Эуфорбиум комп. Назентропфен СН

Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022786
Информация о регистрации в РК: 13.02.2017 - 13.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Эуфорбиум комп. Назентропфен СН

Халықаралық паттентелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Мұрынға тамызатын дәрі, 20 мл

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: Euphorbium D4

1.0000 г

Luffa operculata D2

1.0000 г

Pulsatilla pratensis D2

1.0000 г

Argentum nitricum D10

1.0000 г

Hepar sulfuris D10

1.0000 г

Hydrargyrum biiodatum D8

1.0000 г

қосымша заттар: динатрий фосфат дигидраты, натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден әлсіз ақшыл-сары түске дейінгі, иісі жоқ мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа мұрынға арналған препараттар. Басқа да препараттар.

АТХ коды R01AX10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакологиялық қасиеттеріне зерттеу жасау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Эуфорбиум комп. Назентропфен СН – ісіке қарсы, қабынуға қарсы, иммунтүзететін және аллергияға қарсы әсері бар кешенді гомеопатиялық препарат.

Препараттың кешенді әсері оның құрамына кіретін өсімдік (Euphorbium, Luffa operculata, Pulsatilla pratensis) және минералдық (Argentum nitricum, Hepar sulfuris, Hydrargyrum biiodatum) заттардың әсері арқылы іске асады.

Препарат мұрының шырышты қабатына және мұрын қасындағы кеңістіктердегі шырышты қабаттың қызметіне арнайы әсер етіп және зат алмасу үдерістерін қалпына келтіреді және мұрынмен дем алуды жеңілдетеді. Құрғау және/немесе атрофия орын алған мұрынның қосымша қуыстарының созылмалы түрде қабынған шырышты қабығының зақымданған бөліктерінің ылғалдануына мүмкіндік жасайды. Ринит терапиясы кезінде қолданылатын басқа дәрілік заттарға қарағанда бұл препарат тамыр тарылтқыш болып табылмайды және ұзақ уақыт қолданғанда дағдылануды туындатпайды.

Қолданылуы

- әр түрлі тектегі ринитте (вазомоторлы, вирусты, бактериялық, аллергиялық)

- құрғақ, гиперпласты және атрофиялық ринитте

- озенада қосымша ем ретінде

- жедел және созылмалы синуcитте

- сенна қызбасы кезінде мұрынмен демалуды жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 6 жастан асқан балалардың әр мұрын қуысына күніне 3-5 рет 1-2 дозадан бүркеді. Жедел жағдайлар кезінде препаратты күніне 5-6 реттен тағайындайды. 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3-4 рет 1 дозадан. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсері

Сирек:

- аллергиялық реакциялар

Мұндай жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтатып және дәрігерден кеңес алу керек.

- сілекейдің көп бөлінуі

Мұндай жағдайларда препаратты тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қалқанша без ауруларында

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдықта

- жүктілік және лактация кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балалар жасында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Егер пациентте беттің ісінуі, температура, күшті бас ауыруы ұзаққа созылатын болса немесе жаңа белгілер пайда болса дәрігерге қаралу керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде дәріні қолдану туралы клиникалық мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөліктерді немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозаланудың бір де бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтумен байланысты күтілмейді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бүріккіш-дозаторы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыда 20 мл-ден.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға 1 құтыдан салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл. Құтыны алғаш ашқаннан кейін 6 ай сақтайды.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

Меркле ГмбХ

Людвин – Меркле – Штрассе, 3, 89143, Блаубойрен, Германия

Тіркеу куәлігін ұстаушы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«AEM Services» ЖШС

050040, ҚР, Алматы, Әл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83

Прикрепленные файлы

Эуфорбиум_комп_Назентропфен_СН_инструкция_рус.doc 0.22 кб
Эуфорбиум_комп._Назентропфен_СН_инструкция_каз_.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники