Эфкур

МНН: Эфавиренз
Производитель: Эмкьюр Фармасьютикалс Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Efavirenz
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019879
Информация о регистрации в РК: 06.05.2013 - 06.05.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 389.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Эфкур

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эфавиренз

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 600 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – эфавиренз 600 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, натрий лаурилсульфаты, лактоза моногидраты, магний стеараты,

қабығы: опадрай сары 12Б 82855 (гипромеллоза 3сП, гипромеллоза 6сП, титанның қостотығы Е172, полиэтиленгликоль 6000, тальк, темірдің (III) сары тотығы Е172, полисорбат 80).

Сипаттамасы

Бір жақ бетінде «EF 600» өрнегі бар және екінші жақ беті тегіс, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері. Эфавиренз.

АТХ коды J05AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

100-1600 мг бір реттік дозасын ішке қабылданғаннан кейін плазмадағы мөлшері 1.6-9.1мкл эфавиренздің ең жоғары концентрациялары тиісінше, 5 сағаттан соң жетті. Тұрақты концентрациялары 6-7 күн ішінде жетті.

Таралуы

Этравирин қан плазмасы ақуыздарымен (99,5-99,75), көбінесе альбуминмен байланысады.

1 ай бойы тәулігіне 1 рет 200-600 мг эфавиренз қабылдаған, АИТВ жұқтырған пациентерде (n=9) оның жұлын-ми сарысуындағы концентрациясы плазмалық концентрациядан 0.26-дан 1.19%-ға дейін (орташа көрсеткіші = 0,69 %) ауытқыды. Бұл арақатынас плазмадағы эфавиренздің протеинді емес (бос) фракциясына қарағанда, 3 есе жоғары екендігі есептелді.

Метаболизмі

Эфавиренз көбінесе, гидроксилденген метаболиттердің түзілуімен және глюкурон қышқылымен кейiннен олардың конъюгациялануымен P450 цитохром жүйесімен метаболизденеді. Бұл метаболиттер іс жүзінде АИТВ-1-ге қарсы тиімді емес. Эфавиренз метаболизмне жауапты басты изоферменттер CYP3A4 және CYP2B6 болып табылады. Сондай-ақ эфавиренз Р450 изоферменттерін: 2C9, 2C19 және 3 Ф4-ті тежейді.

Іn vivo зерттеулерінде эфавиренз CYP2E1-і тежемеді, бірақ клиникалық жағдайларда қол жеткізілгендерден едәуір асатын концентрацияларда CYP2D6 мен CYP1A2-ні тежеді.

CYP2B6 изоферментінің G516T гомозиготалы түрі өзгешелігімен пациенттерде плазмадан препараттың шығарылу ұзақтығының арттыруы мүмкін.

Шығарылуы

Эфавиренз ұзақ жартылай ыдырау кезеңіне иеленген.

Мысалы, бір реттік дозасын қолданған кезде, жартылай ыдырау кезеңі кем дегенде 52 сағатты, ал оны көп рет қолданған кезде 40-55 сағатты құрайды. Эфавиренздің радиоактивті изотоппен белгіленген дозасының шамамен 14-34 %-ы несепте қалпына келтірілді және бұл дозаның 1%-ы несепте өзгермеген күйінде қалды.

Пациенттердің кейбір топтарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері:

Егде жастағы адамдар: егде жастағы пациенттердің қатысуымен фармакокинетика жөніндегі зерттеулер жүргізілмеді.

Фармакодинамикасы

Эфавиренз - 1-типті адам иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-1) кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіші (КТНЕТ). Эфавиренз белсенділігі негізінен, АИТВ-1 кері транскриптазаны бәсекелес емес бәсеңдетуімен байланысты. Эфавиренз АИТВ-2 кері транскриптазасын және адамның альфа-, бета-, гамма- және дельта-ДНК-полимеразасын тежемейді.

Вирусқа қарсы белсенділігі

Вирустың зертханалық-бейімделген жабайы штаммдар және клиникалық изоляттары (0,46-дан 6,8 нм-ге дейін өлшемімен лимфобласты жасушалар, шеткері мононуклеарлы жасушалар және моноциттер/макрофагтардың өсіріндісі) үшін эфавиренздің тежегіш белсенділігі зидовудинге төзімді штаммдардың 90-95%-ын басу үшін жеткілікті болды.

Резистенттілігі

Жабайы түрдегі вирус штаммдарына қарсы эфавиренз белсенділігі қандай болса, кері транскриптазадағы амин қышқылдарының 48, 108, 179, 181 немесе 236 қалпында орын алмастырған вирус штамдарына немесе протеазада орын алмастырған амин қышқылдарының нұсқаларына қарсы жасушалардың өсіріндісінде эфавиренз белсенділігі сондай болды. Жасушалар өсіріндісінде эфавирензге өте жоғары төзімділік тудыратын амин қышқылдық орын алмастырушылар лейцинді 100 (L101I, 17–22 есе төзімді) қалпында изолейцинге және лизинді 103 (K103N, 18–33 есе төзімді) қалпында аспарагинге орын алмасуына сәйкес келді. АИТВ нұсқаларында сезімталдығын 100 еседен артығырақ жоғалту орын алды, олар кері транскриптазада басқа амин қышқылдарының орын алмасуына қосымша, K103N экспрессиялады.

K103N индинавирмен немесе зидовудинмен+ламивудинмен біріктірілімдегі эфавирензді клиникалық сынаулар барысында тиімсіз емдеу белгілері (вирустық жүктемені «қайтару») болған науқастардан вирус изоляттарындағы кері транскриптазада неғұрлым жиі байқалатын мутациялар болды. Сондай-ақ күйлері 98, 100, 101, 108, 138, 188, 190 немесе 225 кері транскриптазада алмастыру байқалған, дегенмен неғұрлым төмен жиілікпен және жиі K103N-мен ұштастыра болған. Эфавирензбен емделгенге дейін науқастардан алынған үлгілерде K103N алмастыруы байқалмаған.

Эфавирензге төзімділігімен сүйемелденетін, кері транскриптазада амин қышқылдарын ауыстыру түрі эфавирензбен біріктірілімде қолданылатын басқа да антивирустық препараттарға байланысты емес.

Айқаспалы резистенттілігі

Жасушалардың өсіріндісінде эфавиренз, невирапин және делавирдин үшін айқаспалы резистенттілік бейіндері көрсеткендей, K103N орын алмасуы кері транскриптазаның барлық үш нуклеозидті емес тежегішіне сезімталдығының жоғалуына әкеледі. Үш зерттелген клиникалық изоляттың делавирдинге төзімді екеуі эфавирензге айқаспалы төзімді болды және құрамында K103N орын алмасуы болды. Кері транскриптазаның 236-қалпында орын алмасуы болған үшінші изолят эфавирензге айқаспалы төзімді болған жоқ.

Кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштеріне сезімталдығы эфавирензбен клиникалық сынақтарға қатысқан және сәтсіз емдеу белгілері (вирустық жүктемені «қайтару») болған пациенттердің шеткері қанының мононуклеарларынан алынған вирустық изоляттарында бағаланды. Эфавирензге төзімді ретінде бұрын сипатталған он үш изолят, сондай-ақ in vitro невирапинге және делавирдинге төзімді болды. Осы кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерінің төзімді изоляттарының бесеуінде K103N немесе 108 (V108I) қалпында кері транскриптазада валиннің изолейцинге орын алмасу болғаны анықталды. Эфавирензбен емдеуге жауап болмаған науқастардан алынған және тексерілген изоляттардың үшеуі өсіріндідегі эфавирензге сезімтал болып қалды, сондай-ақ невирапинге де және делавирдинге де сезімтал болды.

Эфавиренз бен протеаза тежегіштерінің арасындағы айқаспалы резистенттілік мүмкіндігі әр түрлі фермент-нысаналардың қатысуына байланысты, ал эфавиренз бен кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерінің арасында – нысанада байланысу бөлімдерінің және әрекет механизмдерінің ерекшеленуіне байланысты төмен.

Вирусқа қарсы белсенділігі

Вирустың зертханалық-бейімделген жабайы штаммдар және клиникалық изоляттары (0,46-дан 6,8 нм-ге дейін өлшемімен лимфобласты жасушалар, шеткері мононуклеарлы жасушалар және моноциттер/макрофагтардың өсіріндісі) үшін эфавиренздің тежегіш белсенділігі зидовудинге төзімді штаммдардың 90-95%-ын басу үшін жеткілікті болды.

Резистенттілігі

Жабайы түрдегі вирус штаммдарына қарсы эфавиренз белсенділігі қандай болса, кері транскриптазадағы амин қышқылдарының 48, 108, 179, 181 немесе 236 қалпында орын алмастырған вирус штамдарына немесе протеазада орын алмастырған амин қышқылдарының нұсқаларына қарсы жасушалардың өсіріндісінде эфавиренз белсенділігі сондай болды. Жасушалар өсіріндісінде эфавирензге өте жоғары төзімділік тудыратын амин қышқылдық орын алмастырушылар лейцинді 100 (L101I, 17–22 есе төзімді) қалпында изолейцинге және лизинді 103 (K103N, 18–33 есе төзімді) қалпында аспарагинге орын алмасуына сәйкес келді. АИТВ нұсқаларында сезімталдығын 100 еседен артығырақ жоғалту орын алды, олар кері транскриптазада басқа амин қышқылдарының орын алмасуына қосымша, K103N экспрессиялады.

K103N индинавирмен немесе зидовудинмен+ламивудинмен біріктірілімдегі эфавирензді клиникалық сынаулар барысында тиімсіз емдеу белгілері (вирустық жүктемені «қайтару») болған науқастардан вирус изоляттарындағы кері транскриптазада неғұрлым жиі байқалатын мутациялар болды. Сондай-ақ күйлері 98, 100, 101, 108, 138, 188, 190 немесе 225 кері транскриптазада алмастыру байқалған, дегенмен неғұрлым төмен жиілікпен және жиі K103N-мен ұштастыра болған. Эфавирензбен емделгенге дейін науқастардан алынған үлгілерде K103N алмастыруы байқалмаған.

Эфавирензге төзімділігімен сүйемелденетін, кері транскриптазада амин қышқылдарын ауыстыру түрі эфавирензбен біріктірілімде қолданылатын басқа да антивирустық препараттарға байланысты емес.

Айқаспалы резистенттілігі

Жасушалардың өсіріндісінде эфавиренз, невирапин және делавирдин үшін айқаспалы резистенттілік бейіндері көрсеткендей, K103N орын алмасуы кері транскриптазаның барлық үш нуклеозидті емес тежегішіне сезімталдығының жоғалуына әкеледі. Үш зерттелген клиникалық изоляттың делавирдинге төзімді екеуі эфавирензге айқаспалы төзімді болды және құрамында K103N орын алмасуы болды. Кері транскриптазаның 236-қалпында орын алмасуы болған үшінші изолят эфавирензге айқаспалы төзімді болған жоқ.

Кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштеріне сезімталдығы эфавирензбен клиникалық сынақтарға қатысқан және сәтсіз емдеу белгілері (вирустық жүктемені «қайтару») болған пациенттердің шеткері қанының мононуклеарларынан алынған вирустық изоляттарында бағаланды. Эфавирензге төзімді ретінде бұрын сипатталған он үш изолят, сондай-ақ in vitro невирапинге және делавирдинге төзімді болды. Осы кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерінің төзімді изоляттарының бесеуінде K103N немесе 108 (V108I) қалпында кері транскриптазада валиннің изолейцинге орын алмасу болғаны анықталды. Эфавирензбен емдеуге жауап болмаған науқастардан алынған және тексерілген изоляттардың үшеуі өсіріндідегі эфавирензге сезімтал болып қалды, сондай-ақ невирапинге де және делавирдинге де сезімтал болды.

Эфавиренз бен протеаза тежегіштерінің арасындағы айқаспалы резистенттілік мүмкіндігі әр түрлі фермент-нысаналардың қатысуына байланысты, ал эфавиренз бен кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерінің арасында – нысанада байланысу бөлімдерінің және әрекет механизмдерінің ерекшеленуіне байланысты төмен.

Қолданылуы

- ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде (дене салмағы 40 кг-ден астам) АИТВ инфекциясын емдеу үшін біріктірілген антиретровирусты ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді АИТВ инфекцияларын емдеуде тәжірибесі жеткілікті дәрігер жүргізуі тиіс.

Біріктірілген антиретровирусты ем

Эфкурды басқа антиретровирусты препараттармен біріктіріп тағайындау керек.

Эфкурды аш қарынға қабылдау ұсынылады. Эфкур препаратын ас қабылдау кезінде қолданғаннан кейін, эфавиренз концентрациясының жоғарылауы жағымсыз реакциялардың туындау жиілігінің жоғарылауына әкелу мүмкіндігі байқалған.

Жүйке жүйесінің тарапынан жағымсыз әсерлерге қатысты көтерімділігін жақсарту мақсатында, препаратты ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.

Ересектер мен 12 жастан асқан (дене салмағы 40 кг-ден астам) жасөспірімдер

Протеаза тежегішімен (ПТ) немесе онсыз кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері. (КТНЕТ) біріктірілімдегі Эфкур препаратының ұсынылған дозасы тәулігіне бір рет ішу арқылы қабылданатын 600 мг құрайды.

Дозаны түзету. Вориконазолмен Эфкур препаратын бір мезгілде қолданған кезде, вориконазолдың демейтін дозасын әрбір 12 сағатта 400 мг дейін ұлғайту, ал Эфкур препаратының дозасын 50 %-ға, яғни тәулігіне бір рет 300 мг дейін азайту керек. Вориконазолмен емдеу тоқтатылғаннан кейін, эфавиренз бастапқы дозада қабылдануы тиіс.

Егер Эфкур рифампицинмен бір мезгілде қолданылатын болса, онда Эфкур препаратының дозасын тәулігіне 800 мг дейін ұлғайту мәселесін қарастыруға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы

Эфавиренз дозасының 1%-ға жуығы өзгермеген күйде несеппен шығарылады, сондықтан Эфкурдың шығарылуына бүйрек функциясы бұзылуының әсері өте төмен болуы тиіс.

Бауыр функциясының бұзылуы

Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бауыр ауруы бар пациенттер Эфкурмен әдеттегі ұсынылатын дозада ем қабылдай алады.

Пациенттердің жағдайын дозаға тәуелді жағымсыз реакцияларды, әсіресе жүйке жүйесі тарапынан симптомдарды анықтау үшін, мұқият бақылау керек.

Жағымсыз әсерлері

Біріктірілген ем құрамында ұсынылған дозада эфавиренздің клиникалық зерттеулерінде хабарланған, емдеу режиміне байланысты болуы мүмкін орташа немесе ауыр жағымсыз құбылыстар төменде келтірілген.

Құбылыстардың жиілігі келесі болжам көмегімен анықталады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100); сирек (≥ 1/10000 < 1/1 000); өте сирек (< 1/10000).

Өте жиі

- бөртпе

Жиі

- патологиялық түс көру, зейіннің нашарлауы немесе зейін қою төмендеуі, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық, ұйқышылдық, мишық үйлестіру және тепе-теңдіктің бұзылуы, ауыр депрессия

- іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу, тәбеттің жоғалуы

- қышыну, бөртпе, терінің қабыршақтануы, терінің қызаруы, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі терідегі макулопапулезді бөртпелер

- қатты шаршау, әлсіздік

- иммундық жүйе тарапынан бұзылу

- аллергиялық реакциялар

- мазасыздық, депрессия

- гипертриглицеридемия, инсулинге резистенттілік, гипергликемия және гиперлактацемия, гиперхолестеринемия

- АСТ және АЛТ белсенділігінің жоғарылауы, гаммаглютамилтрансферазаның (ГГТ) жоғарылауы

- липодистрофия және метаболизмдік бұзылыстар

Жиі емес

  • құлақтағы шуыл, вертиго

  • қан кернеулері

- амнезия, қимыл үйлесімінің бұзылуы, атаксия, сананың шатасуы, құрысулар, патологиялық ойлау, тремор

- бұлыңғыр көру немесе көру түйсігінің анық еместігі

- жедел панкреатит, сарысу амилазасы белсенділігінің симптомсыз жоғарылауы

- экссудативті полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы

- жедел гепатит

- гиперхолестеринемия

- гинекомастия

- миалгия, артралгия, миопатия, остеонекроз

- аффектілі құбылмалылық, сананың шатасуы, эйфориялық көңіл-күй, елестеулерлер, психоз, суицидтік ойлар, озбыр мінез-құлық, параноидты реакциялар, маниакальды реакциялар, ажитация, амнезия, патологиялы ойлау

Сирек

- гипестезия, парестезия, нейропатия

- қызуды сезіну, қызба

- іш қату

- сандырақ, невроз, ауыр депрессия, пациенттердің өзін-өзі өлтіру туралы ниеті, өлім-жітімсіз өзін-өзі өлтіруге әрекеттері, агрессиялы мінез-құлық

- аллергиялық дерматит, эксфоллиативті дерматит

- ентігу, тахикардия

- бауыр жеткіліксіздігі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы)

- терфенадинмен, вориканозолмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен (эфавиренздің CYP3А4-пен бәсекелестігіне байланысты, бұл дәрілік заттардың метаболизмін тежеуге немесе күрделі және/немесе ауыр асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін - жүрек аритмиясы, ұзақ мерзімді седативті әсер, тыныс алудың нашарлауы) немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, метилэргоновин) бірге тағайындау.

- құрамында шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттармен бір мезгілде қабылдау, қан плазмасындағы концентрацияларының төмендеуі және эфавиренздің клиникалық тиімділігін төмендетуі ықтимал

- тұқым қуалайтын галактоза/лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі дене салмағы 40 кг-ден төмен балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эфавиренз in vivo CYP3A4, CYP2B6 және UGT1A1 индукторы болып табылады. CYP3A4 субстраттары болып табылатын басқа қосылыстардың концентрациялары қан плазмасында эфавирензбен бірге қолданған кезде төмендейді. In vitro зерттеулері эфавиренз бақыланатын концентрациялары диапазонында эфавиренздің 2C9, 2C19 және 3A4 изоферменттерін тежейтінін көрсетті. Көбінесе осы изоферменттермен метаболизденетін дәрілік заттармен эфавирензді бірге қолдану қан плазмасындағы бірге қабылданатын дәрілік заттардың концентрациялары өзгеруіне әкелуі мүмкін. Демек, бұл дәрілік заттардың тиісті дозасын түзету талап етілуі мүмкін.

CYP3A4 белсенділігін индукциялайтын дәрілік заттар (мысалы, фенобарбитал, рифампин, рифабутин) эфавиренз клиренсін арттырады, бұл қан плазмасында концентрацияларының төмендеуіне әкеледі деп күтілуде.

Педиатриялық популяция

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер ересек пациенттерге ғана жүргізілді.

Бір мезгілде қолдануға болмайтын жағдайлар

Эфавиренз терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, и метилэргоновинмен) бір мезгілде қабылданбауы тиіс, өйткені олардың метаболизмінің тежелуі өмірге күрделі және қауіп төндіретін құбылыстарға әкелуі мүмкін.

St John’s Wort (шілтерлі шайқурай)

Эфавирензді және шайқурайды немесе құрамында шайқурай бар өсімдіктен жасалған дәрілік препараттарды бірге қолдану қарсы көрсетілімде. Шайқурай әсерінен тасымалдаушы ақуыздарды және/немесе дәрілік заттарды метаболиздейтін ферменттің индукциялануы қан плазмасында шайқураймен бірге пайдаланған кезде эфавиренздің деңгейлерін төмендеуі мүмкін. Егер пациент шайқурайды қабылдап жүрсе, қабылдауды тоқтатып, вирустың деңгейін, егер мүмкін болса, эфавиренздің деңгейін тексеру қажет. Эфавиренздің деңгейлері шайқурайды пайдалану тоқтатылғаннан кейін жоғарылауы мүмкін, сондықтан эфавиренздің дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Шайқурайдың индукциялайтын әсері емдеу тоқтатылғаннан кейін кем дегенде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.

Эфавирензбен дәрілік өзара әрекеттесу кестеде жинақталған.

Эфавирензбен бірге қолдануға болмайтын дәрілік заттар

Дәрілік заттың класы

Эфавирензбен бірге қолдануға болмайтын дәрілік заттар

Антигистаминдік дәрілер

Астемизол

Бензодиазепиндер

Мидазолам, триазолам

Асқазан-ішек жолының қозғалыс белсенділігін өзгертетін дәрілер

Цизаприд

Бас сақинасына қарсы дәрілер

Қастауыш туындылары

Белгілі дәрілік өзара әрекеттесулер

Дәрілік заттың атауы

Әсері

Клиникалық түсініктеме

Кларитромицин

Кларитромицин концентрациясының төмендеуі

14 - OH метаболиті концентрациясының жоғарылауы

Эфавиренздің әсерінен қан плазмасындағы концентрациялары төмендейді; клиникалық мәні белгісіз. Жұқпа жұқтырмаған еріктілер арасында эфавирензді және кларитромицинді қолдану кезеңінде 46% бөртпе дамыған.

Кларитромицинмен бірге қолдану кезінде эфавиренздің дозасын түзету талап етілмейді. Азитромицин сияқты кларитромицинге балама тағайындау мүмкіндігін қарастыру қажет.

Басқа, мысалы, эритромицин сияқты макролидті антибиотиктер эфавирензбен біріктірілімде зерттелмеген.

Азитромицин

Клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі жоқ.

Дәрілік заттардың кез келгенінің дозасын түзету талап етілмейді.

Индинавир

Индинавирдің төмендетілген концентрациясы

Индинавирдің дозасын әрбір 8 сағат сайын 800 мг-ден 1000 мг-ге дейін ұлғайту.

Индинавир/ритонавир

Индинавирдің төмендетілген концентрациясы

Индинавирмен немесе индинавир/ритонавир біріктірілімімен бірге қолдану кезінде эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Лопинавир/ритонавир жұмсақ капсулалары немесе ішу арқылы қабылдау үшін ерітінді/эфавиренз

Лопинавир/ритонавир таблеткалар / эфавиренз

Лопинавир әсерінің елеулі төмендеуі.

Лопинавир концентрациясы: ↓ 30-40%

Лопинавир концентрациясы: эфавирензсіз күніне екі рет 400/100 мг лопинавир/ритонавир біріктіріліміне ұқсас

Эфавирензбен бір мезгілде қолдану кезінде жұмсақ капсула немесе ішу арқылы қабылдайтын ерітінді түрінде лопинавир / ритонавир біріктірілімінің дозасын 33%-ға арттыру (күніне екі рет 3 капсула/5 мл орнына, күніне екі рет 4 капсула/~6,5 мл) мүмкіндігін қарастыру қажет. Сақтық шараларын ұстану қажет, себебі дозаны осылай түзету кейбір пациенттерде жеткіліксіз болуы мүмкін. Күніне бір рет дозасы 600 мг эфавирензбен бірге қолданған кезде күніне екі реттік таблетка түріндегі лопинавир /ритонавир біріктірілімі 500/125 мг дейін арттырылуы керек.

Нелфинавир

Нелфинавирдің жоғары концентрациясы.

Дәрілік заттардың кез келгенінің дозасын түзету талап етілмейді.

Атазанавир/ритонавир

Концентрациясы өзгерістері жоқ,

Cmax мәнінің жоғарылауы,

Cmin мәнінің төмендеуі.

Атазанавир/ритонавир біріктірілімімен эфавирензді бірге қолдану ұсынылмайды. Егер КТНЕТ -пен атазанавирді бір мезгілде қолдану қажет болса, мұқият клиникалық мониторинг щартымен эфавирензбен бірге қолдану кезінде атазанавир және ритонавир дозасын, тиісінше, 400 мг және 200 мг дейін арттыру мүмкіндігін қарастыруға болады.

Атазанавир/ритонавир

Концентрациясының және Cmax мәнінің өзгерістері жоқ, Cmin мәнінің төмендеуі.

Дарунавир/ритонавир/

Дарунавир концентрациясының төмендеуі

Эфавирензді күніне бір рет дозасы 800/100 мг дарунавир/ритонавир біріктірілімімен бірге қолдану дарунавирдің Cmin оңтайлыға жақын мәніне әкелуі мүмкін. Егер эфавирензді дарунавир/ритонавир біріктірілімімен бірге қолдану қажет болса, күніне екі рет 600/100 мг дарунавир/ритонавирмен емдеу сызбасы пайдаланылуы тиіс. Бұл біріктірілім сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Фосампренавир/ритонавир

Клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі жоқ.

Осы дәрілік препараттардың кез келгенінің дозасын түзету қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ төмендегі ритонавир туралы ақпаратты қараңыз.

Фосампренавир/нелфинавир

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Осы дәрілік препараттардың кез келгенінің дозасын түзету қажеттілігі жоқ.

Фосампренавир/саквинавир

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Ұсынылмайды, өйткені екі ПТ (протеаза тежегіштері) әсерінің едәуір төмендеуі күтіледі.

Метадон

Метадон концентрациясының төмендеуі

Анамнезінде инъекциялық есірткі қолдануы бар АИТВ-жұқпасын жұқтырған тұлғаларда бірге қолдану апиындарды тоқтату сидромының белгілеріне және қан плазмасында метадон деңгейлерінің төмендеуіне әкелді. Тоқтату симптомдарын жеңілдету үшін метадон дозасы орта есеппен, 22%-ға арттырылды.

Пациенттерді тоқтату синдромының белгілерін анықтау үшін бақылануы керек, ал тоқтату синдромын жеңілдету үшін қажет болған жағдайда метадон дозасы арттырылуы тиіс.

Бупренорфин/налоксон

Бупренорфин концентрациясының төмендеуі

Налоксон концентрациясының төмендеуі

Бупренорфиннің немесе эфавиренздің дозасын түзету бірге қолданған кезде қажет болмауы мүмкін.

Клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі жоқ.

Этинилэстрадиол + норгестимат

Этинилэстрадиол концентрациясының өзгерісі жоқ.

Норэлгестромин (белсенді метаболит) концентрациясының төмендеуі.

Левоноргестрел (белсенді метаболит) концентрациясының төмендеуі.

Қан плазмасындағы концентрациялары эфавиренздің әсерімен ұлғаяды; клиникалық мәні белгісіз. Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен эфавиренздің потенциальды өзара әрекеттесуі толығымен сипатұстамағандықтан, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерге қосымша контрацепцияның сенімді бөгегіш әдісін пайдалану қажет.

Инъекциялар: депомедроксипрогестерон ацетаты (ДМПА)

Дәрілік өзара әрекеттесулерді 3 айлық зерттеу барысында, құрамында эфавиренз бар антиретровирусты ем қабылдайтын сыналушыларда және антиретровирусты ем алмаған сыналушыларда МПА (медроксипрогестерон ацетаты) фармакокинетикалық параметрлерінің едәуір айырмашылықтары анықұстамады.

Шектеулі ақпаратқа байланысты бөгегіш контрацепцияның сенімді әдісі гормональді контрацептивтерге қосымша пайдаланылуы тиіс.

 

Ұқсас нәтижелер басқа зерттеушілермен алынды, дегенмен екінші зерттеу барысында қан плазмасында МПА деңгейлері құбылмалырақ болды.

Эфавиренз бен ДМПА қабылдаған сыналушылардың қан плазмасында прогестерон деңгейлері екі зерттеуде де төмен болды, бұл овуляция бәсеңдеуімен салыстырмалы.

 

Имплантат: этоногестрел

Өзара әрекеттесулері зерттелмеді.

Этоногестрел (CYP3A4 индукциясы) әсерінің төмендетілуін күтуге болады. Эфавиренздің әсеріне ұшыраған пациент әйелдерде этоногестрелмен контрацептивтің тиімсіздігі туралы тіркелгеннен кейін жекелеген хабарлар бар.

Гормональді контрацептивтерге қосымша бөгегіш контрацепцияның сенімді әдісін пайдалану керек.

CYP3A4 арқылы метаболизденетін иммунодепрессиялық дәрілер (мысалы, циклоспорин, такролимус, сиролимус)

Өзара әрекеттесулері зерттелмеді.

Иммунодепрессиялық дәрілер дозасын түзету талап етілуі мүмкін.

 

Иммунодепрессиялық дәрілер (CYP3A4 индукциясы) әсерін төмендету күтілуге болады. Мұндай иммунодепрессиялық дәрілердің эфавиренз әсеріне ықпалы күтілмейді.

Эфавирензбен емдеу басталғанда немесе тоқтатылған кезде кем дегенде 2 апта бойы (тұрақты концентрацияларға жетуге дейін) иммунодепрессанттар концентрациясының мұқият мониторингісі ұсынылады.

Рифабутин

Рифабутин концентрациясының төмендеуі

Рифабутиннің тәуліктік дозасын 50%-ға ұлғайту. Рифабутин аптасына 2 немесе 3 рет қабылданған кезде, оның дозасын еселеу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Рифампин

Эфавиренз концентрациясының төмендеуі

Эфавиренз концентрациялары төмендеуінің клиникалық маңызы белгісіз.

Ритонавир

Ритонавир концентрациясының жоғарылауы

Эфавиренз концентрациясының жоғарылауы

Біріктірілім жағымсыз клиникалық тәжірибенің (мысалы, бас айналу, жүрек айнуы, парестезия) жоғары жиілігімен және зертханалық көрсетікіштердің ауытқуларымен (бауыр ферменттері белсенділігінің артуы) астасты.

Ритонавирмен біріктірілімде эфавирензді қолдану кезінде бауыр ферменттері деңгейінің мониторингісін жүргізу ұсынылады.

Саквинавир

Саквинавир концентрациясының төмендеуі

Эфавирензбен біріктірілімде протеазаның жалғыз тежегішы ретінде пайдаланылмауы тиіс.

Маравирок

Маравирок концентрациясының төмендеуі

Эфавиренз концентрациялары өлшенбеген, әсері күтілмейді.

Ралтегравир

Ралтегравир концентрациясының төмендеуі

Ралтегравир дозасын түзету талап етілмейді.

Антикоагулянттар: варфарин, аценокумарол

Қан плазмасындағы концентрациялар және әсерлер эфавиренз әсерінен потенциалды ұлғаяды немесе төмендейді.

Варфарин немесе аценокумарол дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Вальпрой қышқылы

Эфавиренздің клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі

жоқ.

Эфавиренз дозасын түзету талап етілмейді. Пациенттерде құрысу ұстамаларынн бақылау үшін қадағалау қажет.

Вигабатрин

Өзара әрекеттесулері зерттелмеді. Клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері күтілмейді, өйткені вигабатрин және габапентин

өзгермеген түрде несеппен ғана шығарылады және олар эфавиренздікі сияқты сол метаболизмдік ферменттермен бәсекелесетіні және шығарылу жолының бірдей болуы екіталай.

Осы дәрілік препараттардың кез келгенінің дозасын түзетуге қажеттілік жоқ.

Антиконвульсанттар: фенитоин, фенобарбитал, карбамазепин

Қан плазмасындағы антиконвульсанттар және/немесе эфавиренз деңгейлерін төмендету потенциалы; қан плазмасындағы антиконвульсанттар деңгейлерінің мезгіл-мезгіл мониторингісін жүргізу керек.

Фунгицидтер: итраконазол, кетоконазол

Эфавиренз бен осы имидазол және триазол фунгицидтерінің дәрілік өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген. Эфавиренз қан плазмасындағы итраконазол және кетоконазол концентрацияларын төмендетуі мүмкін.

Саквинавир/ритонавир біріктірілімі.

Фармакокинетикалық деректер жоқ.

Ампренавир

Эфавиренз сарысудағы ампренавир концентрациясын төмендетуі мүмкін.

Кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері

Басқа КТНЕТ (кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерімен) зерттеулер жүргізілмеген.

КТНТ

Ламивудин, зидовудин және тенофовир дизопроксил фумаратын қоспағанда, эфавиренз және КТНТ өзара әрекеттесулеріне арнайы зерттеулер жүргізілмеді.

Клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер күтілмейді, өйткені эфавирензге қарағанда, КТНЕИ басқа жолмен метаболизденеді, олар сол метаболизмдік ферменттермен бәсекелесетіні және шығарылу жолы екіталай.

Дәрілік заттардың кез келгенінің дозасын түзету талап етілмейді.

St John’s Wort (шілтерлі шайқурай)

Қан плазмасындағы эфавиренз деңгейлерінің елеулі төмендеуі күтілуде; эфавирензбен біріктіріліміне зерттеулер жүргізілмеді.

Сертралин

Сертралин концентрациясының төмендеуі

Эфавиренз концентрациясының жоғарылауы

Сертралин дозасының жоғарылауы клиникалық жауапқа негізделуі тиіс. Эфавиренз дозасын түзету талап етілмейді.

Пароксетин

Клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері жоқ

Клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері жоқ

Флуоксетин

Өзара әрекеттесулері зерттелмеді. Флуоксетин пароксетинмен метаболизмдік бейіні, яғни CYP2D6 күшті тежегіштік әсері бірдей болғандықтан, флуоксетинмен өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Дәрілік заттардың кез келгенінің дозасын түзету талап етілмейді

Бупропион

Бупропион концентрациясының төмендеуі

Бупропион дозасын арттыру клиникалық жауапқа тәуелді болуы тиіс, бірақ ең жоғарғы ұсынылатын дозадан аспауы тиіс.

Эфавиренз дозасын түзету талап етілмейді.

Цетиризин

Концентрациясының өзгерістері жоқ

Дәрілік заттардың кез келгенінің дозасын түзету талап етілмейді.

Дилтиазем

Дилтиазем концентрациясының төмендеуі

Дилтиазем дозасын түзету клиникалық жауапқа негізделуі тиіс. Эфавиренз дозасын түзету талап етілмейді.

Верапамил, фелодипин, нифедипин және никардипин

Өзара әрекеттесулері зерттелмеді. Эфавиренз кальций өзекшелерінің блокаторымен, яғни CYP3A4 ферментінің субстратымен бірге қабылданған кезде, қан плазмасындағы кальций өзекшелері блокаторының концентрациялары төмендеуінің күшеюі ықтимал.

Кальций өзекшелері блокаторларының дозасын түзету клиникалық жауапқа негізделуі тиіс.

Аторвастатин

Аторвастатин концентрациясын төмендету

Холестериннің деңгейлері мезгіл-мезгіл бақылануы керек. Аторвастатин дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Эфавиренз дозасын түзету талап етілмейді.

Правастатин

Правастатин концентрациясын төмендету

Холестерин деңгейлері мезгіл-мезгіл бақылануы керек. Правастатин дозасын түзету талап етілуі мүмкін. Эфавиренз дозасын түзету талап етілмейді.

Симвастатин

Симвастатин концентрациясын төмендету

Холестерин деңгейлері мезгіл-мезгіл бақылануы керек. Симвастатин дозасын түзету талап етілуі мүмкін. Эфавиренз дозасын түзету талап етілмейді.

Розувастатин

Өзара әрекеттесулері зерттелмеді. Розувастатин едәуір дәрежеде нәжіспен өзгермеген түрде шығарылады, сондықтан эфавирензбен өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Дәрілік заттардың кез келгенінің дозасын түзету талап етілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Препараттарды Эфкурмен бір мезгілде тағайындау кезінде дәрігерлер осы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысқандары жөн.

Эфавиренз АИТВ-ны емдеу үшін жеке дәрі ретінде қолданбауы немесе оны тиімсіз емдеу сызбасына бір дәрі ретінде қосуға болмайды. Кері транскриптазаның барлық басқа нуклеозидті емес тежегіштерімен жағдайдағыдай, эфавирензді монотерапия ретінде қолданған кезде, резистенті вирустар тез пайда болады. Эфавирензбен біріктірілімде қолдану үшін жаңа антиретровирусты дәріні(лерді) таңдауда вирустардың айқаспалы төзімділігінің күшеюі ескерілуі тиіс.

Егер бұл (мысалы, рифампицинмен) дозаны түзету үшін талап етілмеген болса, құрамында эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты бар, бекітілген біріктірілім таблеткаларымен эфавирензді бірге қолдану ұсынылмайды.

Гинкго билоба экстрактарымен бірге қолдану ұсынылмайды.

Антиретровирусты емді қолдану кезінде вирусты тиімді басу жыныстық жолмен берілу қаупін айтарлықтай азайтады деп дәлелденген, қалдық қауіпті жоққа шығаруға болмайды.

Берілуін болдырмау үшін ұлттық әдістемелік ұсынымдарға сәйкес сақтық шараларын сақтау керек. Егер біріктірілген емдеу сызбасының құрамында антиретровирусты дәрілік затты қабылдау күдікті көтере алмаушылық себебі бойынша тоқтатылған болса, барлық антиретровирусты дәрілік препараттарды қолдануды бір мезгілде тоқтатуға ерекше зейін аудару керек. Антиретровирусты дәрілік препараттарды қолдану көтере алмаушылық симптомдарын жойғаннан кейін қайта жаңғырту қажет. Мергіл-мезгіл монотерапия және кейіннен антиретровирусты дәрілерді қолдануды қайта жаңғырту, резистенті вирустың таңдамалы ұлғаю потенциалы болуына байланысты ұсынылмайды.

Психиканың бұзылулары

Эфавирензбен емделген пациенттерде күрделі жағымсыз психиатриялық жағдайлар белгілі. Бұған ауыр депрессия, суицидтік ойлар/өзін-өзі өлтіру әрекеттері, озбыр мінез-құлық, параноидтық реакциялар мен маниакальді реакциялар кіреді. Анамнезінде бұрынғы психикалық бұзылулары бар пациенттерде, шамасы, мұндай жағымсыз психикалық жағдай қаупі жоғары.

Күрделі жағымсыз психиатриялық жағдайларымен пациенттердегі симптомдар эфавирензді қолдануға байланысты болу мүмкіндігін бағалау мақсатында медициналық тексеруден дереу өтуі тиіс, егер бұл шынымен солай болса, емдеуді жалғастыру қаупі мүмкін болатын пайдасынан басым болатынын таразылап анықтау керек.

Тері бөртпесі: күлдіреуіктердің түзілуімен, ылғалды десквамациямен немесе ойықжарамен астасқан бөртпе, эфавирензбен емдеуден өткен пациенттердің 0,9%-ында байқалды. Көп формалы эритеманың немесе Стивенс-Джонсон синдромының туындау жиілігі шамамен 0,1%-ды құрады. Ересектерде бөртпе пайда болғанға дейінгі уақыт медианасы 11 күнді, ұзақтық медианасы 16 күнді құрады. Клиникалық сынақтар барысында бөртпенің себебі бойынша емдеуді тоқтату жиілігі 1,7%-ды құрады. Патологиялық үдеріске шырышты қабық немесе қызбаның қосылуы, күлдіреуіктердің түзілуімен, десквамациямен астасқан ауыр бөртпе дамыған пациенттерде эфавирензді қолдану тоқтатылуы керек. Қолайлы антигистаминді дәрілер және/немесе кортикостероидтар бөртпені көтере алушылығын жақсартуы және басылуын жылдамдатуы мүмкін. Эфавиренздің клиникалық зерттеулер барысында жеңіл және орташа бөртпе байқалды және әдетте олар емдеуді тоқтатпай басылды.

КТНЕТ (кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіші) класындағы антиретровирусты дәрілерді қабылдау тоқтатылған пациенттерде эфавирензді қолдану тәжірибесі шектеулі. Басқа КТНЕТ қолдану кезеңінде өміріне қауіп төндіретін тері реакциясы (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы) байқалған пациенттерге эфавиренз ұсынылмайды.

Жүйке жүйесі тарапынан симптомдар: оған бас айналу, ұйқысыздық, зейіннің нашарлауы, ұйқышылдық, аномалды түс көру және елестеулер кіреді. Жүйке жүйесінің тарапынан симптомдар әдетте, емдеудің бірінші немесе екі күні ішінде және көп жағдайларда қолданудың алғашқы 2-4 аптасынан кейін пайда болады. Пациенттер осы жиі симптомдар емдеуді тоқтатпай жақсартуы ықтимал екенінен және сирек психиатриялық симптомдардың кейін пайда болуын болжамайтынынан хабардар болуы тиіс. Дәрілік затты ұйықтар алдында қабылдау, шамасы, осы симптомдарды көтере алушылығын жақсартады және осы симптомдарды әлі сезінетін пациенттерге емдеудің бірінші аптасы ішінде ұсынылуы мүмкін.

Пациенттерге эфавирензді алкогольмен немесе психобелсенді заттармен бірге қабылдаған кезде, орталық жүйке жүйесіне аддитивті әсерлердің әлеуеті туралы ескертілуі ​​тиіс. Орталық жүйке жүйесі тарапынан симптомдарды мысалы, бас айналу, концентрациясының бұзылуы және/немесе ұйқышылдық сезінетін пациенттер әлеуетті қауіпті жұмыстардан мысалы, автокөлікті басқарудан немесе механизмдермен жұмыстан аулақ болуы керек.

Құрысулар: эфавирензді қабылдайтын пациенттерде құрысулар көптеген жағдайларда анамнезінде құрысу ұстамасы болған кезде сирек байқалды. Көбінесе бауырмен метаболизденетін конвульсияға қарсы дәрілік заттарды мысалы, фенитоин, карбамазепин және фенобарбиталды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге қан плазмасындағы деңгейлерінің мерзімді мониторингісі талап етілуі мүмкін. Карбамазепин эфавирензбен бірге қабылданған кезде, қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясы төмендеді. Анамнезінде құрысу ұстамалары болған кез келген пациентке сақтық шараларын ұстану керек.

Бауыр ферменттері

Анамнезінде диагностикаланған немесе болжанған В және С гепатитімен пациенттерде және бауырға уыттылық әсерімен астасатын препараттарды қабылдайтын пациенттерде бауыр ферменттеріне жүйелі бақылау жүргізу ұсынылады.

Холестерин: эфавирензді қабылдайтын науқастарда холестерин мен триглицеридтің деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу керек.

Тағамның әсері:

Ас қабылдау кезінде эфавирензді қолдану эфавиренздің әсерін арттыруы мүмкін және жағымсыз реакциялардың туындау жиілігінің артуына әкелуі мүмкін.

Эфавирензді аш қарынға, мүмкіндігінше ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.

Иммунитеттің қалпына келу синдромы:

Иммунитет тапшылығы ауыр, АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емді (БАВЕ) бастаған кезде симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциялары пайда болуы мүмкін, ол клиникалық жағдайдың нашарлауымен және бар симптомдардың күшеюімен көріністеледі. Әдетте мұндай реакциялар емдеуді бастағаннан кейін алғашқы апталарда немесе айларда байқалады. Релевантты мысал ретінде цитомегаловирустық ретинитті, денеге жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекцияларды және Pneumocystis jiroveci (бұрын Pneumocystis carinii ретінде белгілі) әсерінен туындаған пневмонияны келтіруге болады. Кез келген қабыну симптомдарының пайда болуы дереу тексерілуді және, қажет болғанда, емделуді қажет етеді. Иммунитеттің қалпына келу синдромы аясында аутоиммундық аурулар (мысалы, Грейвс ауруы сияқты) орын алуы мүмкін, олардың пайда болу кезеңінің ауытқушылығы үлкен екендігін ескерген жөн; осы аурулардың белгілері антиретровирустық емді бастағаннан кейін көп айдан соң пайда болуы мүмкін.

Дене салмағы және метаболиздік параметрлері:

Дене салмағы және қандағы липидтер мен глюкоза деңгейлері антиретровирусты ем барысында жоғарылауы мүмкін. Мұндай өзгерістер ауруды және өмір салтын бақылауға ішінара байланысты болуы мүмкін. Липидтерге қатысты, кейбір жағдайларда емдеу әсерінің дәлелі бар, сонымен қатар дене салмағының ұлғаюына қатысты қандай да болсын нақты емдеуге байланысты салмақты дәлелдер жоқ. Қандағы липидтер мен глюкоза деңгейлерінің мониторингісі кезде АИТВ емдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды ескеру керек. Липидтік бұзылулар клиникалық қабылданған жайт ретінде бақылану керек.

Остеонекроз:

Этиологиясы көп факторлы (кортикостероидтарды қолдануды, алкоголь тұтынуды, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағының өте жоғары индексін қоса есептегенде) деп саналса да, остеонекроз жағдайлары, атап айтқанда, жайылған АИТВ инфекциясы бар және/немесе біріктірілген антиретровирустық емді ұзақ уақыт бойы қолданған пациенттерде байқалды.

Буындарда ауыру пайда болғанда, буындар күшпен қозғалғанда немесе қимыл-қозғалыс қиындағанда пациенттердің дәрігерге қаралуына кеңес берген жөн.

Бауыр жеткіліксіздігі: анамнезінде расталған немесе күдіктенетін В немесе С гепатиті бар пациенттерге, сондай-ақ бауырға уыттылық әсерімен астасатын басқа да дәрілік заттармен емделген пациенттерге бауыр ферменттеріне мониторинг жүргізу ұсынылады. Сарысудағы трансаминазалар деңгейлерінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астам тұрақты жоғарылауы бар пациенттерге эфавирензбен емдеуді жалғастырудың пайдасы бауырға елеулі уыттылық әсер ететін белгісіз қауіптермен салыстырылуы қажет. Р450 цитохромы арқылы эфавиренздің экстенсивті метаболизмі және бауыр функциясының бұзылуымен пациенттерде шектеулі клиникалық қолдану тәжірибесі салдарынан, мұндай пациенттерге эфавиренз тағайындау кезінде сақ болу керек. Эфавиренз қауіпсіздігі мен тиімділігі бауыр тарапынан негізінде елеулі бұзылуы бар пациенттерде аныталмаған. Біріктірілген антиретровирусты ем қабылдайтын, созылмалы В немесе С гепатитімен пациенттерде бауыр тарапынан ауыр және потенциалды өлімге соқтыратын жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғарылаған. Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бұрыннан бар бауыр дисфункциясымен пациенттерде біріктірілген антиретровирусты ем барысында бауыр функциясы бұзылуы туындауының жоғары жиілігі байқалады, оларға стандартты практикаға сәйкес бақылау орнату қажет.

Егер бауыр ауруының асқынуы немесе сарысудағы трансаминазалар деңгейінің, қалыпты диапазонның жоғарғы шегінен 5 еседен астам жоғары деңгейге дейін тұрақты жоғарылау дәлелі бар болса, эфавирензбен емдеуді жалғастыру пайдасы бауырға елеулі уыттылық әсерінің зор қауіптерімен салыстырылуы керек. Мұндай пациенттерде емдеуді тоқтата тұру немесе тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Эфкурды ауыр бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерге қолдануға болмайды және дозаны түзету қажеттігін анықтау үшін жеткілікті деректер санының болмауы салдарынан бауыр функциясының орташа бұзылуымен пациенттерге ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі:

Эфавиренз фармакокинетикасы бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде зерттелмеген; алайда, эфавиренз дозасының 1%-ына жуығы ғана несеппен өзгермеген түрде шығарылады, сондықтан эфавиренздің шығарылуына бүйрек функциясы бұзылуының әсері төмен болуы тиіс.

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан қауіпсіздігіне мұқият мониторинг қажет.

Егде жастағы пациенттер

Препаратқа жас пациенттердің реакциясынан егде жастағы пациенттердің реакциясы ерекшеленеді ме, оны болжау мүмкін емес, өйткені тиісті жастағы пациенттердің жеткілікті мөлшерімен зерттеулер жүргізілмеді.

Педиатрияда пайдаланылуы

Эфавиренз 3 жасқа дейінгі немесе салмағы 13 кг-ге дейінгі балаларда зерттелмеген.

Аталған препаратты (600 мг дозасы) 12 жасқа дейінгі және салмағы 40 кг-ге дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Лактоза: галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын кінараттарымен, Лапп лактаза тапшылығымен немесе глюкоза-галактозаның сіңуі бұзылуымен пациенттер осы дәрілік затты қабылдамауы керек.

Холестерин: эфавирензбен емделіп жүрген пациенттерге холестерин мен триглицеридтер деңгейінің мониторингісін жүргізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Май тінінің қайта таралуы: орталық типтегі семіздікті қоса, дене майының қайта таралуы/жинақталуы, дорсоцервикальді семірудің күшеюі (бизон өркеші), шеткері арықтау, беттің арықтауы, емшек бездерінің ұлғаюы және антиретровирусты ем қабылдайтын пациенттерде «кушингоидты көрініс» байқалды. Қазіргі уақытта мұндай құбылыстардың механизмі және ұзақ мерзімді салдары белгісіз. Себепті байланыс анықталмаған.

Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерде эфавирензге адекватты және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген. Эфавиренз, оны пайдалану қажет (анасы үшін зор пайдасы шаранаға төнетін қауіптен асқанда және басқа да тиісті емдеу баламалары жоқ болғанда) жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс. Эфавирензді қабылдайтын әйелдер жүкті болудан аулақ болу керек. Емдеуді бастамас бұрын, бала тууға қабілетті жастағы әйелдер жүктілікке тестіден өтуі тиіс. Олар емдеу кезінде контрацепцияның басқа әдістерімен бірге бөгегіш контрацепцияның әдістерін пайдалануы керек.

Лактация кезеңінде эфавирензді қабылдайтын әйелдерге емшек емізу ұсынылмайды. Кез келген жағдайларда АИТВ-жұқтырған аналарға АИТВ берілуін болдырмау үшін емшек емізу ұсынылмайды.

Дәрілік препараттың көлікті басқару қабілетіне немесе қауіптілігі зор механизмдерге әсер ету ерекшеліктері

Эфкурді қолдану бас айналуды, зейін қоюдың нашарлауын және/немесе ұйқышылдық тудыруы мүмкін.

Осындай симптомдар туындаған кезде автокөлікті немесе механизмдерді жүргізу сияқты қауіптілігі зор жұмыстардан аулақ болу керек екенін пациенттерге хабарлау міндетті.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүйке жүйесінің тарапынан жағымсыз симптомдардың (бас айналу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейінділіктің бұзылуы, патологиялық түс көру, бас ауыру) күшеюі артық дозаланған кезде байқалады.

Емі пациент организмінің тіршілік қызметінің негізгі көрсеткіштерін бақылау және оның клиникалық жағдайын қадағалауды қамтитын жалпы демеуші іс-шаралардан тұруы тиіс. Сіңірілмеген препаратты шығару үшін белсендірілген көмірді пайдалануға болады. Артық дозалануын емдеу үшін арнайы антидоты жоқ. Эфавиренз ақуыздармен белсенді байланысатындықтан, диализ арқылы қаннан препаратты едәуір шығару мүмкіндігі екіталай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ақ түсті, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларға 30 таблеткадан салынған. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

Эмкьюр Фармасьютикалс Лтд.

Мекенжайы: SIDCO Industrial Complex, Lane no. 03, Phase II,

Bari-Brahmana, Jammu - 181133, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Эмкьюр Фармасьютикалс Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында өнім сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйым:

«Emcure Pharmaceuticals Limited» КОО өкілдігі

050000, Алматы қ., Чайковский к-сі, 144А, 16 кеңсе.

Тел. + 7 7272 665470, факс: +7 7272 665470,

e-mail: ls20061@yandex.ru

Прикрепленные файлы

910782721477976935_ru.doc 177 кб
351586461477978104_kz.doc 315.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники