Эстриол

МНН: Эстриол
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Estriol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009753
Информация о регистрации в РК: 18.04.2017 - 18.04.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 88.91 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Эстриол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эстриол сукцинаты

Дәрілік түрі

0,5 мг қынаптық суппозиторийлер,

Құрамы

Бір суппозиторий құрамында

белсенді зат эстриол - 0,5 мг

қосымша заттар: (жартылай синтетикалық глицеридтер)

(Hard fat) массасы 2000 мг суппозиторий алуға арналған суппоцир

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, цилиндр-конусты пішінді суппозиторийлер.

Қимасында бос немесе кеуек стержень және шұңғыл түріндегі ұңғыма болады

Фармакотерапиялық тобы

Эстрогендер. Табиғи және жартылай синтетикалық эстрогендер.

АТЖ коды G03СА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эстриолды қынап ішіне қолданғанда тез және толық дерлік сіңеді. Эстриол Cmax1-2 сағаттан соң жетеді. Эстриол қан плазмасындағы альбуминдермен толық дерлік (90%) байланысады; басқа эстрогендерден айырмашылығы эстриол жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулинмен байланыспайды деуге болады. Эстриол негізінен конъюгирленген түрде несеппен шығарылады. Тек эстриолдың аз ғана бөлігі

(2% жуығы) нәжіспен шығарылады, көбіне конъюгирленбеген түрде. Метаболиттердің несеппен шығарылуы қолданғаннан кейін бірнеше сағаттан соң басталады және 18 сағатқа дейін жалғасады.

Фармакодинамикасы

Эстриол препараты – табиғи әйел гормонының аналогы болып табылады. Менопауза алдында және одан кейін (табиғи, сондай-ақ хирургиялық араласулардан болған менопаузаларда) оны эстроген жетіспеушілігінің патологиялық симптомдарында қабылдауға болады.

Эстриол әсіресе урогенитальді бұзылуларды емдеуде тиімді. Қынаптың шырышты қабығының атрофиялық өзгерулерінде қынап эпителийінің қалпына келуіне мүмкіндік береді, сонысымен қынаптың микрофлорасын, тиісінше қынаптық ортаның рН қалыпқа келтіреді. Қынап эпителий жасушаларының жұқпаларға және қабындыру агенттеріне төзімділігін арттырады. Басқа эстрогендерден айырмашылығы эстриол қысқа әсер етуші зат болып табылады, өйткені ол эпителиоциттердің ядролық құрлымында ұзақ тұрақтамайды. Препаратты тәуліктік дозада бір рет алу эндометрийде пролиферативті үдеріс туындатпайды, және менопаузадан кейінгі қан кету туындамайтындықтан қосымша прогестагендік ем талап етпейді.

Қолданылуы

Орын басушы гормоналдық терапияда:

- эстроген тапшылығынан болған қынаптың шырышты қабығының және несеп шығару жолдарының төменгі бөлігінің атрофиялық өзгерістерінде, оның ішінде диспареунияда, қынаптың құрғауы, қышуында

- қынаптың және несеп шығару жолдарының төменгі бөлігінің қайталанған жұқпасының, несеп шығарудың бұзылуының алдын алуда (жиі несеп шығаруда, дизурияда)

- менопаузадан кейінгі кезеңде қынапқа хирургиялық араласу алдында және операциядан кейін ем жүргізуге

-атрофиялық өзгерістер аясында жатыр мойнын цитологиялық зерттеудегі түсініксіз нәтижелерде диагностикалық мақсатта (ісік үдерісіне күдік болғанда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Қынап ішілік, несеп шығару жолдарының төменгі бөлігінің атрофиялық өзгерістерінде, қынаптың және несеп шығару жолдарының төменгі бөлігінің қайталанатын жұқпасының алдын алуда, несеп шығарудың бұзылуында (жиі несеп шығаруда, дизурияда) –бастапқы 4 апта бойына күніне бір суппозиторийден тағайындайды. Содан соң аптасына екі енгізуден –демеуші дозаға көшеді.

Менопаузадан кейінгі кезеңде қынапқа хирургиялық араласу алдында және операциядан кейін ем жүргізілгенде – операция алдында және одан кейін 2 апта бойы 1 суппозиторийден күн сайын.

Эпителийдің атрофиялық өзгерістері аясында жатыр мойны жағындысын цитологиялық зерттеудің күмәнді нәтижесінде диагностикалық мақсатта

- 1 суппозиторийден, 1 апта бойы күн аралатып, келесі жағынды алар алдында

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жергілікті тітіркену және қышу

- сүт безінің ширығуын және ауыруын сезіну,

- цервикальді шырыштың гиперсекрециясы

Өте сирек

-бас ауыруы,

- АҚ жоғарылауы,

- аяқ ауыру

- көрудің бұзылулары

- эстрогенге тәуелді қатерсіз және қатерлі неоплазиялар, яғни эндометрий және сүт безі обыры (қосымша ақпаратты «Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айырықша нұсқаулар» бөлімдерінен қарау керек)

- көктамырлық тромбоэмболия (аяқ немесе жамбас астауының терең көктамырларының тромбозы, өкпе тамырларының эмболиясы) ем болмағаннан гөрі көбіне ОБЕ қолданудан жиі туындайды (қосымша ақпаратты «Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айырықша нұсқаулар» бөлімдерінен қарау керек)

- миокард инфаркты және инсульт

- өт-тас ауруы

-тері және тері асты бұзылулары: хлоазма, мультиформалы эритема, түйінді эритема, геморрагиялық пурпура

- мүмкін болатын деменция

- либидо жоғарылауы

Көп жағдайларда бұл құбылыстар емнің бірінші аптасында жойылады; олай болмағанда дозаны түзету қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдықта

- эстрогенге тәуелді қатерлі жаңа түзілімдерде немесе оған күдік болғанда (оның ішінде эндометрий обырында)

- терең көктамырлар тромбозында, өкпе эмболиясында, белсенді немесе жуырда өткерген артериялық тромбоэмболияда (оның ішінде стенокардияда, миокард инфарктында)

- этиологиясы анықталмаған жатырлық қан кетулерде

- жүктілікте немесе осының алдындағы стероидты препараттар алу кезінде отосклероздың дамуы немесе үдеуі

- бауырдың жедел ауруы немесе бауыр ауруы сыртарқысында болғанда бауыр қызметінің көрсеткіштері қалыпты көрсеткішке жеткенше

- порфирияда

- холестатикалық сарғаюда

-жүктілік және лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эстрогендер, оның ішінде эстриол, бірқатар кортикостероидты препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін, осыған байланысты кортикостероидтар дозасын төмендету керек.

Эстриол пероральді антикоагулянттардың, β‑адренорецепторлар бөгегіштерінің тиімділігін өзгертуі мүмкін, сукцинилхолиннің, теофиллин мен тролеандомициннің белсенділігін жоғарылатуы мүмкін. Рифампицин, барбитураттар, бутадион эстрогендердің метаболизмін жеделдетеді.

Айрықша нұсқаулар

Сыртартқысында немесе қазіргі уақытта төмендегі жай-күйлер бақыланса, емделушіні тұрақты түрде бақылау ұсынылады: сыртартқысындағы тромбоэмболиялық бұзылулар, латенттік және манифестік жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек қызметі бұзылуынан болған сұйық іркілуі, АГ,

эпилепсия немесе бас сақинасы (оның ішінде сыртартқысында осы күйге көрсетілім болуы), бауыр қызметінің ауыр бұзылулары, порфирия, эндометриоз, фиброзды-кистозды мастопатия, гиперлипопротеинемия, бұл категорияға осының алдындағы жүктілікте немесе стероидтар қабылдағанда айқын қышу, холестатикалық сарғаю, герпес болған жүктілер де кіреді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік жүргізу мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалағанда

Қынап ішіне қолдануда артық дозалану жағдайлары болу ықтималдығы аз.

Симптомдары: (ішке кездейсоқ қабылдағанда): жүрек айнуы, құсу, "тоқтату" қан кетулері.

Емдеу: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ФАРМАПРИМ ЖШС,

MD-2028, Молдова Республикасы,

Кишинэу қ., Г. Тудор к., 3

Тіркеу куәлігінің иесінің елі мен атауы

ФАРМАПРИМ ЖШС, Молдова Республикасы

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Фирма өкілі: Абулхаирова Татьяна

Алматы қ., Айнабұлақ ы/а -1, 20 үй, 67 пәтер

Телефон/факс: 252-64-13, 8-777-242-46-49

Email: tissa@indox.ru

 

 

Прикрепленные файлы

363578641477977161_ru.doc 57 кб
566269781477978321_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники