Эфавир-600

МНН: Эфавиренз
Производитель: Ципла Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Efavirenz
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122108
Информация о регистрации в РК: 04.03.2016 - 04.03.2021

Инструкция

Саудалық атауы

ЭФАВИР-600

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эфавиренз

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 600 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 600 мг эфавиренз,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий крахмалының гликоляты, Повидон К-30, магний стеараты, желатинделген крахмал;

қабықтың құрамы: опадри сары 03B52570 (Гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е171), макрогол, темірдің сары тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «EFV» таңбасы және басқа жақ беті тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар.

Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозид еместер-кері транскриптаза тежегіштері. Эфавиренз.

АТХ коды J05AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Бір реттік 100 – 1600 мг дозаны ішке қабылдағаннан кейін плазмадағы эфавиренз концентрациясы 1.6-9.1 мкл мөлшердегі ең жоғары шегіне сәйкесінше 5 сағаттан соң жетті. Тұрақты концентрацияларына 6-7 күннен кейін жетті.

Таралуы

Эфавиренз адам плазмасының ақуыздарымен, негізінен альбуминмен 99.5-99.75%-ға байланысады. 1 ай бойы тәулігіне 1 рет 200-600 мг эфавиренз қабылдаған, АИТВ жұқтырған пациенттерде (n=9) оның жұлын сұйықтығындағы концентрациясы плазмалық концентрациясынан 0.26-дан бастап 1.19%-на дейін ауытқыды (орташа көрсеткіші =0.69%). Плазмадағы эфавиренздің протеиндік емес (бос) фракциясына қарағанда, бұл арақатынастың 3 есе жоғары болатыны есептелді.

Метаболизмі

Эфавиренз көбіне P450 цитохромы жүйесімен метаболизденіп, гидроксилденген метаболиттер түзеді және олар кейіннен глюкурон қышқылымен конъюгацияланады. Бұл метаболиттер АИТВ-1-ге қарсы іс жүзінде тиімді емес. Эфавиренз метаболизміне жауапты негізгі изоферменттер CYP3A4 және CYP2B6 болып табылады. Эфавиренз сондай-ақ Р450 – 2С9, 2С19 және 3Ф4 изоферменттерін тежейді. Іn vivo зерттеулерде эфавиренз CYP2E1 тежеген жоқ, бірақ CYP2D6 және CYP1A2 клиникалық жағдайда қол жеткізілгеннен едәуір асып кететін концентрацияларда тежеді.

CYP2B6 изоферментінің G516T гомозиготалы әр түрімен пациенттерде препараттың плазмадан шығарылуы ұзаққа созылмауы мүмкін.

Шығарылуы

Эфавиренздің жартылай ыдырау кезеңі өте ұзақ. Сонымен, бір реттік дозаны қолданғанда жартылай ыдырау кезеңі, ең жоқ дегенде, 52 сағатты құрайды, оны көп рет қолданғанда – 40-55 сағат . Радиоактивті изотоппен таңбаланған эфавиренздің шамамен 14-34%-ы несепте қалпына келтірілді және несептегі осы дозаның 1%-дан азы өзгермеген түрінде қалды.

Пациенттердің кейбір топтарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері:

Балалар

600 мг эфавирензге баламалы дозаны (дозалау дене массасының индексі бойынша есептелді) қабылдаған 49 балада тұрақты Сmax – 14.1 мкМ, тұрақты Сmin – 5.6 мкМ, ал ШЗК – 216 мкМ/сағ. құрады. Балалардағы эфавиренз фармакокинетикасы ересектердегідей болды.

Егде жастағы адамдар: егде жастағы пациенттердің қатысуымен фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген жоқ.

Фармакодинамикасы

Эфавиренз – адамның иммун тапшылығы вирусы 1 типінің (АИТВ-1) кері транскриптазасының нуклеозидті емес тежегіші (КТНЕТ). Эфавиренздің белсенділігі негізінен АИТВ-1 кері транскриптазасының бәсекелі емес басылуынан болады. Эфавиренз АИТВ-2 кері транскриптазасын және альфа-, бета-, гамма- және дельта-ДНҚ-полимеразасын тежемейді.

Вирусқа қарсы белсенділігі

Зертханалық-бейімделген жабайы штаммдар және вирустың клиникалық изоляттары (өлшемі 0.46-дан бастап 6.8 нм дейінгі лимфобластты жасушалар, шеткергі қанның мононуклеарлы жасушалары (ШҚМНЖ) және макрофагтар/моноциттер өсірінділері) үшін эфавиренздің тежегіш белсенділігі зидовудинге резистентті штаммдардың 90-95%-ын басу үшін жеткілікті болды.

Резистенттілігі

Жасушалар өсіріндісінде эфавиренздің кері транскриптазадағы 48, 108, 179, 181 немесе 236 қалыптағы амин қышқылдарының алмасуы немесе протеазадағы амин қышқылдарының ауыстыру нұсқалары бар вирус штаммдарына қарсы белсенділігі жабайы типтегі вирус штаммдарына қарсы эфавиренздің белсенділігі сияқты болды. Жасушалық өсіріндіде эфавирензге өте жоғары төзімділікке әкелген бірен-саран алмасулар лейцинді 100 (L101I, 17–22-е төзімділік) күйіндегі изолейцинге және лизинді 103 (K103N, 18–33-есе төзімділік) қалыптағы аспарагинге ауыстырылуына сәйкес келді. Кері транскриптазада амин қышқылдарының басқаша ауыстырылуымен қатар K103N-ді экспрессиялаған АИТВ нұсқаларында сезімталдықтың 100 еседен астамға жойылғаны байқалды.

Эфавиренздің индинавирмен немесе зидовудин+ламивудинмен біріктіріліміне жүргізілген клиникалық сынақтар барысында емдеудің тиімсіздігі белгілері (вирус жүктемесі «қайтарымы») болған науқастардан алынған вирус изоляттарындағы кері транскриптазаның өте жиі байқалған K103N мутациясы болды. Кері транскриптазаның 98, 100, 101, 108, 138, 188 , 190 немесе 225 қалыпта, өте төмен жиілікте болса да, ауыстырулар байқалды және бұл K103N-мен біріктіргенде ғана жиі болды. Эфавирензбен емделгенге дейін науқастардан алынған үлгілерде K103N орын ауыстырылу байқалған жоқ. Кері транскриптазада, эфавирензге төзімділігі қатар жүретін, амин қышқылдарының алмасу типі эфавирензбен біріктіріп қолданылатын вирусқа қарсы басқа препараттарға тәуелді болған жоқ.

Айқаспалы резистенттілік

Жасушалар өсіріндісінде эфавиренз, невирапин және делавирдин үшін айқаспалы төзімділік бейіні K103N-мен ауыстырылу кері транскриптазаның нуклеозидтік емес үш тежегішінің барлығына да сезімталдықтың жоғалуына әкелетінін көрсетеді. Делавирдинге төзімді клиникалық изоляттардың зерттелген үшеуінің екеуі эфавирензге айқаспалы төзімді болды және K103N алмасуы да орын алды. Кері транскриптазаның 236 қалыптан алмасу болған үшінші изолят эфавирензге айқаспалы төзімді болған жоқ.

Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштеріне сезімталдығы эфавиренздің клиникалық сынақтарына қатысқан және емдеудің нәтижесіз (вирус жүктемесі «қайтарымы») белгілері байқалған пациенттердің шеткергі қанының мононуклеарларынан алынған вирус изоляттарында баға берілді. Эфавирензге төзімді деп алдын ала сипаттама берілген он үш изоляттар да невирапинге және делавирдинге in vitro резистентті болды. Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес изоляттарының бесеуінде K103N бар екені немесе валиннің кері транскриптазада 108 (V108I) қалыптан изолейцинге алмасуы байқалды. Эфавирензбен емдеудің көмегі тимеген науқастардан алынған, тексерілген изоляттардың үшеуі өсіріндіде эфавирензге сезімтал күйінде қалды және сондай-ақ невирапинге және делавирдинге сезімтал болды.

Эфавиренз бен протеаза тежегіштері арасындағы айқаспалы төзімділіктің мүмкін болуы әртүрлі нысана ферменттердің қатысуымен байланысты, ал ол эфавиренз бен кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері арасында нысанадағы байланысқан бөліктері мен әсер ету механизмінде айырмашылықтың болуымен байланысты төмен болды.

Қолданылуы

- ересектердегі және 12 жастан асқан (дене салмағы 40 кг-ден көбірек) жасөспірімдердегі АИТВ-1 инфекциясын біріктірілген антиретровирустық ем құрамында емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИТВ инфекциясын емдеу тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.

Біріктірілген антиретровирустық ем

Эфавирензді басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп тағайындаған жөн.

Эфавирензді аш қарынға қабылдау ұсынылады. Тамақтану кезінде эфавиренз препаратын қолданғаннан кейін байқалатын эфавиренз концентрациясының жоғарылауы жағымсыз реакциялардың туындау жиілігінің көбеюіне әкелуі мүмкін.

Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлеріне қатысты жағымдылығын жақсарту үшін препаратты ұйықтар алдында қабылдауға ұсыныс жасалады.

Ересектер және 12 жастан асқан (дене салмағы 40 кг-ден көбірек) жасөспірімдер

Протеазалар тежегішімен (ПТ) бірге немесе онсыз кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерімен (КТНТ) біріктірілімінде Эфавиренз препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет пероральді түрде қабылданатын 600 мг құрайды.

Дозаны түзету. Эфавиренз препаратын вориконазолмен бір мезгілде қолданғанда вориконазолдың демеуші дозасын әрбір 12 сағат сайын 400 мг-ге дейін арттырған жөн, ал Эфавиренз препаратының дозасын 50%-ға, яғни тәулігіне 1 рет 300 мг-ге дейін азайту керек. Вориконазолмен емдеуді аяқтағаннан кейін эфавирензді бастапқы дозада қабылдау керек.

Егер Эфавиренз рифампицинмен бір мезгілде қолданылса, Эфавиренз препаратының дозасын тәулігіне 800 мг-ге дейін арттыру жөніндегі мәселені қарастыруға болады.

Ерекше топтар

Бүйрек функциясының бұзылуы

Эфавиренз дозасының 1%-дан азы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады, сондықтан Эфавиренздің шығарылуына бүйрек функциясы бұзылуының ықпалы өте төмен болуы тиіс.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауырдың ауырлығы жеңіл дәрежедегі аурулары бар пациенттер Эфавирензбен емді әдеттегі ұсынылатын дозада қабылдай алады. Дозаға байланысты жағымсыз реакцияларды, әсіресе жүйке жүйесі тарапынан болатын симптомдарды анықтау үшін пациенттердің жағдайын мұқият бақылаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Төменде емдеу режимімен байланысты болуы мүмкін және біріктірілген ем құрамында эфавиренздің ұсынылған дозасына жүргізілген клиникалық зерттеулерде мәлімделген орташа немесе ауыр жағымсыз құбылыстар берілген.

Құбылыстар жиілігі келесі шамалар жәрдемімен анықталады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100); сирек (≥ 1/10000 < 1/1 000); өте сирек (< 1/10000).

Өте жиі

- бөртпе

Жиі

- патологиялық түс көрулер, зейіннің бұзылуы немесе зейінді жұмылдырудың төмендеуі, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық, ұйқышылдық, мишықтық үйлесімнің және тепе-теңдіктің бұзылуы, ауыр депрессия

- іштің ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы

- қышыну, бөртпе, терінің қабыпшақтануы, терінің қызаруы, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі макулопапулезді тері бөртпелері

- қатты қажу, әлсіздік

- иммунды жүйе тарапынан бұзылу

- аллергиялық реакциялар

- мазасыздық, депрессия

- гипертриглицеридемия, инсулинге резистенттілік, гипергликемия және гиперлактацемия, гиперхолестеринемия

- АСТ және АЛТ белсенділігінің жоғарылауы, гаммаглютамилтрансферазаның (ГГТ) жоғарылауы

- липодистрофия және метаболизмдік бұзылулар

Жиі емес

- құлақтың шыңылдауы, вертиго

- қан кернеулер

- амнезия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, атаксия, сананың шатасуы, құрысулар, патологиялық ойлар, тремор

- бұлыңғыр көру немесе көру жітілігінің нашарлауы

- жедел панкреатит, сарысулық амилаза белсенділігінің асимптоматикалық жоғарылауы

- экссудативтік полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы

- жедел гепатит

- гиперхолестеринемия

- гинекомастия

- миалгия, артралгия, миопатия, остеонекроз

- аффективтік құбылмалылық, сананың шатасуы, эйфориялық көңіл-күй, елестеулер, психоз, суицидтік ойлар, озбыр мінез-құлық, параноидты реакциялар, маниакальді реакциялар, ажитация, амнезия, патологиялық ойлар

Сирек

- гипестезия, парестезия, нейропатия

- ыстықтау сезімі, қызба

- іш қату

- сандырақ, невроз, ауыр депрессия, пациенттің өзін-өзі өлтіруге ниеттенуі, өліммен аяқталмайтындай етіп өзіне қол жұмсауға әрекеттенуі, озбыр мінез-құлық

- аллергиялық дерматит, эксфоллиативтік дерматит

- ентігу, тахикардия

- бауыр жеткіліксіздігі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы)

- терфенадинмен, вориканозолмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен (эфавиренздің CYP3А4-пен бәсекелесуіне байланысты осы дәрілік заттардың тежелуіне немесе күрделі және/немесе ауыр асқынулардың – жүрек аритмияларының, ұзақ уақыттық седативтік әсердің, тыныстың тарылуының дамуына әкеп соғуы мүмкін) немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, метилэргоновин) бірге тағайындау

- құрамында шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттармен, эфавиренздің қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі және клиникалық тиімділігінің азаюы мүмкін болғандықтан, бір мезгілде қабылдау

- тұқым қуалаған галактоза/лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа толмаған, дене салмағы 40 кг-ден аз болатын балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эфавиренз CYP3A4 индукторы және, CYP3A4 қоса, CYP450 кейбір изоферменттерінің тежегіші болып табылады. Эфавирензбен бір мезгілде қолданған кезде CYP3А4 субстраттары болып табылатын басқа препараттардың қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін. Эфавиренздің экспозициясы сондай-ақ CYP3A4 белсенділігіне ықпалын тигізетін басқа препараттармен немесе өнімдермен (мысалы, грейфрут шырыны) бірге қабылдағанда өзгеруі мүмкін.

Шайқурай (Hypericum perforatum)

Эфавиренз бен шайқурайды немесе құрамында шайқурай бар өсімдік препараттарын бір мезгілде қолдануға болмайды. Егер пациент шайқурай препаратын қабылдап жүрсе, оны қолдануды тоқтатқаны және вирус жүктемесін, сондай-ақ, егер мүмкін болса, эфавиренздің концентрациясын тексергені жөн. Шайқурай препаратының индукциялайтын әсері препаратты қабылдаудан кейін, ең жоқ дегенде, 2 апта сақталуы мүмкін.

Басқа да өзара әрекеттесулер

Эфавиренз бен АИТВ протеаза тежегіштері, АИТВ протеаза тежегіштерімен қатар басқа антиретровирустық препараттар арасында, сондай-ақ эфавиренз бен антиретровирустық препараттар тобына жатпайтын дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесулер төменде берілген 2 кестеде көрсетілген. Көрсеткіш мәнінің артуы «↑» нұсқау тілмен, Мәнінің азаюы — «↓» нұсқау тілімен, егер көрсеткіш өзгеріссіз қалса  — «↔» нұсқау тілімен белгіленеді. Қажет болса, 90% және 95% сенім аралықтары жақшамен берілген. Егер ақпараттарда басқаша арнайы айтылмаса, зерттеулер әдетте дені сау еріктілерге жүргізіледі.

2 кесте. Эфавиренз бен басқа дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесулер

Дәрілік препараттар

(дозалар)

AUC, Cmax, Cmin (%) динамикасы және сенім аралықтары, егер қолдануға келсе (механизмі)

Эфавирензбен бір мезгілде қабылдау мүмкіндігіне қатысты нұсқаулар

Вирусқа қарсы [АИТВ] дәрілер

АИТВ протеаза тежегіштері

Атазанавир/ритонавир/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 400 мг/ тәулігіне 1 рет 200 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг), барлық препараттар тамақ ішу кезінде қабылданды)

Атазанавир:

AUC: ↔* (↓ 9-дан ↑10 дейін),

Cmax: ↑17 % ( ↑8-ден ↑27 дейін),

Cmin: ↓42 % (↓31-ден ↓51 дейін)

Эфавирензді атазанавирмен/ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Егер атазанавирді КТНЕТ-пен бірге тағайындау қажет болса, атазанавирдің және ритонавирдің дозасын, сәйкесінше, 400 мг-ге және 200 мг-ге арттырудың, эфавирензбен біріктірудің, мұқият клинкалық мониторингті қамтамасыз етудің мақсатқа сәйкестігін қарастыру қажет.

Атазанавир/ритонавир/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 400 мг/ тәулігіне 1 рет 200 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг), барлық препараттар тамақ ішу кезінде қабылданды)

Атазанавир:

AUC: ↔*/** (↓10-нан ↑26 дейін),

Cmax: ↔*/** (↓5-тен↑26 дейін),

Cmin: ↑12 %*/** (↓16-дан ↑49 дейін) (CYP3A4 индукциясы).

*Эфавирензсіз тәулігіне 1 рет кешкісін 300 мг атазанавирмен/100 мг ритонавирмен салыстырғанда. Атазанавирдің Cmin осылай төмендеуі атазанавирдің тиімділігіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

**Тарихи салыстыруға негізделген.

Дарунавир/ритонавир/эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 300 мг*/ тәулігіне 2 рет 100 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

* ұсынылған дозадан төмен. Ұсынылған дозаларды қолданғанда да осындай нәтижелер күтіледі.

Дарунавир:

AUC: ↓13 %,

Cmin: ↓31 %,

Cmax: ↓15%

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавиренз:

AUC: ↑21 %,

Cmin: ↑17 %,

Cmax: ↑15%

(CYP3A4 тежелуі)

Эфавирензді және дарунавирді/ритонавирді (тәулігіне 1 рет 800 мг/100 мг) бір реттік қабылдау дарунавирдің Cmin төмендеуіне әкелуі мүмкін. Егер эфавирензді дарунавирмен/ритонавирмен бір мезгілде қолдану қажет болса, дарунавир/ритонавир біріктірілімін тәулігіне 2 рет 600 мг/100 мг режимінде қолданған жөн. Алайда мұндай біріктірілімді сақтықпен тағайындаған жөн.

Сондай-ақ төменде ритонавир жөніндегі ақпаратты да қараңыз.

Фосампренавир/ритонавир/

Эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 700 мг/ тәулігіне 2 рет 100 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Сондай-ақ төменде ритонавир жөніндегі ақпаратты да қараңыз.

Фосампренавир/нелфинавир/

эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Фосампренавир/саквинавир/

эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Мұндай біріктірілімді пайдалану ұсынылмайды, өйткені АИТВ протеазаның екі тежегішінің де концентрациясы едәуір төмендеуі мүмкін.

Индинавир/эфавиренз

(әрбір 8 сағат сайын 800 мг/ тәулігіне 1 рет 200 мг)

Индинавир:

AUC: ↓31 % (8-ден 47% дейін),

Cmin: ↓40 %.

Индинавирдің Cmin ұқсас төмендеуі әрбір 8 сағат сайын 1000 мг дозадағы индинавирді тәулігіне 1 рет 600 мг эфавирензбен бірге тағайындаған кезде байқалды. (CYP3A4 индукциясы)

Эфавиренз:

Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Индинавир концентрациясы төмендеуінің клиникалық маңыздылығы анықталмаса да, байқалған фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге эфавиренз бен индинавирді бір мезгілде қолдануды қамтитын емдеу режимін таңдағанда көңіл бөлінуі тиіс.

Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес, егер ол индинавирмен немесе индинавирмен/ритонавирмен бірге тағайындалса.

Сондай-ақ төменде ритонавир жөніндегі ақпаратты да қараңыз.

Индинавир/ритонавир/эфавиренз (тәулігіне 2 рет 800 мг/ тәулігіне 2 рет 100 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Индинавир:

AUC: ↓25 % (↓16-дан ↓32 дейін)b,

Cmax: ↓17 % (↓6-дан ↓26 дейін)b,

Cmin: ↓50 % (↓40-до ↓59 дейін)b

Эфавиренз:

клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Жоғарыдағыны қараңыз.

Лопинавир/ритонавир жұмсақ капсулаларда немесе ішуге арналған ерітіндіде /эфавиренз

Лопинавир экспозициясының едәуір төмендеуі.

Эфавирензбен бір мезгілде тағайындағанда жұмсақ капсулалардағы немесе ерітіндідегі лопинавир мен ритонавирдің дозаларын 33%-ға арттырудың мақсатқа сай екендігін қарастырған жөн (тәулігіне 2 рет 3 капсула/ 5 мл орнына тәулігіне 2 рет 4 капсулы/~6,5 мл). Алайда сақ болған жөн, өйткені дозаны бұлай түзету кейбір пациенттер үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Лопинавирдің және ритонавирдің таблеткадағы дозасы тәулігіне 1 рет 600 мг эфавирензбен бір мезгілде уақытша қолданғанда тәулігіне 2 рет 500/125 мг дейін арттырылуы тиіс.

Сондай-ақ ритонавир жөніндегі төмендегі ақпаратты қараңыз.

Лопинавир/ритонавир таблеткалары + эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 400/100 мг + тәулігіне 1 рет 600 мг

тәулігіне 2 рет 500/125 мг + тәулігіне 1 рет 600 мг)

Концентрация лопинавира: ↓30-40 %

Тәулігіне 2 рет 500/125 мг + тәулігіне 1 рет 600 мг қабылдаудан кейінгі лопинавирдің концентрациясы эфавирензсіз тәулігіне 2 рет 400/100 мг лопинавирді/ритонавирді қабылдағаннан кейінгі осындайға ұқсас.

Нелфинавир/эфавиренз

(әрбір 8 сағат сайын 750 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Нелфинавир:

AUC: ↑20 % (↑8-ден ↑34 дейін),

Cmax: ↑21 % (↑10-нан ↑33 дейін)

Бұл біріктірілімнің жағымдылығы әдетте жақсы.

Препараттардың дозалау режимін түзету қажет емес.

Ритонавир/эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 500 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Ритонавир:

AUC таңертең: ↑18 % (↑6-дан ↑33 дейін).

AUC кешке: ↔.

Cmax таңертең: ↑24 % (↑12-ден ↑38 дейін).

Cmax кешке: ↔.

Cmin таңертең: ↑42 % (↑9-дан ↑86 дейін)b.

Cmin кешке: ↑24 % (↑3-тен ↑50 дейін)b.

Эфавиренз:

AUC: ↑21 % (↑10-нан ↑34 дейін),

Cmax: ↑14 % (↑4-тен ↑26 дейін),

Cmin: ↑25 % (↑7-ден ↑46 дейін)b (CYP-шартталған метаболизмнің тежелуі).

Эфавирензді тәулігіне 2 рет 500 мг немесе 600 мг ритонавирмен біріктірілімін қабылдаған кезде жағымдылығы нашар болды (мысалы, бас айналу, жүректің айнуы, парестезия, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы байқалды). Эфавиренздің төмен дозалардағы (тәулігіне 1 немесе 2 рет 100 мг-ден) ритонавирмен біріктірілімінің жағымсыздығы жөнінде жеткілікті деректер жоқ.

Эфавирензді ритонавирмен бірге төмен дозаларда тағайындағанда фармакодинамикалық өзара әрекеттесудің мүмкін болуы салдарынан эфавирензбен байланысты жиіліктің артуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Саквинавир/ритонавир/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Мәліметтер жоқ болғандықтан, дозалау режимін өзгерту жөнінде нұсқаулар беру мүмкін емес. Эфавирензді АИТВ протеазаның жалғыз ғана тежегіші ретінде қолданылатын саквинавирмен үйлестіріп қолдану ұсынылмайды.

CCR5 хемокиндік рецепторларының антагонистері

Маравирок/эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 100 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Маравирок:

AUC12: ↓45 % (↓38-ден ↓51 дейін),

Cmax: ↓51 % (↓37-ден ↓62 дейін)

Эфавиренздің концентрациялары өлшенген жоқ, өзара әрекеттесу күтілмейді.

Құрамына маравирок кіретін дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.

АИТВ интеграза тежегіші

Ралтегравир/эфавиренз

(бір реттік доза 400 мг/-)

Ралтегравир:

AUC: ↓36 %

C12: ↓21 %,

Cmax: ↓36 %

(UGT1A1 индукциясы)

Ралтегравирдің дозасын түзету қажет емес

Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері (КТНТ) және кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері (КТНЕТ)

КТНТ/эфавиренз

Эфавиренз және КТНТ тобына жататын препараттардың өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ, ламивудинмен, зидовудинмен және тенофовир дизопроксилі фумаратымен өзара әрекеттесуді қоспағанда. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды, өйткені КТНТ тобына жататын препараттардың метаболизмі эфавиренздегі осындайдан айырмашылығы бар жолмен өтеді, және де олардың белгілі бір метаболизденетін ферменттермен және шығарылу жолдарымен бәсекелесуі екіталай.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

КТНЕТ/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Екі КТНЕТ қолдау тиімділігі және қауіпсіздігі көзқарасы тұрғысынан басымдықты қамтамасыз ете алмайтын болғандықтан, эфавирензді және КТНЕТ тобына жататын басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

С гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы дәрілік заттар

Боцепревир/эфавиренз

(тәулігіне 3 рет 800 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Боцепревир:

AUC: ↔ 19%,

Cmax: ↔ 8%,

Cmin: ↓44% (CYP3A индукциясы)

Эфавиренз:

AUC: ↔ 20%,

Cmax: ↔ 11%

Қан плазмасында боцепревир концентрациясы төмендеуінің клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ.

Телапревир/эфавиренз

(әрбір 8 сағат сайын 1125 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Телапревир (әрбір 8 сағат сайын 750 мг-ге қатысты):

AUC: ↓18% (↓8-ден ↓27 дейін),

Cmax: ↓14% (↓3-тен ↓24 дейін),

Cmin: ↓25% 4-тен ↓34 дейін)%

Эфавиренз:

AUC: ↓18% (↓10-нан ↓26 дейін),

Cmax: ↓24% (↓15-тен ↓32 дейін),

Cmin: ↓10% (↑1-ден ↓19 дейін)% (эфавирензді қабылдау аясындағы CYP3A индукциясы)

Эфавиренз бен телапревирді бір мезгілде қабылдағанда соңғысының дозасын әрбір 8 сағат сайын 750 мг-ден 1125 мг-ге дейін арттырған жөн.

Антибиотиктер

Азитромицин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 600 мг/ тәулігіне 1 рет 400 мг)

Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Кларитромицин/эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 500 мг/ тәулігіне 1 рет 400 мг)

Кларитромицин:

AUC: ↓39 % (↓30-дан ↓46 дейін),

Cmax: ↓26 % (↓15-тен ↓35 дейін) Кларитромицин 14-гидроксиметаболиті:

AUC: ↑34 % (↑18- ден ↑53 дейін),

Cmax: ↑49 % (↑32-ден ↑69 дейін)

Эфавиренз:

AUC: ↔,

Cmax: ↑11 % (↑3-тен ↑19 дейін) (CYP3A4 индукциясы)

Тері бөртпесі эфавиренз бен кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған, жұқпа жұқтырмаған еріктілердің 46%-да байқалды.

Қан плазмасында кларитромицин концентрациясы өзгеруінің клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ.

Кларитромициннің орнына басқа антибиотикті, мысалы, азитромицинді қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

Эфавирензді дозалау режимін түзету қажет емес.

Макролидтер тобынан басқа антибиотиктер (мысалы, эритромицин)/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Дозалау режимі жөнінде нұсқаулар жасауға мүмкіндік беретін деректер жоқ.

Туберкулезге қарсы дәрілік заттар

Рифабутин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 300 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Рифабутин:

AUC: ↓38 % (↓28-ден ↓47 дейін),

Cmax: ↓32 % (↓15-тен ↓46 дейін),

Cmin: ↓45 % (↓31-ден ↓56 дейін)

Эфавиренз: AUC: ↔,

Cmax: ↔,

Cmin: ↓12 % (↓24-тен ↑1 дейін) (CYP3A4 индукциясы)

Егер эфавирензбен бір мезгілде қолдану жоспарланса, рифабутиннің тәуліктік дозасы 50%-ға арттырылуы тиіс. Аптасына 2 немесе 3 рет рифабутинді эфавирензбен біріктіріп қолданғанда рифабутиннің дозасын екі еселеудің орынды екендігін де қарастырған жөн.

Рифампицин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 600 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Эфавиренз:

AUC: ↓26 % (↓15-тен 36 дейін),

Cmax: ↓20 % (↓11-ден ↓28 дейін),

Cmin: ↓32 % (15-тен ↓46 дейін) (CYP3A4 және CYP2B6 индукциясы)

Егер эфавиренз дене салмағы 50 кг және одан көбірек болатын пациенттерде рифампицинмен бір мезгілде қолданылса, рифампицинсіз тәуліктік дозасы 600 мг эфавирензді қолданған кездегі осындайға ұқсас экспозицияны қамтамасыз ету үшін, эфавиренздің тәуліктік дозасын 800 мг-ге дейін арттырған жөн.

Эфавирензді дозалау режимін осылай түзетудің клиникалық әсері аяғына дейін зерттелген жоқ. Дозаны түзеткен кезде сондай-ақ жекелей жағымдылығын және вирусологиялық жауабын ескерген жөн. Рифампицинді дозалау режимін түзету қажет емес.

Зеңге қарсы дәрілік заттар

Итраконазол/эфавиренз

әрбір 12 сағат сайын 200 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Итраконазол:

AUC: ↓39 % (↓21-ден ↓53 дейін),

Cmax: ↓37 % (↓20-дан ↓51 дейін),

Cmin: ↓44 % (↓27-ден ↓58 дейін) ( итраконазол концентрациясының төмендеуіне эфавирезді қабылдау аясындағы CYP3A4 индукциясы себеп болады)

Гидроксиитраконазол:

AUC: ↓37 % (↓14-тен ↓55 дейін),

Cmax: ↓35 % (↓12-ден ↓52 дейін),

Cmin: ↓43 % (↓18-ден ↓60 дейін) Эфавиренз:

Клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер байқалған жоқ.

Итраконазолды дозалау режимін өзгерту жөнінде нұсқаулар беру мүмкін болмағандықтан, зеңге қарсы балама препараттарды қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

Позаконазол/эфавиренз --/ тәулігіне 1 рет 400 мг

Позаконазол:

AUC: ↓50%, Cmax: ↓45 % (УДФ-глюкурондану индукциясы).

Егер пациент үшін күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен басым болмаса, позаконазол мен эфавирензді бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.

Вориконазол/эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 200 мг/ тәулігіне 1 рет 400 мг)

Вориконазол/эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 400 мг/ тәулігіне 1 рет 300 мг)

Вориконазол: AUC: ↓77 %,

Cmax: ↓61 %

Эфавиренз: AUC: ↑44 %,

Cmax: ↑38 %

Вориконазол:

AUC: ↓7 % (↓23-тен ↑13 дейін)*,

Cmax: ↑23 % (↓1-ден ↑53 дейін)*

Эфавиренз:

AUC: ↑17 % (↑6-дан ↑29 дейін)**,

Cmax: ↔

* Монотерапия түрінде қолданғанда тәулігіне 2 реттік 200 мг-мен салыстырғанда

** Монотерапия түрінде қолданғанда тәулігіне 1 реттік 600 мг-мен салыстырғанда

(тотығу метаболизмінің бәсекелес тежелуі)

Эфавирензді вориконазолмен бір мезгілде қолданғанда вориконазолдың демеуші дозасы тәулігіне 2 реттік 400 мг-ге дейін арттырылуы тиіс, ал эфавиренздің дозасы 50%-ға, яғни тәулігіне 1 рет 300 мг-ге дейін төмендетілуі тиіс. Егер вориконазолды қолдану тоқтатылатын болса, онда эфавиренздің дозасы бастапқы қалпына келтірілуі тиіс.

Флуконазол/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 200 мг/ тәулігіне 1 рет 400 мг)

Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Кетоконазол және зеңге қарсы басқа да дәрілер – имидазол туындылары

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Дозалау режимі жөнінде нұсқау жасауға мүмкіндік беретін деректер жоқ.

Безгекке қарсы дәрілік заттар

Артеметер/люмефантрин + эфавиренз (20/120 мг, 4 таблеткадан 6 қабылдау 3 күн бойы / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Артеметер:

AUC: ↓51%,

Cmax: ↓21%

Дигидроартемизинин:

AUC: ↓46%, Cmax: ↓38%

Люмефантрин:

AUC: ↓21%, Cmax: ↔

Эфавиренз: AUC: ↓17%,

Cmax: ↔

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавирензбен бір мезгілде қолданғанда артеметер мен люмефантрин концентрацияларының төмендеуі салдарынан безгекке қарсы әсері төмендеуі мүмкін. Эфавирензді артеметермен және люмефантринмен бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Атовахон/прогуанил/эфавиренз (бір реттік 250/100 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Атовахон:

AUC: ↓75% (↓62-ден↓84 дейін),

Cmax: ↓44% (↓20-дан↓61 дейін)

Прогуанил:

AUC: ↓43% (↓7-ден↓65 дейін), Cmax: ↔

Атовахонді/прогуанилді эфавирензбен бір мезгілде қолдануға мүмкіндігінше жол бермеген жөн.

Антацидтік дәрілік заттар

Құрамында алюминий гидроксиді - магний гидроксиді -симетикон /эфавиренз бар антацидтер (30 мл бір реттік доза/400 мг бір реттік доза)

Фаматидин/эфавиренз (40 мг бір реттік доза /400 мг бір реттік доза)

Антацидтер де, фамотидин де эфавиренздің сіңуіне жағымсыз әсерін тигізбейді.

Эфавирензді асқазанның ішіндегі рН-қа ықпалын тигізетін дәрілік заттармен бірге қолданғанда эфавиренздің сіңімділігінің өзгеруі екіталай.

Анксиолитиктер

Лоразепам/эфавиренз (бір реттік доза 2 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Лоразепам: AUC: ↑7 % (↑1-ден ↑14 дейін), Cmax: ↑16 % (↑2-ден ↑32 дейін)

Бұл өзгерулер клиникалық тұрғыдан маңызды деп саналмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Антикоагулянттар

Варфарин/эфавиренз

Аценокумарол/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Эфавиренздің ықпал етуімен варфарин немесе аценокумарол концентрацияларының немесе әсерлерінің артуы да, сонымен қатар төмендеуі де мүмкін.

Эфавирензбен бірге қабылдау аясында варфаринді немесе аценокумаролды дозалау режимін түзету қажет болуы мүмкін.

Құрысуға қарсы дәрілік заттар

Карбамазепин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 400 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Карбамазепин:

AUC: ↓27 % (↓20-дан ↓33 дейін), Cmax: ↓20 % (↓15-тен ↓24 дейін), Cmin: ↓35 % (↓24-тен ↓44 дейін)

Эфавиренз:

AUC: ↓36 % (↓32-ден ↓40) дейін, Cmax: ↓21 % (↓15-тен ↓26 дейін), Cmin: ↓47 % (↓41-ден ↓53 дейін) (CYP3A4 индукциясы салдарынан карбамазепин концентрациясының төмендеуі; CYP3A4 және CYP2B6 индукциясы салдарынан эфавиренз концентрациясының төмендеуі).

Фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболит карбамазепин эпоксидінің Css, AUC, Cmax және Cmin өзгермеген күйінде қалады. Эфавиренз бен карбамазепиннің жоғары дозаларын қабылдаған кездегі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Дозалау режимі жөнінде нұсқаулар жасауға негіз болатын деректер жоқ. Құрысуға қарсы басқа дәрілерді қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

Қан плазмасындағы карбамазепиннің концентрациясына мезгіл-мезгіл бақылау жасау ұсынылады.

Фенитоин, фенобарбитал және CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын құрысуға қарсы басқа да дәрілік заттар

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Қан плазмасындағы фенитоин, фенобарбитал және CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын құрысуға қарсы басқа да дәрілік заттар концентрациялары азаюы да, сонымен қатар артуы да мүмкін, егер жоғарыда аталған препараттар эфавирензбен бірге қолданылса.

Егер эфавиренз CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын құрысуға қарсы дәрілік заттармен бір мезгілде қолданылса, қандағы құрысуға қарсы препараттардың концентрацияларына мезгіл-мезгіл мониторинг жасауды жүзеге асыру қажет.

Вальпрой қышқылы/эфавиренз

(тәулігіне 2 рет 250 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Эфавиренздің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалы байқалған жоқ. Шектеулі деректер вальпрой қышқылының фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалы жоқ екендігін көрсетеді.

Эфавиренздің дозалану режимін түзету қажет емес. Құрысу ұстамаларын бақылау үшін пациенттер бақылауда болуы тиіс.

Вигабатрин/эфавиренз

Габапентин/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі екіталай, өйткені вигабатрин және габапентин тек бүйрек арқылы өзгермеген күйінде шығарылады және эфавиренздің метаболизденетін ферменттерімен және шығарылу жолдарымен бәсекелесуі екіталай.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Антидепрессанттар

Серотонинді кері қармап қалатын селективтік тежегіштер

Сертралин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 50 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Сертралин:

AUC: ↓39 % (↓27-ден ↓50 дейін), Cmax: ↓29 % (↓15-тен ↓40 дейін),

Cmin: ↓46 % (↓31-ден ↓58 дейін)

Эфавиренз:

AUC: ↔,

Cmax: ↑11 % (↑6-дан ↑16 дейін),

Cmin: ↔ (CYP3A4 индукциясы)

Сертралиннің дозасын арттыру клиникалық жауабын ескере отырып жүргізілуі тиіс

Эфавиренз дозасын түзету қажет емес.

Пароксетин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 20 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Флуоксетин/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Өйткені флуоксетин үшін пароксетиндегідей метаболизмдік бейін тән, яғни ол CYP2D6 күшті тежегіші болып табылады, флуоксетин де эфавирензбен өзара әрекеттеспейді деп күтуге болады.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Катехоламиндерді (норадреналин, допамин) кері қармап қалатын селективтік тежегіштер

Бупропион/эфавиренз

(бір реттік доза 150 мг (әсері ұзаққа созылатын)/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Бупропион:

AUC: ↓55% (↓48-ден ↓62 дейін),

Cmax: ↓34% (↓21-ден ↓47 дейін)

Гидроксибупропион:

AUC: ↔,

Cmax: ↑50% (↑20-дан ↑80 дейін) (CYP2B6 индукциясы)

Бупропионның дозасын арттыру клиникалық жауабын ескере отырып жүргізілуі тиіс, алайда доза ең жоғары ұсынылған дозадан аспауы тиіс.

Эфавиренз дозасын түзету қажет емес.

Н1-гистаминдік рецепторлардың блокаторлары

Цетиризин/эфавиренз

(бір реттік 10 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Цетиризин:

AUC: ↔

Cmax: ↓24% (↓18% ↓30% дейін)

Бұл өзгерулер клиникалық тұрғыдан маңызды деп есептелмейді.

Эфавиренз:

клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Жүрек-қантамырлық препараттар

"Баяу" кальций өзектерінің блокаторлары (БКӨБ)

Дилтиазем/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 240 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Дилтиазем:

AUC: ↓69 % (↓55-тен ↓79 дейін), Cmax: ↓60 % (↓50-ден ↓68 дейін),

Cmin: ↓63 % (↓44-тен ↓75 дейін)

Дезацетилдилтиазем:

AUC: ↓75 % (↓59-дан ↓84 дейін), Cmax: ↓64 % (↓57-ден ↓69 дейін),

Cmin: ↓62 % (↓44-тен ↓75 дейін)

N-монодесметилдилтиазем:

AUC: ↓37 % (↓17-ден ↓52 дейін),

Cmax: ↓28% (↓7-ден ↓44 дейін),

Cmin: ↓37 % (↓17-ден↓52 дейін) Эфавиренз: AUC: ↑11 % (↑5-тен ↑18 дейін), Cmax: ↑16 % (↑6-дан ↑26 дейін), Cmin: ↑13 % (↑1-↑26)

(CYP3А4 индукциясы)

Эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлерінің артуы клиникалық тұрғыдан маңызды деп бағаланған жоқ.

Дилтиазем дозасын өзгертудің қажеттілігі жөніндегі мәселе клиникалық жауабын ескере отырып шешіледі (дилтиаземді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Верапамил, нифедипин, никардипин және фелодипин,

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Егер эфавиренз CYP3А4 изоферментінің субстраты болып табылатын «баяу» кальций өзектері блокаторларының қандай да бір препаратымен бір мезгілде қолданылса, қан плазмасындағы «баяу» кальций өзектері блокаторының концентрациялары төмендеуі мүмкін.

«Баяу» кальций өзектері блокаторының дозаларын түзету қажеттілігі жөніндегі мәселе клиникалық жауабын ескере отырып шешіледі («баяу» кальций өзектері блокаторын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Гиполипидемиялық дәрілік заттар

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері

Аторвастатин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 10 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Аторвастатин:

AUC: ↓43% (↓34-тен ↓50 дейін)

Cmax: ↓12% (↓1-ден ↓26 дейін)

2‑гидроксиаторвастатин:

AUC: ↓35% (↓13-тен ↓40 дейін)

Cmax: ↓13% (↓0-ден ↓23 дейін)

4‑гидроксиаторвастатин:

AUC: ↓4% (↓0-ден ↓31 дейін)

Cmax: ↓ 47% (↓ 9-дан ↓ 51 дейін)

ГМГ‑КоА-редуктаза тежегіштерінің жалпы белсенділігі:

AUC: ↓34% (↓21-ден ↓41 дейін)

Cmax: ↓20% (↓2-ден ↓26 дейін)

Қандағы холестерин концентрацияларына мезгіл-мезгіл мониторинг жасауды жүзеге асырған жөн. Аторвастатин дозасын түзету қажет болуы мүмкін (аторвастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Правастатин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 40 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Правастатин:

AUC: ↓40% (↓26-дан ↓57 дейін)

Cmax: ↓18% (↓59-дан ↑12 дейін)

Қандағы холестерин концентрацияларына мезгіл-мезгіл мониторинг жасауды жүзеге асырған жөн. Правастатин дозасын түзету қажет болуы мүмкін (правастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Симвастатин/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 40 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг)

Симвастатин:

AUC: ↓69% (↓62-ден ↓73 дейін)

Cmax: ↓76% (↓63-тен ↓79 дейін)

Симвастатин қышқылы:

AUC: ↓58% (↓39-дан ↓68 дейін)

Cmax: ↓51% (↓32-ден ↓58 дейін)

ГМГ‑КоА-редуктаза тежегіштерінің жалпы белсенділігі:

AUC: ↓60% (↓52-ден ↓68 дейін)

Cmax: ↓62% (↓55-тен ↓78 дейін)

(CYP3А4 индукциясы)

Эфавирензді аторвастатинмен, правастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолданғанда эфавиренздің AUC және Cmax мәндері өзгермейді.

Қандағы холестерин концентрацияларына мезгіл-мезгіл мониторинг жасауды жүзеге асырған жөн. Симвастатин дозасын түзету қажет болуы мүмкін (симвастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Розувастатин/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Розувастатин негізінен өзгермеген күйінде асқазан-ішек жолы арқылы өтпен бірге шығарылады, сондықтан эфавирензбен өзара әрекеттесу күтілмейді.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Гормональді контрацептивтер

Пероральді түрде қолдану үшін:

Этинилэстрадиол + норгестимат/эфавиренз

(тәулігіне 1 рет 0,035 мг + 0,25 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Этинилэстрадиол:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↓8% (↑14-тен ↓25 дейін)

Норелгестромин (белсенді метаболит):

AUC: ↓64% (↓62-ден ↓67 дейін)

Cmax: ↓46% (↓39-дан ↓52 дейін)

Cmin: ↓82% (↓79-дан ↓85 дейін)

Левоноргестрел (белсенді метаболит):

AUC: ↓83% (↓79-дан ↓87 дейін)

Cmax: ↓80% (↓77-ден ↓83 дейін)

Cmin: ↓86% (↓80-нен ↓90 дейін)

(метаболизм индукциясы)

Эфавиренз: клиникалық тұрғыдан өзара әрекеттесулер анықталған жоқ

Осы әсерлердің клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Гормональді контрацептивтерге қосымша бөгегіш контрацепцияның сенімді әдісі пайдаланылуы тиіс.

Бұлшықет ішіне енгізу үшін әсері ұзаққа созылады:

Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА)/ эфавиренз

(150 мг ДМПА б/і бір рет)

3 ай бойы дәрілік заттардың өзара әрекеттесулеріне жүргізілген зерттеулерде эфавирензді қоса, АРВЕ қабылдаған еріктілер мен АРВЕ қабылдамаған еріктілер арасындағы медроксипрогестеронның фармакокинетикалық параметрлерінде елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ.

Екінші зерттеуде қан плазмасындағы медроксипрогестерон концентрацияларында үлкен айырмашылық болса да, басқа зерттеушілерде де осындай нәтижелер алынды. Екі зерттеуде де эфавиренз + депо-медроксипрогестеронаацетатын қабылдаған еріктілерде прогестерон концентрациялары төмен күйінде қалды, бұл овуляцияның басылуына сәйкес болды.

Гормональнді контрацептивтерге қосымша бөгегіш контрацепцияның сенімді әдісі пайдаланылуы тиіс.

Имплант: Этоногестрел/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Этоногестрелдің экспозициясының төмендеуін күтуге болады (CYP3А4 индукциясы).

Эфавиренз қабылдаған пациенттерде этоногестрелді қолданғанда контрацептивтік әсерінің жоқтығы жөнінде жеке мәлімдемелер алынды.

Гормональнді контрацептивтерге қосымша бөгегіш контрацепцияның сенімді әдісі пайдаланылуы тиіс.

Иммунодепрессанттар

CYP3A4 қатысуымен метаболизденетін иммунодепрессанттар (мысалы, циклоспорин, такролимус, сиролимус)/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Иммунодепрессант экспозициясының төмендеуін күтуге болады (CYP3А4 индукциясы).

Аталған иммунодепрессанттар эфавиренздің экспозициясына ықпалын тигізеді деп күту екіталай.

Иммунодепрессанттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Эфавирензбен емдеуді бастаған сәттен немесе тоқтатқан сәттен бастап қандағы иммунодепрессант концентрациясына кем дегенде 2 апта мұқият мониторинг жасауды жүзеге асыру ұсынылады (тұрақты концентрациялар анықталғанға дейін)

Апиындар

Метадон/эфавиренз

(тұрақты демеуші доза, тәулігіне 1 рет 35–100 мг/ тәулігіне 1 рет 600 мг)

Метадон:

AUC: ↓52% (↓33-тен ↓66 дейін)

Cmax: ↓45% (↓25-тен бастап ↓59 дейін)

(CYP3А4 индукциясы)

Көктамыр ішіне есірткілік заттар енгізген, АИТВ жұқтырған пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеулер барысында эфавиренз бен метадонды бір мезгілде қолдану қан плазмасында метадон концентрациясының төмендеуіне және апиындарды тоқтату симптомдарының пайда болуына әкелетіні анықталды. Тоқтату симптомдарының айқындылығын азайту үшін метадонның дозасы орта есеппен 22%-ға арттырылды.

Пациенттер тоқтату синдромын дер кезінде анықтау үшін бақылауда болуы тиіс. Қажет болғанда, тоқтату симптомдардың айқындылығын азайту үшін, метадонның дозасын арттырған жөн.

Бупренорфин/налоксон/эфавиренз

Бупренорфин:

AUC: ↓50%

Норбупренорфин:

AUC: ↓ 71%

Эфавиренз:

Клиникалық тұрғыданмаңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Бупренорфин экспозициясының төмендеуіне қарамастан, пациенттерде тоқтату симптомдарының көріністері байқалған жоқ.

Бупренорфин мен эфавирензді бір мезгілде тағайындағанда бірде-бір дәрілік заттың дозасын түзету қажет болмайды.

a 90% сенімді аралықтар, егер басқаша көрсетілмесе ғана.

b 95% сенімді аралықтар.

УДФ - уридиндифосфат.

ГМГ‑КоА-редуктаза — 3‑гидрокси-3‑метилглутарил-коэнзим А редуктаза.

Айрықша нұсқаулар

Препараттарды Эфавирензбен бір мезгілде тағайындағанда дәрігерлер осы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгінуі тиіс.

Эфавиренз АИТВ-инфекцияны емдеу үшін жалғыз ғана препарат ретінде пайдаланылмауы тиіс, сондай-ақ емдеудің тиімді сызбасына жалғыз ғана дәрі ретінде қосылмауы тиіс.

Эфавирензді қоса, антиретровирустық ем қабылдап жүрген пациенттерге мұның АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас немесе қан арқылы жұғуының алдын ала алмайтындығын ескерту қажет. Пациенттер тиісті сақтық шараларын қолдануды жалғастыруы тиіс.

Біріктірілген ем құрамындағы қандай да болсын антиретровирустық препаратты қабылдау жағымсыздығына байланысты күмән тудырған жағдайда барлық антиретровирустық препаратарды бір мезгілде тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет. Тоқтатылған барлық антиретровирустық препараттарды қабылдау жақпаушылық симптомдары жоғалғаннан кейін бірден қайта жаңғыртылуы тиіс. Иммундық ем жиі үзіліспен және одан кейінгі антиретровирустық препараттарды қайталап қабылдау, емдеуге төзімді мутантты вирустардың пайда болу мүмкіндігінің жоғарылауына байланысты, ұсынылмайды.

Эфавиренз монотерапия ретінде қолданылған кезде кері транскриптазаның нуклеозидтік емес басқа тежегіштері жағдайындағы сияқты, резистентті вирус өте тез білінеді. Эфавирензбен біріктіріп пайдаланылуы тиіс жаңа антиретровирустық дәріні таңдағанда вирустың айқаспалы резистенттілігін ескеру қажет.

Эфавирензді Гинго Билоба сығындыларымен бірге қолдану ұсынылмайды.

Эфавирензді тамақпен бірге қабылдау оның әсерін күшейтуі және жағымсыз реакциялардың ұлғаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан препаратты ұйқыға жатар алдында ашқарынға қолдану ұсынылады.

Тері бөртпесі

Дымқылданып қабыршақтанған күлдіреуікпен немесе ойық жарамен қатар болатын бөртпе эфавиренз қабылдаған науқастардың 1%-да байқалды. Экссудативтік полиморфты эритема немесе Стивен-Джонсон синдромы шамамен 0.1% жағдайларда кездесті. Бөртпенің пайда болуына дейінгі орташа уақыт 11 күнді, ал орташа ұзақтығы 16 күнді құрайды. Егер пациентте күлбіреуіктің, шырышты қабықтарды қамтыған тері десквамациясының немесе қызбаның пайда болуымен қатар жүретін бөртпенің ауыр түрі пайда болса, эфавиренз қабылдауды дереу тоқтату қажет. Егер Эфавир-600 препаратымен емдеу тоқтатылса, резистентті вирустың дамуына жол бермеу үшін басқа антиретровирустық препараттармен емдеуді тоқтату қажеттілігін де қарастырған жөн. Тиісті антигистаминдік және/немесе глюкокортикостероидтық препараттарды қабылдау жағымдылықты жақсартуы және бөртпенің тезірек жоғалуына мүмкіндік беруі мүмкін.

Психиканың өзгеруі

Эфавиренз қабылдаған пациенттердің психикасы тарапынан күрделі жағымсыз әсерлер тіркелді. Оларға ауыр депрессия, суицидтік ойлар/әрекеттер, озбыр мінез-құлық, параноидальді және маниакальді реакциялар жатады. Сыртартқысында психикалық бұзылыстары бар пациенттер психика тарапынан күрделі жағымсыз құбылыстардың дамуы жөнінде жоғары қаупі бар топта болады. Осы симптомдар дамитын пациенттер осы симптомдардың эфавирензді қабылдаумен ықтимал байланысын анықтау үшін дәрігерге дереу қаралуы тиіс. Егер осы байланыс дәлелденсе, ары қарай емдеудің пайдасы мен қаупінің арақатынасын бағалау қажет.

Жүйке жүйесі тарапынан симптомдар

Жүйке жүйесі тарапынан симптомдар – бас айналу, ұйқысыздық, зейіннің нашарлауы, ұйқышылдық, әдеттен тыс түс көрулер және елестеулер – әдетте емнің бірінші немесе екінші күні байқалады және көп жағдайда алғашқы 2-4 аптадан кейін жоғалады. Егер осындай симптомдар пайда болса, олар әдетте емдеуді жалғастырған кезде жоғалатынын және психика тарапынан сирек кездесетін ықтимал бұзылулардың белгілері болып табылмайтынынан пациенттерді хабардар ету қажет. Жүйке жүйесі тарапынан болатын жағымсыз әсерлерге қатысты препараттың жағымдылығын жақсарту үшін емнің алғашқы аптасы бойы препаратты ұйқыға жатар алдында қабылдауға ұсыныс жасалады. Эфавирензді алкогольмен немесе психотроптық препараттармен бір мезгілде қабылдағанда пациенттерді мұның потенциалды аддитивтік әсері жөнінде хабардар ету қажет. Орталық жүйке жүйесі тарапынан бас айналу, зейінді жұмылдырудың бұзылуы және/немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз симптомдарды басынан кешкен пациенттер көлік құралдарын немесе механизмдерді басқару сияқты қауіпті қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұруы тиіс.

Құрысулар

Эфавиренз қабылдап жүрген пациенттерде, сыртартқысында құрысу бар пациенттерді қоса, құрысулар өте сирек байқалды. Бауырдағы метаболизмі ерекше, фенитоин, карбамазепин және фенобарбитал сияқты құрысуға қарсы препараттарды қатар қабылдап жүрген пациенттерде олардың қан плазмасындағы концентрацияларын мезгіл-мезгіл бақылауды жүзеге асыру қажет. Препаратты сыртартқысында құрысулары бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн.

Бауыр ферменттері

Сыртартқысында В және С гепатиті диагностикаланған немесе болжам жасалған пациенттерде және бауырға уытты әсерімен астасатын препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде бауыр ферменттеріне жүйелі бақылау жүргізу ұсынылады. Холестерин: эфавиренз қабылдап жүрген науқастарда холестерин мен триглицеридтер деңгейіне ұдайы бақылау жүргізген жөн.

Иммунитеттің қалпына келу синдромы:

Ауыр иммун тапшылығы бар, АИТВ жұқтырған пациенттерде антиретровирустық емді бастаған кезде симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциялары дамуы мүмкін, бұл жағдайдың күрделі нашарлауына немесе симптоматиканың өршуіне себеп болуы мүмкін. Әдеттегідей, осындай реакциялар антиретровирустық емді бастағаннан кейін алғашқы апталарда немесе айларда байқалады. Өте маңызды мысалдар – цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекция және Pneumocystis jiroveci (бұрынғы атауы – Pneumocystis carinii) әсерінен туындаған пневмония. Қабынудың кез келген симптомдарын анықтау және қажет болғанда ем тағайындау керек. Аутоиммундық аурулар (мысалы, Грейвс ауруы) иммунитеттің қалпына келу аясында байқалды, алайда алғашқы көріністерінің уақыты өзгеріп отырды, және ауру емдеуді бастағаннан кейін көп айдан соң туындауы мүмкін.

Липодистрофия және метаболизмдік бұзылулар

Біріктірілген антиретровирустық ем АИТВ жұқтырғандарда майдың қайта таралуын (липодистрофия) туындатады. Осы құбылыстар салдарының ұзақтығы қазіргі таңда белгісіз. Механизмі туралы мағлұмат толық емес. Висцеральді липоматоз бен протеаза тежегіштері, липоатрофия мен кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері арасында байланыс бар деп болжам жасалды. Липодистрофияның жоғары қаупі егде жас сияқты жекелей факторлармен және дәрілік препараттарды қолданумен (ұзақ мерзімдік антиретровирустық ем және метаболизмдік бұзылулар) байланысты болды. Клиникалық зерттеу май тіндерінің қайта таралуының физикалық белгілеріне баға беруді қамтуы тиіс. Аш қарындағы сарысулық липидтерді және қандағы глюкозаны өлшеуді қарастырған жөн.

Остеонекроз

Әсіресе жалпыға бірдей қауіп факторлары (кортикостероидтарды қабылдау, алкоголь пайдалану, жедел иммун суппрессия, дене салмағы индексінің жоғарылауы), кеш сатыдағы АИТВ инфекциясы бар немесе ұзақ уақыт біріктірілген антиретровирустық ем қабылдап жүрген пациенттерде остеонекроз жағдайлары байқалды. Буындарының ауыруы, буындардағы қимыл шектелуі немесе қимыл-қозғалыстың қиындауы пайда болған кезде пациенттердің дәрігерге баруына кеңес берген жөн.

Арнайы топтар

Препаратта лактоза бар, сондықтан тұқым қуалаған түрдегі галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер препаратты қолданбауы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Эфавирензді бауырдың ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды және, дозаны түзету қажеттілігі бар-жоқтығын анықтау үшін деректер жеткіліксіз болғандықтан, ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Бауырдың созылмалы аурулары бар науқастарда клиникалық тәжірибе шектеулі болғандықтан, эфавирензді бауырдың жеңіл бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту қажет. Дозаға байланысты жағымсыз реакциялар, әсіресе жүйке жүйесінің симптомдары бар болғандықтан, пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс. Белгілі бір уақыт аралығынан кейін бауыр ауруларына баға беру үшін зертханалық тестілер жасалуы тиіс. Бауырдың елеулі аурулары бар пациенттерде эфавиренздің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Созылмалы В немесе С гепатиті бар, біріктірілген антиретровирустық ем қабылдаған пациенттерде ауыр және бауырдың потенциалды фатальді жағымсыз реакцияларының даму қаупі жоғары. Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауырдың елеулі дисфункциясы бар пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем кезінде бауыр функциясының бұзылу жиілігі жоғары болады және стандартты практикаға сәйкес бақылануы тиіс. Бауыр аурулары нашарлаған немесе сарысулық трансаминазалардың қалыпты диапазонның жоғары шегінен 5 еседен көбірекке жоғарылаған жағдайда емдеуді жалғастырудың пайдасының бар-жоқтығын салыстыру керек және бауырдың елеулі уыттануының потенциалды қаупі туындайды. Мұндай науқастарда емдеуді уақытша тоқтату немесе тоқтату жақсылап ойластырылуы тиіс.

Бауырдың уыттануымен байланысты, басқа дәрілік заттармен ем қабылдап жүрген пациенттерде бауыр ферменттерін тексеру ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эфавиренздің фармакокинетикасы зерттелген жоқ, алайда несеппен бірге өзгермеген күйінде эфавиренздің 1%-дан азы бөлініп шығатын болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылуы эфавиренздің элиминациясы үдерісіне елеулі ықпалын тигізбеуі тиіс. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан мұндай пациенттерде қауіпсіздігіне мұқият баға беру ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттердегі реакцияның жас пациенттердегі реакциядан айырмашылығының бар-жоқтығына пікір айту мүмкін емес, өйткені зерттеулер тиісті жастағы пациенттердің көбісіне жүргізілген жоқ.

Педиатрияда пайдаланылуы

Эфавиренз 3 жасқа толмаған немесе салмағы 13 кг-ден аз болатын балаларда зерттелген жоқ. Бұл препарат (600 мг дозадағы) 12 жасқа толмаған және салмағы 40 кг-ден аз балаларға қолдануға ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде эфавирензге талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Эфавирензді жүктілік кезінде, оны қолдану қажет болған жағдайларды (ана үшін потенциалды пайдасы ұрық үшін қаупінен басым болатын, және басқа тиісті емдік баламалар жоқ болғанда) қоспағанда, пайдаланбаған жөн. Эфавирензді қабылдап жүрген әйелдер жүкті болып қалуға жол бермеуі керек. Бала туа алатын жастағы әйелдер емделер алдында жүктілікке жасалатын тестіден өтуі тиіс. Емдеу кезінде олар контрацепцияның басқа әдістерімен бірге бөгегіш контрацепция әдістерін қолдануы тиіс.

Лактация кезеңінде эфавиренз қабылдап жүрген әйелдерге бала емізу ұсынылмайды. АИТВ жұқтырған аналар кез келген жағдайда АИТВ жұғуына жол бермеу үшін баланы емізбеуі керек.

Көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Эфавирензді қолдану бас айналуды, зейінді жұмылдырудың нашарлауын және/немесе ұйқышылдықты туындатуы мүмкін. Осындай симптомдар пайда болғанда пациенттерге автокөлікті немесе механизмдерді басқару сияқты потенциалды қауіпті жұмыстарды істеуге жол бермеу керектігін айту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозаланғанда жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз симптомдар (бас айналу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейіннің бұзылуы, патологиялық түстер көру, бас ауырулар) байқалады.

Емі организмнің тіршілікке қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерін бақылау және пациенттің клиникалық жағдайын бақылау қамтылатын жалпы демеуші шаралардан тұруы тиіс. Сіңірілмеген препаратты шығару үшін белсендірілген көмірді пайдалануға болады. Артық дозалануды емдеу үшін арнайы у қайтарғысы жоқ. Эфавиренз ақуыздармен белсенді түрде байланысатын болғандықтан, қаннан диализдің жәрдемімен препаратты айтарлықтай жоюдың мүмкін болуы екіталай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралатын пластмасса қақпағы бар және алғашқы ашылуы бақыланатын, тығыздығы жоғары полиэтиленнен (НDРЕ) жасалған құтыға ішінде 1 г силикагелі бар қалташамен бірге 30 таблеткадан салынған.

Картон қорапшаға медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ципла Лтд., Үндістан

S-103 to S-105

S-107 to S-112

L-147 to L-147-1

Verna Industrial Estate,

Verna Salcette, Goa

Тіркеу куәлігінің иесі

Ципла Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Авицена-ЛТД» ЖШС, Алматы қ., Жангелдин к-сі 31, 416 кеңсе

Тел./факс: (727) 278 59 20, 278 59 21, 278 59 67

e-mail: reg@avitsena.kz

 

Прикрепленные файлы

562864831477976271_ru.doc 265 кб
906451511477977470_kz.doc 337.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники