Эукарбон®

Производитель: Фармацевтическая Фабрика Монтавит Гес.м.б.Х
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гликозиды сенны в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014676
Информация о регистрации в РК: 09.10.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Эукарбон®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 105 мг пішен жапырағының ұнтағы,

25 мг рауғаш тамырының құрғақ сығындысы (гидроксиантрацендер қосындысына шаққанда),

180 мг ағаш көмірінің ұнтағы,

50 мг тазартылған күкірт,

қосымша заттар: бұрыш жалбызы майы, фенхель майы, сахароза, жүгері крахмалы, тальк, ауыр каолин (ақ балшық), гуммиарабик.

Сипаттамасы

Цилиндр пішінді, екі беті дөңес, сұрғылт-қара түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізгіштер. Жанаспалы іш жүргізгіштер. Пішен гликозидтері басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды А06АВ56

Фармакологиялық қасиеттері

Препаратта тек өсімдік текті және минералды белсенді заттар бар. Оның жеңіл іш жүргізгіш, газ түзуге қарсы әсері (құрамына кіретін эфир майларының қосымша әсері) құрамында ағаш көмірі болуына негізделген, ол түрлі улы заттарды байланыстырады және пішен жапырағы мен рауғаш сығындысының іш жүргізгіш әсері арқылы шығарады. Препараттың, сондай-ақ ас қорыту жолдарында жеңіл зарарсыздандырғыш әсері бар.

Пішен жапырағы мен рауғаш сығындысынан жасалған антрахинон глюкозидтерінен болатын іш жүргізгіш әсерге жету үшін, 15-30 мг Сеннозидтерді (А және Б) қабылдау керек, іш жүргізгіш әсері препаратты қабылдағаннан кейін 8-10 сағаттан соң басталады.

Қолданылуы

- ішек гипотониясында

- іш қатқанда

- ішектегі ашу және шіру үдерістерінде

- метеоризмде (диафрагма релаксациясында)

- ішектің кебуінде

- ішектің аутоуыттануында

- геморроидальді түйінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін сұйықтықтың үлкен мөлшерімен бірге қабылдайды. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: жеңіл іш жүргізгіш және тазартқыш әсерге жету үшін 1-2 таблеткадан күніне 3 рет. Бұдан күшті әсерге жету қажет болғанда Эукарбонның® кешкі дозасын 3-4 таблеткаға дейін арттыруға болады.

Емдеу ұзақтығын дәрігер әр науқасқа жеке анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозаны сақтаған жағдайда, жағымсыз әсерлері өте сирек байқалады.

Өте сирек (<1/10,000)

- абдоминальді ауыру, диарея, құсу, калий жоғалту

- несептің әлсіз қызылға боялуы (клиникалық мәнділігі жоқ)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық

- ішек бітелуі, аппендицит және ішек қабынуының басқа да жағдайлары

- шығу тегі белгісіз іш ауыруы

- су және электролитті теңгерімнің күрделі бұзылулары

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- тұқым қуалайтын фруктоза/галактозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іш жүргізетін препараттарды ұзақ мерзім қабылдау нәжижесінде туындайтын гипокалиемия, жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді және синустық ырғақты қайтаруды туындататын басқа да препараттармен өзара әрекеттеседі. Эукарбонды® гипокалиемия туындататын басқа да препараттармен (тиазидті диуретиктер, адренокортикостероидтар және мия тамыры) бір мезгілде қолдану электролиттік теңгерімнің бұзылуын ушықтырып жіберуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Арықтауға арналған препарат болып табылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолданылмауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Эукарбон® препаратының автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері жайлы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея пайда болуы.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату немесе дозаны төмендету керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 3, 10, 50 немесе 100 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Фармацевтикалық Фабрика Монтавит Гес.м.б.Х

Зальцбергштрассе 96, А-6060, Абзам, Тироль, Австрия

Тіркеу куәлігінің иесі

Ф.Тренка химия-фармацевтикалық Фабрикасы ГмбХ

Гольдеггассе 5, 1040 Вена, Австрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ВИВА ФАРМ» ЖШС

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., 050030, Қазақстан Республикасы

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56;

e-mail: PV@vivapharm.kz

Прикрепленные файлы

969563541477976697_ru.doc 48 кб
801303591477977854_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники