Аллергозан® (мазь 1%, 18 г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
АЛЛЕРГОЗАН®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлоропирамин
Дәрілік түрі
1 % жақпамай
Құрамы
100 г жақпамай құрамында
белсенді зат - 1.0 г хлоропирамин гидрохлориді,
қосымша заттар: цетил спирті, ланолин, ақ вазелин.
Сипаттамасы
Иіссіз, бозғылт-сары түсті май тәрізді масса.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған гистаминге қарсы препараттар. Хлоропирамин
АТХ коды D04AA09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Хлоропирамин бүтіндігіне нұқсан келмеген теріге жергілікті қолданылғанда оның тері арқылы сіңуі немесе плазмада клиникалық мәнді концентрацияларға жетуі жөнінде деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Хлоропирамин – этилендиамин туындысы, классикалық («ескі» немесе бірінші буын) Н1-антагонист. Гистаминдік Н1-рецепторлардың компетитивтік қайтымды антагонисті ретінде, ол гистамин әсерін бөгейді.
Хлоропирамин гистаминнен болған вазодилатацияны, тамырлардың жоғары өткізгіштігін және тіндердің ісінуін басады. Гистаминге қарсы әсерімен қатар, хлоропирамин антихолинергиялық қасиеттер иеленеді және жергілікті қолданылған кезінде ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы, іш қату, көру бұзылыстары және көзішілік қысымның көтерілуі, несеп іркілісі сияқты қолайсыз мускариндік әсерлер туғызады. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және орталық жүйке жүйесінде Н1-рецепторлармен байланысады. Оның осы әсерінің нәтижесінде, Н1-рецепторларының басқа да антагонистері сияқты, ұйқышылдық, әлсіреу және шаршау сезімін, бас айналуын туғызуы мүмкін. Құсуға қарсы әлсіз әсер көрсете алады.
Теріде жергілікті қолданылған кезде, хлоропирамин жоғары дәрежеде қызару мен қышынуды басады, тамырлардың өткізгіштігін кемітеді, сөліністі бәсеңдетеді, тіндердің ісінуін азайтады, тері бөртпелерінің пайда болуын тежейді.
Қолданылуы
Аллергозан жақпамайы ересектер, балалар (7 жастан бастап) үшін:
- жәндіктер шағып алғанда
- жанаспалы дерматитте және өзге қышымалы дерматоздарда
- әртүрлі аллергиялық жағдайларда жүйелі көрініс беретін бөрту мен қышынуда қолданылады
Қолдану тәсілі және дозалары
Дозалануы
Ересектер мен балалар 7-ден 18 жасқа дейін
Жақпамайды терінің зақымданған жеріне тәулігіне 2-3 рет абайлап сылап-сипап жұқалап жағады.
Қолдану тәсілі
Аллергозан® жақпамайы теріде жергілікті қолдануға ғана арналған. Оны айқын гиперкератозды созылмалы дерматоздарда қолдану ұсынылады.
Окклюзиялық таңғыштар астынан немесе тері арқылы жақсы өтуі және емдік әсерге жылдам жетуі үшін физиотерапиялық емшаралар барысында қолдануға болады.
Ашық жараларға, көзге, мұрын мен ауыз қуысының шырышты қабығына жағуға болмайды.
Емдеу ұзақтығы – 5-тен 7 күнге дейін.
Жағымсыз әсерлері
Хлоропирамин жергілікті қолданылғанда жүйелі әсерлері байқалмайды.
Жалпы бұзылулары және қолданылған жердегі әсерлері
Өте сирек
- жаққан жердегі қышыну немесе тітіркенгіш әсер
Жекелеген жағдайларда болуы мүмкін
-
асқын сезімталдық реакциялары (оның құрамына кіретін қосымша заттар - ланолин мен цетил спирті туғызуы мүмкін).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-
7 жасқа дейінгі балаларда
-
жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты жергілікті қолданған кезде дәрілік және өзге де өзара әрекеттесулер жөнінде деректер жоқ. Аллергозан® жақпамайы препаратымен бір мезгілде жергілікті қолдану үшін басқа дәрілік препараттарды пайдалану ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Экссудациямен қатар жүретін жедел дерматоздарда және тері реакцияларында басқа дәрілік түр - Аллергозан® кремін қолдану қолайлы саналады.
Терінің ауқымды телімдеріне, ашық жараларға және күйіктер кезінде жағуға болмайды.
Ішке қабылданбайды.
Шырышты қабықтарға және көзге жағуға болмайды.
Қосымша заттар - ланолин мен цетил спирті жергілікті тері реакцияларын туындатады (мысалы, жанаспалы дерматит).
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аллергозан® жақпамайы зейін белсенділігіне әсер етпейді, сондықтан оны жүргізушілер мен мәшине операторлары пайдалана алады.
Артық дозалануы
Жергілікті қолданғанда іс жүзінде хлоропираминнің артық дозалануы мүмкін емес. Бүтіндігіне нұқсан келмеген теріге дұрыс қолданылған кезде дәрілік препараттың клиникалық мәнді сіңірілуі жөнінде деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
18 г препараттан полипропиленді пластмасса қалпақшалары бар жарғақшалы алюминий сықпаларға салады.
Әр алюминий сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір жағынан пигментпен жабындалған картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде,
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Сықпаны ашқаннан кейін сақтау кезеңі 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
СОФАРМА АҚ
Илиенский тас жолы к-сі 16
1220 София, Болгария
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
СОФАРМА АҚ, Болгария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Алматы қ-дағы «Софарма» АҚ сауда өкілдігі
Қазақстан, 050036, Мамыр-4 ы/а, №190 үй.
Телефон нөмірі: 7 (727) 380 01 41, 380 01 42
Факс нөмірі: 7 (727) 381 63 86
Электронды пошта: info@sopharma.kz
4