Витрум® Пренатал Форте

Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010508

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум Пренатал Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

А витамині (ретинол ацетаты)

2500

ХБ

(860 мкг)

бета-каротин

2500

ХБ

(1500 мкг)

Е витамині (альфа токоферол ацетаты)

30

ХБ

(30 мг)

D3 витамині (колекальциферол)

400

ХБ

(10 мкг)

С витамині (аскорбин қышқылы)

120

мг

 

В1 витамині (тиамин мононитраты)

3

мг

 

В2 витамині (рибофлавин)

3.4

мг

 

пантотен қышқылы (кальций пантотенаты)

10

мг

 

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

10

мг

 

фолий қышқылы

800

мкг

 

В12 витамині (цианокобаламин)

12

мкг

 

никотинамид

20

мг

 

биотин

30

мкг

 

кальций (кальций карбонаты)

200

мг

 

магний (магний тотығы)

25

мг

 

темір (темір фумараты)

60

мг

 

мыс (мыс тотығы)

2

мг

 

мырыш (мырыш тотығы)

25

мг

 

марганец (марганец сульфаты)

5

мг

 

йод (калий йодиді)

150

мкг

 

молибден (натрий молибдаты)

25

мкг

 

селен (натрий селенаты)

20

мкг

 

хром (хром хлориді)

25

мкг

 

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, кремнийдің қостотығы,

қабықтың құрамы: Опадрай II Сұр 03K175002 (титанның қостотығы (Е171), триацетин, гипромеллоза, темірдің қара тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172)).

Сипаттамасы

Капсула пішінді, ашық-сұрдан күңгірт-сұр түске дейін болатын қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «Prenаtal» деп және екінші жақ бетінде «Forte» деп өрнектелген, спецификалық иісі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер. Минералды заттары бар поливитаминдер. Басқа да минералдары және олардың біріктірілімдері бар поливитаминдер.

АТХ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі, метаболизм, таралуы және шығарылуы ВИТРУМ® ПРЕНАТАЛ ФОРТЕ препаратының құрамына кіретін жекелеген компоненттердің қасиеттеріне сәйкес келеді. Компоненттердің барлығын бірге маркерлер немесе биозерттеулердің көмегімен бақылау мүмкін емес, сондықтан кинетикалық байқап-бақылауды жүргізу мүмкіндігі жоқ, осы себептен препарат метаболиттерін анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

ВИТРУМ® ПРЕНАТАЛ ФОРТЕ фармакологиялық әсері препаратының құрамына кіретін витаминдер мен минералдар кешенімен анықталады.

А витамині фосфоаденозинфосфосульфатты (ФАСФ) белсенділендіру үшін қажетті ферменттердің синтезіне; бұлшықет тіндері ақуыздарының синтезіне ықпал ететін А1, А2, В және С соматомединдер синтезіне; ДНҚ-ға фосфаттар мен тимидиндердің, коллагенге пролиннің, РНҚ-ға уридиннің қосылуына; липолиздің басылуына; полипептидті байланыстардың гликозирленуіне; жыныс гормондарының, интерферонның, А иммуноглобулинінің, лизоцимнің синтезіне; мезгілінен бұрын кератинизациялануға жол бермейтін эпителий тіндері ферменттерінің синтезіне; кальцитриолға арналған рецепторлардың белсенділенуіне; көздің торлы қабығының таяқшаларындағы ымырттық көру үшін қажетті родопсиннің синтезіне қатысады.

Бета-каротин А витаминінің ізашары болып табылады. Бетакаротин иммуномодуляциялаушы әсер етеді, В- және Т-лимфоциттердің саралануын көтермелейді, бос радикалдардың белсенділігін жоятын айқын қабілеті бар.

Е витамині табиғи антиоксидант болып табылады – липидтердің асқын тотығуына жол бермейді. Қанның ұйығыштығының жоғарылауын болдырмайды және шеткергі қан айналымына жағымды әсер етеді. Ақуыздардың (коллаген, жиырылғыш ақуыздар), гемнің, Q коэнзимінің, гонадотропты гормондардың биосинтезіне, тіндік тыныс алуға, тіндік метаболизмнің басқа маңызды үдерістеріне қатысады, эритроциттердің гемолизінің алдын алады, қылтамырлардың жоғары өткізгіштігіне және сынғыштығына кедергі жасайды.

D3 витамині ақуыздардың алмасуын реттеу арқылы кальций мен фосфор теңгерімін сақтауда маңызды рөл атқарады. D3 витаминінің метаболиттері цитоплазматикалық рецептормен байланысады және жиынтық түрінде олармен бірге ядроға енеді, онда асқазан-ішек жолынан кальцийді ұстап қалуға және сіңуіне, өсу аймағында жиналуына, бүйрек өзекшелері кеңістігінен ұстап қалуға және қайта сіңуіне; остеокальциннің, оссификацияға арналған матрица қызметін атқаратын ақуыздың синтезіне мүмкіндік беретін спецификалық (кальциймен байланысатын ақуыз - КБА) және спецификалық емес ақуыздардың (сілтілік фосфатаза, коллаген) синтезіне түрткі бола отырып, гендерді бәсеңдетеді.

С витамині жасушаішілік коллагеннің пайда болуы үшін қажет, тотығу-тотықсыздану реакцияларына, көмірсу алмасуына, липидтер мен ақуыздардың синтезіне, қанның ұюына және тіндердің регенерациясына қатысады, стероидты гормондардың түзілуін жақсартады, қылтамырлардың өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, организмнің инфекцияларға төзімділігін арттырады, қабыну реакцияларын азайтады; темірдің асқазан-ішек жолынан сіңуін, оның депонирленуіне ықпал ете отырып, жақсартады.

В1 витамині организмде көмірсу алмасуды және зат алмасудың басқа түрлерін де реттейтін, метаболизмдік ацидозды жоятын ферменттердің (пировиноград және альфа-кетоглутар қышқылының дегидрогеназасының, транскетолаздардың) кофакторы болып табылады.

В2 витамині тіндік тыныс алуға, орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) және шеткергі тіндерде моноаминдердің түзілуіне және бұзылуына қатысатын энзимдердің (сукцинатдегидрогеназа, цитохроморедуктаза, оксидаза және т.б.) компоненттері болып табылатын коферменттер (флавинмононуклеотид және флавинадениндинуклеотид) құрамына енеді; эритропоэтин синтезіне мүмкіндік береді; В6 витаминін оның белсенді түріне айналдырады.

Пантотен қышқылы А-коэнзимінің құрамына енеді, ол май алмасуды және зат алмасудың басқа да түрлерін реттейді; жасушалық жарғақшаның қалыпты құрылымын қамтамасыз етеді; жүйке импульстарының холинергиялық синапстарға берілуіне мүмкіндік береді; глюкокортикоидтардың, жыныс гормондарының және минералокортикоидтардың синтезін реттейді.

В6 витамині ақуыздың алмасуын және зат алмасудың басқа да түрлерін, темірдің қанда сидерофиллинмен байланысуын және оның сүйек кемігіне және басқа тіндерге тасымалдануын, ОЖЖ қозғыштығын реттейтін көптеген ферменттердің құрамына енеді.

Фолий қышқылы нормобластардың пайда болуы үшін қажет, эритропоэзды, лейкопоэзды, тромбоцитопоэзды ынталандырады, амин қышқылдарының синтезіне қатысады. Зақымданған тіндердің регенерациясына мүмкіндік береді. Жүктіліктің ерте сатыларында шарананың жүйке түтігінде кемістіктің даму қаупін төмендетеді.

В12 витамині эритроциттердің нормобласттық жолда бөліну үдерісінің қалпына келуіне; пернициозды анемия кезінде эритроциттердің гемолизін болдырмауға; жүйке талшықтарының миелинизациясын қамтамасыз етуге қатысатын редуктазалар құрамына кіреді; паренхиматозды ағзаларда жасушалардың маймен өзгеруіне кедергі жасайды.

Никотинамид тіндік тыныс алуды реттеуге; ақуыздардың, майлардың синтезіне; гликогеннің ыдырауына; фибринолитикалық жүйе белсенділігінің артуына және тромбоциттердің агрегациясының азаюына; гистаминнің босап шығуына мүмкіндік беруге және кининдер жүйесінің белсенділенуіне; ретикулоциттердің және нормохромды эритроциттердің пайда болуының ынталануына қатысатын дегидрогеназалар коферменті болып табылатын никотинамидадениндинуклеотидтің (НАД) және никотинамидадениндинук-леотид фосфатының (НАДФ) құрамына кіреді.

Биотин көмірсудың, майдың және ақуыздың алмасу үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Ферменттік кешендердің түзілуіне қатысады, карбоксилаза коферменті болып табылады. Биотинге-тәуелді ферменттер май қышқылдары синтезінің катализаторлары болып табылады, энергетикалық алмасуға, амин қышқылдары мен глюкозаның синтезіне қатысады.

Кальций сүйек тінінің қалыптасуына, қанның ұюына, жүйке импульстарының берілуіне, қаңқа және тегіс бұлшық еттің жиырылуына қатысады. Ол сондай-ақ темірдің сіңуіне мүмкіндік береді.

Магний ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың метаболизмі үшін өмірлік маңызды мәнге ие және қуатқа айналу үдерістеріне қатысады.

Темір гемоглобин молекуласының бөлігі болып табылады, организмде оттегіні тасымалдауға қатысады, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, эритропоэзды көтермелейді.

Мыс метаболизмдік реакцияларға қатысатын ферменттердің құрамына енеді. Бұдан басқа, мыс ақуыздардың құрамына енеді. Мыс темірдің метаболизміне, ақуыз синтезіне қатысады.

Мырыш шарана қаңқасының қалыпты түзілуі және тіндердің регенерациясы үшін қажет, кейбір, инсулинді қосқанда, гормондардың құрамына кіреді, жатыр ішіндегі шарананың бірқатар аномалияға ұшырау ықтималдылығын төмендетеді.

Марганец ферменттерді белсенділендіреді және көмірсулар мен майлардың метаболизміне қатысады.

Йод қалқанша без қызметіне ықпал етеді, қанда холестериннің және бета-липопротеидтердің концентрациясын төмендетеді.

Молибден ферменттердің кофакторы рөлін атқарады. Молибден көмірсулардың, майлардың және темірдің метаболизм үдерістеріне қатысатын ферменттерді белсенді етеді.

Селен антиоксидантты қасиеттерге ие, бос радикалдардың пайда болуына жол бермейді.

Хром инсулин рецепторларымен кешен түзетін инсулин кофакторы болып табылады. Май қышқылдарының пайда болуына және көмірсулардың ассимиляциясына қатысатын ферменттерді белсенді етеді.

Қолданылуы

  • жүктілікке дайындық кезеңінде, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде гиповитаминоздардың және минералды заттардың жеткіліксіздігі профилактикасында және емдеуде

  • жүкті әйелдерде теміртапшылықты анемияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Әйелдерге жүктілікті жоспарлау сатысында, жүктілік кезеңінде және босанудан кейін күніне бір таблеткадан тамақтан соң су іше отырып, ішке қабылдау ұсынылады. Препаратты қабылдау курсы дәрігердің кеңесі бойынша.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • А гипервитаминозы

  • организмде темірдің шамадан тыс жиналуы

  • қанда кальций мөлшері жоғарылауы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа поливитаминді кешендерді бір мезгілде қабылдамау керек.

Препараттың құрамында темір мен кальций бар, сондықтан ішекте тетрациклиндер тобына жататын антибиотиктердің, сондай-ақ фторхинолондардың сіңуін кідіртуі мүмкін.

С витамині микробтарға қарсы сульфаниламидтер тобына жататын дәрілердің әсерін және жағымсыз әсерлерін (оның ішінде несепте кристалдардың пайда болуын) күшейтеді.

Құрамында алюминий, магний, кальций, сондай-ақ холестирамин бар антацидті препараттар темірдің сіңуін азайтады.

Тиазидтер тобына жататын несеп айдағыш дәрілерді бір мезгілде тағайындаған кезде гиперкальциемия болу ықтималдығы артады.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылатын дозаны арттырмау керек.

Витрум® Пренатал Фортені, артық дозалануды болдырмау үшін, құрамында А және D витаминдері бар препараттармен бірге қолдануға болмайды.

Несептің қанық сары түске боялуы мүмкін әрі қауіп тудырмайды, бұл препарат құрамында рибофлавиннің болуымен байланысты.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Емдеудің ұсынылатын дозалары мен ұзақтығында артық дозалану құбылыстары сипатталмаған.

Байқаусыз артық дозаланған кезде дереу дәрігерге қаралу керек.

Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 немесе 100 таблеткадан полиэтиленнен жасалған, сол материалдан бұрандалы қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапаны бар құтыда. Құтыға заттаңба жапсырылады полиэтилен үлбірмен тартып орайды.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 °С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші ұйым

UNIPHARM, INC. (ЮНИФАРМ, ИНК.)

Заңды мекенжайы: 350 Бесінші Авеню, 6701 кеңсе,

Нью-Йорк, Нью-Йорк штаты 10118, АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Юнифарм, Инк.» (АҚШ) Қазақстан Республикадағы өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

841915561477976206_ru.doc 81.5 кб
175160271477977455_kz.doc 89.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники