүйкенің тозуы және жылдам қажу, тыныс алудың баяулауы, жағымсыз дәм сезінулер.

Емі. Дәрі-дәрмекті жылдам шығару шараларын бірден қолдану қажет – асқазанды шаю, құстыру, белсенділендірілген көмірді қабылдау.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

170 мл-ден шыны құтыларға немесе полиэтилентерефталаттан жасалған құтыларға салады. Бір құтыдан дозалау қасығымен және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

10 мл-ден көп қабатты фольгадан жасалған пакетке салады. 10 немесе 20 пакеттен және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз Өндіруші

«Балканфарма-Троян АД», Болгария

Болгария, 5600 Троян қ., «Крайречна» к-сі № 1.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Балканфарма-Троян АД», Болгария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қаласындағы «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі,

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241, 1-А.

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

 

Прикрепленные файлы

333603841477976964_ru.doc 64 кб
918274871477978139_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ