Аброл®

МНН: Амброксол
Производитель: Кусум Фарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020498
Информация о регистрации в РК: 11.04.2014 - 11.04.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Аброл®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 30 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 30 мг амброксол гидрохлориді,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

Сипаттамасы

Дөңгелек, бір жағында сызығы бар, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтелді және суық тию симптомдарын басуға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол

АТХ коды R05C В06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі жоғары, Tmax - 2 сағат, плазма ақуыздарымен байланысуы – 80%. Гематоэнцефалдық бөгет, плаценталық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлініп шығады. Ішке қабылдағаннан кейін әсері 30 минуттан соң басталады және 6-12 сағат бойына созылады.

Метаболизмі - бауырда, дибромантранил қышқылы мен глюкурон конъюгаттарын түзеді. T½ - 7-12 сағат. Бүйрекпен шығарылады: 90%-ы суда еритін метаболиттер түрінде, өзгеріссіз күйде – 5%. T½ бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде артады, бауыр функциясының бұзылуы кезінде өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Муколитиктік дәрі, секретомоторлық, секретолитикалық және қақырықты түсіретін әсерге ие; сурфактант түзілуін көтермелейді, өзгерген бронхөкпе секрециясын қалыпқа түсіреді, қақырықтың реологиялық көрсеткіштерін жақсартады, оның тұтқырлығы мен адгезивтік қасиеттерін азайтады, мукоцилиарлық тасымалды арттырады, қақырықтың бронхтардан шығарылуын жеңілдетеді. Жыпылықтағыш эпителийдің қозғалғыштық белсенділігін жоғарылатады, мукоцилиарлық тасымалды арттырады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- жедел және созылмалы бронхиттерде

- пневмонияда

- қақырық түсуінің қиындауымен бронх демікпесінде

- бронхоэктаздық ауру

қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: күніне 3 рет 1 таблеткадан.

Таблеткаларды тамақтан кейін қабылдау және сумен ішіп жіберу керек. Емдеу ұзақтығы – аурудың ағымына байланысты 4-тен 7 тәулікке дейін.

Егер жедел респираторлық ауруларға ем жүргізу кезінде жағдай жақсармаса, науқас дәрігерге қаралуы керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- қыжыл, жүрек айнуы, құсу, диспепсия

Өте сирек

- тері бөртпелері түріндегі аллергиялық реакциялар

- ангионевротикалық ісіну

Болуы мүмкін

- гиперсаливация

- мұрынның шырышты қабығы секрециясының артуы

- гипертермия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амброксол гидрохлоридіне және/немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік (I триместр) және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы дәрілік заттармен бірге қолдану жөтелдің азаюы аясында қақырықтың түсуінің қиындауына алып келеді.

Антибиотиктермен (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин, доксициклин) бірге қолдану өкпе тіндерінде антибиотиктердің концентрацияларының түзілуіне алып келеді.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек функциясының бұзылуында және/немесе бауырдың ауыр ауруларында ерекше сақтықпен қолдану керек.

Амброксол гидрохлоридін қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты терінің ауыр зақымдануларының өте сирек жағдайлары тіркелген. Негізінен оларға негізгі аурудың ауырлығы мен қатарлас ем түрткі болады, мұндай жағдайда препаратты қабылдау тоқтатылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктіліктің II және III триместрлерінде пайда/қауіп арақатынасын емдеуші дәрігер мұқият талдағаннан кейін қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диспепсия, қатты ұйқышылдық, қозу.

Емі: жасанды жолмен құстыру, препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 1-2 сағатта асқазанды шаю; құрамында май бар өнімдер қабылдау. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Кусум Фарм» ЖШҚ

400222, Сумы қ., Скрябин к-сі, 54, Украина

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Кусум Фарм» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» Үндістан серіктестігінің өкілдігі,

заңды мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО

орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО.  

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54) , Факс: 295-26-55 

E-mail: Office@kusumhealthcare.kz

Прикрепленные файлы

302154601477976759_ru.doc 49.5 кб
659231891477977928_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники